Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
1 ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰНЫН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ
МЕН
МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1 Құнды қағаздар және олардың түрлері 4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
1.2 Құнды қағаздар нарығына қатысушылар және олардың қызметі
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..9
... ... ... ... ... ... ... ... .
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ
ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫ
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
2.1 Құнды қағаздар нарығы және құнды қағаздар құнын бағалау
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
2.2 Құнды қағаздар нарығының жай-күйін талдау ... ... ... ... ... .. 20
2.3 Құнды қағаздардың биржалық нарығының негізгі көрсеткіштерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..29
... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 31
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Егер құнды қағаздарға инвестициялауды қарастыратын болсақ, бұнда ақша
салудың кейбір тəсілдеріне қарағанда ақшаны жоғалту қаупі анағұрлым жоғары.
Алайда, сəтті таңдау жасасаңыз табыс та айтарлықтай үлкен болады. Біз құнды
қағаздарға инвестициялаудың жоғары тəуекелділігін айтқан кезде, бұны бұл
қауіп тосын əрі басқаруға келмейді деп түсінбеу керек. Көптеген адамдар
үшін ол іс жүзіндегіден əлдеқайда жоғары болып көрінуі мүмкін.
Курстық жұмыстың тақырыбы: Құнды қағаздар құнын бағалау
Курстық жұмыстың мақсаты: Құнды қағаздардың негізгі мәні олардың құнын
бағалау үшін қолданылатын әдістерге түсініктеме бере отырып, олардың
жүргізілу схемасын келтіріп, одан қайдан пайда табылатынын қарастырып
талдау болып табылады.
Бұлай болу себебі бұл адамдар құнды қағаздар дегеніміз не, олардың
қайсысына ақша салған дұрыс, ал қандай мəмілелерден тартыну керек екендігін
білу үшін аз ғана уақыттарын қимайды. Құнды қағаздар, əсіресе акциялар,
инвестициялаудың басқа формаларына қарағанда үлкен кіріс алып келеді əрі
ақшаны жоғалтудан жəне құнсызданудан сақтайды. Əрине, егер салым ақылға
салынып жасалған болса.
Банктерде, сақтандыру компанияларында, жинақтаушы зейнетақықорларында
жұмыс істейтін қаржыгерлер бұны өте жақсы біледі жəне бұл білгендерін табыс
табу мақсатында пайдаланады. Бұның олардың қолдарынан келетіндігін мойындау
керек. Онда неге сіздер табыс табудың осы əдістерін пайдаланбайсыздар?
Мүмкін, қарапайым адамдарға ақша қаржы ұйымдарына қарағанда аса қажет емес
пе екен? Ойланып қарасаңыз, олай емес. Тіпті керісінше. Əншейін, ақшаны
құнды қағаздарға салу үшін солай жасаудан қорықпау керек жəне оны қалай
жасау керектігін білу қажет. Сондай-ақ, салымдардың диверсификациясы тиімді
таңдау екендігін үнемі есте ұстау керек. Басқаша айтқанда, егер сіздің
қолыңызда артық ақша қаражаты қалатын болса, оның белгілі бір бөлігін
банкте сақтау керек, енді бір бөлігін өзіңізді жəне мүлігіңізді əртүрлі
тосын жағдайлардан сақтандыруға жұмсау керек.
Курстық жұмыстың міндеті: ол құнды қағаздардың жалпы экономикалық
мазмұнын толық түсінідіре отырып, оның жүргізілу жағдайы мен соған орай
жасалған 2007 жыл мен 2009 жыл аралығы талдау болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан,
қолданылатын әдебиеттер және қосымшалардан тұрады.
Бірінші бөлімде құнды қағаздардың теориялық негізіне, олардың түрлері
мен қатысушыларына толық түсінік беріп өттім.
Екінші бөлімде соңы үш жылдың деректері негізінде талдау жүргіздім.
Қорытындыда жалпы осы құнды қағазадрдың құнын бағалай отырып жалпы
жағдайына баға беру арқылы оның келешектегі дамуы мен жетілдіру жолдары
жайлы баяндадым.
1 ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰНЫН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ МЕН
МАЗМҰНЫ
1.1 Құнды қағаздар және олардың түрлері
Қаржы нарығының айрықша бөлігі, ол - құнды қағаздар нарығы. Ал қаржылық
инвестициямен осы құнды қағаздар нарығы тікелей байланысты. Бүгінгі күні
елімізде көптеген акционерлік коғамдар, сақтандыру компаниялары,
инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қорлары, сонымен катар басқа
да кәсіпорындар мен ұйымдар тіркелген. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындар
мен ұйымдардың барлығы да еліміздегі құнды қағаздар нарығының потенциалды
қатысушылары қатарына жатқызылады. Олардың кейбіреулері эмитент, яғни
айналымға құнды қағаздар шығарушылар болып табылса, ал екіншілері инвестор
ретінде қызмет атқарады. Кәсіпорындар мен ұйымдарға жаңа технология енгізу,
өндірісті жаңғырту (модернизациялау), қайта құру (реконструкциялау)
әрқашанда ірі капитал салымын керек етеді. Ал бұндай жұмысты атқару үшін
өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді. Сондықтан да кәсіпорындар
мен ұйымдар қарыз капиталы нарығына несиелер мен заемдарының қаражаттарын,
айналымға акциялары мен облигацияларын шығарса, онда елімізде бағалы
қағаздар нарығы пайда болады.
Құнды қағаз (бағалы қағаз)- бұл капиталдың ерекше формасы. Ол жеке
ресурстарға мүліктік құқықты куәландыратын құжат. Мұнда жеке
ресурстарға меншік, жер, тауар, ақша және т.б. танылады. Қ.Р. Азаматтық
Кодексіне сәйкес, құнды қағаз (бағалы қағаз) – бұл мүліктік құқықты
куәландыратын, белгілі бір бекітілген формалары мен реквизиттері бар құжат
болып табылады. Олар келесідей ерекшеліктермен сипатталады: ақша қаражатқа
айырбастау мүмкіндігі, сату-сатып алуға, эмитентке қайта сатуға, құқыты
басқа тұлғаға беру мүмкіндігіне ие. Олар есеп айырысу кезінде қолдануға,
кепіл ретінде пайдалануға болады.
Іс жүзінде акция, облигация және басқа да құнды (бағалы) кағаздарын
шығару арқылы капиталды тартуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп
аталады және сонымен қатар олар құнды (бағалы) қағаздарды иемденушілердің
(сатып алушылардың) алдында белгілі бір жағдайда борышты (міңдетті) болып
табылады.
Эмитенттің кім болғанына байланысты құнды (бағалы) қағаздар
төмендегідей үш түрге бөлінеді:
- мемлекеттік;
- муниципалдық;
- корпоративтік.
Мемлекеттік құнды қағаздар — құнды (бағалы) қағаздардың бұл түрі
Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес мемлекеттің сыртқы және
ішкі қарыздарын қайтару мақсатында шығарылады. Сонымен қатар Құнды (бағалы)
қағаздың бұл түрі Қазақстан Республикасы Ұлттық банк мекемесімен
эмитенттелінетін құнды (бағалы) қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан
құнды (бағалы) қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің
тапшылығын қысқарту және инфляцияны болдырмау жағын карастырады. Осыған
сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдагы ақша қаражаттарының қозғалысын
реттеуді көздейді. Мемлекеттік құнды (бағалы) қағаздардың мынадай түрлері
бар:
- Ұлттық жинақ, облигациялары.
- Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕККАМ).
- Мемекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕОКАМ).
Муниципалдық құнды қағаздар - құнды (бағалы) қағаздардың мұндай түрі
жергілікті бюджетпен эмиссияланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен
шығарылады. Құнды (бағалы) қағаздардың бұл түрін шығарудағы басты мақсат -
кұрылыс, яғни ауруханалар салу үшін, бала бақшалар мен мектептер, тұрғын
үйлер, жолдардың жағдайларын жақсарту және тағы да басқадай аймақтың
әлеуметтік мәселелерді шешу болып табылады.
Корпоративтік кұнды қағаздар — кәсіпорындар мен ұйымдардың заң күшіне
сүйене отырып өзінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық
қызметін жүзеге асыру үшін шығаратын кұнды (бағалы) қағаздарын
корпоративтік құнды (бағалы) қағаздар деп атайды. Құнды (бағалы)
қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік коғамдар шығарып және
олар эмитент ретінде тіркеледі.
Құнды (бағалы) қағаздарды жалпы мынадай екі топқа бөлуге болады:
а) ақшалай құнды (бағалы) қағаздар;
ә) капиталды құнды (бағалы) қағаздар.
Ақшалай құнды (бағалы) қағаздар — ақшаны қарызға алғандығын білдіреді.
Құнды (бағалы) қағаздардың бұл түріне вексельдерді, депозиттік және жинақ
сертификаттарын жатқызуға болады. Жалпы ақшалай кұнды қағаздардан табыс бір
рет қана алынады. Іс жүзінде ақшалай құнды қағаздар қыска мерзімді болып
келеді, яғни бір жылға дейінгі уакыт аралығында қолданылады.
Капиталды құнды қағаздар - кәсіпорындар мен ұйымдардың қорын
(капиталын) құруға немесе оны ұлғайтуға байланысты шығарылады. Акция мен
облигация осы аталған құнды қағаз түріне жатқызылады. Өздерінен алынатын
табысқа байланысты құнды қағаздар мынадай екі топқа бөлінеді:
- қарыздық құнды (бағалы) қағаздар;
- инвестициялық құнды (бағалы) қағаздар.
Қарыздық құнды қағаздар — құнды қағаздың бұл түрі бойынша эмитент
көрсетілген уақыт барысында белгіленген пайыз көлемінде (процентімен)
тиісті қарыздарын өтеуге (төлеуге) міндетті. Қарыздық құнды (бағалы)
қағаздарға облигацияның барлық түрлері, вексельдер, тағы да басқа бағалы
қағаздар жатқызылады.
Инвестициялық құнды қағаздар — құңды қағаздың бұл түрі иемденушіге
активтің бір бөлігін иемденуге құқық береді. Құнды қағаздардың бұл түріне
акцияны жатқызуға болады.
Құнды қағаздар шығарылу мақсатына байланысты мынадай екі түрге
бөлінеді:
- қорлы құнды (бағалы) қағаздар,
- саудалық құнды (бағалы) қағаздар.
Қорлы құнды қағаздар - бұндай құнды қағаздар қор биржаларында айланысқа
түседі және көп мөлшерде эмиссияланады. Құнды қағаздардың бұл түріне
акциялар және облигациялар жатқызылады.
Саудалық құнды қағаздар — құнды қағаздың бұл түрі белгілі бір
коммерциялық бағытпен сауда операциялары кезінде есеп айырысуға арналған.
Нарықтағы айналымдағы ерекшеліктеріне байланысты құнды қағаздар мынадай
болып екіге бөлінеді:
- нарықтық құнды (бағалы) қағаздар;
- нарықтық емес құнды (бағалы) қағаздар.
Нарықтық құнды қағаздар — бұндай құнды қағаздар байланыста еркін
сатылып немесе сатып отырылады.
Нарықтық емес құнды қағаздар — бұл аталған құнды қағаздар қолдан-қолға
еркін жүре бермейді, яғни олар екінші айналымға түспейді.
Атқаратын қызметіне және рөліне байланысты құнды қағаздар мынадай үш
топқа бөлінеді:
- негізгі (акция, облигация),
- көмекші (чектер, вексельдер, депозиттік сертификаттар),
-туынды (варранттар, опциондар, фьючерстер, бондар, тағы да
басқалары)
Акция дегеніміз кәсіпорындар мен ұйымдардың қандайда бір акционерлік
қоғамды дамыту үшін қаржы салғандығын куәландыратын және иесіне акционерлік
қоғамның пайдасының бір бөлігін дивидендт түрінде (табыс ретінде) алуға
құқық беретін құнды қағаз болып табылады. Акциялар айналым мерзімі
белгіленбей-ақ шығарыла береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарды басқаруға қатысу
құқығына сәйкес акциялар мынадай түрлерге бөлінеді:
- жәй акциялар;
- артықшылығы бар акциялар
Жәй ациялар акционерлік қоғамды басқаруға құқық береді. Бір жәй акция
ұйымның акционерлер жиналысында осы кәсіпорынға қатысты мәселелерді шешу
барысында бір дауысқа ие бола алады. Жәй акциялар үшін дивидендт төлеу
акционерлік қоғамның таза пайдасынан резервтер жасалғаннан (толтырылғаннан)
кейін және артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттер төленгеннен кейін
ғана жүргізіледі.
Артықшылығы бар акциялар — басқаруға қатысу құқығын бермейді, әйтседе
олар иесіне тұрақты белгіленген мөлшерде дивидендтер алу құқығын береді,
яғни оларға белгілі бір мөлшерде табыс әкеліп тұрады. Сонымен қатар
артықшылығы бар акциялар ұйымның таза табысын акционерлер арасында бөлу
кезінде немесе қоғамның жойылуы кезінде жәй акциялар мен салыстырылғанда
артықшылыққа ие болып табылады.
Акцияның бір акционерден екінші акционерге берілу ережелеріне сәйкес
оларды атаулы акциялар және ұсынбалы акциялар деп аталатын екі түрге
бөледі.
Атаулы акциялар деп — иелері міндетті түрде кәсіпорындар мен ұйымдардың
тізілімінде (реестрінде) тіркелуге тиісті акцияларды айтады. Бұл ереже
бойынша акционерлер кітабында акционердің сатып алған акцияларының алынған
уақыты мен саны көрсетіліп және басқа да тиісті жазулар мен мәліметтер
жазылады. Атаулы акциялардың иесі бұл бағалы қағазды сатып алған кезде
акцияны шығарушы кәсіпорындар мен ұйымдардан барлық сатып алған акциялары
үшін олардың өз иесінің қолындаекендігін куәландыратын бір ғана сертификат
алады. Акциялардың бұндай түрін сату барысында сертификаттың теріс жағында
екі тараптың да қолдары қойылған (сатушы мен сатып алушы) табыстау туралы
келісімшарт жасалуы қажет. Содан кейін бұл сертификат акционерлер тізіміне
тиісті өзгертулер енгізу үшін кәсіпорынға беріледі. Осыдан кейін барып
акцияның жаңа иелері өзінің сатып алған құнды қағазына жаңа сертификат
алады.
Ұсынбалы акциялар иелерінің аты-жөні, яғни олар туралы деректер мен
мәліметтер акцияны шығарушы кәсіпорыңдар мен ұйымдарда тіркелмейді.
