Оқушылардың сабақтан тыс уақытын ұйымдастырудың күрделілігі мынада


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

М а з м ұ н ы

Кіріспе

І. Сыныптан тыс жұмыс формалары және міндеттері

ІІ. Оқушыларды үлкендер еңбегімен таныстыру

ІІІ. Жұмысты есепке алу

І. Еңбек, техника бойынша сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырушылар мен жетекшілерге әдістемелік көмек көрсету

Оқушылардың сабақтан тыс уақытын ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар

І. Мектеп - оқушылардың сабақтан тыс уақытын ұйымдастырушы

ІІ. Мектепте еңбек пәні, техника бойынша оқушылардың жұмысын ұйымдастыру

ІІІ. Жазда жүргізілетін тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуы

ІХ. Жазда жүргізілетін тәрбиелік жұмыстың мазмұны мен формалары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тәрбиелеу дегеніміз адамның сана-сезіміне және қылықтарына белгілі мақсат бойынша ықпал етудің сан-саналы процесі. Тек мектеп қана емес, сондай-ақ бүкіл шындықтың болмысы - жанұя, қоғам, радио, театр, кино, теледидар - барлығы да қандай формада болса да мектеп оқушыларына ықпал етеді, оның саяси және адамгершілік дамуының көзі болып саналады. Міне, сонықтан да мектеп оқушыларының тәрбиедегі күрделі де сан-алуан мәселелерін шешкен кезде тек сабақтармен ғана шектеліп қалуға болмайды. Сабақ шеңбері баланың рухани дүниесіне мұғалімнің үңіліп, баланы шындап, қызығып, талпыныс жасауға тәрбиелеуіне, мінез-құлқындағы, ағаттықтар мен қылықсыздықтарды жеңуге көмектесуіне үнемі мүмкіндік туғыза алмайды.

А. С. Макаренконың сабақтан тыс уақытта оқушылармен ешқандай ерекше тәрбие жұмыстарын жүргізудің керегі жоқ деп тұжырымдаған “теорияны” қалай келеке еткендігі бұрыннан белгілі.

Сабақтан тыс уақыт оқушылар өмірінде едәуір орын алады. Сабақтар соңынан мектеп оқушыларына өздігінен, көбінесе инициативасымен әр түрлі қиын мәселелерді шешуге, сабақтарды дайындауға, өзі қажетті білімдердің ерекше бір қызықты саласымен тереңірек шұғылдануға, қоғамдық тапсырмаларды орындауға, ата-аналарға шаруашылық жағынан көмектесуге және т. б. тура келеді. Осының бәрі одан қандай да болсын ұйымшылдық дәрежесін, ерік күшін, қажырлы еңбекті, шеберлік пен дағдыларды талап етеді. Бұл істе оған мектеп көмек беруге тиіс. Оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекетін нақтылы жүйемен ұйымдастырудың қажеттілігі де осында.

Мектептегі әрбір оқушы қызықты істің бірімен шұғылдануға, клубқа, үйірмеге белсенді мүше болып, мектептегі, оқушылар сарайындағы және т. б. түрлі істер мен ойындарды ұйымдастыруы және оған қатысуы қажет. Ғылыми-зерттеу институттарының, мекемелердің түрлі тапсырмаларын орындай отырып, тәжірибемен техникалық творчествомен шұғылданып, өлке тану жорықтарына, спорт жарыстарына, көркемөнерпаздар ісіне қатыса отырып, балалар білімге, кітапқа жаңаша қызығатын болады, өзінің ұйымдастырушылық дағдылырын, инициативасын мен өзіндік әрекетін дамыта түседі.

Мектепте еңбек пәні бойынша оқушылардың сарамандық жұмысын дұрыс ұйымдастыру және жасау

балалардың еңбекке тәрбиелеудегі олардың ролі аса зор болмақ. Бұл істе оған мектеп мұғалімдердің көмегі өте қажет. Еңбек пәні бойынша әр түрлі үйірмелер ( пішу және тігу, аспаздық, қолданбалы өнер т. б. ), оларды қызықты және үлкен жауапкершілікпен үйірме жетекшілердің өткізуі - оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің маңызды құралы. Және де үйірмелер оқушылардың білімдерін тереңдетіп, дағдыларын дамытып, істің шебері болуына ықпал етеді, олардың бос уақыты дұрыс ұйымдастырылады. Сондықтан да, диплом жұмысының тақырыбы маңызды және көкейтесті.

І. Сыныптан тыс жұмыс формалары және міндеттері.

Оқушылармен оқу және тәрбиелеу жұмыстарының оқытушылардың басшылығымен берлілі бір жүе бойынша өткізілетін түрдегі сабақтар құрайды. Бірақ міндетті түрдегі сабақтармен мектепте оқу-тәрбиелік процестердің мазмұны толықтырылмайды. Оның негізгі бөлімі сыныптан тыс жұмыс болып табылады.

Сыныптан тыс жұмыс оқу сабақтарының қарапайым жалғасы деп есептеуге болмайды, ол олармен табиғи байланыста сәйкес келуі қажет. Оқу процесінен айырмашылығы сыныптан тыс жұмысты өз еркімен дайындалу принципі бойынша құрылатындығында, ал мазмұны мектеп оқушыларының көз қарасына жауап беруі керек.

Сыныптан тыс сабақтар оқушыларды ақыл-ой қабілетіне, әрі физикалық түрде жаттықтыратын жұмыстардың әр түрін кеңінен жүргізуге мүмкіндік береді. Және де оқушылардың ғылымға және техникаға ықыластың пайда болуына, творчестволық еңбекке деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге көмектеседі. Сыныптан тыс жұмыс міндеттерінің бірі - жалпығылымдық және арнайы білімдерді тереңдету және оқушылардың политехникалық ой-өрісін дамыту; творчестволық қабілеттер мен дарындылықтың табылуы және олардың жан-жақты дамуының сәйкес келді, оқушыларды творчестволық белсенділікке және өз бетімен жұмыс істеу қабілетіне тәрбиелеу.

Техникалық творчество және еңбек бойынша сыныптан тыс жұмыстың әр түрлі формаларын үш топқа біріктіруге болады:

1) оқушылардың өзіндік жұмысы;

2) техника мен еңбектің белгілі бір түрлеріне қызығатын бірнеше оқушылардан құралған үйірмелер;

3) көп оқушылар санынан құралған жаппай ұйымдар.

Өзіндік жұмыс үйірмелерді ұйымдастыруда алғашқы баспалдақ болып табылады. Ол оқушылар басшылығымен жеке оқушылардың модельдеу және құрастыру жұмыстарымен айналысып, оқу мақсаттары үшін көрнекі құралдар дайындауымен тұжырымдалады.

Мектепте сыныптан тыс жұмыстардың жетістікті түрде өткізілінуінің маңызды шарттарының бірі - оның жоспарлылығы болып табылады. Барлық сыныптан тыс сабақтар оқу жылының басында жоспарлануы керек. Жоспарда келесі сұрақтар қамтылуы қажет:

1) мектепте құрылған немесе құрылуға тиісті үйірмелер тізімі оны басқарушылардың аты-жөні;

2) үйірмелерді жабдықтармен, материалдармен және оқу құралдарымен қамтамасыз ету;

3) жұмыс істеу орны тұрақты көрсетілген әрбір үйірменің сабақ кестесі;

4) жаппай сыныптан тыс үйымдарының өткізілу графигі

Еңбек және техникалық творчество бойынша сыныптан тыс жұмыстардың тұрақты әрекет етуші ұйымдастырылу формаларының негізі үйірме болып табылады. йірмедегі сабақ белгілі бір жұмыс маманымен, оның орындалу ұзақтығымен және реттілігімен сипатталады. Қазіргі кезде мектептегі практикалық жұмыста оқушылар үшін техникалық творчествосының үйірмелерінің келесі түрлері құрылды:

1) пәнді-техникалық немесе жай ғана пәндік;

2) творчестволы, құрастырылымды;

3) үйірмелер- курстар (автомобилистер, мотоциклистер, киномеханиктер) .

Пәнді-техникалық үйірмелердің мақсаты - пән бойынша оқушылар білімі мен қабілетін тереңдету және кеңейту, оқу кабинеттерін толықтыру үшін оқу құралдары мен жабдықтар құру және осы негізде оқушылардың техникалық творчествосын дамыту. Сабақ тақырыптарын оқушылардың қалауы есебінен ұйым басшылары құрады. йірмені ұйымдастыру пәнге деген ықыласы бар, белсенді оқушыларды іріктеуден басталады. Басқарушыға көмекші ретінде құралдар мен материалдарды таратуға және сақтауға жауап беруші -үйірме старостасын сайлайды. йірмеде сабақ негізінен аптасына 1 рет 2сағаттан өткізіледі. Оқу жылы соңында үйірме мүшелерінің жақсы жұмысын ескеру мақсатында есептік көрмелер өткізіледі.

Творчестволық құрастырылымды үйірмелерге оқушылар оқу құралдарын, жабдықтарды, көрнекі құралдарды жетілдірумен, әрекет етуші әр түрлі машиналар модельдерін шығарумен, дайындаумен және жаңа құралдар құрастырумен айналысады. Жұмыс орындау барысында үйірме басшысы оқушыларға кеңес береді, олар құрған есептеулердің, сызба-кестелердің дұрыстығын және жасалған құрастырмалардың дайындығын бақылайды.

Оқу-техникалық үйірмелері немесе үйірмелер-курстар қандай да техника және еңбек салаларымен айналысатын оқушыларды біріктіреді. Ол үйірмелер қандай да бір мамандық алғысы келетіндер үшін де арналған. Мұнда оқушылар жеке машиналардың, аппараттардың, құралдардың жұмысымен және құрылысымен танысады, оларды басқару, күту және қызмет көрсету қабілеттері мен дағдыларын меңгереді.

Оқу-техникалық үйірмелер пәндік және құрастырылымды үйірмелерге қарағанда мейлінше мамандандырылған болып табылады және берілген кәсіп маманын дайындап шығаруға жауап беретін ведомстволармен бекітілген бағдарлама бойынша жұмыс жасайды.

Техникалық творчествомен барлық оқушылар бірдей ұзақ айналыспайды. Олардың көбісі басқа түрдегі үйірмелерде жұмыс жасайды (өз күштерімен жасаған ойын-сауық, суреттеу өнері) . Қай жерде еңбек етпесін мектеп бітірушілер, олардың еңбегі творчестволық сипат алады. Сондықтан творчествоға барлық оқушыларды дайындау керек және оларды творчестволық белсенділікке, бастамаға тәрбиелейді. Ол үшін жаппай жұмыстың әр түрлі формасын қолдану қажет.

Мектептерде оқушыларды ғылым мен техника тарихымен таныстыру бойынша жаппай ұйымдардың әр түрлері өткізіледі. Техника және еңбек бойынша оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарының жаппай формасын ұйымдастыруда басты рольді еңбек оқытушысы алады. Ұйымдардың кейбіреулері сабақтағы сияқты сыныптан тыс уақытта да, ал басқалары - негізінен сабақ тан кейін жүргізілуі мүмкін.

Техникалық насихаттың маңызды құралы оқушылардың өндіріс жаңашылдарымен, ойлап шығарушылармен және жетілдірушілермен кездесуі болып табылады. Олар мектеп қабырғаларында немесе оқушылардың мекемелерге жасаған экскурсиясы уақытында жүргізіледі.

Техникалық творчествоның насихатының ең кең тараған формаларының бірі - оқушылардың творчестволық әрекеттерінің нәтижелерін көрсететін көрмелер ұйымдастыру болып табылады. Мұнда творчестволық жұмыс орындау барысында оқушылардың дамуы процесі көрсетіледі (білім деңгейінің, шеберлігінің жоғарлауы) .

Мектептерде ең әр түрлі көрмелер ұйымдастырылады.

Негізінен, оқу жылы соңында техникалық үйірмелердің есептік көрмелері өткізіледі.

Көрмелер дайындау - жауапты іс. Мұнда экспонаттарды дұрыс таңдауға және оларды безендіруге басты көңіл бөлінеді.

Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың жаппай формаларының арасында 5-9 сынып олимпиядалар және 10-11 сыныптар аралық мамандық таңдау бойынша конкурс ерекше орын алады.

Олимпиядалар мен байқаулардың өткізілуі және ұйымдастырылуы үшін арнайы ұйымды комитеттер және әділқазы алқалары (жюри) құрылады.

Әділ қазы алқалары оқушылар үшін тапсырма реттеп, жарыс қалыпты жағдайда өткізілуін бақылайды. Байқаудың әрбір түрінің қорытындыларын жасап, оның жеңімпаздарын анықтайды.

Байқаулар мен олимпиядалар әділ қазылар алқасы протоколымен жарияланатын жалпы бағытпен тұжырымдалады, жеңімпаздарға наградалар тапсырылады (грамоталар, марапаттау дипломдары, бағалы сыйлықтар) .

ІІ. Оқушыларды үлкендер еңбегімен таныстыру

Ересектердің еңбектегі кызметімен таныстыру бойынша арнайы жұмыс жүргізбеінше, балаларды еңбекке деген зор сүйіспеншілікке тәрбиелеу мүмкін емес. Мектеп бұл жұмыстың үлкен тәжірибесін жинақтады.

Еңбек туралы білімнің мазмұны мен көлемі оқу программасымен және орта мектептерде оқушыларды тәрбиелеудің үлгі программасымен анықталады.

Бұл білімдерді алу жолдары әр қилы. Балалар негізгі білімді оқу және еңбек процестері үстінде (мектепте және үйде) алады. Кітаптар, радио, телехабарлар, күнделікті өмір процесінде үлкендер еңбегін байқап отыру балалардың еңбек туралы әр түрлі білімдерін толықтырып, тереңдетудің қайнар көзі болып табылады.

Алайда бұл білімдер үздік-үздік, толық емес. Мектептің міндеті - оларды жүйеге келтіру, мектеп оқушыларына белгілі қөзқарас пен сенімділікті қалыптастыруға көмектесу. Оқу сабақтарымен қатар мектеп бұл мақсатта әңгімелерді, әңгімелесулерді, диафильмдер мен кинофильмдер көрсетуді, кітаптарды талқылауды, өндіріске экскурсия жасауды, еңбек ерлерімен кездесулерді пайдаланады.

Еңбек туралы білімді жинақтауға сыныптан тыс жүргізілетін тақырыптық оқудың үлкен маңызы бар. Кітаптарды таңдап алу және оқушылармен онан әрі жүргізілетін жұмыстар мұғалімнің сол сәтте орындайтын міндеттерін анықтайды. Қойылган міндетке қарай кітаптарды таңдап алуға болады, ал олардың мазмұны кез келген затты дайындау үшін ересектер көп еңбек етуге тиіс деген тұжырымға балалардың көзін жеткізетіндей болсын. Балаларға мына кітаптарды ұсынуға болады: С. Маршак “Стол қайдан келді”, М. Ильин мен Е. Сегалдың “Қала нанды қалай пісіреді”, М. Соловьеваның “Бидай дәні туралы ертегі” және бірқатар басқалары.

Балалардың оқығандарды қабылдау әсерлілігін арттыру үшін кейбір жеке үзінділерді мәнерлеп оқуды кеңінен пайдалану, көрнекі құралдарды енгізу, олардың назарларын адамдардың мінез-құлық мотивтерін сипаттауға аудару керек.

Еңбек адамдары туралы білімді жинақтаудың қайнар көзі өндіріске экскурсия болып табылады. Экскурсияда балалар адамдардың қалай еңбек ететінін байқайды, еңбекті ұйымдастырумен және еңбек жағдайларымен танысады, ересектердің еңбек нәтижесін көреді. Экскурсия кезінде ересек адамдар еңбектің адамгершілік жағын: олардың еңбекке қарым-қатынасын, еңбектің коллективтік сипатын көрсетудің маңызы бар.

Мұғалім экскурсия кезінде еңбектің эстетикалық жағына назар аударады, балаларды жұмыс нәтижелерімен таныстырады, шеберлік үлгілерін көрсетеді. Экскурсия объектісін дұрыс таңдап алудың үлкен маңызы бар. Балаларды алдымен тәжірибесіне жақын еңбек түрлерімен: мектеппен, халыққа қызмет көрсететін (почта, магазин, дәріхана, ателье т. б. ) кәсіпорындарымен таныстырған жөн. Мұнан кейін балаларды өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен таныстыруға болады.

Ересектер еңбегі туралы алған білімдерін балалар өздерінің творчестволық жұмыстарына: суреттеріне, шығармаларына, альбомдарына енгізіп, пайдалана алады.

ІІІ. Жұмысты есепке алу

Техникалық үйірмелердің жұмысын үйірмелердің жаңа жетекшілері мен техникалық творчествоның ұйымдастырушылары үшін өте құнды болып табылатын техника бойынша көпшілік жұмыстары сияқты тәжірибе жинақтау үшін біртіндеп ескеріп отыру керек.

йірме жұмысын есепке алу қарапайым түрде жүргізілуі тиіс. Әрбір үйірмеге күнделік жасап, оның беттерін тең бөлген қолайлы: сол жақ жетекші алдағы сабақтың жоспарын, оң жақ жартысына оның орындалуын, сабақта қандай құрал жасалғанын немесе жасалып біткендігі туралы жазады. Осы күнделікке үйірме істеген қоғамдық пайдалы жұмыс, көпшілік шаралар және үйірменің басқа да жұмыстары жазылады.

Мұндай есепке алу алдағы оқу жылында сабақтың сапасын арттыруға көмектесетіндіктен, ең алдымен жетекшінің өзіне керек.

Жұмысты есепке алыдың тағы бір формасын пайдалану ұсынылады. Әдетте жасалған модельдер мен приборлар сақталмайды: олардың кейбіреулері оқу кабинеттеріне беріледі, көрмелерге қойылады, басқалары бөлшектерді пайдалану үшін көрсетіледі, үшіншілері бірнеше жарыстардан кейін іске жарамайды т. с. с. Барлық жасалған модельдер мен приборлардың сызбалары қысқаша жазбаларымен, мүмкін болса фотосуреттерімен қоса альбомдарға жинақталып отыратындай тәртіп орнату керек. Мұндай альбом әр жылдардағы үйірме жұмыстарын салыстыруға, оқушылардың техникалық творчествосының өсуін көруге, жаңа үйірме мүшелерін олардан бұрынғы мүшелерінің (мектеп бітіргендер, мамандар болуы мүмкін),

Немесе шұғылданғандығымен таныстырудың зор тәрбиелік маңызы бар.

І. Еңбек, техника бойынша сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырушылар мен жетекшілерге әдістемелік көмек көрсету

Еңбек бойынша сыныптан және мектептен тыс жұмысқа жалпы жетекшілікті, оның ұйымдастырушылары мен жетекшілеріне әдістемелік көмекті, мектептерде бұл жұмыстың жайын бақылауды инспекторлар, мұғалімдер білімін жетілдіру институттары жүргізеді.

Еңбек, техника бойынша сыныптан және мектептен тыс жұмысты ұйымдастыруда, оның мазмұнын, оқушылардың техникалық творчествосын барынша жақсарту - мектеп педагогикалық ұжымының маңызды міндеттерінің бірі. Бұл міндетті ойдағыдай шешілуі өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, транспорт пен байланыс, ғылыми мекемелер үшін лайықты кадрлар әзірлеуге, өнертапқыштар мен зерттеушілерді тәрбиелеуге көмектеседі.

. Оқушылардың сабақтан тыс уақытын ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар

Оқушылардың сабақтан тыс уақытын балаларды бір іспен шұғылдандырса болды деген принцип бойынша ғана ұйымдастыру жеткіліксіз. Мұнда жоспарсыздыққа, формализмге мүлде төзуге болмайды. Сыныптан тыс уақытта оқушылармен ұйымдастырылған жұмысқа қойылатын негізгі талаптар мынадар: оқушылардан және сабақтан тыс жұмыстардың етене бірлігі, оқудан тыс уақытта әрбір оқушыға оның мүддесін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, пайдалы іс тапсыру; пайдалы бағыттылық, сан алуандық, тартымдылық, сыныптан және мектептен тыс істердің романтикасы; оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарының ролін арттыру; мектептердің, мектептен тыс мекемелер мен ұйымдардың өз ара әрекеті; оқушылардың сабақтан тыс уақытын ұйымдастыруға жұртшылықтың, ата-аналардың қатысуы болып табылады.

Осы талаптардың кейбіреулерін толығырақ қарастырып көрелік.

Оқудан және сабақтан тыс жұмыстардың оқушылармен етене бірлігі.

Сабақтан тыс уақытта оқушылардың белгілі мақсаттағы іс-әрекеті бүкіл тәрбие жүйесіндегі құрамды бөлік болып табылады. Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысының нәтижелері мектеп оқушыларының білімге деген құмарлылығы, қоғамдық пайдалы істерге қатысу талабының қаншама дамығандығымен анықталады.

Сынаптан тыс тәрбие жұмысы едәуір дәрежеде сабақ үстінде басталады да, сол жағдайдың өзінде оның логикалық жалғасы болып табылады. Оқыту методтары неғұрлым жетіле түскен сайын үйірмелерді, конкурстарды, олимпиадаларды және т. б. ұйымдастырудың да қажеттігі соғұрлым арта түседі. Қандай да болсын пәнге мектеп оқушыларының қызығуын арттыруды оқу бағдарламасының шеңбері іс жүзінде қанағаттандыра алмайды. Оқу және оқудан тыс жұмыстардың бірыңғай жүйеде бір мақсатқа бағындырыла құрылу қажеттігі осыдан келіп туады.

Мұндай жүйені жүзеге асыруда жалпы мектептік жұмыс жоспарының ролі зор. Ол мұғалімдердің әрқайсысына әр баланың бойындағы үздік қасиеттердің бәрін дамытып, оның қабілеттері мен дарынының гүлденуіне толық жол ашатындай шараларды белгілеуге мүмкіндік береді. Егер мұнда сынып жетекшісінің, мұғалімнің ата-ананың, жұртшылықтың ролі анықталған болса, мұндай жоспар соғұрлым пәрменді болады. Бірақ жоспар болғанмен, ол істің табысты боолуына кепілдік бере алмайды. Мектеп директоры, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысының ұйымдастырушысы сынып жетекшілерінің қызметін үнемі бағыттап отыруы, тәрбие мәселелері педагогикалық советтер мен методикалық бірлестіктерде үнемі қамқорлық жасайтын пән болуы үшін мұғалімдердің тәжірибесін таратуы қажет.

Мурманскінің №38 мектебінде, мәселен, оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы қызметі бай да, сан алуан. Оқушыларды тәрбиелеудің кәдуілгі формаларымен (лекция, саяси хабар) қатар мектепте саяси және тарихи тақырыптарда теориялық конференциялар өткізіледі. Бұл мектептегі оқушылар әдебиеттің, химияның, физиканың, тарихтың жеке тақырыптары бойынша өткізілетін оқу конференцияларының жақсы көріп кеткен. Конференцияның тақырыптары бағдарлама шеңберінен тым аулақ шығып кетеді, сондықтан да оқушылар анықтамалықтармен қосымша әдебиеттерді пайдаланады. Осы мектепте өткізілетін “Поэзия апталығы” да оқушылардың ой өрісін едәуір кеңейте түседі. Оқушылар ғана емес, сондай-ақ бұл апталыққа мұғалімдер де өзінің сүйікті ақыны туралы шағын баяндама, хабар дайындауының төтенше маңызы бар. “Менің сүйікті өлеңдерім” стендінде қызу айтыстар болып тұрады. “Апталық” үлкен әдеби кешпен аяқталады, бұған жергілікті ақындардың тобы да қатысады. “Өсімдіктерді қорғаушылар апталығы” да өте қызықты. Бұл апталыққа оқушылардың әрқайсысы бөлме гүлдерін өсіруге тиіс. Сенбі күндері мұнда “Огонектер” ұйымдастырылады, бұларда көптеген үйірмелердің: математиктер, физиктер, географтар, әдебиетшілер, тарихшылар барлығының табыстары көрсетіледі. Жексенбі күндері “Малышок” клубы ( І-І сынып оқушыларына арналған) жұмыс істейді, жоғары сыныптағылар үшін ауызша журнал шығарылады. Мектеп балалар үшін күзгі, қысқы және көктемгі демалыстарда өздерінің бос уақытын парасатты ұйымдастыра алатын клубқа айналады.

Әрбір оқушы сабақтан бос уақытта пайдалы іспен шұғылданатын болсын.

Мектеп пен оның төңірегі қашан да пайдалы істерге толы, олар: өндіріс ұжымымен еңбек істері, мектепті туған мекенді көркейтуге, табиғатты қорғау, тәжірибе ісіне қатысу, оқушылардың өндірістік бригадаларындағы жұмыс, металл сынықтар жинау, балалар бақшаларын қамқорлыққа алу және т. б. жұмыстар болып табылады. Мектептің міндеті- қоғамдық пайдалы іске барлық оқушыларды тарту. Алайда бұл міндеттерді барлық мектептер дұрыс шеше алмай келеді. Мұнда ұйымшылдығы жетіспейтін, нашар үлгіретін балалар көз қырынан жиі қалыс қала береді, ал бұлар өздерінің бос уақытын парасаттылықпен, өнімді пайдалануды ерекше қажет етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерттеу нысаны - бастауыш мектеп оқушылары
Оқушылардың шығармашылыққа ұмтылуы
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызуғышылықтары
Тәрбие процесінің сипаттамасы
Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру негіздері
Биология оқыту әдістемесі
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру формасы
Ағылшын тілі сабақтарында АКТ қолдану жолдары
Педагогикалық жүйедегі сараланған оқыту деңгейлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz