Әдебиетті оқыту әдістемесі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: Әдебиетті оқыту әдістемесі
ДАЙЫНДАҒАН:
ТЕКСЕРГЕН:
ҚАРАҒАНДЫ-2009
Жоспар:
Кіріспен
Әдебиетті оқу – ғылым, шығармашылық
құбылыс ... ... ... ... ... ... ... ... 2-4.
Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...7-34
1.1.Педагогикалық технология және әдебиетті
оқыту ... ... ... ... ... ... ...7-1 0
1.2. Көркем шығармаларды оқып – үйренудің әдіс – тәсілдері ... ... ..11-30
1.3. Лирикалық шығарманы
оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..31-34
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .35
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .36
Кіріспе:
Әдебиетті оқу – ғылым, шығармашылық құбылыс.
“Әдебиет – сөз өнері”. Ол - өнердің бір саласы. Әдебиет пәні де өнер
пәні. Әдебиетті ұлағатты адамдар “ адамтану құралы ” десе, біз әдебиет
пәнін “ адам тәрбиелеу құралы ” дер едік. Ол жасөспірімдерге
әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр – сырын игеруден жай білім ғана алып
беріп қоймайды, ең бастысы, өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы – жақсылық пен
ізгіліктің ұрығын себеді. Әдебиет пәнінің әр сабағын адам бойындағы асқар
арман, әдемі сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық тәрізді ең мөлдір
сезімдер мен кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы десек те болады.
Әдебиет пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесі байиды, туған тілін сүден
елін, адамзатты құрметтеуге дейінгі сезімдері тәрбиеленеді. Әдебиет арқылы
жасөспірімдер алдында еліміздің тарихы, оның ғасырлар қойнауында қалған сөз
сандығы ашылады, солар арқылы халық арманы, қиялы, болашақтан күтер үміті,
ақ сенімі көрінеді.
Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне,
шеберлігіне де байланысты болады. Әдіс – тәсілдер деген не ? Оқыту
процесінде мынадай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе – мұғалім
оқытуы, екінші мәселе – оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының осы арақатынасы
әр түрлі оқу қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Сонымен әдіс – тәсіл
оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әртүрлі болып
келеді. Оқыту процесі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Әдебиетті
оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі –
иллюстративтік әдіс немесе репродуктивтік әдіс, эвристикалық ( ішінара
іздендіруші ) әдіс, зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс әдісі, мәтінді көркемдеу,
мәнерлеп оқудың орны ерекше.
Академик Ю.Н.Бабанский өзінің “ Оқу – тәрбие процесін оптималдандыру ”
деген еңбегінде әдістерді мынадай үлкен үш топқа жинақтайды.
1. Оқушылардың оқу – таным қызметін ұйымдастыру әдістері.
2. Оқушылардың оқу – таным қызметін көтермелеу әдістері.
3. Оқу – таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері.
Әр топ бірнеше оқыту әдістерінен тұрады. Мысалы, 1 – топтағы оқыту
әдістеріне: сөздік ( әңгіме, лекция, пікірлесу ), көрнекілік (
иллюстрация, портрет, суреттеу, мүсіндер ), практикалық ( поэтикалық
талдау, көркем мәтінмен жұмыстар ) әдістер жатады. Сондай – ақ,
репродуктивтік, эвристикалық әдістерді де осы топқа жатқызуға болады.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, әр топтағы әдістемелердің өз мүмкіндігі,
ерекшелігі болады. Төмендегі кесте арқылы кей әдістерді қай мәнде
пайдалану тиімді болады, соған тоқталайық.
Сөздік әдіс Көрнекілік әдіс Практикалық Зерттеу
әдістер
Берілетін білім Берілетін білім Оқушылардың Берілетін
ақпараттық мазмұны теориялық білімін білімнің
сипаттау көрнекілікті практикада ғылымилығын
болғанда, білімдітілеп тұрғанда, пайдалана білу арттыру, қосымша
қалыптастыру, уақыт үнемдеуге, дәрежелерін материалдармен
соның ішінде әсіресе, оқушы жетілдіреді. Бұл байыту,
теориялық білім психологиясына әдіс кітапппен оқушыларды
беру, жаңа әсер ету жұмыс түрлері іздендіру, өз
ұғымдарды оқушығамақсаттарында өтекезінде жазушы беттерімен
жеткізуге бұл тиімді болады. тілі, стилін проблема шештіру
әдіс өте тиімді. Сондай – ақ, анықтауда өте мәселелерінде
Сөздік әдіс, оқушыны сабаққа тиімді. тиімді.