Кәсіпорындар мен ұйымдар әдетте ондай акциялар иелерінің кім екендігін де
біле бермейді. Акциялардың бұл түріне, яғни ұсынбалы түріне иелік ету тек
қана кәсіпорындар мен ұйымдардың акционерлері бар деп айтуға заңды түрде
негіз бола алады. Ұсынбалы акцияларды сатып алу немесе оларды қайта сату
операциясы құнды қағаздың бұл түрінің бір меншік иесінен екінші бір меншік
иесіне тікелей ауысуы болып табылады.
Облигация дегеніміз оның иесінің ақша салғандығын куәландыратын және
оған көрсетілген мерзім ішінде осы құнды қағаздың атаулы (номиналды) құнына
белгіленген пайызды (процентті) төлей отырып, өтеу міндеттемесін
мақұлдайтын құнды қағаз болып табылады. Облигациялар белгілі бір мерзімге
шығарылады. Жалпы облигацияларда акциялар сияқты кәсіпорын үшін
инвестицияның маңызды көзі болып табылады.
Яғни, облигациялар — кәсіпорындар мен ұйымдардың қарыз міндеттемелерін
растайтын құжат. Ол корпорацияның активтеріне қарсы жұмсалады.
Облигацияларды мерзімдік, қарыздық міндеттемелер ретінде өтеу кепілдігі
эмитент тарапынан берілген жалпы кепілдік болып табылады. Жалпы кепілдік
эмитенттің банкрот болып өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда облигация
ұстаушының сол кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни облигацияны шығарған
ұйымның мүліктерінің белгілі бір бөлігін алуға құқылы екендігін көрсетеді.
Алайда бұл жоғарыда айтылып өткен акциялар мен облигациялар деп аталатын
құнды қағаздардың бір-бірінен едәуір айырмашылықтары бар және ондай
айырмашылықтары мыналар:
- Облигациялардың иесі кәсіпорындар мен ұйымдардың кредиторы
болып табылады. Бұл облигацияны ұстаушының кәсіпорын немесе ұйымды
қаржыландырғандығын куәландырады. Ал акционер болса кәсіпорындар мен
ұйымдар иелерінің бірі болып табылады.
- Облигациялардың иесі бұл құнды қағаз бойынша белгіленген уақыттан
кейін міндетті түрде пайыз (процент) түрінде табыс алып отырады. Бұл
пайыздың (процент) мөлшері алдын ала белгіленіп, яғни мөлшерленіп
қойылған, сондай-ақ облигациядан алынатын табыс қандай да бір белгіленген
мерзім ішінде ғана жүргізіледі. Ал акционер болса есепті жылдың соңында
ғана, яғни ұйымның кірісінің көлеміне байланысты дивидент алып отырады.
- Кез келген несие берушілер (кредиторлар) сияқты облигация иесінің де
кәсіпорындар мен ұйымдарда ешқандай дауыстық қүқығы жоқ. Олар акционерлер
жиналысына қатыса алмайды және кәсіпорындар мен ұйымдарды басқаруға да
ешқандай қатысы жоқ болып табылады. Ал акционерлер болса бүл кәсіпорындағы
немесе ұйымдағы өзінің мүліктік мүдделеріне қатысты барлық мәселелерді шешу
кезінде дауыс құқығына ие бола алады.
Депозиттік сертификаттар дегеніміз — ірі атаулы құнға (номиналға) ие
болатын мерзімдік сертификаттар. Депозиттік сертификаттар (жалпылай
алғанда) құнды қағаз болғанымен оларды бір адамнан екінші адамға беруге
болады. Депозиттік сертификаттар клиентке банк мекемесінің берген борыштық
сенімхатының рөлін атқарады. Бұл сертификатта банкке белгілі-бір мерзімге
салынған салымдарының түрі көрсетіледі. Сертификаттардың өзі атаулы және
ұсынбалы болып екі түрге бөлінеді.
Сонымен депозиттік сертификат дегеніміз салымшының немесе оның
мұрагерінің белгіленген мерзімнің соңында депозит сомасы бойынша пайыз
(процент) түрінде табыс алу құқығын куәландыратын ақшалай салым туралы
эмитент банкінің берген жазбаша куәлігі болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығының функциясын шартты түрде екі топқа бөлуге
болады: жалпы нарықтық және өзіндік ерекшелігі бар функция. Функцияның
бірінші тобына мыналарды жатқызуға болады:
• коммерциялық - осы нарықтағы операциялардан пайда табу функциясы;
• мақсатты - нарықтық бағаны қалыптастыратын процесті, олардың ұдайы
қозғалысын және т.б. қамтамасыз етеді.
• ақпараттық - яғни, нарық өз қатысушыларына сауда нысандары мен оның
қатысушылары туралы нарықтық ақпараттарды жеткізеді;
• реттеуші - ондағы нарық сауда және оған қатысудың ережесін,
қатысушылардың арасындағы дау-таласты шешудің тәртібін жасайтын болса,
артықшылықтарды,бақылау органын немесе басқару органын және т.б.
белгілейді.
Өзіндік ерекшелігі бар бағалы қағаздар нарығының функциясына мыналарды
жатқызуға болады:
• қайта бөліну;
• баға және қаржы тәуекелдіктерін сақтандыратын функция. Қайта бөліну
функциясы қосалқы үш функцияға бөлінеді:
• нарық қызметінің салаларына ақша қаражаттарын қайта бөлу;
• ең алдымен халықтың жинақтарын өнімсіз формадан өнімді формаға
ауыстыру;
• инфляциялық емес негізде, яғни айналысқа қосымша ақша қаражаттарын
шығармай, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру.
Ал баға және қаржы тәуекелдерін сақтандырушы функцияға немесе
хеджирлеуге келетін болсақ, ол туынды бағалы қағаздар фьючерстік және
опциондық келісімшарттар пайда болғаннан кейін қолданысқа ене бастады.

Бағалы қағаздар нарығы сауда-саттық және өсімқорлық операциялардың іс-
тәжірибесімен байланысты пайда болды. Олар алғашқы бағалы қағаздар -
вексельдер мен коносаменттердің пайда болуына себепкер болды. Ал олар одан
әрі мемлекеттің эмиссиялық қызметі мен акционерлік қоғамдардың пайда
болуымен байланысты дамыды. Капиталдың бағалы қағаздарға кең ауқымды
инвестициялануы XIX ғасырдың ортасында басталды. Бұл уақыт аралағында
бағалы қағаздардың нарығы айтарлықтай дамыған болатын. Оның қатысушы
топтары да анықталып үлгерді. Оның алғашқы қатысушылары - банк иелері мен
жеке трейдерлер ретінде алға шыққан жеке тұлғалар, содан кейінгісі заңды
тұлғалар. Бүгінгі таңда бір мезгілде эмитент және трейдер болып табылатын
бағалы қағаздар нарығының қатысушыларын бірнеше негізгі топқа бөлуге
болады.
1. Жоғары имиджі бар мемлекет, муниципалиттер, аса ірі ұлттық және
халықаралық компаниялар. Олардың бағалы қағаздарды шығаруы және оны жүзеге
асыруы көп қиындық тудырмайды: оларды әрдайым үлкен мөлшерде қабылдай
беруге болады. Бұл мемлекеттік және муниципалдық бағалы қағаздар жоғары
табысты әрдайым қамтамасыз ете бермейді, алайда олардың сенімділік деңгейі
жоғары. Сол себепті де халықтың кейбір бөлігі (зейнеткерлер, жалғыз
бастылар, асыраушысынан айырылған немесе қамқоршысы жоқ отбасылар және
т.б.) қатерге бастарын тікпей-ақ, өз қаражаттарын осындай қағаздарға салуды
жөн көреді.
2. Қаржылық институттар бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асырады
(коммерциялық және инвестициялық банктер, сақтаңдыру қоғамдары, зейнетақы
қорлары және т.б.). Олардың көбісі әр түрлі инвесторлардың (заңды және жеке
тұлғалардың) қаражатын біріктіреді және олардың қаражатын табыс түсіретін
бағалы қағаздарға салудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Олар акцияның бақылау
пакеттерін иеленуге ұмтылады немесе тәуекелдіктен қашып, өз капиталдарын
экономиканың әр түрлі салаларына орналастырады.
3. Жеке инвесторлар - жеке тұлғалар, оның ішінде венчурлік бизнестегі
шағын кәсіпорындардың иелері.
4. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары. Олардың қажетті
ақпараттармен қамтамасыз етілуі олардың бағалы қағаздармен операцияларды
жүргізуін оңайлатады. Бір немесе бірнеше қызмет түрлерімен айналысу
құқығына тиісті лицензия алуы үшін қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына
бірқатар талаптар қойылады:
• заңды тұлғалар штатына тиісті қызметпен айналысу құқығына біліктілік
куәлігі бар мамандар қажет болған жағдайда қойылатын біліктілік
талабы. Бұл талап қалыптасқан әлемдік іс-тәжірибеден алынып отыр.
Нарықтық экономикасы дамыған барлық елдерде арнайы білімі бар
тұлғалар ғана қаржы нарығында клиенттермен жұмыс істеуге жіберіледі;
• бағалы қағаздар нарығының кез келген кәсіби қатысушысы заңға сәйкес
ұйымдастырушылық-құқықтық формада акционерлік қоғамға тіркелуі тиіс
- бұл оның ұйымдастырушылық-құқықтық формасына қойылатын талап;
• қаржылық талап - бұл кәсіби қатысушының өзіндік капиталының
жеткілікті болу деңгейі. Таза өзіндік капитал - бұл кәсіпорынның
міндеттемелерінен тыс активтері. Жарғылық капитал - заңды тұлғаның
құрылтайшыларды немесе акционерлерді қатыстыру арқылы істі
ұйымдастыру үшін салым ақша ретінде тартатын қаражаты. Өкілетті
органдар жарғылық капиталдың емес, өзіндік капиталдың жеткілікті
болу деңгейін белгілейді.
Кәсіби қатысушыға өз қаражатын сеніп тапсырған инвестор өз активінің
барлық қауіптен сақталатынына сенімді болады. Инвесторды кәсіби қатысушының
мәселелері толғандырмайды. Сондықтан да соңғысының өзіндік капиталы
инвестормен есеп айырысуына жеткілікті болуы қажет, содан кейін ғана өз
уәдесінде тұрмаған контрагенттермен, банктермен және т.б. байланысты
туындаған проблемаларын өзі шешеді.
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына мыналар жатады:
1. Сауда алаңы:
• биржалық. Бүгінгі таңда Қазақстанда өз қызметін 1997
• жылы бастаған қор биржасы (KASE) ғана әрекет етеді;
• биржадан тыс.
2. Сауда агенттері:
• брокерлер - бұл клиент атынан және клиент есебінен
• операцияларды жүзеге асыратын делдалдар;
• дилерлер - бұлар операцияны өз атынан және өз
• есебінен жүргізетін делдалдар.
Қазақстанда брокер-дилерлік қызметтің жалпы лицензиясы қандай да бір
мәмілені өз атынан және өз есебінен орындай алатын адамды өз күшімен
(дербес) тапқан делдалдарға ғана беріледі. Оған қоса әлемдік тәжірибеде
заңды тұлғалар да, жеке тұлғалар да брокер және дилер бола алады, ал
Қазақстанда брокер -дилерлік қызметпен тек заңды тұлғалар ғана айналыса
алады.
3. Қор нарығының инфрақұрылымына кіретін ұйымдар. Оған мыналар жатады:
1) депозитарий - клирингтің, номинал ұстаушының, төлем агенттігінің
және т.б. функцияларын жүзеге асыратын қаржы нарығының кәсіби қатысушысы.
Қазақстанда 1997 жылдың 16 мамыр айында құрылтай шешімімен құрылтан, әрі
1997 жылдың 18 шілдесіндегі N12301-1910-АО номерімен Алматы қаласының
Әділет басқармасында заңды тұлға ретінде тіркелген "Бағалы қағаздардың
орталық депозитарийі" акционерлік қоғамы бар. Қоғам ҚР "Акционерлік қоғам
туралы" Заңына сәйкес 1999 жылдың 28 қазанында және 2002 жылдың 9 сәуірінде
қайта тіркелді. Коммерциялық емес ұйымдар орталық депозитарий болып
табылады және олар мынадай негізгі функцияларды орындайды:
• номинал ұстаушыны жүзеге асыру;
• эмиссиялық бағалы қағаздар мен басқа да қаржылық құралдар бойынша
құқықтарды ескеру және мәмілелерді тіркеу;
• номинал ұстаушыға қаржылық құралдар мен мәмілелер бойынша және оның
табыс төлемі бойынша төлем агенттігінің функциясы;
• қаржылық құралдар мен мәмілелер бойынша клиринг;
• ҚР заңдарына қайшы келмейтін кеңес беру, ақпараттық және басқа да
қызмет түрлері.
2) тіркеушілер - ҚР заңдарына сәйкес құрылған әрбір акционерлік қоғам
бағалы қағаздар эмиссиясы мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап, бір ай
ішінде бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін енгізуді және сақтауды
қамтамасыз етуі керек.
Бағалы қағаз ұстаушыларының мүліктік құқығын және мүдделерін қорғау
мақсатында бағалы қағаздар ұстаушыларының тізімін дербес жүргізетін бағалы
қағаздармен, сондай-ақ АҚ-мен мәмілелерді тіркейтін бағалы қағаздар
нарығының қатысушылары (тіркеушілер мен номинал ұстаушылары) бағалы
қағаздар құқығының бірінші тұлғадан екіншісіне өтуіне байланысты
мәмілелерді орындаудың фактілерін бекітуге міндетті.
Номинал ұстаушылар клиенттердің бағалы қағаздарымен болатын
мәмілелерді және олардың ауыртпашылық түсірген фактілерін тіркеу бойынша
функцияларды орындайды. Олардың иелік ету құқығын растайды, клиенттерде
бағалы қағаздардың болуын және олармен мәміле жасаудың мүмкіндіктерін
қамтамасыз етеді, төлем агенттігінің функциясын орындайды, клиенттерді
бағалы қағаздардың номинал ұстаушыларына берілгені жөніндегі ақпаратпен
қамтамасыз етеді. Сондай-ак номинал ұстаушыларымен жасасқан келісімшартқа
сәйкес басқа да функцияларды орындайды. Номинал ұстаушылардың қызметі ҚР
Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі
агенттігі берген лицензияның негізінде жүзеге асырылады.
Бағалы қағаздармен байланысты меншік иелерінің құқығын жүзеге асыру
үшін тіркеушілердің талап етуі бойынша номинал ұстаушылар тіркелген бағалы
қағаз иелерінің тізімін нақты бір күнде беруте міндетті. Номинал
ұстаушыларға аталған ақпаратты ашу құқығын бермеген бағалы қағаз иелері
кірмейді.
Тіркеушінің функциялық міндеттемесі мыналарда:
• бағалы қағаз иелерінің тізімін жүргізу арқылы меншік құқығын тіркеу
және аталған тіркеуді растайтын жазбаша немесе электрондық құжаттарды
ресімдеу;
• бағалы қағаз иелерінің тізілімін енгізу және сақтау;
• тізілімнен көшірме беру жолымен бағалы қағаз иелерінің құқығын растау;
• бағалы қағаздардың меншік құқығының өзгеру фактісін тізілімдегі тиісті
жазуды өзгерту жолымен тіркеу;
• дауыс құқығын және бағалы қағаздар меншігі құқығының ауыртпашылық
түсірген фактісін тіркеу;
• эмиссияланған бағалы қағаздардың мөлшерін және оның тіркелген мөлшерге
сәйкес келуін бақылау;
• құжаттамалық формада шығарылған бағалы қағаздардың сертификаттарын
сақтау, беру және өтеу;
• корпорациялық әрекеттерді тіркеуді жүзеге асыру;
• тіркеуші эмитентке оны жалпы жиналысқа дайындау, сондай-ақ дивидендтік
есеп айырысу бойынша кеңес беру қызметін көрсетуге құқылы.
Тіркеуші заңмен белгіленген жағдайларды ескермегенде тізімді немесе
оның бөлігін жүргізу бойынша өз өкілеттілігін басқа тұлғаға жүктей алмайды.
Оның тізімін өзі жүргізсе де эмитенттерге тиесілі бағалы қағаздардың меншік
құқығын тіркеушінің сатып алуға құқығы болмайды;
3) клирингтік ұйымдар - қаржылық құралдармен мәмілелерді орындауға
қатысатын тараптардың талаптары мен міндеттемелерін өзара есепке жатқызатын
қаржы нарығының кәсіби қатысушылары;
4) кастодиандар - клиенттердің қаржылық құралдары мен ақшасын
сақтайтын, әрі олардың есебін жүргізетін, оларды сақтау міндеттемесін өз
мойындарына алумен қаржы құралдары мен ақшаға байланысты олардың құқығын
растайтын қаржы нарығының кәсіби қатысушылары. ҚР-да кастодиандық қызметпен
және сейфтік операциялармен айналысуға лицензиясы бар банктер ғана
кастодиан бола алады;
5) бағалы қағаздар портфелін басқарушы - клиент есебінен және оның
мүддесі тұрғысынан азаматтық құқықтың объектілерін басқару жөніндегі
қызметті өз атынан жүзеге асыратын қаржы нарығының кәсіби қатысушылары.
Олардың негізгі функциялары:
• ақшаны қаржылық құралдарға инвестициялау;
• қаржылық құралдармен орындалатын мәмілелердің
• есебін жүргізу;
• өздеріне жүктелген қаржылық құралдарды пайдалану,
• әрі оған иелік ету.
Бағалы қағаздар нарығыңдағы кәсіби қызметтің қандай да бір басқа
түрлерімен қатар қолданылмайтын айырықша түрлеріне мыналар жатады:
• бағалы қағаз иелерінің тізімін жүргізу;
• депозиттік қызмет - тек клирингтік қызметпен ғана қатар қолданыла
алады;
• инвестициялық қордың бағалы қағаздар портфелін басқару;
• қор биржалары;
• биржадан тыс нарықтың баға белгілеу жүйесі;
Айрықша қызмет түрлерін есепке алмағанда, кез келген басқа қызмет
түрлерімен кастодиандық қызмет қатар жүргізіле береді, ал бағалы қағаздар
портфелін басқару брокерлік, дилерлік және кастодиандық қызмет түрлерімен
қатар қолданыла алады.
Бағалы қағаздар нарығындағы кез келген қызметтің міндетті шартына заңды
тұлғалар үшін мемлекеттік лицензияны алуы жатса, жеке тұлғалар үшін - ҚР

агенттіктің біліктілік куәлігі қажет.
2004 жылы Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби
қызметті 50-ден аса компания жүзеге асырды. Олардың 38-і бұл құқыққа 1996
жылдың басында ие бодды. Кәсіби қатысушылардың құрамына екінші деңгейлі 23
акционерлік банк кіреді.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ
ОНЫ ТАЛДАУ
2.1 Құнды қағаздар нарығы және құнды қағаздар құнын бағалау тәртібі
Барлық құнды қағаздардың айтарлықтай үлкен бөлігі арнайы құрылған
институт – қор биржасы арқылы жүзеге асырылады. Биржа – бұл ұйымдасқан,
жүйелі əрекет ететін нарық, онда құнды қағаздар саудасы (қор саудасы),
стандарттар мен үлгілердің көтерме саудасы (тауарлық) немесе сұраныс пен
ұсыныс негізінде ресми түрде белгіленген бағалар бойынша валютамен
(валюталық) сауда жасау жүзеге асырылады.
Қор биржасы əлдеқайдағы бір құнды қағаздарды сатады деп ойлайтын
адамдар көп. Шындығында, биржаның онда сатылатын құнды қағаздарға иелігі
жоқ. Биржаның өзі ештеңе сатпайды жəне ештеңе сатып алмайды! Бұл – мыңдаған
компаниялар мен адамдар брокерлер деп аталатын өздерінің агенттері арқылы
құнды қағаздар сатып алатын жай ғана орын. Қор биржасының сатылатын жəне
сатып алынатын акцияларға баға қоюға тікелей қатысы жоқ. Оны нарық қояды.
Бағалар сұраныс пен ұсыныс ықпалынан қалыптасады. Бірақ биржада нарық
бағаларын белгілеу үшін арнайы жағдайлар жасалған. Əрқашан жəне барлық
жерде сатып алушылар тауарды мейлінше-арзанырақ сатып алуға, ал сатушылар
мүмкіндігінше қымбатырақ сатуға ұмтылады. Қор биржасы – барлық нарықтардың
ішіндегі ең серпіндісі.
Биржа сұраныс пен ұсыныстың өзара еркін əрекеттесуі үшін барлық
кедергілерді болдырмауға тырысады. Сатушы мен сатып алушы үшін биржадағы
мəміле оны жасасу кезіндегі ең тиімді бағалар ымырасына келіп жасалуы
мүмкін. Қор биржалары туралы сөз болғанда, адамдардың көпшілігі оларды
акциялардың биржалық курсының күрт тербелістерімен, бағалардың шарықтауымен
жəне құлдырауымен, алаяқтық пен алыпсатарлықпен байланыстырады. Əрине,
биржалық курс қатты ауытқуы мүмкін, бірақ бұндай өзгерістер өте сирек
кездеседі. Көбінесе курстың күрт өзгеруі акция ұстаушыларының көңіл-күйіне
байланысты, ал ол өз кезегінде елдегі жалпы экономикалық жағдайға жəне
нарықтың оптимистік жəне пессимистік күйіне ықпал ететін жекеле- ген
төтенше оқиғаларға байланысты болады. Бұған биржаны кінəлау – жайсыз ауа
райына ауа райын болжаушыны кінəлаумен бірдей. Құнды қағаздармен жасалатын
операцияларға қатысатын биржашылардың арасында аюлар мен бұқаларды
бөліп көрсетеді.
Төмендетуді ойлайтын биржалық алыпсатарлар (аюлар) өзінде əлі жоқ
акцияларды мəміле жасасқанда белгіленген курс бойынша мерзімге сатады жəне
мəміле мерзімі біткенге дейін барынша төмен курспен құнды қағаздарды сатып
алуға жəне жедел мəміле шартында белгіленген барынша жоғары бағамен сатуға
үміттенеді. Жоғарылатуды ойлайтын биржашылар (бұқалар) керісінше құнды
қағаздарды курстың жоғарылауы күтілетін мерзімге сатып алады жəне кейіннен
оларды табысты сатуға үміттенеді. Құнды қағаздарды қор нарығының кəсіби
қатысушылары –брокер-дилерлер арқылы сатып алу барынша кепілді. Брокер-
дилер – бұл брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыруға мемлекеттік
лицензиясы бар заңды тұлға. Құнды қағаздарды сатып алу жəне сату – оның
кəсібі, атауы да осыдан – нарықтың кəсіби қатысушысы. Заң бойынша брокер-
дилердің басқа коммерциялық қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Брокер-
дилердің қызметі лицензиялау жолымен реттеледі. Брокер-дилерге биржада
мəміле жасасуды тапсыру үшін, клиент өзі оны фронт-офис қызметкерлері
қабылдайтын брокерлік-дилерлік компанияның офисіне келіп, брокерлік қызмет
көрсетуге шарт жасасуы тиіс.
Брокерлік қызмет көрсету келісім-шарты – бұл іс жүзінде стандартты
формадағы құжат, онда компания клиенті мен брокер-дилердің құзыреті,
міндеттері мен жауапкершіліктері көрсетіледі. Оны жасасу үшін инвестордың
жеке куəлігі болуы тиіс. Тараптар келісім-шартқа қол қойғаннан кейін,
инвесторға компаниядан жеке шот ашылады, оған инвестор үшін сатып алынған
қағаздар түсіріледі. Брокерлік компанияда құжаттарды ресімдеу тегін. Егер
клиент дəл қандай құнды қағаздарды алғысы келетінін білмейтін болса, онда
компанияда оған қор биржасында белгіленген барлық құнды қағаздар туралы
кеңес беріледі. Бұл орайда инвестор брокер-дилердің ақпараты тек ақпараттық
сипатта болатындығын жəне қандай да бір құнды қағаздарды сатып алуға немесе
сатуға ешқандай ұсыныс бермейтінін ескеруі тиіс. Инвестордың өзі шешімдер
қабылдап, өз ісіне жауап беруі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz