Лексиканы оқытудың міндеттері
ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Лексиканы оқытудың міндеттері ... ... ... ... ... ... ...6
1. Лексиканы оқытудың принциптері ... ... ... ... ... ... ... ...13
2. Лексика бойынша жүргізілетін жаттығу жұмыстары мен
талдау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ...23
КІРІСПЕ
Қазақ тілінің қоғамдық рөлінің артуымен жарыса өрби дамыған саласы –
лексика, оның дамуын зерттеу тіліміздің дамуының әлеуметтік сырын және өз
ішкі заңдылықтарын тануға көп септігін тигізеді. Егер дұрыстап қарайтын
болсақ, тілде пайда болған сөздердің көбі оның ішкі құрылысының дамуынан
тумайды, жаңа ұғымдар, оны тіркеуші сөздер қоғамдық дамудың барысында пайда
болады. Осының негізінде тіл оларға дыбыстық түр беріп, лексика мен
фонетика байланысы, одан морфологиялық, синтаксистік т.б. формалар
байланыстары өрбіп қалыптаса бастайды. Осы жерден лексика белгілі бір
тілдегі сөздердің жиынтығы, оның сөздік қоры деген анықтама шығаруға
болады. Өмірдегі қандай да бір құбылыстардың, әлеуметтік жағдайлардың,
кәсіп пен шаруашылықтардың сан салаларына, мал атауларына байланысты
лексика, тарихи лексика болып бөлінеді. Көнерген лексикалар тобы тіл
байлығын арттыра түседі. Қоғам өмірімен болып жатқан жаңа үрдістермен
байланысты мыңдаған жаңа сөздер пайда болады.
Практикада тілдің неғұрлым жиі қолданылуы тілдің стильдік тармақтарының
саралана түсуіне, оның жеке салаларының толық жаңа сипат алуына,
коммуникативтік қызметінің өркендеп, эстетикалық қызметінің әсерлі, әрлі
бола түсуіне әсер етеді.
Республикамыздың көптеген мектептерінде жүргізілген эксперимент,
бақылау жұмыстарының нәтижесінде оқулықтар мен бағдарламалардағы
материалдарды былайша беру орынды екені дәлелденді. 5-7-сыныптарда фонетика
мен лексикадан, морфология мен жай сөйлем синтаксисінен терең білім, берік
дағды беру жағы қарастырылды. Ал 8-сыныпта құрмалас сөйлем синтаксисі мен
төл сөзді оқыту ұсынылды. 9-сыныпта тілдің тарихы, практикалық
стилистикадан, орфография мен орфоэпиядан мәлімет беру мақсатындағы
материалдар берілген. 10-сыныпта оқушылардың төменгі сыныптарда алған
білімдерін қорыту, жинақтау және қайталау мақсаты алға қойылып, теориялық
білімдері бір ізге келтіріліп, жоғары сынып оқушыларының жас ерекшелігі мен
қабілетіне қарай тың деректер беру көзделді.
Осы саланы зерттеуде профессор Қ.Жұбановтың, академик І.Кеңесбаевтің,
Ғ.Мұсабаевтың, Ә.Болғанбаевтың, Ғ.Қалиұлының көптеген зерттеу жұмыстары
нәтижелі болды. Бұл қазақ тілі лексикасының біршама жетілген сала екендігін
көрсетеді. Дегенмен лексика мен лексикология терминдерінің синонимдік
қолданылуы лексикалық зерттеу объектілерін жүйелі қарастыруда біршама
қиындық туғызады. Ғалымдардың пікірінше, лексика терминін лингвистиканың
негізгі салаларының бірі деп танып, оның ғылыми объектілерін содан шығатын
жүйе деп білу методикалық тұрғыдан тиімді болар еді. Ал лексиканы оқыту
әдістемесі аз зерттелген сала. Алайда осы саланы зерттеуде орыс ғалымдары
А.А.Текучевтің және М.Т.Барановтың зерттеулерінен методикалық бағыт алуға
болады. Қазақ ғалымдарынан 1965 жылдан бастап қазақ тілін оқыту
методикасына үлес қосқан Б.Кәтенбаеваның “Сөз құрамын” оқыту (1968),
А.Айғабыловтың “Лексиканы оқытудың кейбір мәселелері” сияқты еңбектерін
атауға болады.
1962 жылы жасалған жаңа бағдарламадағы өзгешеліктер, негізінен, мынадай
бағытты көздеді: біріншіден, бағдарламаға “Лексика” бөлімі енгізілді. Бұның
енгізілу себебі мектепте жүйелі түрде сөздікпен жұмыс істеу болмайтын,
оқушыларға негізгі лексикалық түсініктер берілмейтін. Тек мағыналық ұғымдар
(сөз мағынасы, омоним, антоним, синоним) ғана өтілетін. Сондықтан
бағдарламада лексикаға арнайы орын берілді. Екіншіден, сөздің жасалуы
бағдарламаға да, оқулыққа да енгізілмеген еді. Бұл материал тек “Сөз
құрамы” деген атпен жол-жөнекей ғана өтілетін. Демек, оқушының тілін
дамытуда болсын, логикалық ой-өрісін жетілдіруде болсын сөз тудыру, оның
жасалуы жөнінен мәлімет берудің қажеттілігі ескерілді. Әсіресе, сөз тудыру
мәселесі лексика, грамматика, орфография тарауларын оқытуда негізгі
мәселелердің бірі деп саналып, бағдарламаға “Сөздің жасалу жолы” тақырыбы
қосылды.
Осындай жұмыстардың нәтижесінде лексика тарауын оқытудың міндеттері мен
мақсаттары анықталып, берілетін дидактикалық жаттығулардың тақырыптары мен
көлемі белгіленді. Бұл лексиканы оқытудың білімдік, танымдық маңызы тіл
білімі туралы ұғымды терең меңгертумен қатар, тілдің ең кіші бөлшегі –
сөздің фонетикамен, мофологиямен, синтаксис және стилистикамен байланысын
түсіне білуге, яғни бүкіл тілдік жүйені меңгерту аса маңызды екенін
көрсетеді. Алайда, ана тілінде сөйлей білген адамның барлығы да сол тілдің
заңдылықтарын, қыр-сырын, сыр-сипатын толық біле береді деуге болмайды.
Сондықтан лексиканы оқытудың практикалық маңызы зор.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Лексиканы оқытудың міндеттері
Лексика – тілімізде сөз байлығын тексеретін ғылым саласы. Қазақ тілін
оқытумен байланысты, атап айтқанда, фонетика, морфология, синтаксисті оқыту
сөзден тыс қарастырылмайды. Тіліміздегі сөздер тіл дыбыстары арқылы,
морфология сөздердің лексикалық, грамматикалық мағынасына қарай, ал
синтаксис сөздердің мағыналық әрі грамматикалық байланысына қарай
қарастырылады. Демек, сөздің тілдік материалдарды меңгертудегі орны ерекше.
Сөздер тілімізде түрлі ұғымдармен қатар, грамматикалық мағынаны да,
көңіл-күй, сезімді де білдіреді. Мысалы, сөз затты (парта, қалам, қағаз),
оның белгілерін (қатты, үлкен, жақсы), санын (бір, екі, жеті), қимылын
(оқы, жаз, көр) білдіріп, белгілі бір ұғым атауы ретінде қолданылса, енді
бірде сөздердің, сөйлемдердің өзара мағыналық байланысын аңғартып (үйге
дейін, жер мен көктей, сондықтан жұмысты тез аяқтау керек), тек
грамматикалық мағынаға ғана ие болады. Тағы бір топ сөздер тек көңіл-күйді
(қап, әттеген-ай, бәкелді), шақыруды (құрау-құрау, көс-көс) білдіреді.
Олай болса, тіліміздегі сөздердің қызметі әр түрлі болады деген сөз.
Сондықтан оларды атау сөздер (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік,
етістік, үстеу, еліктеуіш), көмекші сөздер (шылаулар) және одағай сөздер
деп үш топқа бөлеміз. Ал осы үшеуінің ішінде атау сөздер белгілі зат,
құбылыс, сапа, сан, қимыл сияқты нақтылы ұғымдарды аңғартып, лексикалық
мағынаға ие болатындығымен соңғы топтардан ерекшеленеді.
Мектепте лексика тарауын оқытудың лингвистикалық негізі де осылайша
атау сөздердің лексикалық мағынасының болатынына қарай белгіленеді. Анықтап
айтсақ, лексиканы оқытқанда тек лексикалық мағынасы бар (атау сөздер)
сөздер ғана қарастырылады. Ал тек грамматикалық мағынаға ие көмекші сөздер,
одағай сөздер грамматика аясында ғана оқытылады.
Мұғалім лексикалық мағынасы бар сөздердің де грамматикалық мағынасын
естен шығармауға тиіс, алайда лексикалық мағына негізгі белгі ретінде
алынады. Егер лингвистикалық негізін ажыратып алмай, оны тіліміздегі жалпы
сөздердің жиынтығы деп түсіндірсек, сабақ мақсатына жетпей, лексикалық
талдау кезінде, жаттығу үстінде оқушылар шатасады.
Сабақ, негізінде, оқулықтарды басшылыққа алып түсіндіріледі. Дегенмен,
мұғалімнің тек оқулық материалын білуі жеткіліксіз. Демек, оқушы лексикалық
мағынадан грамматикалық мағынаны жақсы ажыратуы тиіс. Мысалы, лексикалық
мағынасы бар сөздердің өзі түрлі қосымшалар жалғануы арқылы дыбысталу
тұлғасы өзгеріп отырады. Мысалы, адам, адамдар, адамдарымыздың, адамдық,
адамсу, т.б. Ал олар сол қосымша арқылы грамматикалық өзгеріске түседі.
Өйткені атау сөздердің ішінде туынды түбір сөздер жиі кездесіп отырады.
Оларды лексикалық мағынасы сақталып, түрлі формаға енген сөздерден
(адамдар, адамдарымыз) ажыратып алмай, лексикалық-лингвистикалық негізін
толық түсіну қиын болады. Сондықтан оқушыларға лексикалық мағына дегенді
әртүрлі мысалдармен саналы түсіндіру арқылы ғана, оны грамматикалық
мағынадан ажыратуға болады. Мысалы, дейін, шейін, сияқты, туралы, т.б.
шылаулар мен кітап, қар, аяз, жел, жаңбыр сияқты сөздерді салыстырып,
оқушылардың өзіне түсіндір десек, тек екінші қатардағы (кітап, қар, аяз,
жел, жаңбыр) сөздердің ғана лексикалық мағынасын түсінеді де, алғашқы
топтағы шылаулардың лексикалық мағынаға да ие болмайтындығын көреді.
Сондай-ақ лексикалық мағынасы бар сөздердің өзін бір ғана мағынасымен
шектеу қиын. Өйткені тіліміздегі сөздердің әрқайсысы алуан түрлі мағынаны
білдіреді. Олар – белгілі бір ұғымды аңғарта отырып, айтушының (не
жазушының) көзқарасын, ойын, көңіл-күйін де байқатуы мүмкін. Мысалы, жуас,
момақан, көнбіс десек, осы үш сөздің де лексикалық мағынасы бір, жақын
болғанымен, қолданушының жақсы не жек көріп, әлде сүйсініп айтуына қарай
әрқайсысы таңдалып қолданылады. Сондықтан сөз мағынасын ашып жете түсіну
оқушылардың лексикалық ұғымын дамытып, сол алған білімін сөйлеу тілінде,
жазба жұмыстарында еркін қолданып, стильдік дағды алуға бірте-бірте бағыт
береді. Оқушыларға сөз және оның мағынасы туралы түсінік бергенде,
сөздердің әртүрлі мағынасы контексте, сөйлемде ғана белгілі болатын жеке
тұрғандағы көп мағыналылықтан аңғарыла бермейтінін ескеріп, жаттығу
жұмыстарын контекстегі мағынасымен байланыстыра жүргізу пайдалы. Мысалы,
ақиық сөзін оқушы бүркіт тұқымдас құс мағынасында контекссіз түсінсе де,
“шаршамайтын, шалдықпайтын адам” деген ауыспалы мағынаның мәнін ұға
бермейді. Көл сөзінің теңізден кіші суды айтатынын білгенімен, “көп, мол”
деген мағына тек контекст ішінде ғана ашылады. Ал бұл оқушылардың тура және
ауыспалы мағыналы сөздерді түсінуіне байланысты болады.
Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, оның ішінде ауыспалы мағыналы
сөздерді түсіндіру қиындық келтіреді. Сондықтан ауыспалы мағыналы сөздерді
түсіне, айыра білетіндей дағдылары болуға тиіс. Мұғалім оны мысалдар арқылы
жан-жақты түсіндіре отырып, сөздің бастапқы мағынасын тура мағынасы деп, ал
қолданылуына қарай кейін пайда болған мағынасын туынды немесе ауыспалы
мағынасы деп айтатынын ұқтырады. Ондай дағдыны мынадай жұмыстардан бастаған
жөн, әуелі сөздің тура және ауыспалы мағынада қолданылуын түсіндірме
сөздіктен көрсетіп, оның берілу тәртібімен таныстыру қажет, ауыспалы
мағыналы сөздерді тура мағыналы сөздермен салыстыру орынды. Мысалы, мұғалім
оқушылардың өздеріне таныс “әл” деген сөзді алып, оған былайша талдай
жасатуына болады. Әл – зат есім.
1. Күш, қуат, шама. Балқияның тоқтамасқа әлі жоқ, әлі жоқ болса да,
тоқтайтын түрі жоқ (Ә.Әбішев). 2. Хал-ахуал, тұрмыс, жағдай. Мектептердің
шығындары тәртіппен, әр елге, әр шаруашылығы бар үйге әліне қарай бөлініп
салынып, ол салық уақытысынан қалмай жиналсын (С.Сейфуллин). Оқушылар бұл
үзіндідегі “әл” сөзінің бірінші мағынасы – тура да, екінші мағынасы екенін
аңғарып, сөздің ауыспалы мағынасы тура мағынасының негізінде пайда
болатынын, бірте-бірте жаңа сөз жасалатынын түсінеді.
Сондай-ақ сөз кейде екі не одан көп сөздердің тіркесуі арқылы басқа
мағына беретн кезі де болады. Мұндай тіркестер айтушы немесе жазған кісінің
құрастыруымен емес, дайын, бұрыннан тіркесіп қалыптасқан күйінде жеке сөз
орнына пайдаланылады. Мысалы, ашық ауыз (аңқау), төбе шашы тік тұрды
(үрейленді) сияқты тіркестер жеке бір ғана сөз мағынасын береді. Бұлар –
тұрақты сөз тіркестері.
Тұрақты сөз тіркестерін оқушыға түсіндірудің біршама қиындығы бар.
Басқа тақырыптарға қарағанда, әлдеқайда күрделі. Тұрақты сөз тіркестерін
сөзден, еркін тіркестен ажырата білу, орнын, қолданылу мақсатын айыру үшін
әр түрлі әдістер қолдану қажет болады.
Лексикалық мағынаны түсіндіруге үнемі салынбай, мұғалім әр уақытта да
текст ішінде кездесетін сөздерді жол-жөнекей айтып отыруы қажет.
Сөз сырын, оның лингвистикалық негізін түсіндірумен орай сөздердің бір-
бірімен мағыналық жағынан әр түрлі себептермен тығыз байланыста болатынын,
белгілі бір жүйеге бағынып, бірін-бірі толықтырып, мағынасын айқындайтынын
ұғатын болады. Синоним, антоним, омоним сөздерді де салыстыра отырып
түсіндіру ыңғайлы. Мысалы, синонимдес сөздер бірін-бірі толықтырып, әрі
олардың мағынасын ашуға себеп болады. Айталық, сұлу сөзінің мағынасын аша
түсу үшін келбетті, келісті, көркем, әдемі сөздерін пайдаланамыз. Сондықтан
да түсіндірме сөздікте белгілі бір сөздің мағынасын түсіндіру үшін, оның
синонимін беру (егер синонимі болса) тәсілі кездеседі. Мысалы, сызды –
ылғалды, дымқыл. Сый – құрмет, қошемет. Сыйлы – құрметті, қадірлі. Сынау –
тексеру, байқау.
Ал антонимдес (ұзын – қысқа, ақ – қара) біріне-бірі қарама-қарсы ұғымды
аңғарту арқылы мағынаны дәлдей түседі. Сондықтан кейде сөздң мағынасын
түсіндіру үшін антонимін табуға, сол арқылы түсіндіруге әрекет жасаймыз.
Мысалы, қара – аққа қарама-қарсы түс. Саяз – терең емес, тайыз.
Сондай-ақ сөздің бір-бірімен байланысты тақырыптық топтарға қарай
(спорт терминдері: футбол, волейбол; география терминдері: тау, қырат,
ойпат т.б.) да, бүтін мен бөлшектің өзара қатысына қарай (адам – қол, аяқ,
көз, құлақ т.б.) да, сондай-ақ түбірлестігіне қарай (ақшыл, ақтау, ағар;
түрлі, түссіз, түрлілік т.б.) анықталады.
Тіліміздегі бір сөздің мағыналық өрісін анықтау үшін, оның өзге
сөздермен жүйелі қатынасын анықтаған жөн. Оны мына сызба (схема) арқылы
көрсетуге болады.
Жомарт сөзінің мағыналық байланысы
Лексика-семантикалық қатынасы азамат, ер көңіл адам
жомарттық түбірлестік антонимдік
жомарт сараң
жомарттау қатынасы қатынасы
Синонимдік қатынасы
сахи
мәрт
береген
Әрине, сөздің мағыналқ өрісін байқау үшін әр уақытта да осындай сызба
жасай беруге болмайды. Кез-келген сөздің антонимі де, синонимі де болмауы
мүмкін, бірақ оның барын не жоғын анықтауға, немесе басқаша қатынасын
ажырата отырып, жеке сөздің басқа сөзбен антонимдік не синонимдік
қатынасының бар-жоқтығы анықталады.
Демек, тіліміздегі сөздің жүйесіне қарап, бұлайша арақатынасын анықтау
оның мағынасын толық аша түсуге, еркін қолдануға мүмкіндік жасаумен бірге,
оқушының ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырады.
Лексика бөлімінен саналы әрі тиянақты білім беру үшін бағдарламаға
енген тақырыптардан теориялық және практикалық жағынан мәнін ашып алуға
көңіл бөлген жөн, яғни лексиканы оқытумен орай мына үш мәселеге айрықша
назар аудару қажет.
1) Сөздің мағыналық топтары. Бұған сөз және оның мағыналары (тура
мағына, ауыспалы мағына, көп мағыналылық), синоним, омоним, антоним сөздер
жатады.
2) Әр түрлі қолданылу аясы жалпылама қолданылатын сөздер, сондай-ақ
белгілі аяда қолданылатын сөздер (терминдер, диалект және кәсіби сөздер),
көнерген сөздер мен неологизмдер.
3) Шығу төркініне қарай: қазақтың байырғы сөздері мен басқа тілден
енген сөздер.
Бұлар лексика бөлімінен оқушыларға тиянақты білім берумен бірге,
мұғалімге де шығармашылықпен жұмыс істеуге міндеттейді.
Сөздің мағыналық топтары оқушыға төртінші сыныптан бастап таныс. Олар
сөз мағыналарының контексте әр түрлі қолданылуын (тура, ауыспалы),
синонимдердің, омонимдердің, антонимдердің тіліміздегі көркемдік, стильдік
мәнінің ерекше екендігін мәтін ішінен ажыратуға, тіл ұстарту бағдарламасы
бойынша, ресми-кеңес, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилінде қолданылудағы
алуан түрлі жолдарын түсінумен бірге сөздікте берілу тәртібімен танысып,
сөйлеу, жазу нормаларына біршама жаттығады.
Ал екінші, үшінші топқа жататын ұғымдар бесінші сыныпта таныстырылады.
Бұл арқылы оқушы тіліміздегі сөздердің даму, қалыптасу жолдарын біліп,
сондай-ақ тілдің стильдік ерекшеліктерін таниды. Сондықтан лексика
бөлімінің материалдарын жаңа білім беруге байланысты да, пысықтаумен
байланысты да бұл айтылғандарды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz