Өндірістік жабдықтарды пайдалану шығыстары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1. ҮСТЕМЕ ШЫҒЫНДАР
ЕСЕБІ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..5

2. ҮСТЕМЕ ШЫҒЫНДАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ ... ... ... ... ... ..10

3.ҮСТЕМЕ ШЫҒЫНДАРДЫ ТАРАТУ СТАВКАЛАРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК,ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУ
ТӘРТІБІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

4.ҮСТЕМЕ ШЫҒЫНДАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУДЫ
ЖЕТІЛДІРУЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .18

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .24

КІРІСПЕ
“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай
отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға
тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған
жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыз Жолдауында ерекше атап өттi.
ҚР бүгiнгi таңда экономикасының тиiмдi дамуында басты мәселенiң бiрi ол
негiзгi өнеркәсіптік капиталдарының басым бөлiгiнiң моралдық және
физикалық жағынан тозуы болып табылады.
Осыған байланысты отандық өнеркәсіпорындарының экономикалық өнімділігі
төмен, яғни өндірістік және экономикалық шығындары жоғары. Егер өндіріс
көлемінің өсуі шығындардың одан да жоғары қарқынмен өсуін қамтамасыз етеді.

Шығындар деп тек қарапайым шығындар емес, нарықта құн формасын алған
ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп
өткізілген өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс
шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары бар:
Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл
кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің
шығындарын көрсетеді және өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік
болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығынға - өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге
нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда
факторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығындары
бухгалтерлік және статисткалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрін
алады.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi ел экономикасының тұрақтылығының негiзi болып
табылатын отандық өнеркәсiптердiң рыноктық жағдайда бәсекеге қабiлеттiлiгi
ең бiрiншi сол өндiрiстiң капитал деңгейiне байланысты болып келедi. Ал осы
өндірістің дамуындағы шығындарды барынша азайтып, экономикалық шығындарды
толық зерттеп, олардың іске асуын уақтылы қаржымен қамтамасыз ету,
максималды экономикалық пайдаға қол жеткізу маңыздылығы болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Үстеме шығындар құрылымының теориясын зерттей
отырып шаруашылық субъектідегі үстеме шығындар есебін талдау.
Курстық жұмыстың міндеті:
- үстеме шығындар есебін талдау; үстеме шығындарды орналастыру
қажеттілігі мен оларды бөлудің әдісін зерттеу, осы курстық жұмысты
орындаудың басты міндеттеріне жатады.

1.ҮСТЕМЕ ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ

Үстеме шығыстарға өндіріске қызмет көрсетумен және негізгі және көмекші
цехтардың жұмыс ұйымдастарымен байланысты шыңыстары жатады, оларды тікелей
дайын өнім түрлеріне (бірлігіне) жатқызуға болмайды.
Үстеме шығыстар екі топқа бөлінеді:
1. Жалпы өндірістік шығыстар
2. Өндірістік жабдықтарды пайда-лану шығыстары
Жалпы өндірістік шығыстар:
■ Жалпы өндірістік персоналды ұстау шығыстары (еңбек ақы, іс-сапар
шығыстары т.б.);
■ Өндірісті ұйымдастыру мен даярлау шығыстары;
■ Жалпы өндірістік мақсаттағы негізгі құралдардың амортизациясы;
■ Жалпы өндірістік мақсаттағы негізгі құралдарды жөндеу;
■ Өндірісте пайдаланылған коммуналдық шығыстар;
■ Жалпы өндірістік мақсаттағы негізгі құралдарға төленетін жалгерлік
ақы.
Өндірістік жабдықтарды пайдалану шығыстары:
■ Жанар-жағар майлардың құны;
■ Өндірістік құрал-жабдықтың амортизациясы;
■ Өндірістік құрал-жабдықтарды ағымдағы жөндеуден өткізу;
■ Жабдықтарды күтіп ұстайтын, жүргізетін жұмысшылардың еңбекақысы;
■ Еңбекақыдан аударымдар;
■ Электр қуаты, бу мен судың құны;
■ Көмекші өндірістің қызметі;
■ Басқа да шығыстар.

Үстеме шығыстар, әдетте, біршама жалпы сипатқа ие болады:
- кешендік сипаты – шығыстар құрамында барлық экономикалық элементтер
шығындары көрініс табады.
- екі және одан да көп бұйымдар шығарған кезде бұл шығыстарды тікелей
белгілі бір буйымға жатқызу қиынға түседі, демек олар дайын өнімнің
арасына таратылады және аяқталмаған өндіріске де жатқызылады.

Қатар Шығындар баптарының атауы
рс
А. Құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтіп-ұстау шығыстары бойынша
1 Өндіріс жабдықтары мен көлік (танспорт) құралдарының амортизациясы
2 Жөндеу қорына қаржы бөлу немесе өндіріс жабдықтары мен көлік
құралдарын жөндеу жөніндегі шығындар
3 Жабдықтар мен көлік құралдарын пайдалану жөніндегі шығындар
4 Аспаптар мен ыңғайластырылған құрылғыларды (тетіктерді) жөндеу
және қалпына келтіру
5 Құрал-жабдықтармен байланысты басқа да шығыстар
Б. Үстеме шығыстары
6 Өндірісті шикізатпен, материалдармен, отынмен, энергиямен қамтамасз
ету бойынша шығындары
7 Цех аппараттарын ұстау, еңбек ақыдан аударылатын аударымда қоса
алғанда
8 Ғимараттардың, қондырғылардың, және басқа да мүліктердің
амотризациясы
9 Ғимараттардың, қондырғылардың жөндеу қорына аударымдар жасау немесе
оларды жөндеу бойынша шығындары
10 Ғимараттарды, қондырғыларды, инвентарларды күтіп ұстау шығындары
11 Сынақтар, тәжірибелер, зерттеулер жүргізу жөніндегі шығындар
12 Рационализаторлық пен өнертапқыштық жөніндегі шығындар
13 Цехтар қызметкерлерінің еңбегңн қорғау: қауіпсіздік техникасының
құралдарын күтіп ұстау, пайдалану және ағымдық жөндеу жөніндегі
шығындарды; желдеткіш күтіп ұстау және ағымдық жөндеу жөніндегі
шығындары; санитарлық тұрмыстық құрылғыларды күтіп ұстауға арналған
шығындары; арнаулы киім мен бейтараптандырушы (нейтралиттеуші)
құрылғыларға арналған шығындарды; еңбекті қорғау жөніндегі басқа да
шығындарды
14 Басқа да үстеме шығындары (өндіріс құралдары үшін жалға ақы төлеу
іс сапар шығыстары, берілген кепілдіктер үшін қызмет көрсету
шығындары және өнім өндіру бойынша құрал-жабдықтарды жөндеу)
15 Өнімсіз шығындардың барлығы, оның ішінде: ішкі өндірістік себептері
бойынша тоқтап қалудан болған шығындарды, цехтарда сақтау кезінде
материалдық игіліктердің бүлінуінен болған шығындарды; табиғи кему
нормаларының шегінде материалдық игіліктердің жетіспеуінен және
аяқталмаған өндірістен болған шығындары; басқада өнімсіз шығындарды

*Техника және т.б. ерекшеліктеріне қарап, үстеме шығындарына өзгерістер
енгізлуі мүмкін.

Үстеме шығындарды тарату тәсілі өндірістің ерекшелігіне және есептік
саясатына тәуелді болып келеді. Негізінен ол шаруашылықтың есеп саясатына
сәйкес көрініс табады:
- өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысына пара-пар етіп (пропорциональды)
таратылады.;
- тікелей материал шығыстарына пара-пар етіп (пропорциональды)
таратылады;
- өндірілген өнім санына немесе өнделген шикізаттың салмағына пара-пар
етіп (пропорциональды) (мысалға, жеңіл өнеркәсібі) тартылады
- цех құнына пара-пар етіп (пропорциональды) (мысалға, қара
металлургияда немесе шикізат құны шегерілген цехтың өзіндік құнына
пара-пар етіп ( пропорциональды) (мысалға, жеңіл өнеркәсібі) тартылады

- алдын-ала белгіленген шығындардың тұрақты коэффиценттері бойынша
таратылады;
- басқа да тарату базалары бойынша таратылады (құрал-жабдықтың жұмыс
сағатына және т.б.)
8410 – Үстеме шығындар бөлімшесі мынадай шоттардан тұрады:
8411 – Үстеме шығындар онда транзиттік әрі бір элементтік шоттарды
есепке алатын үстеме шығындар тұрады, оның құрамындағы;
8412 – Материалдар - үстеме шығындардағы материалдардың барлық
түрлерін есепке алу үшін арналған;
8413 – Қызметкерлердің еңбегін еңбек ақы төлеу - жабдықтарға қызмет
көрсетумен, оларды жұмысқа қосумен айналысатын жұмысшыларға және басқа
жұмысшыларға, сондай-ақ цех қызметшілеріне есептелген жалақының есепке
алуға арналған;
8410 – Еңбекақыдан аударылатын аударымдар - 8413-шотында есептелген
еңбек ақыдан жасалатын аударымдарды есепке аударуға арналған;
8411–Негізгі құралдардың жөндеу - өндіріс қызметінде пайдаланылатын
негізгі құралдарды жөндеу бойынша жұмсалған нақты шығындарды көрсету үшін
арналған;
8412–Негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің
амортизациясы - өндіріс қызметінде пайдаланылатын материалдық емес
активтердің амортизациясының және негізгі құралдардың тозуының есептелген
сомасын көрсету үшін арналған;
8413–Тұрғын – үй қызметі - тұрғын-үй қызметінің барысында тұтынылған
құнын көрсетуге арналған, оған қызмет көмекші өндірістен немесе сыртқы
ұйымдардан да көрсетілуі мүмкін;
8414–Жал ақысы - өндірісте пайдаланатын негізгі құралдарды ағымдағы
жалға беру бойынша жал ақысының сомасын көрсетуге арналған;
8415–Басқа да - әлеуметтік сфераға (аясына) негізгі және көмекші
өндірістердің көрсеткен қызметінің шығысын көрсетуге арналған.
Үстеме шығыстың аналитикалық (талдамалық) есебі келесі номенклатуралық
бап үлгілері бойынша жүреді. Төменде 8410- Үстеме шығындар бөлімшесінің
шоттары бойынша жасалатын шоттардың корреспенденциясы келтірілген

№ Шаруашылық операцияларының мазмұны Сомасы, Шоттар корресп-сы
рс теңге
Дебет Кредит
А.Негізгі және көмекші өндірістердің
үстеме шығындарын есепке алу
1 Негізгі және көмекші цехтарының жалпы 1420000 8412
цехтық мұқтаждықтарына босаылған 1310
материалдар
2 Цех қызметкерлерінің жалақысы 300000 8413 3350
есептелінді
3 Еңбек ақыдан әлеуметтік салық 56700 8414 3140
есептелген (300000-(10%жиынтық
зейнетақы қорынаміндетті жарнасы)х21%
4 Сыртқы ұйымдардың көмегімен негізгі 1206000 8415 3310
құралдарды жөндеумен байланысты
шығыстарды есептен шығарылды
5 өндірістік ағылымдардағы негізгі 1129360 8416 2420
құралдар бойынша тозу сомасы
есептелінеді
6 Сыртқы ұйымдардың тұрғы-үйге көрсеткен232000 8417 3310
қызметінің құнын есептеген шығарылды
7 Негізгі құралдардың ағымдағы жалғаға 112000 8418
берілген жалға ақысының сомасы 3397,
көрсетілді, ағымдағы кезеңге қатысты
1620
8 Сақтандырылған мүліктері бойынша 1780000 8419 3410
сақтандыру төлемі есептелінеді
Жиыны 6236060
Б.Шығымдауды жинақтаушы (шолушы) шотқа
есептен шығу (8411)
9 Жинақтаушы (шолушы) шотқа есептен
шығарылды 1420000 8411 8412
материалдық шығындары 300000 8411 8413
еңбек ақы шығындары 56700 8411 8414
еңбек ақыдан аударылған аударымдары 1206000 8411 8415
жөндеуге кеткен шығындары 129360 8411 8416
тұрғын үй қызметіне кеткен шығындар 232000 8411 8417
жалға бойынша жасалған шығындары 112000 8411 8418
сақтандыру бойынша есептелінген 1780000 8411 8419
шығындары
Жиыны 6236060
10
В.Үстеме шығыстарын тарату
11
10 Негізгі өндіріс 4098448 8310 8411
11 Көмекші өндіріс 2131635 8410 8411
12 Ақауды жөндеу бойынша кеткен шығындары5977 8510 8411
Жиыны 6236060
12

Мысалға, құрал-жабдықты пайдалану мен күтіпті-ұстау шығыстары 2775360
тенгеқұрған (оның ішінде жөндеуге -1206000 тенге, негізгі құралдың тозу
орамасына 1129360 тенге, құрал-жабдықты күтіп – ұстауға, пайдаланған
материалдар құнына – 440000 тенге шығындар жұмсалған).
Құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтіп-ұстауға кеткен нақты шығындарды
таратқан кезде, оның сол тиесілі бөлігіне жататын ақаудың өзіндік құнын
ескеру керек. Бұл шығыстар ақаудың өзіндік құнына сметалық (нормативтік)
мөлшерлермен анықтаған кезде есептелінген нормативтік қатынас бойынша
өндіріс жұмысшыларының жалақысына пропорционалды енгізіледі. Ақауды
жөндеумен айналысатын жұмысшының жалақысы 18 тенге болса, ал оның сметалық
нормативтік мөлшерлемесі 7,5 тенге құраған, бұл соңғы құрал-жабдықтың күтіп-
ұстау шығысына ақаудың тиесілі сомасы арқылы анықталған.
Үстеме шығыстың аналитикалық (талдамалық) есебі келесі номенклатуралық
бап үлгілері бойынша жүреді: [5,214б]
Мысал. Аяқ киім тігетін өнеркәсіп кәсіпорны төрт өнім түрін шығарады
делік:
теріден тігілген ерлер аяқ киімі - 100 мың жұп айына;
теріден тігілген ерлер туфлиі — 7 мың жұп айына;
жеңіл материалдардан тігілген әйелдердің туфлиі — 12 мың жұп айына;
үйде киетін әйелдер туфлиі - 12 мың жұп айына.
Үстеме шығыстарын тарату кезінде мыналар қабылданды:
- алдымен құрал-жабдықты пайдалану мен күтіп-ұстау шығыстары бойынша
таратылады, ол кезде құрал-жабдықтың жұмыс сағатына кеткен осы шығыстын
деңгейі және тиесілі өнім түрін әзірлеген кездегі құрал-жабдықпен жұмыс
істеу ұзақтылығы ескеріледі. Бұл үшін құрал-жабдықтың жұмыс істеу машина
сағаты туралы сандық мәліметтің негізінде нормативтік (сметалық)
мөлшерлеме анықталады;
— содан соң жалпы үстеме шығыстары өндіріс жұмысшыларының жалақысына
пропорционалды түрде таратылады.
Сметалық нормативтік мөлшерлеме есептеу үшін мына формуланы пайдаланады:
Н=СР,
Мұнда,
Н - сметалық (нормативтік) мөлшерлеме;
С — құрал-жабдықтың бір сағатына кететін сметалық шығыстың сомасы;
Р - құрал-жабдықтың жұмыс істеу барысында жасалған машина сағатының
саны.
Соңғы көрсеткіштің деңгейі өнімнің бір түрін әзірлеуде пайдаланатын
әртүрлі топтағы құрал-жабдықтың машинасағатын түзету коэффициентіне
көбейту арқьшы есептелінеді. Түзету коэффициенті өндірістік сипаты бойынша
біртектес құрал-жабдықтардың топтары бойынша анықталады, мысалға,
детальдарды штамповка жасау үшін арналған пресс (тығыздау), токарь станогі,
фрезерлік станок т.б. Өнімді өндіру үшін құрал-жабдықтардың әрбір
топтарының қажетті жұмыс сағатының санын технологиялық құжаттарының
негізінде анықтайды:
- цех құрал-жабдықтарының шығындарын олардың күрделілігіне, қуаттылығына
және құнына тәуелді етіп таратады, сондай-ақ әрбір құрал-жабдықтың
бірлігіне келетін шығыстың мөлшері бойынша да 4 топқа бөлінеді: А, Б, В, Г;
- құрал-жабдықтың әрбір топтары бойынша жылдық сметалық шығыс жасалған,
оның жалпы сомасы 5985 мың теңге құраған;
- әрбір топ бойынша жұмыс істеу сағаты, яғни машинаның жұмыс істеу
мерзімі белгіленген, осыдан барып өндіріс құрал-жабдығының бір нормативтік
сағатының сметалық мөлшерлемесі анықталады.
Жоғарыда келтірілген мысалда теріден тігілген ерлер аяқ киімін әзірлеуге
арналған құрал-жабдықты күтіп-ұстауға кеткен шығыстың сметалық
мөлшерлемесін есептеу жолы көрсетілген. Енді біз басқа бұйымдар үшін
сметалық мөлшерлемені мына төменде келтірілген мәліметтер бойынша
анықтаймыз.
Есептеуді оңайлату мақсатында тек өздерінің конструкциясы, технологиясы
және басқа параметрлері бойынша ұқсас типтік бұйым түрлерінің сметалық
мөлшерлемесін алуға рұқсат етіледі. Бұл тапсырыс бойынша орындалатын құрал-
саймандарға, запас бөлшектерге қатысты болып келеді. Олардың шығыс нормасы
типтік бұйым түрлерінің сметалық мөлшерлемесінің негізінде белгіленеді,
өздерінің бұйым топтарына сәйкес өндірістік жұмысшының жалақысына пайыздық
қатынасының көмегімен оларға түзетулер енгізілуі мүмкін.
Бұл арада атап өтетін бір жайт, ол құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтіп-
ұстау шығыстары оның калькуляцияланатын объектілеріне істелген машина
сағатына пропорционалды түрінде сметалық (нормативтік) мөлшерлемесін
пайдалана отырып таратады және ол өндіріс жұмысшыларының жалақысына тәуелді
емес. Сондықтан бұл шығындардың сметалық (нормативтік) мөлшерлемесі өндіріс
жұмысшыларының жалақысына пайыздық қатынасы арқылы есептелінеді және осы
әдістің көмегімен өнімнің өзіндік құнына енгізіледі, демек, оларды
таратудың техникалық әдісі болып табылады. Көмекші процестердің сметалық
мөлшерлемесі де осыған ұқсас есептелінеді.
Көмекші өндірісте біртектес өнімдер әзірленсе, онда құрал-жабдықтар,
машинаны пайдалану және күтіп-ұстау шығыстары негізгі өндіріс
жұмысшыларының жалақысына пропорционалды таратылады.

2. ҮСТЕМЕ ШЫҒЫНДАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ

Өндірістің үстеме шығындары (ӨҮШ) – бұл өндіріспен байланысты әр түрлі
шығындар жиынтығы, бірақ әдетте, дайын өнімнің тікелей нақты түріне
апаруға болмайды.
➢ Өндірістік үстеме шығындар келесі нышандар бойынша өнім
➢ Өнімнің толық шығыны бір өлшем бірлігімен анықталады.
➢ Егер бағаның құрылуы шығындардан негізделсе, онда енгізілмеген
үсеме шығындар есебі баға құрылымының қателігін туғызуына әкеп
соғады.
➢ Қордың өзіндік құнын анықтау
➢ ХҚЕС сәйкес қайта жасап шығару мен өзге де шығындарды, жеткізу
мақсатында туындаған шығындарды, оның ағымдағы ахуалына және
орналасқан жеріне кететін шығындаржәне басқа да шығындар қордың
өзіндік құнына енуі тиіс
1. Үстеме шығындарды орналастыру мөлшері.
1) ӨҮШ орналастыру базасы.
Үстеме шығындарды орналастыру, базаны таңдау арқылы жүзеге асатын
жағдай, жалпы өнім үшін өндіруші компания немесе қызмет көрсету үшін өзінің
клиенттеріне бере алады.
Бөлу базасы ретінде өндірістік бөлімшелердің үстеме шығыстарына
барынша сәйкес келетін факторлар таңдап алынуы керек, база ретінде жиі
мыналар алынады:
- Өндірістік жұмысшылармен өткізілген уақыт;
- Жабдықпен өткізілген уақыт;
- Еңбек шығындары;
Өнімнің өндірістік бірлігі.
ӨҮШ бөлу ставкасы = _ӨҮШ______
Базаның мәні
2) Үстеме шығындарды бөлудің біртұтас (жалпы зауыттық) және бөлек
(цехтік) ставкалары
ӨҮШ бөлудің біртұтас ставкасы бүтіндей кәсіпорын үшін қолданылады.
Мысалы, белгілі кезеңде үстеме шығындар 100 000 ш.б. құраса, негізгі
еңбектің 50 000 сағаты жасалған, онда үстеме шығындарды бөлу ставкасы
100 000 ш.б.50 000 еңбек сағаты = 2 ш.б. еңбек сағ. Осы ставка
бойынша үстеме шығындар барлық өнімге жатқызылады. Мысалы, өнімді
жасау негізгі еңбектің 18 сағатын талап етті, онда өнімге үстеме
шығынның 36 ш.б. жатқызылады (18 сағат * 2 ш.б. еңбек сағат)
Егер өндіріс бірнеше бөлімшелерді қамтитын болса, онда ӨҮШ бөлудің
бөлек ставкаларын қолдану мақсатқа сай болады.

А бөлімше Б бөлімше В бөлімше Барлығы
Үстеме 10 000 60 000 30 000 100 000
шығындар, ш.б.
Еңбек- 25 000 15 000 10 000 50 000
сағаттар
Еңбек сағатқа 0,4 4 3 2
ӨҮШ ставкасы

Мысалы, өнімді өндіру А бөлімшеде негізгі еңбектің 10 сағатын, Б
бөлімшеде 5 сағат, В бөлімшеде 3 сағатты талап етті. Онда өнімге үстеме
шығын 33 ш.б. сомасында жатқызылады ( 10 сағат* 0,4 ш.б. еңбек сағат + 5
сағат * 4 ш.б.еңбек сағат + 3 сағат * 3 ш.б. еңбек сағат).
3) үстеме шығындарды бөлудің жоспарлы ставкасын қолдану
Үстеме шығындарды бөлу іс жүзіндегі мәнінің негізінде ставкаларды
есептеу жиі бірқатар проблемалар тудырады:
- тапсырыстардың өзіндік құнын есептеу есептік кезең аяқталғанға
дейін кейінге қалдырылуы керек, себебі үстеме шығындар мен өндірістің
көлемі ертерек есептеу мүмкін емес.
- үстеме шығындар сияқты, өндірістік қызмет айдан айға өзгереді, ол
үстеме шығындарды бөлу ставкасының өзгеруіне алып келеді.
ӨҮШ бөлудің жоспарлы ставкасын есептеу мынадай қадамдарды қосады:
1. Үстеме шығындардың жобаланатын өлшемін есептеу.
2. Үстеме шығындарды бөлу базасын таңдау.
3. Үстеме шығындардың алдағы кезеңге жобаланатын мөлшерін
жобаланатын базаның сандық мәніне бөлу.
4. Үстеме шығындарды осы ставканы қолданумен өнімнің әрбір түріне
жатқызу. [6, 152б]
Жоспарлық ставкаларды есептеу үшін қолданылатын жобалық деректер
тәжірибеде іс жүзіндегі деректермен сәйкес келмейді. Осы жағдайда
өнімнің өзіндік құнына жатқызылатын үстеме шығындар үстеме шығынның
нақты сомасынан өзгеше болады, ол өз кезегінде үстеме шығындарды
толық бөлмеуге немесе үстеме шығындарды артық бөлуге алып келеді:
Толық бөлінбеген немесе артығымен бөлінген үстеме шығындарды сызып
тастау екі тәсілмен жүргізіледі:
1. Түзету сомасын сатылған өнімнің өзіндік құны шотына
жатқызылады.
2. Түзету сомасын аяқталмаған өндіріс, Дайын өнім, сатылған
өнімнің өзіндік құны атты үш шот сальдосына тең бөлінеді.

3.ҮСТЕМЕ ШЫҒЫНДАРДЫ ТАРАТУ СТАВКАЛАРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК,ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУ
ТӘРТІБІ

Үстеме шығындарды тарату базасы өндірістің ерекшелігіне байланысты және
өздерінін көзқарасы бойынша шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп
саясатында көрсетілуі мүмкін:
- өндіріс жұмысшыларының орындаған нақты уақыты;
- өндіріс жұмысшыларының еңбекақысына пропорциональды;
- тікелей материалдар шығыстарына пропорционалды:
- цех құнына пропорционалды немесе шикізат құны шегерілген;
- цехтың өзіндік құнына пропорционалды;
- белігіленген шығындарды таратудың тұрақты коээфиценті бойынша;
- басқа да тарату базалары бойынша.
Үстеме шығыстарды тарату базасы халықаралық және отандық тәжірибеде
шығын тасмалдаушылар деп аталады.
Шығын тасымалдаушылар – шығындар деңгейіне әсер ететін себептер. Шығын
тасымалдаушылар шығындар көлеміне әсер етеді және олар үстеме шығыстарды
ақырғы өнім арасында таратуға бағытталған. Шығын тасымалдаушылардың көп
кездесетін түрлері:
❖ Өндірілген өнім көлемі
❖ Жұмыс – сағат
❖ Машина – сағат
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үстеме шығындар
Үстеме шығындар есебі
Мемлекет шығыстарының экономикалық мазмұны және сыныптамасы
Шығын мәні және оны топтастыру мен бөлу.
Үстеме шығыстардың есебі туралы
Шоттар коррепонденциясы
Кезең шығындарының есебі
Шығыс түрлері және үстеме шығыс
Ауыл және орман шаруашылықтары үшін машиналар мен жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету
Кәсіпорын табысы мен шығыстары
Пәндер