әсіресе, әдебиет қызықтыру, Оқушылардың өз
пәнінің ынталандыру беттерінше
күретамыры деуге мәселелерінде де қорытынды шығару
де болатындай. маңызы зор. дағдыларын
жетілдіруге өте
пайдалы.
Қазақ әдебиетінің мектепте оқытыла бастау тарихында Орталық партия
комитетінің
“Бастауыш және орта мектеп” туралы (1931), “ Көркем әдебиет ұйымдарын қайта
құру туралы ” (1932) қаулыларының ерекше маңызы болды. Осы кезден бастап
қазақ мектебінде қазақ әдебиетін оқыту, бағдарламасын түзу, оқулықтар жасау
идеясы туды. 1934 жылы тұңғыш рет қазақ әдебиеті мен қазақ тарихының
мектептік бағдарламалары (5-8 сыныптар үшін) жарық көрді.
Бағдарламаның жасалуы қазақ мектептерінде әдебиет пәнін оқытудың жаңа
белесі болып табылады. Осы бағдарлама бойынша қазақ әдебиетінің тарихы
жүйеге келтіріліп, мектепте ақын – жазушылар шығармашылығы оқытылатын
болды. М.Жолдыбаев, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев жазған “ ХІХ ғасыр мен ХХ
ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті ” оқу кітабының шығуы (1933) осы саладағы
маңызды қадам болып табылады. Мұнда қазақ әдебиеттану ғылымы тарихында
тұңғыш рет әдебиет тарихының материалдары мектеп көлемінде жүйеге түсіп,
революцияға дейінгі әдебиеттің көрнекті өкілдері мен олардың шығармалары
мектеп оқушыларына ұсынылды. Әдебиетті оқу кітаптарынан бұл жылдары шыққан
М.Жолдыбаев, Ә.Қоңыратбаев, М.Қаратаев құрастырған 4 сыныптың (1934),
С,Сейфуллин мен Ө.Тұрманжанов құрастырған 5 сыныптың (1935), А.Әлібаев пен
Ә.Қоңыратбаев құрастырған 3 сыныптың (1936) оқулықтарын атауға болады.
Әрине аталған оқулықтардың мектепте қазақ әдебиетін оқытуда атқарған
маңызымен бірге елеулі олқылықтары да болды. 1937 – 1938 жылдары шыққан
әдебиет хрестоматиялары (5 сынып - Ә.Тәжібаев, 6 сынып – М.Әуезов, 7 сынып
– Д.Әбілов, 8 сынып – С.Мұқанов пен Қ.Бекхожин, 9 сынып - әуелі Үсенов
кейін Е.Ысмайылов пен Т.Ақшолақов, 10 сынып – М.Жанғалин мен С.Ерубаев ) да
бұл салада бірталай тәжірибе жинақтауға себепкер болды.
Әдебиеттік оқу белгілі бір шығарманы мазмұн мен түр бірлігі
негізінде оқытуға бағытталады. Тарихи - әдебиеттік проблемалардан оқушы мен
мұғалімнің назары шығарманың идеялық – көркемдік жақтарын ашуға, оның
құрылысы мен тіліне аударылады. Әдебиеттік оқу орта мектептің 5 – 7
сыныптарында өткізілетін болды. Әдебиет тарихын мектепте осы кезден бастап
6 – 10 сыныптарға бөліп оқыту принциптері жүзеге асырыла бастады. 8 сыныпта
ауыз әдебиеті мен әдебиет тарихының алғашқы мәліметтерін қамту, 9 сыныпта
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы және ХХ ғасыр басындағы әдебиетті оқыту,
10 сыныпта кеңес әдебиетін оқыту принципі қабылданды. Әдебиет тарихын
мектепте оқытудың жаңа үлгісі негізінде оқулықтар жасау ісіне бұл кезде
Е.Ысмайылов. Қ.Жұмалиев сынды әдебиетші ғалымдар ат салысып, қазақ әдебиеті
тарихының мектептік курсын жасауға, сол жобамен кейін үлкен әдебиет тарихын
негіздеуге аса мол еңбектер сіңірді.
Қазақ әдебиетінің пән ретінде мектепте оқытыла бастау тәжірибесі
әдебиетті оқытудың әдістемесін де туғызып, қалыптастырды. Бұл жөніндегі
алғашқы тәжірибелер бізде 30 жылдардың аяқ кезінде жинақтала бастады. Бұған
“ Қазақ тілі мен әдебиеті ”, “ Орта мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті ”
(екеуі де 1939).
“ Әдебиеттік оқу материалдары ” (1940) атты мақалалар жинақтары дәлел.
50 жылдардан бастап әдебиет сабағын оқытудың проблемалық әдістері
кеңінен сөз бола бастады. Сабақты проблемалық тәсілмен оқытудың ғылыми –
теориялық тәжірибелері жинақталып, мектеп өміріне ене бастады. Осы жылдары
“ Мектептерде қазақ әдебиетін оқытудың методикасы ” жинағы,
Ә.Қоңыратбаевтың “ Әдебиетті оқыту методикасы”, А.Көшімбаевтың “ Қазақ
әдебиетін орта мектепте оқыту методикасының мәселелері” тәрізді кітаптары
жарыққа шығып, пәнді оқыту ісінің жақсартылуына ықпалын тигізді.
60 жылдары Ә,Дайырованың “ Орта мектепте І.Жансүгіровтың өмірі мен
шығармаларын оқыту ”, Ә.Қоңыратбаевтың “ Әдебиетті оқыту методикасының
очерктері ”, 1968 жылы “ Мектепте қазақ әдебиетін оқыту методикасы ” атты
еңбектері жарыққа шыққан.
1970 жылдары С.Қалиевтің “ Мектепте Ғ.Мүсірепов шығармаларын оқыту
әдістемесі ”, 1974 жылы Ә.Қасымбекованың “ С.Сейфуллин өмірі мен
шығармашылығын оқыту жолдары ” атты құралы, Қ.Әміровтың “ ЖОғарғы кластарда
қазақ әдебиетінен тапсырмалар жүйесі ” көмекші құралы жарияланды.
80 – 90 жылдары С.Дүкенбаевтың “ Мектепте драмалық шығармаларды оқыту ”,
Т.Ақшолақовтың “ Көркем шығарманы талдау ”, Қ.Бітібаеваның “ Әдебиетті
оқыту методикасы ” басылып шықты.
1990 жылдардан былай қарай прозаны оқыту туралы тың пікірлер, соны
ғылыми түйіндеу жайлы айтыла бастады.
Негізігі бөлім
1.1.Педагогикалық технология және әдебиетті оқыту.
Педагогикалық технология дегеніміз не ? Педагог – ғалым Беспалько өзінің
“Слагаемое педагогичемкое технология” еңбегінде былай дейді. “Оқу тәрбие
процесінің алдын – ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеле жүзеге
асуы белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы”.
Педагогикалық технологияның тиімділігі сол, ол шындыққа жүгінсек,
ұстаздардың өздері үшін ғана жазатын сабақ жоспарларымен бір сабақта жүзеге
асуы мүмкін емес мақсаттарды белгілеуден сақтандырады. Технология –
қарапайым тілмен айтқанда жүзеге асатын ғана, нақты мақсаттардың алдын –
ала ойластырылған нақты жобасы, яғни белгілі педагогикалық жүйенің
тәжірибеде жүзеге асатын жобасы. Ал педагогикалық жүйе – педагогиикалық
технология негізі.
“педагогикалық жүйе – бір – бірімен байланысты әдістер, педагогикалық
процестер жеке тұлға қылыптастыруға әсер ететін нақты мақсатты, бағытты
педагогикалық әсер” делінген Беспальконың жоғарғы еңбегінде.
Педагогикалық жүйе тәжірибеде:
А. Дидактикалық мақсат. Ә. Оқыту технологиясы арқылы жүзеге асады.
