Пайдалылықтың сандық теориясы және реттік теориясы
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Тұтынушы таңдауы теориясы 4
1.1Маржинализм, оның даму кезеңдері 4
1.2Пайдалылық және тұтынушы таңдауы теориясы 6
1.3Пайдалылықтың сандық теориясы және реттік теориясы 8
2 Сұраныс экономикалық категория ретінде 16
2.1Сұраныс және сұраныс заңы 16
2.2Сұраныстың икемділігі және тұтынушы сұранысының түрлері
Баға мен табыстың өзгеруіне тұтынушының реакциясы 19
3 Қорытынды 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 30
31
Кіріспе
Микроэкономика пәні бойынша курстық жұмыстың тақырыбы Пайдалылық және
сұраныс. Сандық және реттік пайдалылық болып табылады. Нарықтың маңызды
сипаттамасы сұраныс және оның қисығы болып табылады. Ол өз кезегінде
тұтынушының тауар қажеттілігі мен пайдалылығы туралы субъективті ойынан
көрініс тауып қалыптасады. Сондықтан да ол қазіргі күнге дейін өзінің
өзектілігін сақтап отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты сұраныс пен пайдалылықтың байланысын
қарастыру болып табылады. Курстық жұмыстың міндеттері тұтынушы таңдауы мен
қалауын зерттеу, сұранысты экономикалық категория ретінде қарастыру болып
табылады. Алға қойылған міндеттер мен мақсат экономикалық кітаптарды,
микроэкономикалық арналымдар сайттарындағы ақпараттарды қолданумен жүзеге
асырылды.
Курстық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен және қорытындыдан, сонымен қатар
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде пайдалылық туралы жалпылама ұғым, оның маржинализм
экономикалық ілімінде сөз етілуі беріледі.
Екінші бөлімде сұраныс және оның заңы мен өзгерісі туралы баяндалады.
Нарықтағы маңызды факторлар – баға мен табыстың өзгерісінен туындайтын
әсерлер курстық жұмыстың үшінші бөлімінде сөз етіледі.
1 Тұтынушы таңдауы теориясы
1.1 Маржинализм, оның даму кезеңдері
Маржинализм – бұл ((( ғасырдың соңы мен (( ғасырдың басында
қалыптасқан және өндіріс тауарлары мен факторларының шекті пайдалылығы мен
өнімділігі негізінде, олардың құндылығы (құны) түсінігін ашатын теория.
Маржинал сөзі француз тілінен аударғанда шекті (қосымша) деген ұғымды
білдіреді. Оның негізгі өкілдеріне У.С.Джевонс, А.Маршалл, А.Курно,
Л.Вальрас, Е.Бем-Баверк, Ф.Визер және т.б. жатады.
Маржиналдық революция классикалық экономикалық мектеп концепциясынан
неоклассикалық теорияға көшу болып табылады. Маржинализм мынадай
жағдайлармен сипатталады:
1) экономикалық процестерге талдау жасауда шекті шамаларды
пайдаланумен (шекті пайдалылық, шекті еңбек өнімділігі);
2) экономикалық құбылыстардың сыртқы көріністерін ғана зерттеумен,
олардың бастапқы зерттеулері сатып алушының қажеттіліктерінен басталады;
3) шектеулі ресурстарды тиімді пайдалануды зерттеуді экономика
ғылымының пәніне жатқызумен;
4) экономиканың тұрақты жағдайының микро- және макродеңгейдегі
сұрақтары талдаудың пәні болып табылады;
5) статистикалық мәселелерде оптималды шешім қабылдауға арналған
математикалық әдістердің кеңінен қолданылуы;
6) гедонизм, яғни бақытты болу үшін өмір сүру.
Маржинализмнің қалыптасуы математик-экономистерді еңбектерімен тығыз
байланысты. Олар экономика ғылымындағы математикалық мектептің алғы шебін
құрады, сонымен қатар шекті шамаларды талдаудың алғашқы пионерлері болды.
Оларға жататындары:
1) Антуан Курно (1801-1877) - француз математигі, философ әрі
экономист, математика профессоры. 1838 жылы ол Байлық теориясының
математикалық принциптерін зерттеу еңбегін жариялады. Бұл еңбек
экономикалық құбылыстарды математикалық әдістермен зерттеуге талаптанудың
алғашқы әрекеті болды. Курно шекті табыс және шекті шығындар ұғымын
пайдалана отырып, экономика ғылымының тарихында алғаш рет монополистердің
пайданы максималдау моделін ұсынды.
2) Иоганн Генрих фон Тюнен (1783-1850) – неміс помещигі, негізгі
еңбегі Ауыл шаруашылығы мен ұлттық экономикаға қатысты оңашаланған
мемлекет деп аталады. Бұл еңбекте ол өндіргіш күштерді орналастыру
теориясы мен шекті еңбек өнімділігі мәселесін зерттеудің негізін салды.
3) Герман Генрих Госсен (1810-1858) - неміс экономисі, білімі бойынша
заң қызметкері, еңбегі Қоғамдық айырбас және одан туындайтын қоғамдық
сауда тәртібі заңдылықтарының дамуы деп аталады. Маңызды экономикалық
процестерді пайдалылықтың ең жоғарғы шегі тұрғысынан түсіндіруге осы еңбегі
арқылы талаптанған.
Госсен ілімі - бұл шекті пайдалылық теориясының, субьективті құндылық
теориясы жалпы негіздерінің негізгі принциптерінің математикалық өңдеулері.
Ол адам мінез-құлқындағы негізгі себеп – пайдалылықтың ең жоғарғы шегіне
жетуге ұмтылысы болып табылады. Сондықтан бұл ғылымның негізгі мақсаты –
пайдалылықтың жалпы жиынтықтарын (сомасын) немесе рахатқа кенелуді
көбейтудің ережесін (жолын) ашу. Немесе бұл ғылымның мақсаты – адамдарға
игіліктерді пайдалануда қанағаттанудың ең жоғарғы шегіне жетуіне көмектесу.
Сондықтан Госсен экономика ғылымының зерттеу обьектісіне тұтынуды, дәлірек
айтсақ тұтынушылық сұранысты жатқызды. Осы мәселелерді шеше отырып Госсен
екі заңды ойлап шығарады. Бұл заңдар экономика ғылымында қазіргі жағдайда,
әсіресе сұраныс пен ұсыныс, баға құрылымы құбылыстарын түсіндіру үшін
кеңінен қолданылады.
Маржиналдық революция екі кезеңнен өтті.
Бірінші кезең - ХІХ ғасырдың 70-ші жылдары, бұл математик-
экономистердің еңбектерінің негізінде экономика ғылымында математикалық
мектептің пайда болған кезеңі. Маржинализмнің бұл кезеңінің өкілдеріне
ағылшынның Манчестер мен Лондондағы логика, философия, саяси экономия
профессоры Уильям Стенли Джевонс (1835-1882), Вена университетінің
профессоры, австрия мектебінің негізін салушы Карл Менгер (1840-1921),
француз экономисі, Швейцарияның Лозанн университетінің профессоры, лозанн
мектебінің негізін салушы Леон Вальрас (1834-1910) жатады.
Маржиналдық революцияның екінші кезеңі – ХІХ ғасырдың 90 жылдары орын
алды. Бұл кезеңнің өкілдері ағылшынның Кембридж университетінің саяси
экономия профессоры, кембридж мектебінің негізін салушы Алфред Маршалл
(1842-1924) және американдық экономист, Колумбия университетінің
профессоры, американдық маржинализмнің лидері Джон Бейтс Кларк (1847-1938)
болды.
Маржинализм теоретиктері, ең алдымен австрия мектебі экономика ғылымын
зерттеу объектісі тұрғысында классикалық саяси экономиядан алшақтап кетті.
Құн және тауар категорияларын маржиналистер құндылық және
экономикалық игілік категорияларымен алмастырды. Құнның еңбектік
теориясының назарында құн теориясы жатса, австриялық мектеп назарын тұтыну
құны, пайдалылық категорияларына аударды. Сол сияқты классикалық мектеп
үшін құнның қайнар көзі еңбек болса, маржиналистердің түсінігінде
игіліктердің құнын жасауға өндірістің тең құқылы үш факторы қатынасады.
Маржинализмдегі орталық орынды шекті пайдалылық теориясы алады. Бұл
теорияның негізінде игіліктердің пайдалылығы жатыр. Пайдалылық игіліктердің
мөлшеріне (қорына) байланысты. Игіліктердің қоры артқан сайын олардың
құндылығы азаяды. Жекелердің қажеттілігінен олардың мөлшері аз болған
жағдайда ғана игілік құндылыққа ие болады. Міне, осындай құндылықты
маржиналистер экономикалық категорияға жатқызады. Заттардың құндылығы
олардың қорларының келесі бірлігінің пайдалылық шамасымен анықталады. Осы
келесі бірліктің (қосымша) пайдалылығын австрия мектебінің өкілі Ф.Визер
шекті пайдалылық деп атады.
Фридрих фон Визер еңбектерінде австрия мектебінің концепциялары толық
түрде баяндалады. Ф.Визер 1914 жылы Қоғамдық шаруашылық теориясы деп
аталатын өзінің негізгі еңбегін жариялайды. Бұл еңбегінде ол шекті ол шекті
пайдалылық теориясы мен өндірістің үш факторы теориясымен біріктіруді өз
алдына мақсат етіп қояды. Нәтижесінде Визер шығындарға жатқызу
теориясымен ұсынып негіздейді. Бұл теориясымен сәйкес тұтыну заттары
құнының белгілі бір бөлігі, оны өндіруге кеткен қатысушы игіліктердің
біріне (еңбек, капитал, жер) жатқызылады. Капитал да, жер де, еңбек те
өздерімен өзі, бірінсіз-бірі табыс әкеле алмайды дейді. Шығындарға жатқызу
немесе жүктеу дегенімізді ол, бар болғаны өндіріс факторларының өзара іс-
әрекеті кезіндегі пайдалылығын есептеп шығару деп түсіндіреді.
Австриялық мектептің өкілі Е.Бем-Баверк өзінің ұстазы, австриялық
мектептің негізін салушы К.Менгердің идеяларын жалғастырды. Оның негізгі
еңбегі Шаруашылық игіліктері құндылығының негізгі теориялары деп аталады.
Ол құндылықтардың субъективті және объективті ұғымын пайдаланды. Біріншісі
тұтынушының тауарды жекелей бағалауы арқылы анықталады, екіншісі нарықта
бәсекелестік барысында анықталады және тауарлар айырбасының айырбас
теңдігін білдіреді. Баға игіліктердің құндылығын субъективті бағалауға
байланысты қалыптасады. Субъективті бағалылық шекті пайдалылықтың туындысы,
яғни игілік қорларындағы соңғы бірліктерінің пайдалылығы. Ал, шекті
пайдалылық өз кезегінде игілік бірліктерінің мөлшері мен жекелердің тұтыну
қарқындылығына байланысты.
Бем-Баверк пайдалылық мағынасы туралы түсінікті кеңейтеді. Біріншіден,
ол пайдалылық деген түсінікті тек белгілі бір қажеттіліктерді
қанағаттандыру деп қана түсініп қоймайды, оны машақат пен ауыртпалықтардан
арылу деп те түсіндіреді. Сондықтан оның түсінігінде пайдалылық – ол қаржы
шығындарын қысқарту мен күштерді үнемдей білу. Екіншіден, Бем-Баверк
субституциялық шекті пайдалылық ұғымын енгізді. Бем-Баверктің түсінігінде
субъект үшін белгілі бір игіліктің пайдалылығы, осы игілікке қанағат алу
үшін бас тартқан басқа игіліктердің шекті пайдалылығы арқылы анықталады.
Бем-Баверк игіліктердің пайдалылығын есептеп шығару үшін төменгі және
жоғарғы шекті жұптар ұғымын енгізеді. Жоғарғы шекті жұптар - әлсіз сатып
алушылар мен әлді сатушылар жұбы. Төменгі шекті жұптар - әлді сатып
алушылар мен әлсіз сатушылар жұбы. Бем-Баверктің нарықтық бағасы – осы екі
шекті жұптардың бағаларының арасындағы баға.
1.2 Пайдалылық және тұтынушы таңдауы теориясы
Әрбір тұтынушының алдында әркез не сатып алу керек, қанша тұрады,
сатып алуға ақша жете ме деген сұрақтар туындайды. Бірінші сұраққа жауап
беру үшін игіліктің пайдалылығын анықтау керек. Екінші сұраққа жауап алу
үшін бағаны, ал, үшінші сұрақта табысты зеттеу қажет. Осы 3 мәселе
пайдалылық, баға, табыс тұтынушы теориясының негізін құрайды.
Игіліктің пайдалылығы – бұл экономикалық игіліктің бір немесе бірнеше
адамның қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті. Пайдалылықтың негізінде
игіліктің әр түрлі физикалық, химиялық және психологиялық қасиеттері жатыр.
Тұтынушы игілікті оның пайдалылығы үшін сатып алады. Біріншіден,
адамның қажеттіліктері біртіндеп қанығады, яғни игіліктің пайдаланылуына
байланысты қанағаттандырылады. Жалпы пайдалылық бұл жағдайда артады.
Экономикалық игіліктің жалпы пайдалылығы – тұтынылатын игіліктің барлық
құрамдас бөлігінің жиынтық пайдалылығы. Оны TU (total utility) деп
белгілейміз. Екіншіден, пайдалылықтың интенсивтілігі немесе қарбаластығы
тұтыну шамасы бойынша азаяды. Сәйкесінше тұтынушы үшін игіліктің әрбір
қосымша бөлігінің пайдалылығы азаюы тиіс. Әрбір қосымша тұтынылатын
игіліктен келетін пайдалылықты шекті пайдалылық деп атайды. Оның белгіленуі
– MU (marginal utility).
1-сурет – Жалпы пайдалылық пен шекті пайдалылық
Игіліктің жалпы пайдалылығы тұтынудың мөлшері артқан сайын ұлғая
отырып, белгілі бір сәтте өзінің максималды деңгейіне (А нүктесі) жетеді.
Бұдан әрі жалпы пайдалылық азая бастайды (А нүктесінен кейін). Игіліктің
шекті пайдалылығы бастапқыда максималды деңгейде болғанмен тұтынылым артқан
сайын азая отырып(А'), жалпы пайдалылық максималды деңгейіне жеткен кезде 0-
ге тең болады. Игілікті бұдан әрі тұтыну тек зиян әкеледі.
Пайдалылықты бағалаудың екі жолы бар: сандық (кардиналистік) және
реттік (ординалистік). Оларды түсіндіріп кетпестен бұрын, біз тұтынушы
таңдауы теориясына тоқталамыз.
Жаңа замандағы тұтынушы таңдауы теориясы:
1) тұтынушының ақшалай табысы шектеулі;
2) нарықтық баға жекелеген үй шаруашылығының сұранысының өзгерісіне
тәуелді емес;
3) барлық тұтынушылар барлық игіліктердің шекті пайдалылығын жақсы
біледі;
4) тұтынушылар жалпы падалылықтың ең жоғарғы деңгейіне ұмтылады
дегендерді қарастырады.
Тұтынушы таңдауы теориясы келесі постулаттарға негізделеді:
1) тұтыну түрлерінің көптігі - әрбір тұтынушы алуан түрлі игіліктерді
тұтынғысы келеді;
2) тойымсыздық – тұтынушы кез келген игіліктердің мейлінше көп
мөлшеріне иелік еткісі келеді, яғни кез келген игіліктің шекті
пайдалылығының мәні оң сан болады;
3) транзитивтілік – тұтынушы таңдауы теориясы тұтынушы талғамының
тұрақтылығы және белгілі бір келісуінің негізінде пайда болады;
4) алмастырушылық – тұтынушы өзінің қолындағы көп мөлшерлігі А
игілігінің азғантай бөлігін, мөлшерін осы игілікке алмастырушы Ә
игілігінің көп мөлшеріне айырбастауға әркез келіседі;
5) кемімелі шекті пайдалылық – кез келген игіліктің шекті пайдалылығы
оның қолда бар мөлшеріне байланысты.
1.3 Пайдалылықтың сандық теориясы және реттік теориясы
Жоғарғы бөлімде аталып кеткендей, пайдалылықтың екі теориясы бар.
Алғашқысы болып пайдалылықтың сандық теориясы табылады. Кейбір ғалымдар оны
кардиналистік деп те атайды. Сандық теория игіліктің пайдалылығын
жорамалданған бірліктермен өлшеу мүмкіндігі туралы болжаммен негізделеді.
Ол бірлікті экономист ғалымдар утил (ағылшынның utility – пайдалылық деген
сөзінен шыққан) деп атайды. Утил – тұтынушының әрбір жұмсалған ақша
бірлігіне келетін шекті пайдалылықты көрсететін өлшенген шекті
пайдалылықтың бірлігі. Ал, өлшенген шекті пайдалылық дегеніміз –
тұтынушының әрбір жұмсалған ақша бірлігіне келетін шекті пайдалылық.
Тұтынушы өлшенген шекті пайдалылықтың тұтынушы таңдауы теориясына сәйкес
әркез ең үлкен мәнін таңдайды. Мұндай сандық бағалау жекелеген, субъективті
сипатқа ие: бір игілік бір тұтынушы үшін өте бағалы болса, екінші бір
тұтынушы үшін ешқандай құндылығы болмауы мүмкін. Сондықтан да сандық
(кардиналистік) теория әр түрлі тұтынушылар үшін пайдалылықтың мәнін
салыстыру мен қосу мүмкіндігін қарастырмайды. Пайдалылықтың жалпы және
шекті түрлерін зерттей отырып, пайдалылықтың кардиналистік теориясын
қолдаған ғалымдар келесідей игіліктің шекті пайдалылық заңын және игіліктің
пайдалылық функциясын жасады. Игіліктің шекті пайдалылық заңы былайша
түсіндірілді: белгілі бір сәттен бастап экономикалық игіліктің әрбір
қосымша бірлігі тұтынушыға кемімелі қосымша қанағат әкеледі, яғни
тұтынылатын игіліктің мөлшерінің артуына байланысты шекті пайдалылық
тенденциясының азаюы. Ал, игіліктің пайдалылық функциясы – бұл игілік
санының артуымен бірге оның шекті пайдалылығының кемуін көрсететін функция:
,
(1)
мұндағы MU – шекті пайдалылық;
(TU – жалпы пайдалылықтың өзгеруі;
(Q – көлемнің өзгеруі.
Кардиналистік теорияда аталмыш кемімелі шекті пайдалылық заңын
Госсеннің бірінші заңы деп атайды. Бұл алғашқы бөлімде аталған неміс
экономисі Г.Госсеннің атымен берілген. Негізінде мұндай заң екеу:
1) бірінші заң бойынша белгілі бір игіліктің әрбір қосымша бір
бірлігін тұтынудан қанағаттану шамасы үздіксіз төмендейді, қаныққан (шекті)
жағдайда нөлге теңеледі. Бұл тұтынылған игілік бірлігіне қосымша пайдалылық
шамасының, яғни шекті пайдалылықтың төмендеу принципі.
Шекті пайдалылықтың шамасы тауарлардың саны мен оларға деген
қажеттілік қарқындығына байланысты. Осылайша Госсен алғаш рет
қажеттіліктердің қанағаттануы өсімел сипатта болатынын көрсетті.
Қажеттіліктердің қанығу процесі біртіндеп жүреді, демек, әрбір келесі
игілік бірлігі әкелетін қанағаттану шамасы біртіндеп төмендейді;
2) екінші заң бойынша, қол жетерлік игіліктердің шектеулі мөлшеріндегі
қажеттіліктерді қанағаттандырудың жоғарғы шегі әрбір игілікті тұтынуды
аяқтаған немесе қанағаттану қарқындылығы (пайдалылық) теңелген, барлық
игіліктер үшін бірдей нүктеде жетеді. Яғни, қарапайым сөзбен айтқанда,
бірнеше игілікті (А,В,...n) тұтынғанда олардың жалпы пайдалылығы максималды
болады, егер де олардың шекті пайдалылығы бір-біріне тең болса. Бұл заң
тұтынудың оңтайлы құрылымын көрсетеді және келесідей бейнеленеді:
TUmax = MUA = MUB = ... = MUn,
(2)
мұндағы TU max – максималды жалпы пайдалылық;
MUA – А игілігінің шекті пайдалылығы;
MUB – В игілігінің шекті пайдалылығы;
MUn – n-ші игіліктің шекті пайдалылығы.
Бұдан кардиналистік концепциядағы тұтынушы тепе-теңдігінің шарты
өрнектеліп шығады:
MUAPA = MUBPB = ... =MUnPn,
(3)
мұндағы PA – А игілігінің бағасы;
PB – В игілігінің бағасы;
Pn – n-ші игіліктің бағасы.
Сандық теорияда жалпы пайдалылық пен шекті пайдалылық арасында
келесідей арабайланыс бар:
1) MU максималды болғанда, TU максималды темпімен өседі
(игіліктің бірінші бірліктерінде);
2) MU нөлге тең болғанда, TU жоғары жылжуды тоқтатып, өзінің ең
жоғарғы шегіне жетеді;
3) MU нөлден төмен болғанда, TU төмен қарай жылжиды.
Сандық теорияны сынға алға ғалымдар, пайдалылықтың реттік немесе
ординалистік теориясын ұсынады. Ол Дж.Хикспен, Е.Слуцкиймен, Р.Аленмен және
В.Паретомен құрастырылған. Бұл теорияда пайдалылықты өлшеу қарастырылмайды,
және тұтынушының қалаған тауарлар жиынтығының қарапайым салыстырылымына
негізделген. Жиынтықтың пайдалылығы бұл жағдайда реттік өлшеуге ие.
Ординалистік теорияда пайдалылық пен сұранысты зерттеу үшін талғамсыздық
қисығы мен бюджеттік шектеулілік қолданылады.
Талғамсыздық қисығын алғаш рет өз еңберінде ағылшын экономисті
Ф.Эджуорт 1881 жылы қолданған еді. Ол негізінен белгілі бір пайдалылық
деңгейіне ие игілік жиынтығын сипаттайтын, тұтынушы қалауын көрсететін
шәкіл бейнесі. Оны талғамсыздық қисығы деп атаудың себебі, тұтынушы үшін
игіліктің екеуінің де пайдалылығы бірдей, оларды таңдағанда тұтынушы оларға
немқұрайлы қарайды. Осыдан оның анықтамасын шығаруға болады.
Талғамсыздық қисығы дегеніміз – тұтынушыға пайдалылығы бірдей екі
экономикалық игіліктерді тұтыну амалдарын көрсететін қисық. Оны біз U
әрпімен белгілейміз.
2-сурет – Талғамсыздық қисығы
Бір жазықтықта орналасқан бірнеше талғамсыздық қисықтары талғамсыздық
қисықтарының картасы деп аталады.
3-сурет – Талғамсыздық қисықтарының картасы
Талғамсыздық қисықтарының келесідей негізгі қасиеттері болады:
1) талғамсыздық қисықтарының көлбеулігі теріс болады;
2) талғамсыздық қисықтары координата басына дөңес болады;
3) талғамсыздық қисықтарының оң жағындағысы сол жағындағысына
қарағанда тұтынушыға әлдеқайда мол пайдалылық әкеледі;
4) талғамсыздық қисықтары бір жазықтықта ешқашан қиылыспайды.
Талғамсыздық қисығының бойындағы нүктелер екі игіліктің қандай көлемде
қолданғанын көрсетеді. Олардың төмен немесе жоғары қарай жылжуы олардың
алмастырылуын көрсетеді. Бұл аралықтардың шегі бар. Алмастырудың аралық
бөлігі дегеніміз - бір игілікті екіншісімен алмастыру мүмкін болатын
талғамсыздық қисығының бөлігі. Ол келесідей көрініс табады:
4-сурет – Алмастырудың аралық бөлігі
Алмастырудың аралық бөлігінің шамасын алмастыруды шекті нормасы арқылы
табуға болады. Алмастырудың шекті нормасы дегеніміз – тұтынылатын екі
игіліктің біреуін бір данаға арттырған кезде, екіншісінен неше данаға бас
тартатынын көрсететін шама. Ол MRS әріптерімен белгіленеді және оны
есептеу жолы келесідей:
,
(4)
мұндағы MRSХY – Х және У игіліктері үшін алмастырудың шекті нормасы;
(Y – Y игілігінің тұтынылатын көлемінің өзгеруі;
(Х – Х игілігінің тұтынылатын көлемінің өзгеруі.
Алмастырудың шекті нормасы тұтынушылардың талғамын сипаттайды, яғни
тұтынушы үшін тауарлардың құндылығын салыстырмалы түрде көрсетеді.
Алмастырудың шекті нормасы неғұрлым үлкен болған сайын, ол Х игілігінің
бірліктерінен бас тартқаны үшін соғұрлым Y игілігінің көп мөлшерін талап
етеді, соғұрлым оған Х игілігі құндылырақ.
Егер талғамсыздық қисықтары тұтынушының таңдау амалын көрсетсе,
бюджеттік шектеулілік оның қаржылық мүмкіндіктерін анықтайды. Яғни
талғамсыздық қисығы ескермейтін баға мен табысты көрсетеді. Тұтынушының
бюджеттік шектеулілігі дегеніміз – бұл берілген табыс мөлшеріне екі
игілікті тұтыну амалдарын көрсететін түзу. Ол табыстың толық пайдалануы
шартында тұтунушы өзіне рұқсат ете алатын игіліктердің жиынтығын көрсететін
нүктелерден тұрады. Бюджеттік шектеулілік координата осьтерінде былайша
бейнеленеді:
5-сурет – Бюджеттік шектеулілік түзуі
Бюджеттік шектеулілік түзуінің сол жағындағы игіліктер жиынтығы
тұтынушы үшін қол жетерлік, себебі оған оның табысы жетеді. Ал, түзудің оң
жағында орналасқан игіліктер жиынтықты сатып алуды тұтынушының қалтасы
көтермейді.
Егер тұтынушының табысын I әрпімен, Х тауарының бағасын – px, Y
тауарының бағасын - py белгілеп, тұтынушы өз табысын осы екі тауарға
жұмсайды деп болжамдайық. Демек оның аталған тауарларға жұмсалатын
шығындары оның табысына тең:
,
(5)
мұндағы х – Х тауарын тұтыну көлемі;
у – Y тауарын тұтыну көлемі.
Алынған теңдеуді біз бюджеттік шектеулілік теңдеуі деп атаймыз. Осы
теңдеуге мысал келтірсек. Тұтынушы табысы 1000 теңге. Х тауарының бағасын –
60 теңге, Y тауарының бағасын – 70 теңге. Ол өз бюджетін тауарларды сатып
алуға толықтай жұмсауы тиіс. Берілген жағдайға байланысты, ол келесідей
әрекет етеді:
,
(5.1)
5-суретте көріп отырғанымыздай, бюджеттік шектеулілік бұрышы минус
PxPy тең (минус таңбасының қойылу себебі, түзу координата басына теріс
жатыр). Ол мынадай амалмен шешіледі:
,
(6)
Бюджеттік шектеуліліктің қасиеттері:
1) аббцисса осі мен бюджеттік шектеуліліктің қиылысу нүктесі (6-
суреттегі А нүктесі) Х игілігін тұтынудың максималды көлемін, ал ордината
осі мен бюджеттік шектеуліліктің қиылысқан нүктесі (6-суреттегі В нүктесі)
Y игілігінің максималды тұтыну көлемін көрсетеді;
2) табыс өскен жағдайда бюджеттік шектеулілік түзуі оңға параллель
ығысады, ал керісінше азайғанда ол солға ығысады;
3) Х немесе Y игіліктерінің біреуінің бағасы өзгергенде, қол жетерлік
игіліктердің жиынтығы азаяды немесе артады. Егер Х игілігінің бағасы өссе,
бюджеттік шектеулілік сағат тіліне қарсы ығысады, ал кемісе сағат тілі
бойынша жылжиды (6-сурет). Y игілігінің бағасы өзгерісі Х игілігінің
өзгерісіне керісінше: өссе – сағат тілі бойынша, кемісе – сағат тіліне
қарсы ығысады;
4) екі игіліктің де бағасы өзгергенде, бюджеттік шектеулілік ауданы
өзгереді. Егер баға кемісе, бюджеттік шектеулілік оңға ығысады да,
игіліктердің жиынтығының көп мөлшері қол жетерлік бола түседі. Ал егер де
баға артатын болса, түзу солға ығысады (7-сурет).
6-сурет – Бюджеттік шектеулілік және оның өзгеруі
7-сурет – Баға өзгергенде бюджеттік шектеулілік түзуінің өзгеруі
Егер біз бюджеттік шектеулілік пен талғамсыздық қисығын бір жазықтықта
бейнелейтін болсақ, онда біз тұтынушының таңдау амалы мен оның оны
қанағаттандыру мүмкіндігін айқын байқай аламыз. Бюджеттік шектеулілік пен
талғамсыздық қисығының жанасы нүктесі тұтынушы оптимумын немесе тұтынушы
теңдестігі жағдайын көрсетеді. Мынандай жағадайды қарастырайық. Бізге
бюджеттік шектеулілік пен 3 талғамсыздық қисығы берілген(8-сурет). Оның
біреуі бюджеттік шектеулілікпен М дәне N нүктесінде қиылысады, екіншісі
онымен жанасады, соңғысы бюджеттік шектеуліліктен алыс жатыр.
М нүктесі теңдестік нүктесі бола алмайды, себебі бюджеттік шектеулілік
бойымен төмен жылжи отырп, басқа молырақ пайдалылық әкелетін нүктеге өтуге
болады. Ұқсас түрде, N нүктесі де теңдестік нүктесі бола алмайды. Демек,
теңдестік нүктесі болып бюджеттік шектілік пен талғамсыздық қисығы бір-
бірімен жанасатын нүкте(Е) табылады.
8-сурет – Тұтынушы теңдестігі жағдайы
2 Сұраныс экономикалық категория ретінде
2.1 Сұраныс және сұраныс заңы
Нарықтық экономикада тұтынушы сатушымен өзінің қажеттіліктерін
қанағаттандыру барысында өндірушілерге сұраныс туындатады. Сұраныс нарықтың
жағдайын, нақтырақ айтатын болсақ оның маңызды құрамдас бөлігі – тұтынушы
қылығының экономикалық логикасын сипаттайды. Сұраныс деп біз тұтынушының
қандай да бір экономикалық игілікті сатып алғысы келетін ынтасы және оған
деген төлем қабілетін айтамыз. Сұранысты қажеттілікпен шатастыруға
болмайды: егер адам қандай да бір игілікті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz