Көтерілістің қозғаушы күштері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .4- 5

1 С. ДАТҰЛЫ БАСҚАРҒАН ҰЛТ-АЗАТТЫҚ
КӨТЕРІЛІСТІҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН АЛҒЫШЫРТТАРЫ ... ... ... ... 6-8

1.1 С.Датұлы басқарған кіші жүз қазақтарының көтерілісінің

басталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .9- 12
1.2 Көтерілістің қозғаушы
күштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13-1 6

2 КӨТЕРІЛІСТІҢ ЖЕҢІЛУ СЕБЕПТЕРІ МЕН ТАРИХИ

МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..17-20

2.1 Көткрілістің жеңілу
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21-
23
2.2 Көтерілістің тарихи
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24-
25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .25-26
ГЛОССАРИЙ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Датұлы, Сырым (1712-1802 ) - Ресей патшасының отарлау саясатына
қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті
басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен.
Шыққан тегі- Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақты
руынан. Өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым
ерте танылып, әділдішімен аты шыққан “ Бала би “ атанды.
Сырым Датұлы 1- ші көтерілісі
Жасы ұлғайған кезінде отарлаушылардың озбыр саясатына
қарсы шығып, жерінен айырылып, жайылымсыз қалған, патша
әкімшілігінің езіп- жаншуынан, тонауынан әбден титықтап біткен
хал хының нгаразылығына үн қосып, қарулы көтеріліске шығады.
Ол өзінің Орынбордың генерал- губернаторы Игельстромға жазған
бір хатында блай деп жазады:
Сіздердің түрлі әдістермен алдап, қолға түсірген ноғай,
башқұрттар сияқты бізге де бұғалық салып, езбекші екндігіңіз
белгілі.
Бұдан Сырым батырдың қолына қару алып, көтеріліске шығып,
басын бәйгіге тігудегі мақсатының айқындығы, халқының мойнына
түскелі тұрған сол бұғауды үзуге ұмтылғаны аңғарылады.
1783ж. Сырым бейқам жатқан қазақ ауылдарын шауып, кезекті
тонауға келген казак- орыс атаманы Чагановтың отрядымен шайқасып,
оны ойсырата жеңеді. Атаманның өзін тұтқындап, Хиуаға құлдыққа
сатып жібереді. Бұл патша әкімшілігіне үлкен соққы еді. Соған
орай Орал қаласындағы патша әскері түгел аттанып, осы жылдың
күзінде Сырымды қолға түсіреді. Бірақ оны Нұралы қыруар мал
беріп, бірер айдан кейін босатып алады.
Сырым Датұлы 2- ші көтерілісі
Түрмеден босағаннан кейін Сырым Табын руының старшыны
Тіленші Бөкенбайұлының қолдауымен орал казак- орыс әскерімен
күресін әрі жаоғастырады. Бірақ Нұралы хан бұл жолы Сырымды
қолдамай ды, қайта оған қарсы шығып, шекаралық әкімшіліктен
көтерәлісшілерді басу үшін арнайы әскер жіберуін талап етеді.
Сөйтіп ол былайғы жерде сырымға қарсы күрестешекара
әкімшілігімен бір болады.
Міне, осы кезден, яғни 1784ж. Бастап патшаның отарлау
саясатына қарсы күресте ханның да, қарашасының да ортақ
ниеттестігіне ие болып келген көтерілісшілер арасына жік түсіп,
Сырым бастаған халық қозғалысының күрксі енді Әбілхайыр
әулетінен шыққан хан мен сұлтандарға қарсы бағытталыды. Кіші
жүздің көптеген рулары Нұралы ханға бағынбай көтерілісшілер
жағына шығады.
1785ж. Күзінде болған старшындар жиналысы Нұралыны хан деп
танудан бас тартады. Келесі жылдың көктемі қарсаңында
көтерілісшілердің қысымына шыдамаған Нұралы шекаралық шептегі
қамалға қашуға мәжбүр болады. Оның ақыры сол жылы Екатерина
-нің Нұралыны хандқтан түсіру жөніндегі жарлыққа қол қоюына
ікеп соғады.
Хан тағына Нұралы кетіп, Ералы отығанымен де жағдай
түзелмейді. Халықтың наразылығы одан сайын күшейе түседі. Сырым
бастаған көтерілісшілер енді ашық соғыс қимылдарына көшіп,
патша қамалдарына шабуыл жасай бастайды. Бірақ олар нәтижеге
жете алмайды. Елек қамалына жасаған шабуылдың сәтсіздігінен
кейін Сырым соғыс тәсілін өзгертіп, партизандық әрекеттер
жасауға көшеді. Шекаралық бекіністерге, сұлтандар мен оларды
қолдаушылардың ауылана тұтқиылдан шабуылдап, адамдарын тұтқынға
алады.
1797ж. Көтерілісшілердің үлкен бір тобы Ералыдан кейін хан
тағына отырған Есімнің ауылына тұтқиылдан шабуыл жасып, ханды
өлтіреді. Есім ханның өлтірілуі Сырымға тілектес билер мен
старшындардың одан ірге ашуына себепші болады.

1 СЫРЫМ ДАТҰЛЫ БАСҚАРҒАН ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТІҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН АЛҒЫ
ШАРТТАРЫ

Қазақ руларының Жайыққа Жалақ қалашығы мен бекіністерге
жақын жерде көшіп жүруіне тыйым салу туралы 1742 жылғы 19
қазандағы жарлық дамытыла отырып, империяның өлкедегі отаршылдық
үстемдігін нығайту жөнінде жаңа актілер қабылданды. Мәселен,
6 қарашада казактарга қазақтардан адамдары мен малын өз
бетімен тартып алуға рұқсат еткен Жарлық қабылданды. Ол 1760
жылғы 18 шілдедегі шешіммен толықтырылды. Пугачевтің көтерілісі
басып- ьжанышталғаннан кейін 1775 жылғы 25 шілдеде Орынборда
күдік келтірілген кез келген қазақты ұстауға ресми түрде
рұқсат етілді, ал 1779 жылғы 4 қазанда белгілі бір қазақ
істеген тәртіп бұзушылық үшін кез келген қазақты ұстап алуға
өкім берілді. Сөйтіп 1783 жылғы 3 қарашадағы Жарлық солардың
логмкалық жалғасына айналды, онда “әскери адамдардан, казактар
мен башқұрттардан жазалау отрядын құруға” рұқсат етілді және сол
арқылы қазақ халқын үздіксіз тонап тұру үшін кең мүмкіндіктер
ашылды. Бодандық туралы актіге қол қойылған кезден бастап
қазақтардың империя жүргізіп отырган саясатқа үнемі әскери және
саяси қарсылық көрсетіп келгені мәлім- мал айдап әкететін,
керуендерге, бекіністерге және т. б. шабуылдар жасайтын, тұтқындар
түсіріп әкететін, бұйрықтарды орындамай, саяси тәуелділіктен
жалтарып жүрді. Қарсыласу қаншалықты күшті болса, қазақ халқын
ауыздықтауға соншалықты қатаң шаралар қолданылды, оларға қоса
аймақты одан әрі отарлау жөнінде кешенді сипаттағы көптеген іс-
шаралар жүргізілді.
XVIII ғасырдың аяғында О. А. Игельстром өзінің II
Екатеринаға жолдаған “түсініктемелерінде” былай деп жазды: “...сол
кезде өшігуі мен кек алуы ашынуға дейін жеткізілген қырғыз – қайсақ
халқын тыныштандыруға дәмелендірудің бүкіл мақсаты: қырғыз-
қайсақтарды көндірудің оларды кескілеп өлтіруден басқа әдісі жоқ
деп пайымдаған марқұм құпия кеңесші Иван Иванович Непюев
мырзаның жүйесіне қос қолдап жармасып, мүмкін болғанынша жиі және
мейірімсіз барымтамалар жасау болған”.
Қазақ қоғамының өзінде феодалдану үрдісі тереңдей түсті,
феодалдық аристократия мен ру шонжарларының мүдделері барған
сайын алшақтай берді. Хандар және сұлтандардың үстем тобы
дәстүрлі шонжарлар- ақсақалдармен, билермен, батырлармен барған
сайын азырақ санасып, олардың құқықтарына қысым көрсетті. Олар
барған сайын патша өкіметінің дала өңіріндегі тірегіне айналып,
соның саясатын жүргізді, ру шонжарларын биліктен аулақтатты.
Патша әкімшілігі билеушілердің екі тобы арасындағы қырқысты
шебер пайдаланды, руаралық күрес еңбекші бұқара- шаруаларға соққы
болып тиді.
1775 жылы патша үкіметі жергілікті басқару ісіне қайта
ұйымдастыру жүргізді. Орынбор губерниясы таратылды. Кіші жүз және
Орта жүз аумағының бір бөлігі Симбирск және Уфа генерал-
губернаторлықтардың құрамына кірді.
Орынбордың обер- комендатына Кіші жүзде патшалық өкімет
орындарының іс- шараларын тікелей жүргізу тапсырылды, бұл үшін
Шекара істері комиссиясы құрылды.
1782 жылғы жарлық бойынша казак ауылдарының Жайықтан өтуіне хан
шекаралық өкімет орындарынан рұқсат алғаннан кейін ғана жол
берілді. Нұралы мен оның ең жақын туыстары қоныстарға билік
ету құқығын пайдаланып қиянат жасады, Орал казак әскерлерінің
старшиналармен сөз байласты.
Саяси қатынастардың дағдарысты жағдайға дейін жетіп шиеленісуі
осындай саясаттың нәтижесі болатын. Е. И. Пугачевтің көтерілісі
қазақ қоғамының барлық топтарына өте елеулі ықпал етті.
Сонымен ғасырдың 80- жылдарының басына қарай Кіші жүздегі
жағдай оңай болмады. Ресей өкімет орындары тарапынан отаршылдық
режим күшейтілді, олар жайық қазақтарын ішкі аумақтарды басып
алуға итермелеп, бұған тұрақты әскерлер де көмек көрсетті, ал
казактар ретінде тақ қызметінде жүрген қалмақтардың,
башқұрттардың, татар қолыменұлтаралық араздық саясаты жүзеге
асырылды. Кіші жүз ішінде Нұралы мен оған бағынышды билеужілер
ішкі саяси жағдайды дербес бақылай алмады, оларда тіс қаққан
саясатшылық тәжірибе болмады. Ұзаққа созылған саяси
алауыздықтардың нәтижесінде дәстүрлі қазақ менталитетін ұстанған
көшбасшылар тобы, негізінен билер мен батырлар арасынан бөлініп
шығады. Осы қасиеттердің бәрі Сырым Датовқа тән болды, ол бүкіл
Кіші жүздегі саяси жағдайды іс жүзіндк бақылап қана қоймай,
сонымен қатар өз бойында бидің, батырдың және басшының қабілеті
мен қасиеттерін ойдағыдай ұштастырды. Сырымның нақ жеке
қасиеттері мен беделі оның ұлт- азаттық қозғалысының басында
тұруына мүмкіндік берді. Ол Кіші жүздің қуатты бірлестіктерінің
бірі байұлы бірлестігіне кірген байбақты руынан шыққан еді.
Саяси шектеулер мен көпе- көрінеу тонау жөнінде жүргізіліп
отырған саясатпен қатар, Ресейдің өкімет орындары көшпелілердің
дәстүрлі шаруашылық құрылысын жоюға барынша күш салды- бұл
Жайықтың арғы бетіндегі ішкі жаққа көшпелілердің өтуіні тыйым
салынып, көші- қон өрістерінің күштеп бұзылуынан көрінді.
Мылшыларды ашыұтан – ашық тонау, тарихи қалыптасқан көшіп -
қону маршруттарының бұзылуы қазақ еңбекшілері шаруашылығының
құлдырыуына әкеп соқты. 1783 жылға қарай даладағы жағдай әбден
шиелінісіп кетті. 1783 жылғы шапқыншылықтардың бірінде Сырым орал
казактарының тұтқынына түсті, ал 1784 жылдың көктемінде Нұралы
хан Сырымды босату үшін 70 жылқы және күміспен 350 сом
мөлшерінде өтем төлеуге мәжбүр болды.
1. Сырым датұлы басқарған кіші жүз қазақтарының көтерілісі.

Бұл кезде қазақтардың бой көрсетулері жаппай сипат ала
бастады, басты бағыт Нижнеуральск шебі мен Орск бекінісі
ауданында патша өкәметіне қарсы күрес болды. Сырымның әрекетіне
жауап ретінде ақпан айында Елек өзенінің жоғарғы ағысына
генерал- майор Смирнов командалық ететін отряд жіберілді, оның
құрамында 237 орынбор казагы мен 2432 башқұрт- казак енді.
Ауа райының қолайсыздығы отрядтың далаға тереңдей енуіне
мүмкіндік бермеді, біраз қазақ ауылдары тоналды және 66
қазақ, негізінен әйелдер тұтқынға алынды. Бұл Кіші жүздің
көптеген руларында кең көлемде наразылық туғызды, сөйтіп 1785
жылдың көктемінен бастап, Кіші жүздің жалпы барлық рулары
тарапынан өкімет орындарына қарсы қимыл өріс алды, ал
байбақты, табын және тама рулары қоныстанған жер қарсыласу
орталығына айналды. Нақ сол 1785 жылдың көктемінде жайық казак
әскерінің старшиналары Колпоков пен Пономарев командалық ететін,
1250 казактан тұратын отряд Сарайшық бекінісінен шықты, оның
міндеті “Жем өзенінің сағасы жағындағы Сырымның ордасына дейін
қырғыз- қайсақ қарақшыларын” жазалау болды. Бірақ іс- қимыл
барысында отряд Қаракөл өзеніне қарай бұрылып, ауылдарды
талқандап, тонады, 100 адамды, олардың ішінде небәрі 14 еркек , 83
түйе және 2955 жылқыны айдап әкетті. Сол 1785 жылдың наурызында
405 орал казактарынан тұратын премьер- майор Назаров командалық
ететін отряд табындарың ауылдарын шауып, 2124 жылқыны айдап
әкетті. Бұл жағдай Сырым көтерілісінің өрши түсу дәрежесінде және
оның іс- қимылдарында ацтарлықтай рөл атқарды. Хан билігінің өкілі
болып табылатын сұлтан жөніндегі Ресей әкімшілігінің көзге
ілмеушілік әрекеті Сырымның ұстанған жолына елеулі ықпал етті, ол
Нұралы ханға да, Ресей әкімшілігіне де қарсы шыға бастады, өйткені
хан хандық және сұлтандық қадір- қасиетті қорғай алмады, ал
әкімшілік жағдайдың нағыз қожайыны патшалық режим екенін
көрсетті.
Смирнов пен Колпаковтың отряды көтерілісшілердің шоғырланған
жерін іздеп жүргенде, Сырым Датов бес жүз жігітпен олардың
тылына өтіп кетті. Көтерілісшілердің ханға, сұлтандарға және
жазалаушыларға қарсы күресі халықтың қызу тілектестігін туғызды.
Көтерілісшілер әрбір рудан, әрбір ауылдан пана тауып, көмек алды.
1785 жылғы 3 наурызда хан Орал әскерінің атаманы Донсковқа
табын руының кейбір ауылдары өзіне дұшпандықпен қарайтынын
хабарлап, “ оларға басып алу шабуылын жасауды” талап етті.
Ханның өзінен кетіп қалған ауылдарды қайтаруға жасаған
әрекетінен ештеңе шықпады. 1785 жылғы 21 шілдеде генерал-
губернаторға хан тағы да көтерілісшілер “менің әмірімді
тыңдамағаны былай тұрсын, тіпті сол жаққа жіберген менің
балаларымды да тірі қайтармайды... қырғыз- қайсақ жұртында мен
сенімнен айырылдым... олар менен безіп, кетіп қалды” деп
баяндады.
Ханның шағымдарына жауап ретінде генерал- губернатор барон
Игельстром оны әлсіз және дәрменсіз деп айыптады, ханды айлық
беруді тоқтатумен қорқытты. Сондықтан 1785 жылдың көктемінен
бастап қозғалыс кеңйе түсті және шн мәнінде бүкіл Кіші жүзді
қамтыды. Сол кезде танымал басшы болған Сырымға байбақты, шекті,
табын, шеркеш, таз рулары белсене қолдау көрсетті. Көтеріліс сапасы
жағынан жаңа сатыға ауысты, бұл да өкімет орындарының қатты
алаңдаушылығын туғызды. 1784 жылы Симбирск және Орынбор наместнигі
болып О .А. Игельстром тағайындалды, оған Орынбор губерниясы да
бағынды. Орынбор өлкесінің басқа әкімшілерінен айырмашылығы,
Игельстром отарлау саясатын, әсіресе Сырым Датов бастаған көтеріліс
кезеңінде неғұрлым икемді амалдармен жүргізуге тырысты. Бұдан
Игельстромның аз күш жұмсап, үлкен нәтижеге жетуге тырысқан-
қазақ халқының тәуелсіздігі мен мемлекттілігінің аса маңызды элементі
ретінде хан билігін жоюға ұмтылысы байқалды. Осы мақсатпен
Игельстром бірқатар реформа жүзеге асырды. Игельстром өз
реформасына: “бөліп ал да билей бер” пртнципін басшылыққа алды.
Кіші жүз ақсақалдары ханға барған сайын көп наразылық көрсетті,
ал ханның ақсақалдарға сенімі барған сайын азая берді. Игельстром
хан билігі мен дәстүрлі қазақ қоғамының саяси құрылысын шын
мәнінде империялық билік шеңберіндегі провинциялық жергілікті өзін-
өзі басқару деңгейіне дкйін төмендеткен реформаны жүргізе білді.
Игельстромның әрекеттері көтерілісшілерге көп жағынан
бейтараптандырушы ықпал жасады. 1786 жылғы 24 ақпанда А. Р.
Воронцовқа жазған хатында Игельсьтром өз әдістерін былацша
анықтаған: “... Әділдік, мейірімділік, табандылық, сүйіспеншілікке
еліктіру және параға құштарлықты дарыту, ал оның үстіне олар
сүйіспеншілікпен және үреймен орындалатындай ету”. Игельстромның
әдістері белгілі бір дәрежеде Сырым мен оның серіктеріне әсер
еткенін мойындау керек, сындықтан да көтеріліс Қазақстандағы
отаршылдықтың шайқалуына обьективті түрде себепші болғанымен,
құлдырау бағытымен үнемі бәсеңдей берді. Реформа ұстарасының өткір
жүзі ханды тайдыру жолымен хан билігін жоюға келіп тірелді.
Патша әкімшілігінің кеңесіне құлақ аса отырып, ақсақалдар
съезі 1785 жылдың күзінде Кіші жүзді үш бөлікке немесе “бас
ордаларға” бөлу туралы шешім шығарды. Олардың әрқайсысының басында
съезд сайлаған ақсақал тұруға тиіс болды.
Осы кезде көтерілісшілер хан ауылдарына тағы да шабуыл жасай
бастады. 1786 жылдың сәуірінде көтерілісшілердің тегеуірінімен Нұралы
хан патшалық өкімет орындарының қорғауына қашып баруға мәжбүр
болды. 1786 жылғы 3 маусымда Екатерина Нұралыны хан билігінен
шеттету туралы тескриптіге қол қойды. Нұралы Орынборға шақырып
алынып, ол жерден Уфаға жөнелтілді.
Патша үкіметі қалыптасқан жағдайды пайдыланып, хан билігін
жоймақшы болып шешті. Генерал-губернатордың жаңа хан сайланып, оның
жарынан ақсақалдар кеңесін құру туралы ұсынысына Екатеринажаңа хан
сайлауды керек емес деп санайтынын айтып жауап қайтарды. Сыртқы
істер алқасы генерал-губернатор Игельстромға Кіші жүзді басқару
жобасын әзірлеуді тапсырды. Ол табыс еткен, Игелстром реформасы
деп аталған жоба 1786 жылдың көктемінде мақұлданып, бекітілді.
Саяси билік Орынбор әкімшілігінің қолына шоғырландырылды. Игелстром
Кіші жүздегі қалыптасқан дәстүрлі қоғамдық- саяси жағдайды қирата
отырып, Қазақстандыотарлық бағындыруды неғұрлым бейбіт жолдармен
жүзеге асыруды тереңдете беруге тырысты.
Сөйтіп, патшалық өкімет орындары сол кезде дәстүрлә билікиелері
шонжарларға сүйнуге үміттенді. Ең ықпалды ақсақалдарға “бас
ақсақал” атағы енгізілді, оларға барлық руларды қадағалап отыру
міндеті жүктелді. Басқару жүйесіндегі төменгі буын ру ақсақалдары
болды, оларға айлық тағайындалды.
Алайда беделді ақсақалдар мен билердің көпшілігі реформаға қарсы
шықты. Олар ақсақалдардың пайдасына ханның құқықтарын шектей отырып,
хан билігін сақтап қалғысы келді. “Реформаны” жүргізу кезінде
Игельстром Орал казк әскерінің қазақ ауылдарын шабуына тыйым
салды. Қазақ малшыларына қыстыгүні Жайық пен Еділ арасындағы
жерге көшіп бару мүмкіндігі берілді. Жайық арқылы өтуге 17
ақсақал құқық алды, олардың басқаруында 45 мыңнан астам қожалық
болд.
Орынбор айырбас сарайында сауда жанданды. Мәселен, 1785 жылы
Орынборда 230 мың әр түрлі мал айырбасталса, 1787 жылы ол 379
мың болды. Саудының жандануын атап өте келіп, генерал- губернатор
“оларға қырғыз- қайсақтар қауіптенбей және ынта- ықыласпен ағылып
келді, айтарлықтай болғаны сонша Орынбордың өзі ашылғаннан бері
мұндай мысал” жоқ деп жазды.
1.2 Көтерілістің қозғаушы күштері.

1786 жылы Орынборда Шекаралық сот, ал бір жылдан соң- расправалар
құрылды. Расправалардың құрылымы оларды патша әкімшілігінің құралы
ететіндей болып іріктеп алынды.
Игельстром императрицаға расправалардың құрылуына халықтың,
ақсақалдардың және сұлтандардың көзқарасы туралы баяндады. Атап
айтқанда ол былай деп жазды: “... мен... бүкіл халық пен оның
ақсақалдары бірдей келісімде екеніне және Ордада осы жаңа мекеменің
ерекше ықыласпен қабылдағанына, қызметтерге ең таңдаулы, аса
атақты және ең лайықты адамдарды сайлағанына мейлінше дәл сендіре
аламын... Әбілқайыр ұрпақтарының барлық сұлтандары қазіргі хан
Нұралының балалары, оның інілері және олардың балалары халықтан
бөлініп қалды және олардың бірде- біреуі осы өзгерістерге кіріскен
жоқ, олар өз халқына басқару билігі ол арқылы жойылатынын және
халықтың өз қолына берілгенін көрді, сол арқылы өздерін шамадан
тыс ренжіту және кемсіту көргендер деп санады”.
Алайда оқиғалардың барысын бақылаған полкрвник Гранкиннің және
барон Игельстромға басқа да бағынышьылардың “түсініктеме” жазбалары
дәлелденгендей, жаңа басқару аппараты өміршең болмай шықты”,
расправалар бір рет те жиналған жоқ. Іс жүзінде билік
ақсақалдардың қолында болды.
“Реформаны” жүргізу жаңа басқару органдарының құрылуына
байланысты құқтары мен билігіне қысым жасалған сұлтандардың
қасарысқан қарсылығына тап болды. Нұралыны қайтып келтіруді және
хан билігін қалпына келтіруді талап еткн сұлтандар күресін ханның
інісі Ералы сұлтан басқарды. Кіші жүз сұлтандарын Орта жүз ханы
Уәли және Абылайдың ұрпақтары- сұлтандар қолдады. Олар Кіші жүзде
хан билігінің қалпына келтірілуі туралы өтініш жасады. Нұралының
баласы, сол кезде Түрікменстанда хан болған Пірәлі сұлтан да нақ
осындай көзқарас ұстанды. Нұралының қайта келтірілуін талап еткен
хандар мен сұлтандар ең алдымен өз мүдделерін ойлады. Олар Кіші
жүзде хан билігінің жойылуы таяу болашақта Орта жүзде хан билігінің
жойылуын туғызуы мүмкін екенін түсінді.Жергілікті патша
әкімшілігінің бір бөлігі басқаруды қайта ұйымдастыру жөніндегі
шаралардың ақталғандығына сенімді болмады. Мысалы, Сырым батырды
тұтқыннан босату үшін Ералы сұлтанның ауылына жіберілген полковник
Гранкин 1788 жылдың желтоқсанында былай деп жазған: “...
расправалар жоқ десе де болады, өйткені оларға атақты қазақ
адамдары арасында сенімі аз қазылар отырғазылған ,ал расправалардың
болуы да мүмкін емес, өйткені жалғыз хатшы қалады, ал қазылар
расправалардан бірнеше жүз шақырым жердегі өз қоныстарында
жүреді...” .
Патша үкіметі Кіші жүзде жүргізіліп жатқан басқару реформасының
күткендегідей нәтижелер бермегенін көрді. Франнцияда басталған
буржуазиялық реолюция елде шаруалар қозғалысының жаңа өрлеуінен
қорыққан билік иелерін қатты үрейлендірді. Бұрынғы басқару жүйесіне
өзгеріс атаулы төңкеріс деп саналуға сәл-ақ қалды. Петербургтегі
билеуші топтар Игельстром реформасын да самодержавиеның тіректерін
бұзуға бағытталған деп тапты. Шекаралық сот пен расправалар іс
жүзінде қолданысқа енгізілмеген күйінде қалды.
Нұралының туыстары билікке тағайындалған ақсақалдарға белсене
қарсы шықты, соның нәтижесінде 1786 жылдың тамызында Ералы
сұлтанмен бірігуге бара жатқан кезінде олар Сырым батыр мен оның
106 серіктерін Есім сұлтанмен бірге тұтқынға алды. Ералы Сырымды
Нұралы ханға айырбастағысы келді. Сырымды тұтқыннан босатуды
Игельстром да жақтады, ол Сырымды өз реформаларының тірегі деп
санайтын. Сонымен бірге Сырымды қолдаған кейбір рулар Қайыпты
хан етіп сайлады және сол арқылы Сырымның ұстанған жолын
күшейтті.
Көшіп барғандар арасында ханның да, Сырым батырдың да
жақтастары ба еді. Саяси күштердің орналасуы қайсыбір дәрежеде
тепе - тең болып шықты.
Сырым басшылық еткен қозғалыстыңқайшылықты жағы нақ осы кезеңде
өте айқын көрінді. Бір жағынан, “бас ақсақалдыққа” рулық бірлестік
бойынша әлімұлы Сарытай би, Қаракөбек би, мұратбек, байұлы Сырм,
Қаратау би және жетіру Тіленші мен Жанболат, яғни Сырымның
барлық жақтыстары, қозғалысқа белсене қатысқандар ілікті. Екінші
жағынан, Орынбор әкімшілігі жергілікті жерлерде оларға толық билік
бермеді, сұлтандарды биліктен шеттетпеді және сондықтан Кіші жүзді
басқару жөніндегі оеформалар тек Орынбор әкімшілігінің билігін
нығайтуға себепші болды. Бұл туралы өз хабарламаларында Игельстром
былай деп жазды: “... уақыт өте келе бас ақсақалдар мен ру
ақсақалдарының көмегі арқылы осы еркін халықты айтқаннан шықпайтын
халыққа айналдыру керек, сонда оның тентектігі тыйылады”. Алайда
үкімет ойластырған “тыныштық” орнамады, қазақтар өз қимылдарында
дербестікті нығайтуға және Орынбор әкімшілігіне тәуелсіз бірлестіктер
болуға барған сайын көбірек ұмтылды. Кіші жүздің Орынбор
әкімшілігі тарапынан үш хандыққа бөлінуі ақсақалдардан да,
сұлтандардан да қолдау таппады. Сырым мен оның жақтастары жай
қадағалаушылар болған жоқ, олар жергілікті жерлерде өз билігін
нығайтуға, Кіші жүзді бүкіл аумағында оның рулық құрылымының күшті
бірлестігін құруға ұмтылды. Сырым мешіттер мен мектептер ашуға
талаптанды және Орынбор әкімшілігімен ат құйрығын кесісуге үнемі
ұмтылып отырды, ол өзінің Орынбор әкімшілігіне қарсы іс-қимылдарын
қолдау туралы Хиумен келіссөз жүргізе бастады. Ол кезде Сырым
Осман империясымен спяси бірігу туралы келіссөз жүргізген жоқ,
дегенмен жекелеген рубасыларда осыған әлдебір ұмтылыс болды. Сырым
өзінің дербес сясатын- тәуелсіз егемен саясатын жүргізуге
талаптанды.
Сол кезде Орынбор әкімшілігі отарлау саясатын бұрынғысынан да
күшейте түсті. XYIII ғасырдың 90- жылдарының басынан қозғалыс
көтеріліс сипатын алды. Сырым II Екатернаның атына жолдыған
хабарламасында орал қазақтарының атаманы “1500 солдатымен сіздің
бейкүнә бодандарыңыз қырғыз- қайсақтарға шабуыл жасап, 255 шаңырақты
ойрандады, барлық мүлікті алып кетті, 150 адамды өлтіріп, 57
адамды тұтқындап және сансыз көп жылқыны, түйені, сиыр мен қойды
айдап әкетті” деп көрсетті. Бұған жауап ретінде қазақтар Орал
шебінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХҮІІІ – ХІХ ғасырлардағы ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ
Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліс
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
КӨТЕРІЛІСТІҢ КЕҢЕЮІ
Сырым Датұлы баскдрған Кіші жүз қазақтарынын, көтерілісі
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілуі
Жетісудағы көтеріліс
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
Қазақстан тарихын оқытудың ерекшеліктері, сабақтар типтері
Көтерілістің Жетісудағы орталығы
Пәндер