Қазақстандағы қыш өнерінің дамуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...
I. Қол өнердің даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. Қол өнердің дамуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Қазақстандағы қыш өнерінің дамуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
II. Қыш құмыраларының технологиялық орындалуы ... ... ... ...
2.1. Қыш құмырасының композициялық шешімі ... ... ... ... ... ... ... . ..
2.2. Қыш құмырасының технологиялық орындалуы ... ... ... ... ... ... .
III. Әдістемелік бөлім
3.1. Ұлттық қол өнердің оқушыларға берер тәрбиелік мәні ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ..
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..
Қосымша
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .

Кіріспе.
Ұлттық құндылықтарды құрмет тұтып, тәрбиенің қайнар көзі ретінде
қарастыру қай заманда болса да маңызды мұқтаждық ретінде күн тәртібінде
тұрары белгілі. Әсіресе, бүгінгі жаһандануға бет бұрып, әлемдік
бәсекелестікке, оның талаптарына жауап беру жағдайында бұл мәселенің
өзектілігі айшықталып отыр. Елбасының бұл жайлы толық өркениетті ел болу
үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан
кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн деген сөзі баршамызға салмақты
міндеттер жүктейді. Сондықтан бүгінгі таңда басты мақсат – жас ұрпақты
ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар
сабақтастығын сақтай отырып, тәрбиелеу болып отыр.
Keramos грек тiлiнен аударғанда саз балшық деген мағынаны білдіреді.
Балшықты іздеп те қажеті жоқ, ол қашанда аяғыңның астында. Бірде оны сумен
араластыра салып, адам баласы не жасасаңда икемдi, созылмалы, өзі өте
қарапайым, кептірсең де, күйдірсең де әуелгі қалпын бұзбайтын, сынбайтын
берік шикізат табады. Көне және орта ғасырларда қыш жасау өнерi кеңiнен
таралды. Балшықтан құдайлардың мүсiндерi, ыдыс-аяқтар мен әдемi көзелер,
ойыншықтар мен “саз кiтаптар”, қабырға сәндегiштерi, су құбырлары мен
кiрпiштер жасалды.
Балшықтан жасалған алғашқы бұйымдар Қазақстан аумағында неолит дәуiрiнде
(б. д. д. V ғ.) пайда болды. Сол дәуірлерде адамдар мал бағып, жер өңдеуге
кiрiстi, балшық илеп, түбi дөңгелек келген, қарапайым ою салынған ыдыстарды
отқа салып, күйдiрудi үйрендi.
Халықтың ұлттық қолөнеріне әдеп-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға,
мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал - жабдықтарда кіреді. Осы құрал-
жабдықтардың шығу тарихының өзінің келешек ұрпаққа берер тәлім - тәрбиесі
мол. Киіз үйдің сүйегі, ағаш кереует, кебеже, сандық жасап, сырмақ кілем,
аяққап, ши, кілем, түрлі бау, арқан жіп ескен, көннен және илеулі теріден
қайыс таспа тіліп, өрім өріп, қолдан әр алуан ыдыс аяқ, адалбақан, бесік
және тағы басқа көптеген заттарды халық шеберлері өнерпаздар өз қалауымен
жасап түрлі нақышына келтіре әшекейлеп ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп,
тәрбиелеп жеткізген. Халықтың қолөнері адамдардың көркемдік талғамының
қалыптасуына ерекше әсер етеді, жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруге
қызмет етіп, оларды халықымыздың материалдық рухани мұраларын терең
түсініп, оны бағалай білуге тәрбиелейді.
Ежелден осы күнге дейін келе жатқан және өте кең көлемді тараған
өнердің бірі қыштан әртүрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау болып табылады.
Бұл ұсынылып отырған өнердің түрі оқушыларға, арнаулы кәсіптік білім
жүйелеріне және жоғарғы оқу орындарындағы студенттерге арналған. Қыш өнері
балшықтан басқа аса көп шикі заттарды талап етпейді, өндіріске қолайлы әрі
тиімді. Бұдан оқушы-жастардың ой өрісі кеңейетіні даусыз, олар балшықтан
әртүрлі техникада өрнек, белгілі бір стилизация немесе арнаулы тақырыптағы
барельефтер салған кезде олардың қолдары да тез үйренеді. Мұндағы жұмыстар
тек құмара жасау ғана емес, сондай-ақ шыраққондырғыштардың түрлерін, қасық,
шөміштің, кесе-тостағандардың, әртүрлі аңдардың, малдардың бейнесіндегі
ойыншықтарды т.б. көптеген бұйымдарды, шығармашылық жұмыстарды жасатуға
болады. Қыштан жасалынатын бұйымдар қазіргі кездегі өндірісте өте күрделі
жабдықтарды және толық сауатты технологиялардың өнімдерін талап етеді. Одан
жасалатын бұйымдарды үйдегі арнаулы жабдықталған, немесе мектеп
шеберханасында т.б. орындарда кеңінен орнықтырылған жабдықтар мен
құралдардың көмегімен небір бұйымдарды жасауға болады. Оның шикізатының
құрамы арнаулы тындырылған, созылмалы саз балшықтардың және құм
қоспаларынан тұрады. Қыш бұйымдардың кептіру және күйдіру кезінде олардың
көлемі кішіриеді. Бұл процесссте бұйым жарылуы мүмкін, сондықтан да құм
қоспаларын саз балшыққа араластырады. Ол бұйымның жарылмауына көмегін
тигізеді. Құм қыш өндірісіндегі едәуір көп қолданылатын шикі заттың бірі.
Қыштан жасалынатын жұмыстарға ағын судың құмын қолданған дұрыс, бірақ олар
да көбінесе таза болмайды. Сондықтан кез келген құмды мұқият жуып тазалап
алғаннан кейін ғана қолдану керек. Мысалы жарты шелек құмға таза су құйып
ағашпен мұқият араластырады, былғанған суды сол арада төгіп орнына таза су
құямыз. Осылай құмның суы әбден тазарғанша ауыстыру арқылы жуамыз. Толық
жуылған құмды жалпақ тақтайға немесе ДСП, ұшқатқа төгіп кептіреміз. Кебу
кезеңінде тездету үшін оны ұдайы күн көзінде араластырып отыру керек. Құм
әбден кепкеннен кейін оны ұсақ елеуіштен өткіземіз, онда құм арасындағы ірі
тастары және басқа да қосылыстар елеуіш сыртында қалады. Қысты күндері
жуылған құмды көлемді алюмини, шойын немесе мысты кірленге салып ыстық
плитаның үстіне немесе газдың көмегімен ұдайы араластыру арқылы кептіреміз.
Жалпы әртүрлі техгологиядағы қыштан жасалатын бұйымдардың негізгі құрамы
балшық.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақ халқының мәдени өнері мен тұрмыс
тіршілігі, ондағы өшпес тарих, ғасырлар жаңғырығы әрбір адам баласына берер
қуатын айқындай көркемдер.
Зерттеу жұмысының міндеті: Жұмыстың тақырыбы бойынша зерттеудегі
мақсатын мынандай міндеттермен ашамыз: Ұлттық қолданбалы өнер тарихына
сүйене отырып, қыш өнерінің қалыптасуы мен дамуының кәсіби деңгейін
теориялық негізінде ерекшеліктерін анықтау.
Композицияның құрылымы мен көркемдік рәсімдеріне стилистикалық және
семантикалық талдау жасай отырып, ұлттық дүниетанымды өткен сарынның тарихи
желісінің рухын таныту.
Зерттеу жұмысының жаңалығы: Жұмыстың жаңалығы зерттеудегі мақсатының
барысын шешуді қажет ететін міндеттерді жүзеге асыру нәтижесінен
анықталады. Өткен тарихи сарындарға сүйене отырып, ұлттық мәдени өнердің
ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан желістерін және ондағы дүниетаным
философиясын айқын таныту болып табылады. Қазақстан қолтаңбалы өнерінің бір
саласы қыш өңдеу мәдениетінің қалыптасуы мен даму кезеңдерінің ерекшелігін
ғылыми – теориялық базалар (өнер тарихы, философия, мәдениеттану, ұлттық
өнер мәдениеті) тұрғысынан қарастырып, айқындауға мүмкіндік береді.
Жалпы қыш бұйым жасау өнерінің пайда болу тарихының желісі
зерттелініп, бүгінгі таңда кәсіби қолөнердің жаңа стильде сабақтастығына
және көне заманнан бастап қалыптасқан ою - өрнектердің мәнісіне талдау
жасалды.

1.1.Қол өнердің дамуы
Қыш бұйымдарының өндірілуі ата-бабаларымыздың табиғи заттардың
бойындағы қасиеттерін танып-біліп, табиғи күшті өз пайдасына жарата отырып
мәдениет жарату үрдісінде қол жеткізген жетістіктерінің бірі саналады. Олар
топырақтың жауһарын, оттың құдыретін, бояудың ұйқасын шебер пайдалана
отырып, қыш бұйымдарының таңғажайып өнер әлемін жаратқан.
Батыс өңір археологиялық мәдениетінің маңызды мазмұндарының бірі
болған қыш бұйымдары адамдарды көп қызықтырып келеді. Қытайдың Батыс
аймақтарындағы ерте қыш бұйымдары (жаңа тас дәуірінің соңы – қола дәуірінің
бастапқы мезгіліне жатады) өнім түріне қарай бояулы қыш бұйымдары, жадағай
өрнекті қыш бұйымдары және қара қыш бұйымдары деген үлкен үш топқа
бөлінеді.
Бояулы қыш бұйымдары ретінде ерекшеленген қыш өнімдері, Қытай
Шыңжяңының Тянь-Шань тауы бөктерлерінен көптеп табылып отыр. Қазірге дейін
анықталғанындай олардың ең ертедегісі (б.з.б. XIX-XIII ғғ.) ретінде
Шыңжяңның Құмыл аймағындағы Тянь-Шань тау жоталарының солтүстік
теріскейінен табылған қыш бұйымдары аталады. Қыш бұйымдарының бетіндегі
өрнектер мәлім бір қағида бойынша ретімен салынған. Өрнектер мен оюлар
саптаяқтың мойын тұсына салынған. Олардың дені ыдыс сыртына айналдыра
салынған, кейбірі қиғаштау сызық бойымен көмкерілген. Көпшілігі
геометриялық үлгіде салынған, ең бастылары шахмат көздері үлгісінде, ромб
торлары үлгісінде, үшбұрышты бедерлер, бұлт-нажағай өрнектері, айланба
өрнектер, шаршы өрнектер, кереге көзді, баспалдақ формалы, жолақты және
ашамай формалы болып келеді.
Б.з. б VIII-VII ғғ. аралығында Батыс аймақта қара қыш бұйымдары жасала
бастады. Оның ең басты ерекшелігі қыш бұйымдарының сыртқы бетіне бір қабат
қыш қыртысы жатқызылады, бетіне көп ою-өрнектер салынбайды. Б.з.б. V-III
ғғ. мұндай қара қыш бұйымдары ең кең таралған дәуір саналады. Батыс
өңірдегі Тарым ойпатындағы көптеген жерлерден осындай қара қыш бұйымдары
табылды. Мұндай дүниелерге Сампулдағы қорымының бірінші мерзімі мен
Зағұнлық қорымның екінші мерзім мәдениеті, Ния көне жұртының Жауласқан
бектіктер дәуіріндегі қорымы және Керия өзені бойындағы Батыс Хан қорымынан
қазып алынған қара қыш бұйымдарды көрсетуге болады. Сондай дүниелердің бірі
болған Онсу ауданынан табылған үйрек пішінді шәйнектің аузы ішке тартыла
жасалған сопақ пішінді, бүйірі шығыңқы, құйрық жағы көлбеу көтеріңкі, мойны
иінтек. Жон үстіне шығыңқы қырлы жолақтар салынған, жалпақ құйрықты болып
келеді де, шәйнектің жалпы тұлғасы су бетінде жүзіп жүрген үйректен
аумайды. Бұл қыш бұйымы өзінің айрықша пішінімен озғындап, тек тұрмыста
қолданылатын ыдыс қана емес, сондай-ақ, жоғары деңгейде жасалған өнер
туындысы болып саналады.
Тарихтың даму үрдісіне сай, Батыс өңір қыш бұйымдары дамудың жаңа
кезеңдерін өткеріп, олардың түр-тұлғасы молыға түсті. Солтүстік династия
мен Таң династиясы дәуіріне жеткенде түрлі-түсті бояумен жасыл және ақ
түсті нақышталған қыш бұйымдары кездесе бастады. Соның ішінде жасыл түс
ерте кезде мүлде кездеспейтін түс болатын. Олардың ішіндегі ең әйгілілері
ретінде Астанадағы қорымнан табылған Идіқұтлы Көтең мемлекеті дәуіріне
жататын жалғыз тұтқалы бояулы қыш құмыра көрсетіледі. Онда қара қыш
бұйымының үстіне түрлі-түсті бояумен әдемі ою-өрнектер сызылған. Құмыраның
ернеуі мен түбіне тақау жеріне жасыл бояумен жағалай белдеу сызылған, бұл
белдеу оның бүйіріндегі қызыл түспен жақсы жарасым тапқандықтан өте әдемі
көрінеді.
Қашқар аймақтық мұражайда сақтаулы тұрған бір дана үш құлақты қыш
құмыра қазіргі таңда сақталған ең көркем қыш бұйым саналады. Ол Қашқар
қаласы Бешкерем ауылындағы Бешкерем өзені бойында орналасқан Яуылық қоныс-
тұрағынан табылған, биіктігі 57 см келеді. Пішіні Хотаннан табылған ыдысқа
ұқсайды, алайда, үш құлағын сәндеген мүсін егде ер адамдікі, мүсіннің
жүзінен күлкі үйірілген, сақалды, қияқ мұртты, келбеті келісті, әрі бет
әлпеті тартымды сомдалған. Ыдыстың бүйірінде тізбекті шарша пішінді өрнекті
дөңгелете бедерлеп, оның орталығы кісі бейнелерімен толтырылған, олардың
образдары Хотандағы ыдыстардағыға ұқсайды, ер бейнесі де, әйел бейнесі де,
дара бастың мүсіндері де бар. Әр тізбекті шаршалардың арасында ұшқат
ағашының өрнегі бедерленген.

1.2. Қазақстандағы қыш өнерінің дамуы
Қасиетті қазақ халқының   қолөнерінің  тарихы тым  тереңде. Ол 
кеңбайтақ  жерімізді  мекендеген  сақ, үйсін,  қыпшақ,  ғұн,   қарлұқ 
тәрізді  көне түркі тайпаларының    мәдениетінен арқау алады. Жәнеде  оған 
Оңтүстік - Сібір, Орта Азия  мен  Ресей  халықтарының да  мәдениеті  өз
әсерін тигізген.  Осындай үнемі жаңғыру үстінде  болған қазақ  халқының 
дәстүрлі қолөнерінің   даму биігіне көтерілген   кезеңі  XIX  ғасырдың 
екінші жартысы мен  XX ғасырдың  басы.
Қолөнер қашан да заман, өмір ағымымен бірге туындап, дамып отырады.
Ұлттық қолөнердің өрбу жолының өзіне тән даму тарихы бар. Қазақ халқының
қолөнері XV ғасырдан бастап зерттелінгенін өнер тарихынан, археологиялық
зерттеу еңбектерден мәлім. Сонау көнер дәуірден бастау алған халықтың
өнерді көптеген мәдени ошақтар айқындайды.
Қазақстанның кең байтақ аумағында андронов мәдениетi қалыптасқан
қола дәуiрiнде бiр қалыппен жасалған қарабайыр ыдыстардың түрлерi өзгерiп,
оюлары күрделенiп, әдемiлене түстi. Андронов ыдыстарындағы ою
элементтерiнiң қабысу жарасымы шексiз, өздерi алуан түрлi.
Андронов мәдениетiнiң қолданбалы өнерi кейiнгi дәуiр халықтары, оның
iшнде қазiргi қазақтар мен қырғыздардың да көркем шығармашылығының дамуына
зор ықпал етті.
Қазақстан аумағындағы қыш жасау кәсібiнiң келесі дамыған кезеңi –
сақтардың, савроматтардың, үйсiндер мен қаңлылыр және сарматтардың заманы.
Сақ көзелерi мен кеселерiнiң күйдiрiп жасаған әсем қыштары Есiк
қорғанындағы сақ қабiрiнен табылды.(б. д. д IV ғ.) Мұндай әсем жасалған
ыдыс қоғамның ақсүйек топтарының қолында болған. Сақтардың (б. д. д. V–(б.
д. д. V–III ғ.) ғ.) қолдан илеп жасаған қарабайыр тұтқалы қазан, көзе,
тостаған, шүмектi шәугiм, тағы сол сияқты ыдыстары неғұрлым қарапайым
болған.
Үйсiн керамикасы (б. д. д. III–V ғ.) сақтармен салыстырғанда алуан
түрлi болып келедi, көлемдері әртүрлі қазандар, кеселер, табақтар, көзелер
мен шөңкелер. Бiздiң дәуiрiмiздiң алғашқы ғасырларында олар қыштан жасалып,
сырты жосамен боялып, жылтыр етiп сыланған.Савроматтар мен сарматтар
керамикасының айырмашылығы түбiнiң дөңгелек келiп, ою өрнегiнiң сызылып
салынуында. Сарматтардың керамикалық нақышына Сырдарияның қауыншылар
мәдениетi мен Хорезмнiң дәстүрлi отырықшылығы ықпал жасады.
Қангюй (қаңлы) керамикасының (б. д. I–V ғ) үлгілері Отырар қалалары
мен қорған-қабiрлерiнiң қазбаларынан жиналды. Ас салтанаттарына арналған
ыдыс-аяқтар қызыл немесе қан күрең түске боялып, сырты жылтыратылған,
осының өзi оларға салтанатты көрiк бередi. Ол кезеңнiң асханалық
керемикасында көбiне бүйiрлi, ернеуi тарлау және қайқыш келген қыш
құмыралар басым болған. Көзелердiң тұтқасы жапсырылған, немесе тiкбұрышты,
ал ұстайтын тұсы доғадай йiлiп келген. Көзелердің астына қойылатын ыдыс
табақшаларда аңдар мен жануарлардың суреттері салынған
Сәулеттiк керамика жеке бір топты құрайды. Қалың етiп иленген, әлi
кебе қоймаған, сыланған саз балшықтың бетiне салынған көркем оюлар ІХ–Х
ғасырлардағы Талас даласының Джамуката (Жұмық ата), және Құлан сарайының
салттық құрылыстары қабырғасынан табылды.Үйдiң төбесi мен қабырғалары солай
безендiрiлген. Бұларға геометриялық үлгiлер тән
(иiн, шеңбер, түзу сызықтар мен меандралар), өсiмдiк үлгiсiнде (жүзiмнiң
сабағы, қызғалдақтар, гүлдердiң бүршiгi, т. с. с), эпиграфиялық үлгiде
(әрiп көрiнiстерiнiң өзгерген түрлерi). Адамдар мен жануарлардың бейнелерi
сирек кездеседi. Балшық бетiне ойылған көрiнiстер көбiне қызыл, көк, ақ,
жасыл бояулармен боялған. Қабырғаны безендiрудегi мұндай тәсiл Қазақстанның
Ұлы Жiбек Жолының бойында жатқан қалаларына Шығыстың Фустат, Самарра,
Афрасиаб сияқты iрi орталықтарынан тараған.
Жетiсудың қыш бұйымдарын жасау өнерiнде (Х–ХІІІ ғ) жылтыратылған ыдыстар
кең тараған. Оларға көбiне люстра мен эмаль жағылған. Жылтыратылған және
люстралы ыдыстардың, фарфор мен фаянстардың даярлау техникасына Ұлы Жiбек
Жолымен сауда жасау кезiнде Иран, Қытай және Жапониядан әкелiнген
бұйымдардың ықпалы зор болды.
Оңтүстiк Қазақстан, оның ерте орта ғасырлардағы iрi орталығы болған
Отырар керамикасының бұл саладағы Жетiсу қолөнер шеберлерiнен бiрқатар
айырмшылықтары бар. Мұны екi топқа – дәстүрлi және жаңашыл үрдiске бөлуге
болады. Оның соңғысы Соғда аумағында неғұрлым кеңiнен тарады. Бұл кездегi
Соғда керамикасы металдан жасалған үлгiлерге елiктегендей көрiнедi. Көзенiң
бойын жалтырата сылап, оған слюданы шашырата себудiң өзiнен мұны темiрден
жасалған екен деп қаласыз. Түрi түркi тайпаларының күмiс саптаяқтары
тәрiздi ыдыстардың тұтқалары металдан құйылған сияқты шеңбер иiндi болып
келедi.
ІХ–ХІ ғасырлардың қыш қоленерiне тостағандар, табақтар, көзелер мен
шырағдандар жатады. Сылау сапасы, түс талғамы жағынан олар бiрнеше түрге
бөлiнедi. Олардың арасында неғұрлым кең тарағаны – ангобирленген ақ түстiң
үстiне қорғасын түстес жылтыр сылақ арқылы қызыл, қара, күрең бояу
түсірiлген керамикалар. Негізгі ою жолағы кең, ені 3 сантиметрге дейін
баратын жолақ көбіне бұйымның жоғары тұсына жүргізіледі. Жолақ бетіне араб
әрпiмен куфи тәсiлiнде көркем етiлiп, керамикалық курсивпен жазулар
жазылады. Ыдыстың қақ ортасына дөңгелекше мен таңба, не үтiр мен қайырым
суреті салынады.
ХІІ–ХІІІ ғасырлардың құйма керамикасына бөлме өрнек салу тән. Өрнек
бұйымның бетіне түгел салынады, олар тек қосу белгісі тәрiздi фигуралармен
секторларға бөлiнеді. Мұндай өрнек бір-біріне қабысқан үшбұрыш және
төртбұрыш композициясын құрайды.
ХІІ ғасырдың керамикасында негiзгi мотив ретiнде ақ түстiң үстiне
қара күрең немесе қызыл бояумен салынған розетка пайдаланылады. Розетка
саптаяқтың түбiнің ортасына немесе ыдыстың бүкiл iшкi қабырғасына түгелдей
салынады. Жасыл және қан күрең түстi жылтыр құйма балшықпен қапталған
керамика да осы кезеңде кең тараған.
Ерте моңғол дәуіріндегi керамика өрнектерiн киiз кiлемдердегі
аппликациялармен салыстыруға болады. Мұнда оюлардың ұқсастықтары да,
өзгешелiктерi де бар, бiрақ олардың бәрi де бiр нақышпен жасалған. Бұдан
дала мәдениетi дәстүрлерiнiң жаңа керамикалық нақыштарға жасаған ықпалын
көремiз.
ХІІІ–ХІV ғасырлар керамикасының ерекшелiгi өрнектердiң бұйымның
сыртына үздiксiз тұтастай салынуында. Соңғы ортағасырлық дәуiрде глазурьмен
қапталған бұйымдар едәуiр көбейе түстi. Шағын саптаяқ, кесе кiшкентай
көзелермен қатар қақпақ, леген, тегеш, табақ сияқты көлемдi ыдыстарға да
жылтыр жүргізіле бастады.
ХVI–ХVII ғасырлар керамикасында өсiмдiк өрнектерімен қатар арабескiлер
көбейе түстi. Көбіне, шебердiң өзiне таныс дүниелері бейнелендi, мысалы
бәрiне таныс “қошқар мүйiздер”. Бұл элемент түрік халықтарының ою-өрнегінде
ілкі замандардан танымал. Олар тоқыма бұйымдар мен кiлемдерде, өрнектi
ағашқа, металға ойып салуда кең қолданылады. “Бұрандалы розетка” тәсiлi де
бұрынғыша, тек неғұрлым күрделенген түрiнде кездеседi. XIV–XV ғасырларда
Отырар керамикасында ашық түстi ангобқа полихромды өнерктермен салынған
сары түстi құйма керамика ыдыстары көбейе түседi. Негiзiнен, екi түстi бояу
қолданылған – жасыл және күрең түс.
ХVI ғасырда Ясы-Түркiстан аса қарқынды дамыды. Ол астанаға айналып, ең
таңдаулы қолөнершiлердi, солардың қатарында қыш қолөнер кәсiбiмен
айналысушыларды да топтастырды. Түркiстанда жасалған жылтыратылған
ыдыстардың коллекциясы ең жоғары деңгейде болды.
ХVI–ХVIII ғасырлардың керамикасында түссiз немесе көгiлдiр бояу және
жылтыратылған қою жасыл түстер көп пайдаланылған. Қоңыр түске салынған
суреттер көбiне монохромды облып келеді. Олар ақ түске аса жарасымдылық
бередi. Ашық көк кобальтпен салынған өрнектер ерекше көз тартады.
Керамикалық бұйымдардың ерекше тобы аңдар мен құстардың бейнелерiн,
көбiне қой мен жылқыны мүсiндеген туындылар жиi кездеседi. Құстар мен
аңдардың керамикалық мүсiн-тұлғалары тек көркемдiк әшекей элементi ғана
емес, сонымен қатар жергiлiктi тұрғындардың сенiм-салтының символдары
ретінде қабылданды. Көне дiни сенiмдер уақыт өте, заман ауыса келе,
бiртiндеп ескiре бастайды. Соңғы орта ғасырлар дәуiрiнде бұрынғы наным-
сенiмдер өздерiнiң әуелгi сенiм құдiрiтiнен айрыла бастады. Бiрақ ол
құбылыстардың реминисценциялары санада сақталып қалды. Сырдария аймағындағы
жер өңдеушiлердiң арасында аспаннан түсетiн ақ қошқардың бар екендiгiне
жұрттың ХХ ғасырға дейiн сенiп келуi кездейсоқтық емес. Ал қала тұрғындары
сенiм-салттарын сақтап қалды. Қаңлының аспан қойына деген сенiмі ендi
Қошқар ата сияқты салт-дәстүрдiң көрiнiсiнде бейнелендi. Бұл салтты
қалалықтар мiндеттi түрде қала сыртына тiгiлген киiз үйдiң iшiнде атқарған.
Осының бәрi Қазақстанның қыш өнерiнде де көрiнiс тапқан.
Қазақстан жерiнде кезiгетiн бейнелеу өнерiнiң алғашқы нұсқалары
палеолит дәуiрiне жатады. Олар Қаратау мен Хантау тауларында тасқа қашалған
жан-жануарлар тұрпаты түрiнде кездеседi. Неолит және қола дәуiрiнде тасқа
бедерленген Баянауыл үңгiрiндегi (Павлодар обл.), Таңбалы аңғарындағы
(Алматы обл.) бейнелер (бұғы, арыстан, садақты аңшы, арбаға жегiлген бұқа,
сиыр, т.б.) мен Балқаш к-нiң солт. жағасындағы жақпар тастардағы суреттер
(келiншектiң қасындағы екi ер кiсiнiң жекпе-жек қылыштасуы, т.б.) қазақ
жерiн мекендеген тайпалардың негiзгi кәсiбiн, әдет-ғұрпын баяндайды.
Көптеген шекiме суреттердiң сюжетi жыртқыш аңдардың аша тұяқтыларға
шабуылына, дiни нанымға құрылған. Суреттер нобайына iшiнара қына түстi бояу
жағылған. Андрон мәдениетi мұрасына саналатын геом. өрнектi қыш ыдыстар,
қалыптау арқылы жасалған бұйымдар, күн шапағы бейнеленген қола құрал-
жабдықтар Орт., Солт. және Бат. Қазақстан аумағында жүргiзiлген қазба
жұмыстары кезiнде ашылды. “Таңбалы тастағы” (Алматы обл.) б.з.б. 2 ғ-дағы
тасқа бедерленген Будда бейнелерi (көп қолды Чон-Рай-Сик, Мун-Сақ Будда,
Манла Будда) шекiме суреттердiң озық үлгiлерiнiң бiрiнен саналады. Осы
жартастарда 16 — 17 ғ-ларда салынған суреттер де бар. Дiни нанымдағы
суреттер Алтай мен Тарбағатай аймағында да ұшырасады. Қола мәдениетiнiң
соңғы кезеңiне саналатын Беғазы-Дәндiбай мәдениетi тұсында (б.з.б. 9 — 8 ғ-
лар) көне өнер түрлерi жаңа үлгiлермен толыға түскен. Б.з.б. 7 ғ-да
көшпелiлер одағының нығайып, әлеум. құрылысы мен шаруашылықтың дамуына
байланысты б.з.б. 4 ғ-да байырғы сақ, ғұн, үйсiн өнерi гүлдендi. Қол өнерi
мен сән өнерiнiң ағаш ұқсату, зергерлiк өнерi, кесте және кiлем тоқу
салалары дамыды. Ертiс, Шiдертi, Өлеңтi, Сiлетi, Есiк, Түрген, Iле өзендерi
және Орт. Қазақстан мен Сыр бойындағы, Баянауыл, Сауыр тауларының
етегiндегi обалар мен қорымдардан табылған көне заман бұйымдары, жиһаздық
заттар көшпелi тайпалар өнерiнiң даму кезеңiн көрсетедi. Скифтердiң аңдарды
бейнелеу нақышы Қара т. үстiртiне қарағанда қазақ жерiнде бұрын дамығанын
дәлелдейдi. 1970 ж. Алматы обл. Есiк қ. маңынан табылған алтын бұйымдар
(“Алтын адам”, бұғы, арқар, жолбарыс, жылқы, барыс бейнелерi) да — б.з.б. 6
— 5 ғ-ларда қазақ жерiн мекендеген тайпалардың өнер үлгiлерi.
Археологиялық  қазбалар мен   жазба ескерткіштерге  арқа сүйесек,
Қазақстан  аймағын  мекендеген   тайпалар   жүздеген жылдар  бойы металл,
тас,  сүйек, саз балшық,  ағаш, жүн, тағы басқа  да  шикізаттарды 
шаруашылық  кәсіптері мен  күнделікті  тұрмыс қажетіне   жарап,  қол
өнердің  өз ұлтына   тән ерекше  көркем түрлерін  қалыптастырған. Қазақстан
жеріндегі қолөнердің  көне  заманнан  келе жатқанына  нақты айғақтар: 
Павлодар өңіріндегі  Досыбай  жартасынан  табылған бейнелер,  Өскемендегі 
жазбалар мен  Ұлытау жартасындағы  суреттер, Кригельді  өзені аңғарынан
табылған  керамикалық қазындылар. Қазақ халқының  қолөнері  ерте кезден ақ 
әлемдік мәдениеттің  көрнекті қайраткерлерін  қызықтырған.  Геродот тіпті 
былай деп жазып қалдырған: Олардың барлық заты алтын  мен мыстан 
жасалған. Жайдың  металдан  істелген бөлшектері, оғы,  айбалталары мыстан
істелген. Бас киімдері  мен  белдік әшекейлері  түгелдей алтыннан жасалған.
Сондай - ақ,  ат омырауындағы  өмілдіріктер де мыстан  соғылып,   жүген
сулығы,  ауыздығы  тағы  да басқа  бөліктері   түгелдей алтынмен 
әшекейлендіріліп,  безендірілген. Геродот  пен  бірге Ктесий,  Страбон да
қазақ  топырағын мекендеген  сақтар  мен  массағаттардың  барлық заттардың 
әшекейленіп,   киімдердің өзіне тән   үлгісі барын айтады. Қазақ халқының 
қолөнері туралы  Ресей ғалымдары да  сүйсіне әңгімелейді. Мысалы 
М.А.Леваневский: қазақтың қандай  кәсіпке болмасын,  табиғаттан
қабілеттігіне сүйсінесің,  қарапайым құралдармен тамаша  ер қапталдарын
жасап,  алтын, күмістен әсем  бұйымдар шығаратындығына  таңданбасқа
болмайды. Қазақтың тіккен аяқ киімдері  өте берік, киюге  ыңғайлы - деп 
жазады. Ал енді қазақтың ұлттық қолөнерінің  таңғажайып туындысы – киіз үй
орта  ғасыр саяхатшылары  Марко  Полоны (1230), Плано  Карпиниді (1246),
Клавихоны (1403),  Барбораны (1436),  қатты таң қалдырып,  олардың тарихи
жазбаларынан  орын алғаны – біз үшін  үлкен мақтаныш.

2.1. Қыш құмырасының композициялық шешімі
XV-XVII ғасырлардан бізге дейінгі жеткен, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үйірме жұмыстарына гипстен музыкалық аспаптар жасау әдістемесі. «Саз сырнай»
Үйірме жұмыстарына гипстен музыкалық аспаптар жасау әдістемесі
Сақтардың бейнелеу өнері
Сәндік қолданбалы өнердің түрлері
Орталық Қазақстанның қола дәуірінің ескерткіштері
Болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау
Қазақстандағы қола дәуірінің археологиялық ерекшеліктері
VІ-ХІІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЛАЛАР МЕН ҚОНЫСТАР. ХIV-ХVІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАРДЫҢ ӨСУІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІНІҢ ДАМУЫ
Қыш - құмыра кәсіпшілігі
Дәуірдің ерекшеліктері
Пәндер