Сиыр жасының сүттің майлылығына тигізетін әсері
Мазмұны
1 Кіріспе 5
2. Негізгі бөлім 6
2.1 Әдебиетке шолу 6
2.2 Ірі қараның биологиялық ерекшеліктері 7
2.3 Сүттілік 9
2.4 Сүттің түзілуі 10
2.5 Сиыр сүттілігін есепке алу тәсілдері 11
2.6 Сүттілікке әсер ететін жағдайлар 12
2.6.1 Тұқым қуалаушылықтың маңызы 12
2.6.2 Сүттіліктің сиырдың жасына қарай өзгергіштігі 15
2.6.3 Алғаш ұрықтандыру жасының әсері 15
2.6.4 Сүттіліктің сиырдың тірілей салмағына байланыстығы 15
2.6.5 Сервис кезеңінің әсері 15
2.6.6 Сауу жиілігінің әсері 16
2.7 Сауын маусымның жүру сызығы 16
2.7.1 Сиырды сүтейту 17
2.8 Сүттің құрамы және оның өзгергіштігі 18
2.8.1 Сүттің майлылығы 18
2.8.2 Сүт белогы 19
2.9 Сүттің құрамы мен сапасына әсер ететін жағдайлар 20
2.9.1 Тұқымының әсері 20
2.9.2 Сиыр жасының сүттің майлылығына тигізетін әсері 21
2.9.3 Сүт құрамының бір-бірімен байланыстылығы 21
2.10 Сүт өндіруді ұйымдастыру 23
3 Қорытынды және ұсыныстар 26
4 Қолданылған әдебиеттер 27
Қосымша суреттер 28
1 Кіріспе
Ірі қара еліміздің мал шаруашылығы экономикасында маңызды орын алады.
Халық шаруашылығына түсетін қаржының тең жартысына жуығын ірі қара
шаруашылығы береді.
Ірі қарадан ет, сүт және одан жасалатын тағамдар (май, құрт, ірімшік,
қышқыл сүт тағамдары) жәнежеңіл өнеркәсіп өндірісіне қажет шикізат алынады.
Сонымен қатар, ірі қара органикалық тыңайтқыш – көңмен қамтамасыз ете
алады.
Ірі қара терісінің аяқ киім ұлтаны және жоғары сапалы былғары
дайндалады. Ірі қара мүйізінен тарақ, түйме әр түрлі әшекей жасалады.
Қанынан қан ұнтағын, альбумин, қан шұжығын дайындайды. Сүйегінен желім,
сүйек ұнтағын, ал қылшық жүнінен шетка, қылқалам жасайды. Ірі қара ірі
азықты (пішен, сабан, топан) тиімді пайдаланып, жұмсалған азықты сүтпен,
қосымша салмақпен тиімді ақтай алады. Малдың бұл тұқымы жер таңдамайды, тез
жерсінетіндігінен кез-келген жерде өсіріледі.
Бұрын Қазақстанда ірі қараның басым көпшілігі жергілікті қазақы мал
болды да, солтүстік облыстардың кейбір аудандарында ғана қырдың қызыл
сиыры, Жетісуда және оңтүстік облыстарда швиц тұқымы мен қара ала тұқым
малы өсірілді.
Қазақстанда отызыншы жылдардың басында герфорд, швиц, симментал,
қырдың қызыл сиыры және қара сиыр тұқымы көптен әкелінді де, олармен
жергілікті ірі қараны будандастыру кеңінен жүргізілді.
Мал өнімділігі бірнеше жағдайларға байланысты келеді. Осы орайда
ауызға малдың шыққан тегі оралады. Бұл тұқымның асылдығына келіп саяды.
Содан кейін тұқымдық қасиеттерінің тіршілікте дамып, іске асуы да қалыс
қалмауға тиіс. Осы жағдайларға ең алдымен жас кезінде азықтандырып, күту
жатады. Міне, осы жайттарды ескере отырып, малдың шыққан тегі мен сырт
пішініне қарап-ақ оның келешектегі өнімділігін болжауға әбден болады.
Сиырдың сүттілігін байқайтын біршама ерекшеліктері болады. оны
болашақ сиыр иелері жақсы білуге тиіс.
Сиырды сатып алардан бұрын оның шыққан тегін анықтап алу керек. Таза
тұқымды, мол өнімді малдан көбіне мол өнімді төл туады. Сонымен қатар, осы
малдан ілгерілікте туылған төлдің өсіп-жетілу барысын, өнімділігін, оның
азығын да ескергеннің артықтығы жоқ. Егер олар мол өнімді болса бұл бұқа не
сиырдың өз өнімділік қасиеттерін төліне жақсы дарытатындығын көрсетеді.
Қара малдың денсаулығы мен өнімділігі әр организмдернің өзіндік
құрылысына тән конституциялық ерекшеліктеріне байланысты келсе, сол
ерекшеліктер оның сыртқы дене пішіні мен тұлға ерекшеліктері –
экстерьермен, сонымен тығыз байланысты ішкі құрылыс ерекшеліктері –
интерьерімен белгіленеді. Сондықтан экстерьерлік ерекшеліктерді бағалай
отырып, малдың ішкі құрылысына, органдарының қызметіне назар аударуға
болады. Енді сүтсіз сиырды айқындайтын қызметіне назар аударуға болады.
Енді сүтсіз сиырды айқындайтын экстерьерлік белгілерге тоқталып өтейік. Ең
алдымен, олардың сүйегі жеңіл, бірақ мықты, аяқтары түзу, тұяқтары қатты
келеді.
Сүттілікті айқындайтын негізгі белгі – сиыр желінің дамуы. Желіндері
жақсы дамыған, емшектері салалы, сүт тамырлары қатты білеуленіп, желіннің
алды-артындағы терісі жұқа, селдір жүнді, жиырылыңқы келуге тиіс.
Халық арасында сиырдың сүттілін, өнімділігін өздерінше анықтайтын
кісілер де бар. Мысалы, біреулер танауының үстіндегі тер моншақтары мен
құлағының тер және май бездеріне қарап тері және май бездері жақсы жұмыс
істейді деп таниды. Мұндайда сүт бездерінің, яғни емшектердің де қызметі
жетілген деп тұжырымдауға болады. сүтті сиырлардың қабырғалары омыртқаға
қарай бұрыштана қиылған, соңғы екі қабырға аралығында 3-4 саусақ сыюға тиіс
(5-6 см). олардың құйрықтары ұзын, жерге сүйретіліп жатады. Ал құйрық
ұшындағы қайызғақ мол да майлы сүт шығатын сиырлар организміндегі зат
алмасу барымының жедел жүретіндігін байқатады (1 сурет). Сүт тамырларының
кеуде қуысына енетін жеріне (сүт құдығы деп те аталады) 2-3 саусақ сыюға
тиіс. Сонда ғана сүттің түзілуіне қажетті (әр 1 литріне 400-600 л) қан
айналымын қамтамасыз ете алады.
Халықты мал өнімімен қамтамасыз етуде ірі қара өнімі қазіргі кезде
алдыңғы орын алды. Демек, оқымыстылар мен мамандардың алдында тұрған мақсат
– жас малды дұрыс өсіру және мал бордақылау, сут өндіру технологиясын
жақсарту, оны өндіріске енгізу, ірі қара тұқымын әлі де болса жақсарта түсу
қажет.
2 Негізгі бөлім
2.1 Әдебиетке шолу
Ірі қара мал сүті туралы көп мәліметі жазылған. Сонымен қатар мал
шаруашылықтарында өте сүтті сиырдан сауылған сүтті күнделікті өндірісте
қалай қолданылатыны сипатталған. Сонымен бірге өзара байланысты болған сүт
мөлшері мен сүт майлылығы арасындағы байланыс ген негізінде жүзеге асқан
бұқаларды пайдалану жолы көрсетілген. Соған орай Б. Ысқақбаев Ірі қара
шаруашылығы атты кітабында, сиырлардың сүт майлылығы тұқым қуалағыш
белгісі арқылы анықталғаның айтып өткен.
Фермаларда сүт өндіру үшін орындалатын жұмыстардың маңыздысының бірі –
малды дұрыс азықтандыруы екенің Әбділманов ескерте кітабында жазып өткен.
Осы мақсатта әрбір ферма бойынша алдын ала алдағы жыл және оның маусымдары
бойынша керекті мал азығы түр-түрімен есептеледі. Бұл кезде мал саны табын
құрамы, малдың әрбір өндірістік тобының өнімділік деңгейі жан-жақты
анықталуы жөнінде айтылған. Бұдан соң малдың әрбір тобына маусымдар бойынша
азықтандыру мөлшерін және азықьың құрылымын белгілеуін және ғылыми
мекемелердің ұсыныстарын ескере отырып, мал азығының қажетті көлемін
есептеу керек екені айтылған.
Бұл кітапта авторы ірі қара тұқымдарының төлдері жыныстық жағынан ерте
жетілетіні жөнінде айтып өткен. Бірақ физилогиялық ерекшеліктері мен
шаруашылыққа пайдалы қасиеттері жетіле бермегендіктен, олардың алдымен өз
организмінің өсіп-жетілуіне кедергі келтірмей, болашақ төлдің жақсы жетіліп
туылуына жағдай туғызу үшін оларды 6-9 айлығында емес, 1,5 жасында, тірілей
салмағы 320 килограммнан асқанда ғана ұрықтандыру қажет екенін ескерткен.
Ірі қара мал өсіретін шаруашылықтардағы таза өсіру будандастыруы және
гибридтеу тәсілдері туралы айтылған. Бұл шаруашылықтарда мал өсіру
тәсілдеріне байланысты жайылымдары, азықтандыру мүмкіншілігінде, алдағы
уақытта өсіретін жергілікті тұқым сапасы сипатталған және тағы басқа мал
өсіру шаруашылығына керекті көптеген деректер жазылған.
2.2 Ірі қараның биологиялық ерекшеліктері
Эволюциялық дамуы барысындав адамға қажетті биологиялық ерекшеліктерін
қалыптастырған ірі қараның анатомиялық құрылысы мен физиологиялық
процестерінде біршама айырмашылық бар. Қоректену типі жағынан шөп
қоректілерге, ал қорытуы жағынан күйіс қайыратындарға жатады. Ірі қараның
күйіс қайыруы олардың ас қорытуы жолдарының құрылыс ерекшеліктеріне
байланысты мәселе. Ірі қара асқазаны көп камералы келеді. Оның үш алдыңғы
бөлігінде без болмайды, қарын сөлі бөлінбейді. Сондықтан олар желінген
азықты күйсеуге дейін сақтайтын орын болып табылады. Аумақтары да соған
бейім, өте сыйымды келеді. Мәселен таз қарынның аумағы 150-180 л,
жұмыртшақтыкі – 12 л, жалбыршақтыкі – 18 л.
Жұтылған азық өңеш арқылы құрсақ қуысының негізінен сол жақ бөлігінде
орналасқан таз қарынға түседі. Ауыз қуысында мол сілекейге шыланған (сиыр
тәулігіне 100 литрдей сілекей бөледі) азық қарынның ішкі жақ қабырғасы мен
жұмыртшақтың күшті жиырылуының арқасында (бес минут ішінде 7-10 рет
жиырылады) іштегі заттармен араласады. Жұмыртшақтың ұяларында жұмсарған,
бірақ толық ұнтақталмаған азықтар кекіру кезінде өңеш жолымен ауыз қуысына
қайиып оралады. Содан әбден шайналып барып, қайта жұтылады. Бұл процесті
күйіс қайыру деп атайды. Қарындағы азық әбден шайналғанша ауыз қуысына
осылайша қайта-қайта қайтарылып тұрады. Мал күйісті азықтанғаннан кейін 15-
20 минуттан соң қайырады.
Әбден шайналып, сілекейге шыланған азық қайта жұтылып, қарынға
түскеннен кейін одан әрі механикалық және химиялық өңдеуден өтеді. Азықтың
осылай алдыңғы қарындарда өңдеуден өту процесі биологиялық, дәлірек
айтқанда микробиологиялық өңдеумен қатар жүреді.
Алдыңғы қарындардағы микроорганиздер әсерінен алдымен қиын қорытылатын
азықтық заттар – клетчатканың қорытылуы көңіл аударуға тұрады. Осы
микрорганиздер тіршілігі арқылы алдыңғықарындарда азықпен түскен
клетчатканың жартысына жуығы қорытылып, ыдырайды. Жалпы алғанда
микробиологиялық процестер арқылы күйіс малын көп камералы қарындарында
азық қорыту және сіңіру процестерінің негізгі бөлігі (70-80%), ал
ішіктеріне тек 20-30 проценті ғана өтеді. Сондықтан да ішекте қорытылу
процесі басым бір камералы қарынды малға қарағанда көп камералы қарынды
малға қарын ішекте қорытылу процестері қатар жүреді. Күйіс малының алдыңғы
камераларында орын алатын микробиологиялық процестерді түсіндіру үшін ол
қарындардағы заттардың (жынның) әр 1 миллилитрінде 80 мыңнан 2 миллионға
дейін инфузориялар және 20 мыңнан 100 миллиардқа дейін түрлі бактериялар
тіршілік ететін айтсақ, олардың азық қорыту барысындағы атқаратын қызметі
сөзсіз айқындаладыдеуге болады. осынша микроорганизм алдыңғы қарындардан
азық бөлшектеріне ілесіп негізгі қарынға өтеді де, қарын сөлінің
қышқылдылығы салдарынан өліп, азықтық қоректік заттарымен қатар қорытыла
бастайды. Олардың денесіндегі түзілген белоктар ыдырап, күйіс малының
организмін азықта болмаған, ауыстыруға келмейтін амин қышқылдарымен
байытылған белокпан қамтамасыз етеді. Осы микробиологиялық түзу өнімін
белок деп атайды. Тәулігіне әрбір сиыр биологиялық тұрғыдан байытылған,
осындай жоғары сапалы 400-450 грамм құнды белокқа ие болады.
Міне, ас қорыту барысының, көп камералы қарнындағы ас қорыту
ерекшеліктерінің арқасында ірі қара ірі азықты барынша көп жеп, қорыта
алады. Қорытылған қоректік заттардан асасапалы өнімдер ет және сүт
өндіреді. Сауын сиырлар сүт өңдіру үшін азықтық қоректік затының 50
процентіне дейінін пайдаланса, бордақылаудағы өгізшелер тек 16-20 процентін
ғана пайдаланады.
Қолға ұстап үйреткеннен бергі уақытта ірі қараның нерв жүйесі біршама
өзгерді, адамға пайдалы қасиеттері жетіліп, қалыптасты. Олар өсіру
жағдайларына көнбіс келеді. Олардың жыныстық қасиеттері де өзгеріп, тек
көктемге ғана емес, жыл бойы төлдеуге бейімделді. Төлінің өсуі мен жетілуі,
өнімділігі де әлденеше есе өсті.
Қазіргі ірі қара тұқымдарының төлі 6-9 айлығында ақ жыныстық жағынан
жетіледі. Бірақ бұл кезде олардың организмі әлі толыса қоймайды.
Физилогиялық ерекшеліктері мен шаруашылыққа пайдалы қасиеттері жетіле
бермейді. Міне, осыдан барып олардың алдымен өз организмінің өсіп-жетілуіне
кедргі келтірмей, ал екінші жағынан, болашақ төлдің жақсы жетіліп туылуына
жағдай туғызу үшін оларды 6-9 айлығында емес, 1,5 жасында, тірілей салмағы
320 килограммнан асқанда ғана ұрықтандыру қажет.
Ұрықтандыру жұмысы нәтижелі болу үшін құнажындарды жыныс циклының
белгілі кезеңінде ұрықтандырады. Жыныс циклы нәтижелі ұрықтанғанға дейінгі
әрбір 3 апталықта қайталанып тұрады. Осы цикл ішінде сиырлар тек жыныстық
қабылдау кейпін танытқан мезгілде ұрықтандырылса ғана ол тоқтайды. Орта
есеппен сиырлар буаздығы285 тәулікке созылса, сол уақыттағы бағып-күтіміне
байланысты 260 тәуліктен 312 тәулікке дейін ауытқиды.
Әдетте сиыр жалқы туады. Бұл түлікте егіз туу өте сирек кездесетін
құбылыс. Тұқымына және бағып-күту ерекшеліктеріне байланысты жаңа туылған
бұзау салмағы 20 килограмнан 40 килограмға дейін тартады немесе енесі
салмағының 7 процентіндей келеді. Еркек бұзаулар салмағы ұрғашыларынан 1-2
килограмм артық тартады. Олар 5 жасына дейін жақсы өсіп-жетіледі.
Денесінің қызуы – 38,6ºС, тамыр соғысы минутына 50-60 рет. Сақа малда
32 тіс (20-сы астыңғы жақ, 12-сі үстіңгі жақ сүйегіне орналасқан) болады.
тістердің ауысуы мерзімі мен жұқару белгілеріне қарап малдың жасын
ажыратуға мүмкіндік бар.
Сүтті сиырлардың негізгі өнімі – сүті өте күрделі, жоғары сапалы
азықтық өнім. Оны өндіру үшін сиыр организмі орасан зор физилогиялық қызмет
атқарады. Айталық, тек 1 литр сүт түзілу үшін желін тамырлары арқылы 500
литрден астам қан айналып өтеді екен.
Міне, осыншама күрделі жұмыс атқара отырып, сиыр организмі өндірілген
сүттің құрамын, жалпы алғанда, бірқалыпты сақтайды. Сиыр сүтінде орта
есеппен 87,5% су, 3,5% сүт майы, 3,3% сүт белогы, 4,7% сүт қанты, 0,7%
минералды заттар болса, сол қоректік заттар тобының құрамдары да өте бай
және басқа азықтарда кездеспейтін түрде қалыптастырылады. Мысалы, сүт
белогының құрамында тіршілікке қажетті барлық амин қышқылдары болса, сүт
майы өте сіңімді ұсақ май түйіршіктерінен тұрады. Сүт қанты мен минералды
заттарды сүтте сіңірілуге қолайлы ерітінді түрінде кездеседі. Адам
организмінде сүт белогы 96%, тіршілікке қажетті барлық дерлік минералдық
элеменнтерді табуға болады.
Ірі қарадан алынатын келсі бағалы өнім – ет. Ол белокты (15-17%) және
әдейі бордақылаудан кейін майлы (16-19%) диеталық азық болып табылады.
Әсіресе етті тұқымының ірі қарасы мен және жергілікті тұқым ірі қарасының
еті дәмді келеді.
2.3 Сүттілік
Сүтті бағыттағы сиыр өсірудегі басты мақсат барынша аса жоғары сапалы
сүт сауу. Сиырдың сүттілігі 305 күнде сауылған және тәулігіне ең көп шыққан
сүт мөлшеріне қарай анықталады. Сондықтан сиырдың сауылуы мерзімі қысқа
болса, ондай сиырдың пайдасы аз.
Сиырды сүттілігіне қарай сұрыптағанда оның сауылу кезеңінде шығатын
сүтінің өзгеруіне де көңіл аударылады. Мысалы, кейбір сиырдың тәулігіне
шығатын ең көп сүті сауын маусымының екінші айында сауылса, содан кейінгі
айларда тез арада төмендейді, ал енді біреулерінің ондай көрсеткіші бұған
керісінше бірте-бірте көтеріліп, сауын маусымының соңғы айларында ғана
төмендей бастайды. Сауын маусымында осының соңғысынан ғана төмендей
бастайды. Сауын маусымында осының соңғысынан ғана мол сүт саууға болады.
Сиырдың сүттілігі оның тұқымына, азықтандыру жағдайына, күтіміне,
жасына, қоңдылығына, тірілей салмағына, сауылған мерзіміне және уақтылы
саууына байланысты келеді. Сүттілік тұқым қуалайды. Дегенмен, ең жақын тегі
– ата-енесінің сүттілікке тигізер әсері күшті.
2.4 Сүттің түзілуі
Сүттің түзілуі өте күрделі процес. Оған желін ғана емес, сонымен
бірге орталық нерв жүйесі де, асқорыту органдары да, қан айналу жүйесі мен
ішкі бездер де қатысады. Эндокринді бездердің ішінде гипофиз гормондарының
маңызы зор.
Сиырды сауғанда немесе бұзауын қосқанда емшектегі нерв қозып,
гипоталамусқа хабар түседі де, ал релизинг гормон бөле бастайды. Ол гормон
гипофизге түседі де, оның алдыңғы бөлігінен қанға пролактин араласады.
Пролактинің де сүт түзудегі маңызы зор. Ал гипофиздің артқы бөлігінен
окцитоцин атты гормон бөлінеді. Бұл гормонның да сүт бөлудегі маңызы
ерекше. Гипофиздің ерекшілігі – сүттің түзілуіне тікелей әсер етіп қана
қоймай, сонымен бірге басқа да эндокринді бездер арқылы (мысалы, қалқан
безі) да сүт түзілуіне әсер ете алады.
Сүт желіннің өңдеуімен қандағы заттардан түзіледі. Салыстыратын
болсақ, сүттің құрамында қанның құрамынан қант 90-95 есе, май – 20 есе,
кальций 9 есе көп болғанымен, белок 2 есе, натрий 7 есе аз.
Сүттегі органикалық заттар өзінің құрылысы мен қасиеті жағынан өзіне
ғана тән ерекшеліктерімен сипатталады. Мысалы, сүттегі қант қанда жоқ,
белоктары (әсіресе казеин, глобулин) мен майы қандағы май мен белоктен
өзгеше. Желін қанмен мол қамтамасыз етіледі. Бір кг сүттің үшін желіннен
500 кг дейін қан өтеді. Сүттің құрамына енетін заттар альвеол эпителийі мен
сүт жолдарын астарлайтын эпителийлерде түзіледі. Оның түзілуі әлі де анық
емес. Тек, сүттегі витаминдердің, гормондардың және минералды заттардың
қанмен келетіні анық.
Бірақ мұның өзі де жай ауыса салу емес, физиологиялық активті
процесс. Ал белоктарды, майларды және сүт қантын желіннің өзі түзеді. Бұл
процесс желінге келген қан құрамын зерттеу арқылы анықталған. Артериялық
және веналық қан құрамын зерттеу арқылы сүт түзілуіне пайдаланылған заттар
да белгілі болды. Сүт түзетін заттардың басым көпшілігі алын ала бауырда
түзіледі. Сүтте кездесетін белоктар – казеин, альбумин, глобулиндер
табиғатта кездеспейді. Бұл белоктар тек желінде ғана түзіледі. Глобулин
қаннан сүт құрамына өте алады. Сондықтан қан глобулині мен сүт глобулині
арасында айырма жоқ. Сүтте, сонымен бірге сүт майының қабығы, яғни
липопротеидтерде күрделі белоктар бар. Сүт белогы басын амин қышқылдарынан
алады. Сүттегі белоктың 35-40% қанмен келген амин қышқылдарынан түзіледі
және сүт белогының түзілуіне нуклеин қышқылдары араласады деген болжам бар.
Сүт майы мал денесіндегі басқа майлардан өзгеше. Сүт майы – үш атомды
спирт пен май қышқылдарынан тұратын күрделі эфир. Ол майлардың кейбіреулері
желінде ғана түзіліп, сүтте ғана кездеседі. Сүт майының түзілуіне үлкен
қарындағы углеводтардың ашуынан туатын сірке қышқылының маңызы зор. Үлкен
қарындағы ашу процесінің жүруіне рационың құрамы да әсер етеді. Рационда
пішен, пішендеме, сүрлем үлесі көп болса, қарында сірке қышқылды ашу
процесі басым келеді де, сүттің майлылығы жоғарылай түседі. Ал рацион
құрамында жем көп болған жағдайда, қарында пропион қышқылды ашу басым
жүріп, сүттің майлылығы төмендейді. Ірі азықты ұсақтап немес түйіршік
түрінде бергенде де үлкен қарында дәл осындай процесс жүреді. Қандағы сірке
қышқылының 80% желін сіңіреді. Бұл қышқылдан глицерин мен май қышқылдары
түзіледі.
Кесте 1. Сүттің химиялық құрамы
(К. В. Маркованың мәліметі, % есебімен)
№ Құрамы Сүт
орта есеппен ауытқуы
1 Су 87,5 86,0-88,5
2 Құрғақ заттар 12,5 11,5-14,0
3 Май 4,0 3,0-3,7
4 Белок 3,2 3,0-3,7
5 Сүт қанты 4,5 4,2-4,7
6 Минералды заттар 0,8 0,6-0,9
Сүттегі жалғыз углевод сүт қанты – лактоза. Оның түзілуі өте күрделі
ферменттік процесс. Қандағы глюкозаны желін сіңіреді де лактозаға айналады.
Кейбір оқымыстылардың айтуынша, лактозаның түзілуіне полисахарид
галактогені де қатысады және амин қышқылдары желінде бауырдағыдай
ыдрайтындықтан углеводтардың амин қышқылдарының ыдырауы салдарынан да
түзілуі мүмкін.
2.5 Сиыр сүттілігін есепке алу тәсілдері
Сиырлар мен олардың ұрпақтарының асыл тұқымдық қасиетін және оларды
пайдалану барысындағы экономикалық тиімділікті айқындату үшін алдымен
зоотехникалық есепті жолға қою керек.
Сүтті бағыттағы сиырлардың ең негізгі өнімі сүт болғандықтан әр
сиырдан сауылған сүтті есепке алу өте маңызды жұмыс.
Осы есептелген көрсеткіштердің негізінде мал тұқымын асылдандыру
жұмысының басты – басты шаралары: тұқымқуалаушылық қасиеттін анықтау, малды
сұрыптау, жұп таңдау, бонитировкалау т.б. жұмыстар жүргізіледі.
Әрине, сиырдың сүттілігі жөніндегі нақты мәліметі күнделікті есеп
арқылы алуға болар еді. Сондықтан тұқыммал заводында, тұқыммал ауылдарында
өте сүтті сиырдан сауылған сүтті күнделікті жеке-жеке есептейді. Бұл өте
ауыр, майда жұмыстарды күнделікті қайталауды талап ететін өнімсіз жұмыс.
Сонымен бірге жүздеген сиыры бар қатардығы шаруашылықтарда сиырлардың
сүттілігін дәл осындай күнделікті есепке алу ақылға симайды да, оның қажеті
де жоқ. Соған орай, тәжірибеде, тәуліктік бақылау сауынын жүргізу арқылы
сиыр есепке алу қолданылып жүр.
Бақылау сауыны 10-15 күнде бір рет жүргізіледі. Ал әр сиырдан сауын
маусымында сауылған сүтті есептеудің бірнеше жолы бар. Соның тәжірибеде
қолданылатын біреуін талдап көрейік. Айталық, сауын маусымында табында 30
рет бақылау сауыны өтсін (әрбір 10 күн сайын). Бақылау сауынында 300 л сүт
сауылды. Сонда орта есеппен бір бақылау сауынында 10 л сүт сауылған
(300:30=10) сауын маусымының ұзақтылығы 305 күн. Демек, әр сиырдан сауын
маусымында 305*10=3050 кг сүт сауылған.
Тағы бір тәсіл: бақылау сауынында сауылған сүтті 10-ға көбейтіп, он
күндік сүтті анықтайды. Үш онкүндік сүтті қосып, бір айлық сүтті анықтайды
да, сауын мауысымындағы 10 айлық сауылған сүт жиыны маусымдық сүттілікті
көрсетеді.
Шаруашылықтарда экономикалық көрсеткіштерді анықтау үшін сиырлардан
жыл бойы сауылған сүт те есептеледі.
Ол үшін барлық сауылған сүтті сол жылы азықтандырылған сиырлардың
орташа санына бөледі. Ондай сиырлар санын анықтау үшін сиырлардың жыл бойғы
азықкүн санын, әрбір айдағы сиыр санын сол айдың күніне көбейтеді де,
шыққан азық күн санын (жинақтайды) 365-ке бөлу керек.
2.6 Сүттілікке әсер ететін жағдайлар
Сүттің құрамы да, оның мөлшері де көптеген жағдайларға байланысты.
Солардың ішіндегі ең бастылары: тұқым қуалаушылық, азықтандыру, күту
жағдайлары, бұзаулаған маусымы, сауын және суалу маусымның ұзақтығы және
т.б.
2.6.1 Тұқым қуалаушылықтың маңызы
Сұрыптау және азықтандыру жағдайын, күтімін жақсарта түсу негізінде
өнімділігі әр түрлі сиыр тұқымдары пайда болды. Сонымен қатар бір тұқымға
жататын мал ішінде де ата-тегіне (генотип) байланысты өнімділігі де әр
түрлі сиырлар бар.
Мұндай тұқымаралық ерекшелік сиырды бонитировкалау талабында
ескерілген.
2 кестедегі мәліметтеріне қарап мынадай тұжырымға келуге болады:
тұқымдық сиыр өнімінің деңгейі анықталады. Сонымен қатар тұқым ішінде мал
өнімділігіне оның өскен сыртқы ортасы әсерін тигізеді.
Кесте 2. Сиырдың сүттілігіне қарай жасалған 1 класс стандарты
305 күндегі Сүт Сүт ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz