Шешендік арнау сөздер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .
ІІ. Негізгі бөлім
2.1Тарихқа тағзым ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .
2.2.Шешендік сөз – ауыз әдебиетінің қайнар бұлағы ... ... ... ... ... ..
2.3. Ұлылар
ұлағаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.4. Шешендік өнер және көркем әдебиет
2.5. Шешендік
сөздер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .

І. Кіріспе
Қазақтың халық поэзиясы ерте заманда –ақ шыққан. Оның тамыры бір
кезде Қазақстан жерін мекендеген түркі тұқымдас рулардың ауыз әдебиетімен
байланысып жатады. Қазақтың ежелгі ауыз әдебиеті үлгілерінің ізі Орхон
жазуынан да байқалады. Түрік қағаны Моғилянның (Білге- қағанның) , оның
туысы Күлтегіннің (-ғасырдың соңы, -ғасырдың басы) қабырларына қойылған
тастарда, Тоныкөктің ескерткішінде түркі руларының ескі жоқтау өлеңдерінен,
эпостарынан, жырларынан алынған тақырыптар мен образдар ұшырасады. Бұл
фактілер қазақ ауыз әдебиетінің шығу тегі ерте заманнан басталатындығын
аңғартады.
Есте жоқ ескі заманда естілетін ертегілерден бастап шешендік сөз
нұсқалары халықтың өлең-жырлардың, хикая- дастандардың көбінде кездесіп
отырады.
Халықтың рухани-мәдени өміріндегі ең бір аяулы, бір ардақты
өнердің бірі – шешендік өнер. Осынау қасиетті өнердің туын асқақтата
желбіреткен көсем ойлы, тапқыр тілді, сұңқар үнді ділмар шешен-
билер қазақ сахарасындағы демократияның жандануына, темірдей берік
тәртіптің, имандылықтың, ізгіліктің қанат жаюына жойқын әсер етті.
Толқынды топтың алдында аса еркін, асқан мәнерлі, құйқылжыта
айтылған парасатты, кесімді, шешен сөз халық санасында өшпес өнеге,
қасиетті кие ретінде қабылданып, ұлттық сөз өнерінің айдынына
құйылған нағыз кәусар бұлақ еді.
Әдеби мұраның қайсысында болса да шешендік сөздер ұзақ ойдың, өмірлік
тәжірибенің қорытындысы, тұжырымы болып келеді. Осы қасиеті шешендік
сөздердің негізгі жанрлық ерекшелігі болып табылады. Халықтың ғасырлар бойы
өзі жасаған шешендік сөздері бізге өмірдің сан-алуан асуларын өтіп жеткен
М. Горький айтқандай Халық тек заттық мұра жасайтын күш емес,
ақыл-ой мұрасының да қайнар көзі. Шешендік сөздер сол қайнар бұлақтың
түбіне тұнған таза меруерт деуге болады. Шебер айтылған ақыл, нақыл сөздер
– жаратылыста, қоғам өмірінде
болған өзгеріс, құбылыстарды байқап, айтылған халық ойының жемісі. Халық өз
ортасы туғызған асыл мұра-шешендік сөздерді ауыз әдебиетінің басқа түрлері
сияқты өңдеп, өзгертіп сақтап келген.
Шешендік өнер-ақындық, жазушылық сияқты қадірлі өнер. Бұл өнерді
жасаушы да, оны шығарушы да- халық. Олай болса шешендік сөздер ақыл-ойы
сергек халықтың асыл мұрасы болып табылады.
Қазақтың шешендік- ақылдық,жазушылық сияқты қадірлі өнер.Бұл өнерді
жасаушы да, оны шығарушы да халық.Олай болса шешендік сөздер ақыл-ойы
сергек халықтың асыл мұрасы болып табылады.

ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Тарихқа тағзым
Қазақтың шешендік-тапқырлық сөздерінің алғашқы қағазға
түскен нұсқаларын Ш.Уалихановтың, В.Радловтың, Ә.Диваевтың
т.б.қолжазбаларынан кейбір мерзімдік баспасөздердің беттерінен
кездестіреміз.Кеңестіктік дауірде шешендік сөздерді ауыз әдебиетінің бір
саласы ретінде талдау талабын Мұқтар Әуезовтың 1920-шы жылдардағы зерттеу
еңбектерінен кездестіреміз.Қазақ әдебиетінің тарихын жасауға талпынған
алғашқы бір күрделі ғылыми еңбегінде М.Әуезов ``Айтыс,, бөлімінде Билер
айтысы деген арнаулы тақырып енгізіп,шешендік сөздердің кейбір түрлерінен
мысалдар келтіреді. Одан бері,1930-шы жылдары шешендік сөздерді
жинау,зерттеу ісіне үлес қосқан адамдардың бірі- Сәкен Сейфуллин.Сәкен
Қазақ әдебиетідейтін кітабына билердің сөздерідейтін дербес тарау
енгізіп, онда үлгілі сөздерге жан-жақты талдау жасайды., мазмұн-
мағынасын ашып, қашан шығып, қалай қалыптасқандығын түсіндіруге талап
қылады. Билер сөздерінен көптеген мысалдар келтіреді. Алғаш рет шешендік
сөздер мен мақал-мәтелдердің ара қатынасына назар аударады.
Жиырмасыншы ғасырдың қырқыншы жылдарында қазақтың
шешендік сөздерін арнайы зерттеп , бұл жөнінде ғылыми еңбек жазған ғалым -
Әмина Мәметова болды. Оның еңбегі Қазақ билерінің шешендік сөздері және
оның әдебиеттегі тарихи орны деп аталады. Автор бұл еңбегінде көп жыл
бойында жиналған бай материалдарды пайдалана отырып, қазақ шешендік
сөздерінің мазмұн-мағынасын , түр ерекшелігін ашады. Шешендік сөздердің
қашан шығып , қалай қалыптасқандығына топшылау жасайды. Ауыз әдебиетінің
белді бір жанры ретінде шешендік сөздің орнын айқындайды.
Шешендік сөздерді талдауда , оны мазмұнына қарай шартты түрде болса да
: шешендік арнау , шешендік толғау және шешендік дау деп үшке бөлеміз.
Шешендік арнау сөздер
Белгілі бір адамға арнай айтылған сәлем , сын , әзіл және бата , тілек
сөздерді шешендік арнау сөздер дейміз.
Арнау сөздердің бір парасы – шешендік сын. Қазақ ауыз әдебиетінде
жерге, елге, малға айтылатын шешендік сынның алуан түрі бар. Асан қайғы
атынан он жылда бес саулық мыңға, бес қара жүзге жететін жердің құты екен,
әттең аттың сауырына симайды-ау, артыма сала кетер едім , -деп жерге; төс
табаны түрілген нарлар жүрер жол екен, төсегінен түңілген ерлер жортар жол
екен,-деп шөлге; Жал-құйрығы қанат екен, төрт аяғы болат
екен,- деп жылқыға айтылатын сөздер шешендік сынның үлгісі болып табылады.
Түйе үстінде туып, ат жалында өскен малшы, аңшы қазақ аса сыншы келеді.
Жүйрік ат қыран құсты шаппай , ұшпай танитын саяткер, құсбегілер болған.
Ізіне қарап түйенің түсін айтатын,
қозыға қарап қоралы қойдан енесін тауып салатын, жоғалған биенің іште
кеткен құлынын ат болғанда танып алатын сыншылар туралы аңыз көп.
Сөздің қисыны мен дәлеліне қарап халықтың даналығы мен тапқырлығына
қайран қаларлық.
Жер мен малға ғана емес, адамға айтылатын сындар да бір алуан. Ата
балаға, көпті көрген көне жаңа талап жасқа сын айтып, болашағына болжам
жасау қазақ елінде ежелден келе жатқан дәстүрлердің бірі. Өткен кезде жаңа
өрім, талапкер жастар көпті көрген қарияларға сыйлық таратып, сияпат
көрсетіп, бағын, басын сынату салты болған. Кейбір жалтақ ақын, жарамсақ
шешендер байды итіне, биді атына дейін мақтап-мадақтап әсіре сын, асыра
баға айтатын да болған. Алайда, ондай орынсыз мақтау сөзді халық
сақтамайды, дәріптеп елге таратпайды. Сондықтан да арзан сөздер мінген тай,
киген тонымен бірге арып-азып ұмытылып отырған. Керісінше, батыл, батыра
айтылған әділ сындардың сақталған үлгілері мол.
Қыпшақ еліне аты шыққан бір қарияны бір байдың баласы үйіне шақырып,
сыйлап өзін сынатады. Сонда қарт былай дейді:
Ілімнің бар екен ,жаным,
Білімнің әлде қандай?!
Қағуың бар екен, жаным,
Халыққа жағуың әлде қандай?!
Айлаң бар екен, жаным,
Халқыңа пайдаң әлде қандай?!
Жорғалығың бар екен, жаным,
Халқыңа қорғандығың әлде қандай?!
Заттығың бар екен, жаным,
Халқыңа қымбаттығың әлде қандай?!
дей отырып, көпті көрген қария жаңағы жігіттің білімділігін, айлакерлігін,
сөзшеңдігін айтады да, мұның бәрін халық кәдесіне жаратпайсың деп шүбә
келтіреді. Егерде қасиетті адам қабілетін
халқы үшін пайдаланса, ол елінің ырысы, ол ақыл-айласын қара басы қамы үшін
жұмсап, елге ептілік жасаса- ол елдің соры екендігін аңғартады. Оны осындай
шешендік сын арқылы халық:
Алғаның жақсы болса, абыройыңның тұрағы,
Атың жақсы болса, дүниенің пырағы,
Балаң жақсы болса екі көзіңнің шам-шырағы-
деп келесі ұрпақты қара басы үшін емес, халқы үшін қызмет істеуге
үндеп,жақсылыққа, саналы адамгершілікке мегзейді.
Сөзге шебер-шешен адамдар ауызекі арнап сәлемдескенде, сырттан
хабарласқанда шешендік сөз, терме-жырларды молынан пайдалнғандығы
байқалады. Тұрмыс-салт жырларында, батырлық және ғашықтық дастандарда
шешендік сәлемнің неше түрін көруге болады.
Арғын Мұнасып батыр кедей екен. Бір күні есік алдында тары түйіп жатса,
4-5 адам келіп сәлемдеседі. Сонда Мұнасып қонақ асыдан қиналып былай дейді:
- Түзге шықсам батырмын,
Үйге келсем қатынмын.
Қатын ауру, бала жас,
Тары түйіп жатырмын.
Менің атым Мұнасып,
Жүрем десең жол ашық.
Түсем десең үй мынау,
Алдыңдағы лашық.
Атадан қалған кедейлік,
Келе жатыр ұласып,-
дейді.Халық Мұнасыптай батырдың үйдегі ісін жастарға үлгі
етеді. Далада айбынды батыр, азушы шешен болсаң да үйіңде төре болма
құлдай істеп, бидей іш дейді.
Шабытты ақын, шалымды шешендер ел арасын ығыр қылған дау таласты алдын-
ала анықтау үшін араға кісі салып Ауызша сәлем хатпен сөйлесуді жиі
қолданған.
Сайып келгенде, адал мен адам арасындағытікелей қарым-
қатынасты көрсететін тапқырлық сөздерді шешендік арнау дейміз. Халықтың
әдет-ғұрпын, салт-санасын жете біліп, тіл байлығын сөйлеу мәнерін, жіті
түсіну үшін шешендік арнау сөздің мәні үлкен. Шешендік арнау сөздер –
шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктерінің бірі болмақ.
Шешендік толғау сөздер.
Шешендік арнау адамдар арасындағы қарым-қатынас пен көңіл күйін
бейнелесе, шешендік толғау халықтың табиғат құбылыстары мен өмір
өзгерістеріне өзіндік көзқарасын көрсетеді. Көп жасап көңілге түйгендерін,
көрген-білгендерін қорытып, келесі ұрпаққа айтар аманат, ақылын, өсиет-
насихатын баяндайды.
Шешендік толғауды: 1.Шешендік нақыл
2.Шешендік мақал
3.Шешендік мысал
4.Шешендік жұмбақ
5.Шешендік жауап
деп беске бөлуге болады.
Шешендік нақыл халықтың үрім-бұтағына, жеткіншек ұрпағына
қалдырған өсиеті, үлгі-өнегесі. Сондай өсиеттердің бірінде:
- Қара жерді жамандама,
Кіретұғын көріңді.
Қауым жұртты жамандама,
Көп табады мініңді.
Білгендерді жамандама,
Басшы болған піріңді,-
делінеді. Бұл сөзде туған жеріңді, туған еліңді сүйе біл деген насихат
бар.
Халықтың шешендік толғауларында жұмысың өнімді, өмірің көңілді болсын
десең адаммен дос бол және ол достықты ең алдымен әйеліңнен баста дейді:
Әйеліңмен дос бол – үйіңе береке кіреді,
Азаматпен дос бол – адамшылығыңды біледі.
Білімдімен дос бол – тарыққанда ақыл береді.
Халық әйелің мен балаңның ар-намысын құрметтей біл дейді.
Қатынды теппе аяқпен,
Баланы ұрма таяқпен.
Қатынды тепсең – сағы сынар,
Баланы ұрсаң – бағы сынар.
Қатын ашынса қатты айтар,
Бала ашуланса бетін қайтар,-
деп көпті көрген көне қарттар өз басынан өткен қатені ескертіп,
кейінгілер қайталамасын дейді.
Көп адамда кездесетін бір кемшілік – малға, басқа мақтану, мастану.
Соны өз тәрбиесінде әлденеше рет сынаған халық:
Малым бар деп мақтанба,
Боран соқса қайтесің!
Басым бар деп мақтанба,
Ажал соқса қайтесің!
Тілім бар деп мақтанба,
Тіл байланса қайтесің!
Бағым бар деп мақтанба,
Сорға айналса қайтесің!
Ақылдан артық хандық жоқ,
Жомарттан артық нарлық жоқ, -
деп кейінгілерге ақыл айтады. Байлық мұрат емес, жоқтық ұят емес , барына
шүкір, жоғына сабыр қыл дейді, нақыл. Ағайын арасын ащы қылатын тұщы дүние,
адамды алакөз ететін алыс-беріс. Алыс-берісте әділ болмаса, адам сенімінен
айрылады, Ал сенім адам бойындағы ең асыл қасиет. Соны айта келіп нақыл:
Біреуден алсаң аманат
Берсең жақсы – саламат.
Жанжал қылсаң бақ кетер,
Ақыры қалар жаманат, -
деп әркімді әділдікке үйретеді.

2.2. Шешендік сөз – ауыз әдебиетінің қайнар бұлағы.
Адамның күні адаммен. Адамдар арасындағы қалыпты мәмілені бұзатын бір
нәрсе –күле кіріп, күңірене шығатын бояма
жүзділік, екі сөзділік.
Көңіл таза болмаса,
Көз тазасы не керек.
Денең таза болмаса,
Тіл тазасы не керек, -
деген нақыл адалдықты, шыншылдықты мадақтайды.
Халықтың дүниеге көзқарасын, жас қауымға айтар моральдық аманатын
уағыздайтын насихат сөздердің бір түрі – шешендік мақал. Шешендік нақыл
сөздер нақтылы бір мәселені алып,тыңдаушысына тікелей кеңес беретін болса,
шешендік мақал жалпылап, жанамалап ақыл айтады.
Өнер алды – қызыл тіл
Қызыл тілін безеніп,
Шешен жігіт дауда ойнар.
Ақ балтырын түрініп,
Балуан жігіт пайда ойнар.
Баданасын киіп ап,
Бар қайратын жиып ап,
Жасыл туын көтеріп,
Шашақты найза қолға алып,
Батыр жігіт жауда ойнар.
Дастарханын кең салып,
Жомарт жігіт күнде ойнар.
Баданасын кие алмай,
Жауға батыл тие алмай.
Бедірей-бетбақ үйде ойнар,-
деген шешендік мақалда халық жақсы деген мынадай, жаман деген анадай
болады, қалауың білсін, ұнағанын ал, тек өнерің болса елге көрсет, қазан
бұзар үй тентек болма дейді.
Қас жақсының белгісі - әрі мырза, әрі құл,
Қас жаманның белгісі - өз үйінде өзі пұл,-
деген сөз үйде де, түзде де жұмысқа арланба деп жастарды еңбекке,
кішіпейілді болуға үгіттейді, Осы сияқты шешендік мақал
сөздерді көптеп мысалға келтіруге болады.
Мақалдап, мысқылдап сөйлеу шешендік- тапқырлық сөздердің қай-қайсысына
болса да ортақ қасиет. Шешендік мысалға тән қасиеттің бірі біреудің
басынана өткен уақиғаны хабарлаған болып, әркімнің басына келетін ортақ
жәйтті ескерту, немесе жан-жануар тіршілігін, жаратылысын мысалға алып,
тыңдаушысыны жанама ғибрат беру болады.
Ата-ананың қадірін
Балалы болып байқадым
Ағайынның қадірін
Қаралы болып байқадым
Жанашырдың қадірін
Жаралы болып байқадым.-
деген мысалда бір кісінің басынан кешкен уақиғаны емес, сан кісінің
тәжірибесінен қорытылған, өмір шындығын айтып отыр. Басқаның халін басыңа
түскенде түсінерсің, жанашыр жақыныңды қиыншылық түскенде танырсың дейді
бұл мысал.
Шешендік мысалдардың бір қыдыруы жануар-жәндік тіршілігін суреттеу,
соларды сөйлету арқылы ғибрат беру. Өзін мысқылдаған біреуге құмырысқа
былай депті-міс:
Бөксемнің дырдай болуы – құтым көп,
Басымның дырдай болуы – ақылым көп
Белімнің қылдай болуы - қанағатым көп.
Бұл негізінде тапқырлықты көрсететін мысал.
Осы бір мысалдың астарында қанағатшылдықты құптайтын тәлім-тәрбие
берерлік емеурін жатыр. Шешендік сөздердің мұндай жеңіл түрлері- балаларды
тапқырлыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуге арналған. Бұл шешендік сөздің
жанрлық ерекшеліктерінің бірі.
Толғау сөздердің бір түрі шешендік жұмбақ. Қазақ қашаннан оспақтап,
тұспалдап сөйлеуді сүйетін халық. Жұмбақты астарлы сөз жедел ойлау, шебер
сөйлеу қабілетімен қатар сыншылдық, бақылағыштық қасиеттерді керек етеді.
Бір қыз бен жігіт жолаушылап келе жатып жол сұрауға бір қойшыға
бұрылады. Қойшы амандасып жол көрсеткеннен кейін:
-Бәрекелді қыздың мінген жорғасына,
Бұл қызды ерткен жігіттің жолы болмасын ба?-
дейді.
Сонда қыз атының басын тежеп:
- Ей, есі кеткен есер қойшы
Менің шешемнің шешесі
бұл жігіттің қайын енесі,
сонда біздер несі?
деп жүріп кетіпті.
Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі дегендей әкесі мен қызын шатастыра
әзілдеген аңқау қойшы ұялып қалады.
Алайда шешендік жұмбақ әзіл-ермек үшін, немесе тек ойландыру үшін ғана
қолданылмайды. Кейде ел тілегіне сай шешілген дауды халық соңынан қорытып,
даугерлердің тоқсан ауыз сөзінен тобықтай түйін жасап сақтағандығы
сезіледі. Сондай шешендік жұмбақтардың бірі Үш бидің сөзі дейтін
толғау. Қазқ еліне келген басқа бір елдің елшісін біреулер өлтірейік,
екінші жақ өлтірмейік деген дау туады. Сонда ұлы жүзден, орта жүзден және
кіші жүзден үш кісі төбенің басына шығып кеңеседі.
Кеңесті бірінші бастаған шешен көлге қарап отырып:
- Алар ма еді мына көлдің қазын атып?- дейді.
Оғың суға түспесе жазым атып, - дейді екіншісі.
- Құтылмастай пәлеге қалып жүрмейік,
Суға түскен перінің қызын атып, - дейді үшіншісі.
Осы үш ауыз сөзбен бұл талас бітіп, елшіні еліне қатарған екен дейді.
Шешендік толғаудың бір мол тармағы – шешендік жауап. Қазақ халқы өзін
қоршаған табиғат құбылыстары мен өмір өзгерістеріне ерте назар аударған,
бұл не? - деп сұрақ қойып,
соған жауап іздеген.
Бір хан билеріне: Бұл дүниеде не өлмейді? - деп сұрақ қойыпты. Сонда
алпыс биі бірден: Ағын су өлмейді, асқар тау өлмейді, әлемде қара жер
өлмейді, - деп жауап береді. Оған жиында отырған жиренше қарсы шығады:
Ағын судың өлгені -
Аязды мұз боп қатқаны.
Асқар таудың өлгені –
Басын бұлттың жапқаны
Ай мен күннің өлгені –
Еңкейіп барып батқаны.
Қара жердің өлгені –
Қар астында жатқаны.
Ажал деген атқан оқ,
Одан ешкім құтылмайды.
Бір алланың қақпаны.
Дүниеде не өлмейді?
- Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді, -дейді.
Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім болады дейді, ол не? – деген сұраққа жиналған
көпшілік: Үш арсыз – ұйқы, күлкі, тамақ; үш ғайып – дидар, несібе, ажал
деп жауап береді. Бірақ үш жетімді ешкім таба алмайды. Сонда жиынға кешігіп
келген бір шешен тұрып, жетім үшеу емес бесеу еді ғой:
Оты жоқ жер жетім,
Басшысыз ел жетім,
Елінен ауған ер жетім,
Тыңдаушысыз сөз жетім,
Жоқтаушысыз қыз жетім,- депті.
Сұрау –жауап түрінде жиі айтылатын:
Жол анасы –тұяқ,
Сөз анасы –құлақ,
Су анасы –бұлақ,-
дейтін сөздер тек шешендік пен тапқырлықты ғана емес,логикалық ойдың кейпін
көрсетеді.
Сөйтіп шешендік толғау, негізінде, көп жасаған халықтың көрген
білгенінен қорытқан ойы мен артқы ұрпаққа айтар ақыл өсиеті
мол, жанрлық ерекшелігі өзгеше шешендік сөздер болып табылады.
Шешендік дау сөздер
Шешендік дау – қазақ қауымының заттық және рухани даулы мәселелерді
реттейтін ежелгі әдет заңынан елес береді.
Шешендік дауларды мазмұнына қарай жер дауы, жесір дауы , құн дауы, мал
дауы және ар-намыс дауы деп беске бөлуге болады.
Қалыптасқан мемлекеттігі, қабылданған заңы жоқ елде барлық дау-
талапмәселесі қалыс ағайынның қазылығымен, жол-жоба білетін тәжірибелі
адамдарға жүгінумен шешілетін болған. Шешендік дауға келтірер мысал өте
көп. Соның бірін айта кетейік:
Орта жүз Момын деген атаның жүз жылқысын найманның Ебей, Себей деген
ұрылары алады. Мал иелері артынан қуып барса да Найманның биі ешкімді
аяғына отырғызбайды, малын қайырмайды. Сондай қуғыншыларға ілесіп барған он
екі жасар бала:
Қысырында бермесең,
Буазында берерсің.
Арығында бермесең,
Семізінде берерсің.
Өз алдыңда бермесең,
Өнерімді көрерсің.- деп тепсініп тұрып кетеді.
Сонда мына бала бізді құтқармас деп Найманның ұрылары
мойнына қосақ, құйрығына тіркеу қосып малын қайырады.
Шешендік сөздердің шеберлігі, құндылығы сөз сайысында, алқа топтың
алдында бағаланатын болған.
Жалпы қауым,кейде жеке адамдар атынан айтылатын ақылды, аталы
сөздердің мол тараулары – шешендік арнау, толғау түрінде болса, екінші бір
күрделі саласы шешендік даулар болып келеді.
Мұндай даулы тартысқа түсушілер сөзуар даугерлер мен оған қарсы
тұрушы халық шешендер болған. Бізге жеткен шешендік сөздерден Жиренше,
Сырым, Аяз би секілді халық даналығын бойларына сіңірген, сөз өнерін еркін
меңгерген ондаған халық шешендерінің аты мәлім. Белгілі халық шешендері мен
атыбелгісіз данышпан қарт, шешен әйел, тапқыр бала, кедей жігіт атынан
айтылатын шешендік сөздерге тән бір қасиет шешендік, тапқырлығы мен
әділдігі ойының айқындығы.
Одан билер сөзінің бір айырмашылығы сөзді жұмбақтап, астарлап
сөйлеуінде.
Шешендік сөздер,көбінесе,түсінік сөзбен басталады.Түсінік сөзде
айтылмас шешендік сөздің нендей мәселемен байланысты,қандай жағдайда
туғандығы және кім айтқандығы баяндалады.Түсінік сөздің көркем болуы шарт
емес,тек ықшамды,әрі түсінікті болуы шарт.Түсінік сөздің өзі көркем
болмағанымен, шешендік сөздің мағынасы мен көркемдік маңызын ұғыну үшін
мәні зор.Әдетте шешендік сөз түсініктен
кейін немесе сонымен аралас айтылады.Шешендік сөздің тілі көркем,мағнасы
қызық болумен бірге сөздері сұрыпталған,сөйлемдері қалыптасқан болып
келеді.
Шешендік сөздерді құрылысына қарай термелі сөз,пернелі сөз деп 2-ге
бөлуге болады.Құрылысы өлең-жырға ұқсас шешендік сөздерді термелі сөз
дейміз.Шешендік термелі сөздің өлең-жырдан негізгі айырмасы шешендік терме
үшін буын-бунақ саны біркелкі болып келу шарт емес.Оның үстіне шешендік
термеде сөйлемнің ұйқасынан гөрі,ырғағына,ішкі мағыналық байланысына назар
салынады.Сондықтан да өлең-жырда буын толтыру,жол ұйқастыру үшін алынатын
артық сөздер шешендік термеде болмайды,тек ең қажетті сөздер таңдап-талғап
алынады.
Негізінде өлең-әнмен,жыр-әуенмен айтуға келеді.Ал шешендік терме әнге
салып,әуенге қосып айтуға келмейді.Оның есесіне шабытпен шапшаң
жауаптасуға,ауыз екі сөйлесуге ептейлі болады.Бірақ,бұдан шешендік терме
біркелкі буын, біріңғай ұйқастан қашады деген ұғым тумасқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шешендік сөздерді жанрлық тұрғыдан бөлу
Қазақ ақындары мен шешендерінің алғашқы ұстаздары
Шешендік сөздер қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі ерекше жанр
Шешендік сөздердің жанрлық ерекшелігі
Қазақтың шешендік сөздері
ШЕШЕНДІК СӨЗДІҢ ЖАНРЛЫҚ ТҮРЛЕРІ
Тарихтан сыр шертетін-халық даналығы
Шешендік сөздердің мазмұны мен құрылысы
Шешендік сөздердің маңызы
Шешендік өнер туралы
Пәндер