Экскурсия маршрутын құрастыру
Мазмұны
Кіріспе
1. Экскурсиятанудың теориялық негіздері
1.1 Экскурсия маршрутын құрастыру
2 Алматы-әсем қала экскурсияның технологиялық
құжаттары
2.1 Алматы-әсем қала экскурсиясының титульді парағы
2.2 Алматы-әсем қала экскурсиясының маршрутының
схемасы
2.3 Алматы-әсем қала экскурсиясына кіріспе
2.4 Алматы-әсем қала экскурсиясының технологиялық
картасы
2.5 Алматы-әсем қала экскурсиясының қорытындысы
2.6 Алматы-әсем қала экскурсиясының бақылау мәтіні
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша А
Қосымша Ә
Қосымша Б
Кіріспе
Экскурсиялық іс-халық арасындағы мәдени-танымдық жұмыстың маңызды
бөлігі. Экскурсиондық істің пайда болғанына жұз жылдан аса уақыт болды,
бірақ шарықтап дамыған кезі өткен ғасырдың 1970-1980 жылдары. Бұған куә
ретінде- мыңдаған адамдардың экскурсияға қатысуы, он мыңдаған экскурсиялық
тақырыптар, экскурсия жетекшілерінің тобы, мыңдаған ұйымдар, экскурсия
теориясы мен методикасының дамуын атап өтуге болады. Экскурсиятанудың
негізі-экскурсияның ерекшеліктері мен заңдылықтарын көрсететін
экскурсиондық теория. Экскурсиондық теорияның енгізілуі-он мыңдаған
экскурсия жетекшілері мен методистердің танымдық орындарда практиканы
іске асырудың нәтижесі. Экскурсиондық методика экскурсияның бір бөлігі
ретінде экскурсияның бір қатар ережелері мен талаптарын экскурсия
жүргізудің методикалық дайындығын үйретеді.
Қазақстанға деген қызығушылық шетелде де артып келеді. Кіріс және ішкі
туризмді ұйымдастыру бойынша турфирмалардың белсендігі артып келеді. Егер
2000 жылы кіріс және ішкі туризммен шамамен 20 фирма айналысса, қазіргі
уақытта олардың саны 50-ге жетті.
Әлемнің көптеген елдерінде туризм берілген елдің тарихымен,
мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен, рухани және діни құндылықтарымен және
халқымен таныстыратын жүйе ретінде дамып, және қазынаға табыс түсіреді.
Туризм маңызды кіріс мақаласынан өзге, мемлекеттің, оның әлемдік ұйымдар
алдында және қатардағы азаматтардың алдында престижін нығайтуға арналған
күшті факторлардың бірі.
Әрбір туристік кәсіпорын арсеналында экскурсияның бірнеше түрі болу
керек: туристерді жергілікті мақтанышты орындармен, салт-дәстүрімен және
әдет-ғұрпымен таныстыру үшін тақырыптық және шолу экскурсия қолданылады.
Мен жазып шыққан Экскурсиятану бойынша курстық жұмыс Достық даңғылы
бойымен құрастырылған маршрут бойынша жүргізілетін экскурсия болып
табылады. Берілген экскурсияны құрастыру үшін ұлттық кітапханадан, Интернет
жүйесінің әртүрлі сайттарынан, газеттер мен журналдарды пайдаландым.
Бұл экскурсияның мақсаты – Алматы қаласына келген
туристтерге,студенттерге,оқушыларға біздің қаламыздың
көркем,тарихи,табиғи,мәдени желерін көрсету және де дүние танымын кеңейтіп
білім беру болып табылады.
Алматы қаласы дамыған мәдени инфрақұрылымға , мамандандырылған кадр
әлеуетіне ие – еліміздің мәдениет пен өнер кадрларын даярлау жүйесін
қамтамасыз ететін жетекші театр – сурет, музей және кітапхана ұйымдары ,
оқу орындары. Қалада барлығы 270 меншік құқығы түрлі ұйымдар, оның ішінде
15 театр, 31 мұражай, көркем галереялар және көрме залдары, 30-дан астам
концерттік – ойын-сауық ұйымдары мен ұжымдары, 32 республикалық, қалалық
кітапханалар, 30 ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істейді.
Мегаполистің аумағы 7 ауданға бөлінген. Республика алаңындағы қалалық
әкімшілік Бостандық ауданында орналасқан. Оны оңтүстік астананың ғылым –
білім орталығы деп атауға болады. Жиырма алты оқу орны бар.Табиғаттың ең
әсем бөліктерін қамтыған , тамаша табиғатпен таныса аламыз. Ең алдымен
өзіміздің әсем қала Алматыға келейік :
Қазақ ССР астанасы Алматы, Іле бойы жазығы оңтүстігін ала Тянь Шань
таулы сілемдерінің солтүстігінде орналасқан. Республика жерінің оңтүстік
шығыс бөлігіндегі Іле Алатауының солтүстік беткей баурайында , теңіз
деңгейінен 700-900 метр жоғары.Үлкен және кіші Алматы өзендері аңғарында
жайласқан. Солтүстік жағында ұала территориясы сәл еңістеу жазыққа ұласады.
Атырабының алты жүз метрден жоғары орналасқан атырабы қалың ағаш өскен
шұрайлы алқап.
Алматыда 179 жылжымайтын ескерткіш – 99 сәулеттік , 52 – монументалдық
өнердің , 28 – археология ескерткіштері бар. Мәдени құндылықты құрайтын
обьектілерді анықтау, мемлекеттік есепке алу жұмыстары жүргізіліп жатыр,
соңғы екі жылда тарих пен мәдениеттің 33 ескерткішіне жөндеу жұмыстары
жүргізілді.
Қалада технопарк, бизнес-инкубаторлар бар, 2006 жылдан бастап аймақтық
қаржы орталығы жұмыс істейді, Алатау Ақпараттық технологиялар аркі
даму үстінде.
Қазақстан Азия мен Еуропаның ірі елдерін қосып жатқан тоқсан жолдың
торабында , Еуразияның нақ ортасында орналысқан. Мұндай географиялық
жағынан жақсы орналасуы халықаралық туристік байланыстарды дамытуға қолайлы
жағдай туғызады.
Соңғы жылдары туристік бағыттардағы Қазақстанға деген қызығушылық бүкіл
әлемде айтарлықтай өсті, тиісінше жергілікті туроператорлар ұсынатын ,
саяхатшылар санын барынша көп тартуға бағытталған туристік қызметтер аясы
да жылдан жылға кеңейе түсуде. Осы фактіні ескере отырып, республикада ең
алдымен танымдық, белсенді, сауықтық және экологиялық туризм секілді
туристік бағыттар дамуда.
Бүгінгі күндері Қазақстан туризмнің барлық түрін – танымдық, сауықтық,
сауықтық , этникалық, экологиялық және басқа да түрлерін ұсынады. Туристер
үшін Қазақстанның барлық аумағы бойынша саяхаттардың көптеген бағыттары
ұсынылады. Қазақстан – бірегей табиғи қорықтарға, сумен емдеу орындарына,
архитектуралық және тарихи ескерткіштерге бай.
Қала басшылығы мен халқы Алматының жаңа болашағын сырттан келетін
туристік бизнесті дамытумен де байланысады. Мамандардың ойынша, Алматының
коммуникациялық меншігіне берілген Медеу биік таулы кешені , Шымбұлақ
және Алматау спорт базалары туристер тарту үшін болашағы зор жерлер.
Дәл осы жерде шетелдік инвестициялар тарту есебінен халықаралық
стандарттарға сай келетін туристік бизнестің инфрақұрылымын дамыту
жоспарлануда.
1 Экскурсиятанудың теориялық негіздері
1.1 Экскурсия маршрутын құрастыру
Экскурсия дегеніміз латын тілінен аударғанда серуендеу деген мағынаны
білдіреді. Экскурсияның белгілері:
Экскурсияның уақыт бойынша ұзақтығы. Экскурсия 1 сағаттан 24 сағатқа
дейін созылады. 1 сағат = 45 минуттан есептелінеді.
Экскурсанттардың болуы. Экскурсанттардың саны 1-ден 70-ке дейін
болады. Экскурсовод – уақытша болатын елдегі ресурстармен таныстыру
жөніндегі туристерге экскурсиялық ақпараттық, ұйымдық қызмет көрсетуге
лайықты біліктілігі бар кәсіби даярланған жеке тұлға.
Экскурсант – бір жерге, елді мекенге немесе аймаққа, сол жердегі басқа
елге туризм мақсатында жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа
уақытша келген жеке тұлға.
Экскурсия маршруты тақырыпты толығымен ашатын және экскурсиондық топты
алып журуге көмектесетін ең оңай жол. Маршрут берілген экскурсияда
көрсетілуі керек объектілердің реттілігіне, аялдамалар санына,
экскурсанттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ыңғайластырып
жасалады. Маршруттың басты міндеттерінің бірі — тақырыптың барынша толық
ашылуына әсер ету.
Маршрут құрастырушы маршрутты құрастыру барысында ескеру керек
негізгі талаптар — объектілерді көрсетуді логикалық реттілікпен ұйымдастыру
және тақырыпты ашу үшін экскурсанттарға ыңғайлы көрініс негізін қамтамасыз
ету. Экскурсиондық мекемелер тәжірибесінде маршрут құрудың үш тәсілі бар:
хронологиялық, тақырыптық, тақырыптық-хронологиялық. Хронологиялық
маршрутты құрастырудың мысалы ретінде ұлы тұлғалардың өміріне арналған
экскурсияларды айтуға болады. Ал тақырыптық тәсілде экскурсия құрастыру
қала өміріндегі белгілі бір тақырыпты ашуға бағытталады [1].
Экскурсияда көрсету тәсілдері объекті бақылауды жеңілдетеді.
Экскурсияның объектінің ерекшелігін көрсетеді және объектіні бірнеше
бөліктерге бөлініп көрсете алады.
Көрсету тәсілдері 7 түрге бөлінеді:
- Экскурсиондық объектті алдын ала көрсету. Бұл тәсіл
экскурсанттар оъектінің қасында тұрғанда қолданылады. Алдын ала
тәсілі қарастырып жатқан объектің тарихын сонымен байланысты тарихи
оқиғаларды қарастырады. Алдын ала көсету тәсілі экскурсиондық объектке
баға береді. Егер де экскурсиондық объект табиғи ескерткіш болса, қоршаған
ортаға баға беріледі. Экскурсанттар бұл тәсілде өздері экскурсоводтың
көмегінсіз объектіні қарастыра алады. Алдын ала көрсету тәсілінде
объектіні көрсету, ақпарат берілумен бірге жүргізіледі.
- Панарама тәсілі. Бұл тәсілде экскурсанттар объекттерді биіктіктен
көруге мүмкіндігі бар. Панарама тәсілін қолданған кезде экскурсанттар бір
ғана объектті емес, бірнеше объектілерді қарастырады. Экскурсовод панарама
тәсілінің көмегімен көптеген объектің ішінде жүргізіп жатқан экскурсияға
байланысты объекті таңдап алып, экскурсанттарға көрсетеді.
- Реконстукция тәсілі. Экскурсиялық объектілер экскурсовод алғашқы
түрін сөзбен айтып жеткізеді.
Бұл тәсіл ескерткіштерді, ғимараттарды және мекемелерді көрсетке кезде
қолданылады. Экскусовод объектіні көрсету алдында өзі сол объект туралы
толық мәліметтерді жинап алу керек. Ғимараттарды көрсеткен кезде
объектілердің сақталған бөліктерін көрсетіп, жетіспеген бөлігін сөзбен
айтып жеткізеді. Егер объект толығымен жойылғанда экскурсовод порфелінің
көмегімен объектіні көрсетеді. Егерде ескерткіштер, ғимараттар және
туристік объектілер толығымен жойылса экскурсовод объектілердің ежелгі
көрінісін экскурсантарға айтып жеткізеді.
- Монтаж тәсілі. Бұл тәсіл реканструкция тәсіліне ұқсап келеді. Монтаж
тәсілінің көмегімен экскурсовод бір объектіні көрсеткенде сол объект туралы
толық мәліметтерді береді.
- Локализация тәсілі. Бұл тәсілдің көмегімен туристердің назарын бір
объектіге немесе сол объектінің бір бөлігіне көңіл аударады.
- Обстрагирование тәсілі. Обстрагирование тәсілдерін қолданып
экскурсовод объектінің бөліктерін экскурсанттардың ойында мысалы ретінде
келтіреді. Бұл тәсілдің көмегімен экскурсовод объектінің керек емес
бөліктерін көрсетпей тек қана экскурсияның тақырыбын ашуға көмектесетін
бөліктерін көрсетеді.
- Салыстыру тәсілі. Салыстыру тәсілінде экскурсовод бір объектіні
басқа бір объектімен салыстырып, экскурсанттарға ерекшелігін айтып
береді.
Жаңа экскурсияның мақсаты мен міндеттері анықталады. Экскурсияның
негізгі мақсаты туристерді археологиялық, архитектуралық, тарихи,
мәдени және әдеби ақпараттармен таныстыру. Әрбір экскурсиондық
ұйымның негізгі мақсаты табыс. Сондықтан әрбір экскурсия танымды
ақпаратты және табысты болуы керек. Осы мақсаттарға жету үшін келесі
міндеттерді атқару керек: экскурсанттарды туған аумақтың табиғатымен,
тарихымен және архитектурасымен таныстыру керек,экскурсияның мақсатына
жету және экскурсияның тақырыбын ашып жеткізу.
Экскурсияның тақырыбы мен атын таңдап алу. Қазіргі
кезде экскурсияның тақырыбын таңдап алу келесі
талаптарлдан тұрады:
Потенциялдық сұраныс;
Нақты экскурсия;
Тақырып бірнеше тақырыпшаларға бөлінеді. Экскурсияның аты
экскурсияның тақырыбына байланысты болу керек.
Экскурсиондық объектілерді таңдау. Экскурсияның объектілер
келесі түрлерге бөлінеді:
- тарихи;
- табиғи;
- археологиялық;
- архитектуралық;
- мәдени;
- құжаттық;
Экскурсиялық объектілердің классификациясы:
Мазмұны бойынша – экскусиондық объектілер бір жоспарлы және көп
жоспарлы болып екі түрге бөлінеді.
Функциондық қызметі бойынша – экскурсиондық объектілер негізгі,
қосымша болып екіге бөлінеді.
Сақталу дәрежесі бойынша – экскурсияның объектілері келесі түрлерге
бөлінеді:
- толық сақталған;
- өзгерістерге ұшыраған;
- жоғалтылған объектілер;
Экскурсиялық объектілерді таңдап алу принциптері . Объект атақты,
данқты, көрнекті болуы керек. Сонымен бірге танымды мәнерлі,
оналасу орны бойынша, уақыты бойынша ыңғайлы болу керек.
Жол ақпарат дайындаудағы негізгі пунктер:
- Жол ақпараттың мақсаты мен міндеттерін таңдалуы;
- Тақырыпты анықтау;
- Экскурсияға қажетті әдебиеттерді зерттеу;
- Экскурсия барысында көрсетілетін объектілерді таңдау;
- Экскурсовод портфелін толықтыру;
- Экскурсияны жүргізу техникасы;
- Көрсету және айтыпберу әдістемелерін таңдау;
- Экскурсоводтың индивидуалды текстін дайындау;
- Экскурсиондық ақпаратты қорғау;
- Жол ақпаратты бекіту;
Жол ақпаратты дайындауға қажетті құжаттар:
- Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі экскурсия бойынша қолданылатын
барлық кітаптардың, газет журналдардың тізімі болуы керек.
- Объектінің құжаты қарастырылып жатқан зерттеу объектіге толық
сипаттама беретін мәліметтер объектің құжатын жазған кезде келесідей
мәселелер қарастырады:
- Объектінің түрі;
- Атауы;
- Объектке байланысты оқиғалар;
- Қысқаша сипаттамалар;
- Авторы;
- Орналасу уақыты;
-Экскурсияның бақылау тексті экскурсияның тақырыбы, сұрақтары толығымен
ашылып жазылады.
- Индивидуалды текст – бақылау текстінен алынады, яғни мұнда
экскурсовод өзі үшін қысқаша мәліметтерді түртіп алады.
- Маршруттың схемасы – онда экскурсияның басталуы және аяқталу
орны туралы, объекттің орналасуы, аялдамалар көрсетіледі.
- Экскурсияның портфелі ішінде: экскурсия тақырыбына байланысты
суреттер, құжаттар, кестелер, схемалар, карталар, т.б.
- Әдістемелік қабылдаулар көрсету және айтып беру әдістері;
- Жол ақпаратқа қажетті мәліметтер (газет-журналдар, кестелер,
мақалалар).
- Экскурсоводтың тізімі – қарастырып жатқан экскурсияны
жүргізе алатын экскурсияның тізімі. [1]
Жаңа экскурсияны дайындау.
1. Бизнес-жоспар. Бизнес-жоспар — экскурсиялық жұмыстың негізгі
құжаты. Бизнес-жоспарда экскурсияның жаңа тақырыбы, экскурсияға берілген
уақыт және әртүрлі нұсқаулар қарастырылады. Бизнес-жоспарды жазу үшін
туристік нарықты зерттеу керек. Туристік нарық зерттелгеннен соң фирманың
меңгерушісі бұйрық шығарады. Бұл бұйрықта туристік фирманың қызметкерлеріне
жаңа экскурсияның орындалу уақыты, мақсаты және экскурсияға жауапты адамды
тағайындайды. Жаңа экскурсияны жасайтын адам анықталған соң экскурсоводтар
тақырыбы бойынша мәліметтер жинайды.Экскурсияда көрсетілетін объектілерді
таңдайды және экскурсиның маршрутын қарастырады.
2.Жаңа экскурсияның мақсаты және міндеттері анықталады. Экскурсияның
негізгі мақсаты — туристерді археологиялық, архитектуралық, тарихи, мәдени,
әдеби ақпараттармен таныстыру. Әрбір экскурсиондық ұйымның негізгі мақсаты
— табыс. Сондықтан әрбір экскурсия ақпараттық, танымдық және табысты болу
керек.
3.Экскурсияның тақырыбы мен атын таңдап алу. Қазіргі кезде экскурсиның
тақырыбын таңдап алуға бірнеше талап қойылады:
1) потенциалдық сұраныс;
2) нақты экскурсия.
Тақырып бірнеше тақырыпшаларға бөлінеді. Экскурсияның аты экскурсияның
тақырыбына байланысты болуы керек.
4.Экскурсияға қажетті ақпаратты таңдап алу. Экскурсияға қажетті
ақпаратар екі түрге бөлінеді:
1)негізгі;
2)қосымша.
Экскурсияға қажетті ақпараттарды кітапханалардан, музейлерден, газет-
журналдардан, архивтен, интернеттен ашуға болады.
5. Экскурсиондық объектілерлі таңдау. Экскурсиондық объектілер келесі
түрлерге бөлінеді:
1)тарихи;
2)табиғи;
3)археологиялық;
4)архитектуралық;
5)мәдени және т.б.
Экскурсиондық объектілер классификациясы:
1)мазмұны бойынша экскурсиондық объектілер бір жоспарлы және
көпжоспарлы болып бөлінеді
2)функциялық қызметі бойынша экскурсиондық объектілер негізгі және
қосымша болып 2 түрге бөлінеді.
3)сақталу дәрежесі бойынша экскурсиондық объектілер:толық сақталған,
өзгерістерге ұшыраған,жоғалтылған объектілер.
6. Экскурсиондық объектілерді таңдап алу принциптері. Объект атақты,
даңқты болу керек. Сонымен бірге танымды, мәнерлі орналасу орны бойынша,
уақыты бойынша ыңғайлы болу керек.
7. Маршрутты құрастыру. Экскурсиондық маршрутты құрастырудың үш түрі
бар:
1)хронологиялық;
2)тақырыптық;
3)хронологиялық-тақырыптық.
Маршрутты құрастыруда бірнеше бірнеше мәселелер қарастырылады:
1)логикалық;
2)топологиялық;
3)қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
8. Маршрутты айналып өту. Экскурсияны құрастырған кезде хронометраж
анықталады. Хронометраж дегеніміз —экскурсиондық объектіге бөлінген уақытты
есептейді. Хронометраж бір объектіден екінші объектіге дейінгі болған
уақытты есептеп шығарады. Маршрут объектілерінің орналасу принциптері:
маршрут қайталанбауы керек; туристік объектінің қасында туристерге арналған
орын болу керек; бір объектіден екінші объектіге дейінгі уақыт 10 минуттан
аспауы керек; қалалық экскурсияның маршруты шеңберлі болу керек; маршруттың
қосымша нұсқасы болады; қала шетіндегі экскурсияларда санитарлық аялдамалар
болукерек; маршрут жол полициясымен келісілген болу керек.
9. Контрольді текстте экскурсия бойынша жиналған мәліметтер зерттеледі
және әдеби тілмен жазылуы керек.
10. Экскурсоводтың портфелі. Портфель ішінде суреттер, көшелердің
схемеалары, жануарлардың суреттеріғимараттардың сызбалары және маңызды
құжаттарлың көшірмелері болады.
11. Технологиялық карта. Оның бірінші парағында экскурсияны дайындаған
адамның аты-жөні, экскурсияның аты және түрі, экскурсиның ұзақтығы,
экскурсанттардың құрамы және жүргізуші туралы толық мәліметтер беріледі.
Екінші парағында, экскурсияның міндеттері қарастырылады. Үшінші парағында,
ұйымдастыру жолдары қарастырылады. Экскурсовод экскурсиның алдында 15 минут
бұрын келу керек [1].
2 Көркем Алматы экскурсияның технологиялық құжаттары
2.1 Көркем Алматы экскурсиясының титулдық парағы
Бекітемін
travel in world ЖШС Директоры
Уалиева Н.Б.
29.04.2011 ж.
Экскурсия: Көркем Алматы
Түрі: жаяу,автобуспен
Ұзақтығы: 52 мин
Маршрут созымдылығы: 4,5 км
Экскурсанттар құрамы: студенттер,оқушылар,шет елдіктер
Экскурсия мақсаты:экскурсанттардың мәдени және тарихи дүниетанымын кеңейту
Экскурсия мәселесі:қаланың мақтанышты орындарымен танысу, архитектурасын
және мәдени-тарихи ескерткіштерді көрсету
Экскурсия маршруты: 28 панфиловшы паркі – Қазыбек би көш. – Төле би көш.
–Бөгенбай батыр көш. – Қарасай батыр көш. – Қабанбай батыр көш – Жамбыл
көш. – Шевченко көш. –Құрманғазы көш. –Абай даң. – Сәтпаев көш.
Экскурсияны құрастырушы:
travel in world туристік фирмасының менеджері
Бииков Е.Е.
Құрастырылған уақыты:
24.04.2011ж.
2.2 Көркем Алматы экскурсиясының маршрут схемасы
СХЕМА
2.3 Көркем Алматы экскурсиясына кіріспе
Сәлеметсіздер ме, құрметті студенттер! Сіздердің алдарыңызда Интурист
туристік фирмасы және оның қызметкерлері, мен – сіздердің
экскурсоводыңызбын.
Қазақстан Республикасының Оңтүстік Астанасы – жыл сайын өсіп
көркейіп келеді .Біздің еліміздің екінші астанасы десекте артық болмайтын
Алматы қаласының әсемде көрікті жерлері өте көп. Жалпы, қаланың
көріктілігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Қала Евразиялық континеттің
ортасында орналасқан. Бұл аймақтың табиғаты адамға керемет әсер қалдырып,
қызығушылықтарыңызды тудырады.
Алматы әлемдегі ең тамаша қалалардың бірі екеніне келіссеңіз керек деп
ойлаймын. Алматы еліміздің оңтүстік астанасы деп саналады. Бұл қала
Қазақстанның мәдени, тарихи, қаржылық, ғылыми орталығы. Алматы қаласы
Еуразия континентінің ортасында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-
шығысында, Іле Алатуының етегінде – Тянь-Шаньның ең солтүстік жотасында
орналасқан. Бұрынғы Верный, содан кейін Алма-Ата, ал тәуелсіз
мемлекетіміздің Конституциясын қабылдаумен қала атауы өзгеріп, қазір ол
Алматы деп аталады. Қала жылдың қай мезгілінде де сұлу: бұл ауқымды алаңдар
және кең даңғылдар, қазіргі заман үлгісіндегі архитектуралық ансамбльдер,
скверлер мен қала маңы аймағының орманды парктерімен қосылатын бульварлар.
Алматы Іле Алатауының солтүстік баурайында теңіз деңгейінен 650-1200 метр
биіктікте орналасқан. Қала үш жағынан үлкен таулармен қорғалып орманды
алқаптармен жабылған кең орында орналасқан. Алматының тарихы өз бастауын
1954 жылдан бастайды. Жойқын шапқылықтар мен соғыстардың салдарынан мүлдем
қирап бос қалған қазақтардың ежелгі мекені-Алматының маңында әскери бекініс
салынып, кейіннен байтақ Жетісу өлкесінің орталығы- Верный қаласына
айналды. Яғни Іле Алатауының етегінде Верный қамалы тұрғызылған уақыт. Іле
Алатауының жасыл желек жамылған тамаша баурайына орналасқанымен Верный
патшалық Россияның шалғай түкпіріндегі елеусіз қала болды. Климаттың жайлы
болуы, табиғатының көркем болуы өз кезегінде жаңа қаланың өркендеп дамуына
көп үлесін қосты.
Алматы Еуразиялық континетте маңызды және қолайлы орынға ие, Ұлы Жібек
жолының транзитті тармақтарының бірі болып табылады және туризмді әрі қарай
дамыту мен жетілдіру үшін үлкен мүмкіндіктерге ие. Бұнда 470 туристік ұйым
орналасқан (Қазақстанда тіркелген 713 фирманың ішінен). Онда шамамен 3000
адам жұмыс істейді. 2003 жылы олар 100250 адамға қызмет көрсетті.
Туризм саласын дамыту мен жетілдіруде қолданып отырған шаралар
нәтижесінде шетелдік туристердің Алматы қаласына келуі едәуір өсті, егер
2000 жылы қалаға 20 700 турист келсе, қазіргі уақытта 42 000 адамнан артық,
ішкі бағдарда қызмет көрсетілген туристердің саны 3 600-дан 2000 жылы 20
000-ға дейін артты. Мамандардың санауынша қала жылсайын 300 000 астам
турист қабылдай алады.
Бұрынғы Верный, содан кейін Алма-Ата, ал тәуелсіз мемлекетіміздің
Конституциясын қабылдаумен қала атауы өзгеріп, қазір ол Алматы деп аталады.
Қала жылдың қай мезгілінде де сұлу: бұл ауқымды алаңдар және кең даңғылдар,
қазіргі заман үлгісіндегі архитектуралық ансамбльдер, скверлер мен қала
маңы аймағының орманды парктерімен қосылатын бульварлар.
Алматы Іле Алатауының солтүстік баурайында теңіз деңгейінен 650-1200
метр биіктікте орналасқан. Қала үш жағынан үлкен таулармен қорғалып орманды
алқаптармен жабылған кең орында орналасқан.
Қазіргі таңда Алматы қаласы Қазақстандағы жалғыз мегаполис екенін
білесіз бе? Сонымен бүгін мен сіздерді асем қаламызбен таныстырғым келіп
отыр. Бұл әсем қаламыздың көшелері бойымен өтетін серуеніміз барысында
көптеген қызық ақпаратқа ие болып, бұл көшелерге, қалаға басқаша
көзқараспен қарайсыз. Абай даңғылы Алматы қаласының ең үлкен және әсем
көшелерінің бірі болып табылады. Аталған даңғыл қазіргі заманғы қала
көрінісі және Верныйдың кішігірім тарихи құрылыстары мен тау етегі
бойымен созылып жатқан, Төменгі және Жоғарғы Бақ учаскелерінің (Садовые
участки) территорияларының арасындағы шекара болып табылады. Қабанбай батыр
көшесінен жоғары жатқан ауданды қалалықтардың Компот деп атайтын себебі –
мұндағы ескі көшелер жүйесінің Вишневая, Грушевая және т.б. жемісті
атауларына байланысты. Соңғы жылдары бұл кварталдар күшті қарқынмен қайта
құрылуда, биік те сұлу коттеджлер мен аз қабатты кеңселер Кіші Алматы және
Жарбұлақ (Казачка которые органично вписываются в обширную зеленую зону
между реками Малой Алматинской и Жарбулак
()383838383838383838383838383838383 83838383838383838383838) өзендерінің
арасындағы кең, көгалдандырылған мекенге өте жарасымды болып бой көтеріп
келеді.
Алматы қаласының ең ұзаққа созылған көшелерінің бірі Достық көшесі, ол
таулы ландшафтпен қоршалған қаланың ескі орталығымен байланысып тұр. Даңғыл
тарихи магистраль болғандақтан көшенің абаттандырылуы өте жоғары деңгейде
болды: тратуарлар, арықтар жүйесі, даңғыл бойымен созылып таулы көшелер
арқылы Медеу шатқалына дейін жеткен аллеялардың пирамидалық теректермен
көгалдандырылған көрінісі біздің күндерге жеткен.
Біздің маршрутымыз 2 астрономиялық сағаттан тұрады. Экскурсиямыз
барысында 28 панфиловшылар паркі, Г.Бегалин атындағы Ұлттық кітапхана,
қазақ халқының ұлы ақыны – Жамбыл Жабаевқа қойылған ескерткіш секілді
объектілерді және 2 музей кездеседі – археологиялық және геологиялық,
сонымен қатар Тарас Щевченкоға, Абай Құнанбаевқа, Ғани Мұратпаевқа
орнатылған ескерткіштерді кездестіреміз. Республика Сарайының, 25-қабатты
Қазақстан қонақ үйінінің және оқушылар Сарайының ғимараттарын тереңірек
қарастыратын боламыз.
Белгіленген маршрут бойынша топтың орын ауыстырудағы тәртіп және
қауіпсіздік ережелері жайында айтып кетуді қалар едім. Құрметті
экскурсанттар топтан қалып қоймауға және топтың алдына түсіп кетпеуге
тырысуыңызды өтінем. Себебі сіз мынадай тамаша көше турулы және жалпы қала
туралы құнды да қызық мәліметтерді жіберіп алуыныз мүмкін. Егер қандай да
бір мәселе немесе сұрақ туындап жатса маған айтыңыз,сізді қызықтыратын
барлық сұрақтарға мен жауап беремін.Сонымен, экскурсиямызды бастайық!
2.4 Алматы-әсем қала
экскурсиясының технологиялық картасы
Маршрут Аялдама Көрсету объектісі Уақыт Экскурсия Ұйымдастыру Әдістемелік
(мин) тақырыпшасының ережелері ережелер
атауы
28 панфиловшы Сол жерде 4 Кіріспе Топты жинау,
паркіне кіре түгелдеу, өзін-өзі
берісте таныстыру,
қауіпсіздік
ережелерімен
таныстыру
28 панфилов И.В. И.В. Панфилов 5 Т-а. Қазақстан Топты ескерткіш Объектті
паркіне Панфилов ескерткіші тарихындағы аса алдына объект көрсеткенде
Қазбек би ескерткіші көрнекті тұлғалар көрінетіндей етіп алдын-ала көрсету
көшесінен кіреалдында орналастыру, жол тәсілін, әңгіме
берісте 1. Монумент қауіпсіздік айту барысында -
құрылысының датасы,ережелерін сақтай сипаттау тәсілі
авторы 2. И.В. отырып жолдан өту пайдалану
Панфилов - қолбасшы
Бегалина Сол жерде Балалар 6 Т-а. Қала Экскурсанттар Көріністік
атындағы кітапханасы архитектурасы назарын осы реконструкция,
Республикалық ғимараты 1.Верный объектке сипаттау және
кітапхана гимназиясын аудару,себебі ол әңгімелеу тәсілін
қарсысында сипаттау 2. архитектуру мен қолдану
Кеңес дәуіріндегі сәулетшілік
ғимарат ескерткіші б.т.,
топты объект
көрінетіндей етіп
орналастыру
Жамбыл Сол жерде Жамбыл ескерткіші,7 Т-а. Қазақстан Топты ескерткіш Әңгіме айтуда
ескерткіші археологиялық тарихындағы аса алдына орналастыру,алдын-ала көрсету
алдында музей көрнекті тұлғалар сосын археологиялықтәсілін, назар
1. Монумент музейдің кіру есігіаударту әдісін
құрылысының датасы,және үй түгелімен және сипаттау
авторы 2. Ақын көрінетіндей етіп тәсілін пайдалану
туралы Т-а. Қала сол жағынан тұру
архитектурасы
1. Три богатыря
тұрғын үйі;
2. Археологиялық
музей
Т. Шевченко Сол жерде Т. Шевченко 3 Т-а. Қазақстан Ескерткішті көруге Сипаттау тәсілін,
ескерткішінің ескерткіші тарихындағы аса уақыт беру экскурсиондық
алдыңғы көрнекті тұлғалар анықтама тәсілін
бөлігінде 1. Монумент қолдану
құрылысының датасы,
авторы
2. Кобзарь Т.
Шевченко
"Қазақстан" Сол жерде "Қазақстан" қонақ 7 Т-а. 25-қабатты Топты бас есікке Алдын-ала көрсету
қонақ үйінің үйі, геологиялық мақтаныш алып келу, сосын тәсілін пайдалану,
бас есігінің музей 1. Алматы маржаны; Достық даңғылы қонақ үй және
алдында 2. Геологиялық бойынша жоғары музей туралы айтып
музей қарай жүріп, беру
жолдың арғы
бетіндегі
геологиялық музейді
көрсету
Абай Абай Абай ескерткіші, 20 Т-а. Қазақстан Постаменттегі жазу Алдын-ала көрсету
даңғылында ескерткішініРеспублика Сарайы, тарихындағы аса көрінетіндей етіп тәсілін пайдалану,
ң алдында "Көк-Төбе" канатты көрнекті тұлғалар ескеркішке Абай алаңын,
жолы 1. Монумент келу,топты Республика
құрылысының датасы,экскурсовод алдындаСарайының
авторы; жартылай шеңберен ғимаратын және
2. Ұлы Абай орналастыру.Сосын аспалы канатты
Республика Сарайынажолды
Т-а. Республика бару. Экскурсовод үйлестірімділік
Сарайы көрсетіп, әңгімелеппен кезеңділігін
1.Мәдениет Сарайы; болған соң топты сақтай отырып
2. Эффект парения шамалы оңтүстікке әңгімелеу және
Т-а. Қала құстар қарай объект анық көрсету көрсету
биіктігінен көрінетіндей етіп
1. Алматы тұздығы"Көк-Төбе" канатты
; жол станциясына
2. Жас жұбайлар алып барады
дәстүрі
Республикалық Г.Муратбаев Г. Муратбаев 10 Т-а. Қала Топты сквер арқылы Алдын-ала көрсету
оқушылар ескерткішініескерткіші, архитектурасы ескерткішке алып тәсілін пайдалану,
Сарайының ң алдында оқушылар Сарайы 1.Оқушылар Сарайы; келу, ескерткіштен сипаттау тәсілі,
территориясынд 2. Жалғасып жатқан оқушылар Сарайына прием описания,
ағы сквер қазіргі заманғы бару жаңа материалдарды
биік үйлер цитаталау тәсілі
Т-а. Қазақстан
тарихындағы аса
көрнекті тұлғасы
1. Монумент
құрылысының датасы,
авторы;
2. Жастар
арасындағы
ұйымдардың
жетекшісі
Сатпаев көшесіСатпаев 5 Қорытынды Топы жинау, Қажет болған
мен Достық көшесі экскурсовод жағдайда
даңғылының жағынан айтыл,ан материал сұрақ-жауап
қиылысында оқушылар турулы қорытынды тәсілін пайдалану
Сарайы сөз сөйлейді және
скверінің экскурсанттарға
шығу берілген тақырып
есігінде бойынша
экскурсоводқа сұрақ
қоюға мүкіндік беру
2.5 Көркем Алматы бойынша экскурсияның қорытындысы
Сонымен, біздің бүгінгі экскурсиямыздың аяқталуына аз қалды. Менің
міндетім сіздерге әсем қаламыз Алматының зәулім ғимараттарын көрсету,ал ең
маңыздысы, біздің экскурсиямыздың негізгі тақырыбы- Алматы қаласының
тарихына көз тастау болды. Тянь-Шань жоталарының етегінде орналасқан әсем
қаланы бақша-қала деп бекер атамаған. Көктем маусымында, оңтүстік
алқаптардағы бау-бақшаларда алма, өрік, шие гүлдеген кезде, қала ертегіге
айналады. Алматы қаласының атауы — алма сөзінен шыққан. Дәл осы жерде аты
әлемге танымал апорт алмасы өседі. Біріншіден, Алматы облысы бүкіл
еліміздің туристік әлеуетінің 20 %-ын құрайды. Екіншіден, жоғары класты
қонақ үйлер мен кез-келген бағытқа баруды қамтамасыз ететін туристік
фирмалардың көпшілігі оңтүстік астанада орналасқан. Үшіншіден, Алматы
әуежайы әлемнің барлық нүктесінен келген әуе кемелерін қабылдай алады. Әрі
қаланың географиялық тұрғыдан бірнеше климаттық аймақты қамтуы
саяхатшыларды өзіне тартып, аса қызығушылық туғызады. Республикадағы барлық
туристік фирманың жартысынан көбі Алматыда орналасқан. Олар туризм маусымы
кезінде туристер мен саяхатшылардың 80%-на қызмет көрсетеді.
Қала 170 шаршы километр аумақты алып жатыр. Үлкен және кіші Алматы
өзендерінің бойына орналасқан. Тау өзендері мен көлдері қаланы сумен
қамтамасыз етеді. Қала 170 шаршы километр аумақты алып жатыр. Үлкен және
кіші Алматы өзендерінің бойына орналасқан. Тау өзендері мен көлдері қаланы
сумен қамтамасыз етеді.
Оңтүстік астана-Алматының бұдан да өзге ғимараттары қала қонақтарын
өзге де қырларымен таңқалдырып келуде. Еліміздің осы қалпында сақталып
өркендеуі алдағы уақытта сендердің еншілеріңде. Экскурсия уақытында маған
сендермен болған жақсы әсер қалдырды. Сендердіңде естеріңде бұл экскурсия
ұзақ уақыт сақталады деген ойдамын! Тағы бір сәті түскенде кездесерміз, ол
кезде Алматыны өзге қырларынан салыстыра қарайтын боламыз.
Сонымен, біздің серуеніміз осы жерде аяқталады. Мен сіздерге бір бос
күніңізді арнайы бөліп Медеу шатқалына баруларыңызға кеңес берер едім. Бұл
өте танымдық және қызықты саяхат болады. Алматы Еуразиялық континетте
маңызды және қолайлы орынға ие, Ұлы Жібек жолының транзитті тармақтарының
бірі болып табылады және туризмді әрі қарай дамыту мен жетілдіру үшін үлкен
мүмкіндіктерге ие. Бұнда 470 туристік ұйым орналасқан (Қазақстанда
тіркелген 713 фирманың ішінен). Онда шамамен 3000 адам жұмыс істейді. 2003
жылы олар 100250 адамға қызмет көрсетті.Қазіргі таңдағы Алматы бұрынғысына
тіпті ұқсамайды. Себебі Алматы бүгінгі күнде ірі, заманауи, өзіндік
ерекшелігі бар, миллиодаған халқы бар, әсем қала. Алматының туристік
мекмелері 80-нен астам елдермен байланыс орнатқан, олар
мәдени–танымдық,этникалық, экологиялық, денсаулық, спорт, аңшылық, қасиетті
жерлерге бас ұру, тағы басқа туризм түрлерін дамытуда. Алда зағип жандар,
зейнеткерлер, балалар мен жасөспірімдер спорты, тағы басқаларға арналған
әлеуметтік туризді жолға қою міндеті тұр.
Менің мақсатым сіздерді қала жүрегімен, берілген жерлердің
маржандарымен таныстыру болды. Және мен өз миссиямды орындадым деп сенем.
Сіз бұрынғы жерлерге жаңаша көзбен қарап қана қоймай, сүйікті қаламыз
туралы өз біліміңізді толықтырдыңыз. Сіз – Қазақстанның болашағы
болғандықтан қаламызды қазіргідей жасыл, сұлу да әсем түрінде сақталуын
қамтамасыз етуіңіз керек.
Іле Алатауының етегіндегі қаламызға қайта-қайта таңырқаудан
шаршамаймыз. Қаламыздың кұн санап түрленіп келе жатқанын көреміз, және біз
– алматылықтар және оңтүстік астана қонақтары Алматының дамуында үлкен
маңызға ие роль ойнаймыз.
Жазда Алматыда серуендеп жүріп , тау бөктерінен қала етегіне түссеңіз,
екі түрлі климат аймағына тап болуыңыз ғажап емес. Тау шатқалы емдік
қасиеті мол шипалы бұлақ, қайнарларға бай, солардың негізінде
бальнеологиялық курорттар жұмыc істейді. Туристік маусым қызған кезде
оңтүстік астана қонақтары мен алматылықтарға туристік турлардың алуан түрі
ұсынылады, оның ішінде күтпеген маршруттарды да кездестіруге болады.
Сервистің түр – түрі Алатау, Ақбұлақ, Түрксіб, Қарғалы, Ақ
қайың, Алма-арасан, Алматы, Балқаш, Синегорье, Ақ ерке
санаторийлерінде де бар. Турбазалардың ішінде Альпі раушангүлі,
Тұйықсу қақпасы , Просвещенец , Тянь – Шань обсерваториясы
таңдаулылар қатарында. Туристік ,бизнестің бет – бейнесі халықаралық
дөрежедегі қонақ үйлер. 2002 жылға қарағанда қызмет көрсету саласымен
қамтылған туристер мен экскурсанттар көлемі 79,3 мыңнан 2003 жылы
100205адамға өсті. Біздің туристік фирма сіздерге әртүрлі бағыттардағы
экскурсияларды ұсынуға әрдайым дайын.
Егер осы тақырыпқа байланысты сұрақтарыңыз болса мен оларға қуана жауап
беремін.
Сіздермен жұмыс істеу мен үшін өте қызықты болды. Назар аударғаныңыз
үшін рахмет! Сідермен келешекте кездесіп бүгінгі Алматыны болашақтағы
Алматымен салыстырамыз деп үміттенем.
Алдағы уақытта кездескенше, сау саламатта болыңыз, достар!
1 2.6 Көркем Алматы бойынша экскурсияның бақылау мәтіні
Алматы қаласы.Бұрынғы Верный, содан кейін Алма-Ата, ал тәуелсіз

скверлер мен қала маңы аймағының орманды парктерімен қосылатын
бульварлар.Алматы Іле Алатауының солтүстік баурайында теңіз деңгейінен 650-
1200 метр биіктікте орналасқан. Қала үш жағынан үлкен таулармен қорғалып
орманды алқаптармен жабылған кең орында орналасқан [12].
Бағдар француз стилінде салынған паркпен қоршалған Алматы қаласы
әкімдігінің ғимаратынан басталады. Қатаң геометриялық стильдегі клумбалар
мен жасыл екпелермен танысқаннан кейін туристер қалалықтардың сүйікті орны
Театр скверіне барады, одан әрі қарай жасыл белең алақанында тұрғандай
Астана алаңына жол тартады. Алматы саябақтары мен скверлерінде өсіп
тұрған түрлі түр мен сұрыпты гүлдер мен ағаштарды қарап шыққаннан басқа
туристер Верный кезінен бастап қаланың көгалдандырылу тарихымен танысады.
Оңтүстік астананың елуден астам ең әдемі бұрқақтарын көреді - Тас гүл,
Апталық, Бақ-бақ, Мың ағыс.
Ғимараттар қала архитектурасының негізгі даму кезеңдерін көрсетеді. 28
панфиловшылар паркінің батыс шекарасында 70-ші жылдары бұзу жолымен
бірқатар ірі революцияға дейінгі ғимараттар салынған. Кино үйі,
архитектуралық-мүсіндік мемориал – Даңқ Комплексі мен Офицерлер Үйі. Жоба
бойынша офицерлер Үйіне оперетта театры жалғасып тұрды, бірақ құрылған жоқ
(бұзылған архиерия үйі мен қасындағы шіркеу орны, кейіннен 20 жыл бойы бос
қалды). Қаланың тарихи орталығы болып табылатын парк ауданында біздің
күнімізге дейін жеткен бірнеше революцияға дейінгі ғимараттар бар. Бұл –
көркемдік жағынан аса бір мәні жоқ бірқатар тұрғын үйлер, сонымен қатар,
жарым-жартылай губернатор үйі (1990-шы жж. ортасында өртеніп кеткен) мен
ұлдар және қыздар гимназиясының ғимараты. 30-шы жылдардың басында олар қата
құрылыстан өтті (бір этажды салып бітуде Я. Станкевич пен В.
Твердохлебовтың проэкті бойынша классикалық архитектура элементтері
қолданылды).
Саябаққа тікелей жақында жатқан учаскедегі кеңес кезеңіндегі ең ерте
объектілерге мәдениет Сарайы кешені (арх. Д.Фомичев, Е.Цейтц, инж.
В.Райлян, 1933-1936 жж.; Калдаяков көш., № 35) жатады. Ғимараттың
типологиялық және стильдік мінездемесі 1930-шы жылдардағы петербургтік
архитектуралық мектептің бір негізгі ойын – жеңілдетілген классиканы
корсетеді.
Совет өкіметі жылдары Ленин проспекті басты магистральға айналды. 1968
жылы Қазақстан КП ОК мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz