Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. МЕКТЕПТЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК
НЕГІЗДЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Сыныптан тыс оқыту жұмыстары туралы жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. 5
1.2. Сыныптан тыс тәрбие
жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..7
1.3. Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.1. Сыныптан тыс оқу және тәрбие жұмыстарының
бірлігі ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2.Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ...18
2.3. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
ЭКСПЕРИМЕНТ
ЖҰМЫСЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 30
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
ТІРКЕМЕ
1 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .38
ТІРКЕМЕ
2 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .39
ТІРКЕМЕ
3 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .40
ТІРКЕМЕ
4 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .41
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 42

КІРІСПЕ
Қазіргі кездегі қоғамның барлық даму кезеңінде және бүгінгі білімді
жаңалау, білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыру жағдайында мектеп
мұғалімдері өз үлестерін қосып отыр. Мұндай мектептердің жұмысы бүгінгі
таңда заман сұранысын болашақ талаптарымен ұштастыра отырып, қазіргі
жаһандану жағдайында жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған.
Қазріг кезде оқыту мен тәрбие беру үдерісінде сабақтан басқа сыныптан
тыс жұмыстардың орны ерекше.
Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны – оқушының теориялық білімін
кеңейтіп, толықтыра түседі және оқушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.
Оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс әрекеттерінің күрігуі
қоршаған орта туралы біртұтас түсінік қалыптастыруға, теория мен практика
арасындағы байланысты қамтамасыз етуге, оқу-тәрбие үрдісін құруда және
оқушы тұлғасын қалыптастыруда үйлесімдікке жетуге, мұғалімдер мен сынып
жетекшілерінің педагогикалық шеберліктерін жетілдіруге, мұғалімдер мен
оқушылар арасындағы ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді.
Қазіргі мектептердегі оқу мен тәрбиенің кіріктірілуі мына төмендегі
жұмыстар арқылы жүзеге асады:
- базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде,
мұражайларда мектептен тыс сабақтар ұйымдастыру;
- оқушыларды дамыта оқыту үшін әртүрлі жастағы дарынды балалар
топтарын құру;
- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен
олимпиадалар жүргізу;
- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;
- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу.
Оқушылардың сыныптағы сабақ үстіндегі және сыныптан тыс әрекеттерін
кіріктіру біріңғай педагогикалық жүйе құруға бағытталған, ондағы әр
құралдар тәрбиелік және білімділік міндеттер кешенін шешуге көмектеседі.
Мектеп басшыларынан, мұғалімдерден кәсіби икемділіктері мен
шығармашылық қызметте, басқаруда ақпаратты қамтамасыз ету, талдау,
жоспарлау, ұйымдастыру әрекетінде біліктілікті талап етеді. Яғни, мектеп
жағдайында егер мұғалімдер оқушылардың қызығушылықтары мен сұраныстарын
ескеруді көздеген болса, онда атқарылатын жұмыстардың түрлері оқу пәндері
мен сыныптан тыс жұмыстың мазмұнын, мақсат-міндеттерін кіріктіре алатын
болады. [3;45]
Курстық жұмыстың көкейтестілігі: оқушылардың сыныптан тыс уақыттағы
ақыл-ой, танымдық сипаттағы әрекеттерін күшейту – пәндік үйірмелер,
бірлестіктер, қызығу бойынша клубтар, оқушылардың ғылыми қоғамдары желісін
құру, ұжымдық танымдық шығармашылық істерді жүргізу арқылы жүзеге асады.
Жалпы алғанда, сыныптан тыс әрекеттер оқушылардың білімдерін кеңейтіп, жан-
жақты ізденулеріне мүмкіндік жасайды, өзіндік таным іс-әрекеттердің
қорытындысы шығады және сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылар тылсым
дүниенің әртүрлі сырларын ұғынады.
Курстық жұмыстың теориялық негізі: мектептердегі бүгінгі сыныптан тыс
сабақтардың сипатына көз салсақ, мұғалімдердің сыныптан тыс жұмыстар туралы
қазіргі ойлары, сондай-ақ оларды қолданудың практикасы көп жаңалық,
өзгерістер болып жатқанын көрсетеді. Практикада жиі кездесетін көптеген
жаңалықтарды ғалымдар оқыту процесінде шығармашылықты дамытудың алгоритмі,
яғни шығармашылықты дамытудың тәртібі мен ережесі.
Курстық жұмыстың мақсаты: мектепте жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар
туралы жалпы сипаттама бере отырып, бастауыш сынып оқушыларының сыныптан
тыс жұмыстарын ұйыдастыру жолдарын айқындау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Мектепте жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарға теориялық және
әдістемелік тұрғыдан сипаттама беру.
2. Мектепте жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлері мен
олардың ерекшеліктерін ашып көрсету.
3. Сыныптан тыс жұмыстардың жүргізілу жолдарын айқындау.
Курстық жұмыстың пәні: педагогика үрдісі.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі негізгі тарау, қорытынды,
пайдаланған әдебиеттер тізімі.
І. МЕКТЕПТЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК
НЕГІЗДЕР

1.1. Сыныптан тыс оқыту жұмыстары туралы жалпы сипаттама
Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім.
Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан сыныптан тыс
жүргізілетін әртүрлі әрекеттермен де ұштасады.
Қазіргі кезде мектеп тәжірибесіндегі сыныптағы сабақтық жүйеден басқа,
сыныптан тыс жұмыс түрлері бар. Ол, әрине, қоғамның жаңару, жетілдіру
жағдайында білім беру саласында оқыту мен тәрбиелеуді реформалаумен тығыз
байланысты іске асырылуда. [11;56]
Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді. Олар
оқытудың жалпы жүйесінің ажырамас бөлігін құрайды.
Сыныптық-сабақтық жүйенің негізгі кемшілігі – оқушылардың дара
ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы – оқытуды
ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болды.
Сондықтан оқушылардың сыныптық-сабақтағы танымдық әрекетін дамыту,
толықтыру және оқушылардың өзіндік шығармашылық белсенділіктерін,
қабілеттерін арттыру мақсатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша
түрлері қолданылады.
Оқушылармен сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың мақсаты – сабақ
үстінде жүзеге асыратын оқытудың міндеттерін толықтыру және тереңдету,
олардың қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау,
бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.
Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарының маңызы – оқу және тәрбие
процестерінің бірізділігін қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы оқыту және
тәрбиелеу жұмыстарын жоспарлауда сынып жетекшісіне оның қоғамдық бағытының
болуын, балалардың жас және дара қасиеттерін, ұйымдастыру жұмыстарындағы іс-
әрекеттері түрлерінің ерекшеліктерін ескеру талап етіледі.
Оқытудың сыныптан тыс жұмысын ұйымдастыру көбінесе оның жеке
әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсат – әрбір сабақтың оқу-
тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол екендігін, оны сыныптан тыс жұмыстар арқылы
да ұйымдастыруға болатынын көрсете отыра, оны жаңа сапалық сатыға көтеру.
Олардың қатарына: лекция, конференция, экскурсия, пікір-талас, панорама,
диспут, өздігінен жұмыс, әртүрлі сайыстар т.б. жатқызуға болады.
Бұл сыныптан тыс жұмыс түрлерінің де сыныптағы сабақтық жүйедегідей
дидактикалық құрылымы анықталған және өзіне тән дидактикалық қағидаларға
негізделген, сонымен қатар жүргізудің жеке амал-тәсілдері бар. [8;36]
Сыныптан тыс сабақтар немесе жұмыстар кейде оны Қызықты сабақтар
не Сайыстар не Кештер деп атағандай, әдетте барлық сыныпқа арналып
өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы түрліше болады: оқушылардың жас ерекшелігіне
байланысты 30-дан 45 минутқа дейін созылады. Мұндай сабақ айына 2-3 рет
болуы мүмкін.
Оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
мәселесін қарастырғанда алдымен оқушылардың сыныпта істейтін жұмыстарының
қандай психологиялық негізі бар, оның шәкірттердің басқа да іс-
әрекеттерімен байланысы, қатысы қандай, оның сыныптан тыс жұмыстармен қалай
байланыстыруға болады деген мәселені анықтап алу қажет.
Қазіргі уақытта мектептегі оқыту жұмысы алдына балаларға белгілі
дәрежеде білім беру, қажетті дағдылар мен іскерліктерді меңгерту сонымен
қатар оқушылардың ақыл-ойын, қабілетін дамыту міндеті қойылған. Сол себепті
мектептегі оқыту процесі дамыта тәрбиелейтін оқыту делінеді. Осыған
байланысты сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар да оқыту мен ақыл-ойды
дамытудың бір тұтас процесс ретіндегі ішкі байланысын, бір-біріне жасайтын
әсер-ықпалын айқындап алудың маңызы өте зор.
Әрине, барлық адамның қабілеті бірдей емес. Сыныптан тыс оқыту мен
тәрбиелеу арқылы адамның қабілетін белгілі бір бағытта дамытуға болады,
бірақ оның шегі жоқ емес. Сондықтан әрбір адамның өз табиғатындағы қабілет
мүмкіндігін өз биігіне дейін дамытып тәрбиелеу – оқыту процесінің басты
міндеті болып табылады.

1.2. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары
Тәрбие – бұл жеке адамның қоғамдық тәжірибені (білімді, ептіліктер
мен дағдыларды, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін, әлеуметтік және рухани
қатынастарды) игеру үшін бағытталған белсенді іс-әрекетін қолдап,
қуаттаушы, әрі ұйымдастырушы мақсат бағдарлы, әрі саналы орындалатын
педагогикалық үрдіс.
Тәрбиенің негізгі мақсаты жеке адамды қалыптастыру және оның жан –
жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету. Ал, бұл міндеттердің табысты
шешімін беру жеке адамның дамуы қалай өтетінін және оның қалыптасуына
қандай жағдаяттар ықпал ететінін білумен байланысты.
Қазақстан Республикасының барлық мектептерінде сабақтан тыс тәрбие
жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп, өткізетін бұл - педагог.
Бастауыш сыныптарда жетекшілік қызметті сынып мұғалімі атқарады.Мұғалім
немесе сынып жетекшісі еңбегінің ғылымға негізделе отырып, белгілі бір
жүйелілікпен жүзеге асырылатыны айқын.
Мұғалімнің сыныптан және мектептен тыс жүргізетін тәрбие жұмыстарының
маңызы – тәрбие процесінің біріздігі мен жүйелелігін қамтамасыз ету. [4;28]
Бұл бағытта тәрбие жұмысын жоспарлау сынып жетекшісіне оның қоғамдық
бағытының болуын, ұйымдастыру қабілетіне, жұмыстардың іс-әрекет түрлерін
дұрыс таңдай білуіне, балалардың жас және дара ерекшеліктерін ескере отырып
ұйымдастыра білуіне байланысты.
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі қалыптасқан
түрлері өте көп. Оны таңдау тәрбиенің жалпы немесе жекеленген мақсат,
міндеттеріне, оқушылардың нақтылы өмір жағдайларына, сыныптағы немесе
жекеленген оқушылардың тәрбие міндеттеріне сай жетістіктері мен
кемшіліктеріне байланысты атқарылады.
1. Тақырыптық сынып сағаттарын өткізу және оған дайындық жұмыстарын
ұйымдастыру, оған: қабырға газетін шығару, альбом жасау, плакаттар,
лозунгтар әзірлеу, нақыл сөздерді жазу, оқушыларға ән, би, күй, тақпақ
оқуды үйрету.
2. Қызықты кездесулер, кештер, ертеңгіліктер өткізу (ақын-
жазушылармен, әртістермен, еңбек озаттарымен, халық қалаулыларымен, соғыс
ардагерлерімен және интернационалдық жауынгерлермен).
3. Сыныптағы саяси хабарламаның жүргізілуін ұйымдастыру: тақырыптық,
шолулық, жедел хабарлама.
4. Әртүрлі тақырыпта ән айту, би билеу, өлең оқу, сурет салуға
арналған байқауларды ұйымдастыру.
5. Оқушылардың қолымен жасалған шығармашылық жұмыстарына сай көрмелер
өткізу.
6. Көңілділер мен тапқырлар клубы байқауларының жұмысын жүргізу.
7. Оқушылармен ток-шоу, дөңгелек стол, пікірталас, әңгіме түрінде
тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
8. Спорттық жарыстар өткізу: шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ, волейбол,
баскетбол, футбол, шаңғы тебу т.с.с.
9. Оқушылардың оқудан тыс қызықты кітап, газеттер мен журналдар
оқуын, оны өзара талқылауын, пікір алысуын ұйымдастыру.
10. Әдебиет пәні және мектеп кітапхана қызметкерлерімен бірлесе
отырып, оқырмандар конференциясын өткізіп отыру.
11. Мектептегі үйірме жұмыстарына оқушылардың талап-тілектері,
қабілеттеріне сай қатынасуын ұйымдастыру: пәндік, көркемөнер, спорттық,
өлкетану, жас техниктер, т.б.
12. Үйірме жұмыстарының нәтижесіне сай байқаулар, олимпиада, жарыстар
өткізу.
13. Атамекен бағдарламасына сай жұмыстарды жүргізу.
14. Мейрам күндерін, республикалық деңгейдегі мейрамдарды атап өту.
15. Сынып жиналыстарын өткізу.
16. Оқушылардың сыныптағы, мектептегі кезекшілігін, жалпы тазалыққа
қатысуын, кабинетті жабдықтау, темір сынықтарын жинау, оқу-өндірістік
алаңын жөндеу, мектеп маңайын тазалау, безендіру, сенбілікке қатысу секілді
қоғамдық пайдалы жұмыстарын ұйымдастыру, олардың нәтижелеріне талдау жасап
отыру.
17. Мұражайларға, көрмелерге, демалыс-мәдени орындарға, кино, театр,
өндіріс орындарына саяхат жасау.
18. Соғыс, еңбек ардагерлеріне, жалғызілікті қаттарға көмек көрсету
жұмыстарын ұйымдастыру.
19. Оқушылардың қысқы және жазғы демалыстары кезінде мәдени жорықтарын
ұйымдастыру.
20. Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің жұмысына қатысу.
К.Д.Ушинский ескерткендей, тәрбие заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан тану
өте қажет. Себебі, оның айтуынша, педагогикалық ережелерді қара дүрсін
жаттау ешбір пайда бермейді. Сол ережелерден туындайтын ғылыми негіздерді
зерттеу міндетті іс.
Ұлы педагогтың кеңесі: басқарылуы қажет болған психикалық
құбылыстардың заңдарын ашып, өз іс-әрекетіңді сол заңдарға және оларды
қолданатын жағдайларға ойластырған жөн.
Тұлғаны жан–жақты дамыту деген ұғымды жастардың оқу және тәжірибелік
еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл – ой дамуының біртұтастығы
деп түсіну керек. Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты
тәрбиелеу ісіне тікелей тәуелді.
Мектептегі тәрбиенің басты міндеттері – теориялық білімді еңбекпен,
өмірмен байланыстырып жүргізу, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу, оларды
политехникалық, экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыру, кәсіптік
бағдар беруге тәрбиелеу. [12;103]
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда ұстаз еңбегінің ғылымға
негізделе отырып, белгілі бір жүйелелікпен жүзеге асырылатыны айқын.
Мысалы, оңайдан қиынға, жеңілден ауырға, нақтылы түсініктен абстрактілі
ұғымға біртіндеп ауысу ережелерін және оқушылардың жасы мен дербес
ерекшеліктерін ескере алмайынша оқу және тәрбие жұмысында белгілі бір
нәтижеге жету қиын.

1.3. Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлері
Оқушылардың сыныптық-сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру
және оқушылардың өзіндік шығармашылық белсенділіктерін, қабілеттерін
арттыру мақсатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері
қолданылады.
Олардың қатарына:
1) пікір-талас;
2) семинар;
3) экскурсия;
4) факультативтік сабақтар;
5) қосымша сабақтар;
6) конференция;
7) өндірістік оқу;
8) үйдегі оқу жұмысы;
9) тәжірибелік-зертханалық (практикум);
10) пәндік үйірме жұмыстары;
10) олимпиада;
11) сынақ және емтихан;
12) өзіндік жұмыс түрлерін жатқызуға болады.
Пікір-талас – оқушыларда қоғам және адамдар өміріндегі оқиғалар мен
күнделікті тыныс-тіршілік жайлы олардың көзқарастары мен сенімдерін, жоғары
адамгершілік қасиеттері мен жағымды мінез-құлық нормаларын қалыптастырудың
оңтайлы құралы.
Пікірталас барысында оқушылар қоғамдағы құбылыстар мен оқиғаларды,
олардың себептерін терең анықтау, жолдастарының және айналасындағы
адамдардың әрекеттерін терең сезініп, ұғынуға үйренеді.
Пікір-таластың мақсаты – оқушыларды ұжым болып пікір-таластыруға,
алмасуға, өз ойларын нақтылы жеткізе білуге, ең негізгісі өз беттерінше
ойлай білуге үйрету.
Пікір-таластың табысты өтуінің негізгі шарты – алдын ала дайындық
жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылуына үлкен мін беріліп, оған
жауапкершілікпен қарау. Ол үшін алдын-ала жоспар құрылып, оның тақырыбы
айқындалады және өткізілетін күні белгіленеді.
Семинар сабақтар – көбінесе сабақта оқылған лекцияның тақырыбына
байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау
қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын
көздейді.
Тақырып сұрақтарына сай пікір алмасу, өз көзқарастарын дәлелдеу,
мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын қаншалықты меңгергенін, соған орай
сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап
және бағыт-бағдар беріп отыруға мүмкіндік туғызды.
Экскурсия. Экскурсия жұмысының мақсаты – оқушылардың сабақта алған
теориялық оқу материалдарын практикамен жалғастыру, бекіту. Сондықтан,
оқыту процесінде оның маңызы зор. Ол барлық оқу пәндерінде, әсіресе физика,
химия, биология, тарих және еңбек сабақтарында кеңінен қолданылады. Бұл
оқушыларды оқу процесін бақылай білуге жаттықтырады және оқу материалын
өмірмен байланыстыра алуға үйретеді.
Экскурсия сабағын өткізу орнына: мектептің оқу алаңына, табиғат
аясына, ауыл шаруашылығына, өндіріске, көрмелерге, музейге бару т.б.
нысаналар жатады.
Факультатив сабақ. Сыныптан тыс оқыту жұмысын ұйымдастырудың
факультатив түрі оқушылардың сұранысы мен қызығушылығы негізінде әртүрлі
пәндерге қатысты ұйымдастырылады. Оның қызметі көпжақты: оқушыларды ғылымға
қатыстыра отырып, олардың дүниетанымын тереңдетеді кеңейтеді, белгілі бәр
пәнге қатысты танымдық қызығушылықтарын тұрақты қалыптастырады.
Оқушылардың пәнге бейімділігін ескере отырып факультативтік оқытуды
олардың қалаған мамандықтарына сай психологиялық және практикалық
дайындығын арттыру және кәсіби бағдарын қалыптастырудың нәтижелі формасы
ретінде қолдануға болады.
Бұлар жоғарғы сынып оқушыларының еңбекке деген дайындығына елеулі үлес
қосады.
Әңгіме – бұл оқушылармен бірге жүргізілетін кең көлемдегі еркін
сұхбаттасу сабағы. Әңгіме жүргізу негізінен этикалық тақырыптарға арналады.
Ол көбінесе 4-7 сыныптада өтеді.
Әңгіменің негізгі бағыттары мыналар:
1) өз Отанына адал берілгендігі;
2) өзі өмір сүріп отырған қоғамның идеологиясына шынайы сенімділігі;
3) шыншылдығы;
4) қайырымдылығы, қарапайымдылығы, адалдығы;
5) саналы тәртіп пен мінез-құлық мәдениетіне жауапкершілігі;
6) жолдастық, достық қарым-қатынасқа адалдығы;
7) еңбекке, еңбек адамдарына және халық мүлкіне ізгілікті қарым-қатынас.
Қосымша сабақтар – сыныпта үлгере алмаушылықты жою үшін жеке
немесе бір топ оқушыларымен қосымша және консультация сабақтары да
ұйымдастырылады.
Конференция – мектеп немесе сынып оқушыларының оқудан тыс кездерінде
қызықты әдеби-көркем шығармалары мен ғылыми-көпшілік әдебиеттерін оқуға
деген ынтасын дамытудың аса маңызды формасы.
Конференцияның негізгі мақсаты – кітап жайлы оқушылардың қызығушылығы
мен ойын танып білу, эстетикалық талғамы мен сенімдерін қалыптастыру,
көркем-әдеби шығармаларын оқуға және оқи білуге дағдыландыру. Сынып
жетекшілері конференцияны өткізу барысында оқушылардың дара психологиялық
ерекшеліктерін, рухани қажеттілігін, жалпы эстетикалық мәдениет
дәрежелерін, адамгершілік қасиеттерін, сенімдерін танып білуге мүмкіндік
туғызады.
Конференцияның міндеті: оқылған кітаптарды ұжым болып талқылау, оның
мазмұнын, автордың ойын дұрыс түсінуге тәрбиелеу, жеткіншектерді сөйлей
және ойлай білуге үйрету.
Үйдегі оқу жұмысы - оқушылардың үйде өз беттерінше орындайтын оқу
жұмыстары сыныпта өткен сабаөтардың жалғасы ретінде саналады. Сондықтан да,
оны кей жағдайда оқыту процесінің бір компоненті ретінде қарастырады.
Оқушының үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып,
толықтырып отырса, онда олардың алған білімдері терең және берік болады.
Оның маңызды оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне
қарағанда ерекше. Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік
мәні де зор.
Пәндік үйірме жұмыстары - үйірме жұмыстары сабаққа қарағанда бағыты,
мазмұны, ұйымдастыру тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік
ерекшеліктері бар. Олар оқушылардың қызығушылығы мен пәндерге бейімділігін
дамытуда және тапсырылған жұмыстарды нәтижелі орындауға қолайлы жағдайлар
туғызып отырады.
Сонымен қатар, оқытудың өмірмен байланысын қамтамасыз ету, пәнаралық
байланысты нығайтуға ықпалын тигізеді.
Олимпиада – бұл мектеп бойынша, аудан немесе қала, облыс бойынша
әр сыныптарда белгілі бір пән көлемінде өтетін сайыс.
Сынақ және емтихан. Сынақ - бұл жұмыстарды жоғарғы сынып оқушыларына
енгізудегі мақсат – бағдарламадағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту
және оқыту процесінде оқушылардың жоғарғы белсенділіктерін,
жауапкершілігін, дербестігін орнықтыру.
Өзіндік жұмыс түрлері – бұл мұғалімнің көмегінсіз оқушылардың өздері
істейтін жұмыстары. "Өзіндік немесе өз бетінше жұмыс термині – негізінен
педагогикалық термин. Ол оқу орындарында жүргізілетін оқу-тәрбие
жұмыстарының бірі болып табылады.
Дидактикамен айналысушы ғалымдар оқушылардың оқыту процесіндегі
өзіндік жұмыстарын танымдық әрекет тұрғысынан талдай келе әрбір оқу пәнінің
мазмұндық-логикалық ерекшелігіне қарай оның 4 типін анықтады.
1) Үлгі бойынша өзіндік жұмыстар. Бұл жұмыстар – мазмұны әр
түрлі материалдарды пайдаланып ұйымдастырылатын жаттығулар.
2) Өзгертіп, қайта құрап жинақтайтын тәжірибенің, білімнің,
дағдының негізінде орындалатын практикалық-интеллектілік жұмыстар.
3) Өзіндік істейтін вариантты жұмыстар. Бұлар ғылыми білімді
қолдана білуге арналады, проблемалық мазмұнда болады. Жаңадан білім алу,
логикалық қорытынды шығару талаптарын тудырады. Оқушылардың бұл жұмыстары
тақырып аралық, пән аралық сипатта болып келеді.
4) Өзіндік істейтін шығармашылық жұмыстар. Ол ой мен іс-
әрекеттің толық дербестігін қажет ететін жұмыс түрі, яғни өзіндік жұмыс
істеудің ең жоғарғы сатысы болыр табылады.
Н.К.Крупская 1934 жылы жазған Өздігінен білім алушының есіне деген
тезистерінде мынандай жалпы кеңестерді (нұсқауларды) береді:
1. Өздігінен білім алу үшін, сол жұмысқа қажетті нақтылы дағдыларға
(іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтамалық
әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б.) ие болу керек.
2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиімді
әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді. Ең дұрысы –
кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты
белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
4. Алғашқы кезеңдерде тәжірибелі адамдармен, кітапханашылардан кеңес,
консультациялар алудың пайдасы зор.
5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген
дұрыс болады.
Саяси хабарлама - бұл саяси білім берудің аса маңызды және кең
тараған
формасы. Мұның өзі оқушыларда еліміздегі және шетелдердегі аса маңызды
саяси оқиғалармен танысуына көмектеседі.
Саяси хабарламаны ауызекі журнал, дөңгелек үстел барысындағы әңгіме,
баспасөз конференциясы және саяси радио хабар секілді түрлі формаларда
өткізуге болады. [15;48]
Сонымен бірге, ол ұлттық патриотизм сезімін оятып, басқа елдердің
халықтарына деген құрмет, өз елінің табыстары мен жетістіктеріне деген
мақтаныш сезімін тәрбиелеуге жағдай туғызады. Мектеп тәжірибесінде саяси
хабарламаға шолу, тақырыптық, жедел хабар әдістері көптеп қолданылады.

ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ЖОЛДАРЫ

2.1. Сыныптан тыс оқу және тәрбие жұмыстарының бірлігі
Мектепте оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда өзара байланысты екі
мақсат көзделеді: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және өзіндік білім алу
ынтасын тәрбиелеп, өздігінен білім алу жолдарын үйрету. Мектеп ақыл мен
ойдың барлық қасиеттерін (практикалық, теориялық және ғылыми-зерттеу)
дамытуға міндетті.
Бұл үшін мұғалім оқушыларға білім бере отырып, оқушылардың қандай
қасиетін және қалай дамыту керектігін жете білуі тиіс. Оқытудың әр
кезеңінде оқушылардың білімін дамытудың незігі ретінде білімнің мазмұны мен
ол мазмұндағы нақты ұғым байлығы алынады. Сөйтіп, баланың білімі – ақыл-ой
мен әрекет бірлігі принципі бойынша дамиды.
Оқушыларға білім беруде мектеп бағдарламасынан тыс сыныптан тыс
жүргізілетін факультативтік оқулар, клубтар, бірлестіктер кеңінен
пайдалынады. Бірақ бұлардың бәрі білім алудағы оқушылардың өз
белсенділігін, білімді жаңа жағдайда пайдалана білу мен шығармашылықпен өз
бетінші жұмыс істеуді ауыстыра алмайды. Білім бере отырып дамыту талаптары
қазіргі кезде оқыту мазмұнын, оқытудың әдістерін қайта қарау проблемасын
алға қойды.
Мектептердегі бүгінгі сыныптан тыс сабақтардың сипатына көз салсақ,
мұғалімдердің сыныптан тыс жұмыстар туралы қазіргі ойлары, сондай-ақ оларды
қолданудың практикасы көп жаңалық, өзгерістер болып жатқанын көрсетеді.
Практикада жиі кездесетін көптеген жаңалықтарды ғалымдар оқыту процесінде
шығармашылықты дамытудың алгоритмі, яғни шығармашылықты дамытудың тәртібі
мен ережесі.
ХІХ ғасырда орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский (1824-1870) оқу мен
тәрбие мәселесін бірлікте қарастыратын дидактикалық теория жасады. Оның
дидактикалық жүйесінде оқушылардың белсенділгі мен дербестігі жөніндегі
идея маңызды орын алады.
К.Д.Ушинский оқушылардың ой-әрекет белсенділігі мен дербестігін,
сыныптан тыс өздігінен істейтін жұмыстарын барлық нәтижелі оқудың бірден-
бір негізі деп бағалады. К.Д.Ушинский өзінің Детский мир, Родное слово
атты оқулықтарын осы бағытта жазды, яғни оқулықта шәкірт атқаратын берілген
сұраққа жауап беру, бақылау жасау, тәжірибесін анықтау, осы жүйеге келтіру
сияқты өз бетімен орындайтын жұмыстар ескеріледі. Сөйтіп, бұл мәселеде
педагогикалық практикаға негіз салынды.
Орыстың революционер-демократтары В.Белинский, Н.Г.Чернышевский,
Н.А.Добролюбовтар да педагогика мәселелеріне көп назар аударған. Олар
тәрбиенің мақсаты – жастарды күрескер азамат етіп тәрбиелеу деп санады.
Ол үшін баланы жастайынан белсенділік пен дербестікке, өз бетімен жұмыс
істей білуге тәрбиелеу керек екенін атап көрсетті.
Қазақтың ұлы ағартушысы Ы.Алтынсарин де қазақ мектептерінде тұңғыш рет
оқу-тәрбиені еңбекпен, өмірмен байланыстыруды, сөйтіп, схоластикалық оқу
әдістерін өзгертуді ұсынды және оқыту идеяларын көтерді. Мұны өзі ашқан
мектептерінде іске асыруға ұмтылды.
Соған байланысты, мектептерде ұйымдастырылатын сыныптан тыс оқу және
тәрбие жұмыстары оқушылардың белсенділіктері мен дербестіктерін арттыруға,
өз бетімен жұмыс істеуге, қызығушылықтарын оятуға, қабілеттерін дамытуға
пайдасы өте зор.
Бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс оқу және тәрбие жұмыстарын
ұйымдастырудың құралдарына жататындар: оқу мазмұны, формалар, оқытудың
әдісі мен құралдары, оқушының оқуын ұйымдастыру формалары. [4;59]
Оқушылардың белсенді сыныптан тыс шығармашылық оқуын ұйымдастыру
төмендегілерді қадағалайды:
- сыныптан тыс берілетін оқу материалы әрбір оқушының белсенді
ойлау және практикалық іс-әрекетінің пәні болуы қажет;
- сыныптан тыс жұмыстардың оқушының өзін-өзі тануына, еркін
болуына, ерік-жігерін көрсетуге және өзінің оқу-танымдық әрекетін басқара
алуға жұмсалуы қажет;
- сыныптан тыс жұмыстар арқылы мұғалім жалпы белсенділік емес,
керісінше, іскер, алдыңғы қатарлы білім мен әрекет түрлерін меңгеруде
оқушыда шығармашылық белсенділігін дамыту қажет;
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыра отырып жүргізу барысында
мұғалім оқушылардың икем дағдыларын қалыптастыру, яғни әдеби шығармаларды
талдауға машықтандыру, өзіндік пікір айту, ізденіске, әдеби тартысқа баулу,
шебер де шешен сөйлеуге, бедерлі, айшықты, сұлу жазба тілінің дамуын қол
жеткізу, өз шығармашылығын дамыту, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру
т.б. дамытады. [13;66]
Оқушылардың сыныптан тыс әрекеттеріндегі оқу мен тәрбие үрдістерін
кіріктіруді жүзеге асырудың шарттары:
1) ұлттық және жергілікті дәстүрлерді ескере отырып, мектептің тәрбие
қызметінің жалпы істерімен, тіршілікпен байланыстырылуын (мектеп пен
жалпы мерекелерді бірлесіп өткізу, қоршаған ортаны қорғау және оған
қамқорлық жасау) қамтамасыз ету;
2) оқушылардың қызығушылығы мен сұраныстарына қарай шығармашылық
бірлестіктер, үйірмелер, секциялар ұйымдастыру;
3) оқушылардың мектепте демалыс уақытын (шығармашылық байқаулар,
пікірсайыстар, тақырыптық кештер, көңілділер мен тапқырлар клубы,
спорттық жарыстар және т.б.) ұйымдастыру;
4) оқушылардың шығармашылық бірлестіктерін, үлкендер мен балалардың
шығармашылық ұжымдарын ұйымдастыру үшін жергілікті мамандар мен
мұғалімдерді тарту;
5) оқушыларды саналы түрде кәсіп таңдауға, экономикалық білімдерді,
өндірістік технологияларды меңгеруге дайындау;
6) оқушылар ұжымында өзіндік басқаруды дамыту: оқушылар арасынан үлкен
оқушылар мен кішкене оқушылардың ынтымақтастық қатынастарына
негізделетін әртүрлі жастағы топтардың әрекеттерін ұйымдастыруға ықпал
етуге қабілетті үздіктерді анықтау;
7) мектептің қоршаған ортамен байланысын кеңейту, оқушылардың қарым-
қатынасқа зәрулігін болдырмау.
2.2.Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшелігі
Оқыту процесіне ендірілетін оқушылардың сыныптан тыс жұмыстары - бұл
арнайы бөлінген уақыт ішінде мұғалімнің көмегімен және оның тапсыруымен,
бірақ тікелей көмегінсіз орындалатын жұмыс. Оқушы тапсырмада қойылған
мәселені саналы түрде ақыл-ой мен күш – жігерін жұмылдыра отырып шешуші
және өз жұмысының нәтижесін көрсетуі тиіс.
Оқушылардың танымдық қызметін дұрыс қалыптастырудағы өз бетімен жұмыс
істеу процесінің сапасын танытатын, алған қойған барлық міндеттерді толық
орындауға жетелейтін осыныптан тыс жұмыстар болып табылады.
Оқушылардың сыныптан тыс жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру бала
мектепке келген күннен бастап, мектепті бітіріп шыққанға дейін жүргізіліп
отыратын процесс. [14;48]
Мектепте жүргізілетін барлық сыныптан тыс жұмыстардың түрлері өзінің
алға қойған мақсат-міндеттері мен жүргізу ерекшеліктерімен және өзіндік
сипаттарымен ерекшеленеді.
Семинар сабағына әзірлену кезінде оқушылар тезистер мен баяндамалар
жазып, қосымша әдебиеттерді пайдаланады. Ұсынып отырған сұрақтарға
қатысты, ондағы бар негізгі ойларды қамтып, конспект құрады. Міне, осындай
жұмыстардың нәтижесінде семинар жұмысы оқытуды ұйымдастыруда тиімді форма
екенін тәжірибе көрсетуде.
Семинар сабағын өткізу барысында мұғалім проблемалық жағдай туғызып,
талқыланып отырған сұрақтарға оқушылардың қызығушылығын оятады, олармен
ақылдаса отыра оны талдаудың жоспарын құрады және ұжымдық ізденушілік
әрекеттеріне қолайлы жағдай туғызады.
Экскурсия жүргізу арқылы оқыту процесін ұйымдастыру мұғалімнен
зор ұйымдастыру жұмысын талап етеді. Экскурсия түрінде жақсы өткізілген
әрбір сабақ оқушыларға нақтылы фактілер мен құбылыстарды жақсы оқып
үйренуге, өз түсініктерін кеңейтіп, білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.
Экскурсия сабақтарында мұғалім оқушыларға оның тақырыбы мен мақсатын
алдын ала түсіндіреді. Соның негізінде оқушылар нақтылы заттарды байқап,
оларға бақылау жасайды.
Оқытуды экскурсия жолымен ұйымдастырудың 3 түрі бар:
Біріншісі – кіріспе экскурсия деп аталады. Ол сабақта күрделі тарау,
тақырыптарды өтер алдында ұйымдастырылады. Экскурсияның бұл түрін бастауыш
және орта сыныптарда алдын ала өткізсе, олар үшін сабақ өте қызықты
жағдайда болады.
Екіншісі – ілеспелі экскурсия дейді. Ол белгілі бір тақырыпқа
арналып, сабақ барысында оның орта шенінде немесе өн бойында жүргізілуі
мүмкін.
Үшіншісі – қорытынды экскурсия. Ол күрделі тарау немесе тақырыпты
өтіп болғаннан кейін оқушылардың сабақтар жүйесінде алған теориялық
білімдерін пысықтау, бекіту мақсатын көздейді.
Экскурсия сабағының нәтижелі өтуі негізінен мұғалімнің алдын-ала
дайындық жұмыстары мен өткізу орнын дұрыс таңдай білуіне байланысты болмақ.
Мұғалім экскурсия болатын нысананы алдын ала барлап, содан кейін оқушыларға
оның мақсатын түсіндіреді.
Мақсатына қарай оның жоспары жасалады. Жоспарда негізінен мына
мәселелер қарастырылады:
1) экскурсияның барысы, негізгі кезеңдері, басталу және аяқталу
уақыты;
2) маршруты, қамтитын нысаны;
3) экскурсияға қажетті құрал-жабдықтар;
4) экскурсия барысында байқау нысаналары, оларды пайдалану жолдары;
5) жеке және топ болып атқаратын жұмыстардың түрлері;
6) экскурсия қорытындысына сай оқушылардың тапсырмалары т.б.
Факультативтік сабақтар - ол оқудың жоғары ғылыми деңгейін қамтамасыз
етіп, оқушылардың өзіндік білім алуы мен шығармашылық дамуына да ықпал
етеді. Кітаппен, анықтама әдебиеттерімен, оқу-әдістемелік нұсқауларымен өз
беттерінше жұмыс істеу дағдысын тәрбиелейді, приборлармен қарым-қатынасқа
түсу, оларды орнықтыруда өзіндік ақыл-ой еңбегі мен тәжірибелік
біліктілікті қалыптастырып, эксперимент жұмыстарын жүргізу тәсілін
меңгереді.
Оқушылардың факультативтік оқуда алған білімдері мен дағдылары
сабақтарда белсенді қолданылып, олардың міндеттері, мазмұны мен әдістері
арасындағы өзара байланыс логикалық тұрғыда іске асса, онда оқу жүйесінің
нәтижесі анағұрлым артады.
Конференция ретінде өткізілетін сабақ түрі кейбір тақырыптарды
тереңірек меңгерту, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатын көздейді. Сол
үшін де семинар сабақтарына қарағанда, конференция түрінде өткізілетін оқу
жұмысы ұсынылған әдебиеттер мен қосымша құралдардың көлемі кеңірек болады.
Оны дайындау және өткізу тәртібі семинар сабағына ұқсас келеді. Бірақ, оқу
конференциясында баяндамашылар мен сөйлесушілердің саны көбірек болуы
қажет. Сондықтан, оған бірнеше қатар сыныптардың оқушыларын қатыстыруға
болады.
Конференция жұмысын ұйымдастыру формасының бірі ретінде оған ұзақ
мерзімді, әрі тыңғылықты дайындықты қажет етеді, оны аяқасты өткізуге
болмайды. Себебі, оқу және тәрбие жұмыстарында қолданылатын әңгіме, дәріс,
пікірталас, саяси хабарламаны сынып жетекшісінің көмегімен жақын уақыт
аралығында өткізуге болса, ал конференцияны өткізу, оған дайындық
мәселелері оқушылардың өздерінің көпшілік болып, тыңғылықты ұйымдастыруын
қажет етеді.
Оқу жұмысын ұйымдастыруда мұғалімнің тағы бір міндеті – оқушылардың
сыныптан тыс кезеңдерінде танымдық әрекеттерін тереңдету, үлгермеушілікті
болдырмау. Сондықтан, кейбір оқушылардың дарын-талаптарын, ғылыми
бейімділігін немесе сұранысын сабақ барысында толық қамтамасыз етіп,
жағдайлар жасауға әр кезде мүмкіндік бола бермейді.
Ол үшін оларға үйірме мен ғылыми жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы
зор. Оқушылардың пәндік үйріме жұмыстары оқыту және тәрбие процесін
жандандырып, оның сапасын көтеруге әсер етеді.
Сынақ жұмыстары өзінің ұйымдастыру ерекшелігіне сай оқу жұмысынан тыс
оқушылардың өздігінен білім алуын жалғастыруға ықпал етеді.
Сынақ жұмысы, ереже бойынша бағдарламаның негізгі бөлімін,
тарауын оқып болғаннан кейін жүргізіледі. Мұғалім оның өткізу мерзімін,
тақырыптары мен талқыланатын сұрақтарын оқушыларға алдын ала хабарлайды.
Оларға жеке дара тапсырмалар беріліп, қосымша әдебиеттерді оқу тапсырылады
және қосымша сабақ өткізіледі.
Сынақты ұйымдастыру оқушылардың жеке жауаптары, бақылау және топтық
практикалық-лабораториялық жұмыстары, тақырып бойынша шығарма және баяндама
жазу түрінде жүргізіледі.
Үйдегі оқу жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың
дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде
дағдыланады. [9;56]
Олар өзінің оқу жұмысын жоспарлауға, қажетті оқу матералын
жинақтауға дағдыланады, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп оқушыларында салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастырудың ерекшеліктері
Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстар
Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелеудегі маңызы
Оқушыларға сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізу жолдарын практикада жүзеге асыру
Орта мектеп химиясы бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының көптүрлігі
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің мүмкіндіктерін айқындау
Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми -теориялық негіздері
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің жолдары
Пәндер