Тауардың бәсекеге қабілеттілігін зерттеу
Жоспар.
Кіріспе.
І. Маркетинг жоспарын құру.
1. Фирманың ортасын сипаттау
2. Проблеманы анықтау
3. Зерттеу методикасын құру
ІІ. Тауардың бәсекеге қабілеттілігін зерттеу.
1. Тауардың бәсекеге қабілеттілігі және оны бағалау
2. Бәсекелестік қабілеттілікті зерттеу
ІІІ. Нарықты зерттеу.
1. Конъюнктураны зерттеу
2. Сұраным мен ұсынымды зерттеу
3. Өткізу нарықтарын талдау
4. Нарықтың даму тенденциясын талдау (болжам жасау)
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе
Нарықтың қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық
жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорынның тәуелсіздікке
ие болуы мен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар,
коммерциялық серіктестіктер және де басқа кантрагенттер алдына
өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық
жауапкершілік болумен байланысты.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты Қайнар құс АҚ-ның тауар
бәсекелестігін зерттеу жасап, оның жағдайын айқындап және оның
ерекшеліктерімен кемшіліктерін анықтау болып табылады.
Әр қадам жасаған сайын әрбір фирма талдау процесін,
жоспарлау, маркетингілік шараларды іске асыру және бақылауды
маркетинг басшыларына үздіксіз ақпараттар керек. Оларға клиенттер,
бәсекелестер және т.б. нарыққа әсер ететін күштер туралы ақпарат
керек.
Тақырыпты ашу мақсатында курстық жұмысты келесі көрсетілген
тараулар бойынша мәнін ашып көрсетілген.
Бірінші тарауда. Маркетинг зерттеу жоспарын құру.
Екінші тарау. Кәсіпорынның потенциалды мүмкіншіліктерін
зерттеу.
Үшінші тарау. Нарықты зерттеу.
Осы бөлімдерді толығымен зерттей отырып курстық жұмыс
жазылған.
Нарықтық экономиканың эволюциялық жолына түскен Қазақстан-
дағы маркетингтің дамуы нарық заңдары мен қағидаларынан туындайды.
Маркетингті игеру және оның кәсіпорындағы басқару жүйесімен бірігуі
нарықтық экономиканың даму деңгейін көрсетеді.
Нарықтағы қатаң бәсек, халықтың төлем қабілеттілігінің
төменділігі, кәсіпорынның айналым құралдарының жеткіліксіздігі,
өндірістік шығындардың үнемі өсуі отандық өнімнің бәсекеге
қабілеттілігін төмендетіп, өткізуді қиындатуда. Осы және басқа
проблемаларды шешу нарықты дамытатын қозғаушы күштер мен тәсіл-
құралдарды түсінуге бағытталған ұйымның қазіргі бизнес философиясы
– маркетингті творчестволық тұрғыда пайдалануына байланысты.
Өндірістік әлеуметтік-экономикалық тиімділігін қамтамасыз
ететін жалпы экономикалық құбылыс пен тетік ретіндегі маркетингтің
рөлін отандық кәсіпкерлер әлі тиісті деңгейде бағалаған жоқ.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына және кәсіпорынның
күнделікті жұмысына бейімделген маркетингтің құралдары мен
тәсілдерін қолдану жөніндегі ғылыми-әдістемелік зерттеулер жоқтың
қасы. Кейде маркетинг өткізу мен жарнама жиынтығы ретінде
қабылданады, бұл оны тұтастай түсінуге және тиімді қолдануға бөгет
келтіреді.
Қазақстан - 2030 стратегиясы ұсынған стратегиялық
мақсаттарға жету экономиканы түбегейлі реформалау жөніндегі терең
ғылыми зерттеулерді, сонымен қатар шаруашылықпен шұғылданатын
отандық субъектілердің, оның ішінде, өндірістік кәсіпорындардың іс-
әрекеттерінде маркетингтің шетелдік тәжірибесін қолдану туралы
практикалық ұсыныстар әзірлеуді талап етеді. Қазақстанның қазіргі
нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынды басқару мәселелерін
талдай отырып, маркетингті жетілдіру бағыттары мен даму
ерекшеліктерін анықтау отандық өнімнің табыстылығы мен бәсекеге
қабілеттілігін қамтамасыз етуде маңызды болып табылады.
1. Маркетинг жоспарын құру.
1. Фирманың ортасын сипаттау.
Қайнар құс АҚ бұрынғы мемлекеттік Бөген құс фабрикасы
шаруашылығы-ның негізінде 1994 ж. наурыз айында Оңтүстік Қазақстан
облысы, Ордабасы ауданы, Қайнар ауылында құрылды.
Кәсіпорынның қызметінің негізгі мақсаты құс өнімдерін өндіру
және ҚР заңына қайшы келмейтін өзгеде қызмет түрлерімен айналысу.
Қайнар құс АҚ-ы Оңтүстік Қазақстан облысындағы құс өндірісі
бойынша ең үлкен жеке фирманың бірі болып табылады. Өз қызметі
барысында компания құс шаруашылығында өсіру мен өнімді қайта
өңдеуде үлкен тәжірибе жинақтады, қазіргі кезде ол үлкен әлеуетке
ие.
Компания меншігіне ауылшаруашылық өндіріс үшін үнемі
пайдалану құқығы бар. 1048,18 га жері бар. Бағаланған жалпы құны
23,950882 теңге (№ 57711 тамыз 1997ж.). құс фабрикасында күнделікті
өндіріс қажеттілігі үшін қажетті ғимараттар мен құрылыстары бар,
бірақ осы кәсіпорынның өнімділігін арттыру. Өндірістің өзіндік
құнын төмендеуімен байланысты жаңа озық технологияларға сай қосымша
негізгі құралдарды қажет етіп отыр.
Қайнар құс АҚ-ның жабдықтаушылары.
Кесте 1.11.
Шикізаттармен жабдықтаушылар
Жабдықтар Атаулары
Ордабасы және Отырар ауданы- Жүгері мен бидай
ның заңды және жеке тұлғалар
Петро Қазақстан АҚ Жанар жағар майлар
Руби-Роз Агрикол ЖШС-гі Инкубациялық жұмыртқалар.
Алматы – Бройлер ААҚ-ы
Астана-Құс ААҚ-ы
Түркістан энерго АҚ-ы Электр энергиясы
Барлық материалдар мен шикізаттар дайындаушы зауыттар немесе
олардың өкілетті дистребюторларының тікелей сатылып алынады.
Компания бұл жабдықтаушылар төменгі себептер бойынша
байланыста:
1. Орналасқан жерінің жақындығы
2. Серіктестігінің мерзімінің ұзақтығы
3. Жабдықтаушылардың нарықтағы жоғары бағасы
4. Төменгі баға
5. Жеткізудің толықтылығы.
Қайнар құс АҚ-ның құс шаруашылығы өнімдерін өндіру кезеңдері:
Жұмыртқа
Жұмыртқа инкубациясы (85%) Жұмыртқа өткізу (15%)
Балапандар (70%) Инкубация қалдықтары (30%)
Өсіруге (100%)
Құстарды сою (95%) Қалдықтары (5%) Жемге өңдеу
Суп өнімдері Құс еті Мамық үкі Техникалық
қалдықтар
1. Категориялы ет (90%) 2. Категориялы ет (10%)
1.2. Проблеманы анықтау.
Әрбір фирманың міндеті зерттеу жүргізу барысында ең
алдымен проблемаларды анықтап алу керек. Проблемаларды анықтау
керек, міндеттер қойылуы керек және мақсаттар анықталады. Мұнда
қойылатын сұрақтар мынандай болып келеді:
зерттеу көлемі қандай болмақ? Тереңірек зерттеу қажет пе?
бұрынғы зерттеулер негізінде қарастырылып отырған проблеманың
дайын шешімі барма?
қанша көлемде мәліметтер қажет болады?
зерттеуге қанша уақыт және қанша шығын қажет?
деген сұрақтарға жауап іздей отырып зерттеу жүргізіледі.
Осы курстық жұмысқа негізгі объект етіп алып отырған,
Қайнар - құс
АҚ-ң өндірілген өнім нарығының кеңінен таралу мүмкіндігін зерттеу.
Мұндағы мәселелер:
Нарықтағы экономика жағдайында компанияның жүйелі даму
күшін, өндіріс нарығында өз қызметінің ауқымымен, әдістерін
анықтап, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеп өткізуді қажет
етеді:
өнімнің сапасын жоғарлату
бағасын тұрақтандыру.
Мақсат дегеніміз соңғы нәтижені алудың қысқаша түрде алынған
моделі.
Қайнар - құс АҚ-ның мақсаты болып Оңтүстік Қазақстан
облысында және тағы басқа облыстарда құс еті өнімдерінің кең
таралуына ұсыныстар дайындау.
Біздің мақсатта мынандай мәселелерді шешу көзделіп отыр.
нарықтың толаю деңгейін анықтау.
сұранымға әсер ететін түрлі факторлардың ролін анықтау: баға,
сапасы, буып-түюі және т.б.
нарықты әр түрлі параметрлер мен сегменттерге бөлу.
тұтынушылардың мінез-құлқы типтерін анықтау.
Зерттеу объектісі деп – нақты географиялық нарық, кәсіпорынның
ішкі саясаты, тауар және т.б. айтуға болады.
Бұл курстық жұмыстың объектісі етіп алып отырған Қайнар -
құс АҚ-ң өнімін тұтынатын тұтынушыларды алуға болады.
3. Зерттеу методикасын құру.

Қайнар-құс АҚ-ң өнімінің нарықта толаюын және кең тарауына
гипотеза құру.
1. гипотеза: бәсекелестіктің орнауына құс еті және жұмыртқа
өнімдерінің кең көлемде тарамауы.
2. гипотеза: сауда орындарындағы өнімдерінің өтуіне кедергілердің
болуы.
3. гипотеза: аймақтарға тауарлардың тиімсіз таралуы.
Мәліметтер көздерін жинау әдістерін анықтау. Алғашқы
мәліметтерді жинауға бақылау, сұрау, статистикалық мәліметтерді
жинау және эксперимент жатады.
Зерттеу құралдарына, яғни мәліметтерді жинау құралдары 2
топқа бөлінеді: анкеталар, автоматты құрылғылар.
Анкета (сауалдама) дегеніміз – респондент, яғни сауалдама
үшін таңдап алынған тұлғадан жауап алу үшін құрылған сұрақтардың
жиынтығы. Сауалдама өте икемді, жан-жақты қолданады.
Сауалдаманың 2 түрі бар:
1. Ашық
2. Жабық
Анкета.
Құрметті Респондент. Мен Ахметова Баян Маркетингтік зерттеу
пәнінен курстық жұмыс жазуыма байланысты Қайнар-құс АҚ өніміне
анкеталық сұрау жүргізіп отырмын. Мына төмендегі сұрақтарға жауап
беруіңізді өтінемін. Алдын-ала рахмет!
1. Жасыңыз?
а) 18-25 б) 26-35 в) 36-45 г) 46-дан жоғары
2. Жынысыңыз?
а) әйел б) ер
3. Әлеуметтік жағдайыңыз?
а) жоғары деңгей б) орта деңгей в) төмен деңгей
4. Мамандығыңыз?
а) экономист б) мұғалім в) юрист г) дәрігер
5. Біліміңіз?
а) арнайы б) жоғары в) орта г) бітпеген
жоғары
6. Сіз құс етін және жұмыртқа өндіретін қай фирманың өнімін
тұтынасыз?
а) Қайнар-құс АҚ в) Сеймар АҚ
б) Оңтүстік-құс АҚ г) Үй құстары (домашный)
7. Қайнар-құс АҚ-ң өнімдерін сіз тұтынасыз ба?
а) ия б) жоқ в) сирек
8. Қайнар-құс АҚ-ң өнім түрінің қайсысын көп көлемде тұтынасыз?
а) жұмыртқа в) суп өнімдері
б) құс еті г) жастықтары
9. Қайнар-құс Ақ-ң өнімдерінің бағасы сізді қанағаттандырады ма?
а) ия б) жоқ в) бәрібір г) білмеймін
10. Қайнар-құс АҚ-ң өнімінің сапасы сізді қанағаттандырады ма?
а) ия б) жоқ в) білмеймін
11. Қайнар-құс АҚ-ң өнімдерінің басқа бәсекелес фирмаларға
қарағанда артықшылығы неде?
а) сапасы б) бағасы в) буып-түюі г)
ассортимент көптігі
12. Қайнар-құс АҚ-ң өнімдерінің басқа бәсекелес фирмаларға
қарағанда кемшілігі неде?
а) сапасы б) бағасы в) буып-түюі г) ассортимент
көптігі
13. Қайнар-құс АҚ-ң нарықта көп танымал ма?
а) ия б) жоқ в) білмеймін г) толық емес
14. Қайнар-құс АҚ-ң өнімі жайында жарнамасы сіздің көңіліңізден
шығады ма?
а) ия б) жоқ в) білмеймін г) орташа
15. Бәсекелес фирмалармен салыстырғанда Қайнар-құс АҚ-ң
өнімінің бағасы қандай?
а) жоғары б) төмен в) орташа г) қанағаттанарлық
16. Бәсекелес фирмалармен салыстырғанда Қайнар-құс АҚ-ң
өнімінің сапасы қандай?

17. Бәсекелес фирмалармен салыстырғанда Қайнар-құс АҚ-ң буып-
түюі ұнай ма?
а) ия б) жоқ в) ыңғайлы г) қанағаттанарлық
18. Құс етін өндіруден қай фирманың бәсекелестігі жоғары?

19. Қайнар-құс АҚ-ы өнімінің бағасы нарықта тұрақты ма?
а) ия б) жоқ в) білмеймін г) өзгерістер
болады
20. Құс етін өндіретін ең танымал фирманы көрсетіңіз?
а) Қайнар-құс АҚ в) Сеймар АҚ
б) Оңтүстік-құс АҚ г) Астана-құс АҚ
2. Тауардың бәсекеге қабілеттілігін зерттеу
2.1. Тауардың бәсекеге қабілеттілігі және оны бағалау.
Тауардың бәсекеге қабілеттілігі – тауардың нарық талабына,
яғни оның сапалық, техникалық, эстетикалық сипаттамаларының және
коммерциялық өткізу жағдайының тұтынушылар талабына сай келуін
бейнелейтін экономикалық категория. Кез-келген өнімнің бәсекеге
қабілеттілігі оны басқа бір ұқсас тауармен салыстыру нәтижесінде
ғана анықталыд және ол салыстырмалы көрсеткіш болып табылады.
Біздің елімізде көптеген шетелдегідей тауар бәсекеге
қабілеттілігін бағалайтын қабылданған әдістемелік құжат жоқ.
Париждің сауда-өнеркәсіп палатасының сарапшылары бәсекеге
қабілеттілік белгілеріне бұйымның жаңа- шылдық деңгейін, сапасын,
жарнаманы, қаржылық жағдайды, өткізу жүйелерін жатқызады. Ал,
ағылшын экономистері бәсекеге қабілеттілікті тауардың бағасы,
салыстырмалы құны және пайдалылығы арқылы анықтайды. Өнімнің
бағасы, дизайны және сапасы нарыққа шығарылған ұқсас өнімге
бергісіз болса ғана өнім бәсекеге қабілетті деп есептеледі.
Бәсекеге қабілеттілікті: тауар, компания, өнім сапасы және
тауар өндірілетін елдер деңгейлерінде қарастыруға болады.
Елдер бойынша бәсекеге қабілеттілікті бүкіләлемдік
экономикалық форум (Женева), Бүкіләлемдік банк, басқару мәселелері
бойынша Еуропалық форум (Женева) бағалайды. Елдердің бәсекеге
қабілеттілігін анықтау үшін 300 экономикалық, әлеуметтік және саяси
сала критерийлері, сондай-ақ 100 критерий бойынша халықаралық
сарапшылар ойлары пайдаланылады. Өнеркәсіп саласының бәсекеге
қабілеттілігін өткізу көлемінің шамамен 60%-ын құрайтын жетекші
кәсіпорындар анықтайды. Компанияның және өнімнің бәсекеге
қабілеттілік деңгейін анықтайтын көптеген әдістер бар.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі ISO 9000 және 14000
серияларының талаптарына сай болуы тиіс. Оны жобалау, жасау, өндіру
және өткізу сияқты Сапа ілгегінің барлық сатысында мақсатты және
жүйелі түрде жүзеге асыра отырып, анықтау қажет.
Бәсекеге қабілеттілік түсінігі тауар сапасы түсінігіне
қарағанда динамикалық және кең түрде қолданылатын түсінік. Ол кең
шамада өзгеруі мүмкін және оның деңгейі тек ұқсас тауармен
салыстырғанда ғана анықталады. Эталон немесе ұқсас тауар ретінде
нарықта тұрақты үлкен көлемде өткізілетін, тұтынушының талғамына
сәйкес келетін және бәсекелестерде де өндірілетін келешегі зор
тауарлар таңдалынып алынады.
Тауардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау және болжау нақты
кезеңдерден тұратын күрделі жұмыс.
Бірінші кезеңде – бәсекеге қабілеттілік мақсаты белгіленеді.
Нақты жағдайларға байланысты бұл мақсаттарға нарықтағы өткізу
келешектерін бағалау, тауардың (яғни ұқсас тауардың) бәсекеге
қабілеттілік көрсеткішін анықтау, оның деңгейін көтеру үшін іс-
шараларды жетілдіру жатады.
Екінші кезеңде – тауарға қойылатын талаптар сатып
алушылардың талаптарымен сұранысы туралы әр түрлі ақпараттарды
талдау негізінде айқындалады. Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың
барлық көрсеткіштерін нормативті, техникалық, экономикалық деп үш
топқа бөлуге болады.
Ағылшында тауар бәсекеге қабілеттілігінің нормативтік
параметрлері анықталады. Бәрінен бұрын тауардың патенттік тазалығы
бағаланады. Содан кейін стандарттармен талаптарға тауар
параметрлерінің сәйкес келуі белгіленді. Жоқ дегенде 1 нормативтік
көрсеткіш (экологиялық, қауіпсіздік, құқықтың өзара алмастырушы,
санитарлы – ветеринарлық) белгіленген талапқа сай келмейтін болса,
бәсекеге қабілеттілікті бағалау процесі ары қарай жүргізілмейді.
Бәсекеге қабілеттіліктің нормативті парметрлерін бағалау үшін 1
немесе 0-ге тең индексі енгізіледі. Тауар сапасы міндетті
стандарттарға нормативтерге және шарттарға сай келсе, индекс 1-ге,
ал сәйкес келмесе 0-ге тең болуы мүмкін. Егер нормативтік
көрсеткіштердің біреуі 0-ге тең болса, онда жалпы көрсеткіште 0-ге
тең болады. Бұл тауардың бәсекеге қабілеттілігі жоқ екенін
көрсетеді.
Нормативтік параметр (Jнп) бойынша жалпы топтық көрсеткіш Jнп
әр көрсеткіштердің (qі) туындысын көрсетеді:
JНП = Пngi, і=1 (1)
Тауардың техникалық мінездемесін санды түрде техникалық
параметр бірлігі шамасының (Теі) сондай эталон параметр шамасына,
олардың қуаттылығы, икемділігі, сыйымдылығы, өнімділігі, жанар-
жағармай шығындары бойынша салыстыру арқылы көрсетуге болады.
Теі= tні tэі * 100% (2)
tні - талданып жатқан (жаңа) тауардың і-ші параметр шамасы.
tэі - ұқсас немесе эталон тауардың і-ші параметр шамасы .
Техникалық параметр бойынша (Jтп) топтық көрсеткішті белгілеу
үшін әр параметрдің мәнділігі есебінен бірлік көрсеткішті (Li)
жинақтау қажет:
Jтп = Σn Теі * Li (3)
i=1
n – бәсекеге қабілеттілік бағаланатын техникалық параметр
саны.
Параметрлердің 3- ші тобына экономикалық көрсеткіштер
жатады. Топтық экономикалық көрсеткішті (Jэп) анықтау үшін талданып
отырған тауар (Цп) мен эталон немесе ұқсас тауардың тұтылу бағасын
салыстыру қажет.
Jэп = Цпі Цпэ (4)
Тауардың тұтыну бағасы сату нарық бағасы мен барлық шығындар
түрінде белгіленеді.
Нормативтік, техникалық және экономикалық, параметрлер
бойынша топтық көрсеткіштер (индекстер) негізінде талданып жатқан
тауардың кешенді көрсеткіші (Кк) немесе бәсекеге қабілеттілік
көрсеткіші есептелінеді:
Кк= Jнп * Jтп Jэп ≥1 (5)
Есептелген коэффицент негізінде талданып отырған тауардың
бәсекеге қабілеттілігі жөнінде шешім қабылданды. Кк 1 болған
жағдайда талдаудан тауар эталонына немесе ұқсас тауарға жол береді,
Кк=1 болғанда тең көрсеткішке ие болады, ал егер Кк1 болғанда
талданып отырған тауар ұқсас тауардан асып түседі. Кк1 болғанда
осы тауарды өндіру және нарыққа шығару жөнінде шешім қабылданады,
ал Кк 1 болса, онда бәсекеге қабілеттіліктің қажетті деңгейіне
жету мақсатында техникалық және экономикалық параметрлерді көтеру
үшін тиісті іс-шаралар жасау керек. Бұндай бағалау тауарды жасау
кезеңінде бәсекелес тауарға қарағанда көп жағдайда тұтынушыны
қанағаттандыратын сапа, сервис, өндіріс шығындары және баға
сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік береді.
Бәсекеге қабілеттілікті анықтаудың бірден бір әдісі оның
негізгі параметрлерінің тізімін жасау және сол бойынша көпбалды
жүйемен барлық бәсекелесуші бұйымдарын бағалау болып табылады.
Нәтижесінде әр таңдап алынған параметрге бәсекеге қабілеттіліктің
интегралды көрсеткіші қалыптасады. Параметрлерді таңдау кезінде
бәсекеге қабілеттілік нақты тұтынушының мүддесін білдіретін
көрсеткіштер үшін ғана анықталады. Таңдап алған параметр дұрыстығы
және оның мәні сарапшылар бағалауымен бекітіледі. Бәсекеге
қабілеттілікті бағалау объектісі ретінде ұқсас тауар анықталады.
Бәсекеге қабілеттілікті бағалау 3 кезеңде жүргізіледі.
Бірінші кезеңде оның параметрлері белгіленеді және олардың
маңызы анықталады. Осылай, кондитерлік өнімнің бәсекеге
қабілеттілігін бағалау үшін сарапшыларға оның органолептикалық,
дәмдік сапасы, өнім қауіпсіздігі, бағасы, орауы және өндіруші
имиджі деген көрсеткіштерінің маңызы бағалауға ұсынылады. Бұл
көрсеткіштер 1-ден 5-ке дейін аралықтағы олардың маңыздылығын
атқаратын шкаламен бағаланады. Көрсеткіштерді таңдау тұтынушы
мүддесі арқылы түсіндіріледі. Бұйым қауіпсіздігі сапа
сертификатымен бекітілген дәрігерлік-биологиялық талаптарға,
шикізат пен тамақ өнімдері сапасының санитарлық нормаларына сай
келетін сертификаттармен анықталады. Мемлекеттік стандарт органдары
тағам бұйымдарының сапасын бағалау кезінде оргонолептикалық
көрсеткіштерді (формасы, түсі және сыртқы түрі, құрылымы және
консистенциясы, дәмі және иісі) қолданылады.
Бәсекеге қабілеттілік параметрлерінің бағалау 5 балды жүйе
арқылы жүргізілуі мүмкін. Сарапшылардан пікір сұрау арқылы
параметрлердің мәнділік коэффиценті анықталды. Қайнар-құс АҚ-қ
тағамдардың бәсекеге қабілеттілігі параметрлеріне сарапшылардың
қойған бағалары кестеде көрсетілген.
Бәсекеге қабілеттілік параметрлері маңыздылығының
сарапталған бағасы
Параметрлер Орташа бал Маңыздылығын
Білдіретін коэффицент
Өнім қауіпсіздігі 4,6 0,218
Баға 3,9 0,187
Буып-түю, орау 3,7 0,176
Өндіруші имиджі 4,0 0,189
Дәмдік сапасы 4,8 0,229
Барлығы - 1,0
Зерттеудің екінші кезеңінде тұтынушылардың пікір сұрау
жүргізіледі.
Үшінші кезеңде сұраныс нәтижесі талданып, өнім бәсекеге
қабілеттілігі бағаланады. Әр параметр бойынша бәсекеге қабілеттілік
коэффиценті есептелінеді.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі құрамы – оның
сапасы. Тауар сапасымен тауар құндылығы екеуі бір ұғым деуге
болады. Әйтсе де сапаға қарағанда құндылық субъективті, абстрактілі
түсінік. Тұтынушы көзқарасы тұрғысынан өнім құндылығы тауар таңбасы
оның жеке қабылдануы, психологиялық тиімділігі, беделі, яғни
маркетинг күшін көрсететін белгілермен анықталады. Соңғы жылдары
тауар таңбаларын құруға байланысты өнім шығарушылардың қоғамдық
беделінің мәні айтарлықтай күшейді.
Қайнар-құстың бәсекеге қабілеттілігі мемлекет тарапынан
қабылданатын іс-шараларды қажет етеді және жеке кәсіпорындарда
үнемі қолдау тауып отыруы қажет. Мемлекет бәсекеге қабілеттіліктің
жетілуіне бәсекелік ортаны құру, нормативтік құқықтық тетік арқылы
өнім өндіруі мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету, мемлекеттік ғылыми-
техникалық саясатты қалыптастыру, сондай-ақ отандық өндірушілерді
экономикалыққолдау арқылы әсер етуі мүмкін. ҚР Үкіметінің 2001
жылдың 2-ші мамырында қабылдаған 2001-2005 жылдарға арналған
республикалық сапа бағдарламасындағы іс-шараларды өкізудің маңызын
ерекше атап өткен жөн. Бұл бағдарламаның басты мақсаты – тауарлар
мен қызметтер сапасын көтеріп, сапа жүйесін кәсіпорынға енгізу
болып табылады.
Бүгінгі таңда отандық өнім сапасын арттыруға және шетелдік
нарыққа қосымша сертификатсыз шығуға ықпал ететін ISO – 9000
халықаралық стандартының талаптарына сай сапа менджментінің жүйесін
Қайнар-құс компаниясын қолданып отырғанын мысал ретінде келтіруге
болады.
Соңғы жылдары Қазақстанда азық-түлік тауарлар импортының
қысқаруы байқалып отыр. Оған 2000-2003ж.ж. тамақ және жеңіл
өнеркәсіп саласындағы импорттың орнын басу туралы Бағдарламаны
іске асыру шаралары себеп болады.
Отандық өнімдердің баға, содай-ақ сапа, сервис, буып-түю,
орау және жылжыту факторлары бойынша да бәсекеге қабілеттілігінің
төмендеу екендігін атап өтуге болады. Оған жаңа технологияның
аздығы, қаржының жетіспеушілігі, шикізетпен материалдардың
сапасының төмендігі орын алып отырған, қаржылық – экономикалық
механизмінің кемістіктері сияқты факторлар әсер етеді.
ТӨЦ кезеңдерінен өте отырып, тауар әрқашан маркетингтің
ықпалында болады. Сондықтан да өнімнің бәсекеге қабілеттілігін
көтеруге жаңа тауар өндіру, жаңа маркетинг технологиясын ендіру,
белгіленген тауар таңбасын даярлау, өткізу мен коммуникацияның
тиімді жүйесін қолдану ықпал етеді.
Фирма бәсекеге қабілеттілігін көтеруде жоғары гуманитарлық
технологиялар маңызды рөл атқарады. Бұл дегеніміз – гуманитарлық
ғылым саласындағы ноу-хау жаңалықтары. Оларға маркетинг
технологиясын, маркетингтік зерттеу әдістерінің жиынтығын, қоғаммен
және мемлекеттік органдармен байланысты жатқызуға болады.
Маркетингтік зерттеудің жаңа әдістерін қолдана отырып компания
тұтынушы, нарық, сұраныс және олардың параметрлері түсінігі ретінде
айтарлықтай бәсекелік артықшылықтарға ие болады.
Бәсекелік артықшылықтарды табуға және олар мен қамтамасыз
етуге мүмкіндік беретін әдістер мен мықты бәсекеге қабілеттілік
тетігі Бенчмаркинг болып табылады. Бенчмаркинг ағылшын тілінен
аударғанда стандарт деген мағынаны көрсетеді. Ол бәсекеге қабілетті
фирмалардың ең жақсы бизнес процестерін зерттеп өзіне бейімдеу
арқылы бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Кәсіпорындар мұны қолдана
отырып, жақсы әдістермен жаңа технологияларды өз өндірістеріне
енгізе алады. Қазақстанда Бенчмаркинг философиясы әлі танымал бола
қойған жоқ. Филип Моррис, Coca Cola, сондай-ақ PRG-Botllers,
Фуд Мастер, Әсем-Ай компаниялары Бенчмаркингті қолдануға
талпыныс жасауда, олар өз көрсеткіштерін жақсарту мақсатында бизнес
сипаттамасын басқа ірі компанияларымен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz