Кәсіпорын мен цехтарды ірілендіру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Өндірістің сыртқы және ішкі ортадағы қызметі тақырыбын оқытудың әдістемесі

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 ӨНДІРІС ТЕОРИЯСЫН ТАЛДАУ 5

1. 1 Өндірісті ұйымдастыру 5

1. 2 Өндірістің ішкі және сыртқы ортасының мәні 8

1. 3 «Өндірістік орта» түсінігі 11

2 ӨНДІРІСТІҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ОРТАДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ 13

2. 1 Өндірістің ішкі ортасы 13

2. 2 Өндірістің сыртқы ортасы 19

2. 3 Өндірістің ішкі және сыртқы ортасын талдау әдістері 22

2. 4 «Мақсат» ЖШС ішкі және сыртқы ортасын талдау 26

3 ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ОРТАНЫ ЖЕТІЛДІРУ МҮМКІНДІКТЕРІ 31

ҚОРЫТЫНДЫ 36

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 38

ҚОСЫМША 1. Өндірістің ішкі және сыртқы ортасын оқыту бойынша жаттығулардың жіктелуі 40

КІРІСПЕ

Өндіріс - өзінің өміріне қажетті маиериалдық жағдайларды жасау мақсатымен адамның табиғатты белсенді жаңғырту үрдісі.

Кез келген өнімді өндіру үшін төрт элемент керек: сол өнімді дайындайтын табиғи зат өнімді жайындау үрдісінде пайдаланылатын еңбек құралы адам еңбегі, оның мақсатты бағытталған қызметі аталған үш элементті өндіріске қосатын ұйымдастырушы.

Өндіріс түрлері - өндірістің сыныптық санаты, ол технологиялық үдерістердің, өнімді алу тәсілдерінің сипатына қарай анықталады. Айталық, өнеркәсіптің өңдеуші салаларында технологиялық үдерістердің бір-бірінен айтарлықтай өзгешелігі бар екі түрін бөліп алуға болады. Бірінші түріне бастапқы шикізат дайын өнімге айналмастан бүрын бірқатар тізбекті қайта өндеуден (сатылардан, кезендерден) өтеді, олардың эрқайсысының өнімдері кейінгі енім үшін дүмбілзат болады. Олар металлургия, тоқыма, химия, әйнек, кірпіш, т. б. өндірістері. Оларда шығын калькуляциялық баптарға орай, әдетте, сатылар, қайта өндеулер бойынша, өндіріс тұрпаттары (түрлері) бойынша есептеледі. Өзіндік құн тек ақырғы өнім бойынша ғана емес, сонымен бірге меншікті өндірісте пайдаланылатын (одан өрі өндеуге жіберілетін) немесе ішінара сыртқа сатылатын дүмбілзаттар бойынша есептеледі. Екінші өндіріс түрлеріне әуелі жекелеген бөлшектер (тетіктер, тораптар, т. б. ) дайындалатын, сонан соң механикалық құрастыру жолымен аяқталған бұйым алынатын өндірістер жатады. Машина жасау, аяқкиім, жиһаз, т. б. өндірістер осындай өндірістер болып табылады.

Экономика тілінде өндіріс факторлары деп аталатын бұл төрт элемент тиісінше - жер, капитал, еңбек және кәсіпкерлік ұғымдарымен белгіленеді.

Өндірістің тиімділігі - қажетті түпкілікті нәтижеге қол жеткізу жолында адамның өндірістік‚ шаруашылық қызметінің жұмсалған ресурстарға (еңбекке‚ материалдарға‚ қаржыға) қатынасы, яғни өндіріс нәтижесінің пайдаланылған ресурстарға қатынасынан көрініс табатын нәтижелілік. Нәтиже экономикалық (өнімнің‚ пайданың өсуі‚ т. б. ) және әлеуметтік (еңбек жағдайының жақсаруы‚ қоршаған орта мен адам денсаулығының сақталуы‚ т. б. ) сипатта болатындықтан‚ өндірістің тиімділігі экономикалық тиімділік және әлеуметтік тиімділік түрлеріне бөлінеді. Өндірістің экономикалық тиімділігінің нәтижелілік көрсеткіштері: шығарылған өнімнің көлемі немесе пайда, немесе пайда, ресурстар тиімділігінің нәтижелілігі - еңбек пен өндіріс құрал-жабдығының (өндірістік қорлардың) жиынтық шығыны. Экономикалық тиімділік көрсеткіштері алуан түрлі. Мысалы‚ ұлттық табыс‚ өнім шығару немесе пайда көлемі өсуінің осы өсуді туғызған күрделі жұмсалымға қатынасы экономикалық тиімділік көрсеткіштері болуы мүмкін. Еңбек өнімділігі‚ өнім сапасы‚ оның материал сыйымдылығы‚ қор сыйымдылығы Өндірістің тиімділігінің қосынды көрсеткіштері болып табылады. Экономикалық тиімділіктің артуы жоғары әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізу үшін негіз болып табылады‚ ал олар өз кезегінде экономикалық нәтижеге барған сайын күшті ықпал етеді. Сондықтан Өндірістің тиімділігінде экономикалық және әлеуметтік көзқарастың бірлігі мен өзара байланысы - шаруашылықты жүргізудің аса маңызды қағидатының бірі болып табылады.

Өндірісті қайта құру - өндірісті негізінен жаңа принцип бойынша қайта құру, (реконструкциялау), қайта жарақтандыру, жабдықтау [2, 14б] .

Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі шаруашылықты жүргізудің қазіргі жағдайындағы өндірістің түпкілікті нәтижелерінің әлеуметтік тиімділігі еңбек жағдайларының нашарлауы‚ қоршаған ортаға зиян келтірілуі‚ адамның тіршілік әрекетінің басқа да көрсеткіштерінің төмендеуі есебінен өнім өндіру көлемін ұлғайтуға немесе пайда алуға жол беруге болмайды деген мағынаны білдіреді.

Курстық жұмыстың мақсаты өндірістік оқытудың теориялық негіздерін бере отырып, оны ұйымдастыру әдістемесінің жалпы педагогикалық негізімен таныстыру.

Аталған мақсатқа байланысты курстық жұмыстың міндеті өндірістің ішкі және сыртқы ортасын оқыту, таңдалған тақырыппен жалпы және педагогикалық білім беруді байланыстыру мен біріктіру негізінде жүзеге асатын белгілі бір еңбек өнімділігіне жалпы және арнайы дайындық.

Курстық жұмыстың зерттеу пәні өндірістің ішкі және сыртқы ортасын оыту әдістемесін ұйымдастыру барысында нұсқау жұмыстарының ерекше орын алатынын ескере отырып оның мынадай түрлері: кіріспе, нұсқау, негізгі нұсқау (негізгі бөлім), қорытынды нұсқау.

Курстық жұмыстың әдістемелік негізі ретінде отандық және шет елдік авторлардың еңбектері мен зерттеулері алынды.

1 ӨНДІРІС ТЕОРИЯСЫН ТАЛДАУ

1. 1 Өндірісті ұйымдастыру

Өндіріс - қоғамдық өмір сүруі мен дамуы үшін қажетті материалды өнімдер мен көрсетілетін кызметтердің өндіруісіне адамдардың әсер ету процесі.

Өнімді дайындау әдеттегідей мақсатты бағытталған процесс және нарықтағы коммерциялық жұмысқа сәйкес ұйымдастыру барысында жүзеге асады. Өндірістік процесс өзінің кұрамына дайын өнім өндіру үшін шикізаттар мен материалдардың формасын, қасиетін, параметрлерін және тағы басқа сипатын өзгерту мақсатында технологиялық операциялардан тұрады. Өндірістік процесс бұйымның мәндік сипатына және оны өндіру технологиясына байланысты болады. Соңғысы сәйкес өндірістік элементтер жиынын білдіреді (негізгі және қосымша өндіріс, оған қызмет көрсету және басқару) . Олардың әртүрлі комбинациясы өнімнің қозғалысын анықтайтын кәсіпорынды құрудың өндірістік құрылымын білдіреді.

Өндірістік кұрылымның әрекет етуі өзара ұйымдастыруды жетілдіру дәрежесімен және онымен әртүрлі элементтерді координациялаумен анықталады. Басқаша айтқанда, ол кәсіпорынды ұйымдастырудың ішкі логикасын анықтайды немесе оны ұйымдық құрылым деп те атайды. Ұйымдық құрылым кәсіпорындағы өнімді өндіру мен өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыратын өндірістік қызметтер қандай субординация және координацияда болуы керек екенін көрсетеді.

Өндірістік кәсіпорынның барлық іс-әрекет түрлерін ұйымдастыру жүйесін негізгі өндіріс процесін ұйымдастырумен, оған қызмет көрсету және басқарумен байланысты шартты түрде келесі шағын жүйелерге бөлуге болады:

  • негізгі өндіріс процесін ұйымдастыру;
  • өндірісті технологиялық дайындау;
  • сапаны техникалық бақылау.

Негізгі процеске қызмет көрсетуде келесі қосалқы жүйелер ерекшеленеді:

  • материалдық шаруашылықты жабдықтау;
  • инструменталды;
  • жөндеу және энергетикалық шаруашылық;
  • дайын өнімді сақтау.

Өндіріс процесінде 3 жақты жағдай қарастырылады:

  • еңбек заттары;
  • еңбек құралдары;
  • еңбек жағдайы [3, 25б] .

Өндірістік бөлімнің жиынтығы, олардың саны мен өзара қарым-қатынастарын және өндірістің көлемі мен жұмысшылардың санын, кәсіпорынның жалпы құрылымын білдіреді. Ал өндірістің тікелей өнім өндіру процесіне қатысатын бөлімдеріне: цех, участок және қызмет көрсететін шаруашылықтар бірігіп, кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды.

Бұл құрылым еңбек өнімінің деңгейін, өндіріс шығынын, табиғи байлық пен техниканы қолданудың экономикалық тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді.

Цех - әкімшілік жағынан оқшауланған жай өндіріс процесінде белгілі жұмыс түрін атқаратын буын. Цехтар жалпы 3 түрге бөлінеді.

  1. Негізгі цех - сатуға әзірленетін дайын өнім жасалады.
  2. Көмекші цех (құрал-жабдық жөндейтін, көлік және энергетикалық цех жатады) .
  3. Қосалқы цех - қайта өндеу цехтары жатады. Олар өнімге қораптар жасаумен, орау, жіктеу, тасымалдау және түсіру жұмыстарын атқарады.

Өндірістік кәсіпорын өнімдерінің құрылымының 3 типі бар.

  1. Заттай - қолданған кезде кәсіпорынның негізгі цехтары мен учаскелері белгілі бір өнімді не болмаса, белгілі бір бөлшекті өндіруге мамандандырылады.
  2. Технологиялық - қолданған жұмыс техникалық процестің ретіне байланысты болады. Цехтар мен учаскелерде басқару оңайлатылады және өндірістің бір наменклатуралы өнім шығаруы, келесі номенклатуралы өнім шығаруға ықпал етеді. Кемшіліктері: цехтардың арасындағы өндірістік қарым-қатынастың күрделенуі жоғары сапалы өнімді құрал-жабдықтармен құралдар құрудың мүмкіншілігінің жоқтығы.

3. Аралас - оған заттай және технологиялық құрылымның ең тиімді элементтерін кіргізеді. Басты артықшылығы: цехаралық тасымалдаудың азаюына, өнім өндірудің өндірістік цикілінің қысқаруына, еңбек жағдайын жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға және өзіндік құнды қысқартуға өз әсерін тигізеді [4, 36б] .

Өндірісті ұйымдастырудың түрі - өнеркәсіптік кәсіпорынды ұйымдастыру ерекшеліктерімен, техника жағдайының жалпы сипаттамасын беру. Оған келесі факторлар әсер етеді:

  1. мамамдандыру деңгейі
  2. өндіріс көлемі
  3. шығарылатын өнім наменклатурасының күрделілігі мен төзімділігіне байланысты. Өндірістің негізгі үш түрі болады.

Жеке-дара өндіріс ол алуан түрлі және тұрақты емес наменклатуралы өнімдерді жекелеп шығарумен сипатталатын өндіріс үлгісі (кеме, металлургиялық, кен жабдықтары), сонымен қатар жеке тапсырыс бойынша жеке тұтыну заттарын шығаратын тәжірибелі зауыттар, кәсіпорындар жеке-дара өндіріске жатады. Оның ерекшеліктері:

1. Әртүрлі наменклатуралы өнімдердің шығарылуы;

2. Жұмыс орындарын технологиялық мамандандыру бойынша ұйымдастыру;

  1. Әмбебап құрал-жабдықтар, технологияны қолдану;
  2. Қолмен жинау жұмыстарының көлемінің үлкендігі;
  3. Жоғары білікті әмбебап жұмыстар санының көп болуы;
  4. Өндіріс циклының ұзақтығы;
  5. Аяқталмаған өндіріс көлемінің көп болуы.

Сериялық өндіріс түрі кең номенклатуралы біртектес өнімді бір уақытта, сериямен шығаруды көздейді. Оның негізгі ерекшеліктері:

  1. біртектес өнімдердің үлкен номенклатурасының тұрақты шоғырланып тұруы;
  2. жұмыс орнының бірнеше операцияларды орындауға мамандануы;
  3. бөлшектер мен өнімдерді партиямен шығару;
  4. маманданған кұралдар мен технологиялық жабдықтарды көп колданылуы;
  5. қолмен жинау еңбегінің аз болуы;
  6. орташа білікті жұмысшылар санының көп болуы;

7. өндірістік циклдың қысқаруы.

8. өнім сапасын бақылау процесінің автоматтандырылуы [5, 132б] .

Жаппай өндіріс - бұл өндірісті мамандандырудың ең жоғарғы сатысы болып табылады. Мұнда әртүрлі өнімдер бір уақытта үзіліссіз шығарылып отырады. Мысалы: (автомобиль, трактор зауыты) . Ерекшеліктері:

  1. тек қана аз номенклатуралы өнімдерді үлкен көлемде шығару;
  2. жұмыс орнының тек қана бір операцияны орындауға мамандандырылуы;
  3. жұмыс орны атқарылатын операция ретіне қарай орналасады;
  4. арнайы және мамандандырылған техникалық кұрал-жабдықтардың үлкен көлемі;
  5. механикаландырылған, автоматтандырылған техникалық процестерді көп қолдану;

6. операцияларды дайындау және аяқтау уақытының аздығы қолмен жинау жұмыстарының көлемінің аздығы;

  1. төменгі білікті жұмысшылар еңбегін қолдану;
  2. өңдіріс процесінің қысқаруы;

10. өндірісті басқаруды және жоспарлауды шоғырландырумен автоматтандыруды енгізу.

Өндірістік құрылымға әсер ететін факторлар:

  1. Кәсіпорының халық шаруашылығының қай саласына жататындығына байланысты;
  2. Шығарылатын өнім номенклатурасы мен конструкциялық ерекшелігі;
  3. Қолданылатын материалдар мен шикізаттар және оларды өңдеу түрлері;
  4. Өнімнің конструкциялық қарапайымдылығы мен технологиялық төзімділігі;
  5. Өнім сапасына қойылатын талаптар;
  6. Өндірісте қолданылатын техникалық құралдар мен жабдықтардың құрамы;
  7. Жаңа өнім шығаруға бейімделу қабілеті;
  8. Өндіріс процесінің негізгі, көмекші және қосалқы цехтарындағы ерекшеліктері.

Өндіріс құрылымын әрі қарай дамыту жолдарына мыналар жатады:

  1. Кәсіпорын мен цехтарды ірілендіру;
  2. Негізгі көмекші және қосалқы цехтар арасындағы тиімді байланысты сақтау;
  3. Кәсіпорынды жоспарлау тиімділігін арттыру жолында тұрақты жұмыс жүргізу;
  4. Өндірісті ірілендіру арқылы қуатты ғылыми-техникалық өндірістік ұйымдарды құру;
  5. Техника мен жоғары сапалы технологияны тұрақты түрде дамыту және өндірісті ұйымдаструды жетілдіру;
  6. Өңдірістің тиімділігін арттыру, яғни кәсіпорындар мен цехтарды ірілендіру арқылы жаңа жоғарғы өнімді техниканы кең көлемде енгізуге жағдай туғызады. Технологияны дамыту - өндірісті ұйымдастыруды жақсартады.

Сонымен өндіріс құрылымын жетілдіру өндірістік процесті тиімді жүзеге асырып, өндіріс шығындарын төмендетіп, пайда мөлшерін арттырады.

1. 2 Өндірістің ішкі және сыртқы ортасының мәні

Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің негізгі түрлері тауарларды экспорттау мен импорттау болып табылады. Тауарларды экспорттау - тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының еліне жөнелту арқылы шетелдік сатып алушыға салу; импорттау - тауарды сатып алушының еліне әкелу арқылы шетелдік сатушыдан алу.

Сыртқы экономикалық мәміле контрактімен рәсімделеді, онда олардың құқы, міндеттемесі және тараптардың жауапкершілігі көрсетіледі. Сондықтан дұрыс рәсімдеу үшін Халықаралық сауда палатасының әзірленген халықаралық сауда терминін («Инкотермс») пайдалануды ұсынады.

«Инкотермстің» барлық термині төрт базалық ктегорияға топтастрылған:

Топ

Жабдықтаудың

шартты белгілері

Франкировка жағдайы

(тасымалдау шарттары)

Топ: Е
Жабдықтаудыңшартты белгілері: EXW
Франкировка жағдайы(тасымалдау шарттары): Завод франкосы
Топ: F
Жабдықтаудыңшартты белгілері:

FCA

FAS

F-B

Франкировка жағдайы(тасымалдау шарттары):

Еркін тасымалдаушы

Еркін кеме бортының жағасына дейін әкелу

Еркін бортқа әкелу

Топ: C
Жабдықтаудыңшартты белгілері:

CFR

CIF

CPT

CIP

Франкировка жағдайы(тасымалдау шарттары):

Құны және фрахтысы

Құны, сақтандыру және фрахтысы

Тасымалдауға дейін төленген . . .

Тасымалдау мен сақтандыру төлемі жүкті тасымалдауға дейін төленген

Топ: D
Жабдықтаудыңшартты белгілері:

DAF

DES

DE-

DDU

DDP

Франкировка жағдайы(тасымалдау шарттары):

Шекараға деәін жеткізілген

Кемеден жеткізілген

Кеме тоқтайтын жерге дейін, яғни айлаққа

Дейін өткізілген (баж салығы қосылған)

Баж салығын төлемей жеткізілген

Баж салығын төлеп жеткізген

«Е» тобының шарты бойынша сатып алушы сатушының қоймасынан жөнелтуге дайын тұрған тауарды алады. «Ғ» тобының шарты бойынша, сатып алушы көрсетсен транспорттық құралына дейін тауарды сатушының өзі жеткізіп беруге міндеттенген.

«С» тобының шарты бойынша сатушы тасымалдаушылармен шартқа отырады, бірақ жүкті жөнелткеннен кейін пайда болатын шығыстарға және тауардың бұзылуына (жоғалуына) жауап бермейді. «Д» тобының шарты бойынша сатушы барлық тәуекелділіктерді және жүкті белгіленген жеріне дейін жеткізіп берумен байланысты шығындарды өзіне алады.

СІҒ тауарды жеткізіп беру кезіндегі жағдайында сатушы жүктің әрбір тоннасын сақтандырады, фрахтысын анықтайды, жүкті жөнелтетін портқа жеткізіп, оны өз есебінен мерзіміне сәйес порт кемесіне тийеді және сатып алушыға құжаттарын қоса береді. Сатушының міндетіне тауардың транспорттық тәуекелділігі де кіреді.

Сөйтіп, CIF шарты кезінде сатып алушының жабдықтаушыға төлейтін бағасының ішіне тауарджың құны, фрахтысы және сақтандырулар кіреді.

DAF жағдайында экспорт үшін рұқсат етілген белгіленген орнына дейін тауарды жеткізіп беру бойынша жауапкершілікті сатушы алады, ал сатып алушы көрсетілген орында және көрсетілген уақытында тауарды қабылдап алуға міндетті.

FAS - жабдықтау шартына сәйкес сатушы кеме бортына дейін тауарды өз есебінен жеткізіп беруді мойнына алады, ал содан кейінгі шығыстарды (арту, фрахт) сатып алушы алады. Транспорт құралына дейінгі тауардың бұзылуын және басқа да шығыстарын сатушы өз мойнына алады.

ҒОВ - сату жағдайына сәйкес жабдықтаушының бағасына тауардың құнын, кеме бортына арту және оған дейін жеткізу шығыстар, т. б. кіреді

«Инкотермс» ұсыныстық сипатта болады және оның белгілі бір бөлігін немесе толық көлемін пайдаланылуы тараптардың келісіміне байланысты болып келеді [6, 63б] .

Қазақстан Республикасы аймағына әкелінетін және оның шекарасынан шығарылатын барлық тауралардың кедендік бақылаудан өтетіндігін көрсетеді. Бұл кезде заңда қаралған кедендік төлемдер экспорттауға да, импорттауға да салынады, оның құрамына мыналар кіреді:

  • кедендік баж салығы;
  • кедендік рәсімдеу үшін кедендік алымдар;
  • таурады сақтауға алынатын кедендік алымдар;
  • шығарып салғаны үшін кедендік алымдар;

Қазақстан Республикасының кедендік органына лицензия брегені үшін алынатын алым;

  • кеден ісін рәсімдеу бойынша машықтанған мамандық аттестатын бергені үшін алым;
  • алдын ала қабыладанатын шешімдер үшін төлем.

Бұл төлемдердің көбісінің мөлшерін кедендік тауар құнына тәуелді болып келеді, олардың құрамына шет елдік валютамен есептелген тауардың нақты құны және шетелдік төленеген үстеме шығысы кіреді. Егер де үстеме шығысыны жабдықтаушының өзі төлесе, онда ол тауардың нақты құнына бағаның бір элементі ретінде болады және сатып алушы өтейді.

Кедендік төлемді есептеудің негізін тауардың кедендік құны құрайды, тек кейбір арнайы кедендік төлемдерін, яғни, тауар бірлігі үшін белгіленген мөлшерде есептелетіндерін қоспағанда.

Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге шығарылатын тауарлардың кедендік құны; шот-фактурада көретілген тауар бағасына, сондай-ақ егер шот-фактураға енгізілмеген болса, онда мынадай нақты шығындар : тауарды әуе айлағына, айлаққа немесе басқадай жерге дейін жеткізіп беруге жұмсалған шығындар; тауарды Қазақсатн Республикасының кедендік аумағынан сыртқары жерлерге шығару шығындары; сатушының шығарған шығындары; сақтандыру сомасы; комиссиялық және брокерлік сыйақылары; сондай-ақ Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес бағалнатын тауарлармен біртұтас нәрсе ретінде қаралмаса, контейнерлердің немесе бірнеше рет қайталанып айналымда болатын ыдыс құндары негізінде анықталады.

Қазақстан республикасының кедендік аумағына сырттан әкелетін тауардың кедендік құны мынадай әдістерді қолдану арқылы анықталады: сырттан әкелелінетін тауарларға жасалған мәміле бойынша ; ұқсас тауарларға жасалған мәміле бағасы бойынша ; бірыңғай тауарларға жасалған мәміле бағасы бойынша ; құннан шегеру әдісімен; құнға қосу әдісімен; резервтік әдісімен жасалады.

Едендік төлем мөлшерлері мынадай түрлерге бөлінеді:

Адволарлық - салық мөлшері салынатын тауарлардың кедендік құнына процентпен есептеледі;

Ерекше - салық мөлшері салынатын тауарлар бірлігінің белгіленген мөлшерімен есептелінеді;

Аралас - салық мөлшері жоғарыда аталған кедендік салық түрлерінің екеуінеде үйлестіріледі.

Сыртқы экономикалық қызметте қолданатын негізгі құжаттар болып :

  • Техникалық құжаттаулар - техникалық төлқұжаты (паспорты), сызбасы, жинау бойынша нұсқауы, монтаждау, басқару және жөндеуі, техниалық жағдайын сипаттайтын құжат (спецификациясы) және т. б.
  • Тауарлы-ілеспе құжаттаулар ы- тауар сапасының сертификаты, буып-түю парағы; құрастырушы тізімдемесі (ведомосы) т. б. ;
  • Транспорттық, экспедиорлық және сақтандыру құжаттаулары - теміржол наклоднойы және оның көшірмесі (жүк түбіршегі, коносамент, автотранспорттық наклоднойы т. б. ), сақтандыру полисі немесе сертификаты;
  • Қойма құжаттары - экспорттау тауарына портта берілген қабылдау актісі, тауардың сақтауға алынғаны туралы қойманың қолхаты, басқа да кепілдік куәлігі т. б;
  • Есеп айырысу құжаттаулары - шот-фактурасы, аударм векселі (тратты) ;
  • Банкі құжаттаулары - валютаны аудару өтініші, инкассо тапсырмалары, акредетив ашу туралы тапсырмалар, чектер, Қазақстан Республикасының кеден депозитіне қаражатты аудару туралы тапсырмалары, есеп айырысу және валюталық шоттар бойынша жасалған операциялардың көшірмесі;
  • Кедендік құжаттаулар - кедендік жүк декларациясы (КЖД), тауардың шығуы (немесе шығарылған жері) туралы сертификаты, баж салығын төлегені туралы анықтама, акциздер, алымдар;
  • Талап (шағым) құжаттаулары - шағымдық хат, сотқа немесе арбитражға қойған талап арыз;
  • Бұзылған немесе кем шыққан жөнінде жасалған құжаттар - кем шыққанға жасалған коммерциялық актілер, авария сертификаты.

Сыртқы экономикалық қызмет бойынша есеп айырысу шетелдік валюта бойынша жүреді. Нақты мысалдарды қарастырмастан бұрын шетелдік валюта бойынша жасалатын операцияларына тоқталамыз.

1. 3 «Өндірістік орта» түсінігі

Алдыңғы тақырыптарда біз тұтынушы мінез-құлқын нарықтық қатынастар субъектісі ретінде талдадық. Енді олардың басқа қатысушысы - өндірушінің мінез-құлқын талдауына кірісейік. Осыған арналған микроэкономика теориясы өндіріс теориясы деген атау алды (фирма теориясы) . Өндіріс теориясы методология жағынан тұтыну теориясымен бірдей, бірақ оның айырмашылығы - зерттелетін категориялардың табиғаты субъективтік - психологиялық емес, объективтік.

Сонымен, «Өндірістік орта» теориясында зерделенетін субъекті - өндіруші. Өндіруші ретінде (рөлінде) кез келген жеке тұлға болуы мүмкін, бірақ микроэкономикада өндіруші ретінде әдетте фирма болады.

Фирма (итал. Firma - қойылған қол) - санасыз нарық аясында адамдардың саналы ұйымдасу орындары. Фирма - пайда алу мақсатымен сауда қызметін жүзеге асыратын ұйым. Заң тұрғысынан алғанда, фирма - жеке мүлік және мүліктік құқықтары бар шаруашылық бірлік. Фирманың анықтаулары көп. Ол бірнеше адамнан ғана тұратын ұсақ кәсіпорын немесе дүние жүзінде филиалдары бар көпмиллионды бірлестік болуы мүмкін. Қазір дүние жүзінде 40 млн аса фирмалар бар, олардың көбі шағын және орташа бизнес аясына жатады. Фирма қызметінің негізі - өндіріс үдерісі [7, 74б] .

Өндіріс - қорларды экономикалық игіліктерге айналдыру үдерісі. Ол игіліктер тура немесе жанама түрде қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған. «Өндірістік ортаға» кіретін қорлар өндіріс факторлары болып келеді. Неоклассиктер оларды 4 негізгі топқа бөледі:

  1. Жер - табиғи ресурстары
  2. Еңбек - өнідіріс үдерісіне кіретін адамдардың ақыл-ой және дене қабілеттілігі
  3. Капитал - құнды құруда тікелей қатысатын өндіріс құралдары
  4. Кәсіпкерлік қабілеттілік (қызмет) пайда табу мақсатымен өндірістің басқа факторларын шоғырландыруы бойынша қызмет.

Q = f(L, K), мұнда

L - еңбек

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӨНДІРІСТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТИІМДІЛІГІ
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы
Өндірісті шоғырландыру
Өндірістің жалпы сипаттамасы және классификациясы
Өндірісті ұйымдастыру түрлері
Өндірістің ішкі және сыртқы ортадағы қызметтері
Кәсіпорынның өндірістік құрамы
Ішкі шаруашылықты ұйымдастыру
Кәсіпорын жұмысының нәтижесін жоспарлау, бағалау
Өндіріс құрылымының түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz