Егіншілікте мал азығын өндіру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

1: 1
Кіріспе . . .: Кіріспе . . .
5: 5
1: 2.
Кіріспе . . .: Негізгі бөлім . . .
5: 7
1: 2. 1
Кіріспе . . .: Әдебиеттке шолу. .
5: 7
1: 2. 2
Кіріспе . . .: Мал азығын өндіруді және пайдалануды ұйымдастыру. .
5: 7
1: 2. 2. 1
Кіріспе . . .: Мал азығының қорын жасау негіздері . . .
5: 7
1: 2. 2. 2
Кіріспе . . .: Азықтың қажетті мөлшерін есептеу . . .
5: 9
1: 2. 2. 3
Кіріспе . . .: Егіншілікте мал азығын өндіру . . .
5: 11
1: 2. 2. 4
Кіріспе . . .: Шабындықтар мен жайылымдарды пайдалану.
5: 13
1: 2. 3
Кіріспе . . .: Мал шауашылығы және оны азықтандыруы
5: 16
1: 2. 3. 1
Кіріспе . . .: Құс шаруашылығы және оның азықтандыруы
5: 16
1: 2. 3. 2
Кіріспе . . .:

Қой шаруашылығы, азықтандыруы және тұқымдары мен

өнімдері. … . . .

5: 20
1: 2. 3. 3
Кіріспе . . .: Ірі қара тұқымдарының азықтандыруы және оның өсіп өнуі… . . .
5: 23
1: 2. 3. 4
Кіріспе . . .: Жем-шөп дайындау, осы заманға сай технологиясы, өңдеу мен жемдеу азықтарын сақтау . . .
5: 25
1: 2. 4
Кіріспе . . .: Малды азықтандырудың түрлеріне азық құрамына экономикалық баға беру.
5: 28
1: 3.
Кіріспе . . .: Қорытынды және ұсыныстар . . .
5: 29
1: 4.
Кіріспе . . .: Пайданылған әдебиеттер . . .
5: 30

1 Кіріспе

Павлодар облысының аграрлық аумағында соңғы жылдарда, еліміздің басқа аумақтарындағыдай нақты өзгерістер өтті. Нарықтық қатынастар жаңа құрылған ауылшаруашылық кәсіпорындары өндірісте азықтарды өңдеуін және оны дайындауын талап етті. Осыған орай өңдірістің мандандырылуына елеулі өзгерістер енгізді және жаңаша жыртылған жерді қолдану мәселесін қойды.

Ауыспалы егісте тарының жармалық дақылдарын, қарақұмықты және майлы дәнді күнбағысты енгізсе келесі жылы егістіктерде елеулі көлемде олардың қодрендері пайда болады. Сондықтан егіс үшін олардан кейін жер үстіндегі массасы пайда болған тары, күнбағыс, қарақұмық өсімдіктерімен аралас азықтық және сидералдық мақсат үшін қолданатын дақыл қажет. Бұл мәселелер ауыспалы егіс құрамында мал азығын дайындауға бұршақ шөптер және көпжылдық шөбін енгізгенде шешілуі мүмкін. Бұдан басқа аймақтағы маңызды мал шаруашылығы саласының дамуы шаруашылық етудің жаңа жағдайында оны азықпен қамтамасыз ету жүйесінің жоқтығынан тоқтап тұр. Бұршақ шөптер және көпжылдық шөбін егіп өсіру азық базасының елеулі нығаюына, дайындалушы азықтардың қоректілігінің елеулі түрде жақсаруына мүмкіндік береді.

Бұршақ шөптері өнімділігінің төмендеуі бес-он жыл қолданыстан кейін олардың шықпай қалуына фитоценоздың толық қалыптаспағаны көрсетілген

Сондықтан, жемшөпті бұршақ компоненттерімен толықтыру, бұршақ дәнді шөптер өнімділік динамикасы олардың жыл сайынғы ботаникалық құрамының өзгеруі, олардың тиімді қолданылуының ұзақтығы, шалғындандырылу мерзімінің қондырылуы шешілмеген проблемалар үлкен теоретикалық және тәжірибелік маңыз тудырады.

Бұршақ шөптерін кеңінен пайдалану минералды азотты қымбат тұратын шикізат ретінде үнемдеу қажеттігінен, азот тыңайтқыштарының жоғары мөлшерлері қоршаған ортаға теріс әсерін жою, сондай-ақ мал өнімдері мен жемшөп сапасына жоғары талаптар қоюынан туындайды.

Қазақстанның құрғақ дала аймағында осы уақытқа дейін мал бағу негізінен құрғақ дала жағдайында (жыртылған жерде, түпкілікті жақсартылған жерлерде) ірі қара малды табиғи дала шөпқұрағында бақты, ал жаздың басында ( маусым, шілде) ылғалдың жетпеуінен олар «жанып кетті», осы уақыттан бастап сүт сауымы күрт төмендеді. Осыған байланысты жайылмалы шалғындықтарды пайдалану және жақсарту әдістерін жасау ғылыми негіздіктен қажеттілік туғызады, жөндеуші төлдер үшін бұршақты- дәнді жайылымдар жасау жолымен мәселе шешіледі.

Батыс Еуропада және Ресейде мәдениетті жайылымдарды пайдаланудың әртүрлі тәсілдері қолданылады. Мысалы, Нидерландыда осы уақытта қоршаулы жайылым кеңінен пайдаланылады: табынды бір қоршауда екі күннен 5 күнге дейін бағады. Жайылымның 1, 5 бар көлемі тұрақты ұсталу үшін пайдаланылады, Осы әдісте жем-шөпті шабу және фермаға күніне бірнеше рет тасу қажеттілігі болмайды. Осы жүйе шөпқұрағын пайдалануда жоғары коэффициентті қамтамасыз етеді, бірақ ол көп еңбек, техника және жем шығындарын талап етеді.

Ірі қара мал торпақтарын қарқынды қоршауда баққанда шөпқұрағының жапырақ фракцияларына және өркендеріне біршама зақым келтіріліп, олар келесі циклдағы өнімге теріс ықпал етеді. Үнемі баққанда шөпқұрағының жапырақ фракциялары біршама желініп, өнімдік азаяды. Бірақта, жайылу қарқыны маусым бойынша шөпқұрағының өсу қарқынына және жүктемесіне тәуелді. Өткізілген тәжірибе нәтижесінде ірі қара мал торпақтарын үнемі бағу реттелген жүктемеде жоғары сапалы жем-шөп мөлшерін жеткілікті түсуін қамтамасыз етеді. Малдардың өнімділігі қоршалы бағуға қарағанда төмендемеді.

Дақылдың жайылымдар ең арзан жазсыз жазықты береді. 1 га азықтың бірлігіндегі 2000-2500 шалғындық өнімділігімен салыстырғанда азық бірлігі 3500-4000 аса өнім кезінде өзіндік құндылығы 2 есе төмендейді. Дақылдың жайылымдарда ең арзан сүт алады. Сүттің өзіндік құны сүтті сиырлар рационында жайылымдық азықтың үлестік салмағына тікелей байланысты болады. Жайылымдағы жануарлар рационында азық үшін жоғары болса, өнімнің өзінді құн бірлігі төмен, өндірістегі бұл саланың рентабельділігі жоғары болады. Ресей Федерациясы Калинин облысы Калинин ауданы Киров шаруашылығында тек соңғы жылдары ғана дақылдың жайылымдар құрумен айналыса бастады. Бірақ қазірдің өзінде жайылымдар шаруашылыққа сүтті табынға жалпы жылдық азық көлемінің үшінші бөлігін береді және жылдық сауылған сүттің 54% алуға мүмкіндік береді. Жыл ішінде орта есеппен килограмм сүт өндірісіне бір азық бірлігі жұмсалады.

Ең маңызды және ең қиын проблема малдарды белоктың жемазықпен қамтамасыз ету болып табылады. Белоктың жетіспеушілігі (немесе ашығу) барлық тіршілік функцияларының бұзылуын әкеледі - тайыншаның өсуінің тежелеуі және тоқталуы, өнімнің түсуі, удай өндірістің төмендеуі, жемазықтың шығындылуы және өзіндік құнның жоғарылауы. Рационда белоктың жетімсіздігі басқа барлық қоректік заттар жеткілікті болғанда да әдетте рационда барлық компоненттердің қолданылуының нашарлауына әкеледі.

Малдардың рационында белоктың жетіспеуі біржақты көмірсутегі қорегіне және жемазықты ұтымсыз және өндіріссіз қолдануға әкеледі. Бұл белок құрамына азот, күкірт, фосфор және басқа да майлар және көмірсу тегінде жоқ заттардың енуін тудырады. Жемазықты жақсы қолданғанда жануарлардың жоғары өнімділігін рациондықпен ғана қолдауға болады, оның құрамында жеткілікті белок саны бар. Басқа бөлек жануарлардың биологиялық топтары үшін бұл проблеманы шешу ерекше «дербес» жақындауды талап етеді, осылай ірі қара мал, қойлар мен ешкілер - көктемгі-жазғы кезеңде толығымен жасыл шөп есебінен белокпен қамтамасыз етіледі.

Осылай дүниежүзілік ауылшаруашылық практикасында шалғындықты тиімді дамыту энергетикалық есебінен жайылым шаруашылықтардың дамыту рөлі күрт артты. Жайылымдарды пайдалану және жетілдіру әдістерін жасау энергетикалық тиімділікті арттыру көзқарасынан.

2 Негізгі бөлім

2. 1 Әдиебиетке шолу

У. Әбділмановтың «Ауыл шаруашылығын ұйымдастыру» кітапында малға толық жарамды азықтардың құрамында көрсетілген түрлерінің әрқайсысы әр түрлі мөлшерде жазылған. Оның ішінде, әсіресе, азық өлшемі, сіңімді протеин, витаминдер мен минеральды заттардың ара қатынасы дұрыс болғаны жөнінде көрсетілген. Мысалы, әрбір азық өлшемінде орта есеппен 100-110 г сіңімді протеин болатындығы айтып өтілген. Әйтпесе мал дұрыс азықтанбайды, өнімділігі төмендейді және мал өнімінің әрбір центнеріне азық артық мөлшерде шағындалады. Мұның өзі мал өнімінің өзіндік құнының қымбаттауына және мал шаруашылығының тиімділігінің төмендеуіне әкеліп соғады.

Мал азығы қорының деңгейін талдау кездерін және азықтарды өндіруді және пайдалануды жоспарлау кезіндегі малдарды азықтандырудың түрлерін және азық құрамын бағалап отырулары туралы айтылған (Р. Я. Батькаев) .

Пішенді жазғы маусымда екпе шөптерді немесе табиғи шабындықтарды ору арқылы дайындайды. Ю. Д. Зыков сапалы дайындалған пішеннің әрбір килограмында 0, 45-0, 50 г азық өлшемі, 65-75 г протеин және витаминдердің бірнеше түрлері боладындығы туралы айтқан. Пішендеме бос күйінде, тығыздап байлаған күйінде немесе ұсақталған күйінде дайындайды. Оның қайсысының болса да сақталатын жерінде жинаған кезде ылғалдығы 18 пайыздан аспауы қажет. Әйтпесе сапасы нашарлайды. Сондықтан қажет болғанда пішенді арнайы желдеткіш арқылы кептіредіндігін сипаттаған.

Дербес шаруашылықта мал өсіруінде аса сапалы бағалы өнім өндіру үшін оларды күтіп-бағу және азықтандыру ерекшеліктерін жетік білу қажеттілігі айтылған. Сондай-ақ оларды сұрыптау, іріктеу, аурулардың алдын алу жағдайлары туралы баяндалған (Ред. А. Отарбаев, т. б Қолда мал өсіру) .

Б. Ысқақбаев, малдын тұқымдық ерекшеліктеріне және құндылығына байланысты шығыны 40-80 процентке дейін ауытқығаны туралы айтқан. Жедел түрде бордақылаған еттін тұқымдары немесе олардын будандарының сойыс шығымы жоғары болып пайдалану әдістері көрсетілген.

2. 2 Мал азығын өндіруді жәіне пайдалануды ұйымдастыру

2. 2. 1 Мал азығының қорын жасау негіздері

Мал азығы егін шаруашылығынан және шабындықтар мен жайылымдардан алынатын шикізат. Ал осы шикізатты етке, сүтке, жұмыртқаға айналдырып отыратын цех - мал шаруашылығы. Халықтың мұқтажына қажетті мал өнімдерін өндіру мал азығымен қамтамасыз етіуін тығыз байланысты.

Мал өнімін өндіруі үшін маңызды шаралар белгіленіп, жүзеге асырылып отырылады. Соның ішінде ең бастысы мал азығын көбейту. Экономистердің зертеуінше, егер мал өнімін белгілі бір мөлшерге көбейту керек болса, қосымша өнімнің тек 15-20 пайызы мал тұқымын жақсартуға байланысты шаралар арқылы. 15-20 пайызы малды күтуді жақсарту, емдеу, малшылардың ынталануын, жауапкершілігін арттыруға, емдеу, малшылардың ынталануын, жауапкершілігін арттыруға байланысты шаралардан, ал 60-65 пайызы мал азығының мол болуынан алынады екен.

Мал азығының қоры деп малға арналған жемшөптің түрлерін, көлемін, сапасын және оларды өндіру мен пайдалану жүйесін айтады.

Әрбір кәсіпорындағы мал азығының қоры төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс:

мал жыл бойы жоғары сапалы азықпен толық қамтамасыз етілуі қажет;

мал азығын өндіру қарқыны мал басын өсіру қарқынынан үнемі озық жүруі керек;

мал азығын өндіру, өңдеу және үлестірудің неғұрлым арзан тәсілін қолдану қажет;

мал азығы өндірілетін егістік шабындық және жайылымдық жерлер неғұрлым толық және дұрыс пайдалануы қажет;

пайдаланылатын мал азығының өтелу деңгейі жоғары болуын қамтамасыз етіп отыру керек.

Шығу тегіне және құрамына қарай мал азығының үш түрі болады: өсімдіктерден алынатын, малдан алынатын және минеральды азықтар. Өсімдіктерден алынатын азықтар төрт түрге бөлінеді: құнарлы жем, қатаң азық, шырынды азық және балауса. Құнарлы жемге астықтың түрлері, құрама жем, күнжара, шрот, т. б., қатаң азыққа пішен, пішендеме, сабан, мекен, шырынды азыққа сүрлем, тамыржемістілер, картоп, ал балаусаға көк шөптер жатады. Малдан алынатын азықтарға сүт, сүттен жасалған азықтар, еттен, балықтан, сүйектен жасаған ұндар жатады. Минеральды азықтар деп ас тұзын және борды айтады.

Малға толық жарамды азықтардың құрамында жоғарыда көрсетілген түрлерінің әрқайсысы әр түрлі мөлшерде болуы керек. Оның ішінде, әсіресе, азық өлшемі, сіңімді протеин, витаминдер мен минеральды заттардың ара қатынасы дұрыс болғаны жөн. мысалы, әрбір азық өлшемінде орта есеппен 100-110 г сіңімді протеин болуға тиіс. Әйтпесе мал дұрыс азықтанбайды, өнімділігі төмендейді және мал өнімінің әрбір центнеріне азық артық мөлшерде шағындалады. Мұның өзі мал өнімінің өзіндік құнының қымбаттауына және мал шаруашылығының тиімділігінің төмендеуіне әкеліп соғады.

Өкінішке орай, Қазақстанның ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында мал азықтандыру осы күнге дейін ғылыми талаптарға сәйкес ұйымдастырылмай келеді. Қыстаманың алдында малды азықпен қамтамасыз ету деңгейі көптеген шаруашылықтарда қажеттігінің тек қана 70-80 пайызындай шамасында болып, мал дұрыс азықтандырылмайды. Ал кейбір жылдары қыстың аяғы созылған кезде мал көтерем болады, тіпті шығынға да ұшырайды.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында мал азығының берік қорын жасауға толық мүмкіндік бар. Бірақ оларды пайдаланып, бұл маңызды істі түбегейлі шешу үшін мына шаралар жүзеге асырылуы қажет.

Ең алдымен, ауыл шаруашылығы дақылдарының, оның мал азығы үшін егілетін дақыл түсімділігін артыруды іс жүзінде қамтамасыз ету керек. Яғни мал азығындық дақылдардынашар жерге егуді, оларға тыңайтқыш қолдануды, су бөлуді, ең соңғы кезекке қалдыруды тоқтату керек. Сондай-ақ шабындықтар мен жайылымды жерлерді ешбір жүйесіз қалай болса солай пайдалауды тоқтатып, оны тиісті тәртіпке келтіру, ғылым мен озат тәжірибе ұсыныстарына сай осы жердің шөбінің шұрайлылығын арттыру мақсатында жоспарлы түрде нақтылы істер орындалуы қажет.

Екінші маңызды шара - Қазақстанда орын алған егіс құрылымының өріскелдігін түзету керек. Республикада астық егумен әуестену шектен шыққан: кейбір шаруашылықтарда егістік жердің 60-70 пайызындай артығына азық-түлікке қажет астық егіледі де, мал азығы дақылдары үшін жер аз бөлінеді. Қазақстанда соңғы жылдарда мал азығындық дақылдар үлесіне егістің те 20-25 пайызы ғана тиіп отыр. Бұл мүлде жеткіліксіз. Сондықтан мүмкіндігінше бұрын егілген жердің біразына көп жылдық шөптер басқа мал азығындық дақылдар егу қажет.

Мал шаруашылығына мамандырылған кәсіпорындардың егіншілігін ең алдымен мал азығымен өзін-өзі толық қамтамасыз ету мақсатына беімдеу керек.

Мал азығындық дақылдарды индустриялық әдіспен егіп, оларды ору, жинау және сақтаудың технологияларын жетілдірудің маңызы зор. Сонымен бірге республикадағы озат шаруашылықтар тәжірибелері астықты малға бүтін күйінде бермей, құрама жемге айналдыру, көк шөптің ұнын дайындау, белоктар мен микроэлементтер қосылған толық қоректік азық қоспаларын дайындаудың пайдалы екендігін көрсетіп отыр.

Мал азығының берік жасаудың Қазақстан жағдайындағы өте қажетті және жаңа бағыты - мал азығын өндіріп, сатумен шұғылданатын мамандандырылған мемшар-заводтар, кооперативтер құру.

2. 2. 2 Азықтың қажетті мөлшерін есептеу

Әрбір ауыл шаруашылығы кәсіпорнында фермалар және табындар бойынша алдағы мерзімге түрлі жоспарлар жасағанда мал азығының қажетті мөлшерін есептеп отырады. Жоспарда қажетті мал азығы толығымен азық өлшемі ретінде де және азықтың әр түрі бойынша да есептеледі. Сонымен қатар, жоспарланған азықтың әрқайсысының қайдан алынатыны да жеке есептеп алынады. Бұдан соң азықтың қажетті мөлшері мен қолда бар Ұнемесе өндіруге белгіленгенҚ мөлшерін өзара салыстырады. Мұны азық теңестірілуі деп айтады. өйткені азықтың қажетті және нақты мөлшерін өзара салыстырған соң, оның артық не кем екенін біле отырып, осы жетпей жатқан азықтың түрін көбейтуге арналған шараларды белгілеу арқылы қайтадан есептейді де екі көрсеткішті теңестіреді.

Мал азығының қажетті мөлшерін есептеудің бірнеше тәсілдері бар.

Олардың ішінде жиі қолданылатыны, ең дұрысы және ең күрделісі малдың әр өндірістік тобына маусым бойынша белгіленген азық құрамдары (рациондар) арқыла есептеу.

Осы тәсілге сәйкес алдымен әр түлік бойынша ай сайынғы табынның айналым есебін жасап, малдың өндірістік тобының әрқайсысы бойынша маусымдық орта мал басын анықтайды. Сонан кейін осы өндірістік топтарға арнап әр маучымға тәуліктік азық құрамын (рацион) жасайды. Тәуліктік азық құрамындағы әрбір азық мөлшерін әр маусымдағы күн санына және өндірістік топтағы мал басына көбейтсе, осы өндірістік топтағы малға есептеп отырған әр маусымға қажет азық мөлшері шығады. Барлық өндірістік топтардағы мал үшін белгілі бір азықтың барлық маусымдағы қажетті мөлшерін қоссақ, осы азықтың бір жылға қажетті көлемін табуға болады.

Кәсіпорындағы малдың әр түліктері бойынша жасалған осындай есеп арқылы азықтың әрбір түрінің мал шаруашылығы бойынша қажетті мөлшерін анықтайды.

Мұнан соң осы анықталған азық мөлшеріне сақтық қорға қажетті шамамен алғанда қатаң азыққа 30%, шырынды азыққа 20%, құнарлы азыққа 10 пайыз қосады. Сақтық қорға белгіленген пайыздарды қосып есептегендігі азық мөлшері қоғамдық малға керек азықтың жалпы мөлшерін көрсетеді. Егер бұған жеке меншіктің малына керекті азық мөлшерін қоссақ, кәсіпорын бойынша қажетті азық мөлшерін есептеп шығаруға болады.

Мал азығының қажетті мөлшерін анықтау үшін қолданылатын екінші тәсіл бар. Ол тәсіл бойынша қажетті азық өлшемі мен сіңімді протеин мөлшері мал өнімдірінің көлемі арқылы есептеледі. Алдымен алдағы уақытта өндіруге белгіленген мал өнімдері мөлшерін анықтайды. Онан соң осы көрсеткіштердің әрқайсысын әр өнімнің өлшеміне жұмсалатын азық өлшемі мен сіңімді протеиннің шамасына көбейтеді. Осыдан шыққан санның түлік бойынша жиыны сол түліктегі малға қанша азық өлшемі мен сіңімді протеин қажеттігін көрсетеді. Мұнан кейін осы азық мөлшерінің азықтың қандай түрінен құралуы керек екені мал азығы құрылымының жоспарлы пайыздарына сәйкес анықталады.

Кейбір жоспарды жасағанда есепті шиелістірмес үшін мал азығының қажетті мөлшерін жыл басындағы қолда бар малға (мұны құрылымды немесе күрделі сан деп атайды) есептейді, бірақ бұл үшін әр малға азықтандырудың жоғарытылған мөлшерін қолданады.

Сиректеу кездескенімен мал азығының қажетті мөлшерін тез есептейтін тағы тағы бір тәсіл бар. Ол бойынша алдымен барлық түлік санын белгілі коэффициенттер арқылы бір түлікке айландырып, жиыны есебінде шыққан шарты санды осы түліктің азықтандыру мөлшерін көбейтеді.

Қажетті мал азығының мөлшерін үш мерзімге жеке есептейді.

Біріншісі - алдағы жоспарлы жылдың егінінен онан кейінгі жылдың егінін орғанға дейінгі қажетті мал азығы мөлшері. Бұл есеп жоспарлы жылдың егісін еккенде мал шаруашылығының қажетін ескеріп, қанағаттандыру үшін керек.

Екіншісі - жоспарлы жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейінгі есеп. Ол мал өнімінің өзіндік құнын есептегенде мал азығының құнын ескеру үшін қажет.

Үшіншісі - жоспарлы жоспарлы жылдың 1 қаңтарынан сол жылдың егінін орғанға дейінгі есеп. Ол мал азығының қыстаманың аяғына дейін қамтамасыз етілу деңгейін ескеру үшін керек.

Есептің қай түрін алсақ та, жоғарыда айтылғандай, азықты теңестіру жайында кесте жасаумен аяқталады. Бұл кесетеде азықтың қажетті мөлшері 100 пайыз деп алынады да, азықтың нақтылы болмақ мөлшерін осымен салыстырып, соңғы графада қамтамасыз етілу пайызын әр түрлі азық жиыны бойынша есептейді. Егер қамтамасыз етілу пайызы 100-ден аз болса, мамандар мен басқарушылар ақылдасып, қамтамасыз етудің орынды амалын тауып, теңестіру есебін қайтадан жасайды.

2. 2. 3 Егіншілікте мал азығын өндіру

Қазақстанның ауыл шаруашылығы жағдайында мал азығының жыл бойы өндірілетін жалпы көлемінің азық өлшемімен алғанда шамамен үштен бірі егіншіліктен, ал үштен екі бөлігі табиғи жерлерден өндіріліп келеді. Малға азық үшін берілетін астық түгелімен, сүрлемге пайдаланылатын шикізат түгел дерлік және пішендеме егіншіліктен алынып жүр. Ал республиканың солтүстік және оңтүстік облыстарындағы шабындығы мен жайылымы аз кәсіпорындарда пішендеме мен балаусаның көпшілігі егін егу арқылы өндіріліп келеді.

Сондықтан, мал мамандары егіншілікті агрономдардың ғана ісі деп түсінбей, осы салада мал азығын өндіруді жоспарлауға және ұйымдастыруға үнемі белсенді түрде қатынасып отырулары керек.

Егіншілікте мал азығын өндіру ауыспалы егістің әр түрі құрамындағы азықтық дақылдар түсімі мен басқа дақылдар қалдықтарынан құрылады. Жоғарыда айтылғандай, әр ауыспалы егіс белгілі бір бригадаға не звеоға бекітіледі. Егістік ауыспалы егіспен шұғылданатын бригадалардың негізгі міндеті астық, қант қызылшасы, мақта, темекі егу болғанымен, олардың әрқайсысына егістің құрылымына сәйкес белгілі мөлшерде мал азығын өндіру жайынан әр жылға тиісті тапсырмалар беріледі. Ал мал азығындық ауыспалы егіспен шұғылданатын бригадалар мен звенолардың мал азығын өндіру олардың негізгі міндеттері болып саналады.

Кейінгі кездерде нарықтық қатынастарға көшуге байланысты ірі кәсіпорындар құрамында, ал кейде одан тысқары, дербес түрдегі мал азығын өндірумен шұғылданатын шаруа қожалықтары, кооперативтер және шағын кәсіпорындары жұмыс істей бастады. Олар мал азығын пайдаланатын кәсіпорындар немесе олардың бөлімшелерімен келісім-шарт жасасу негізінде мал азықтарын өндіріп, сатып отырады.

Мал азығын өндіруменшұғылданатын ұжымдардың қай-қайсысы болса да әр маусымға мұқият дайындық жасап, өздеріне бекітілген жерлердің әрбір гектарынан мүмкіндігінше көбірек түсім алудың жолын іздеп, пайдалаулары керек. Ол үшін барлық агротехникалық ережелерді сақтау, ауыспалы егісті игеру, тыңайтқыштарды, түсімі мол сорттарды, жер суаруды, тағы басқа шараларды кеңінен қолданып, егін ору және мал азығының әр түрін өз технологиясына сәйкес дайындап отыруды қамтамасыз етуге тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылтықсыз арпабас ерекшеліктері
Мәдени шабындықтар мен жайылымдар жасауға пайдаланатын көпжылдық өсімдіктеріне сипаттама
ҚР ғылыми мекемелеріндегі тағамдық өндіріс
Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Мәдімәр» өндірістік-бірлестік жерлерінде мал шаруашылығына берік мал азығы қорын жасау
Егістік жерлерді орналастыру
ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША ӨНДІРІСТІК ІС-САНА БОЙЫНША ЕСЕП
Жоңышқаның тұқымға өсіру технологиясы
Шаруашылықта ресурстарды пайдалануды басқару
Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығының территориялық ұйымдастыру ерекшеліктері
Феликс ауыл шаруашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz