Өндіріс қаржысының экономикалық мәні


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Өндірістің қаржылық ресурстары тақырыбын оқытудың әдістемесі

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 2

1 ӨНДІРІС ҚАРЖЫСЫНЫҢ МӘНІ 5

1. 1 Өндіріс қаржысының экономикалық мәні 5

1. 2 Өндіріс қаржысын мемлекеттік реттеу 11

2 ӨНДІРІС ҚАРЖЫ ЖАҒДАЙЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ («Арман» ЖШС мысалында) 14

2. 1 Өндірістердің қызметінің қаржыландырудың ерекшеліктерін оқыту 14

2. 2 «Арман» ЖШС қызметтері және оның қаржы ресурстарын реттеу жүйесі 20

2. 3 Өндіріс қаржысын дамытудың негізгі бағыттары 25

3 ӨНДІРІСТІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ МЕН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ 31

ҚОРЫТЫНДЫ 35

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 37

ҚОСЫМША 1. Өндірістерде қаржы ресурстарының құрылымы мен көздері 39

ҚОСЫМША 2. Жаттығулардың жіктелуі 40

КІРІСПЕ

Әлемдік жаһандану шеңберінде Қазақстан үшін, бір уақытта үш талапты бірдей сақтау - басты бағыт болып табылады: әлемдік экономикаға бірігу, халықаралық аренада бәсекелестікті сақтау және ел ішінде осы үдерістердің маңызды және елеулі өзгерістерге әкелуін қамтамасыз ету. Алға қойған міндеттерге жету мемлекет тарапынан басқару әрекеттерінің табыстылығына байланысты болады. Мемлекет ойластырылған экономикалық саясатты жүргізу жағдайында нарықтық қатынастарды дамытуға кызу қарқын мен ерекше екпін бере алады. Сондықтан мемлекетке қоғам дамуының жалпы жағдайын қамтамасыз ету қызметі, өзінің тетіктері мен әдістерін пайдалану арқылы «ойын ережесін» анықтау, экономикалық үдерістерді тікелей және жанама реттеу жүктеледі.

Қаржының мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай қозғалыстың шарты тауар-ақша қатынастарының болуы және экономикалық заңдардың іс-әрекеті болып табылады.

Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан - тауар-ақша қатынастарыиың болуының және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындаиды. Мемлекет қаржы ресурстарының объсктивті қажеттігін есксре отырып, оларды пайдаланудың әр түрлі нысандарын жасай алады: төлсмдердің әр түрлі түрлерін енгізеді нсмссе күшін жояды, қаржы ресурстарының нысандарын өзгертеді жәнс т. б. Шаруашылық жүргізу сферасында үнемі өзгеріп отыратын ұдайы өндірістік қажетіліктерді қамтамасыз ете отырып, қаржы өндіріс үйлесімдерін тұтынудың қажеттерінс бейімдеугс мүмкіндік беруі үшін қажст. Бұл мақсатты айналымның ақша қорларын қалыптастыру арқылы болады. Қаржының басты айналымы - табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына дсген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру жоне бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау. Қоғамдық қажеттіліктердің дамуы шаруашылық жүргізуші субъсктілердің қарамағында жасалатын ақша (қаржы) ресурстарының құрамы мен құрылымының өзгеруіне жеткізеді.

Қаржы, экономикалық категория ретінде, экономикалық заңдардың (құн заңының, сұраным мен ұсыным заңының, қажеттіліктердің жоғарлау заңының, өндірістік қатынастардың өндіргіштік күштердің сипаты мен даму деңгейіне сөйкестік заңының, уақытты үнемдеу заңының іс-әрекетіне негізделеді. Қатынастардың иерархиялық субординациясын ескере отырып, "жалпыдан - жекеге" олардың мынадай дәйекті қатарын жасауға болады: жалпы қоғамдық қатынастар, өндірістік қатынастар, ақша қатынастары жәнс қаржы қатынастары (салық, бюджст, мемлекеттік кредит, сыртқы экономикалық қатынастар жәнс тағы басқа. )

Өндірістік қаржылық ресурстарын оқытуды жалпы үш топқа бөлуге болады:

- белгілі бір операцияның немесе тәсілдің алғашқы дағдыларын үйрететін сабақ;

- сол алғашқы дағдыларды жетілдіруге арналған сабақ;

- кешенді жұмыстарды үйретуге арналған сабақ.

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі өндірістердің қаржы ресурстарын оқыту әдістемесінде ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізуін талдау болып табылады. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамыту үшін қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Мұндай даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық құралы, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында ұлттық шаруашылықты басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.

Курстық жұмыстың пәні өндірістік қаржы ресурстарын оқыту сабағын ұйымдастыру барысында нұсқау жұмыстарының ерекше орын алатынын ескере отырып оның мынадай түрлері: кіріспе, нұсқау, негізгі нұсқау (негізгі бөлім), қорытынды нұсқау.

Курстық жұмыстың объектісі «Арман» ЖШС, оның қаржы ресустарын талау.

Өндірістердің қаржылық жауаптылығы бюджет, қорлар алдындағы міндетті орындалмағаны үшін заңнамада белгіленген қаржы санкцияларының жүйесімен анықталады.

Курстық жұмысының мақсаты өндірістің қаржы ресурстарын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, және оны оқыту әдістемесі болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:

-қаржы саласында алған білімімді қолдану;

-қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;

-өндірістің қаржылық жағдайын талдау;

-жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.

Өндірістің өзін - өзі қаржыландыру барысын зерттеу, өндірістің дамуының өзін - өзі қаржыландыруын қарастыру.

Өндірістердің қаржылық жауаптылығы кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру жүйесімен және өндірістердің қаржы ресурстарына сақтық компаниялардан түсетін сақтық төлемдердің рөлінің артуымен күшейеді.

1 ӨНДІРІС ҚАРЖЫСЫНЫҢ МӘНІ

1. 1 Өндіріс қаржысының экономикалық мәні

Өндіріс экономиканың негізгі буыны ретінде меншік нысандары мен шаруашылық жүргізудің әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары мен нарықтың дамуы кезінде жұмыс істейді.

Өндірістерді ұйымдық-құқықтық нысандары бойынша межелеу олардың қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуына, өндірістік-шаруашылық қызметін қаржыландыруға, шаруашылық жургізудің нәтижелеріне әкеп соғады.

Меншік нысандарына қарай шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорларын қалыптастырудың ерекшеліктері болады. Мысалы, өндірістік өндірістердің қаржы қорлары мына көздер есебінен құрылады: меншікті көздер (амортизациялық аударымдар, таза табыс) ; банк несиелері; бағалы қағаздар шығарудан түсетін қаражаттар; мемлекеттік өндірістерде қаражаттардың бұл көздері қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтерде - кооператав мүшелерінің үлестік жарналарының қаражаттары. Тәжірибеде көбінесе меншіктің аралас нысандарымен шарттасылған қорлардың көздері бойынша оларды құрудың аралас нысандары кездеседі. Мысалы, негізгі құралдар мен айналымдағы активтердің үлкен бөлігі мемлекетке жататын мемлекеттік кооперативтерде қызметкерлердің үлестік жарналары болымсыз рөл атқарады. Мемлекеттік акционерлік қоғамдарда да осылай [1, 69б. ] .

Өндірістер мен ұйымдардың мүлкін жалға бергенде айрықшалықты төлем - жалға берілген мүлік құнының амортизациялық аударымдарын, жалға беру мерзімінің өтуіне қарай объектілерді жөндеу үшін жалдаушының жалға берушіге беретін қаражаттарын, жалға алынған мүлікті қоғамдық қажетті пайдаланудан түсетін пайданың (табыстың) бір бөлігін (жалгерлік пайызды) кіріктіретін жалгерлік ақы қолданылады.

Өндірістің бастапқы қорларының қалыптасуына сәйкес шаруашылық қызметінің мынадай қаржылық нәтижелері бөлінеді және пайдаланылады: таза табыс, пайыздық табыс, дивидендтер, үлестік табыстар, бюджеттің (бюджеттік несиелердің) және бюджеттен тыс қорлардың шығыстарын өтеу.

