Колумбтың екінші экспедициясы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-5

Негізгі бөлім

І тарау

Оңтүстік Американың ашылуына үлес қосқан ұлы зерттеушілер ... ... ... ...
6-7

1.1. Колумбтың І, ІІ, ІІІ, ІV
саяхаттары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-11

1.2. Америго Веспучи және Фернандо Магелан
саяхаттары ... ... ... ... ... ...12 -15

1.3. Американы алғашқы ашушылар: фактілер және гипотезалар ... ... ...16-
17

ІІ тарау

Солтүстік Америкаға жалпы сипаттама және зерттелуі

2.1. Солтүстік Америкаға физикалық – географиялық
сипаттама ... ... ... 18-19

2.2. Солтүстік Американың зерттелу тарихы.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20-22

Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 25-26

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27-30

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Осы заманғы дүниежүзілік ғылымның асыл мұрасы,
алтын қоры, географиялық материалдар бірте – бірте жиналды. Оларды адам
баласы зор қиыншылықтарды жеңе отырып жинап терді: талай – талай
саяхатшылар, ғалымдар бұл жолға бүкіл өмірін сарп етті,құрбан болды. Бірақ
жеңімпаз адам алған бетінен қайтпады. Көздеген мақсатына жетті. Ақыры
жерді, оның формасын дұрыс түсінді. Адам жер шарының орасан үлкен екеніне,
ал бүкіл әлеммен салыстырғанда соншалық кіші екендігіне көзі жетті.

География – ғылымдардың ішіндегі ең көнелерінің бірі. Сондықтан да, бұл
ғылымды терең зерттеп, дұрыс түсінуді, бүкіл жастар өзіне зор міндет деп
санауға тиіс. Мұны білмей табиғатты, оның ұшан – теңіз құпия сырларын танып-
біліп, оны қоғам пайдасына жарату мүмкін емес. География ғылымынынң тарихы
бізді адам баласының жер шарын бірте – бірте қалай ашып білуімен
таныстырады. Бұл ұзақ, әрі тамаша тарихи оқиға. Біздің жыл санауымызға
дейінгі ерте заманда алғашқы географиялық түсінік Нил өзені бойында –
Египетте, жалпы Жерорта теңізі жағалауын мекендеген елдерде пайда болды.
Бірақ олар сол өзендері тұрған жерлерімен, әрі кеткенде көршілес елдердің
жерлерімен ғана танысты. Платон мен Аристотель әлем, адам баласы дегенде,
олар тек қана Жерорта теңізі жағалауын мекендеген эллиндер мен кейбір
жауынгер тайпаларды айтады. Біздің заманымызға дейінгі жыл санаудың V – IV
ғасырында Геродот, Пифогор, Аристотельдер ғана жерді шар тәрізді деп дұрыс
түсінді. Бұған орта ғасырлардағы Араб, Орта Азия, тағы басқа елдер
ғалымдарды да үлесін қосты.

XV – XVI ғасырларда жер шарының ұлы географиялық ашулары басталды.
Бұған дейін белгісіз болып келген жаңа жерлер ашылды. Кемелер алысқа сапар
шекті. Испания, Португалия елдерінің Колумб, Магелан сияқты саяхатшылары
ұлы географиялық ашуларға аттанды. Кейінірек Англия, Франция, Голландия,
Россия, т.б. елдер саяхатшылары да жер шарын зерттеуге жұмыла кірісті. Енді
белгісіз болып келген мұхиттар, теңіздер мен аралдар адамға аялы есігін аша
бастады.

XVIII ғасырда Батыс Еуропа елдерінде капитализмнің дамып, өріс алуына
байланысты оған жаңа жер отар қажет болғаны белгілі. Осыған орай енді сол
бұрын ашылған жаңа мекендерді түбегейлі мұқият зерттеу ісі нақтылы жүзеге
асырыла бастады. XIX ғасырда дүние жүзілік географиялық зерттеулердің құлаш
жайғаны сонша, жер шарында елеулі белгісіз мекен – жай қалмады, Арктика,
Антарктида ашылды. Солтүстік Мұзды мұхиттың, Арктика мен Антрактиданың
жаратылыс байлығын дүние жүзі елдерінің географтары өз үлесін қосты.

Оңтүстік Американың ашылу және зерттелу тарихы Солтүстік Америка
материгімен тығыз байланысты. Материктің жағалауын алғашқы болып өздігіне
белгілі Христофор Колумб келген. Христофор Колумб Американы төрт рет саяхат
жасады. Колумб алғашқы екі саяхатында орталық Американың аралдарын саргасс
теңізінен ашса, үшінші саяхатында 1498 жылы тамыз айында тұңғыш рет
Оңтүстік Америкадағы Ориноко өзенінің сағасына келіп жетті. Колумб өзінің
жаңа материк ашқанын білместен, ғұмырының соңына дейін Үндістанға баратын
бат жолды таптым деген. Соның нәтижесінде Американың байырғы халқы үндістер
деп аталып кетті.

Христафор Колумбтан кеййін материкке қадам басқан саяхатшы Америго
Веспуччи болды. Ол 1499 ж бірінші саяхатында Гвиана және Венесуэла
жағалауымен жүзіп отырып, Амазонканың сағасына дейін барып кері қайтқан
қайтар жолында үлкен шығанақтың жағалауын Венецияға ұқсатып оған кіші
Венеция деген ат берген. Веспуччи өзінің ІІ саяхатында 1501 ж Бразилия
жағалауына жеткен. Жағалау бойымен жүзіп, өздері қаңтар айында сағасына
жеткен өзенге саяхатшылар қаңтар өзені (испанша Рио-де –Жанейро) деген ат
берген.

XVI ғасырдың басында жер шарын айнала жүзген саяхатшы кезінде Фернан
Магеллан. Оңтүстік Американың шығыс жағалауын бойлай жүзіп оңтүстік бұғаз
арқылы материктің оңтүстік – батыс жағынан айналып өткен . осы ғасырдың
алғашқыға дәл осы жолмен өткен атақты теңіз қарақшысы Фрэнсис Дрейк Отты
жер аралдарының батысымен оңтүстікке қарай жүзіп, тынық және Атлант
мұхиттан жалғасып жатқан жаңа бұғазды ашқан. Одан әрі материктің батыс
жағалауын бойлай солтүстік Америкадағы Ванкувер аралына жетіп, Азияға бет
алды.

XVIII ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында неміс географ ғалымы
Александр Гумбольт француз ботанигі Бонпланмен бірге Оңтүстік Америка
табиғатын зерттеп, алғашқы геологиялық картасын жасаған. Батыс
жағалауындағы мұхит ағысын сипаттап олардың материк табанына тигізетін
әсерін түсіндірген. А. Гумбольдт Анд тауларын зерттеу нәтижесінде биіктік
белдік заңдарын негіздеген. Ғалым оңтүстік Америка табиғатын зерттеу
нәтижесінде 30 томнан аса еңбек жазып қолданған. Атақты орыс климат
зерттеушісі А.И.Воейков 1874 ж Оңтүстік Америка климатының өзіндік
ерекшеліктерін зерттеді.

Зерттеу мақсаты – өткен замандағы зерттеушілердің деректеріне мән бере
отырып, сол деректерді жеткізу жолдары.

Зерттеу міндеттері:

- Зерттеу жүргізген ғалымдарды анықтау;

- Зерттеу материалдары және ондағы зерттелім түрлеріне талдау жасау;

- Қазіргі заманда ертедегі дерек көздерінің хүйелі орын алуы;

- Зерттелген объектілерді талдау мәселелері.

Зерттеу объектісі: өткен замандағы саяхаттау мен жаңа жерлерді ашу
процестері.

Зерттеу пәні: Оңтүстік және Солтүстік Американың зерттелу тарихы

Зерттеу әдісі: тақырыпты зерттеу барысында тарихи – географиялық оқу
құралдарынан және бұқаралық ақпарат құралдарынан мәліметтер алынды, және де
интернет желісінің көмегімен қосымша мәліметтер алынды.

Зерттеу болжамы: егер ерте замандағы зерттеушілердің жазбаларын жүйелі
түрде саралап, оларды жеткізілу шешімін тапсақ, қазіргі халық, саналы
ұрпақ, жан – жақты жетілген азамат білімін тереңдетудің, тарихын толық
білудің кепілі болмақ.

Жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс үш бөлімнен: кіріспеден, негізгі бөлімнен,
қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау

Оңтүстік Американың ашылуына үлес қосқан ұлы зерттеушілер.

Жер шарында ұлы географиялық зерттеулер XV ғасырдан басталды. Бұл
жерде Европа саяхатшыларының мақсаты аңызға айналған Үндістан жерін ашып,
онымен сауда, қарым – қатынас жасау болды. Бірақ саяхатшылар Үндістанның
қай жерде екенін білмеді, оған европалықтар Африканы айналып жүзіп бармақ
болды. Бұл ғасырда теңізде жүзу әр елде етек ала бастады. Алысқа жүзе
алатын, мүхит толқынына төзе алатын кемелер жасалды. Кеме шаруашылығын
өркендетуге Португалия мен Испания бәсекелесіп, Атлант мүхиты арқылы жүзіп,
бірқатар жерлерді, белгісіз аралдар мен түбектерді ашып, оларды өздерінің
отарына айналдырды. Міне, осы кезде Үндістанды, Шығыс Азияны Батыс теңіз
жолы арқылы ашу деген жаңа жоспарды Христофор Колумб ұсынды. Жер шар
тәрізді болғандықтан біз батысқа қарай жүзе берсек Азияның шығысына шығамыз
деді. Бірақ оның бұл ұсынысын батыс елдерді бірден қабылдамады. Сонда да
атақты теңізші – географ алған бетінен қайтпай, көптеген кедергі мен
қиыншылыққа төзіп, ақыры өз дегенін орындап шықты. Колумб Европада бірінші
болып шығыстан батысқа қарай Атлант мұхитын жүзіп өтіп, белгісіз жерді,
көптеген аралдарды ашты. Ол ашқан жерлерін Шығыс Азия, Үндістан жері,
Жапония аралдары деп ойлады, Американы ашқанын өзі білмей кетті.

Христофор Колумб 1436 жылы Генуя қаласына жақын жердегі тоқыма
өнеркәсібінде істейтін Доминико Колумб семьясында туған. Колумб жас кезінде
қайда оқығаны белгісіз, әйтеуір итальян, испан, португал және латын
тілдерін жақсы білгені анық. Он төрт жасында Колумб теңіз қызметіне кетеді.
Жасында Жерорта теңізінде, Европа жағалауларын кезеген сауда кемелерінде
болып, теңіз жағдайын жақсы біліп алды. Жас кезінде Колумб Генуяда тұрғанда
географиялық карта сызумен шұғылданған. Ол бұл мамандықты меңгеріп алған
соң, інісі Бартоломей Колумбпен бірге Португалияның Лиссабон қаласына
келеді. Ол кезде португалияның Лиссабон қаласы теңіз шаруашылығының
орталығы болды, оған барлық жерден ғалымдар, теңізшілер, географтар
жиылатын. Мұнда келгеннен кейін де ағайынды Колумбтар карта жасаумен
айналысты және бірқатар теңізде жүзу жұмыстарына қатысқан.

Колумб Лиссабонда тұрған кезінде Феници Мони де Палестерелло дейтін
теңізшінің қызымен танысып, соған үйленеді. Қыздың әкесі Генрих
Португалияны билеген. Кейін Порто – Санто аралында губернатор болған.
Колумб оның қызына үйленген соң Порто – Санто аралына келіп, атасынынң
үйінде тұрады. Мұнда ол Палестероллоның қалдырған географиялық карталары,
теңіз жұмысы туралы жазуларын тауып алып, сол материалды мұқият зерттейді.
Міне, осы кезден бастап Колумб Батыс жолымен Үндістанды ашу мәселесіне
кірісті. 1492 жылы Колумбтың Атлант мұхиты бойынша жүзуін Ұлы
географиялық ашылулар дәуірі деп санауға болады. Бұл жүзудің нәтижесінде
Богама, Куба және Гаити (Эспаньолдар) аралдары ашылды. Колумбтың
екінші экспедициясы нәтижесінде (1493-1496 жылдары) Кіші Антиль,
Пуэрто – Рико және Ямайка аралдары ашылды, сонымен қатар Кубаның
оңтүстік жағалауы зерттелді(Колумб Кубаны материктің бөлігі ретінде
есептеген). Үшінші жүзуінде (1498 жылы Оңтүстік Американың
солтүстік жағалауы, Ориноко өзенінің сағасы, Тринидад орамы ашылды.
Колумбтың соңғы экспедициясы (1502-1504 жылдары) кезінде Гондурастан
Дарьен шығанағына дейін зерттеулер жүргізілген.

1499 – 1500 жылдары Винсент Пинсон мен Америго Веспуччи
экспедициялары нәтижесінде 700 – 800 милге созылған Әулие Августин
мүйісіне дейін (С.Рок) және Амазонка сағасы зерттелді. 1500 жылы
Португалдық Педру Альварши Кабрал Үндістанға бағытталған кезінде
үлкен дауылмен Бразилия жағалауына қарай лақтырылған, Бразилияны
Санта – Крус аралы деп атады. 1508 жылы Испандықтар Хуан Диас де
Солис және Висенте Пинсон Юкатан жағаларын ашып, Кубаның арал
екенін дәлелдеді. 1515 – 1516 жылдары Салис ла – Платаны ашты.

1500 – 1501 жылы испандықтардың Оңтүстік Америка жағалауы
бойынша жүзуі нәтижесінде, тропиктік ендіктердегі биік тау
шыңдар қармен жабылғандығын анықтады.

1.1. Колумбтың бірінші экспедициясы.

Испания королі Колумбтың алыс сапарына арнап екі кеме жабдықтайды,
үшіншісін Колумб өз қаражатымен жасатады. Кемелер алысқа аттануға дайын
болады. 1492 жылы 3 августта Колумб үш кемеге отырған 90 адаммен бірге
батыс жолымен тұңғыш рет Атлант мұхиты арқылы белгісіз Үндістанды, Қытай
жерлерін, Жапония аралдарын, Азияның шығысын ашуға аттанады.

Ашық теңіз айдынына түскен соң Колумб флоты оңтүстік - батысқа қарай
жүзіп, канар аралдарына жетіп, одан тіке батысқа қарай ұдайы, 19 күн жүзіп,
Гомера аралына келеді. Мұнан олар азық – түлік, су, отын алып, 9 сентябрьде
Канар аралдарының ақырғысы – Ферро аралынан шығып, белгісіз мұхит суымен
жүзе береді.

Колумбтың үш кемесі Атлант мұхитында ұзақ жүзеді, толқын шайқап,
матростар арасында қорқыныш туады, тіпті Колумбқа қайтадан Испанияға
қайтамыз дейшілер де болған. Бірақ Колумб мұның бәрін жуып, шайып алдағы
ашылатын жерді, оның байлығын бейнелеп айтып, оларды қызықтырады. Дегенмен
10 октябрьде матростар бұдан әрі бармаймыз деп тағы да Колумбқа қарсы
тұрады. Жағдай қиындай түседі, енді Колумбтың жер жақын дегеніне ешқайсысы
сенбейді. Осындай қиын жағдайда 1492 жылы 11 октябрьде теңізшілерге қалқып
жүрген ағаш бұтағы, ұшып жүрген құстар көрінеді. Теңізшілер түнімен
ұйықтамай батыс жаққа қараумен болды. Колумб бірте жылт еткен от көреді.
Түн ортасында жағалау белгі бергендей болады. Кешікпей түнгі сағат 2 – де
алда жатқан Пинта кемесі зеңбіректен салют береді. Теңізшілер таң атуын
асыға күтеді. Колумб 12 октябрьде көптен арман еткен Жаңа жер жағасын
көреді, қуаныштың ұшы – қиыры болмайды. Шыққан күннің сәулесімен жаңа жер
жағасы нұрлана береді. Колумб он жолдасымен қайыққа отырып, аралға
аттанады. Колумб ту ұстап жағаға шығып, жаңадан ашқан осы аралды Сан –
Сальвадор (құтқарушы) деп атайды.

Колумб ашқан жерінің оңтүстігіндегі алтынды аралды Жапония аралы
болар, - деп соған аттанды. Ол 15 октябрьде екінші аралды ашып, оны Девы
Марии деп атайды. Одан әрі жүзіп, 19 октябрьде үшінші аралды ашып, оны
Испания королевасының есімімен Изабелла деп атайды. Колумб қайтадан
батысқа қарай жүзіп, тағы да жеті аралды ашып, ақыры ең үлкен арал Кубаға
келіп тоқтайды. Колумб бұл аралдың табиғатына, әдемілігіне, байлығына таң
қалады. Ол аралды аралап жүріп, жергілікті адамдардың аулына кез болады,
олармен ыммен сөйлескенде, алтынды арал оңтүстікте, - дейді. Енді Колумб
Азия материгін аштым деп ойлайды да, Қытай ханына өз елшісін жібереді,
әрине ол ештеңе таппай оралады. Колумбты арал жағдайын жақсы білетін екі
адам ертіп жүреді, солар арқылы ол аралдағы адамдарды шақырып, өзінің
Испания королынан келгендігін айтып, олардан өз ықтиярымен христиан дінін
қабылдауды сұрайды. Мұнда европалықтардың бір таң қалғаны, жергілікті
адамдар бір шөпті домбалдап орайды да, оған от қойып, екіншісі оның
жалынын ішіне тартып, түтінін танауынан шығарып жатады. Оны өздері табак
деп айғайласады. Бұл кереметке испандар таңырқай қарайды, кейіннен табакты
өздері Европаға әкеліп, дүние жүзіне таратады. Колумбқа көптеген жергілікті
адамдар келді. Олардың абызы Кацик та Колумбқа келіп алтынды аралды
көрсетеді.

Сөйтіп, Колумб Атлант мұхитының Америка жағалауының аралдарын бірінен
соң бірін ашты, сап алтын жер бетіне шығып жатқан аралды да тапты. Сөйтіп
жүргенде оның бір кемесі жағалауға тасқа соғылды, мұны естіп үндістердің
абызы Кацик өзі келіп көмектесіп, суға кеткен тамаған, бұйымдарын жағаға
шығарысады. Бұл жадай Колумбқа үлкен ой салды.

Колумбтың екінші экспедициясы. Генуя теңізшісінің бұл ашқан жаңалығына
бүкіл Европа құлақтанып, осы хабар халыққа кең тарады. Бұған әсіресе
Колумбтың алғашқы жоспарын қабылдамаған Португалия королы қатты өкінді,
енді Испанияның үстемдігі өктем бола беретініне оның көзі жетті. 13 мартта
Португалия королы Иоанн ІІ эскадро ұйымдастырып, Атлант мұхитының батысынан
Испания кемесін Колумб ашқан жерге өткізбесін деген жарлық шығарды. Бұл
кезде Испания королы да қарап жатпады, бүкіл жаңадан ашылған жер Испанияға
қарайды деген жарлық шашты. Сөйтіп көршілес отырған Испания мен Португалия
арасында бәсеке туып, жаңа жерлерді отарлау жарысы басталды. Бұлар енді
жер шарын екіге бөліп, жанталаса отарлау саясатына кірісті.

Испания королы жаңа ашылған жерлерді өз корольдығына бекітіп, тағы да
Колумбқа екінші рет экспедицияға аттануға әмір етті. Бұған Колумб асқан
жігерімен дайындалды. 1493 жылы Испания жағалауында қаншама желкенді
кемелер алыс сапарға аттануға дайын тұрды. Колумбқа енді жаңа жер байлығына
қызыққан 1200 адам ерді, олардың кейбіреулері семьясымен барған жерінде
тұрып қалмақ болды. Колумб өзімен бірге жаңа жерді зерттейтін ғалымдарды,
дін таратушы монахтарды, алтын қазатын кеншілерді, ұста, балташыларды ертіп
алды, сондай – ақ сиыр, жылқы, қой, оған қоса астық, өсімдік тұқымын ала
кетті.

Колумбтың үшінші экспедициясы. Колумб өзінің мұхитын арғы жағынан
үшінші саяхатына 1498 жылы майда аттанды. Ол бұл сапарға өте көңілсіз
қарады, өйткені сол кездегі жағдай, оның үстіне оның ауруы жанына қатты
батты. Ол бұл саяхатқа дайындалмады. Оның жолын торып жүрген француз
кемелерінен бұрыла жүріп, солтүстік Америка жағалауынан көптеген арал ашып,
1498 жылы 1 августта екінші рет Америка жағалауын ашты. Бірақ Колумб тағы
да ол жердің Америка жағалауы екенін білмеді. Ол 30 августта Испаньола
қаласына келеді, оны губернатор інісі Бартоломей алдынан шығып қарсы алды.
Колумб тапсырмасымен салынған екінші Санто – Доминго дейтін қалаға
губернатор Диэго Изабеллаға да губернатор болды. Сөйтіп, жаңа жер отарлары
Колумбтардың қолыеда болды. Бірақ, кешікпей мәселе қиындай берген. Азық –
түлік таусылып, жұмысшылар мен матростардың наразылығы күшейді. Бартоломей
зерттеу жұмысында жүрген Рольдан енді Колумбқа қарсы көтеріліс бастайды.,
бұған индеецтер қосылады.

Колумбтың төртінші экспедициясы. 1502 жылы 9 майда Колумб өзінің
мұхиттың арғы жағындағы төртінші саяхатына аттанады. Оның шағын үш
кемесінде 150 адам болды. Колумб саяхатқа ауру халінде амалсыздан, бастаған
жұмысты аяқтау үшін шықты. Ол бұл кезде 66 жаста еді. Бірінші саяхатына 56
жасында аттанған. Оның бұл кезде күші қайтып, көрген қиянаттары оны
қалжыратқан еді.

Колумб жолда аралдарды аралай жүзіп, 29 июньде Изабелла қаласына
келді. Бірақ ол мұнда көп аялдамады. Өйткені оны қаланың жаңа губернаторы
Овандо қабылдамады, сондықтан Колумб кемелері одан әрі оңтүстікке қарай
жүзді. Бірақ теңіз толқынына кездесіп, кемелері бүлініп, одан әрі жүруге
жарамады. Бұлар амалсыздан жағадағы аралға шығады. Колумбтың ауруы меңдей
түседі. Матростар арасында алауыздық шығады. Екі матрос Изабелла қаласына
қайықпен кетеді. Бірақ олар тез оралмайды. Аралда қалғандар сегіз ай кеме
тосумен болады. Бірақ ол келмейді, оны әдейі Овандо жібермей отырса керек.
Әдбен үміт үзген екі матрос бір кішкене кемені Колумб ақшасына жалдап алып
шығады. Осы жерде бір жылға жуық тосқан матростар азып – тозып ашығады, бір
тобы Колумбқа қару алып қарсы шығады.

Колумб көздеген мақсатын орындады, ол адам баласына жаңа материк ашып
берді. Бірақ өз өмірінің ақырына дейін Колумб жаңа материк – Американы
ашқанын білмеді. Ашқан жерін ол Индия деп оның халқын үндістер деп
кетті. Колумб есімі дүние жүзіне әйгілі болды. Жер шарында көптеген жер,
су, арал, түбектер, асқар таулар, қала, селолар оның атымен аталды. Бұл –
оған арналған, мәңгі өшпейтін ескерткіш. Колумбтың география зерттеуіне
қосқан жаңалығы өте мол және әр жақты, сондықтан оны атақты географ,
теңізші, саяхатшы әрі ғалым ретінде бүкіл дүние жүзі зор құрметпен жоғары
бағалайды.

1.2. Америго Веспуччи және Фернандо Магелан саяхаттары.

Мұхиттың арғы жағындағы қазынасы мол, жаңа жерлер испандарды
қызықтырды. Сол жерге барып орнығам деушілерге король 1497 жылдан бастап
рұқсат берді. Бұл байлығы мол жерге көпестер, кедейленген дворяндар,
үкіметке наразылар, айыптылар көшіп кетпекші болды. Король үш экспедиция
ұйымдастырып, көп адам жіберді. Солардың ішінде Колумб ашқан жерді көруге
Америго Веспуччи де аттанды.

Америго Веспуччи 1501 жылы Португалия королының кемесімен жаңа жерге
екінші рет барады. Веспуччи Пинсон, одан кейін Кабрал ашқан Бразилия
жағалауын зерттеп қайтады. 1503 жылы Веспуччиүшінші рет жаңа жерге
саяхатқа шығады. Ол енді Бразилия жағалауымен Үндістанға өтпек болады да
20°оңтүстік ендікке дейін жүзіп барып, Колумб ашқан, одан кейін көптеген
испания саяхатшылары зерттеген жаңа жер, бұл Азия аралдарының
тізбегіемес, осы күнге дейін белгісіз материк, - деген дұрыс қорытындыға
келеді. 1507 жылы космограф Мартин жер жүзін Европа, Азия, Африка
материктеріне бөліп, жаңадан Америго ашқан жерді оның басқа материктерімен
ұқсастығына қарай Америка деп атау керек дейді. Ол кезде Американы тоты
құстар жері дейтін. Сөйтіп, жаңа құрлықтың жартысы Америго Веспуччи
есімімен аталып кетті. Ол материкті негізінде тұңғыш ашқан атақты Христафор
Колумб еді, бірақ ол өмірінің ақырына дейін жаңа материк ашқанын білмеді.
Ол жердің жаңа материк екендігін дәлелдеген Америго Веспуччи, сондықтан
Америгоның есімімен жаңа материк Америка деп аталды. Бальбаро ну Васко
Нуньес корольдан қашып жаңа жерді зерттеуге аттанған экспедициямен келіп,
Панама мойнағына жақын жердегі бір отарды билеп тұрды. Үндістердің одан әрі
су бар деген сөзіне сеніп, испандардың көмегімен Панама мойнағынан өтті,
көп – көп таулардан асып, 1513 жылы 25 сентябрьде тұңғыш рет Тынық мұхитты
ашты.

Жаңа ашылған жердің солтүстік және шығыс жағалауы бойынша жүзу
барысында А.Веспуччи осында дұрыс ой , яғни оңтүстік атлант
материгі деген ойды дұрыстады. 1503 жылы өз еліне
жазған хатында бұл материкті жаңа әлем (новый свет) деп атауды
ұсынды. 1507 жылы Лотаранг картографы Мартен Вальдзельюллер
Колумб ашқан әлемнің төртінші бөлігін және А. Веспуччидің
ашқан материгін соның құрметіне Америка деп атауды ұсынды. 1538
жылы осы Америка атауымен Меркатор және Солтүстік Америка
карталарында кездесе бастады.

Веспуччидің бірінші жүзуі.

1499 - 1500 жылы Веспуччи Алонсо Охеда экспедицияның ( 3
кеме) штурманы болып, екі кемені басқарды. Бұл кемелерді
Веспуччи өз қаржысымен қамтамасыз етіп отырды. 1499 жылы Оңтүстік
Американың солтүстік жағалауына 50 немесе 60 с.е бөлігіне
келіп, екіге бөлінген. Веспуччи оңтүстік -шығысқа бағыт алып, 2
шілдеде Амазонка дельтасын және оның Пара сағасын ашты.
Қайықпен ағысқа қарсы 100 км жүзіп өткен. Одан соң жүзуінде
оңтүстік – шығысқа қарай Сан – Маркосқа бағыт алған(44 0 б.б.).
1200 км жуық Оңтүстік Америка жағалауын жүріп Гвиан ағысын
анықтаған. Онан Веспуччи күрт кейін бұрылып, тамызда Алонсо
Охеданы қуып жеткен (660 б.б.). Екеуі батысқа қарай бағыт алып
Оңтүстік Американың 1600 км жағалауын, Парагуана және
Гуахира, Гриста және Венесуэла шығанақтарын, Моракайбо
лагунасын және бірнеше аралдарды, Кюрасаоны ашқан. Күзде Веспуччи
Охедадан тағыда бөлініп, Оңтустік Американың оңтүстік батысқа қарай 300 км
зерттеп, 1500 жылы маусым айында Испанияға оралды.

Екінші жүзуі

1501-1502 жылдары Веспуччи Гонсалу Куэльюдің 1-ші португал
экспедициясының 3 кемесінде астроном, новигатор және тарихигеограф
қызметін атқарады. 1501 жылы тамыз айының ортасында Вортоломе Рольдананың
(1500жыл) ашқанын қайталап оңтүстік Американың Атлант мұхит жағалауын 5۫30
о.е.-тен 16 о.е.-ке дейін жүзіп өткен. 1502 жылы 1 қаңтарда Рио-Дежанейро
(Гуанабара) бухтасын анықтап, оңтүстік батысқа қарай 2000 км жағалауын
жүзіп (25 о.е дейін), мұхит сол бағытта әліде болса созылатынын көріп кейін
қарай бұрылады. 1-ші кеме Португалияға маусым айында, келесісі Куэльюмен
Веспуччи қыркүйек айының басында оралады.

Үшіншіші жүзуі:

1503-1504 жылдары Веспуччи Гонцаллу Куэльюдің 2-ші экспедициясының 6
кемесін басқарады. 1503 жылы тамыз айының басында олардың ашқан Вознесения
аралының (8 о.е) маңында бір кеме батып кетеді, үшеуі із түссіз жоғалып
кетеді. Веспуччи және Куэлью каравелласы всех святых бухтасына жетеді,
бұл бухта алдыңғы жүзуде ашылған болатын. Веспуччи бұйрығымен жағалауда
тоқтап Бразилия таулы қыратына көтеріледі, 250 км ішкі бөлігіне қарай
бағыт алады. 23 0 о.е. Гаванда партугалдықтар 5 ай тұрақтайды,
соның ішінде Флот құрастырады. Оған 24 теңізшіні қалдырып, 1504
жылы маусым айының аяғында сандал ағаш жүгімен Лиссабонға оралады.

Жаңа ашылған жердің солтүстік пен шығыс жағалау бойымен
жүзген А.Веспуччиде ол жер туралы (дұрыс) оңтүстік материк
туралы дұрыс ұғым қалыптасты, және ол 1503 жылы
Отанына жазған хатында материкті жаңа әлем деп атауды ұсынды.
1507 жылы Котарингтік картограф Мартин Валоземюллер Колумбтің
жасаған әлемнің төртінші бөлігі ашылуын жазып шықты,
Веспуччи бұл континентті Америка деп атады, яғни Америго Веспучи
құрметіне. 1508 жылы, танылған атау Меркатора және Солтүстік
Американың картасында қолданыла бастады. 1505 жылы
Испанияға екінші келуінде , Веспуччи Астельдік атағын алды. 1508
жылы жаңа қызметке ие болады, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Христофор Колумб саяхаты жайлы
Колумбтың төртінші экспедициясы
Христофор Колумб туралы
Ұлы жағрафиялық жаңалықтар және отарлық жүйенің пайда болуы
XVІ-XVІІІ-ғасырлардағы қайта өрлеу дәуіріндегі ашулар
АШЫЛУЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕЛУІ ТАРИХЫ
Лаперуздың географиялық ашулары
Теңіз саяхатшылары
Ұлы географиялық ашылымдардың алғышарттары
Ұлы географиялық ашылулар және олардың Америка еліне ықпалдығы
Пәндер