Несиенің формалары мен түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 бөлім. Несие туралы жалпы түсінік
1.1. Несиенің мәні мен
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 5
1.2. Несиенің формалары мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3. Несие құрылымы, қағидалары мен несие
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . . ... ... 10

2 бөлім. Несие кезеңдері мен несиелік процессті талдау
2.1. Несиелеудің кезеңдері мен несиелік
мониторинг ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .17
2.2. БТА Банкінің несиелеу қызметін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 24
2.3. Несиенің экономикадағы
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

3 бөлім. Несие нарығының негізгі мәселелері мен оларды шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 41

Кіріспе

Жұмыс тақырыбының өзектілігі. Несие — бұл пайыз төлеу және қайтару
шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берiлетін ссудалық капитал
қозғалысы. [1, 138 бет]
Несие - нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде экономикалық дамудың
ажырамас элементiн бiлдiредi. Оны барлық шаруашылық субъектiлерiмен қатар,
мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Қарызға алушы несиенi кедей болғаны үшiн алмайды, ол өзінiң меншiктi
қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының объективтi күшіне толық
шамада жетпей тұрғандықтан өз iсiн алға бастыру үшiн алады.
Несие объективтi қажеттiлiктен туындаған және ол коғамдық өндіріс
процесiнде маңызды рөл атқарады. Несие ақшалай капиталдық қарызға
трансформациясын қамтамасыз етедi және несие берушiлер мен қарызға
алушылардың арасындағы қарым-қатынасты бiлдіредi.
Оның көмегімен мемлекеттiң, халықтың, ұйымдардың және кәсiпорындардың
табыстары мен бос (еркiн) ақшалай қаражаттары жинақталып, уақытша
пайдаланудың төлемiне аударылатын несие капиталына айналады.
Сонымен қатар несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары
мен түрлері сипаттайды. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық және
банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы,
қарыз объектісі, динамикасы, пайыз мөлшері және қызмет ету аясы бойынша
ажыратылады.
Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның
ішінде несиелі ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен
экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да
бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің
экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы
жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып
табылады. “Несие” деген сөздің өзі, латын тілінен аударғанда “сенім” деген
мағынада, ол белгілі - бір тұлғаның мойнына алған міндетін орындауға сенім
көрсетуге дегенді білдірсе, екінші жағынан, несие, банктердің филиалдарымен
несиелік мекемелердің қанат жаюымен ұштасып, сол арқылы қазақ даласының
қойнауының капиталын кеңейтуге мүмкіндік береді. 
Несие қазіргі кездегі нарықтық экономикада маңызды рөл атқарады. Ол
банктік жүйеде де, түрлі бизнес субъектілерінің шаруашылығында да және
қарапайым халықтың қаржылық өмірінде де үлкен үлеске ие. Несиенің
экономикадағы алатын орны елеулі екендігіне ешбір күмән жоқ. Олай болса,
бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге болады.
Зерттеу нысаны: екінші деңгейлі банктердің жеке және заңды тұлғаларға
беретін несиелері және несиені беру үдерісі.
Зерттеу пәні – Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердің
несиелеу қызметінің ұйымдастырушылық және экономикалық аспектілері болып
табылады.
Жұмыстың мақсаты - таңдап алынған тақырыпты жан - жақты зерделеу,
қазіргі кездегі несиелеудің проблемаларын талдап, олардың шешу жолдарын
анықтау.
Жұмыстың міндеттері - несие беруші мен қарыз алушы арасындағы
қатынастарды талдау, несиенің жүзеге асырылуы мен несиелік ссуданың қандай
шарттарда және қандай кезеңдерге берілуін қарастыру, несие нарығының
қазіргі жағдайына талдау жасау.
Осы жұмысымда несиенің мәні мен қажеттілігін, формалары мен түрлерін,
жеке және заңды тұлғалар үшін несиенің өте қажеттігін, олардың 
төлем қабілеттілігін, қайтарымдылығын, тиімділігін қарастырамын.
Менің курстық жұмысым үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде несие туралы
жалпы түсінік беріліп, оның түрлері мен қызметтері жайлы жазылып,
тақырыптың теориялық мәні ашылады. Келесі бөлімде несиелік процесс пен оның
кезеңдері қарастырылады. Сонымен қатар бұл бөлімде талдау ретінде БТА
банкінің несиелік қызметі туралы толық ақпарат берілген. Ал соңғы бөлімде
Қазақстан несие нарығының мәселелері мен оларды шешу жолдары ұсынылып,
банктік сектордың ағымдағы жағдайына талдау жасалған.
Жұмысты жазу барысында оқулықтар, газет-журналдармен қатар интернет
желісі де пайдаланылды. Курстық жұмыста Қазақстанның несие нарығы туралы
соңғы статистикалық мәліметтер келтірілген.

1 бөлім. Несие туралы жалпы түсінік
1.1. Несиенің мәні мен қызметі
Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану
керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі
керек:
- несие мәмілесі тұтасымен алғанда несиенің мәнін ашуы керек. Егер
бұл мәміледе несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын
қасиетін жоғалтанынын білдіреді;
- несиенің мәнін талдауда несиенің құрылымын, қозғалыс сатыларын,
несиенің негізін қарастырған жөн.
Несие — ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады.
Несие дегеніміз – бір тұлға басқа тұлғаға құнды, натуралды немесе
ақшалай нысанмен қайтару талабымен және әдетте % төлеумен уақытша
пайдалануға табыстаған кезде қалыптасатын экономикалық қатынастардың
сомасын білдіреді. [4, 198 бет]
Кредит деген сөз, қарызға, несие деген kredo- сенемiн деген
мағына беретiн латынша kreditum деген сөзден шығады. Ол экономикалық
дәреже ретiнде әр түрлi экономикалық қоғамдарда қызмет етедi. Ол тауар
өндiрiсiнiң пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және
кедей қоғамдарда көрiнедi. Несие қатынастарын ақша қатынастары сияқты үнемi
даму үстiнде болады. Алғашқы несие табиғи түрде қоғамның дәулеттi
топтарынан мүлiксiз шаруалар мен кәсiпкерлерге тұтыну мұктаждығы мен
қарыздарды өтеу үшін ұсынылған.
Құндық қатынасты ерекше формасы сияқты несиенiң пайда болуы шаруашылық
жүргiзушi бiр субъектiден босаған құн шаруашылық мәмiледе қолданысқа
түсетiн, бiрақ бiр уақыттарда жаңа қайта өндiру цикiліне ене алмайтын кезде
ғана жүзеге асады. Несиеге байланысты бұл құн қосымша қаражатқа уақытша
қажеттiлiгi туып отырған басқа субъектiге өтедi және қайта өндiру
процесiнің шеңберiнде қызметiн жалғастыра береді. Бiрақ, несиелiк
қатынастардың пайда болуын экономикалық байланысқа түсуге дайын меншiк
иелерi сияқты бiр-бiрiне қарсы тұра алатын тауар иеленушiлер арасындағы
айырбас ауқымынан iздеген жөн. Тауарларды қолдан-қолға өткiзу сияқты тауар
айырбастау және қызмет көрсетумен ауысу несиелiк қатынастардан туындаған
экономикалық жемiс.
Көбiне несиенi ақша ретiнде түсiнедi. Бiр жағынан қарағанда бұған негiз
де бар сияқты. Себебi, қазiргi шаруашылықта қарыз көбiне ақшалай түрде
берiлуде. Бiрақ бұл жерде ақша мен несиенiң әр түрлi ұғымды бiлдiрiп, әр
түрлi қатынастарды түсiндiретiнін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бiр санайтындар да аз
емес, несие — бұл ақшалай қаражаттың екi жақты қозғалысын, яғни қаражаттың
уақытша берiлуiн және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы — сол
қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейдi, яғни қаржы: дотация, субвенция,
субсидия түрiнде берiлсе, олар кайтарымсыз сипатқа ие.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие — бұл
банктiң қаражатын құрайтын көзi ретiнде барлық несиелiк қатынастарды
ұйымдастырудың әр түрлi формаларының болуын және сондай-ақ олардың
жұмсалымдарының формасын бiлдiретiн кең ұғымды сипаттайды. Ссуда — бұл
ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелiк қатынастарды
ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi.
Несиенің маңызы оны қолдау аясы елдің экономикалық жағдайына байланысты
үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы орталықтанған жоспарлы түрде
басқарудан нарықтық экономикаға өтуге байланысты біздің елімізде
коммерциялық және ипотекалық, лизингтік, трастылық қаржылық банктік
операцияларды пайдалану жаңғыртылады, сонымен бірге несие қатынастары мен
несиенің көлемі, несие ставкасы де өзгереді.
Несиенiң экономикадағы орны мен рөлi, оның атқаратын қызметтерiмен
сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретiнде мынадай
қызметтердi атқарады: [2, 97 бет]
- қайта бөлу;
- айналыс шығындарын үнемдеу;
- айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
- капиталдың шоғырлануын жеделдету;
- ғылымы-техникалық прогрестi желелдету.
Несиенiң қайта бөлу қызметi кез келген елдiң ұлттық экономикасының
толық қанды жұмыс жасауына өз үлесi қосады. Несиенiң бұл қызметiнiң
көмегiмен экономикалық жүйенiң бiр саласынан екiншi бiр саласына капитал
ағымы болады.
Несиенiң айналыс шығындарын үнемдеу қызметiнің iс жүзіне асуы несиенiң
экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашлық субъектiлерiндегi ақшалай
қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей
жағдайларда қаржылай ресурстарга деген қажеттiлiктi туындатады.
Ал келесі, қызметi, яғни несиенiң айналыстағы нақты ақшалардың орнын
уақытша алмастыруы. Қазiргi несиелік шаруашылықты мұндай орнын алмастыруга
толық мумкiндiк бар.
Капиталдық шоғырлану процесi қызметi экономиканың тұрақты дамуына
жағдай жасау үшiн маңызды болып табылады. Мұндай мiндеттердi шешуде
несиенiң бұл қызметi өндiрiстiң ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға
мумкiндiк бередi.

1.2. Несиенің формалары мен түрлері
Несие формасы — бұл несие қатынасының сырттай нақты көрініс табуы. Ол
несие қатынасының мәнi мен ұйымдастырылуын синтездейдi Несие қатынасының
формасы мен мазмұны ажырағысыз әрі диалектикалық жағынан бiртұтас болады.
Несие қатынасының формасы оның мазмұны мен дамуына сәйкесуi керек.
Таңдап алынған жiктеу өлшемiне қарай несиенiң мынадай ең маңызды
формаларын бөлiп көрсетуге болады (1-сызба)
- қызмет ету саласына қарай — ұлттық және халықаралық несие;
- несие мәмілесінің объектiсiне қарай — ақшалай және тауарлық
несие;
- несие қатынасының субъектiсiне қарай — банктiк, коммерциялық,
халықаралық тұтынушылық несиелер.

1-сызба. Несиенің негізгі формалары.
Дерек көзі: Сейітқасымов Ғ. С. Ақша, Несие, Банк, Алматы Экономика,
2005

Жоғарыда қарастырылған несие формаларының көптеген түрлерi болады.
Несиенің түрі – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі
қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық
сақталатын көрінісі. [1, 141-142 беттер]
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай
өзгергенімен де, несиенің түрі сол күйінде сақталады.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді.
Оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
I. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
• мақсатты қорларға;
• банктерге;
• қаржы-несиелік мекемелеріне.
2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
• өнеркәсіп салаларына;
• ауыл шаруашылығына;
• саудаға;
• дайындау ұйымдарына;
• жабдықтау-сату ұйымдарына;
• кооперативтерге;
• жеке кәсіпкерлерге.
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.

Мерзіміне қарай:

қысқа мерзімді (1 жылға дейін);

• орта мерзімді (1 жылдан 3 –5 жылға дейін);
• ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
II. Тағайындалуы және пайдалану сипатына қарай:
• негізгі қорларға жұмсалатын;
• айналым қаражатына жұмсалатын.
III. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
1. Қамтамасыз етілген:
• кепіл-хатпен,
• кепілдемемен;
• кепілдікпен
2. Сақтандырылған.
3. Қамтамасыз етілмеген:
• сенім (бланктік)несиесі.
IV. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
1) Стандартты несие - қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында
ешқандай күмән жоқ несиелер;
2) Күмәнді несиелер - қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі
ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған
активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-
санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-
санатты күмәнді.
1 санатты: 1-30 күнге дейін кешіктірілген, 1 рет пролонгацияға
ұшыраған, 5% провизия құрылатын несие.
2 санатты: 30-60 күнге дейін кешіктірілген, 1 рет пролонгацияға
ұшыраған, 10% провизия құрылатын несие.
3 санатты: 60-90 күнге дейін кешіктірілген, 1 рет пролонгацияға
ұшыраған, 20% провизия құрылатын несие.
4 санатты: 90-120 күнге дейін кешіктірілген, 1 рет пролонгацияға
ұшыраған, 25% провизия құрылатын несие.
5 санатты: 120-150 күнге дейін кешіктірілген, 1 рет пролонгацияға
ұшыраған, 50% провизия құрылатын несие.
3) Үмітсіз несиелер - қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен
ссудалар шотына жазылған несиелер. 150-180 күнге дейін және одан көп
кешіктірілген, кемінде 2 рет пролонгацияға ұшыраған, 100% провизия
құрылатын несие.
V. Валютамен берілуіне қарай:
• ұлттық валютамен;
• шетел валютасында.
VI. Берілу шартына қарай:
• Тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу
үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.

Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді,
өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ
мерзімге берілетін несиені білдіреді.

• Овердравт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру арқылы ондағы
дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
• Овернайт несиесі – өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін
банкаралық несиенің түрі.
• Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа
мерзімді несие.
• Банкаралық несие – банктердің бір-біріне беретін несиесі.
• Ломбардтық несиесі – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы
қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
• Лизингтік несие - құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін
несие.
• Рамбурстық несие – шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай
фабрикат және дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде
пайдаланылатын несие.
• Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары
клиенттерге берілетін несие.
• Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу
мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға араналған несие.
• Консорциалдық несие – ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің
өзара қосылып беретін несиелері.
• Жаңартпалы несие – (ағл. Revolve- айналыста болу, кезең сайын
ауыстырып отыру) - ссуда капиталының ұлттық және әлемдiк нарықтарында
жаңғыртпалы несие. Ол белгiленген берешек лимитi шегiнде және өтеу
мерзiмi шегінде несие келiсiмiне қатысушы елдер арасында қосымша
келiсімөзсiз автоматты түрде берiледi.
Несие желiсi қарыз алушының алдындагы несие ұйымының оған несие
келiсiмшартының белгiленген әрекет етуі кезеңi iшінде белгілі бір мақсатқа
және келісілген мөлшерде несиені беру жөніндегі заң тұрғысынан рәсімделген
міндеттемесі. Несие желісінің ашылуы несие беруші мен қарыз алушының ұзақ
уақытқа созылатын тығыз ынтымақтастығын білдіреді.

1.3. Несие құрылымы, қағидалары мен несие жүйесі

Несие құрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз
капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік
мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субъектілері деп
атауға болады. Осы тараптардың біреуі болмаса несиелік мәміле жасалмайды.
Несие берушi — қарызды беретiн несиелiк қатынасының бір жағы немесе бұл
уақытша пайдалануға қарыз берушi субъектiлер болып табылады. Несие
берушілерге мемлекет, банктер (орталық және коммерциялық), банк типтес
мекемелер мен қаржылық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары да
жатады. Кейбір жағдайларда, несиенің коммерциялық формада берілуіне
байланысты несие берушіге өнім өндіруші кәсіпкерлер де жатуы мүмкін. Ал,
қарыз алушыларға қаражатқа деген уақытша қажеттілігі бар кез келген заңды
және жеке тұлғалар жатады. [5, 49 бет]
Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші – банк болып
табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақытша бос
қаражаттары шоғырландырып, оларды қарызға алушыларға уақытша пайдалану үшін
несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға алушы
ғана емес, сондай-ақ соңғысы да меншік иесіне қайтаруға міндетті. Бұл арада
банк бір жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда – қарыз алушы болып
көрінеді.
Қарыз алушы — бұл несиенi алушы және оны қайтаруға міндеттi, несиелiк
қатынастың екiнші жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы
туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Борышқор және қарыз алушы
бiр-бiрiмен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсiнiктерi әр түрлі.
Мысалға, кәсiпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке,
салықтарға т.б. байланысты төлемдерi кешігуi мүмкiн, бiрақ бұл жерде
ешқандай да несиелiк қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық
қатынасты емес, сондай-ақ адал адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды.
Борыш - бұл өте ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы - бұл қосымша қаражатқа деген
сұранысы бар тұлға. [5, 49 бет]
Қазіргі заман талабына сай қарызға алушылар – кәсіпорындар,
кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға
алушы қарызға алынған қаражаттың меншік иесі болып табылмайды, өндіріс
саласында, айналымда оны өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған
ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейін
оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде
төлейді. Несиелік мәміледе қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған несие
беруші өз талаптарын қояды.
Несие беруші мен қарызға алушы өзара іс әрекеттерінде қарама-
қайшылықтың бірлігі сипатын көрсетеді. Несиелік мәміленің қатысушылары
ретінде олар, оның қарама-қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделері де
бөлек, несие беруші неғұрлым жоғарғы пайыздық несие бергісі келсе, қарыз
алушыға мүмкіндігінше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу мұддесі
болады. Несие берушілер мен қарызға алушылардан басқа несие қатынасы
құрылымының элементі алыс-берістің объектісі – құнның негізгі бөлігі сияқты
өзөіндік өтелмеген құны – несиеленген құн болып табылады.

2-сызба: Несиенің құрылымы

Дерек көзі: Сейітқасымов Ғ. С. Ақша, Несие, Банк, Алматы Экономика,
2005

Қарыз берушi және қарыз алушымен қатар несиенiң құрылымының элементiне
берiлетiн объекті де жатады. Беру объектiсi — бұл құнның ерекше бөлiгi,
яғни қарызға берiлген құнды бiлдiреді.
Несиелеу объектісі - бұл несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске
асырылу аясы деп түсінуге болады. [1, 142 бет]
Несиелеу объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс
шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие материалдық жағынан қамтамасыз
етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде
де болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу объектісіне өндірістік
шикізат қорларын, негізгі және көмекші матариалдарды, жанармай, ыдыстар,
сатып алынатын жартылай өнімдер, азықтар және басқа да материалды
құндылықтардың маусымдық жинағы және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және
сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымды қорлары жатады. Мұндай қорларды
жасау, ең бастысы, өндіріспен және өнімдерді сату процесімен тығыз
байланысты.
Несиелеу объектісіне, экспортты және импортты тауарлар мен
қызметтермен жабдықтау, экономикалық қызметке байланысты шығындар,
кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың сатып
алынатын шикізаттары, материалдары, құралдары және басқа да мүліктері,
ломбардтық операциялар, шаруашылық субъектілердің кірістері мен шығыстары
арасындағы алшақтық жатады.
Ұзақ мерзімді несиелеу объектілеріне жататындар мынадай түрлерге
бөлінеді: [1, 143 бет]
• өндіріс объектілерінің құрылысы;
• өндіріс объектілерін қайта құру, техникалық жағынан қайта қаруландыру,
кеңейту;
• техникалар, құрал-жабдықтар және көлік құралдарын сатып алу;
• жаңа өнім шығаруды ұйымдастыру;
• өндірістік емес маңызы бар объектілерді салу.
Несиелеу қағидаттары (принциптері) несиенің мәнін және қызметтерін,
сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті
экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді. [1, 143 бет]
Несиелеу қағидаттары негізінде несиелік процесс, яғни банктік
несиелердің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады.
Несиелеу қағидаттарына байланысты банктік несиелердің берілуінің басты
шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы
шеңберінде қатынасу нәтижелілігі және т.б. анықталады.
Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру қағидаттары екі топқа
бөлінеді: [1]
І топқа – жалпы экономикалық тәртіптегі қағидаттар:
• несиенің мақсаттылығы;
• несиенің дифференциялдығы.
ІІ топқа – несиенің мәнін бейнелейтін қағидаттар:
• несиенің мерзімділігі;
• несиенің қайтарымдылығы;
• несиенің төлемділігі;
• несиенің қамтамасыз етілуі.
Қазіргі несиенің дифференциялдық қағидаттарының мазмұны өзгерген десе
болады. Біріншіден, ол мерзімділік қағидаттарымен байланысады, яғни несие
уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан да
несиелеудің дифференциациялануы тек несиелік қабілетті сипаттайтын
көрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асырылады. Екіншіден, бұл қағидат
несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурстарға деген
сұранысын оқып-үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың несиелік
қабілетін және сұралып отырған ссуданың қамтамасыз етілу сипатын және
олардың банк үшін пайдалылығын, сондай-ақ қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын
жетекшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске
қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің
дифференциациялануы, оның өткен жүйедегі нұсқасымен салыстырғанда қаталдау
болып табылады.
Мерзімділік – белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне
негізделген несиенің ерекше бір белгісі. Ол, яғни несие берушінің қарыз
алушыға берілген қаражаты белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай
қайтарылуға тиістілігімен қорытындыланады. Осыдан келіп, несиенің
қайтарымдылық қағидаты туындайды.
Несиенің қайтарылымдылығы оның экономикалық категория ретінде басқа да
тауарлы-ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылатын
ерекшелігімен сипатталады. Қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да,
қайтарымдылық - несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.
Шаруашылықтың нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бұл
қағидатына ерекше мән берілген. Біріншіден, оның сақталуына байланысты
ұдайы өндірісте ақшалай қаражаттармен бірқалыпты қамтамасыз етілуі тәуелді.
Екіншіден, бұл қағидатты сақтау коммерциялық банктердің өтімділігін
қамтамасыз ету үшін қажет. Олардың жұмысын ұйымдастыру қағидаттары
тартылатын несиелік ресурстардың қайтарымсыз жұмсалымдарға салынуына жол
бермейді. Үшіншіден, әр жекелеген қарыз алушы үшін бұл принциптің сақталуы
банктен жаңа несие алуға мүмкіндік береді.
Несиенің төлемділігі – бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін
қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын
білдіреді. Іс жүзінде ақылылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы
(пайыз) түрінде беріледі.
Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы деп те атайды.
Еркін реттелетін нарық жүйесі тұсында несие үшін сыйақы мөлшерлемесі
несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады.
Қазіргі банктердің несие үшін сыйақы мөлшерлемесін белгілеуде ескеретін
басты факторларына мыналар жатады: [1, 144 бет]
• орталық банктің коммерциялық банктерге беретін ссудалары (мүдделендіру)
бойынша белгіленетін сыйақысының базалық мөлшерлемесі(
• банкаралық несие бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі(
• өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа сыйақы мөлшері(
• банктің несиелік ресурстарының құрылымы тартылған (қаражаттар үлесі
қаншалықты жоғары болса, несие бағасы соғұрлым қымбат болуға тиіс)(
• несиеге деген сұраныс (сұраныс аз болса, несие бағасы да арзан болады)(
• несиенің сұралатын мерзімі мен түрі, нақтырақ айтсақ, банк үшін оның
қамтамасыз етілуіне байланысты тәуекел дәрежесі(
• еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы (инфляция қарқыны қаншалықты
жоғары болса, соған сәйкес несие үшін төленетін сыйақыда жоғары болуға
тиіс, себебі, инфляция жағдайындағы ақшаның құнсыздануынан банктің
ресурсын жоғалту тәуекелі артады).
Cонымен қатар, пайыз мөлшерлемесіне объективтік және экономикалық, сол
сияқты субъективтік факторлар да әсер етеді. Шын мәнісінде, заңды және жеке
тұлғалардан тартатын несиелік ресустар қаншалықты қымбатқа түссе, соғұрлым
несиенің бағасы жоғары келеді.
Несиелеудің келесі бір қағидаты - берілетін ссудалардың материалдық
жағынан қамтамасыз етілуі. Бұл қағидаттың пайда болуы негізінен несиенің
экономикалық категория ретінде шығуымен бірге келеді. Бірақ та, уақыт өте
келе, бұл қағидаттың мазмұны толығымен өзгерген.
Ал, бүгінгі несиенің қамтамасыз етілуі ретінде кепіл, кепіл-хат,
кепілдеме, сақтандыру міндеттемелері қолданылуда.
Енді осы несиенің қамтамасыз етілу тәсілдеріне тоқталайық.
Кепілге берілетін ссуда – бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз
етілген несие. Кепілге берілетін активтер қарыз алушының иелігінде қалып,
оның пайдалануында болады. [1, 144 бет]
Экономикасы жақсы дамыған елдердегі қарыз алушының жағдайы жақсы болып
келген жағдайларда несие қамтамасыз етілмеуі де мүмкін.
Несие берушінің кейбір активтерді анықтаудағы нақты мәселелері
кездеседі. Сондықтан кепілге берілетін кейбір активтердің төмендегідей
сипатта болуын білу шарт:
Біріншіден, кепілге несие берілуі туралы шешім қабылдағанға дейін жеңіл
бағаланатын болуға тиіс.
Екіншіден, кепілге алынатын мүліктің нарықтағы қозғалыс мүмкіндігін
үнемі тексеріп отыру қажет.
Үшіншіден, кепілдің өтімділік дәрежесін есепке алу өте маңызды, басқаша
айтсақ, кепілге алынатын зат көп уақыт өтпей нақты ақшаға айналуға тиісті.
Төртіншіден, кепіл туралы келісім жасасқанда, кепілдің амортизациясын
немесе моральдық тозу жақтарын ескеру қажет. Өйткені, кейбір активтер
басқаларына қарағанда өзінің бастапқы құнын тез жоғалтады.
Кепіл-хат - қарыз алушы төлеуден бас тартқан жағдайда, үшінші бір
жақтың қарызды өтеймін деген жазбаша міндеттемесін береді. Бұл жағдайда
кепіл-хаттың заңдылығы туралы несие берушіге қарыз алушыдан төлеуді
кепілдеуге, кепіл берушінің құқығы туралы сұрақтың маңыздылығын ескеру
қажет. Кепіл-хаттың ссуданың қамтамасыз ету құралы ретінде пайдалану, кепіл-
хатты берушінің тұрақтылығын алдын ала бағалап білуді талап етеді.
Кепіл-хат – күрделі экономикалық құрал ретінде мынадай түрлерге
бөлінеді.
Біріншіден, ол қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген болып
келеді.
Екіншіден, ол шектеулі немесе шектеусіз болады. Шектеусіз кепіл-хат
бойынша, оны беруші бір қарыз алушының барлық қарызын несие берушіге төлей
алмайтындығы жағдайында төлеуге кепіл береді. Мұндағы кепіл-хат қамтамасыз
етілмеген болып келеді. Шектеулі кепілдеме - бұл нақты бір қарыз алушының
ссудаға байланысты болатын қарызын төлеуге кепілдік береді. Кепіл-хаттың
бұл түрлері біздің елімізде дами алған жоқ.
Үшіншіден, жеке немесе корпоративтік кепіл-хаттар. Жеке кепіл-хат жеке
тұлғаларды, серіктестіктерді несиелеу барысында қолданылады.
Корпорациялардың кепіл-хаттары басқа бір корпорациялардың алған ссудаларын
қамтамасыз етуде жиі пайдаланылады. Бұл аталған кепіл-хаттар дамыған елдер
тәжірибесінде кең қолданылғанымен де, біздегі корпорациялардың беретін
кепіл-хаттарына банктер әлі де болса, олардың түбінде өтей алатындығына
сенімсіздік танытуда.
Несиелерді қамтамасыз етудің келесі бір жолы – несиелерді сақтандыру.
Бұл енді біздің тәжірибемізде кезінде қолданылғанымен де, оның айналасында
көптеген мәселелер орын алуда.
Несие жүйесi — жалпы банктердiң (ұлттық және коммерциялық) және банктiк
операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктiк емес мекемелердiң
жиынтығы. [7, 55 бет]
Несие жүйесi ұғымы банк жүйесiне қарағанда кеңiрек, яғни мұнда өзге де
несиелiк мекемелер қамтылады. Әр елдiң өзiндiк ерекшелiгiне қарай несие
немесе банк жүйесiнiң құрылымы қалыптасады. ҚР-дағы несиелiк жүйе екi
буыннан тұрады: бiрiншiсi — банктiк жүйе, ал екiншiсi — парабанктiк жүйе
(банктiк емес мекемелер).
Банктердiң саны жылдан жылға азаюда. 90-шы жылдардың басында олардың
саны 200-ден асты, сөйтiп банк жүйесiн реформалау натижесiнде олардың саны
39-ке дейiн (2010 ж.) қысқарды. Жалпы банктер қатарында мемлекеттiк банктер
(мемлекеттiң 100% қатысуымен құрылған) саны - 2. Қазақстанның банктiк
секторында шетел капиталының қатысуы кеңейе түсуде, олардың саны - 16,
яғни жалпы банктер санының жартысына жуығын алады. Ал банктiк емес
мекемелер санының керiсiнше, өсiп келе жатқандығын байқаймыз.
Қазақстан Республикасының несиелiк жүйесiнiң құрылымы мынадай сызбамен
берiлген.

3-сызба: Қазақстан Республикасының несиелiк жүйесiнiң құрылымы

Дерек көзі: Сейітқасымов Ғ. С. Ақша, Несие, Банк, Алматы Экономика,
2005

Келтірілген сызбаға енген несие жүйесінің құрылымдық элементтерінің
мазмұнын сипаттамайтын, оның иерархиялық құрылымы 1-кестеде берілген.

1-кесте. Несие жүйесінің иерархиялық құрылымы
Несие Иерархия Мекеме аты Бөлімшелер Мекеменің қызметі
жүйес деңгейі аттары
і
Орталық 1.Ақша айналысын
Банк жүйесі І Ұлттық банкаппарат. және қолма-қол
Ұлттық ақшасыз есеп
банктің айырысуды
басқармасы ұйымдастыру.
2.Үкіметке
несие-есеп айырысу
қызметін көрсету.
3.Алтын-валюта
резервін басқару.
4.Ақша-несиелік
реттеу.
1.Екінші Орталық Клиенттерге
ІІ деңгейлі аппарат несие-есеп айырысу
банктер Филиалдары. қызметін кешенді
Өкілдік. түрде көрсету.
Еншілес
банкі.
2.Мамандан-Бөлімшелері Банк көрсететін
ған банктер қызметтің жекелеген
түріне ғана
маманданған
Банктік Орталық Манманданған
Парабанк ІІІ емес аппарат несие-есеп айырысу
жүйесі мекемелер Филиалдары. және қаржылық
Өкілдік. қызмет көрсету
Пошта-жинақОрталық Халыққа несие-есеп
IV мекемелер аппарат айырысу қызметін
(АҚ көрсету, ұсақ
Қазпошта) салымдарды тарту.
Бөлімшелері

Дерек көзі: Сейітқасымов Ғ. С. Ақша, Несие, Банк, Алматы Экономика,
2005
2 бөлім. Несиелік процесс және несиенің кезеңдері

2.1.Несиелеудің кезеңдері мен несиелік мониторинг

Қазіргі кезде екінші деңгейдегі банктердің жеке тұлғаларға беретін
несиеліріне тұтыну және ипотекалық несиелер жатады.
Тұтыну несиесінің мынадай түрлері қолданылуда:
- автомобилдік несие;
- ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берілетін несие;
- тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына берілетін несие;
- аса қажеттіліктерге (оқу, емделу, демалу және т.с.с) берілетін
несие
Мұнда автомобильдік несие бойынша жаңа және жүрілген автомобильдерді
банк несиесі көмегімен алуға болады.
Ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады:
• жиһаз;
• сантехника;
• аудио-видео-және тұрмыстық техникалар;
• компьютер және оргтехника;
• басқа да тұтыну тауарлары.
Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына: үйдің ішінде және сыртында құрылыс және
басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу жатады.
Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының
несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін
несиелеу субъектісімен қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық
сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісімшарт негізінде шешеді.
Несиелік келісімшарт екі жақтың өзара міндеттемелерін және
жауапкершіліктерін анықтайды. Онда мыналар көрсетіледі: [3, 130 бет]
- несиелеу мақсаты және объектісі;
- несиенің мөлшері;
- несиені беру мерзімі және қайтару шарттары;
- несиені қамтамасыз ету формасы;
- несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі;
- несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін
қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі;
- несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі.
Несиелік келісімшарттың мазмұнын келісуші жақтардың өздері анықтайды.
Несиелік қатынастарды ұйымдастыру тәжірибесінде кепіл туралы келісім-
шарттың орны ерекше. Кепіл туралы шарт кепіл затына байланысты ажыратылады.
Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа да мүліктер және мүліктік
құқықтар жатады.
Жеке тұлғаны тұтынушылық несиелеу үрдісі мынадай кезеңдерді қамтиды:
[1, 168-173 беттер]
1-кезең. Қарыз алушымен сұхбаттасу және оның өтінішін қабылдау. Жеке
тұлғамен сұхбаттасу және оған кеңес беруді банктің фронт-кеңсесінің
қызметкері - несие менеджері жүзеге асырады. Алдын ала сұхбаттасу барысында
несие менеджері клиенттің қандай мақсатқа несиені алуды қалайтынын, қандай
сома сұрайтынын, қанша мерзімге алатынын және кепілге қандай мүлікті
ұсынатындығы туралы ақпараттарды біледі. Банк тарапынан клиентке берілетін
несиенің шарттарымен таныстырады.
Егер осындай сияқты шарттармен клиент келіскен жағдайда несие-менеджері
клиент мынадай құжаттарды талап етеді:
- қарыз алуға сауалнама-өтініші;
- жеке куәлігінің көшірмесі.
- СТТН көшірмесі.
- Соңғы 6 немесе 12 айға бөлініп көрсетілген жалақы және басқа
табыстары туралы жұмыстан берілетін анықтама.
- Жұмыс стажы туралы жұмыс орнынан анықтама.
- Үй кітабының көшірмесі;
- Кепілдік нысанына құқық беретін құжаттар;
- Кепілдік берушінің отбасылық жағдайын растайтын құжаттар (заңды
некеде тұрса, неке туралы куәліктің ноториальды түрде
куәландырылған көшірмесі, некеде тұрмаса, онда кепілге қойылатын
мүлікті сатып алу кезінде некеде тұрмағандығы туралы нотариалды
түрде куәландырылған мәлімдемесі (түпнұсқасы), кепілдік берушінің
жұбайының және басқа қосымша иегерлерінің нотариалды түрде
куәландырылған келісімі (түпнұсқасы).
2-кезең. Клиенттің несиелік құжаттарына несиелік және заңи сараптамалар
жүргізуді қамтиды.
Несиелік сараптаманы несиелік сараптаушы жүргізуге тиіс. Несиелік
сараптама нәтижесінде қарыз алушының төлем қабілеті мен несиелік қабілеті
анықталады. Несиелік қабілеті бағалауда отандық банктер тәжірибесінде
мынадай көрсеткіштер қолданылады:
1) Негізгі қарыз төлемінің айлық мөлшері (НҚАТ) ( Несиенің мөлшері
несиенің мерзімі
2) Сыйақы мөлшерлемесі бойынша төлемінің айлық мөлшері (СМАТ) (
Несиенің мөлшері * сыйақы мөлшерлемесі 12 ай;
3) Негізгі қарыз және сыйақы мөлшерлемесі бойынша төлемінің айлық
мөлшері (НҚСАТ) ( НҚАТ ( СМАТ
4) Таза табыс (ТТ) ( Жалпы табыс – салықтық және басқа да төлемдер
5) Нақты несиелік қабілеті (ННҚ) ( НҚСАТ ТТ
Нақты несиелік қабілетінің мәні жобамен 35-45(-дан төмен болмауы тиіс.
Несиелік құжаттарға заңи сараптаулар кезінде қарыз алушының азаматтығы,
оның құжаттарының заңдылығы және кепіл затына құқық беретін құжаттардың
шынайылығы мен қарыз алушының меншікі құқығын тексереді.
Осы кезеңдегі келесі бір маңызды қадам кепілге қоятын затын бағалау.
Кепіл затын бағалауды тәуелсіз бағалау немесе банктің өзінің бағалаушылары
жүзеге асыруы мүмкін.
3-кезеңде несиелік комитеттің оң шешімінің шығаруына байланысты қарыз
алушы мен банк арасында несиелік және кепіл туралы келісім-шарттар
жасалады. Несиелік және кепіл туралы келісімшарттарды банктің заңгерлері
даярлайды. Онда қарыз беруші мен қарыз алушылардың құқықтары мен
міндеттері, жауапкершіліктері және өзге мәселелер қамтылады. Қарыз алушы
несиелік және кепіл туралы келісімшарттың шартымен келіскен жағдайда оған
қолын қояды. Мұндағы несиелік келісім шарт 2 данада, егер жылжымайтын
мүлік кепілге алынған жағдайда кепіл туралы келісімшарт үш данада
жасалады. Несиелік келісімшарттың бір данасы қарыз алушыға беріліп, бір
данасы банктегі клиенттің іс-құжатында тіркеледі. Кепіл туралы
келісімшарттың бір данасы Жылжымайтын мүлікті тіркеу мекемесіне кепіл
затына арест қою үшін тапсырылады.
4-кезеңде қарыз алушының атына ағымдық шот ашылып, ең басты оған
бастапқы жарна мөлшері салынғаннан кейін барып, банктің беретін несие
сомасы аударылады. Қарыз алушыға несиелік қызмет көрсеткені үшін банк
белгілі мөлшерде комиссия алады. Қарыз алушы шоттағы соманы қолма-қол
ақшаға айналдырған үшін банкке тиісті мөлшерде комиссия төлейді. Сонымен
қатар, банк кепілге алынған мүлікті сақтандыруды талап етеді, және егер
сақтандыру қызметі банк тарапынан көрсетілсе қарыз алушы тарапынан оған
қосымша сақтандыру жарнасы төленеді.
5-кезеңде несиенің қайтарылуына мониторинг жасалады. Несиелік
мониторинг несиені қайтару кестесі негізінде жүргізіледі. Несиені қайтару
кестесі қарыз алушыға берілетін несиелік келісімшартқа қосымша бет
ретінде тіркеліп беріледі. Несиелік мониторингті несиелік сарапшы
жүргізеді. Несиелік мониторинг ағымдық және тереңдетілген болып келеді.
Қарызды алу үшiн келесі құжаттар керек: жұмыс орнынан берiлетiн
анықтамалар, соңғы жарты жылдағы табысы туралы мәліметі және сол компанияда
жұмыс iстейтiн кепiлшiнiң сондай табыс туралы мәлiметi.
Жинақ банкi шұғыл мұқтаждықтарға немесе сабақтас несие берудiң схемасы
бойынша қарыз бере алады. Бiрiншi жағдайда ендi 2 кепiлшi керек, бұл
бухгалтериядан жинақ банкiнiң стандарттары бойынша ресiмделген табыстары
туралы тағы бiр кепiлшi мәліметі қажет екендігін білдіреді. Екiншi жағдайда
бiр-ақ кепiлшi керек болады, бiрақ алынатын техникасын банк ұсынған
сақтандыру компанияларының бiрiне қамсыздандыру керек. Қарыздың беруi
туралы жинақ банкiнің қарастыру мерзiмі – 8-ден 12 жұмыс күнiне дейін, 1,5-
2,5 күнтізбелік апта, ол таңдап алған несие түріне байланысты. Тауардың
алуына жинақ банкiне бiрiншi кiрiсiнен толық мерзiм бiр айлық минимумды
қамтиды, егер қарыздың беруi туралы оң жағымды шешiм қабылданса.
Қарызды қайтарулар туралы. Қазіргі таңда жиі еңбекақы ай сайын
есептелiп қоятын жинақ банкiнiң пластикалық картасы қолданылуда, бірақ оны
қарызды өтеуге қолдану мүмкін емес. Қарызды өтеу үшін ақшасын ай сайын
салатын есеп жинақ банкiнде қажет мерзімге дейін шот ашу керек.
Есептеулерді неғұрлым жылдам жүргізу үшін шотты банктің бас бөлімшесінде
ашу керек.
Несиелік мониторинг – несиені берген күннен бастап, оны толық
қайтарғанға дейін бақылауды және қарыз алушының несиелік қабілетінің
өзгерісін үнемі талдап отыруды, несие сапасының төмендеуі немесе несиелік
келісімшарттың бұзылуы анықталған жағдайларда тиісті шаралар қолданылуды
қамтитын банктің күнделікті жұмысы. [1, 154 бет]
Несиелік мониторингті жүргізуге арналған ақпарат көзіне мыналар жатады:
- банкте жинақталған қарыз алушы туралы ақпарттар;
- қарыз алушыдан алатын ақпараттар;
- өзге көздерден алынатын ақпараттар (жабдықтаушылардан, сатып
алушылардан, өзге банктерден, қаржы ұйымдарынан, үшінші тұлғалардан
және т.б.).
Ақпараттың толықтығына қарай несиелік мониторинг ағымдық және
тереңдетілген болып бөлінеді.
Ағымдық мониторинг – ай сайын ағымдық мониторинг есебін түрінде
рәсімделетін, несиені қайтару кестесінің орындалысы шегінде барлық несиелер
бойынша жоспарлы түрде қарыз алушының шаруашылық және қаржылық жағдайы
туралы жалпы ақпараттарды алу негізінде жүргізілетін тексеру.
Ағымдық несиелік мониторинг әр ай сайын несие толық қайтарылғанға дейін
жасалады. Ағымдық несиелік мониторинг қорытындысы бойынша есеп беру нысаны
15-қосымшада берілген.
Ағымдық несиелік мониторингтің мақсаты – банктің барлық берген
несиелер бойынша төлемсіздіктің алдын алу. Мониторинг жүргізуде несиені
қайтару кестесі пайдаланылады және оның көшірмесі шот менеджеріне беріледі.

Ағымдағы мониторингтің негізгі қадамдарына мыналар жатады:
- қарыз алушының шотындағы ақша қаражаттарының қозғалысына бақылау
жасау;
- клиентке ескертулер жасау (несиені төлеу мерзімінен екі үш күн бұрын
телефон арқылы ескерту, телефон болмаған жағдайда жазбаша түрде);
- клиенттің орналасқан жеріне бару (қарыз алушы кәсіпорынның қаржылық
есебінің материалдары негізінде оның қаржылық және шаруашылық
жағдайымен танысу және т.б.).
Қарызды қайтару күнінде несиені қайтару кестесі бойынша қарыз алушының
негізгі қарыздың және пайыздың төленгендігі тексеріледі.
Егер қарыздың қайтаруын кешіктіру қарыз алушының уақытша қаржылай
қиындықтарына немесе ұмытшақтығына байланысты болса, онда дабыл қағу қажет
емес. Бұл жағдайда қарыздың кешіктірілуі қарыз алушының болашақ іскерлігіне
кері әсер ететіндігін ескерткен дұрыс.
Егер қарыз алушының тексеріп бару барысында несиені қайтармауымен
байланысты мүмкін болар мәселелердің барлығын куәландыратын қауіпті
белгілер анықталса, онда тереңдетілген мониторинг жүргізіліп, оның
нәтижесінде мынадай сұрақтарға жауап ізделінеді:
- қарызды кешіктіру себептері;
- кешіктірілген қарызды қайтару мүмкіндігі;
- алдағы уақыттары қарызды қайтару кестесін орындау мүмкіндігі.
Тереңдетілген мониторинг - ай сайын тереңдетілген мониторинг есебін
түрінде рәсімделетін, несиені қайтару кестесінің орындалысының бұзылуына
қарай, жоспардан тыс (кенеттен) немесе қандай да бір алаңдатарлық
белгілердің туындауына байланысты қарыз алушының шаруашылық және қаржылық
жағдайы туралы барынша толық ақпараттарды алу мақсатында жүргізілетін
тексеру.
Тереңдетілген мониторингтің ұзақтылығы мыналарға тәуелді:
- қарыз алушының несиелік рейтингіне;
- қарыз алушының саласының жағдайына.
Несиелік рейтинг – несиені қайтару ықтималдығы, міндеттемені орындау
тұрғысынан қарыз алушының несиені өтеу қабілеттілігін бағалауды білдіреді.
Мұндай рейтингті әдетте банктер немесе мамандандырылған консалтинг
агенттіктері анықтайды.
Несиелік мониторинг келесі бір түріне несиелік ресурстардың мақсаты
пайдалануын тексеру жатады. Несеиелік ресурсты бергеннен кейін несие
менеджері міндетті түрде жобаның іске асырылатын жеріне барып қарыз
алушының несиелік ресурсты көздеген мақсатқа пайлану барысына тексеру
жасайды.
Егер жоба бойынша несиелік ресурсты игеру кезең-кезеңімен жүзеге асатын
болса, онда жобаның әр кезеңінде игерілген несиелік ресурстың көлеміне
қарай, оның көздеген мақсатқа пайдалану барысына тексеру жұргізіледі.
Қарыз алушының несиелік ресурстарды көздеген мақсатқа пайдаланбағаны
анықталған жағдайда несие менеджері қарыз алушының міндеттемені
орындамағаны туралы хабарлама даярлап және оны заң қызметкері тексеріп
куәландырады. Сөйтіп ол мәселені несиелік Комитеттің алдына қарауына қояды.
Несиелік комитет ондай несиелер бойынша қарызы туралы нақты шешім
қабылдайды.
Проблемалық несиелерге мыналар жатады:
• несиелік келісімшартта көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты
кешіктірілген және қосымша келісім берілген несиелер;
• сақтандыру, кепіл-хат немесе кепілдемемен қамтамасыз етілген несиелер
бойынша сақтандыру компанияларының, кепіл-хатты және кепілдеме
берушілердің банк алдындағы міндеттемелері орындалмағандар;
• несиелерге есептелетін пайыздың несиелік келісімшартта көрсетілген күннен
30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несиелер.
Сондай-ақ проблемалық несиелерге қарсы шараларға мыналар жатады:
- қарыз алушының қызметін қайта құру;
- несиені қайтару кестесін өзгерту;
- пайыз (сыйақы) төлеу тәртібін өзгерту.
Отандық банктік тәжірибеде проблемалық несиелерге несиелердің жіктелу
ережесіне сәйкес стандартты несиеден өзгелері, соның ішінде күмәнді және
үмітсіз несиелер жатады. Кез келген коммерциялық банкте проблемалық
несиелер Басқармасы немесе жұмыс жасау бөлімі ұйымдастырылуы қажет.
Проблемалық несиелермен әрі қарай жұмыс жасау бағытын таңдауда мынадай
факторлар ескерілуі тиіс:
- қарыз алушының Банк алдындағы міндеттемені орындамау себебі;
- проблемалық несиенің пайда болу себептері: дефолтқа итермелеген форс-
мажор немесе нарықтағы жағдаяттың теріс өзргерісі, бизнес
жоспарындағы жіберілген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық категория ретінде несиенің мәні және қажеттілігі
Несиенің формалары және түрлері
Толық құнды, толық құнсыз қағаз несиенің мәні мен қызметтері
Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы
Несие формалары және түрлері
Несиенің қажеттілігі және мәні
Несие туралы ұғым, оның пайда болуы
Несиенің формалары мен қазіргі кезеңдегі дамуы
Жеке тұлғаларды несиелеудің мәні, формалары және жіктелуі
Несие
Пәндер