Үлестік жарна негізінде жұмыс істейтін өндірістердің - шаруашылық серіктестіктерінің, кооперативтердің, бірлескен өндірістердің қаржысын ұйымдастыру мұндай өндірістер қаржысының қалыптасу және алынған табыстарды әрбір қатысушының мүліктегі үлесіне сәйкес кейінгі белудің ерекшеліктерімен анықталады. Мұндай өндірістердің құрылтайшылары мен қатысушылары өздерінің жарналарын ақша қаражаттары, мүліктің әр түрлі түрлері (ғимараттың, жабдықтың және басқаларының), мүлікті құқықтар (жерді, табиғи ресурстарды, мүлікті, зияткерлік (интеллектуалдық) меншікті пайдалану құқықтары) түрінде жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Президентінің "Шаруашылық серіктестіктері туралы" заң күші бар жарлығына сәйкес шаруашылық серіктестігі - жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым. Шаруашылық серіктестігінің мынадай нысандары белгіленген:

1) толық серіктестік;

2) сенім серіктестігі;

3) жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

4) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;

5) акционерлік қоғам.

Толық серіктестіктінің пайдасы мен залалдары қатысушылар арасында, егер құрылтайшылардың шартында немесе қатысушылардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, олардың серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесінің мөлшеріне бара-бар бөлінеді; сенім серіктестігі мен жауапкершілігі шектеулі серіктестікте де осылай бөлінеді.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік өндіріс қызметтің сан алуан сферасында құрылып, іс-әрекет етуі мүмкін.

Өндірістің жарғылық капиталының мөлшері өндіріске берілетін мүліктің жалпы құнынан аспауы және ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің 1000 мөлшерінен кем болмауы керек [2, 84б. ] .

Өндіріс оның жарғысында көрсетілген мелшерде резервтік капиталды қалыптастыруға міндетті және ол жарғылық капиталдың 10 пайызынан кем болмауы керек, оның қарамағында қалған пайданың кем дегенде 5 пайызы осы мақсатқа жүмсалуы тиіс. Резервтік капиталдың қаражаты тек қана залалдарды жабуға, бюджет шығыңдағы міндеттемелерді орыңдауға, мемлекетгік несиелерді өтеуге және басқадай қаражаттары жеткіліксіз болған жағдайда пайыздық өтем төлеуге жұмсалады.

Өндіріс өндіретін тауарлардың (атқарылатьш жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары өндірістің оларды өндіруге кеткен шығындарды толық өтеуге, оның қызметін шығынсыз етуге және өз кіріс есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етуге тиіс.

Мемлекеттік тапсырысты орындау есебіне өндіріс өндіретін және өткізетін тауарлардың (жүмыстардың, қызметгердің) бағаларын уәкілді органның келісуі бойынша жоғарыда айтылған талаптарды ескере отырып белгілейді.

Өндіріс мемлекеттік тапсырыстан тыс өндіретін және өткізетін тауарлардың (жүмыстардың, қызметгердің) бағасын өзі дербес белгілейді.

Өндіріс өз қызметінен алған меншікті табыстар есебінен ұсталады. Мемлекеттік өндіріске қаражат заңнамада көзделген тәртіппен беріледі.

Өндіріс иесіне аударылуға тиіс пайданың үлесі жыл сайын уәкілді орган Қаржы министрлігінің (тиісінше - оның жергілікті органдарымен) келісімі бойынша белгіленетін пайданы бөлудің нормативінде көрсетіледі және тиісті бюджеттердің кірісіне аударылады.

Жедел басқару құқығындағы мемлекеттік мүлікке ие өндіріс қазыналық болып табылады.

Қазыналық өндірістер заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) төтенше және авариялық жағдайларда кен-құтқару және өзге де арнаулы жұмыстарды орындау, өрттен, су тасқынынан және басқа да апаттардан қорғау;

2) заңнамада қаржыландырудың арнаулы тәртібі белгіленген мемлекеттік көлік жолдарының және басқа инфрақұрылым объектілерінің жүйесін ұстау мен дамыту;

3) пошта байланысы мен телекоммуникация, жалпы республикалық және халықаралық байланыс желісін пайдалану саласындағы қызмет;

4) топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу;

5) денсаулық сақтау, табиғатты қорғау, білім беру, әлеуметтік қорғау, ғылым және мәдениет сферасында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін құрыла алады.

Қазіргі кезде кооперация жүйесінде кооперативтердің ең негізгісі - өндірістік және тұтыну кооперативтері жұмыс істейді [3, 112б. ] .

Өндірістің өзін-өзі қаржыландыруы - нарықтық экономика жағдайында өндірістердің шаруашылық қызметінің табысты болуының міндетті шарты. Бұл қағидат өнім өндіру мен өндірістің өндірістік-техникалық базасын ұлғайту жөніндегі шығындардың толық өтелуіне негізделеді, ол әрбір өндіріс өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын меншікті көздері есебінен жауып отыратындығын білдіреді. Қаражаттардың уақытша жетіспеушілігі кезінде оған деген қажеттілік банктің қысқа мерзімді несиелері мен коммерциялық несие есебінен (ағымдағы шығындарға пайдаланылады) және ұзақ мерзімді несиелер есебінен (күрделі жұмсалымға пайдаланылады) қамтамасыз етілуі мүмкін, олар өндірістің қарамағында қалатын пайданың есебінен өтелінеді.

Нарықтық экономика мен жекешелендіру процестерінің дамуы жағдайында өзін-өзі қаржыландыру қағидатын қамтамасыз етуге акционерлік капиталды, бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен пайыздарды, қаржы операцияларынан алынған табысты (пайданы) пайдалану арқылы қол жетеді.

Бюджеттік және салалық қаржы көздері өзінің маңызын жоғалтты және олар негізінен экономиканың құрылымдық қайта құрылуын қаржыландыруға, конверсияға қолданылады [4, 139б. ] .

Өзін-өзі қаржыландыру өндірістердің толық қаржы дербестілігімен және жауапкершілігімен тығыз байланысты. Оларға өздерінің меншікті ресурстарын өз бетінше ұйымдастырып басқаруға, тартылатын және қарыз қаражаттарын іздестіріп, айналымға салуға құқық берілген. Мемлекет өндірістердің қаржы ресурстарын қайта бөле алмайды. Қаржы қатынастарын мемлекет тарапынан реттеу бюджетке салық алудың, амортизациялық қорды қалыптастырудың, валюталық түсім-ақшаны бөлудің, бағалы қағаздарды өткізудің, шығындарды өзіндік құнға жатқызудың және т. с. с. жүйесі мен тәртібін белгілеу ақылы жүзеге асырылады.

Өндірістердің қаржылық жауаптылығы бюджет, қорлар алдындағы міндетті орындамағаны үшін заңнамада белгіленген қаржы санкцияларының жүйесімен анықталған. Бұдан басқа, өндірістер өздерінің міндеттемелері бойынша меншікті мүлкімен жауапты болады.

Өндірістердің қаржылық жауаптылығы кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру жүйесімен және өндірістердің қаржы ресурстарында сақтық компаниялардан түсетін сақтық төлемдердің рөлінің артуымен күшейіп келеді.

Нарықтық экономика және меншіктің әр түрлі түрлеріне негізделген сан алуан ұйымдық-құқықтық нысандар өндірістердің қалыптасуын және дамуын, жаңа меншік иесінің, жеке азаматтардың, сондай-ақ өндірістер еңбек ұжымдарының пайда болуын қажет етеді. Бұл - маңызды алғышарт және қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне мүдделіктің себебі. Бұл қағидатты іс жүзінде жүзеге асыру өндірістерге берілген және мемлекеттің қолдауынсыз өзінің шығындарын қаржыландыру қажеттігіне ғана байланысты емес, сонымен қатар, салықтарды төлегеннен кейін өндіріс, ұйым, фирма қарамағында қалатын пайданың (табыстың) үлесіне де байланысты.

Қаржы - ақша қатынастарының жиынтыгы, олардың ажыратысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.

Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберілетін материаддық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып табылады. Қаржының басты белгілсрінің бірі - оның тұлғалануының ақша нысаны жене ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек, қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақтылы қозғалысымен аңғартып отырады.

Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау дұрыс болмас еді. Ақша қатынастары ішінсн тек олар арқылы мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сон-дай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің жасалатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып кетеді. . Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық түрлерін ақшалай есепке алу мен бақылау жасау, өндірілген онімді ақша нысанында өлшеу, өзіндік құнды калькуляциялау жөне өнімнің бағасын анықтау, ақшалай түсімді есепке алу мен сақтау, ақша айналысын реттеу және басқалары кірмейді. Сауда жүйесі арқылы тауарларды сатып алу және сату (тіпті мемлекет бөлшек сауда бағаларын реттеп отырған жағдайда да) кезінде пайда болатын ақша қатынастарын да қаржыға жатқызуға болмайды. Себебі мемлекет бұл жерде ақша қатынастарын азаматтық-құқықтық әдіепен реттеп отырады. Ақша қатынастарымсн бірігіп кеткен субъектілердің теңдігі (олардың құқықтары мен міндеттеріндегі тепе-теңдік) бұл әдіске тән өзгеше нышан болып табылады. Сонымен бірге қалыптасатын ақша қатынастарының өзіндік қаржылық емес өзгешелігі болады. Кез келген ақша қатынастары қаржы қатынастарын білдіре бермейді.

Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша-бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндірушілердің еңбек шығындары елшенетін жалпыға ортақ баламал қаржы - жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады

Ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында жеке экономикалық категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес.

Ақшаның нақтылы қозғалысы ұдайы ондіріс процесінің екінші және үшінші стадияларында - бөлуде жөне айырбастауда болады.

Екінші стадияда ақша нысанындағы құнның қозғалысы тау-арлардың қозғалысынан оқшауланады және оның шеттелуімен (бір иеленушілерден басқа иеленушілергс өтуімен) немесе құнның әр бөлігінің мақсатты оқшаулануымен (бір иеленушінің шеңберінде) сипатталады. Үшінші стадиада белінген құн (ақша нысанындағы) тауар нысанына айырбасталады. Бұл жерде құнның өзінің шеттетілуі болмайды. Сөйтіп, ұдайы өндірістің екінші стадиясында құнның ақша нысанының бір жақты қозғалысының орны болады, ал үшінші стадияда құндардың екі жақты қозғалысы болады, оның бірі ақша нысанында, ал басқасы тауар нысанында болады.

Шаруашылық қызметінің нәтижелігіне мүдделік бірдей дәрежеде өндірістер мен ұйымдардың ұжымдарына, жеке қызметкерлерге және жалпы мемлекетке тән нәрсе. Бұл қағидатты іске асыру лайықты еңбек ақы төлеумен, мемлекеттің оңтайлы салық саясатымен, таза табысты (пайданы) тұтыну мен қорланымға болуда экономикалық жағынан негізделген үйлесімдерді сақтаумен қамтамасыз етілуі мүмкін; өндірістердің ұжымдарын қаржылық ынталандырудың қуатты тұтқасы олардың өздері тапқан қаражаттары есебінен әлеуметтік-мәдени мақсаттарға жұмсалатын шығындар болып табылады.

Қаржылық жауапкершілік пен мүдделік - бір процестің - ша-руашылық жүргізудің тиімділігін арттырудың ынталандырмаларын жасау мен іске асыру процесінің екі жағы.

Сөйтіп, екі экономикалық категорияның - экономиканың негізгі буыны - өндіріс, ұйым, басқа шаруашылық субьекті сферасындағы қаржы мен коммерциялық есептің өзара байланысы көрінеді.

1. Жоспарлылық қағидаты өндірістің қаржылық қызметі өндірістің мақсаттарына, міндеттеріне, оларға жетудің белгіленген әдістеріне, жетудің дәйектілігі мен мезгіліне қарай оның параметрлерін есептеу арқылы алдын ала қарастырылатынын білдіреді. Есеп-қисаптар негізінде және белгіленген қаржы нормативтерін пайдалану арқылы арнаулы құжатта - қаржы жоспарында (болжамында) қамтитын көрсетілетін қаржы көрсеткіштері анықталады. өндірістің болжамды қызметі факторларының тұрлаусыздығы жағдайында қаржы көрсеткіштерін егжей-тегжейлі пысықтаудың - жоспарлаудың орнына болжау қолданылады, яғни қолда бар мәліметтерді зерделеудің, өзгермелі факторларды ғалыми өндеудің (үлгілеудің, экстраполяциялаудың) және қорытындылаудың негізінде өндірістің қаржылық дамуының болжамы жасалады. Болжам өндірістердің шаруашылық қызметінің нұсқалары бойынша бағалау және кейінгі шешімдерді қабылдау үшін қызмет етеді.

2. Өндірістер мен ұйымдар меншігінің барлық нысандарының теңдігі қағидаты қатынастардың тұрақтылығы мен меншіктің түрлі нысандары - мемлекеттік, жеке меншік, шетел мемлекеттерінің және олардың заңды ұйымдары мен азаматтарының, халықаралық ұйымдардың нысандары дамуының мемлекет кепілдігінде жүзеге асырылады. Меншіктенуші өз білгенінше өзінің мүлкіне иелік жасайды, пайдаланады және басқарып ұйымдастырады, оған қатысты заңға қарсы келмейтін кез келген іс-әрекет жасайды, мүлікті кез келген шаруашылық және заңмен тиым салынбаған өзге де қызмет үшін пайдаланады [5, 196б. ] .

3. Өндірістердің қаржысын ұйымдастырудың қажетті қағидаты - басқарудың барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел қоры) болуы. Қаржы резервтері әр түрлі әдістермен өңдірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін. Қаржы резерві уақытша болатын қаржы қиыншылықтарын жоюға және шаруашылықтардың қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әдетте, қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және әлеуметтік дамумен байланысты шығындарды (ойда болмаған шығындарды) қаржыландыруға арналған.

Нарықтық экономика жағдайында өндірістердің қаржысын ұйымдастыруда елеулі өзгерістер болуда. Әріптес өндірістердің арасында деңгейлес байланыстар күшейіп келеді, олардың банк жүйесімен өзара іс-қимылы нығайып келеді. Бұл процестер салалық құрылымдардан бас тартып, жаңа үлгідегі құрылымдарды - экономикалық мүдделермен, бірыңғай акциялармен және мемлекеттің мүліктегі үлесімен байланысты ұқсастық негіздегі және көпсалалық құрылымдарды жасауда көрінеді.

Өндіріс экономикасын зерделеудің негізгі объектісіне жататындар:

  • Өндірістің өндірістік құрылымы, өнеркәсіп ондірісінің үлгісі, өндіріс кезеңін ұйымдастыру;
  • өндірісті басқару процесін ұйымдастыру;
  • шаруашылық стратегиясын таңдау, өнімді өндіруді жоспарлау және өнімді сатуды әзірлеу;
  • өндірісті қалыптастыру, капиталды пайдалану және өндірістің табысың қорландыру;
  • өндірістің материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз етілуі, шикізаттар, материалдар жеткізілуі, босалқы қорды қалыптастыру және оларды ұтымды пайдалану;
  • өндірістің техникалық жағдайы және қажетті өндірістік инфрақұрылымды құру;
  • өндірістік шығындарды қалыптастыру, өнімнің өзіндік құн калькуляциясы, өндірістің баға саясаты;
  • өндірістің қаржы ресурстары, шаруашылық қызметінің тиімділігі, кәсіпкерліктегі тәуекелдік баға;
  • Өндірістің жаңартпашылық қызметі, өнімнің сапасы, өндірістің жаңартпашылық саясаты, экономикалық мәселелер;
  • кадрларды іріктеу, оларды жұмысқа қабылдау, еңбекті ұйымдастыру, еңбекке ақы төлеу жүйесі және еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысының мәні мен маңызы
Қаржы және қаржы жүйесінің экономикалық мәні
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы қаржы және валюта қоры
ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫ ҚОРЛАРЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
Фирмалар мен фирма қаржысы
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы
Кәсіпорын қызметін бағалау көрсеткіштері
Айналым қаржысы және оның қалыптасу көздері
Мемлекеттің қаржысы
Кәсіпорын ресурстары және оларды пайдалану тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz