Локомотив депосының құрылымының сызбасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ

1. ЛОКОМОТИВ ДЕПОСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫ

1.1. Локомотив депосының қызмет түрі, мақсат-міндеттері
1.2. Локомотив депосының ұйымдастырылу құрылымы
1.3. Локомотив депосының ішкі ережесі

2. ЛОКОМОТИВ ДЕПОСЫНЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1. Еңбекақы есебі
2.2. Негізгі құралдардың есебі және амортизациясы.
2.3. Дебиторлық берешектің есебі
2.4. Тауарлы- материалдық қорлардың есебі

3. ЕСЕП

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Курстық жұмыcтың өзектілігі. Локомотив депосы өз қызметінің барысында
Қазақстан Республикасындағы темір жолдарды техникалық пайдалану
Ережелерінің, басқа да ережелердің, нормативтердің, поездардың
магистральдік темір жол торабымен, станциялық және кірістік жолдармен
қауіпсіз және үздіксіз қозғалуын қамтамасыз ету шарттарының қадағалауын
қамтамасыз етеді.
Локомотив депосы өз қызметін тиісті дәрежеде ұйымдастыруы үшін,
келісілген көлемде магистральді темір жол торабы операторының ақпараттық
торабын пайдалану құқығына ие болады. Ақпараттық ресурстарды беру, жабық
ақпараттарды заңсыз пайдаланудан қорғау тәртібін, барлық тұтынушылар мен
корпоративтік ақпараттық торап жүйелерінің қауіпсіз жұмыс істеу жағдайын,
ақпараттық торапты пайдалану төлемақысын магистральді темір жол желісінің
операторы анықтайды.
Локомотивтерді тиімді пайдалану поез жұмысының жоспарымен анықталады.
Ол келесі міндеттерден тұрады: поез және локомотив нөмірлерін көрсете
отырып, поездарды техникалық станциядан жөнелту, поездарды сұрыптау,
телімдік және ірі жүк станцияларына қабылдау, поездарға локомотив беру
уақыты және т.б.
Локомотив депосының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп
Стандарттарында және субъектілердің қаржылық – шаруашылық қызметіндегі
бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы
қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған
ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметінің құрылымына, ұйымның
нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді [1].
Депоның басқару есебін ұйымдастырудағы маңызды жағдайлардың бірі –
бухгалтерлік есептің жеке жүйесі ретінде кадрмен қамтамасыз ету болып
табылады. Басқару есебін жүргізу үшін шаруашылық операцияларын тіркеумен
ғана шұғылданбай, кәсіпорынды басқаруда да қатысатын білікті бухгалтер –
талдаушы талап етіледі.
Локомотив депосы бухгалтерлік есепті жүргізген кезде мына жағдайларды
қамтамасыз етеді:
- есеп беру кезеңінің ішінде міндеттемелер мен активтерді бағалау мен
кейбір шарушылық операцияларын көрсету кезінде қабылданған есеп саясатының
өзгермейтіндігі;
- қаржылық міндеттемелерімен мүліктерді түгендеу нәтижесін және
есептік кезеңде жүзеге асқан барлық шаруашылық операцияларының есепте
толығымен көрініс табуы;
- тиісті есептік кезеңіне шығыс пен табыстың дұрыс жатқызылуы;
- әрбір айдың басына синтетикалық есеп шоттары бойынша қалдығы,
аналитикалық есептің айналымы мен сәйкестігі сақталуы керек [2].
Локомотив депосы қызметінен түсетін пайда, заңдар мен келісім –
шарттық міндеттемелерде қарастырылған барлық төлемдерді төлегеннен кейін
оның меншігінде қалады және ол мүліктік кешенді ары қарай дамыту, сонымен
қатар, нарықтық тәуекелділіктер орын алған жағдайда қажетті қаржылық
резервтерді қалыптастыру үшін пайдаланады [3].
Локомотив депосының Есеп бөліміндегі бухгалтерлердің жұмысы
компьютерленген. Олар Фаворит АБУ бағдарламасымен жұмыс істейді. Бұл
бағдарлама бухгалтерлердің жұмыстарын көп женілдетеді. Бұл бағдарламада
керекті бланкілер дайын, тек сонда мәліметтерді мұқият енгізсе есепті өзі
автоматты түрде есептеп бухгалтердің уақытын үнемдейді және қол жұмыстарын
азайтады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Локомотив депосының ұйымдастырушылық
құрылымын зерттеу және нарықтық қатынастар жағдайында бухгалтерлік есебін
ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері. Жоғарыда көрсетілген курстық жұмыс
мақсатына байланысты мынадай міндеттер туындайды:
- Локомотив депосының қызмет түрін, мақсат, міндеттерін қарастыру;
- Локомотив депосының ұйымдастырушылық құрылымын зерттеу;
- Бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау.
Курстық жұмыстың әдістемелік негізі. Курстық жұмысты орындау барысында
Қазақстан Республикасының заңдық актілері, Халықаралық қаржылық есеп беру
стандарттары, Cалық кодексі, бухгалтерлік есептің типтік шоттар
жоспары, темір жол кәсіпорындарының есебін ұйымдастыруға байланысты отандық
және шетелдік авторлардың оқулықтары, бухгалтерлік және қаржылық есеп пәні
бойынша оқулықтар.
Курстық жұмыс бойынша алынған нәтиже:
- Локомотив депосының қызмет түрі, міндеттері қарастырылды;
- Локомотив депосының ұйымдастырушылық құрылымы зерттелді;
- Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ерекшеліктері анықталды.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған. Кіріспеде
курстық жұмыстың өзектілігі, мақсаты және оларды шешу жолдары көрсетілген.
Бірінші тарауда Локомотив депосының басқару құрылымы мен мақсат,
міндеттері, қызмет түрі, ішкі ережелері зерттелді. Екінші тарауда
Локомотив АҚ депосының бухгалтерлік есебін жүргізу құрылымы қарастырылды.

1. ЛОКОМОТИВ ДЕПОСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫ

1.1. Локомотив депосының қызмет түрі, мақсат-міндеттері

Тасымалдау үдерісі темір жол көлігі өндірісінің негізі болып табылады,
сондықтан оның ұйымдастырылуы Қазақстан Темір ЖолыҰлттық Компаниясы АҚ-
ның бүкіл техникалық кешеніне қойылатын сандық және сапалық талаптарды
анықтайтын болады.
Тасымалдау үдерісінің маңызды буындарының бірі ретінде поезд
қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін операторлар мен басқа да
тұтынушыларға техникалық тұрғыдан жарамды локомотивтерді беру болып
табылады.
Бағаны қалыптастыру механизміне қойылатын негізгі талаптардың бірі
тарифтерде буын қызметтерін бөліп көрсету мүмкіндігі болып табылады, атап
айтқанда:
- магистральдік темір жол торабының операторы;
- локомотив тартымы;
- жүк тасымалдаушысы.
Тасымалдау үдерісінің қатысушыларына қызмет көрсетудің технологиялық
және экономикалық тұрғыдан негізделген жүйесін анықтаған кезде, сонымен
қатар, сол қызметтердің бағасын есептеу әдістемесін әзірлеген кезде төменде
келтірілген принциптер қадағалануы тиіс:
1. Көрсетілген қызметтер қызмет тұтынушысының да мүддесіне және қызмет
ұсынушысының да мүддесіне сай келуі тиіс;
2. Қызметтер жұмыс түрлері (жүк, жолаушы тасымалы, маневрлік,
шаруашылық жұмыстары) бойынша жіктелуі тиіс;
3. Тасымалдау үдерісінің қатысушыларына арналған тарифтер қызмет
көрсету үшін жұмсалатын қажетті шығындарды жабуы тиіс, сонымен қатар,
қызмет ұсынушының инвестициялық және басқа да сұраныстарын жабу үшін
жеткілікті деңгейдегі рентабельділікті қамтамасыз ету керек;
4. Тасымал бағасының құрылымы мен құрамдас бөліктері тасымалды
ұйымдастырудың технологиясына сәйкес келуі тиіс;
Локомотив тартымы шаруашылығы өз тұтынушыларына қызметтің келесі
түрлерін ұсынады:
- тұтынушылардың магистральдік және маневрлік қозғалыс кезіндегі
тартымдық жылжымалы құрамға деген сұраныстарын қанағаттандыру;
- магистарльдік темір жол торабы операторының маневрлік қозғалысқа
деген сұраныстарын қанағаттандыру;
- поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- тартымдық жылжымалы құрамның мобилизациялық әзірлігін жақсы
қамтамасыз ету, құпия және қызмет үшін пайдаланылатын мәліметтерді жария
етуден сақтандыруға бағытталған шаралар кешенін өткізу.
Локомотив шаруашылығының негізгі міндеті – барлық тұтынушыларға
локомотив шаруашылығының жаңартылуына қажетті шығындарды жабуды қамтамасыз
ететін бәсекелестік бағалар бойынша сенімді және қауіпсіз локомотивтерді
ұсыну болып табылады.
Темір жолдағы локомотив шаруашылығы төменде келтірілген бірқатар
негізгі міндеттерді атқарады:
1. Ұйымдастыру қызметтерінің талабы бойынша поездар қозғалысы мен
маневрлік жұмыстар үшін локомотив бригадалары бар жарамды локомотивтер
беріп отырады, аталмыш бригада күштерімен локомотивтердің ағымдық күтімін
қамтамасыз етеді, бригадалардың жұмыс және демалыс режимдерін
ұйымдастырады. Жұмыстың осы бөлігін қарапайым түрде локомотив беру қызметі
деп атауға болады;
2. Екінші міндеттің мәні техникалық байқауларды, локомотив депосының
арнайы мамандандырылған цехтарында профилактикалық жөндеу жүргізу арқылы
локомотивті қызметтік жарамды күйде ұстау. Бұл жұмысты локомотивті күту
жұмысы деп атауға болады.
3. Үшінші міндет – магистральдік жолдарда және маневрлік жұмыс кезінде
үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін локомотивті құммен, электровоздар мен
тепловоздарды май және басқа да материалдармен, тепловоздарды сонымен бірге
– дизель отымен қамтамасыз ету. Мұны – локомотивті жарақтандыру деп атайды.
4. Төртінші міндет – локомотив депосының ірі цехтарында жүзеге
асырылатын көлемдерде локомотивтің бір бөлігін жөндеу. Бұл жұмысты
локомотивтің деполық жөндеуіне жатқызады.
Локомотив тартымын ұсыну және темір жол тасымалдары қызметтері
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы табиғи монополиялар
туралы Заңына сәйкес қызметтің табиғи – монополиялы түріне жатпайды.
Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау
жөніндегі Агенттігі аталмыш қызметтер нарықта басымдылыққа ие болған
жағдайда ғана олардың қызметтерін реттеуі мүмкін [4].
Локомотив шаруашылығының негізгі қызметі – Локомотив тартымын ұсыну
ісіне кіретіңдер:
1. Магистральдік және маневрлік локомотивтерді ұсыну;
2. Тасымал қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Аталмыш қызмет үшін алынатын төлемақы:
- локомотив тартымы шаруашылығының экономикалық негізделген шығындарын
жабуы тиіс;
- аталмыш қызметті сатып алушы үшін айқын болуы керек;
- аталмыш қызметті сатып алушының экономикалық мүмкіндіктерін, оның
экономикалық деңгейін, сонымен қатар, баламалы көлік түрлері арасындағы
бәсекелестікті есепке алуы тиіс.
Локомотив жұмысының басталуы деп - екі тараптан тіркелетін (машинистің
бағдар қағазы мен станция диспетчерінің журналында), локомотивтің
станциялық диспетчерден қабылдану уақытын есептейді.
Локомотив жұмысының соңы деп – машинистің бағдар қағазы мен станция
диспетчерінің журналында тіркелетін, станция диспетчеріне локомотивті
өткізу уақытын есептейді. Бұл жағдайда локомотивтің тасымалдаушы
қарамағында болу уақытын тасымалдаушының өзі анықтайды. Ол өз қажетіне
қарай локомотивтерге тапсырыс береді, сұранысын қанағаттандырғаннан соң
локомотивті шаруашылық қарамағына кері қайтарады.
Өзінің өндірістік қызметін орындаған кезде және қызмет көрсеткен
уақытта локомотив депосы төменде келтірілген қызметтерді атқарады:
- өткен мерзімде орындалған жұмыс жөніндегі есептерді әзірлейді
(технологиялық және техникалық нормаларды әзірлеу үшін);
- локомотивтердің жедел қызметін жоспарлауды жүзеге асырады;
- локомотив паркі жұмысын реттеуді ұйымдастырады (поездарды
қалыптастыру, локомотивтерді ауыстыру пунктерінде локомотивтердің болуы);
- депо қызмет көрсететін айналмалы иіндерді ұйымдастыру;
- локомотивтерге техникалық қызмет көрсету ісін ұйымдастыру.
Жедел жоспарлау және диспетчерлік реттеу:
- депо жұмысының ауысымдық – тәуліктік жоспарын әзірлейді;
- локомотив пен локомотив бригадаларының жұмысын есепке алуды
ұйымдастырады;
- поездарды қалыптастыру мен локомотивтерді ауыстыру пунктерінде
локомотивтердің болуын қамтамасыз етеді;
- депоға кірмей локомотивтердің жүру нормасын қамтамасыз етеді және
бақылайды;
- депо белгілі қызмет көрсететін айналмалы иіндерді ұйымдастыруды
қамтамасыз етеді және бақылайды;
- локомотив деполарына техникалық қызметтер көрсетуді және жөндеу
жұмыстарының ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді және бақылайды.
Тасымалдау үдерісі:
- поездық және маневрлік қозғалыс кезінде қозғалыс қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді;
- тиісті өтініштер бойынша жарамды локомотивтер мен локомотив
бригадаларын беруді қамтамасыз етеді;
- депоға кірмей локомотивтердің жүру нормаларының қадағалануын
қамтамасыз етеді;
- локомотив деполарына техникалық қызметтер көрсету және жөндеу
жұмыстарының орындалуын қамтамасыз етеді;
- локомотив пен локомотив бригадалары жұмысын есепке алуды қамтамасыз
етеді;
- депо кезекшісі жанындағы операторлар арқылы біріктіру және өңдеу
үшін атқарылған жұмыс туралы ақпараттарды ақпараттық жүйеге енгізуді
қамтамасыз етеді.

1.2. Локомотив депосының ұйымдастырылу құрылымы

Темір жол көлігінде пойыздар жүрісі жылжымалы құрамның тартым күші –
локомотивтермен іске асырылады.
Локомотив шаруашылығы Қазақстан Республикасындағы темір жол көлігінің
негізгі буыны болып табылады. Жалғыз ғана локомотив шаруашылығы 1997 жылы
қазақстандық үш темір жолды (Тың, Алматы және Батыс-Қазақстан) біріктіріп,
оларды басқарудың вертикальді – интеграциялық жүйесіне ауысқаннан кейін
құрылған. Бүгінгі таңда локомотив шаруашылығы локомотив беру, оларды
күтімге алу, деполық жөндеуден өткізу және жарақтандыру қызметтерін
атқарады.
Локомотив шаруашылығы тартым құрылыстары арқылы темір жолдың тасымал
жұмыстарын және олардың техникалық талаптарға сәйкес күтуді қамтамасыз
етеді. Бұл шаруашылықтың құрылыстары мен құрылғыларына негізгі локомотив
деполары, локомотивтердің жеке жүйелерін жөндейтін мамандандырылған
шеберханалар, техникалық қызмет көрсету, локомотивтерді жабдықтау және
бригадирлердің алмасу бекеттері, локомотивтердің қор қоймалары жатады.
Локомотив депосында өзіне бекітілген жүк және жолаушылар пойызына
қызмет жасайтын локомотивтер паркі мен ғимараттары, шеберханалары және
басқа күнделікті жөндеу, техникалық қызмет көрсету және жабдықтау
жұмыстарына қажет техникалық құрылғылары бар болса, оны негізгі депо деп
атайды [5].
Тартым күштерінің түрлеріне қарай тепловоз, электровоз, моторлы вагон,
дизель, паровоз деполары және әртүрлі локомотивтерге арналған аралас
деполар болып бөлінеді.
ТМД елдерінде әзірге теңдесі жоқ алғашқы тепловоз елордасында 2009
жылдың 7-ші желтоқсанында General Elektric компаниясының технологиясы
негізінде Evolution сериясымен құрастырылып шығарылды. Бүгінгі таңда
Локомотив құрастыру зауыты конвейерінен 30 шақты тепловоз шығарылып,
шалғай өңірлердегі электрлендірілмеген темір жол желілерінде жүк
тасымалдауға тартылған. Аталған зауытта қазақстандық өнім көлемі 2014 жылы
90 пайызға дейін жеткізілмек. Бүгінгі күні кәсіпорында 420 маман мен
еңбеккерлер жұмыс істейді.
Айналым бекеттерінде локомотивтер қарсы бағыттағы пойыздарды алып
қайту үшін күтіп тұрады. Осы уақытта, әдеттегідей, оларға жабдықтау және
техникалық қызмет көрсетіледі.
Бригадалардың алмасу бекеттері көбінесе телімдік стансаларында
қарастырылады және оларды бригадалардың жұмыс уақыттарының қалыпты жағдайын
қамтамасыз етуге байланысты орналастырылады.
Жабдықтау қосындары депо қарамағында болады. Кейде жабдықтау
құрылғыларын локомотивтерді құрамнан ағытпай жабдықтау үшін тікелей
жабдықтау – жөнелту жолдарына орнатады.
Жолға немесе депоға бекітілген және солардың балансында тұратын барлық
локомотивтер инвентарлық паркін құрады.
Электровоз бен тепловозды машинист пен оның көмекшісі басқарады.
Электровоз бен тепловозды пайдаланатын жолда бір локомотив бригадасы бір
кобинада отырып, бірнеше локомотивтерді немесе бірнеше тұрақты қосылған
бөліктерді басқаруы мүмкін.
Теміржолда негізінен электровоз бен тепловозды пайдалануға байланысты
пойыздар локомотивтерін басқарудың негізгі әдісі түрінде ауысымды жүргізу
орын алады. Мұнда бригада белгілі бір локомотивке бекітілмейді.
Пойыздардың локомотив бригадаларының үздіксіз жұмыс уақыты 7-8
сағаттан аспау керек, тек аса ерекше жағдайда ғана бұл мөлшер 12 сағатқа
дейін ұзартылады.
Локомотив депосының клиенттеріне тасымалдаушылар, соның ішінде, өз
меншігінде вагондар паркі бар, бірақ өз локомотивтері жоқ ұлттық
тасымалдаушы мен магистральді темір жол операторы жатады.
Локомотивтер атқаратын жұмыс көлемі жалпы алғанда орындалған
локомотив–сағат, локомотив-км және тонна-километр брутто бірліктерінің
мөлшерімен сипатталады. Локомотив жүрісінің жалпы мөлшері желілік және
шартты жүрістердің сомасынан құралады, оларды орындалған жұмыс сипатына
(магистральдік және маневрлік) топтарға бөлінеді. Локомотив жүрісін поездар
қозғалысының түріне қарай анықтайды. Орындалатын тасымалдық жұмыстың
сипатына қарай поезд қозғалысы 3 түрге бөлінеді:
- жолаушыларды тасу;
- жүк тасу;
- шаруашылық мақсаттағы.
Әрбір поезға нөмір беріледі, ол нөмір осы поездың қозғалыстың қайсы
түріне жататындығын, мамандануы мен қозғалыс бағытын көрсетеді. Поез нөмірі
бойынша локомотив қозғалысын тікелей жүріс бойынша бағалау поезды тартатын,
қосарлы тарту үшін қолданылатын және сүйемелдеп – итеретін, яғни тікелей
поез құрамындағы локомотивтер үшін ғана мүмкін. Басқа жүрістердің барлығын
жанама көрсеткіштер бойынша бағалайды. Поез локомотивтерінің жекелей
жүрістерін олардың кейінгі жұмыстары бойынша яғни, жекелей келіп тіркелген
поездың жүрісі бойынша бағалайды, ал поезды итеретін локомотивтің жекелей
қозғалысы сол поездар қозғалысы бойынша есептеледі.
Негізгі депоға тіркелген локомотивтер негізгі және айналым деполары
орналасатын телім аралықтарындағы шектерде қозғалыс кестесі бойынша
поездарға қызмет көрсетеді. Поездарға аталмыш айналым депосының
локомотивтері қызмет көрсететін, станция және айналым пунктерімен шектелген
темір жол телімі локомотивтер қозғалатын телім деп есептеледі. Негізгі және
айналым деполары орналасқан станциялармен шектелген телім тартым иіні деп
аталады. Бір немесе бірнеше негізгі депоға тіркелген локомотивтер
пайдаланылатын екі немесе одан да көп айналым телімдері локомотивтердің
айналым аймақтарын қалыптастырады.

1-сызба. Локомотив депосының құрылымының сызбасы

1.3. Локомотив депосының ішкі ережесі

Локомотив депосына арналған ішкі еңбек тәртібін анықтайтын бұл
ережелер жұмысшыларды қабылдау және жұмыстан шығару тәртібін, жұмысшылар
мен әкімшіліктің негізгі міндеттерін, жұмыс уақытының тәртібін және оны
пайдалануды, техникалық қауіпсіздік ережелерін, сонымен қатар жұмыстағы
жетістіктері үшін мадақтаулар мен еңбек тәртібін бұзғаны үшін
жауапкершілікті анықтайды. Жұмысқа қабылдау және еңбек шартын бұзу.
Кәсіпорынға жұмысқа түсетін әрбір жеке тұлға әкімшілік мінездегі
міндеттемелерге жауап беруге және өз құжатына қажетті отбасы жағдайы туралы
барлық мәліметтерді беруі тиіс. Локомотив пайдалану депосына жұмысқа
қабылданған еңбек шартының негізінде жүргізіледі.
Қажетті барлық құжаттар берілмеген жағдайда жұмысқа қабылданбайды.
Еңбек шартында жұмысшының жұмыс істеу сапасына қарай тексеру уақыты
жайлы шарт қабылдануы мүмкін. Тексеру уақыты еңбек стажына
кіреді және 3 айдан аспауы тиіс [6].
Еңбек шартының жарамдылығы екі жақтың қол қойған күнінен немесе
қабылданған күнінен басталады.
Жұмысшы жұмысқа түскеннен кейін немесе басқа жұмысқа ауысқан жағдайда
әкімшілік жасауға міндетті:
- жұмысшыны өз міндетінің құрылымымен таныстыруға және еңбек шартымен,
жалақысымен таныстыруға, жұмысшыға өзінің құқықтары мен міндеттерін
түсіндіруге;
- ішкі еңбек ережелерімен және ұжымдық келісіммен таныстыруға;
Еңбек келісім шарты жазбаша түрде екіден кем емес көшірмеде жасалады
және екі жақпен қол қойылады.
Жұмысқа қабылдау еңбек келісім шарты негізіндегі жұмыс берушінің
актісі арқылы жасалады.
Еңбек келісім шартының тоқтауы Қазақстан Республикасының Еңбек
кодексіне сәйкес негізде ғана.

Локомотив депосы жұмысшылары міндетті:
- өзінің еңбек міндеткерліктерін жауапкершілікпен орындауға, еңбек
ережесін сақтауға, жетекшіліктің берген тапсырмаларын уақытылы және дәл
орындауға;
- өндірістік тапсырмаларды және бұйрықтарды сапалы және уақытында
орындауға, өзінің кәсіпкерлік деңгейін көтеруге;
- өздерінің жұмыс орнында және де басқа да орындарда тазалықты
сақтауға, құжаттарды және материалдық құндылықтарды сақтау шарттарын
қадағалауға;
- жергілікті компьютерлерді, оргтехниканы және басқа да жабдықтарды
тиімді пайдалануға, материалдар мен энергияны үнемді жұмсауға.

Әкімшілік міндетті:
- Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін ұстауға және ұжымдық
келісім шарттың бөлімдерін орындауға;
- жұмысшылардың белгіленген белгілі бір орындарда еңбектерін дұрыс
ұйымдастыруға;
- еңбек ережесін қатаң сақтауға, ал еңбек ережесін бұзған жағдайда
оған шара қолдануға;
- еңбек келісім шартындағы көрсетілгендей жалақы төлеу шартын
сақтауға, жалақыны қабылданған уақытта төлеп тұруға.
Қауіпсіздік ережесі және өндірістік санитария. Жұмысшы қауіпсіздік
ережесі мен өндірістік тазалықты міндеттеріне сәйкес, заңдар мен заңдық
актілермен, медицина қызметкерлерінің көрсетуі бойынша міндеттерді
орындауға тиіс:
- қауіпсіздік ережесіне және өндірістік тазалыққа сәйкес қабылданған
жерлерде шылым шегуге болмайды;
- жұмыс уақытында жұмыс орнында тамақтануға болмайды;
- сәйкес рұқсат алмайынша ұйымның меншігіндегі заттарды немесе
материалдарды, жалпы ұйымның мүлкін өзімен бірге алып кетуге болмайды;
- жұмыс орнында сатуға арналған заттар мен тауарларды әкелуге
болмайды;
- сәйкес келісімсіз рұқсат етілмеген жерлерде хабарландырулар ілуге
болмайды.

Жұмыстағы жетістіктер үшін мадақтаулар. Еңбек міндеттерін жоғары
дәрежеде орындағанда, еңбек өнімділігін арттырғанда және тағы басқа
еңбектегі жетістіктері үшін кәсіпорын жұмысшыларын төмендегідей мадақтаулар
жүргізіледі:
- мемлекеттік сыйақыларға ұсыну;
- Үздік теміржолшы белгісіне ұсыну;
- Мақтау қағазымен мадақтау;
- Рақымшылық хатымен мадақтау;
- Тепловоз машинистінің 3-ші дәрежесін беру.
Кәсіпорынның барлық жұмысшылары кәсіпорын жетекшілігіне және бөлім
жетекшісіне бағынуға тиіс.
Жұмысшылар өзінен жоғары тұратын жетекші берген бұйрықтар мен
тапсырмаларды орындауға тиіс. Ішкі тәртіпті бұзуы мүмкін кез-келген іс-
әрекетке шек қойылады. Мұндай әрекетке жататындар:
- бөлім жетекшісіне ескертусіз жұмыс орнын ұзақ уақытқа хабарсыз
қалдыру;
- кәсіпорынға сырттан адам әкелуге, ресурстар мен тауарларды рұқсатсыз
кәсіпорыннан шығару.
Кәсіпорын жұмысшылары міндетті: өзге тұлғаларға дөрекілік білдірмей
сыпайылық көрсетуге, өз қызметі кезінде білген кәсіпорынның көліктік,
қаржылық, техникалық операцияларыжайлы құпияларын сыртқа шығармай
сақтауға.
2. ЛОКОМОТИВ ДЕПОСЫНЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1. Еңбекақы есебі

Еңбекақы – қызметкерлердің орындаған жұмыс көлемі мен белгіленген
еңбек шарты және лауазым нұсқауына байланысты төлем.
Еңбек жайлы есеп беруде көп салалы қызмет атқаратын кәсіпорынның
жұмысшылары мен қызметкерлерін негізгі қызмет атқаратындар және негізгі
емес қызмет атқаратындар деп екі топқа бөледі.
Барлық қызметкерлер санаты жұмыс уақыты пайдалану есебін,
жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс уақыты режимінің сақталуына бақылау
үшін, істелген жұмыс уақыты табелі жасалады. Табельде жұмысқа
келмегендігінің себебі, толық емес жұмыс күн туралы, жұмыс уақытынан тыс
істелген жұмыс уақыты тағы басқа ауытқулар көрсетіледі. Кәсіпорындарда
жалақының ұйымдастырылуы: еңбектің нормалануы, тарифтік жүйе және жалақы
сияқты үш өзара байланысқан элементтермен анықталады. Еңбектің нормалануы
еңбек нәтижелері бағаланатын шығындардың жан - жақты негізделген нормаларын
белгілеуге мүмкіндік берді. Нормалар жұмысшының ұжымдық еңбектің жалпы
нәтижелеріне қосқан үлесіне байланысты еңбек төлемі мен жұмысшыны
материалдық тұрғыдан ынталандырудың негізі бола алады.
Жұмыс уақытын және демалыс уақытын пайдалану тәртібі әкімшіліктің
кәсіподақ комитетімен келісімі бойынша бекіткен жұмыс кестелерімен
қарастырылады
Локомотив депосы еңбекақы төлемі саласында кең құқықтарға ие,
әсіресе: олар еңбек төлемінің түрі мен жүйесін анықтай алады; мамандықтарды
(қызметтерді) біріктіргені және қызмет көрсету аясын кеңейткені үшін
қосымша төлем енгізу; әрбір жұмысшы мен қызметкерге санаты бойынша сыйақы
және қосымша төлемдер белгілеу; қызметкерлер мен жұмысшыларға сыйақы беру
туралы ережені жасау және бекіту материалдық қолдау қорын пайдаланудың
нақты бағытын анықтау.
Жалақының тарифтік нормалануы - ол жүзеге асатын жағдайдың саны мен
сапасына байланысты нақты еңбек тұлғаларын дұрыс бағалау және оларға
жалақыны дұрыс төлеуді қамтамасыз ету үшін бағытталған көрсеткіш. Тарифтік
норманың басты мазмұны - тарифтік мөлшерлемені, тарифтік торлар және
тарифтік - біліктілік анықтамаларды енгізетін еңбек төлемінің тарифтік
жүйесінің жасалуы болып табылады.
Кәсіпорынның жоспарымен белгіленген, жалақы төлеу шығыстарының сомасы
жалақының жоспарлы қоры деп аталады. Ал есепті кезеңде қызметкерлерге нақты
төленуге тиіс жалақының сомасы кәсіпорындағы жалақының есептік қоры деп
аталады.
Қазақстан темір жолы ҰК АҚ қызметкерлерге төленетін ақыларды 4
негізгі категорияларға бөледі:
- қызметкерлерге төленетін қысқа мерзімді ақылар;
- еңбек қызметі аяқталғаннан соң төленетін ақылар;
- қызметкерлерге төленетін басқадай ұзақ мерзімді төлемдер;
- жұмыстан айырылып қалудың есебімен төленетін компенсациялық
төлемдер.
Мысалы: Келесідей шаруашылық операцияларға бухгалтерлік өткізбелер
жасауға болады [7]:
1) Кәсіпорынның басқару аппараты қызметкерлеріне еңбекақы
есептелді:
Дт Кт
7210.03 3350.01

2) Жеке тұлғаларға есептелген еңбекақыдан ұсталатын табыс салығы
сомасы:
Дт Кт
3350.03 3120.01

3) Электромеханиктерге және радиотехниктерге еңбек ақы
есептелінді:
Дт Кт
8110.02 3350.01

4) Қызмет көрсету, тепловоздар мен электровоздарды құм және сумен
қамту жұмысымен айналысатын жұмысшыларға еңбек ақы есептелді:
Дт Кт
8110.03 3350.01

5) Цех жұмысшыларына еңбекақы есептелді:
Дт Кт
3350.01 8110.03

6) Жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан
зейнетақы қорына ұсталған сома:
Дт Кт
3350.03 3220.01

7) Жұмысшылар мен қызметкерлерге кассадан төленген еңбекақы,
сыйақы, жәрдемақы және зейнетақы сомасына:
Дт Кт
3350.03 1010.04

Атқаратын қызметтеріне қарай кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшылары
мен қызметкерлері жұмысшылар мен қызметкерлер болып екіге бөлінеді.
Қызметкерлер тобы басшылар, мамандар және тағы басқа да топтарға бөлінеді.
Басшылар қатарына – директор, бас инженер, орынбасарлар жатады. Мамандар
қатарына – инженерлер, техникалық қызметтегі адамдар және тағы басқалары
жатады. Басқа да қызметкерлер қаатарына – құжаттарды дайындайтын, есеп және
бақылау жұмысын жүргізетін, шаруашылық қызметтерін атқаратын бухгалтерлер,
механиктер жатады.

Бірінші рет жұмысқа орналасқан жұмысшалар мен қызметкерлерге ұйымның
мамандар бөлімі еңбек кітапшасын толтырады. Еңбек кітапшасы мамандар
бөлімінде сақталып оған жұмысшылар мен қызметкерлердің қызмет орнының
өзгеруі, алған мақтаулары мен сыйақылары, сондай – ақ ескертулері,
сөгістері және тағы да басқа деректер жазылады.
Жұмысқа алу жайлы хат негізінде жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек
кітапшасына төл құжаттарындағы тиісті жазулар жазылып және оған үлгілі түрі
Т – 2 жеке карточкасы ашылады. Ол карточкада жұмысшылар мен қызметкерлердің
білімі, жұмыс орны, аты – жөні, ұлты, еңбек стажы, дүниеге келген күні, айы
және жылы, мекен – жайы, тағы баасқа керекті мәліметтер толтырады.
Барлық қызметкерлер санаты жұмыс уақыты пайдалану есебін, жұмысшылар
мен қызметкерлердің жұмыс уақыты режимінің сақталуына бақылау үшін,
істелген жұмыс уақыты табелі жасалады. Табельде жұмысқа келмегендігінің
себебі, толық емес жұмыс күн туралы, жұмыс уақытынан тыс істелген жұмыс
уақыты тағы басқа ауытқулар көрсетіледі
Тәжірибе жүзінде еңбекақыны ұйымдастырудың негізгі екі нысаны –
мерзімдік және кесімді қолданылады [8].
Мерзімді еңбекақы төлеу жұмыспен өтелген уақыттағы тарифтік ставкалар
немесе қызметкерлер бойынша жүргізіледі.
Кесімді еңбек ақы – жұмысшы қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруде
еңбек уақытын қысқарту мақсатында қолданылады.
Жеке кесімді еңбек ақы жүйесі. Мұндай жүйеде еңбек ақы әрбір
жұмысшылардың нәтижелеріне байланысты. Оны белгіленген бағаны жұмысшының
дайындаған бұйымдарының санына көбейту арқылы анықтайды.
Бригадалық кесімді еңбек ақы жүйесі. Жұмысшылардың еңбек ақысын
біржүйеде бригада учаске жұмысшыларының нәтижелері бойынша анықтайды.
Жанама – кесімді жүйеде қызмет көрсетуші жұмысшылардың жалақы мөлшері
осы жұмысшылар еңбегінің түпкілікті нәтижесіне тікелей тәуелді болады.
Мысал: Жөндеуші жұмысшы Кимнің жалақысы тариф бойынша – 34400 теңге.
Учаске бойынша жоспарланған шығарылым (өндірістік тапсырма) 1000 бірлік.
Механикалық цехтың жұмысшысы Ким қызмет көрсеткен станокта 1200 бірлік
әзірлеген. Жанама – кесімді бағалау – 344001000 = 34,4 теңге. Кимнің
жалақысы – 1200 х 34,4 = 41280 теңге.
Мерзімді еңбекақы. Кәсіпорында 100 адам жұмыс істейді, оның 80-і
жұмысшы да 20-сы қызметкерлер. 30 қызметкерге еңбекақы, олардың мамандығы
мен атқаратын міедеттеріне байланысты белгіленген: 10 адам – 9-разряд; 8
адам – 11- разряд; 4 адам – 14- разряд; 4 адам – 16- разряд; 2 адам – 19-
разряд; адам - 21- разряд.
Әр түрлі разряд бойынша қызметкерлердің айлық еңбекақыларын есептеу
үшін мына формуланы қолданамыз:

═ ×

Ұжымдық келісім бойынша 1-ші разрядтық ставка 18000 теңге көлемінде
бекітілген. Кәсіпорын жұмыс режимі – аптасына 5 күн, 14-разряд бойынша 3
қызметкер өткен айда 18 күн жұмыс істеген. Сонда өткен айдың еңбекақысы
былайша есептеледі:
9-разряд бойынша = 18000 х 1,78 х 10 = 320400
11-разряд бойынша = 18000 х 2,05 х 8 = 295200
14 разряд бойынша = 18000 х 2,55 х 4 = 45900
14-разряд бойынша 3 адам, ай ішінде толық жұмыс істемеген сондықтан,
олардың еңбекақылары былайша есептеледі:
14-разряд бойынша = (18000 х 2,55) х 21 х 18 х 3 = 118028
16-разряд бойынша = 18000 х 2,95 х 4 = 212400
19-разряд бойынша = 18000 х 3,67 х 2 = 132120
21-разряд бойынша = 18000 х 4,24 х 2 = 152640
Қызметкерлердің айлық мерзімді еңбекақысы = 1276688.
Қызметкерлерге берілетін сыйақыға мыналар жатады:
- Жұмысшыларға және қызметкерлерге берілетін жалақы және әлеуметтік
қамтамасыз етуге арналған жарналар, жыл сайынғы ақы төленетін демалыс және
ауруына байланысты ақылы демалыс, пайда және сыйлықақыларға қатысу (егер
олар кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде төленетін болса), сонымен қоса
осы уақытта жұмыспен қамтылған қызметкерлер үшін ақшалай емес нысандағы
сыйақылар (медициналық қызметтер, үймен және көлікпен қамтамасыз ету,
ақысыз немесе күні белгіленген тауарлар немесе қызметтер) сияқты
қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар;
- Зейнетақы, зейнетке шыққаннан кейін берілетін басқа сыйақылар, еңбек
қызметі аяқталған соң өмірді сақтандыру және медициналық қызмет көрсету
сияқты еңбек қызметінің аяқталуына байланысты берілетін сыйақы;
- Жұмыс стажы ұзақ қызметкерлер үшін ақы төленетін шығармашылық
демалыс, мерейтойларға арналған, еңбекке жарамсыздығы үшін ұзақ мерзімге
берілетін жәрдемақылар, сондай - ақ пайдаға және сыйлықақыға қатысу, егер
көрсетілген төлемдер кезең аяқталғаннан кейінгі 12 айдан астам кезеңде
жүзеге асырылса, қызметкерлерге берілетін басқа да ұзақ мерзімді өтемдер;
- Шығу жәрдемақылары және үлестік құралдармен өтемақы төлемдері.

2.2. Негізгі құралдардың есебі және амортизациясы.

Локомотив шаруашылығы негізгі құралдарының құрылымы бойынша
айтарлықтай бір текті кәсіпорын. Негізгі құралдары құнының басым үлесін
поездық және маневрлік локомотивтер құрайды, басқа құралдар негізінен
локомотивтерді күтімге алуға арналған. Сондықтан, тасымалдау процесінің
қатысушысы ретіндегі локомотив тартымы қызметінің сапасы маневрлік және
поезд локомотивтерінің жағдайымен анықталады. Бұл жағдайда локомотивтер
активті қызмет ұсынушысы міндетін атқарады. Локомотив шаруашылығындағы
бүкіл парк үш топқа жіктелген:
- резерв паркі – резерв паркінде болудың минимальді уақытына тең –
берілген нормативтік мерзімде пайдаланымнан бос болатын, жарамды
локомотивтер;
- пайдаланымдық парк – жұмыстағы немесе жұмыс күтіп тұрған, жарамды
локомотивтер;
- пайдаланылмайтын парк – жөндеуде тұрған, жөндеуді күтіп тұрған,
тізімнен шығарылу үшін жинақталып қойылған локомотивтер [9].
16 Негізгі құралдар Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына
сәйкес негізгі құралдар – бұл тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруде
немесе жеткізуді пайдалануға, үшінші тұлғаларға жалға өткізуге немесе
әкімшілік мақсаттарға арналған және бір кезеңнен астам уақыттың ішінде
пайдалану көзделген материалдық активтерді білдіреді. Олар өзінің табиғи –
заттық түрі мен бөлшектерін өзгерпей – ақ көптеген өндірістік циклдарға
қатысады, жаңадан жасалынған өнімге өз құнын ауыстырады. Оларға үйлер,
ғимараттар, беру құралдары, машиналар мен жабдықтар, лабораториялық және
реттеуші аспаптар мен құрылғылар, көлік құралдары, есептеу техникасы,
саймандар мен ұзақ уақыт қолданылатын мүліктер және т.б. жатады.Ұзақ
пайдалану процесінде негізгі құралдар өзгереді: олар мекемеге түсіп,
пайдалануға беріледі, пайдалану процесінде тозады, жөндеу жолымен қалпына
келтіріледі, мекеме ішінде жылжытылады (цехтан цехқа),одан әрі пайдалануға
жарамсыздығы, сондай-ақ басқа мекемелерге беру салдарынан есептен
шығарылады. Барлық аталған өзгерістер бухгалтерлік есепте көрініс табады.
Локомотив депосында негізгі құралдың есебін дұрыс жүргізу үшін және
олардың тиісті түрде сақталуын қамтамасыз ету үшін әрбір негізгі құралдарға
түгендеме нөмірі беріледі. Ол тұрақты түрде белгіленеді.
Нарықтық экономика жағдайында және бухгалтерлік есептің халықаралық
локомотив депосы активтерді нақты бағалауға ұмтылады, сондықтан негізгі
құралдарды қайта бағалау, ағымдағы бағалауды белгілеу нарықтық конъюктура
өзгеруіне байланысты жиірек жүргізіледі.
Пайдалану барысында негізгі құралдар тозады және құнсызданады. Кез
келген жинақталған залал шегерілгеннен кейін танылатын сома негізгі
құралдардың баланстық құны деп аталады, сол бойынша актив бухгалтерік
есепте және қаржылық есептілікте көрсетіледі. Бұл негізгі құралдың әлі
өндіріс өнімге ауыспаған бөлігін сипаттайды. Негізгі құралдар нысанының
баланстық құнына шығындарды тану, ондай нысан керек жерге жеткізіліп,
мекеме басшылығының ниетіне сәйкес оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін
күйге келтірілген кезде тоқтатылады. Сөйтіп, негізгі құралдар нысанын
пайдалану немесе қоныс аудару барысында шеккен шығындар осы нысанның
баланстық құнына қосылмайды.
16 Негізгі құралдар Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына
сәйкес негізгі құралдар бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігінде олар
түскен сәттен бастап теңгерімнен (баланстан) шыққанша бастапқы құны бойынша
көрсетіледі.
Негізгі құралдар сондай – ақ келесі құндар бойынша бағаланады.
Өзіндік құн – бұл активті сатып алу үшін немесе тұрғызу кезінде
берілген төленген ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаты баламаларының
сомасы немесе өзге қарсылама берудің әділ құны, не бұл қолданылатын жерде
мұндай активті басқа Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттардың,
мысалы, 2 – Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер IFRS Халықаралық қаржы
есептілігінің стандартының нақты талаптарына сәйкес оны бастапқы тану
кезіндегі бағалау сомасы.
Аммортизациялық құн жойылу құны шегерілген, активтің бастапқы құны
немесе бастапқы құнының орнына көрсетілген басқа сома.
Нақты ұйымға арналған айрықша құн – ұйымның болжамына сәйкес қандай да
бір активті пайдалануға және оның пайдалы қызметі мерзімінің соныңда шығып
қалуына байланысты, не қандай да бір міндеттемені өтеуге байланысты пайда
болатын ақшалай қаражатта тасқынының дисконтталған құны.
Әділ құн – жақсы хабардар, осындай мәміле жасағысы келетін және бір –
біріне тәуелсіз тараптардың арасында мәміле жасаған кезде активті
айырбастауға болатын сома.
Өтелетін сома – екі мәннің ішіндегі үлкені: активті таза сату бағасы
және оны пайдалану құндылығы.
Активтің жойылу құны – егер осы актив, болжауға болатындай, пайдалы
қызмет соңында болатын мерзімге және жағдайға жететін болса, шығып қалуға
болжанып отырған шығындарды шегеріп, активті өткізуден ағымдағы кезеңде
ұйым алатындай есептік сома.
Қайта бағалау үлгісінің мәні – актив ретінде таныла отырып, әділ құны
нақты бағалауға келетін негізгі құралдар нысаны, кейіннен жинақталған кез
келген амортизация және кейіннен құнсызданудан жинақталған кез келген
шығындар шегеріліп, қайта бағалау күнгі оның әділ құнына тең қайта бағалау
шамасы бойынша есепке алынуға тиіс. Қайта бағалаулар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темір жол вагон арқылы жүк тиеу
Ластаушы ретінде локомотив жөндеу депосының («сұлтанбай»жшс) негізгі қызметінің сипаттамасы
Тасымалдаудың келтірілген жоспары
Жүк құрылғылары
«Локомотив-2030» ЖШС-дегі локомотивтік бригадалардың локомотив машинисттер мен нұсқаушы-машинисттердің беделін көтеру іс шаралары
ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ
Қазақ темір жолы
НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ТЕРБЕНБЕС ЖШС - ТЕГІ ЕСЕБІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
Дaрaжoлды aрaлықты жaқсaрту іс шaрaлaры
Материалтану
Пәндер