Инвестициялық қызметтен табыс


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

  1. ТАБЫС ТҮСІНІГІ, ОНЫҢ ЕСЕП САЯСАТЫНДА ТАНЫЛУЫТабыс түсінігі, экономикалық мәні және нарықтағы орныҰйымның есеп саясатында табыстар мен шығыстардың танылуы
  2. ҰЙЫМДАҒЫ ТАБЫСТАР ЕСЕБІҰйымдағы табыстар есебін ұйымдастырып жүргізуТауарларды сату мен қызмет көрсетуден түсетін табыстардың есебіЖалпы және таза табыстардың есебі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ

ҚОСЫМША БЕТТЕР

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық ортаға тең құқықты серіктес ретінде кіру бухгалтерлік есеп принциптері мен қаржылық есептіліктің барлық пайдаланушыларға, әсіресе шетел инвесторларға түсінікті болуын талап етеді. Қазақстандық ұйымдарға ақша қаражаттарын сала отырып, шетел инвесторлар түсінуге қол жетімді есептілікті талап етеді. Осыдан, шетел және отандық мамандар бір-бірін түсіну үшін тек шетел тілге аударылып қоймай, әлемдік қоғаммен қабылданған тілде құрастырылуы керек. Бұл іскерлік байланыс тілі ретінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ХҚЕС) танылады. ХҚЕС-на көшу барлық елдерге ортақ мәселе.

Қазақстан Республикасының 28 ақпан 2007 жылы №234-ІІІ қабылданған, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» заңы бойынша акционерлік қоғамдарды қаржылық есептілігін халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізілуін міндет етіп қойды. ХҚЕС-на ауысу бірінші кезектегі мәселе болып табылады. ХҚЕС-да қаржылық есептілігін құрастырумен байланысты барлық мәселелерді қамтыған.

Нарықтық экономика жағдайында ұйымның қызметкерлердің материалдық және әлеуметтік мұқтаждықтарын қанағаттандыру және ұйымның өндірістік дамуы мақсатындағы ұйым үшін негіз болып табылатын, коммерциялық қызметтің мәні үлкен. Нарықтық қатынастардың пайда болуы мен дамуына байланысты табыстлықты өсіру, пайданы жоғарлату және шығындарды азайту кез-келген ұйымның қызметінің негізгі мақсаты болып табылады. Сондықтан, ХҚЕС-да табысқа арнайы стандарт арналған. Нарықтық экономиканың басты мәселелерінің бірі жеткілікті төлем қабілеттілік пен ұйым қызметінің жоғары табыстылық арасындағы тиімді балансты қолдау болып табылады. Табыстылық көрсеткіштері субъект шаруашылық қызметі барысында активтерге салынған әрбір теңгеден қанша пайда алатынын бағалауға мүмкіндік береді.

Ұйымның қаржылық тұрақтылығы мен табыстылығының көрсеткіштерін анықтай отырып, біріншіден, жекелеген қаржылық көздер баптарының консервациясын, ресурстарды жұмылдыруды және екіншіден, ұйымның нарықтағы жағдайын, бәсекеге қабілеттілігі мен оның табыстылығын бағалай аламыз.

Бұл мәселелерді шаруашылық субъектісі деңгейінде шешу үшін экономикалық талдауға үлкен рөл берілген. Экономикалық анализ шаруашылық субъектісінің ұзақ мерзімді активтер жөнінде стратегия түрін құрастыруға, шаруашылық субъектісінің даму стратегиясы мен тактикасын дамытуға, өндірісті тиімділігінің өсу резервтерін анықтауға және қызметінің нәтижесін бағалауға мүмкіндік береді. Экономикалық талдаудың көздері ретінде бухгалтерлік есептің синтетикалық және аналитикалық берілгендері мен қаржылық есептілік падаланылады.

Бұрыннан белгілі категория - пайда, қазіргі заманғы мемлекеттік экономикалық даму шарттарында шаруашылық субъектілердің нақты тәуелсіздігінің құрылу жаңа мәніне ие болды. Нарықтық экономиканың басты қозғаушы күші ретінде ол мемлекеттің, меншік иелерінің және кәсіпрын қызметкерлерінің қызығушылықтарын қанағаттандырады.

Табыстардың шығындарға қарағанда артуы ұйымның қойған мақсаттарына жетудегі және қызметінің тиімділігін арттырудағы талпынысын көрсетеді. Ұйымдар құрылған кезде өздерінің алдарына ең жоғары дәрежедегі табыс табу мақсатын қояды. Бұл кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады.

Сонымен, пайда кәсіорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады. Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Пайда бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталынады.

Мемлекеттің экономикасы нарық қарынастарына негізделіп құрылған жағдайда пайданың мағынасы көп аспектілі түрде күшейе түседі. Ұйымның акционерлік, жалдық, жеке және тағы басқа меншік түрі қаржылық тәуелсіздікті алғаннан кейін, бюджетке салықты және тағы басқа міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған табысты қандай мақсаттарға және қандай көлемде жұмсау жөнінде шешімді өзі шешуге құқылы. Қазіргі жағдайларда табыс тұтынуға емес, ұйымның экономикалық өсімі мен бәсекелестікті қамтамасыз ететін инвестициялық, инновациялық мақсаттарға жұмсалады.

Нарықтық экономика жағдайында қаржылық нәтиже - пайданың рөлі ол атқаратын қызметтермен анықталады. Егер ұйымдар табыс таппаса, экономиканың күйреуіне әкелетіндігі белгілі. Өйткені, пайда арқылы мемлекеттің бюджеті өсіп отырады; капиталдың айналымы өседі; өндіріс ұлғаяды; құрылтайшылар мен жұмысшылардың әлеуметтік және материалдық қажеттіліктері қанағаттандырылады; төлем қабілеттілік жоғарлайды.

Пайданың құрылуын тиімді және сапалы басқару - ұйымда осы басқарудың сәйкес ұйымдастырушы-әдістемелік жүйесінің, пайданың құрылуының негізгі механизмдерін білу, оны талдаудың және жоспарлаудың қазіргі заманғы әдістерін пайдалануы. Пайданың құрылуымен қатар, әр ұйымда пайданы бөлу тиімді басқару қамтамассыз етілуі керек. Сонымен бірге, бөлудің есепті кезеңдегі әр циклі бұл оның алдағы кезеңдегі жағымды жағдайлардың қамтамасыз етілуі мен ұйым дамуының стратегиялық мақсаттарын орындау.

Кәсіпкерлік қызметтің мақсаты - пайда табу ғана емес, оның шаруашылық қызметінің жоғары табыстылығын қамтамасыз ету.

Осылайша, курстық жұмыс жазу үшін таңдалып алынған «Компанияның табыстар есебі» тақырыбы бүгінгі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты табыстардың есебін теориялық тұрғыдан зерттеп, ұйым мысалында табыстар есебін жүргізу болып табылады.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттерді орындау керек:

  • Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын табыстар есебін қарастыру;
  • Ұйымның мысалында табыстар есебінің ұйымдастырылуын қарастыру;
  • Табыстар есебінің толық көрсеткіштерін талдап, табыстылықты арттыратын факторларды анықтау және олдары іс жүзінде қолдану нәтижелерін зерттеу.

«Компанияның табысының есебі»тақырыбында курстық жұмысын орындау үшін осы тақырыпқа қатысы бар барлық заңнамалық актілер, нормативтік-құқықтық нұсқаулар, отандық және шет елдік экономисттер мен ғалымдардың оқулықтары, оқу құралдары мен баспасөз материалдары қолданылды.

Курстық жұмыс құрылысы бойынша кіріспеден, 2 негізгі бөлімнен, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымша беттерден құралады.

1ТАБЫС ТҮСІНІГІ, ОНЫҢ ЕСЕП САЯСАТЫНДА ТАНЫЛУЫ

1. 1 Табыс түсінігі, экономикалық мәні

Табыс пен пайдада жалпы экономикалық және нақты шаруашылық функциялар үйлескен. Олар мемлекеттік бюджеттің табыстарын құрайды және өндірістің көзі болып табылады. Пайда мен табыстар кәсіпорынның қаржылық ресурстарын құрау стратегиясының ұйымдастыруының көзі, әрбір жұмысшыны еңбек нәтижесінің жоғарылылығына ынталандырады.

Экономистер пайда мен табысты, олардың көздерін және өсу факторларын әр түрлі анықтайды.

Пайданың көзін түсіндірудің бірінші ережесі болып XVI-XVII ғасырлардағы меркантилистер теориясы саналады, олар табыс сыртқы саудада пайда болады, себебі адамдар шетелде өздері сатып алған бағадан жоғарғы бағамен сатады деп тұжырымдады.

А. Смит және Д. Рикардо табыстың көзін өндірістен көрді. А. Смит «жұмысшылар материалдар құнына қосатын құн екі бөліктен тұрады: бір бөлігі еңбек ақы төлеуге, екіншісі - олардың кәсіпкелігінің пайдасына кетеді», - деп түсіндірді. Осылайша, пайда кәсіпкерліктің жалданған жұмыс күшінің өніміне қатынасы деп қарастырылды. Д. Риккардо еңбек ақы мен пайданың өсімдері бір біріне қарама-қарсы етіп сипаттады. Ол: «…Пайда аз немесе көп болуының себебі еңбекақының аз немесе көп болуымен байланысты», - деп жазған. /1/

Марксизм пайданың көзін жалданған жұмысшылардың төленбеген еңбегі деп біледі. Марксизм көз қарасы бойынша, пайда «қосылған құнның тек екінші трансформацияланған формасы, пайда болу себептері жойылған буржуазды формасы». К. Маркстің ойынша, бұл форма капиталистік қатынастарының болмысын өзгерітіп, пайданың шынайы көзі - жалданған жұмысшылардың еңбегін жасырады. /2/

Зерттеушілердің бірқатары табысты әр-түрлі элементтердің тұтастығы ретінде қарастырады: еңбекақы сыйақысы, инвестициядан табыс, өндіріс факторларын ұсыну төлемдері, табиғи ресурстарды, жерді пайдалану рентасы және т. б. яғни пайда дейтініміз шын мәнінде пайыз, рента, еңбекақы немесе өндіріс факторларының табыстары.

Табыстар экономиканың басқару құралдарының жалпы жүйесінде маңызды орынға ие.

Сондықтан бұл мәселе Богачев Н. П., Бунич П. Г., Чаянов А. В., Шеремет А. Д., Сайфулин Р. С., Ковалев В. В., Баканов М. И., Дюсембаев К. Ш. және шетел экономистері П. Самуэльсон, А. Смит, К. Маркс сияқты басқа да экономистерінің еңбектерінде көрініс тапқан. Бұл авторлар пайда мен табыстылық теориясының және оның тәжиірбелік қолданылуының дамуына өз үлестерін қосты.

Пайданың экономикалық мәні мен бухгалтерлік есептегі рөлін зерттеген ресейлік ғалымдар оны «бухгалтерлік» (баланстық) пайда және «экономикалық» пайда деп бөлді. Олардың пікірінше «бухгалтерлік» (баланстық) пайда - қолданыстағы бухгалтерлік есеп туралы қабылданған заңдар мен нормативтерге сүйене отырып, есепті кезеңде табыстар мен шығыстар айырмасы ретінде «Табыс және шығыс туралы» есепте көрсетілетін пайда көрсеткіші.

Осы жағдайда, қаржылық есептілік дайындауда үздiксiз қызмет туралы болжам негізгі қағида болып табылатындығын атап өту қажет. Үздiксiз қызмет туралы болжамды пайдалануда, субъект келешекте өз қызметiн жалғастыратынына жəне оның жұмысын, қызметін тоқтатуға немесе заңға не болмаса нормативтiк актiлерге сəйкес кредиторлардан қорғаныс iздеу қажеттілігі жоқ екенi қарастырады. Тиiсiнше активтер мен мiндеттемелер субъект өз актiлерiн сатып, əдеттегi қызмет барысында өз мiндеттемелерiн өтейтiн негiзде көрсетедi. Яғни, пайданың болашақта да үздіксіз қызмет нәтижесінде алынатындығының жорамалы. Қаржылық есептіліктің кейбір тұжырымдамалық негiздерiнде субъект басшылығына субъектінiң үздiксiз қызметтi жалғастыру қабiлетiне нақты баға беруге анық талаптар мен үздiксiз қызметке байланысты жасалынатын қарастыру жəне ашу үшiн мəселелерге қатысты стандарттар бар.

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Пайда алу мүмкіндігі адамдарды ресурстарды қолданудың тиімді жолдарын іздеуге, сұранысқа ие болатын жаңа тауарларды өндіруге, өндірістің тиімділігін жоғарлататын ұйымдастырушылық және техникалық жаңалықтарды қолдануға итермелейді. Табыс тауып отырған әрбір кәсіпорын қоғамның экономикалық дамуына, қоғамдық байлықтың құрылуы мен өсуіне өз үлесін қосады.

Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады. Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.

Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады. Менің ойымша, біріншілердің айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.

Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы ретінде анықталады. Нарықтық экономикаға көшумен табыс оның, яғни кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек? Табыс табу кез келген кәсіпорынның мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әрбір кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін.

Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.

7. кәсіпорынның күйреу қаупінің негізгі қорғаныс механизмі: 7. кәсіпорынның күйреу қаупінің негізгі қорғаныс механизмі
Кәсіпкерлік қызметтің басты мақсаты:
  1. Кәсіпкерлік қызметтің басты мақсаты
2. Мемлкеттің экономикалық дамуының базасы:

2. Мемлкеттің экономикалық дамуының базасы

7. кәсіпорынның күйреу қаупінің негізгі қорғаныс механизмі: 6. Қоғамның әлеуметтік мұқтаждықтарын қанағаттандырудың басты көзі
Кәсіпкерлік қызметтің басты мақсаты: Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын табысы
2. Мемлкеттің экономикалық дамуының базасы:

3. Белгілі бір

өндірістік қызметтің тиімділігінің

критериі

7. кәсіпорынның күйреу қаупінің негізгі қорғаныс механизмі: 5. Кәсіпорынның нарықтық құнының өсімінің негізгі көзі
Кәсіпкерлік қызметтің басты мақсаты:
2. Мемлкеттің экономикалық дамуының базасы: 4. Кәсіпорынның дамуын қамтамасыз ететін қаржылық ресурстардың құрылуының негізгі ішкі көзі.

Сурет 1. 1. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын табысының ролінің сипаттамасы

Коммерциялық ұйымдар (кәсіпорындар) үшін пайданың мағынасы келесідей:

  • Пайда - қаржылық ресурстар көзі;
  • Кәсіпорынның қорларының қорлану көзі (жинақтау, тұтыну, даму және т. б. ) және оның өсімінен кәсіпорынның қорының көлемі байланысты болғандықтан, қор құру көрсеткіші болып табылады;
  • Еңбек ұжымдарының материалды қамтамасыз ету көзі;
  • Мүлік, капиталдың құрылу көзі;
  • Кәсіпорынныың жұмысшыларының еңбек және әлеуметтік жеңілдіктермен қамтамасыз ету көзі;
  • Пайданың басқа көрсеткіштермен (негізгі және айналым қорларымен, сату көлемімен және т. б. ) салыстыру арқылы кәсіпорынның ресурстарының қолдануының тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді.

Нарықтық экономика жағдайындағы табыстың ролін сипаттай отырып, көп экономисттердің ойынша осы рөл әрдайым жағымды болмайтынын айта кету керек. Себебі, кейбір табыс көздері пайдасын жалпы қоғамға емес, жеке азаматтар категориясына ғана алып келеді. Бұл пайда түрлеріне: спекулятивті коммерциялық операциялардан, көлеңкелі қызметтен, нарықтағы монопольді жағдайдағы себепсіз жоғары бағалардан және тағы сол сияқты табыс түрлері.

Табыстар көрсеткіштері:

  • Өнімді (қызметті, жұмысты) өткізуден табыстар - бұл өткізуден жалпы табыстан қосылған құн, акциз, қайтарылған тауарлар және баға жеңілдіктерін шегергендегітабыс. Осы көрсеткіш келесі табыстардың және кәсіпорынның табыстылығын бағалау есептеулері үшін негіз болып табылады;
  • Өткізуден жалпы пайда - өткізуден таза пайдадан тауарды өткізуге кеткен өндірістік шығындарды шегергендегі пайда. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның өндірістік қызметінің тиімділігін талдауға мүкіндік береді;
  • Негізгі қызметтен алынатын пайда (зиян) - өткізуден валовая пайдадан басқару шығындарын шегергендегі. Бұл көрсеткіш басқару шығындарының өткізу қаржылық нәтижегесіне әсерін көрсетеді;
  • Қаржылық қызметтен табыс - қаржылық қызметтен табыстар меншығындардың қалдығы. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның өндірістік- шаруашылық қызметінің табыстары мен пайыз, дивидент түріндегі және шетел валютасымен операциялардан және т. б. табыстарды ажырату үшін керек.
  • Әдеттегі шаруашылық қызметтен табыс - негізгі шаруашылық қызметтен және қаржылық қызметтен табыстар соммасы;
  • Күтпеген пайда;
  • салық төлегенге дейінгі пайда (зиян) . Бұл көрсеткіш бухгалтерлік пайданың салықтық пайдаға айналу нүктеі болып табылады. Бухгалтерлік (есептік) пайда - бұл бухгалтерлік есеп шарттарына сәйкес есептелген пайда. Бухгалтерлік пайданы негізгі анықтау мақсаты - есепті кезеңдегі кәсіпорынның қызметінің тиімділігін сипаттау болып табылады. Осыдан кейін алынған нәтиже мемлекеттің салық заңдарымен түзетіледі. Осылайша, салықтық пайда -бұл салық кодексі бойынша қайта есептелген бухгалтерлік пайда болып табылады;
  • таза пайда (таза зиян) - салық төлегеннен кейінгі, кәсіпорын иелігінде қалатын пайда. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіші. Оның динамикасынан кәсіпорынның қызметі, жұмыс орындары, акционерлерге дивиденттерді төлеу байланысты болады.

ХҚЕС 18 «Табыс» стандарты мына қызмет түрлерінің нәтижесінде пайда болатын табыстарға арналған:

• тауарларды өткізу;

• қызмет көрсетуден;

  • нәтижесінде пайыздар, роялти алынатын, ұйымның активтерін басқа тараптардың пайдалануы;
  • дивиденттер.

Табысты сыныптау ақпарат пайдаланушыға кәсіпорынның жүзеге асыратын операцияларын түсінуге көмектеседі.

Нарықтық экономика жағдайында табыстың рөлі ол атқаратын қызметтермен анықталады. Оған 2-ден 6-ға дейін қызметті жатқызады. Ол екі қызмет атқарады:

  • мемлекеттік бюджет табысының көзі;
  • кәсіпорын мен бірлестіктердің өндірістік және әлеуметтік даму көзі.

Функциялардың және олардың өзара шарттылығындағы бірлігі, табысты шаруашылықты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр жұмысшының экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді. Осыдан табысты құру және бөлу (тарату) мәселелерінің маңыздылығы көрінеді, оның (тәжірибелік) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субъектінің тиімділігінің алынған және оның иелігінде қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, ол бөлу, ынталандырушы және бағалау функцияларын да атқарады.

Табыс өз қызметтері

Сурет 1. 3. Табыстың функциялары

Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі шарттар қажет болады:

  • Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қоғамдық қажетті шығындарын көрсетуі тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет.
  • Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.
  • Табысты бөлу механизмі белсенді роль атқаруы керек және өндірістің дамуы мен оның тимділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы тиіс.

Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының жүйесінде (амортизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар, дивиденттер, пайыздық мөлшерлемелер, арнайы қорлар, салымдар, пай төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу нысандары, несие түрлері, валюта және бағалы қағаздар курсы және т. б. ) ғана мүмкін.

  1. Ұйымның есеп саясатында табыстар мен шығыстардың танылуы

Ұйымдағы бухгалтерлік есептің басты мақсаты - ұйым қызметінің өсуін қамтамасыз ету, әр-түрлі түрдегі салыстырмалы мәліметтер қалыптастыру, талдау шараларын орынды жүргізу арқылы басқарушылық шешім қабылдау болып табылады. Яғни, әрбір ұйым өзінің алға қойған мақсатына жету үшін өз қызметтеріне тән: өнім өндірудің технологиялық ерекшеліктері, басқарудың ұйымдық құрылымы, қызмет көлемінің түрі мен деңгейі, операциялар жүргізу, клиенттермен жұмыс істеудің тәртібі, ақпараттарды өңдеу т. б. ерекшеліктеріне байланысты ұйымдарда есеп саясатын қалыптастырудың мазмұны мен маңызын ашып көрсетудің негізін қалайды.

АО «Қарғалы Пансионатында бухгалтерлік есеп келесі нормативтік құжаттармен жүргізіледі:

  • Қазақстан Республикасының 2007 ж. 28 ақпанның №234-III «Бухгалтерлік және қаржылық есептілік туралы заңы»;
  • Қаржы министрлігімен 23 мамыр 2007 жылы №185 бұйрығымен бекіткен бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспарымен;
  • АҚ «Қарғалы Пансионатының» есеп саясатымен;
  • Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жөніндегі методикалық нұсқаулар, ережелер мен нормативтік актілер.

Ұйым өзінің есеп саясатын қалыптастыру барысында тәжірибедегі есеп әдістері мен қорытынды есеп жасаудағы ережелердің ішіндегі ең тиімділерін таңдап алуына құқылы. Таңдалып қабылданған ережелер мен әдістерді өз мәнінде қолдану арқылы есеп мәліметтерін жинақтаудың тәртібін, мұны пайдаланушыларға түсіндіріп, шаруашылық үрдісінің ерекшеліктері жөніндегі ақпараттарды зерделеу және ұйымдар қызметіндегі өзгерістер мен жағдайларды дер кезінде білу мүмкіндіктері туындайды.

Сонымен, есеп саясаты - ұйымдар шаруашылық қызметі барысында іс-тәжірибесінде қолданылатын, таңдалып алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын айтамыз. Есеп саясатының мазмұны ұйымдардың шаруашылық жүргізу қызметі талабы мен қаржы нәтижесін сипаттауға арналған есеп әдістерін жақсы және тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді. Есеп саясаты қаржылық қорытынды есеп жасауда ұйымдардың қолданатын есеп қағидалары, әдістер мен ережелер, сондай-ақ ұйымдардың шаруашылық қызметі мазмұнын тәжірибеде ашып көрсету үшін қабылданған ережелер жиынтығынан құралады.

Есеп саясатының мақсаты: бухгалтерлік есеп операцияларын орындау барысында қателер жібермеу, фактілерді бұрмаламау, ұйымдардың қаржы жағдайын бағалау, шаруашылық қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету, материалды активтерді бағалау мен есептен шығару, таза пайда қорын құру бағытындағы мейлінше жоғары дәрежедегі икемді есеп ақпараттарын қалыптастыру болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табыстар мен шығыстарды тану (ҚЕХС 18) және меншікті капитал есебі
Ақша қаражаттар қозғалысы туралы жалпы түсінік
Қаржылық есеп берудің ұсынылуы
Қаржылық есеп беру жайлы
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп берудің теориялық аспектілері мен негіздері
Қаржылық есеп беру түрлері және есепті ұйымдастыру
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік
Қаржылық құралдардың есебі жайлы
Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен маңызы
Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz