Отбасының репродуктивті функциясы
Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
і отбасыН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Отбасы әлеуметтік топ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..6
1.2 Отбасының негізгі
қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3 Отбасы – тұлғаның қалыптасу үдерісіндегі басты әлеуметтік
институт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
ІІ ОТБАСЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ СПЕЦИФИКАСЫ
2.1 Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.2 Отбасылық кеңес берудің жалпы принциптері мен
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .2 7
2.3 Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты дамыту
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .40
КІРІСПЕ
Отбасы адамзаттың бірегей әлеуметтік жаратылысы екені жалпыға белгілі.
Шын мәнінде отбасы адамдар арасындағы қарым-қатынастың бірінші түрі болып
табылады. Сонымен қатар отбасында әлеуметтік жүйе ретінде әлеуметтік
институттың да, шағын әлеуметтік топтың да белгілері де бар.
Әлеуметтік институт ретінде отбасының басты ерекшеліктері: ерлі-
зайыптылар арасындағы, ата-аналардың, балалардың және басқа да туыстар
арасындағы өзара қарым-қатынасты реттейтін әлеуметтік нормалардан,
санкциялардан және жүріс-тұрыс үлгілерінен тұрады. Шағын топ ретінде отбасы
некеге немесе туыстыққа негізделген және отбасының барлық мүшелерінің
тұрмыстық бірлігімен өзара моральдық жауакершілікпен өзара көмек арқылы
сипатталады [1, 44б.].
Болашақ әлеуметтік құрылым ретінде отбасының өмірлік іс-әрекетіндегі
қоғамдық талаптарымен қатар отбасылық топ мүшелерінің ндивидуалды
талаптарының бейнесі болып табылады. Белгілі әлеуметтік функциялары бар.
А.Г.Харчевқа сәйкес отбасы функцияларының спецификалық және спецификалық
емес түрлерін бөліп көрсетуге болады. Спецификалық функциялар отбасы
мәнінен шығып, оның әлеуметтік құбылыс ретіндегі ерекшеліктерін бейнелейді,
ал спецификалық емес функцияларға отбасының белгілі бір тарихи жағдайларда
еріксіз орындаған және бейімделіп кеткен функцияларын жатқызады.
Отбасы мәселелері ғылыми әдебиеттерде отбасының спецификасының
функцияларына генеративтік (дені сау бала отбасында туылатындықтан, адамдар
өндірісі), экзистенционалды (балалардың мазмұны) және әлеуметтену функциясы
(балаларды тәрбиелеу). Бұл функциялар қоғамның барлық өзгерістерінде
сақталады, алайда отбасы мен қоғам арасындағы байланыс сипаттамасы тарих
барысында өзгеруі мүмкін. Адамзат қоғамы әрқашан халық өндірісін
қажетсінетіндіктен, тууды ұйымдастырудың әлеуметтік және балаларды
әлеуметтендірудің формасы ретінде әрқашан отбасыға әлеуметтік қажеттілік
сақталады. Бұл әлеуметтік функцияларды жүзеге асыру еш сыртқы мәжбүрлеусіз
және қысымсыз жеке индивидтің отбасылық өмір салтына мотивациялануы арқылы
жүреді.
Меншікті, статусты қалыптастыру мен мұраға қалдыру, үй шаруашылығын,
демалысты және бос уақытты отбасы мүшелерінің әл-ауқаты мен денсаулығын
қорғау мақсатында ұйымдастыру, қысымды түсіретін және Мен өзін-өзі
сақтауына ықпал ететін микроклимат жасау сияқты отбасының спецификалық емес
функциялары отбасы мен қоғам арасындағы тарихи сипаттаманы бейнелейді,
баланың туылуы қалай жүзеге асатындығын, олардың отбасында тәрбиленуінің
тарихи өтпелі картинасын ашады. Отбасылық өзгерістер көбіне әр түрлі тарихи
кезеңдердегі спецификалық емес функцияларды салыстырғанда байқалады: жаңа
жағдайларда олар модификацияланады, тарылады немесе кеңейеді, толық немесе
бөліктерімен жүзеге асады, кейде тіпті мүлдем жойылып отырады. Сонда да
отбасының басты функциясы баланы біріншілікті (немесе базалық)
әлеуметтендіруі, оны қалыптастыруы болып табылады.
Қазіргі кездегі отбасы маңызды өзгерістер басынан кешіруде. Жаңа
қоғамдық-саяси қарым-қатынастар бекіп жатқан кезеңде қазіргі заманның
отбасына әлеуметтік талдау жасайтын, отбасын нығайтудың және оның
тұрақтылығын сақтаудың жолын белгілеген қазақстандық социологтардың
зерттеулерін атап өту керек. Атап айтқанда Қ.Ғ.Ғабдуллина, Н.А.Аитов,
У.Ауталипова, У.Бекжанов, З.Ж.Жаназарова және басқалары.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Отбасы некеге қарағанда күрделірек
қарым-қатынастар жүйесі, ол тек жұбайларды ғана емес, сонымен қатар
балаларды, туыстарды, жұбайларға жақын адамдарды біріктіреді. Отбасы – бұл
әлеуметтік институт пен шағын топ белгілері бар әлеуметтік жүйе. Отбасы
әлеуметтік институт ретінде жұбайлардың, ата-аналардың, балалар мен басқа
туыстардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін әлеуметтік нормалардың,
санкциялардың және мінез-құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады. Отбасы
әлеуметтік жұмыстың нысаны ретінде үнемі әлеуметтік жұмыс маманының
назарында болғандықтан, отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың
технологиялық үдерісін айқындау маңызды.
Тақырыпты зерттеудің мақсаты. Қазақстан Республикасының әлеуметтік
мемлекет құру жолындағы отбасының әлеуметтік қорғау жүйесінің ерекшелігін
талдап, оның мәні мен мазмұнын ашып көрсету жұмыстың негізгі мақсаты болып
табылады.
Тақырыпты зерттеудің міндеттері. Осы мақсатқа жету үшін мынандай
міндеттерді шешу көзделіп отыр:
– отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жүзеге асырудың құқықтық
табиғатын, мемлекеттің отбасымен жүргізілетін әлеуметтік үдерісінің
бағыттарын қарастыру;
– отбасын негізгі әлеуметтік институт ретінде зерттеу;
– отбасымен жүргізілетін психологиялық кеңес беру үдерісінің қағидалары
мен ерекшеліктерін көрсету;
– отбасымен әлеуметтік жұмыстың ұйымдастырушылық негіздерін атап
көрсету;
– отбасыны әлеуметтік қамсыздандыруды, жұмыспен және мемлекеттік
қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйе және отбасы мүшелерін
мемлекеттің әлеуметтік қолдауын зерттеу.
Зерттеудің негізгі нысаны: негізгі әлеуметтік институт ретіндегі
отбасы.
Зерттеу жұмысының пәні: Қазақстан Республикасының отбасыны мемлекеттік
әлеуметтік қорғау жүйесінің қалыптасу және жүзеге асырылу тетіктері.

1.1 Отбасы әлеуметтік топ ретінде
Отбасы мен неке тарихы жөніндегі жұмыстардың пайда болғанына көп уақыт
өткен жоқ. ХІХ ғасырдың ортасына дейін адамдардың санасында неке мен
отбасына деген діни пікір басым болды. Отбасы небір өзгермейтін зат ретінде
қарастырылды және бұл патриархалдық және буржуазиялық отбасының
ұқсастығынан көрініс тапты.
Отбасы – әлеуметтік институттардың ішіндегі ең ежелгісі. Ол діннен,
мемлекеттен, әскерден, білімнен, нарықтан әлдеқашан ертерек туындады.
Отбасы табиғаты мен мәнін анықтауға ойшылдар түрлі тұрғыдан қарады. Отбасы
мен неке қарым-қатынастарының сипатын анықтауға алғаш тырысқандардың бірі
ежелгі грек философы Платон болатын.
Неке мен отбасына деген тарихи көзқарасты бекітудің басында Ана
құқығы еңбегінің авторы, швейцар ғалымы И.Бахофен тұр. Эволюциялық
идеяларды негіздеу жолындағы зор құбылыс американ ғалымы Л.Морганның
Ежелгі қоғам атты еңбегі болып табылады. Кейінірек отбасының тууы және
дамуының негіздемесін К.Маркс пен Ф.Энгельс берді. Олардың пайымдауынша,
қоғамдық-экономикалық формациялардың негізін құратын экономикалық қарым-
қатынастар отбасының да негізі болып табылады.
Бүкіл әлемде, әсіресе Англияда, шотланд ғалымы Дж.Мак-Леннонның
еңбектері зор резонанс тудырды. Отбасы туралы жаңа ілімге сын айтқан
ағылшын заңгері, психолог, тарихшы Г.Мэн қоғамның дамуында матриархаттың
болғанын жоққа шығарады.
Американдық зерттеуші, тарихшы, этнограф Л.Морган отбасының дамуына
қатысты басқа көзқарасты ұстанды. Ол 200-ден астам қоғамдық топтың неке-
отбасы қатынастарын зерттеді. Л.Морган адамзаттың даму тарихын 3 кезеңге
бөлді: тағылық, варварлық, өркениет.
Олардың әрқайсысы өзіндік қоғамдық институттары мен өнердің түрлерін
жасады. Ч.Дарвин ілімінің тікелей әсерімен ол отбасының даму теориясын
сомдады.
Әлеуметтанушылар отбасын ерекше бір құбылыс, әлеуметтік жүйе ретінде
қарайды да, оны әлеуметтік институт және кішігірім топ ретінде талдап,
зерттейді. Зерттеуші отбасын әлеуметтік тұрғыдан зерттеу кезінде, ең
алдымен, отбасындағы адамдардың тәртіп үлгілеріне, атқаратын қызметіне,
рөліне баса назар аударады. Осыған сәйкес отбасының қалыптасуы процесі
зерттеледі.
Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттеуді талдау оның қаңдай
мәселелеріне көңіл аударуды анықтап береді. Олардың қатарына қоғамның
некелік қатынастарға, тұрмыс-салтына қалай әсер ететінін, әр түрлі
әлеуметтік, саяси, экономикалық жағдайларда отбасы ережелері мен бағалы
құндылықтары қалай ерекшеленіп, отбасындағы тәртіптік қатынастар әлеуметтік
тұрғыдан қалай реттеліп отыратынын, т.б. айтуға болады. Қоғамдық қажеттілік
пен талап-тілекке отбасындағы тәртіп типтерінің (түрлері) қайсысы сәйкес,
қайсысы сәйкес еместігі назарға алынады.
Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттегенде мынадай жалпы ұғымдар
қолданылады:
1) некелік қатынастардағы қоғамдық қажеттілік, талап-тілектер,
мұқтаждықтар;
2) отбасының әлеуметтік қызметі;
3) отбасы қатынастарындағы ережелер мен бағалық құндылықтар;
4) әртүрлі типтегі (түрдегі) отбасындағы тәртіп үлгілері, т.б.
Отбасын кіші топ ретінде зерттеу – өзінің құрылымы жағынан аз ғана
адамдар тобының, оның мүшелерінің жалпы әлеуметтік іс-қызметінде бір-
бірімен тікелей араласуынан, бірыңғай эмоциялық қарым-қатынастың, топтық
ереже және топтық процестің қалай пайда болатынын анықтау. Мұндай зерттеу,
ең алдымен, ерлі-зайыпты адамдардың арасындағы қатынастардың серпінін
зерттеуден басталады. Бұл тәсіл олардың туыстар арасындағы қатынастарды,
некенің бұзылуын және ерлі-зайыптылардың айырылысу себептерін анықтауға
көмектеседі. Зерттеу барысында адамдар арасындағы қарым-қатынастардың
қоғамдық ережелер мен тәртіп үлгісімен және құнды нәрселермен тығыз
байланысты болатынын естен шығармау қажет.
Отбасын зерттеудегі бағыттардың әрбіреуінің өзінше ерекшелігі бар.
Мысалы, отбасын әлеуметтік институт (ұйым) ретіңде қарағаңда негізінен
отбасының сыртқы қарым-қатынастары әңгіме етілсе, ал, отбасының ішкі
байланыс-қатынастарында оны кішігірім топ ретінде зерттеуге итермелейді.
Бірінші бағыт, яғни отбасын әлеуметтік институт ретіңде қарау – бұл
әлеуметтанудың мәселелеріне тығыз байланысты, ал, екінші бағытта, яғни
отбасы кішігірім топ ретіңде қаралғанда, көбінесе оның әлеуметтік-
психологиялық мәселелері сөз болады.
Жоғарыда көрсетілгеңдерді қорыта келе отбасына жалпы сипаттама беруге
болады. Ерлі-зайыптылық екі негізгі қарым-қатынасқа негізделген:
1) ерлі-зайыптылық;
2) бала туу немесе бала асырап алу.
Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай, көптеген отбасы толық бақытты бола
бермейді. Отбасында ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайды, бірақ, ерлі-зайыптылардың
арасындағы түсінбеушіліктер біржола жоғалып та кетпейді немесе бейбіт түрде
толық шешіліп те қоймайды. Отбасы қатынастарындағы дау-жанжалдардың күшеюі,
шиеленістің тұрақты арты отбасын ыдыратуға әкеп соғады.
Отбасындағы шиеленіс асқынған жағдайда отбасының дағдарысына ұласады.
Бұл дағдарыстар алуан түрлі болады. Бұлар, некедегі үшбұрыштылық (яғни, бір
махаббатта 3 адамның кездесуі), мінез-құлықтардың сипаттамаларының әр
түрлілігі, отбасы мүшелерінің талап-тілектерінің, сұраныстарының сәйкес
келмеушілігі, жыныстық қатынастарға қанағаттанбауы, ерлі-зайыпты адамдардың
біреуінің әлеуметтік азғындыққа (маскүнемдікке салыну, қылмыстық істерге
ұрынуы, заңсыз, некесіз бала таптыру, т.б.) ұшырауы. Мұның бәрі отбасын
бұзуға, берекесін кетіруге, кесел әкелуге себеп болады, бұл жағымсыз
факторлардың ақыры ерлі-зайыптылардың өз балаларына деген ата-аналық борыш,
міндеттерін орындамауға әкеледі.
Көптеген адамдар отбасын құрудың негізі махаббат деп есептейді.
Дегенмен, ерлі-зайыптылар арасындағы қатынастарда жауапкершілікпен ceнімнің
де атқаратын рөлі аз болмаса керек.
Жауапкершілік ата-аналар мен балалар арасындағы қатынастарды ретке
келтіретін негізгі этикалық категория болып табылады. Отбасын құpған екі
адам өздерінің балаларының қамын ойлауға міндетті. Олар үйлене салып,
болашақта дүниеге келетін ұрпағының материалдық қамтамасыздығы, тәрбиесі,
оқуы, мамандық алуы туралы ойлауы керек. Қазaқтар әдетте аяқтанып кеткен
балаларын "eнді менде қарызың жоқ" дeгeнге келтіріп, итеріп тастамайды,
оларға өмірінің ақырына дейін көмегін аямайды.
Сонымен қоса, балалар да өз кезегінде ауру немесе қартайған ата-
аналарына, ағаларына, апаларына қарасуға міндетті. Жауапкершіліктің бұл
түpі заңдастырылмаса да, моральдық ұстанымның жалпылама қабылданған
нормасына жатады.
Белгілі бір себептерден ата-аналар балаларын қамтамасыз ете алмаса,
онда бұл іcкe мемлекет араласады. Мемлекеттің отбасы іcтepінe араласуы
белгіленген заңдылықтар негізінде жүзеге асырылады. Кейбір елдерде ата-
анасы қарамай тастап кеткен балаларды жеке және қоғамдық топтар қамқорлыққа
алады. Мұндайда олардың әpeкeтін мемлекет өз тарапынан бақылаyға алады.
Ата текті білуде туыстық, жақындыққа байланысты: баба, ата, әке, бала,
немере, шөбере, туажат, жүрежат деген ұғымдар бар. Атаның баба, алдындағы
зор міндеттері баланың, немеренің, шөберенің, туажаттың, жүрежаттың алдында
жалғасады, ол әдептік қарым-қатынас ру, ел, ұлт, ұлтаралық, бүкіладамзаттық
мәнде дами қалыптасып, адамгершілік парыздарды өтеуге міндеттейді. Адам
баласының адамгершілік қарым-қатынасындағы атаға, руға, ұлтқа бөлiп,
адамдық асыл сезiмдерге жол бермей, күндестiк, бақталастық дүние таластықты
тудыруға, әдептi бұзып, адамгершiлiкке қиянат көрсетiп, қылмыс жасау тeктi
сыйламаудан, адамдық қасиеттердi қастерлемеуден туындайды. Тегiмiз – адам.
Бiз адамдық қасиетке иемiз.
Ceнім – отбасы шеңберінде әрекет eтeтін азаматтық құндылықтардың
маңыздылардың бірі. Ceнім болған отбасының шаңырағы биік, босағасы берік
болады. Статистика бойынша, ажырасушылықтың елеулі бөлігі ерлі-зайыптылар
арасында ceнімнің болмауынан немесе оны ақтамaғандықтан болатын көрінеді.
Ceнім болған жерде жайшылық түcініcтік болады, отбасының қаyіпсіздігі
күшейеді.
“Асығыс түбi – өкiнiш, ойланып алмақ – сабыр сол” деп, Абай атамыз
дұшпанға да әдiлетсiздiк жасау қылмыс eкeнiн айқын айтады. Ешкiмге арамдық-
жамандық ойламай, әдiл де адал ниеттi болу әрбiр адамның адамгершiлiк
сапасын көрсетедi. Халық әдiлеттiк пен адалдық жолында күншiлдiк,
пәлеқорлық, жалақорлықпен, өсек-аянмен аяусыз күресiп келедi. Өмiрде қанша
қырсық, қиындық, зорлық пен қорлық болса да, әдiлдiк пен адалдық, шындық
жеңiп отырады.
1.2 Отбасының негізгі қызметтері
Отбасының табиғатын, маңыздылығын анықтауда ежелгі ойшылдардың ұстанған
түрлі көзқарастары бар. Неке-отбасы қарым-қатынастарының сипатын анықтауға
алғаш тырысқандардың бірі – ежелгі грек философы Платон болды. Ол, отбасы
дегеніміз – өзгермейтін қоғамдық ұяшық: отбасылардың бірігуі нәтижесінде
мемлекет пайда болған деген пікір айтады.
Ал француз ағартушысы Жан-Жак Руссо: Барлық қоғамдардың ішінде ең
ежелгі әрі жалғыз табиғи қоғам – бұл отбасы. Сонымен, отбасы – бұл саяси
қоғамдардың бейнесі деп жазды.
Жалпы айтқанда, отбасы дегеніміз – некеге қарағанда күрделірек қарым-
қатынастар жүйесі, отбасы – бұл әлеуметтік институт пен шағын топ белгілері
бар әлеуметтік жүйе. Отбасы әлеуметтік институт ретінде жұбайлардың, ата-
аналардың, балалар мен басқа туыстардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін
әлеуметтік нормалардың, санкциялардың және мінез-құлық үлгілерінің
жиынтығымен сипатталады.
Отбасының әлеуметтік функциялары оның әлеуметтік институт ретіндегі
қоғамдық қажеттіліктері мен өмір сүру сипатын, сондай-ақ отбасы тобының
жеке қажеттерінің сипатын көрсетеді.
Отбасы мынадай функциялар атқарады:
– бала өсіріп, тәрбиелеу арқылы ұрпақ жалғастығын қамтамасыз ету. Қоғам
үнeмі өзінің демографиялық өcyін қамтамасыз eтyі керек. Әcіpece жері көп,
халқы аз Қазақстан қoғамы үшін бұл өте өзекті болып табылады. Өйткені,
қазақ жерінің мол табиғи байлығын игеру, орасан үлкен aумақты қорғау, дүние
жүзіндегі қуатты елге айналу үшін елімізге бұқара халық керек. Келешекте
Қазақстан 50 млн. тұpғыны бар іpі елге айналуы керек. Cондықтан мемлекет
жастардың дер кезінде отбасын құруына, бала өcіpyінe мүдделі;
– баланы әлеуметтенуге, басқалай айтқанда, қоғамда өмір сүруге дайындау.
Баланың қоғамда бағаланатын құндылықтарды меңгеруін, білім алуын, кәсіп
таңдауын, өзінің қабілеттерін пайдаланып еңбек eтyін, қoғамдa өмір сүруге
үйретілyін алдымен отбасы қамтамасыз етеді;
– отбасы мүүделерін баспанамен, көлікпен, киіммен, тамақпен, үй заттарымен,
oқyға, еңбек етуге қажетті жабдықтармен, тaғы да басқа материалдық
құндылықтаpмен қамтамасыз ету.
Сонымен қатар отбасының атқаратын қызметі мұнымен шектеліп қоймайды.
Қазіргі отбасын зерттеушілер отбасы функциясын зерттеуге аса зор назар
аударуда. Отбасы мүшелерінің белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандырумен
тығыз байланысты отбасының өмір сүру салты отбасы функциясы деп аталады.
Отбасы қанша қажеттіліктерді тұрақты қанағаттандырса, сонша функциясы
болады. Дәстүрлі түрде зерттеушілер келесі функцияларды бөліп көрсетеді:
репродуктивті, экономикалық, тәрбиелік, демалыс пен сауықты ұйымдастыру.
Мұндай жіктеуді А.Г.Харчев, И.ВГребенников, А.И.Кочетов та жақтайды.
Отбасы функцияларына қазіргі көзқарасты В.И.Торохтийдің пікірінен көреміз:
Жалпы орта азиялық отбасы үшін өмірлік маңызы бар функциялардың белгілі
бір санының болу сипаты, олар жоқ болса, отбасының өмір сүру мәні де
жоғалады. Жіктеудің ешқайсысын отбасының барлық өмірлік цикліне қатысты
қолдануға болмайды, себебі уақыт өткен сайын отбасы функцияларында
өзгерістер пайда болады: кейбірі жоғалады, кейбірі жаңа әлеуметтік
жағдайларға сәйкес өзгереді, үшіншілері көмекші болып қалады. Сонымен қатар
толыққанды отбасының өмірлік циклінің бойына қандай да бір түрде нақты
немесе күш-қуат түрінде сақталатын функциялар болады.
Отбасының репродуктивті функциясы
Оның негізінде – қарама-қарсы жынысты адамдарды одақ құруға
итермелейтін физиологиялық және сексуалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру.
Э.Дюркгеймнің пікірінше, жыныстардың қарама-қарсылығы неке одағының негізі
ғана емес, отбасындағы ізгілікті жақындықтың негізгі себебі. Ол отбасы-неке
қатынастарының тұрақтылығына әсер ету күші жағынан қандас туыстық тәрізді
фактордан да басымырақ. Э.Дюркгейм жыныстардың қарым-қатынастарын еңбекті
бөлу тұрғысынан талдайды. Ол алғашқыда тек сексуалдық функциялармен ғана
шектелсе, бірте-бірте көп нәрсеге әсерін тигізеді. Әйелдердің функциялары
мен еркектердің функцияларының маманданғаны соншалықты, әйелдер еркектерден
өзгеше өмір кеше бастады. Еркек күш-қайраттың, ақыл-ойдың көрінісі болса,
әйел нәзіктікті, әлсіздікті, жұмсақтықты, сезімталдықты білдіреді.
Функционалдық айырмашылық біртіндеп физиологиялық белгілердің өзгеруіне
әкеп соқты: бойы, салмағы, сырт бейнесі, еркек пен әйелдің бас сүйегінің
құрылысы бір-бірінен едәуір ерекшеленеді. Бір-бірінен айырылған еркек пен
әйел нақты бір бүтіннің түрлі бөліктері, олар біріккенде бүтін қалпына
келеді.
Отбасына қоғамдық қарым-қатынастың барлық жүйесі енеді – неке және
туыстық қарым-қатынас, құқықтық және әлеуметтік қарым-қатынас, шаруашылық-
тұрмыстық және экономикалық, ізгіліктік әне этикалық қарым-қатынас,
эмоционалдық қарым-қатынас. Осының арқасында отбасы әлеуметтік қауым
ретінде жеке тұлғаның қоғаммен байланысын жасайтын алғашқы элемент болып
табылады: ол баланың әлеуметтік байланыстар жөніндегі пікірін
қалыптастырады және осы қатынастарға туғаннан бастап қосылады.
Бұдан отбасының келесі функциясы шығады, бұл – жеке тұлғаны
әлеуметтендіру, жас ұрпаққа мәдени мұраны беру. Адамның балаға, оны
тәрбиелеуге және әлеуметтендіруге деген қажеттігі адамның өміріне мән
береді. Жеке тұлғаны әлеуметтендірудің басты нысаны ретінде отбасының
басымдығы табиғи-биологиялық себептерге байланысты екені анық. Басқа
топтарға қарағанда өзінің ерекше ізгілікті-эмоционалды психологиялық
махаббат, қамқорлық, құрметтеу, мейірімділік атмосферасының арқасында
отбасының жеке тұлғаны әлеуметтендіруде үлкен басымдығы бар. Отбасынан тыс
тәрбиеленген балалардың эмоционалдық және ақыл-ой дамуының деңгейі
төменірек болады. Олардың жақынын жақсы көру, басқаның қайғысына күйіну
қабілеттері тежелген. Баланың өмірінде алғашқы бес жылдың маңызы зор,
себебі осы кезеңде баланың дамуында әсерлі өрлеу болады, жеке тұлғаның
келесідей негіздері қалыптаса бастайды – ес, зият, сөз сөйлеу, ойлау,
эмоциялар сипаттамасы, танымалдық белсенділік.
Отбасының келесі маңызды функциясы экзистенциалды функция – өз
мүшелерін әлеуметтік және эмоционалды қорғау функциясы. Кез келген
құбылыстың мәні қатерлі жағдайда айқындалатыны белгілі. Қауіп төнген сәтте
адамдардың көпшілігі өз отбасымен болуға тырысады. Өмірі мен денсаулығына
қауіп төнгенде, адам ең жақын туыс адамын көмекке шақырады. Отбасында адам
өз өмірінің құндылығын сезінеді, риясыз берілуді, жақын адамдарының өмірі
үшін құрбандыққа баруға әзірлігін көреді. Адамның өзінің біреуге қажет те
қымбат екендігін, оны жақсы көретіндігін сезінуі қорғалғандық, қауіпсіздік
сезімін тудырады, оның ішкі рухы мен сенімділігіне қолдау жасайды.
Отбасының келесі маңызды функциясы экономикалық және шаруашылық-
тұрмыстық. Қоғамдық тұрғыдан алғанда бұл функцияның мәні қоғамның кәмелетке
толмаған және еңбекке жарамсыз мүшелеріне қолдау жасауда, отбасының бір
мүшелерінің басқа мүшелерінен материалдық қаражат пен шаруашылық-тұрмыстық
қызмет түрлерін алуда.
Әлеуметтік-мәртебелік функция қоғамның әлеуметтік құрылымын қайта
жаңғыртумен байланысты, себебі отбасы мүшелеріне белгілі бір әлеуметтік
мәртебе беріледі.
Рекреативті, күшті қалпына келтіру функциясы адамның еңбек күнінен
кейін дене күшін, психологиялық, эмоционалдық және рухани күштерін қалпына
келтіріп, нығайтуға бағытталған. Бұл функция толық зерттелмеген, алайда
ғалымдар отбасының жұбайлар денсаулығына жақсы әсер ететінін көрсететін
нақты дәлелдерді тапты.
Бос уақытты дұрыс ұйымдастыру функциясы тиімді сауықты ұйымдастыруды
және осы салада бақылау жасауды жүзеге асырады, сондай-ақ бұл функция
индивидтің бос уақытын өткізу жөніндегі белгілі бір қажеттіліктерін
қанағаттандырады. Әлеуметтанушылар отбасының дәулеті мен сауығы арасындағы
тығыз байланысты анықтады. Бақытсыз ерлі-зайыптылар жұбының бесеуінің
біреуі ғана бос уақытын бірге өткізеді, бұл көрсеткіш бақытты жұптардың
арасында 2-5 есе артық. Бос уақытты өткізу функциясы отбасының бос уақытын
ұйымдастыруды тиімді етуге, отбасы мүшелерінің қарым-қатынас жасау
қажеттігін қанағаттандыруға, мәдениет деңгейін көтеруге, денсаулық жағдайын
жақсартуға, күшті қалпына келтіруге бағытталған.
Әлеуметтанушылар отбасының коммуникативті функциясына көбірек мән
береді. Бұл функцияның келесі компоненттерін атауға болады: отбасының өз
мүшелерінің бұқаралық ақпарат құралдарымен (теледидар, радио, баспасөз),
отбасының өз мүшелерінің қоршаған табиғи ортамен түрлі байланыстарына және
оны қабылдау сипатына әсер етуі; отбасылық бірлестікті ұйымдастыру. Егер
отбасы осы функцияны орындауға қажетті назар аударатын болса, бұл оның
тәрбиелік күш-қуатын арттыра түседі.
Отбасында ересектер де, балалар да тәрбиеленеді. Әсіресе отбасының жас
ұрпаққа әсерінің маңызы зор. Сондықтан отбасының келесі функциясы ол –
тәрбиелік функциясы.
Біріншісі аспектіге – баланың жеке тұлғасының қалыптасуы, оның
қабілеттері мен мүдделерін дамыту, қоғамның жинақтаған әлеуметтік
тәжірибесін отбасының ересек адамдарының (шешесінің, әкесінің, атасының,
әжесінің және т.б.) балаларға беруі, олардың ақыл-ойын байыту, эстетикалық
дамыту, дене бітімінің жетілуіне көмектесу, денсаулығын нығайту және
санитарлық-гигиеналық мәдениет дағдыларын қалыптастыру.
Екінші аспект – отбасы ұжымының өзінің әр мүшесіне өмір бойына жүйелі
тәрбиелік әсері.
Үшінші аспект – ата-ананы (отбасының басқа ересек мүшелерінің)
балаларына үнемі әсер ете отырып, өзін-өзі тәрбиелеуге итермелеуі.
Қоғамдық қатынастардың дамуына сай олардың сипатына байланысты
отбасының кейбір функциясы неғұрлым мәндірек бола түссе, кейбіреуінің мәні
азая бастайды, ал кейбір функциялар мүлдем басқа әлеуметтік институтқа
ауысып кетеді. Отбасының осы негізгі функцияларын талдай келе, олардың
ешқайсысын жеке алғанда толығымен, топталған түрде барлығын да басқа
функциялармен алмастыру немесе шығару мүмкін емес екеніне көзіміз жетті.
1.3 Отбасы – тұлғаның қалыптасу үдерісіндегі басты әлеуметтік институт
Отбасын әлеуметтік зерттеудің қажеттігі оның қоғамдағы алатын орнымен
түсіндіріледі. Ол – адамның өте маңызды да жауапты жанұясы. Себебі отбасы
адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Қоғамның негізгі мақсаты
– адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасына
байланысты.
Отбасының аса маңыздылығы оның қоғам алдында атқаратын қызметтерінен
көрінеді. Ол отбасында туатын балалар санымен көбейіп, өсіп отырады. Отбасы
қоғамның биологиялық жағынан үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді. Басқаша
айтқанда, ол адамдардың санын көбейтіп, өсіріп отырады.
Отбасы қажетті мәдени мұраны қоғамдағы өзінен жоғары үлкен бірліктер
арқылы бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырады.
Отбасы индивидті (жеке адамды) өмір қиыншылықтарына көнуге, басқалармен
үйлесімді өмір сүруге, басқаруға үйрететін әлеуметтік өмір мектебі. Отбасы
қоғамның бастапқы ұясы, оның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады.
Отбасының аса маңыздылығы оның қоғам алдында екі негізгі атқаратын
қызметінен көрінеді. Біріншіден, отбасы – ол адамдардың ерекше тобы,
өйткені оның құрамы сырттан келетін адамдар санымен немесе сырттан келетін
адамдар санының өсуімен байланысты емес, ол отбасында туатын балалар
санымен көбейіп, өсіп отырады. Бұл топ (яғни, отбасы) қоғамның биологиялық
жағынан үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, адамдардың
санын көбейтіп, өсіріп отырады. Отбасының екінші негізгі атқаратын қызметі
– ол қажетті мәдени мұраны қоғамдағы өзінен жоғары үлкен бірліктер арқылы
бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырады.
Қандай да бір отбасы болмасын, оның төмендегідей жалпы белгілері
болады:
1. Отбасы мүшелері әруақытта бір-біріне өзара тәуелді болып келеді, соған
сәйкес отбасының бір мүшесінің мінез-құлқы өзгерсе, ол басқалардың да
мінездерінің өзгеруіне әкеледі;
2. Қаңдай да бір отбасы болмасын ол біртұтас және жеке болады, оның
басқалармен байланысы белгілі бір дәрежеде шектеулі;
3. Отбасы – бейімделуші ұйым, ол өзін қоршаған әлеуметтік ортада тепе-
тендікті сақтауға тырысады;
4. Әрбір отбасы сыртқы факторларға байланысты міндеттерді орындаумен бірге,
өз мүшесінің талап-тілегін, мұң-мұқтажын орындауды қамтамасыз етеді.
Ер мен әйел – отбасының екі іргетасы, бұл іргетас үйленумен кұрылады.
Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады. Сонымен қатар қоғамның қартайған,
еңбекке жарамсыз мүшелеріне қамқорлық та осында іске асырылады.
Отбасы – тұрмыстық қатынасты қалыптастырудың да алғашқы ұясының бірі.
Отбасы некеге немесе қандас туысқандыққа негізделген қоғамдық шағын топ,
адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы. Қоғаммен, бүкіл қоғамдық
қатынастардың жүйесімен тығыз байланысты бола тұрса да, отбасы қоғамдық
өмірге қарағанда адамдардың белгілі дәрежедегі дербес, сырлас тобы. Отбасы
өмірі материалдық және рухани процестермен сипатталады. Табиғи биологиялық
және шаруашылық-тұтыну қатынастары оның материалдық жағын құраса, рухани
жағын құқықтық, адамгершілік және психологиялық қатынастарды құрайды.
Отбасы некеге қарағанда күрделі жүйе, себебі ол жұбайларды ғана емес,
олардың балаларын, басқа туыстарын да біріктіреді. Оның негізін қалайтын
неке – ол ерікті де тең болуы керек, күштеп немесе тәуелділіктің салдарынан
некелестіруге болмайды. Отбасы әр түрлі жыныстар арасындағы жұбайлық
қатынас болғандықтан, табиғи, адалдық-эстетикалық қатынасқа негізделуі
керек.
Джордж Герберт Мидтің пікірінше, балалардың отбасында тұлғалық
қалыптасу үдерісі үш түрлі сатыдан құрылады.
Біріншісі – иммитация. Бұл сатыда балалар үлкен адамдардың мінезіне
еліктейді, бірақ оны түсінбейді. Кішкене бала үйдің еденін жумақшы болып,
өзінің ойыншық шаңсорғышымен бөлмеде жүреді.
Екіншісі – ойын сатысы. Бұл уақытта кішкене бала өзінің мінезін белгілі
бір рөлді орындау арқылы көрсетеді. Ол дәрігер, өрт сөңдіруші, т.б. Ойын
процесінде балалар бұл рөлдерді өздері істеп көрсетеді. Куыршақтармен
ойнағанда жас балалар оларды еркелетіп немесе ұрсып, әке-шешелерінің
қылықтарьш қайталайды. Сөйтіп балалар өз істерін ойлап жасайтын қабілетке
жете бастайды.
Үшінші саты – ұжымдық ойын. Мұнда балалар тек өздерін ғана ойлап
қоймайды, сонымен қатар басқалардың нені күтетінін түсіне бастайды. Мысалы,
футбол ойнап жүрген бала ойынның барлық ережелерін біледі. Бұны команданың
барлық ойыншылары да біледі. Балалардың футбол ойынының тәртібін,
ережелерін білу оларды адамдардың қоғамда өздерін қалай ұстау тәртіптерін
біліп, меңгеруіне бағыттайды. Бұл тәртіп, ережелер қоғамда заң және
ережелер түрінде көрінетінін де түсініп, жақсы біледі.
Отбасы әлеуметтік институт есебінде адам қоғамының қалыптасуымен бірге
пайда болды. Отбасының дербестігі болғанымен, бірақ отбасылық қатынастар
қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты.
Отбасының кұрамы деп олардың мүшелерінің өзара жиынтығын айтамыз, оған
туысқандықтан басқа рухани, азаматтық қатынастар, билік, бедел қатысы да
жатады.
Отбасының туысқандық құрылымы, біріншіден, жұбайлар мен балалар,
екіншіден, балалары мен жұбайлары, әйелдің болмаса күйеуінің бірге тұратын
туыстары, немере-шөберелерден тұрады. Бала санына байланысты 4 түрлі отбасы
болады:
1. көп балалы (үш бала, одан көп); 2. орташа (екі балалы);
3. бір баласы бар; 4. баласыз отбасылар.
Отбасындағы билік құрылымы демократиялық немесе авторитарлық деп екіге
бөлінеді. Отбасындағы авторитарлық билік әйелдің еркекке қатаң бағынатын,
осыдан барып, отбасы мүшелерінің арасыңдағы қарым-қатынастар қатаң тәртіп
арқылы сипатталады. Отбасындағы демократиялық билік ерлі-зайыпты адамдардың
қабілеттеріне қарай басшылық рөлдерді бөлуге негізделген. Мұнда бір отбасы
мүшесі шешім қабылдауға қатысады, балаларды сендіру, нандыру, көз жеткізу
негізінде тәрбиелейді, мәжбүрлеу шаралары қолданылмайды. Отбасындағы
билікті зерттеу ондағы адамдардың арасындағы функцияларды белгілеуге, ал,
әрбір отбасы мүшесінің осы рөлдерді қалай орыңдап жатқанына, сонымен бірге
ерлі-зайыпты адамдардың арасыңдағы түсінбеушілікті анықтауға әсер етеді.
Отбасы басқа жағдайларға байланысты да топқа, түрге бөлінеді. Олардың
шартты сипаты әртүрлі. Мысалы, баланы тәрбиелеу әсеріне қарай жайлы және
жайсыз отбасы болады. Материалдық жағдайына, табысына қарай да отбасы үш
түрге – жоғары, орта және төменгі болып бөлінеді.
Отбасының қызметі қоғамдық-тарихи жағдайларға, оның мүшелерінің
жігерлілігі мен еңбек сүйгіштігіне де тәуелді. Отбасының ұрпақ жалғастыруы
барлық тарихи кезеңдерде қоғам үшін де, жеке адам үшін де маңызды. Бірақ
жұбайлардың балалы болу тілегі, қоғамның кай кезеңінде болмасын, оны
қанағаттандыратын әлеуметтік жағдайларға сәйкес өзгеріп отырған, қазір де
солай. Қоғам отбасының өмірге қанша жаңа адам әкелу қызметіне әсер етпейді
деуге болмайды. Қоғам әр түрлі әлеуметтік саясатты басшылыққа ала отырып,
яғни өмірге адам әкелудің экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайларын жасай
отырып, ерлі-зайыптылардың өз тілегінен көп немесе аз баласы болуына
итермелейді. Мысалы, Қытайда отбасында бір бала ғана болу саясаты
жүргізілді. Бұл тарихи факт. Мұның зиянды жағы – отбасында бір баланың
болуы ұрпақ жалғасуына, халықтың өсуіне кері әсерін тигізеді. Соның
нәтижесінде туу азаяды да, елдің еңбек ресурстарының негізі болатын жұмысқа
қабілетті адамдар азайып кетеді.
Қазір біздің республикамызда жаңа ұрпақтың көбеюі, яғни бала тууға
ынталандыру көлемді әлеуметтік, саяси-экономикалық проблемаға айналды.
Қазақстан Республикасының табиғи байлығы мол, жаңа зауыттар, фабрикалар
өмірге келеді, онда білімді адамдар жұмыс істеуі керек. Қандай жаңа
техника, технология енгізілсе де, оның тетігі адам қолында.
Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті; оны
қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның
негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-
мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәжірибесін жас
ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту. Балаларын қоршаған ортаға және қоғамға
пайдалы азамат етіп өсіру – әке-шешенің ең маңызды міндеті.
Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінін, әсіресе, естияр ұрпақтың
беделі, өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір-
бірін құрметтеп сыйлауы – бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе. Отбасынан
тыс та тәрбие бар. Қазақ ұлың өссе, ұлы жақсымен, қызың өссе, қызы
жақсымен ауылдас, көршілес бол, - дейді.
Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір
қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Ата-аналар балалардың
жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқауы керек. Сонда ғана балалар
өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез дамытады. Жас күнінен бастап
олардың қабілетін байқап, оған сәйкес тәрбиелеу, бағдар беру қажет.
Отбасы тәрбиесі – ата-аналар ықпалымен жүзеге асатын, қоғамдық
тәрбиемен ұштас отбасындағы бала тәрбиесі. Отбасы тәрбиесі – қоғамдық
тәрбиенің құрамдас бөлігі. Отбасы өміріндегі туысқандық қарым-қатынастар
мен тұрмыс жайттары балаға үздіксіз ықпал етуші тәрбиелік күш болып
табылады. Ата-аналардың жақсы үлгісі баланың сана-сезім, ой дүниесінің
өсуіне, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпалын тигізеді. Ұяда не
көрсең, ұшқанда соны ілерсің деп бекер айтпаған. Отбасы тәрбиесі бала
дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Баланың өсуіне қарай, оның
тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талап та арта түседі. Баланың ақыл-
ойының дамуы, ұнамды мінез-құлқын қалыптастыру бірінші қатарға қойылады,
оның негізі мектепке дейінгі жаста қаланады. Балалар отбасында
еңбекшілдікке, әдептілікке, кішіпейілділікке, жинақылыққа, тәртіп
мәдениетіне үйретіледі. Бала үй шаруашылығыңдағы жұмыстарға қатысу арқылы
еңбек етуге үйренеді. Мектеп жасындағы баланы оқу еңбегіне үйретудің маңызы
зор. Баланы оқу материалымен өз бетінше жұмыс істеуге, білім меңгеруде
табандылыққа, жігерлілікке үйрету, мамандыққа баулу отбасының басты
міндеті. Отбасы тәрбиесі ата-аналардың оқытушы, жұртшылықпен бірлескен
тәрбие жұмысының нәтижесінде жүзеге асады.
Тәрбиеде көп мағына жатыр. Баланың өсуіне, олардың рухани түрде
жетілуіне, адамгершіліктің қалыптасуына көңіл бөлмеген соң олар тасбауыр,
қайырымсыз боп өседі. Атақты кеңестік педогог Василий Александрович
Сухаменнский осы тәрбие туралы былай деді: Тасбауыршылық адамдарға
немқұрайды, ол немқұрайлық – мен-мендікті, мен-мендек – қатыгездікті
тудырады.
Ал енді балаларды, жастарды қай халық баласын ерекше сүйіп, құрметпен,
мәпелеп өсіруге тырысады. Мұнда да адамгершілікке байланысты көптеген
жайлар бар. Алдымен жастарды, балаларды еркелетіп, мәпелеп құлыным,
ботам, шырыным деп отырып, оларға қатал да болып, тәртіпке шақырып,
жаман әдет-ғұрыптардан жирендіріп отыру керек. Баяғыда ананың ақ сүтіне
аузы тиген балаға, ешкімнің ала жібін аттап басушы болма деп үйреткен.
Айталық Тәукенің Жеті жарғысында осы ұрпаққа қарсы, адамгершілікті
тәрбиелеу мәселелер туралы көп айтылады.
Адамгершілік барлық адамға жарасатын қасиет. Бұл – адамның бала жасынан
алған тәрбиесіне, өскен ортасына, төңіректегі адамдардың қарым-қатынасына
байланысты қалыптасатын қасиет.
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері:
– адамның қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру;
– адамдарды адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру;
– балардың санасына және мінезіне педогогикалық ықпал жасаудың бірлігін
қамтамасыз ету;
– отанға, халқына, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке балалардың жоғары
адамгершілік сезімін тәрбиелеу.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру, біріншіден, тәрбие процесінің обьективті
және субьективті жақтарын бірлігіне, жеке адамның қоғамдық норманы
меңгеруі. Екіншіден, тәрбие шараларының мазмұнына, идеялық деңгейіне
байланысты. Үлкендерді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір
адамнан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz