Құқық нормасының түсінігі
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Құқық нормасының
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 5
1.1 Құқық нормасының ұғымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..5
1.2 Құқық нормасының
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..20
2 Құқықты түсіндірудің
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .24
2.1 Құқықты түсіндірудің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...25
2.2 Құқықты түсіндіру
актілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 27
Қорытынды

... ... ... ... ... ... ... ... .28
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...29
Кіріспе
Қазіргі уақытта құқық туралы көптеген ғылыми көзқарастар бар. Осы ғылыми
көзқарастар ерте заманнан қазіргі уақытқа дейінгі негізгі ойды
қалыптастырады. Құқық нормасы туралы бірнеше ой-пікірлер бар. Соның барлығы
бірнеше монография, оқулық, ғылыми статьяларда орын алуда. Тақырыбымның
басты мақсаты: тақырыптың жалпы мазмұны мен түсінігін жеткізе білу болып
табылады. Ендігі кезекте ең алдымен осы пәннің атына тоқтала кетуді дұрыс
деп санаймын. Яғни, мемлекет және құқық теориясы пәні деп арнайы қоғамдық
өндірістік қатынастар мен тарихи дәстүрлерге байланысты қалыптасқан
мемлекет және құқықтың негізгі категорияларының пайда болып, заңдылықпен
дамып, заң ғылымының іргетасы болып танылатын білім жүйесінің жиынтығын
айтамыз. Бұл пәннің атын атаған кезде, біз бірден екі термин сөздерді
байқаймыз, яғни олар мемлекет және құқық. Енді, Мемлекет және Құқық
деген терминге біраз анықтама беріп өтейін. Мемлекет – басқару-қамтамасыз
етушілік, қорғаушылық функцияларды жүзеге асыру мақсатында арнайы ақпаратты
иеленетін және елдің бүкіл халқы үшін өз еріктерін міндетті етуге
қабілетті, жария биліктің саяси-аумақтық егеменді ұйымы. Ал, құқық
дегеніміз заңдарда, мемлекетпен танылатын өзге де қайнар көздерде көрініс
тапқан құқылы – рұқсатты (сондай – ақ тыйым салынған) жүріс – тұрыстың
жалпыға міндетті нормалар жүйесі. Ал, Норма дегеніміз анықталмаған
тұлғалар шеңберіне және жағдайлардың шексіз санына қатысты мерзімі жағынан
үздіксіз әрекет ететін жалпыға ортақ жүріс – тұрыс ережесі. Қоғамымызда
құқықтық нормалардың ролі қазіргі кезде айрықша деп айтуға болады. Себебі,
бұл күнде құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеудің ең тиімді де
әділ жолдарының бірі болып табылады. Жалпы құқықтық нормалар адамзат қоғамы
үшін айрықша орны мен мәні бар, ең бір жарқын құбылыс деп ойлаймын.
Адам қоғамында сан алуан құқықтық қатынастар, яғни байланыстар
туындайды. Осы құқықтық қатынастарды реттеу, тәртіптеу ережелер, қағидалар,
нормалар негізінде болады. Құқықтық норма – заңға сәйкес келетін мінез,
жүріс-тұрыстың айырымдылық белгісін білдіреді. Оның өзі заңмен көзделген
істің шешімін табуға мүмкіндік береді.
Негізінен теориялық тұрғыдан алғанда, құқықтың ұғымы мен мәні туралы
және құқықтық нормалар туралы ғылыми зертеулер аз болған жоқ, соған
қарамастан бұл тақырып бүгінгі күнге дейін өзінің өзектілігін жоғалтқан
жоқ. Сонымен бірге даму процесінде болғандықтан оның мазмұны сан қырлы
бағытта даму үстінде. Ғалымдар құқықтық нормаларды зерттегенде бір-екі
қырынан мазмұнын анықтап, әр түрлі қорытынды тұжырым жасауда. Жалпы
құқықтық нормалардың даму тарихы сонау Ежелгі Рим заманынан бастау алады.
Қазіргі кезде құқықтық нормаларсыз қоғамды немесе мемлекетті көз
алдымызға елестету мүлдем мүмкін емес, себебі осы күнгі өркениетті қоғам
үшін құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеудің бірден бір басты
құралына айналған деп айтар едім.
Сол себепті, мен өзімнің осы курстық жұмысымда құқықтық нормаларды және
оны түсіндірудің ұғымы туралы, соған қатысты мағлұматтардың барлығын
қарастырып, жан-жақты мәліметтердің барлығын теориялық тұрғыдан жазып,
жеткізуді өзіме басты мақсат ретінде алғалы отырмын.
1 Құқық нормасының түсінігі
1.1 Құқық нормасының ұғымы
Құқық – бұд мемлекетпен шығарылатын, онымен қорғалатын жүзеге асу
барысында мемлекеттің мәжбүрлеуші күшіне сүйене алатын орындалысы жалпыға
бірдей міндетті жүріс – тұрыс ережелерінің жиынтығы. Құқықтың негізгі
қызметі – қоғамдық қатынастарды реттеу, тәртіпті сақтау, қорғау. Құқық
жалпыға бірдей міндетті мемлекет қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы.
Ал құқықтық норма дегеніміз, құқықтың бір ғана ереже қағидасы. Мысалы,
құқықты үй деп санасақ, онда құқықтық норма осы үйдің бір кірпіші, тірегі.
Құқықтық норма – мемлекет бекіткен, қамтамасыз еткен, қоғамдық
қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын,
олардың әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын,
қажет болған жағдайда күшпен қамтамасыз етілетін жалпыға бірдей міндетті
ереже, норма.
Құқықтық норма – заңға сәйкес келетін мінез, жүріс-тұрыстың айырымдылық
белгісін білдіреді. Осыдан құқықтық норма жария айқындылық, нақтылық мәнге
ие болады. Оның өзі заңмен көзделген істің шешімін табуға мүмкіндік береді.
Норма сөзі латын тілінен аударғанда үлгі, ереже деген мағынаны
білдіреді. Құқықтық нормаларды қабылдау, бекітку әр уақытта мемлекет
тарапынан болды және олардың мазмұнында қоғамдық қатынастарға түскен
субъектілердің мінез-құлықтары, әрекеттері туралы информация бекіледі.
Субъект өмірдегі сан алуан ситуацияларға тап болған жағдайларда оның сол
сәттегі әрекеттері құқық нормаларымен реттеледі, немесе қорғалады. Мысалы,
субъект үйін сату үшін нотариустың қатысуымен сату туралы келісімшарт
жасауы тиіс, некеге тұру үшін кәмелеттік жасқа толуы керек т.б. әрекеттер.
Құқықтық нормалардың құрылымы: диспозиция, гипотеза, санкция.
Диспозиция – қатынастың мазмұны мен субъектілердің құқығы мен
міндеттерін көрсетеді. Диспозиция норманың діңгегі, құқықтық тәртіптің
үлгісі-моделі. Мысалы, КР, АЗК, 482 б. Екі немесе көп жақты мәмілелер мен
шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі.
Диспозицияның үш түрі болады:
- жалпылама түрі – нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері айқын
көрсетілмейді; мысалы жұмыссыздық туралы заңда республикалық, облыстық,
аудандық органдардың міндеттері жалпылама көрсетілген;
- айқын түрі – диспозицияның мазмұны нормада анық көрсетіледі. Мысалы,
қылмыстық кодекстің баптарына диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі;
- сілтеу түрі – диспозицияның мазмұны туралы басқа нормаға сілтеу
жасалады. Мысалы, азаматтық кодекстің бірнеше баптарына сілтеме қолданады.
Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік акті қалай
орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа
тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек (КР, ҚК - 7 б.). Гипотезаның
үш түрі болады:
- егерде норманың іс-әрекеті бір жағдайдың болуы немесе болмауымен
байланысты болса, мұндай гипотезаны жалпылама деп атайды;
- егерде норманың жұмысы бірнеше жағдайдың болуы немесе болмауымен
байланысты болса, ондай гипотезаны – күрделі гипотеза деп атайды;
- егерде норманың, іс-әрекеті бірнеше жағдайдың біреуін таңдау арқылы
басталса, мұндай гипотезаны альтернативтік гипотеза деп атайды.
1. талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген дауды алдын
ала сотқа дейін шешудің міндетті тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті
қолданудың мүмкіндігі жоғалмаса;
2. арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;
3. арызға қол қойған және оны берген адамның арызға қол қоюға және оны
беруге өкілеттігі жоқ болса;
4. осы немесе басқа соттың іс жүргізуінде осы тараптар арасындағы, сол
мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша бұрын қозғалған іс бар
болса;
5. тараптар арасында бұл дауды заңға сәйкес аралық соттың шешіміне беру
туралы келісім жасалса және жауапкерден істі мәні бойынша қарау басталғанға
дейін дауды сотта шешуге қарсылық білдірсе;
6. өзінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген талап қоюшы екінші шақыру
бойынша сотқа келмесе, ал жауапкер істі мәні бойынша қарауды талап етпесе;
7. өздерінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген талап қоюшы екінші
шақыру бойынша сотқа келмесе;
8. өзінің мүддесіне сай іс қозғалған адам мәлімделген талапты қолдамаса;
9. талап арызды қайтарып алу туралы өтініш берілсе, ал жауапкер істі
мәні бойынша қарауды талап етпесе;
10. көрсетушіге арналған күшң жойылған бағалы қағаздар және ордерлі
бағалы қағаздар бойынша құқықты қалпына келтіру туралы істер жөніндегі
жариялымнан бастап үш ай мерзім аяқталғанға дейін берілсе арызды қараусыз
қалдырады.
Санкция – диспозиция мен гипотеза дұрыс орындалмаса, оның жағымсыз
салдары және жауапкершіліктің басталуы мен қолдануы. Санкцияның үш түрі
болады:
- абсолютті айқын санкция: жұмыстан шығару, қызметін төмендету, айып
төлеу т.б.;
- салыстырмалы айқын санкция: минимум мен максимумның арасындағы
жауапкершілік (қылмыстық кодекстік баптар);
- альтернативтік санкция. Санкцияның көрсетілген түрлерінің қайсысын
қолдану тиісті мекеменің еркін құзырында.
Осы үш элементтер толық болса ғана нормативтік акті өз міндетін, өз
рөлін дұрыс, уақытында, жақсы орындай алады. Егерде нормада бір екі
элементтері жоқ болса, сілтеме арқылы оларды тауып алу керек.
Норматавтік актілердің жеке баптарында норманың элементтері толық
болмайды. Конституцияның баптарында тек гипотеза мен диспозиция ғана
болады. Қылмыстық кодексте тек диспозиция мен санкция ғана болады. Іс
жүзінде норманың элементтері нормативтік актінің әр баптарында болуы мүмкін
немесе бірнеше нормативтік актілердің баптарында болуы мүмкін. Оны тауып
алуға болады.
Құқықтық нормалардың элементтерінің құрылу тәсілдері.
1. Тікелей норманың үш элементін (гипотеза, диспозиция, санкция) толық
келтіру. Мұндай тәсіл нормативтік актілердің көбінде қолданылады. Бұл
құқықтық нормалардың іске асуын, орындалуын жеңілдетеді.
2. Сілтеме тәсіл норманың жетіспейтін элементі туралы осы заңның басқа
бөліміне, тарауына, бабына сілтеме жасалады.
3. Бланкеттік тәсіл-норманың жетіспейтін элементі туралы басқа заңға,
қаулыға сілтеме жасау.
Сонымен құқықтық норма, заңның немесе нормативтік актілердің баптарында
элементтердің толық болмауы мүмкін. Оларды міндетті түрде іздестіріп табу
қажет.
Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:
1. Қоғамның әр саласына қарай өндірістік, ауыл-шаруашылық, құрылыс,
мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т.б. бағыттағы нормалар.
2. Құқықтың саласына қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, жанұя,
азаматтық, қылмыстық, азаматтық-процессуалдық, қылмыстық-процессуалдық т.б.
саладағы нормалар.
3. Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар;
қорғаушы нормалар.
4. Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші нормалар; тыйым
салушы нормалар; ерік беруші нормалар.
5. Норма элементтерінің құрылымына қарай нормативтік актілер үшке
бөлінеді: нақты белгілі нормалар – мазмұны толық анық жазылған элементтері
түгел; салыстырмалы нормалар – мазмұны, элементтері түгел емес, мәселені
болған істің жағдайына қарай шешу; балама (альтернативтік) нормалар – істің
орындалуының, норманың жүзеге асуының бірнеше бағыты, әдісі болуы.
6. Субъектілеріне қарай нормалар екіге бөлінеді: жалпылама нормалар,
арнаулы нормалар.
7. Мамандандырылған құқықтық нормалар – қоғамның мамандық салаларының
қарым-қатынасын реттеп, басқаратын нормалар. Мысалы, азаматтық, қылмыстық,
заңгерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер бағыттағы нормалар.
Міне осы көрсетілген бағыттар бойынша құққық өзінің күнделікті қоғам
өмірін реттеп, басқарып отырады. Мазмұны жағынан құқық нормалары заңдылық
пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы мен міндеттері, заңдарды өзгерту,
жетілдіру, толықтыру жөніндегі пікірлер мен көзқарастарды жинақтап құқықтың
қоғамдағы міндеттерін орындаудағы жұмысын дамытып, жақсартып отырады.
Құқықтық нормалардың мүлтіксіз орындалуы азаматтарды тәрбиелеу, бағалау
әдістерімен қатар әкімшілік немесе соттық жауапқа тарту арқылы қамтамасыз
етіледі.
Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік
ережелердің ең күрделі түрі.
Құқықтың нысаны – мемлекеттік биліктің нормаға, заңға айналу түрлері,
олар:
1. Құқықтық әдет-ғұрып. Бұл құқықтың негізгі қоғам тарихында мемлекеттің
қалыптасу кезеңінде өмірге келген құқық нысаны. Әдет-ғұрып нормалары
адамдардың қарым-қатынасында ғасырлар бойы қолданылған, өмірде жан-жақты
тәжірибе арқылы қалыптасқан. Мысалы, Ману заңы, орыс правдасы, Қасым
ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Тәуке ханның Жеті жарғысы
т.б. айтуға болады. Қазақ қоғамында билердің үлгі шешімдері де қазақтың
ұлттық әдеттерін дамытқан. Қиыннан қиыстырып тапқан билердің шешімдері
ұқсас істерді қарағанда, күші бар құқықтық норма ретінде пайдаланылған.
Сонымен қатар, қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан құқықтық әдеттер де
қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып отырған. Әдет-ғұрып нормалары
арқылы қазіргі кезеңде де дамушы елдерде біраз қарым-қатынастар реттеліп,
басқарылып жатады.
2. Құқықтық прецедент – соттың және әкімшілік органның нақты бір істі -
мәселені қарап, реттеп, шешім қабылдаған кесімдері басқа істерді, реттеп
шешуге негізгі норма бола алады. Бұл шешімдер нормативтік актілердің бір
түрі.
3. Нормативтік шарттар – қоғамдағы қатынастардың негізі бола алады.
Мысалы: Германия Федеративтік Республикасы мен Германия Демократиялық
Республикасының бірігу шарты, мемлекеттердің арақатынасындағы шарттар,
кәсіпшілер одағының ұжымдық шарттары т.б.
4. Референдумда қабылданған нормативтік кесімдер – заңның бір түрі.
Сондықтан бұл кесімдер құқықтың ең күрделі, ең басым негізі. Референдум
жалпы мемлекеттік түрде және жергілікті мақсатпен өткізіледі.
5. Нормативті-құқықтық кесім – мемлекеттік органның қабылдаған,
бекіткен кесімі. Қоғамдағы қарым-қатынастардаңы басым көпшілігі осы
нормативтік кесімдер арқылы реттеліп, басқарылады.
Заңдық күшіне қарай нормативтік кесімдер екі түрге бөлінеді: заңдар және
заңға тәуелді актілер. Бұл нормалар мемлекеттік көлемде, қоғамды басқаратын
ең жоғарғы мемлекеттік органның бекіткен құжаттары (президент, парламент,
үкімет т.б.).
Мазмұнына қарай нормативтік актілер қоғамның әр саласына сәйкес
бөлінеді: азаматтық, мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, отбасы,
қылмыстық т. б. Сонымен қатар, нормативтік кесімдер бірнеше саланы
біріктіріп реттеп, басқарып отырады. Мысалы, шаруашылық, сауда, әскери,
сауда, теңіздік, табиғат т. б. жүйедегі актілер.
Көлеміне қарай нормативтік кесімдер үш түрге бөлінеді: жалпы қоғамдық,
шектеулі, төтенше актілер.
Кесімдер қабылдаған субьектісіне қарай үшке бөлінеді: Парламенттің
актілері, атқарушы органның актілері, сот билігінің актілері.
Заң – мемлекеттің ең жоғарғы басқарушы органының шығарған, қабылдаған ең
жоғары күші бар нормативтік кесім. Барлық заңдар және заңға тәуелді
нормативтік кесімдердің Конституцияға сәйкес болуын Заңның үстемдігі дейді.
Заңның белгі, нышандары:
1. Мемлекеттің ең жоғарғы басқарушы органы немесе референдумда
қабылданған, бекіткен кесімі.
2. Ең күрделі мәселелер туралы қабылданған кесім.
3. Заңның өзіне тән арнаулы процедурасы бар, ол төрт кезеңнен тұрады:
заң жобасын жасап, ұсыну; жобаны талқылау; заңды қабылдау, бекіту; заңды
жариялау.
4. Заңды ешкім өзгертпейді, толықтырмайды. Тек қана қабылдаған орган
ғана өзгерте алады, толықтырады.
5. Заң – барлық нормативтік актілердің негізі, діңгегі. Қоғамда заңның
үстемдігі қалыптасу керек.
Әрбір құқықтық норманың үш элементі (бөлігі) болады:
• диспозиция (жүріс – түріс ережесінің варианты),
• гипотеза (болжау),
• санкция (жаза, шара).
Құқықтық норманың гипотезасы (болжауы) – құқықтық норманы қолдану
(немесе қолданбау) үшін қажетті өмірдегі мән-жайлардың бар екенін
көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Гипотезаның көмегімен мінез-құлықтың
қиялдағы нұсқасы өмірдегі жағдаймен, белгілі адаммен, мерзіммен және
орынмен байланыстырылады. Былайша айтқанда, гипотеза құқықтық нормаға жан
бітіреді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіп
бұзған болуы керек. Егер осындай іс-әрекет жасаса ғана, заң бұзушы жауапқа
тартылады.
Егер гипотезада бір ғана мән-жай көрсетіліп, сол жағдайда құқықтық норма
қолданылатын болса, оны жай гипотеза дейді. Мысалы, егер бала туғанда ата-
анасы қазақстан Республикасының азаматы болып саналады. Егер құқықтық
норманы қолдану үшін екі, одан да көп мән-жай қажет болса ондай гипотезаны
күрделі гипотеза дейді.
Егер құқықтық норманың қолданылуы бірнеше мән-жайдың біреуіне байланысты
болса, оны балама гипотеза дейді.
Құқықтық норманың диспозициясы – құқықтық қатынастарға қатысушылардың
мінез-құлқы қандай болуы керек екенін анықтайтын құқықтық бөлшегі.
Диспозиция – құқықтық норманың ұйтқысы, мазмұны, өзегі. Бірақ құқықтық
норма тек қана диспозициядан тұрмайды. Гипотеза санкциямен байланысқанда
ғана диспозиция өзінің реттеушілік қызметін атқара алады. Диспозиция –
мінез-құлықтың үлгісі. Диспозиция үш түрлі болады:
• жай диспозиция, егер мінез-құлықтың мазмұны ашылмаса;
• бейнеленген диспозиция – мінез-құлықтың барлық мәнді белгілері
анықталса;
• сілтемелі диспозиция – егер құқықтық норма диспозициясы анықталған
басқа құқықтық нормаға сілтеп нұсқаса.
Құқықтық норманың санкциясы – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған
жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі.
Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтынын
көрсетеді. Санкцияның түрлері:
• абсолютті – анық,
• баламалы,
• салыстырмалы.
Заң (басқа да нормативтік құқықтық актілер) – нормативтік акт болып
саналады. Оның құрылымы ерекше. Заң баптардан тұрады. Бір заңда бір,
бірнеше, ондаған баптар болуы мүмкін. Ал заңның бабы бір немесе бірнеше
құқықтық нормалардан тұруы мүмкін. Егер заңның бабына бір норма болса, бап
пен норма сәйкес келеді. Бапта екі норма да болуы мүмкін. Онда, әрине
баптың мазмұны норманың мазмұнынан кең болады. Мысалы, қазақстан
Республикасының Конституциясының 34-бабы екі құқықтық нормадан тұрады:
1. Әркім Қазақстан Республикасы Конституциясын және заңдарын
сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын,
абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті.
2. Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.
Кейде бір құқықтық норма бірнеше баптан тұруы мүмкін.
Заңның бабында кейде норманың тек бір бөлігі ғана болады, ал басқа
бөліктерін тағы екінші, үшінші баптардан немесе басқа нормативтік
актілерден іздеуге тура келеді. Бұдан құқық нормасын заңның бабынан
ажыратудың қажеттілігі туындайды. Мұның өзі сірә нормативтік актінің бір
бабында кейде екі, үш және одан да көп нормалардың кездесуінен болады.
Кейбір актілер, мысалы, құқықтың басқа салаларында қызмет ететін актілер
санкцияларды білдіруге маманданған болыпкеледі.
Егерде құқық нормасының құрамындағы құрылымдық элементтердің қайсыбіреуі
болмаса, онда ол өзінің реттеуші рөлін орындай алмайды. Сондықтан да
нормаларды жасағанда заң шығарушы оның әрбір бөлігін арнайы жазып алуы
қажет немесе оған тиісті сілтеме жасау жөн. Ал ол норманы жүзеге асырушы
өзінің істерін заң жөнімен сауатты құру үшін норма элементтерінің барлық
байланыстарын ескеруі тиіс.
Құқық нормасы құқықтың басқалай көріністерінен өзінің құрылымымен,
сондай-ақ маңызды белгі-нышандарымен ерекшеленеді. Құқық нормасы, оның
ішінде бәрінен бұрын жеке-дара ұйғарымнан ерекшеленеді. Жеке-дара ұйғарым
нормаға негізделеді және бір рет қана орындаумен тәмамдалады. Жеке-дара
ұйғарым дәлме-дәл белгілі бір оқиға ғана жалғыз бір жолғы әрекетке ғана,
нақты, дерегі белгілі бір адамға ғана орналады. Басқа жағынан алып
қарағанда құқық нормасы құқықтың жалпы принциптерінен ерекшеленеді. Құқық
принциптері норматвитік сипатта болса да, дегенмен өзін құқық нормасы
арқылы көрсетеді, өзін анықтап дәлелдеуді қажет етеді, гипотеза мен
санкцияға тікелей шықпайды. Онсыз құқықтық реттеудің айқындылығын көз
алдымызға елестетудің өзі қиын.
Қандай бір норма болмасын оның қайсы түрге жататынын айқындап, анықтап
алуға қызмет ететіндер құқықты жақсылап түсінуі, толығынан алғанда не үшін
қажет болатынын анықтау, реттеушілік мүмкіншіліктерінің қандай дәрежеде
екендіктерін біліп алу болып табылады. Заң нормаларын жіктеуге оларды
реттеуші және қорғаушы (сақтаушы) деп бөлу жіктеудің ең бастысы болып
табылады. Белгілі бір шамада мұның өзі де шартты ғана. Олай болатын себебі,
әрбір норма адамдардың еркі мен ықтиярына, санасына ықпал ете отырып, оның
мінезін, жүріс-тұрыстарын реттейді. Соның өзімен олардың мінездерін, жүріс-
тұрыстары тікелей реттелетін тәрізді. Қорғау нормалары заң алдындағы
жауаптылықтың және субъективті құқықтарды қорғаудан басқалай да мәжбүрлеу
шараларын белгілейді. Оларды қолданудың тәртіптік реттері мен жөн-
жосықтарын анықтайды. Мұнда адамдардың мінездерінің, жүріс-тұрыстарының
реттелуін жанамалай түрде жүргізілетін іспетті болады. Сонымен алдын-ала
қарастырылған санкцияның сипаты мен оның қай салаға жататындығына
байланысты құқық қорғау нормалары, азаматтық құқық қорғау нормалары,
әкімшілік құқық қорғау нормалары деп, қылмыстық құқық қорғау нормалары деп
сараланады. Нақ осы аталған сараларының нормалары негізінен алғанда
қоғамдық қатынастарды сақтап, қорғауға маманданған болып келеді.

Реттеу нормалары міндеттеу, тыйым салу және құқықты белгілеу нормаларына
бөлінеді. Жалпы алғанда осы бөлініп көрсетілген нормалардың қайсысы болса
да осы көрсетілгендердің сипатына жасалып құрылуы мүмкін. Ал кейбір
нормалар табиғи түрде өздері әртүрлі сипаттарды біріктіріп тұрады. Мысалы,
белгілі бір жағдайларда, қылмыстық іс қозғау, тергеушінің әрі құқығы, әрі
міндеті болып табылады. Сонымен бірге, кейбір нормаларда алдындағы қатарға
жеке адамның міндеті ғана шығады. Ал басқа нормаларда олардың құқығы,
үшінші бір нормаларда белгілі мінез, жүріс-тұрыстарға тыйым салуға ерекше
назар аударылады.
Міндеттеу және тыйым салу нормалары әдеттегі қағида бойынша өктемдік
болып келеді. Яғни ережеден ешбір ауытқымайтын, сөзсіз орындалатын сипатта
болады. Белгілеу (құқықты белгілеу) нормалары жиі түрде диспозитивтік
санаттағы нормаға жатады, былайша айтқанда норманың күші бағытталған
адамның мінез, жүріс-тұрысы оның серіктесінің (әріптесінің) келісімімен
өзгертілуі мүмкін екенін білдіреді. Осы тәрізді негіздерге сүйеніп
факультативтік нормалар да бөлектеп көрсетіледі. Ол белгілі бір жағдайларда
мінез, жүріс-тұрыстың басты нұсқасынан ауытқуға мүмкіндік жасайды. Сөйтіп
бұл жағдайда негізгі емес, яғни қосалқы нұсқаны таңдап алуға мүмкіндік
береді. Ұсыныстық нормалар деп аталынатындар бірнеше түрлі мінез, жүріс-
тұрыс нұсқаларынан біреуін ғана артықтау немесе тәуірлеу деп кеңес береді.
Егер де норма ережені қалыптастыруда оның әрекет етуі мен санкциясын
мейілінше толық түрде жасап, әрі қарайғы қолданыстарға түсуге жол
берілмейтіндей етілген болса, онда ол абсолюттік айқын норма делінеді.
Керісінше, айқындылығы салыстырмалы нормаларда нұсқаулар болмайды және
нақты жағдайларға байланысты басқаша нұсқаулардың қолдануын да теріске
шығармайды. Мұндай нормалар өз кезегінде ситуациялық және баламалық деп
жіктеледі. Бұлардың алғашқылары норма адресатының (арналған тағайынының)
қалауын өзінің білімінше істеуді немесе істемеуді жағдайға қарап шешуіне
мүмкіндік береді. Ал екіншілері – нормативтік актіде көрсетілген
нұсқаулардан қалауынша таңдауына мүмкіншілік жасайды. Нормалардың негізгі
және туынды; тұрақты және уақытша деген түрлері де болады. Ерекше топқа
мадақ нормалары жатады. Бұл нормалар адамдардың мінез, жүріс-тұрыстарын
мадақтау шараларымен (санкцияларымен) дем беріп, ынталандырады. Мұндайларды
тіпті, қылмыстық құқықтан да табуға болады.
Құқықтық нормалар өздерінің іс жүзінде асырылуына байланысты мынадай
түрлерге бөлінеді:
• Міндеттеуші норма – бұл субъектіге белгілі бір мазмұндағы əрекеттерді
жасау міндетін жүктейтін норма.
• Тыйым салушы норма – бұл субъектіге белгілі бір əрекеттерді жасаудан
бас тартуды міндеттейтін норма.
• Құқық беруші норма – бұл субъектіге белгілі бір əрекеттерді жүзеге
асыруға байланысты құқықтарды беретін норма.
• Құқық қорғаушы норма – құқық бұзушылыққа барған субъектілерге мемлекет
атынан шара, күш қолдану арқылы қол сұғылған, бұзылған құқықтарды
орнына келтіреді, реттейтін нормаларды қорғау қызметін атқарады.Құқық
қорғайтын нормалар негізінде әкімшілік, қылмыстық кодекстің ерекше
бөлімдерінің баптарында нақтылы мағынада бекітілген.
• Дефинитивтік нормалар дегеніміз нормада заң ғылымдарының
жетістіктерінің нәтижесінде бір ұғымның анықтамасының берілуі.Бұл
нормаларда субъектілердің құқықтары мен міндеттері нақтылы дәрежеде,
не мағынада көрсетілмейді.Бір дефинитивтік нормалар пәнінің негізгі
категорияларын анықтайды, үлкен маңыздық рөл атқарады және Қазақстан
Республикасының құқықтық жүйесінде, құқық салаларында жиі кездеседі.
Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 9-бабы қылмыстық
ұғымның мына анықтама мағынасында бекіткен: Осы Кодексте жазалау қатерімен
тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет(іс-әрекет немесе
әрекетсіздік) қылмыс деп танылады
Неке және отбасы туралы заңның 1-бабында некенің ұғымын, неке ерлі-
зайыптылар арасында мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды
туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен
тараптардың ерікті және толық келісімді жағдайда жасалған еркек пен әйелдің
арасындағы тең құқықтық одақ, - деген дефинициямен берілген.
• Декларативтік нормаларда негізгі құқықтық идеялар жариялану
мағынасында көрсетіледі.Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс
жүргізуде кодексінің 8-нормасында қылмыстық процестің міндеттері былай
деп жарияланған: Қылмыстық процестің міндеттері қылмыстарды тез және
қылмыстық жауапқа тарту, әділсот талқылауы және қылмыстық заңды
қолдану болып табылады.
• Құқықтық реттеу тәсілі бойынша құқықтық нормалар диспозитивтік,
императивтік,мадақтайтын және ұсыныс беретін түрлерге жіктеледі.
• Коллизиялық нормалар – нормалардағы қайшылықтарды шешуге мүмкіндік
беретін нормалар.
• Диспозитивтік нормалар субъектілерге өз тараптарынан құқықтары мен
міндеттерін өз қалаулары бойынша іс жүзінде асыруға мүмкіндік және
құқықтық қатынастарға түскен жағдайда еркіндік таңдау мінез-құлқы
қамтамасыз етіледі.
Императивтік нормалар қатаң сақталуды, орындалуы талап етіледі және екі
жақтың келісімі бойынша өзгертуге жатпайды. Әкімшілік құқықтың нормалары
императивтік болып саналады.
Мадақтайтын нормаларда құқықтық қытынастарға түскен субъектілердің
мінез-құлықтары қызметтерінің тәртіптері мен түрлері бекітіледі. Сол арқылы
субъекттер арнайы белгіленген мадақтауға ие болады. Мысалы, бекітілген
норма бойынша жазасын түзету колониясында өтеп жүргендер үлгілі тәртібі
үшін мерзімінен босатылуы мүмкін. Немесе адам көмбе тауып алған болса
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 247-бабының 2-тармағы мынадай
марапаттайтын норманы бекітеді: Тарих және мәдениет ескерткіштеріне
жататын заттардан тұратын көмбе табылған ретте олар Қазақстан
Республикасының меншігіне берілуі тиіс. Бұл орайда ондай көмбе табылған жер
учакесін пайдаланушы немесе қозғалмайтын мүлікті меншіктенуші және көмбені
тапқан адам осы көмбе құнының елу пайыз мөлшерінде сыйақы алуға құқылы.
Ұсыныстық нормалар деп аталынатындар бірнеше түрлі мінез, жүріс-тұрыс
нұсқаларынан біреуі ғана артықтау немесе тәуірлеу деп кеңес береді. Егер де
норма ережені қалыптастыруда оның әрекет етуі мен санкциясын мейлінше толық
түрде жасап, әрі қарайғы қолданыстарда қандай бір жаңаша нұсқауларға
анықтап, айқындай түсуге жол берілмейтіндей етілген болса, онда ол
абсолюттік айқын норма делінеді. Керісінше айқындылығы салыстырмалы
нормаларда нұсқаулар болмайды және нақты жағдайларға байланысты басқаша
нұсқаулардың қолданылуын да теріске шығармайды. Мұндай нормалар өз
кезегінде ситуациялық және баламалық деп жіктелінеді. Бұлардың алғашқылары
норма адресатының (арналған тағайынының) қалауын өзінің білігінше істеуін
немесе істемеуін жағдайға қарап шешуіне мүмкіндік береді. Ал екіншілері –
нормативтік актіде көрсетілген нұсқаулардан қалауынша таңдауына мүмкіншілік
жасайды.Нормалардың негізгі және туынды, тұрақты және уақытша түрлері де
болады.
Қызметтері бойынша құқытық нормалар реттейтін және қорғайтын нормалар
болып бөлінеді. Реттейтін нормаладың диспозицияларында құқытық қатынасқа
түскен субъектілердің құқықтары мен міндеттері бекітіліп, қоғамдық
қатынастар реттеледі, шиеленістер мен қақтығыстар тәртіптік жүйеге
түседі.Сатып алу, айырбас жасау, шартқа отыру, некеге тұру, мұрагерлікке ие
болу, ипотека және т.б.
Құқықтық нормалардың элементтері бірігіп, оның құрылымын қалыптастырады.
Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екіге бөлінеді: негізгі заңды нормалар
және тәртіп ережелерінің нормалары.
Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде
немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының
Салық кодексінде нормалардың элементтері 1-ші бабында толық көрсетілген.
Тәртіп ережелерінің нормаларында элементтер нормативтік кесімдердің
баптарында, бөлімдерінде көрсетіледі
Қазақстан Республикасының Конституциясының 4-бабында былай делінген:
1. Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған
сәйкес заңдардың өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың
халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика
Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының
нормалары болып табылады.
2. Констигуцияның ең жоғары заңдық күші бар және Респубпиканың бүкіл
аумағында ол тікелей қолданылады.
3. Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан
басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң
шығару, талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады.
4. Барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар
жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтарымен міндеттеріне
қатысты нормативтік құқықтық акгілерді ресми түрде жариялау, оларды
қолданудың міндетті шарты болып табылады.
Қазақстан Республикасының Кокституциясында "Қазақстан Республикасында
қолданылатын құқық" сөздері, біріншіден, Конституция нормалары жәй
декларациялар емес, тікелей қолданылатынын; екіншіден, Қазақстан
Республикасының Конституциясына сәйкес келетін нормативтік қүқықтық
актілердің ғана қолданылатын актілер болып танылатынын; үшіншіден,
Қазақстанның үлттық актілері тек Республиканың мемлекеттік органдары
қабылдайтын нормативтік қүқықтық актілерден ғана емес, сонымен бірге
халықаралық шарттарынан және республиканың өзге де міндеттемелерінен
тұратынын атап көрсету үшін қолданылған.
Теорияда "қүқық" сөзі мемлекет белгілеген немесе рүқсат берген кұқықтық
нормалардың жиынтығы (жүйесі) ретінде түсініледі. Қазақстан Республикасының
Коңституциясында "қолданылатын құқық" Конституция нормаларының және
Конституцияға сәйкес мемлекеттік органдар қабылдайтын нормативтік қүқықтық
актілердің жиынтығы ретінде келтіріледі. "Қолданылатын кұқық" деп
келтірудің мейлінше терең заңдық мәні бар сияқты. Біздің пікірімізге, онын,
себебі мынада, нормативтік қүқықтық актілер тек қүқық нормаларына ғана
емес, сонымен бірге басқа да қүқықтық элементтерден: қүқықтық
анықтамалардан, ұғымдардан, принциптерден, идеялардан, декларациялардан,
кіріспелерден және тағы басқаларынан түрады. Қүқықтың тек нормалары ғана
емес, тұтас нормативтік қүқықтық акт қоғамдық қатынастарды реттеуге (ретке
келтіруге) бағытталған. Әрбір құқык, элементінің өз мақсаты, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz