Электрофильтрлерге ауа



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 НЕГІЗГІ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 4

1.1 Конвертерлеудің бірінші
кезеңі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4

1.1.1 Конвертердi
дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .. 4

1.2 Конвертерлеудiң екiншi
кезеңi ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..5

1.3 Үрдiс технологиясының
ерекшелiктерi ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .. .6

1.4 Газ тазартылуының технологиялық үрдiсiнiң
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... .6

1.5 Газдарды бүйiрiнен әкетiлетiн конвертер жұмысының eрекшелiктерi ... ..7

1.6 Ауамен қамтамасыздандыру сүлбесiнiң
әсерi ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 7

1.7 Сиретудiң
әсерi ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..8

1.8 Газ құбырларын басқару және
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

1.9 Конвертердiң газ құбырларының
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

2.1 Конвертердiң газ әкететiн құбырлары – автоматты реттеу объектiсi
ретiнде
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

2.2 Қалдық газдарды алу және газдың пайда болу үрдiсiнiң математикалық
моделi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

КІРІСПЕ
Конвертерлеу үрдісі конвертерде балқытылған штейн арқылы кварцтың
қатысуымен сығылған ауаның үрленуі болып табылады. Конвертерде
конвертерлеудің екінші периодындағы шлактар қайта өңдіріледі: мыс, темір,
қорғасын және т.б. тотықтары, қорғасын өндірісінің мысы, суық шөгiндiлерi.
Флюс ретінде құрамындағы кремнеземы 75 %-дан төмен емес кварцты кені
қолданылады. Конвертерде өтетін реакциялардың мінездеріне қарап
конвертерлеу үрдісін бірінші және екінші кезеңге бөледі.

1.1 Конвертерлеудің бірінші кезеңі

800-900 °С-ға дейін қыздырылған конвертерге 10-15 тонна конвертерлi
шлак құйылады да, қорғаныш гарниссажын құруға және футеровканың қалану
бекiнiсi үшiн 10-15 минут iшiнде ауамен шлакты ваннасын үрлеу жүргiзiледi.

1.1.1 Конвертердi дайындау

Жұмысқа дайын ожаулы конвертерге көпiрлi шүмекпен мыстың алдыңғы
қорытуынан шыққан екiншi кезеңдi шлак құйылады. Құйылған шлакқа 5-7 тонна
кварцты флюс және 3-5 тонна суық шөгiдiлерi салынады. Бұдан кейiн
конвертердi бiрнеше рет бұрып, конвертердегi қоспа отырғанша үрлеу астына
қояды. Қоюланған қоспаға кiшi ағынмен 1-2 ожау штейн құйылады да айналым
басталады. Қоспаның апатты атылуынан аман болу үшiн екiншi кезеңдi сұйық
шлакқа немесе шлак қабығына штейн құйюға тыйым салынады.
Конвертерлеудiң бiрiншi кезеңi үрлеудiң берiлуi мен ақшыл күнгiрт
(жартылай күкiрттi мыс) алынғанға дейiн штейннiң үрленуiнен басталады. Осы
кезеңде өтетiн негiзгi химиялық реакциялар:

2FeS+3O2+SiO2=2FeO*SiO2+2SO2
Cu2S+1.5O2=Cu2O+SO2
Cu2O+FeS=Cu2S+FeO
Кварцты кеннiң конвертерге шлактауға берiлуi есеппен бiр тонна штейнге
150-170 кг үрлеу астында жүргiзiледi. Үрлеу берiлуi 250 м3мин болғанда
штейннiң бiрiншi бөлiгiнiң (2 ожау) үрленуi 100-120 минут құрайды. Бiрiншi
үрлену аяқталғаннан кейiн конвертердi жұмыссыз қалыпқа келтiредi, автоматты
ысырма арқылы үрлеу өшiрiледi және конвертерден газдардың сұрыпталуы
тоқтатылады.
Конвертерлi шлакты ожауға төгiп, бөлiп құйылуға жiберiледi. Шлак
төгiсiнен кейiн бiр ожау штейн құйылады, конвертерден газдың сорылуы
қосылады, үрлеу берiледi де конвертердi жұмыс қалпына қояды. Кварцтың
қажеттi мөлшерi (бiр ожауға 3 т) үрлеу астында жүктелiнедi. Шлактың
алынуынан кейiн конвертердi жұмыс қалпынан шығарып шлактың құйылу
операциялары мен штейннiң жаңа бөлiгiнiң жүктелуi қайталанады.
Конвертерлеудiң бiр операциясында 4-6 ожау штейн жұмыс iстеп өтелiнедi.
Штейннiң келесi ожауының үрленуi 40-60 минут. Үрлену мен ақшыл күнгiрт
алынғаннан кейiн конвертерлеудiң екiншi кезеңi басталады. Нашар ақшыл
күнгiрт алынған жағдайда (мыстың аз мөлшерi) кварц берiлуiмен және штейн
қоспай бос үрлену жүргiзiледi. Конвертерлеудiң бiрiншi кезеңi құрамындағы
мыстың мөлшерi 70-75% болатын ақшыл күнгiрттiң алынуымен аяқталады.

1.2 Конвертерлеудiң екiншi кезеңi

Екiншi кезеңнiң негiзгi химиялық реакциялары келесi теңдеулермен
сипатталады:
Cu2S+1.5O2=Cu2O+SO2
Cu2S+2Cu2O=6Cu+SO2
Конвертерлеудiң екiншi кезеңiнде конвертерге қорғасын өндiрiсiндегi
таза емес мысты, скрап, мысты шикiзат және басқа көмекшi материалдарды
салады. Мiндеттi шарты мыстың 6 ожау штейнде қайнатылу кезiнде конвертерлеу
операциясының ұзақтылығы 8-10 сағат болып табылады, және де бiрiншi кезең 6
сағат құрайды. Конвертерлеудiң жалпы ұзақтылығы 9-12 сағат құрайды.
Фурмаларды тазалау конвертерлеудiң бiрiншi және екiншi кезеңiнде де
фурмалық ломмен жүргiзiледi. Мыс қайнау үрдiсiнiң аяқталуы бетiне мыс
қабығы суып қалатын болат ломмен фурма арқылы таңдалған мыстың сынамасын
бағалауымен орнатылатылады. Ломды суда суытып мыстың сұры арқылы мыстың
алдын ала дайындығын анықтайды.
Мыстың соңғы дайындығы экспресс-анализбен алғаш мыстың сынамасындағы
мышьяк пен сүрменiң мөлшерiнен анықталады. Осы компоненттермен
қанағаттандыратын анализ алынса, таза емес мыс конвертерден алдын ала
бiрiншi кезеңдi конвертерлi шлакпен шлакталған көлемi 5 м3 ожауға құйылады.
Ожау мыс құйылатын алаңға тасымалданып изложницаларға құйылады.

1.3 Үрдiс технологиясының ерекшелiктерi

Конвертер – мезгiл-мезгiл әрекеттi агрегат. Айналым штейннiң теруiмен
басталып алғаш мыс алынуымен аяқталады. Штейндегi мыстың құрамы 25-60%.
Үрдiс 1300-1500°С температурасында отын шығынысыз автогендi өтедi. Жылу
алмасуының негiзгi түрi – конвективтi. Конвертерлеу айналымы 4 тен 16-18
сағатқа дейiн созылады және штейндегi мыстың құрамынан тәуелдi.
Конвертердiң суық және ыстық жүрiсi болуы мүмкiн.

1.4 Газ тазартылуының технологиялық үрдiсiнiң сипаттамасы

Қорыту цехында газдары жағынан бұрылып кететiн төрт конвертер
орнатылған. Үрлеу көлемiне байланысты әр конвертерден шығатын газдар көлемi
30-38 мың нм3сағ. Конвертерлерден шыққан газдар алғаш тұрақты камера
арқылы утилизатор қазанына келiп түседi. Онда температура 400(С дейiн
төмендеп, 20( шаңы ұсталынады. Одан әрi газдар екi элементтен тұратын,
диаметрi 1,5 метр УН-24 топты құйындатқыштарға келiп түседi. Жоба бойынша
құйындатқыштардың ПӘК-i 60 %, гидравликалық кедергiсi су бағ. бойынша 70-
100 мм. Тартылу-үрлеу құрылғылар ретiнде өнiмдiлiгi 68000 м3сағ, толық
арыны су бағ. бойынша 210 мм, құйындатқыштардан кейiн орнатылған ДН-17НЖ
түтiнсорғыштары қолданылады. Құйындатқыштардан газдар диаметрi 1,8 м
жинақтама газарнаға жiберiледi. Одан диаметрi 0,9 м газарна арқылы ХГТ1-2-
40 электрофильтрлер бөлiмiне жiберiледi. Барлық үш фильтр бiр уақытта жұмыс
iстеп тұруы керек. Газдардың электрофильтрлерге берiлуiнiң алдында, олардың
корпустары ауа көмегiмен 200(С дейiн қыздырылады. Электрофильтрлерге ауа
ВВД-9У жоғары қысым вентиляторымен берiледi. Электрофильтрлерден газдар,
өнiмдiлiгi 70-105 мың м3сағ, ДН-19НЖ екi түтiнсорғышымен күкiрт қышқылды
цехтың шаю бөлiмiне берiледi. Электрофильтрлердiң белсеңдi қималарындағы
газдардың жылдамдығы 0,22-0,33 мс. Кiрiстегi шаңдануы 2,22 гнм3 ,
температурасы 330-350(С.

1.5 Газдары бүйiрiнен әкетiлетiн конвертер жұмысының ерекшелiктерi

Конвертердiң жұмысқа бейiмдiлiгi едәуiр шамамен ауа беру сүлбесi мен
газдарды жинау жүйесiн таңдауынан тәуелдi. Жалпы қабылданған инженерлiк
шешiмдер газдары бүйiрiнен әкетiлетiн конвертер үшiн қолданыла алмайды.
Жұмыстың практикалық нәтижелерi конвертердiң тазалауға тоқтатылмай жұмыс
iстеу ұзақтылығы тартылу –үрлеу режимiнiң берiлген параметрлерiн
сақтауынан және жылу балансын ұстауынан тәуелдi екенiн көрсетедi. Мысалы,
газдары бүйiрiнен әкетiлетiн типтi конвертерге үрлеу жеделдетуiн қолдануы
мүмкiн емес, ал оның белгiлi шамадан артуы балқытылған бөлшектердiң едәуiр
әкетiлуiне және газ құбырында шоғырма түрiнде шөгуiне әкеп соғады.
Шоғырманың өсуi бiртiндеп газдарды сору жүйесiн iстен шығарады, ал
стационарлы камерада сиретудiң көтерiлуiнiң қажеттiлiгi SO2 концентрациясын
төмендетедi, бұл “царга-камера” жапсарының тығыздатқыш құрылғысы арқылы ауа
соруының жоғарлауынан болады.

1.6 Ауамен қамтамасыздандыру сүлбесiнiң әсерi

Жалпы ауа берiлетiн коллектордан газдары бүйiрiнен әкетiлетiн
конвертердiң жұмысы күрделенетiнi және нашарланатыны анықталған. Ең тиiмсiз
вариант бiр қуатты ұлғайтқыштан екi конвертердi ауамен қамтамасыздандыру
сүлбесi болып табылады, себебi бiр конвертердi үрлеуден шығарғанда екiншi
конвертердегi үрлеу шығыны жылдам жоғарлайды. Бұл балқыманың шашырауына
және оның бұрылмалы газарнаға лақтырылуына әкеп соғады. Бұдан басқаруда ең
қолайлы және үрлеудiң берiлген шығынын демейтiн бөлiмiнде сенiмдi болып
жеке ұлғайтқыштан ауамен қамтамасыздандыру сүлбесi табылады. Ең қолайсыз
үрлеу шығыны 13-15 мың нм3сағ болып тағайындалған.

1.7 Сиретудiң әсерi

Газдары бүйiрiнен әкетiлетiн конвертер үшiн айналым саны реттелiнетiн
эксгаустерлердi орнатылуы ескерiлген, ол конвертердегi сиретудi бiрқалыпты
реттеуiн iске асырады және практикада ағызу қылтасы арқылы суық ауаны артық
сору мен газдарды цехқа шығаруына әкеп соқпады. Суық ауаның сорылуы
бұрылмалы газарна зонасы мен конвертердiң iшiнде шоғырманың пайда болуына
әкеп соғады. Айналым саны реттелiнетiн эксгаустердiң болмауы конвертердiң
технологиялық тұрысы кезiнде одан тартылудың сенiмдi қимасының бар болуына
рұқсат бермейдi, өйткенi жай түтiнсорғыштарда бағыттаушы аппарат толық
жабылу кезiнде керектi герметизациясымен қамтамасыз етпейдi.
Дроссельдi тосқауылдың толық жабылу кезiнде жұмыс iстейтiн эксгаустер
конвертерде жеткiлiктi жоғары сиретудi жасалуын практикада көрсетiлген.
Газдардағы күкiрттi ангидридiнiң жоғары болуын қамтамасыз етудiң қажеттi
шарты су бағ. бойынша 0(0,05 мм шегiндегi сиретудiң тиiмдi реттеу жүйесiн
қолдану болып табылады. Мұндай сиретуде ауаның сорылуы үрленуден (10(
болады. Үрлеу мен сиретудiң шығынын қолмен реттеу қажеттi дағдыларды талап
етедi және толығымен күтушi персоналдан тәуелдi.
Қазiргi кезде “үрлеу-сирету” параметрлерiн автоматты тұрақтандыру
мен қолдау жүйесi қолданылады. Бұл жүйе қос реттеудi қарастырады.
Алғашқысы – берiлген үрлеу шығынын қолдау.
Екiншiсi – үрлеуден тәуелдi конвертердiң iшiндегi сиретудi реттеу. Ол
үрлеу шығыны азайған жағдайда ескерiледi.
Үрлеудiң берiлген шектен төмен болуы конвертердегi сиретудiң
жоғарлауына әкеп соғады және қылтасынан ауа сорылады. Бұрылмалы газарна
зонасында орналасқан сирету датчигiнен импульс бойынша бұл ауа соруын жою
үшiн эксгаустердiң айналым саны керектi шекке дейiн төмендеп конвертердегi
сирету автоматты теңгерiледi, ал ауа сорылуы минимумға дейiн барады.

1.8 Газ құбырларын басқару және бақылау

Газ құбырларын манометрлiк және температуралық режимдерiн реттеу үшiн
әр түтiнсорғыштың сорғышында бағыттаушы аппарат және суық ауаның отырыңқы
клапаны, ал үдеме газоходтарда – қоңыраулы затвор орналасқан. Қоңыраулы
затвор конвертердiң бұрылмалы механизмiмен теңгерiлген және керек кезде
қоңырауларды реттеу конвертерщиктiң пультынан дистанционды реттеуге
келтiрiледi. Конвертерге үрлеу берiлген кезде жұмыс iстеп тұрған
түтiнсорғышта автоматты қоңырау ашылып, реттеуде бағыттаушы аппарат
қосылады. Түтiнсорғыш артындағы температура (450(С дейiн көтерiлген кезде
автоматты түрде ауаның суық отырыңқының клапаны қосылады. Конвертердi үрлеу
астынан шығару үшiн алдын-ала долағыш тосқауыл көтерiлуi керек.

1.9 Конвертердiң газ құбырларының сипаттамасы

Конвертер комплексi газдары бүйiрiнен әкетiлетiн конвертерден, П –
тәрiздес газарнадан, арадағы газарнадан, стационарлы камераның цилиндрлiк
царгасынан, утилизатор қазанынан, құйындатқыштардан, түтiнсорғыштардан,
газарналардан құрылған.

Утилизатор қазаны:

Парды өндiрумен конвертерлi газдарды суытуға және технологиялық
шығаруын дөрекi фракциялардан жарым-жартылай тазартуға арналған. Оның
келесiдей параметрлерi бар:
1. Кiрiсiндегi газдардың мөлшерi – 25000-30000 нм3сағ
2. Кiрiсiндегi газдардың температурасы – 1200-1500 (С
3. Шығысындағы газдардың температурасы – 380 (С
4. Қазан құбырымен газдардың жылдамдығы – 0,8 мс
5. Өнiмдiлiгi – 10 тсағ
Утилизатор қазаны бiржүрiстi, нығайтылған радиациялық бөлiгiмен
келген. Тұндыру камерасы 30-40( шаңды тұндыруға рұқсат етедi. Конвертердiң
циклдiк жұмысына байланысты жылу режимiнiң бiркелкi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конверттердің газ құбырлар желісін автоматтандыру
Қорғасын шоғырының агломерациялық күйдіру цехы
Алматы қаласының табиғи – экологиялық жағдайы. Зерттеу нысандары мен әдістері
Ауа баптау
Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі ауа температурасының жылдық амплитудасы
Желдету және ауа баптау жүйелері
Ауа температурасының метеорологиялық жағдайы
Атмосфераның температуралық режимі
Желдеткіш құрылғылары
Ылғалды ауаны сипаттайтын параметрлер
Пәндер