Қазіргі таңда оқытылатын пәндердің, балалардың болашағы, таңдайтын
мамандығына қарай бағыттаоуы, яғни мақсатты білім беру ісіне ерекше назар
аударылуда. Сондай – ақ, жеке тұлға, яғни дарынды, шығармашылық тұлға
қылыптастыру білім беру мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы
болып отыр.
Кәсіпке дайындау. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын
мәселелер. Педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты,
жолдарын көрсетеді. Ал мақсат нақты, белгілі мерзімде жүзеге асатындай
қойылуы керек.
Мақсатты айқындауда мұғалім оқушының жеке басын, интелектісін, оқу іс -
әрекетін, өз мүмкіндігін ескеріп, өтілетін тақырып мазмұнын зерттегені
дұрыс. Сабақ мақсатын айқындау, оған қойылатын талап жаңалық емес. Ал
пелагогикалық технология ерекшелігі – оның талабы. Осы мақсатқа жетуді
оқушының өзі арқылы, оның оқу іс - әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау
дағдыларын дамыта отырып, жүзеге асыруды қарастырады. Оқушылардың оқудағы
іс - әрекеті арқылы, олардың ойлау дағдыларын жетілдіре отырып мақсат қою
технологиясын былайша көрсетуге болады. (Блум жүйесі):
Мақсат Анықтама Оқушы іс - әрекеті
Білім Берілген жаңа түсінікті ұғу, еске Тыңдайды, қабылдайды,
ұстау, бұрынғы білімді еске еске сақтайды, ойлайды.
түсіреді.
Түсіну Жаңа материалда берілетін білімді Түсіндіреді, айтады,
түсінуі, өзінше түсіндіруі, немесекөрсетеді, жазады.
болжам жасауы.
Қолдану Жаңа білімді тәжірибеде қолдану, Бұрынғы білім негізінде
яғни нақты жаңа жағдайға соны пайдалана отырып,
пайдалану. жаңа проблема шешеді.
Анализ Алған білімді жіктеу, саралау, ең Ойланады, салыстырады,
негізгі түйінді дәнін бөліп ала табады, талқылайды,
білу, яғни бүтінді бөліктерге ашады, ізденеді.
жіктеу арасындағы байланысты
айқындау т.с.с.
Синтез Жеке бөлшектерден, дара ұғымдарданОйлап табады,
тұтас дүние жасау. (Жалқыдан құрастырады,
жалпыға) шығарады,
байланыстырады.
Баға (сындау,Жаңа ұғым, жаңа материалдың Бағалайды, талқылайды,
пайымдау) құндылығын, керектігін анықтау, өз талабын айтады.
пайымдау.
Бұл жүйені ары қарай жете түсіндіру үшін қандай тірек ұғымдарды пайдалану
мүмкін, соған көз жүгіртейік.
Білім Айтыңдар, жазыңдар, атап беріңдер, орнына қойыңдар
т.с.с.
Түсіну, ұғу. Өз ойларыңда айтыңдар, түсіндіріңдер, ұқсастық,
айырмашылығын көрсетіңдер, мәнін түсіндіріңдер.
Қолдану. Қолданыңдар, табыңдар, пайдаланыңдар.
Анализ. Былай қарағанда, салыстырғанда, басқаша ойластырғанда, басты
ерекшелігін табыңдар, негізгі қасиеті, дәлелдеңдер.
Синтез. Құрайық, ойлайық, керісінше, мүмкін.
Баға. Бәрінен жақсы, бәрінен жаман, неге солай, пікірдің біреуіне
келісемін, сын айтыңдар, ол туралы не ойлайсыңдар.
Зер сала қарасақ, оқушының білімді меңгеру деңгейі анализден бастап,
синтез, бағада жоғарылай түседі. Егер білім, түсінік, қолдану берілген
білімді ұғу, меңгеру, пайдалану дәрежесінде ғана болса, ол анализден бастап
іздену, проблема шешу, жаңа хабар алу, өнімді, жемісті әдістер, іс -
әрекеттер арқылы жүзеге асады екен. Беспальконың еңбегінде оқушының білімді
меңгеру сатысы төмендегі үлгіде былай көрсетілген:
IV шығармашылық
ІІІ эвристикалық
ІІ алгоритмдік
І оқушы деңгейі
Бұл кестеде жоғарыда біз сөз еткен мақсатты қою технологиясы білімнің
бастапқы оқушы деңгейінен шығармашылыққа дейінгі жобасы айқын
көрсетілген.Бірінші сатыда мұғалім көмегімен оқушы алдындағы мақсатты
шешеді, орындайды, оқушыға бұрынғы білімі көмекке келуі мүмкін болса,
екінші алгоритмдік сатыда (көмексіз, ақыл – кеңессіз ) оқушы мақсатқа
жағдай анық болған жағдайда өз бетінше жетеді.
Ал мақсат айқын, жағдай түсініксіз болса, оны оқушы өздері шешсе, өз
еңбектерімен жаңа мәлімет, білім алса, ол эвристикалық саты болмақ.
Төртінші саты ең жоғарғы шығармашылық саты. Мақсат бар, бірақ ол нақты
емес, жалпылама, ал оқушы мақсатты айқындап, оны шешуге кіріседі, жаңа
білім игеріледі, тың мәселелер шешіледі. Іс - әрекеттің ең өнімдісі осы
үшінші, төртінші саты. Оның технологиясы бойынша оқушының осы шы,армашылық
сатыға жету жолдары тек мұғалім арқылы емес, оқушының өз іс - әрекеті
арқылы жүзеге асады. Технологияның негізгі ерекшелігі де тиімділігі де
осында.
Бала білімін оқушы деңгейінен шығармашылық деңгейге жетелеуде дамыта
оқыту, проблемалық оқытудың атқарар рөлі ерекше. Қазір педагог- ғалымдар
оқыту әдістерін төмендегідей жүйелейді. Олар:
1. Түсіндірмелі, иллюстративтік;
2. Бағларламалық;
3. Эвристикалық;
4. Проблемалық;
5. Модельдік әдістер.
Бұл әдістер – мұғалімдерге жете таныс, тәжірибеде жиі пайдаланылып,
өнімді нәтижелер беріп жүрген әдістер.
Модельдік әдістерге іскерлік ойындары, сабақ түрлері, мәселен, баспасөз
сабағы, сот сабақтары т.б. жатады. Бұл әдіс оқушылардың өз бетінше дербес
ізденуіне жол ашады, шығармашылық жұмыстарға баулиды.
1.2. Көркем шығармаларды оқып – үйренудің әдіс – тәсілдері.
Көркем мәтінді талдау шығармашылық жұмыстарды талап етеді. Қай көркем
шығарманы оқыса да, оқушылардың ол туралы өзіндік әсері, пікірі туындайды.
Біреуіне қатты ұнаған шығарма екіншісіне ұнамауы мүмкін. Оқушы туындыны өз
дүниетанымы, сезімі, білім дәрежесіне байланысты қабылдайды. Әдеби
талдаудың басты мақсаты – оқушылардың өзіндік қабылдауларын, пікірін -
әдебиеттану ғылымының талабына сай ғылыми арнаға бағыттау болып табылады.
Көпшілік ұстаздар талдауды бастамас бұрын, оқушылармен сол туынды жайында
арнаулы әңгіме, пікірлесу өткізеді, тіпті шағын әдеби айтысқа да жетелейді.
Оның тиімділігі сол, мұғалім оқушының көркем туындыны қалай қабылдағанын
аңғарады, талдауда қандай мәселелерге назар ерекше назар аудару керек,
соған бағыт- бағдар алады. Ең басты мәселе, оқушылары өз беттерімен
талдауға жетелейді, тілін дамытады, көркем шығарманы қабылдай білу, әрі
оған пікір айта білу дағдыларын қалыптастырады. Оқушылармен пікірлеспей,
алдын- ала олардың көркем туынды туралы (талданатын) ойлары, сезімдерін
білмей, ескермей, талдау жасау балаларды жаттандылыққа, мұғалім мен оқулық
пікірлерін қайталап айтушылыққа ұрындырады. Әдебиетші мұғалім алдындағы
оқушыға оқырман деп қарап, оны оқырман ретінде тәрбиелеуі керек. Әр бала –
жэеке тұлға. Ол – психологиялық жағынан болсын, дүниетанымы, білімі жағынан
болсы, бір – біріне ұқсамайтын жеке адам. Талдау, ең алдымен, міне, сол
“жеке адамның” жеке пікіріне де сүйене жүргізілуі тиіс. Әдебиеттану ғылымы
әдеби талдауда ең басты мына мәселелерге көңіл аудартады (ғылыми талдаудың
негізгі принциптері мынадай):
а) Көркем туындыдағы авторлық көзқарас.
ә) Көркем туындыдағы мазмұн мен форма бірлігі.
б) Суреткердің көркем тәсілі, дүниетанымы, көзқарасы, олардың арасындағы
байланысты ашу.
Әдеби талдауда осы принциптерді басшылыққа алу оқылып жатқан көркем
туынды туралы, оның авторы туралы үстірт пікірлер мен жалған бағалардан
сақтандырады. Әдеби талдаудың қай дәрежеде болуы мұғалімнің талдау әдіс –
тәсілдерін қалай меңгергеніне де байланысты. Әрине, сөз жоқ, мұғалімнің
терең әдеби білімі, кең ой - өрісі, көркем туындыны обьективті түрде бар
бітім – болмысымен қабылдай білуі де талдауға әсер етеді. Талдауда
композиция, сюжет, жазушы стилі, көркем туынды негізінде жатқан идея, оның
көтерген мәселесі ерекше назарға алынады.
Әдебиет әдістемесінің мазмұнын белгілеудегі басты мәселелердің біріне
мұғалімнің әдебиет пәнінде қолданатын әдіс-амалдары тәсілдері жатады.
Нақтылы бір бағдарламалық материалды өтуде көздеген мақсат негізінен бір
болғанымен, әрбір оқытушы бұл мақсатқа әр түрлі әдістемелік әдіс амалдарды
қолдану арқылы жетеді. Ал осылардың ішінен сыртқы қауызын алып тастап,
дәнін ғана сұрыптап, таңдап, талғап ала білу мұғалімнен үлкен творчестволық
қабілетті, шеберлікті талап етеді. Өйткені әдеби материалдың ерекшелігіне
байланысты әрбір сабақтың өзіне тән тақырыбы, мақсаты, құрал-жабдықтары,
әдіс-амалдары, барысы, құрылысы, мазмұны т.б. болады. Демек сабақ өтілетін
материалдың өзгешелігіне қарай, оқушыларға берілетін білім-дағдылардың
түрлеріне қарай әр алуан құбылып, түрленіп отыратын мүдделі құбылысқа,
күрделі оқу тәрбиелік процесі жатады.
Орта буын сыныптары әдебиеттік оқу қазақ мектептеріндегі сияқты, орыс
мектептерінде де күрделенеді. Мектепте ақындарымыздың туындыларын,
әдебиеттің тарихи курсы бойынша қалай оқытамыз, оқушылардың жас
ерекшеліктеріне байланысты қандай сабақ түрлерін және ол сабақтарды
оқытудың қандай әдіс-тәсілдерін пайдаланамыз? Осы жайларға тоқталайық.
Жалпы мектеп бағдарламасы бойынша орта буын сыныптарда кеңінен
қолданылатын сабақ түрі лекциялық сабақ.
Лекция сабақ. Бұл әдіс VIII сыныптарда қолданылады. Лекция сабағының
мақсаты: 1.Тақырыпты толығымен мұғалім не оқушы оқып шығады, оқушы зейін
қойып, өзіне керекті деректерді жазып алады, есте сақтайды. Тыңдай отырып
жазу дағдысына қалыптасады. 2. Тақырыптан керекті деген сұрақтарды тауып,
мұғалімге сұрақ қоюға үйренеді. Бұл сабақ түрлі оқушыларға жауапкершілік
жүктеп, зейінмен лекцияны тыңдауға үйренеді. Сол арқылы тақырыпты
меңгереді.
Лекциялық сабақтың мынандай түрлері бар.
а) шолу түрлеріндегі лекция;
ә) Монографиялық лекция;
б Әдеби-терминдегі лекция (бұл өте сирек болады).
Мұның ішінде кіріспеге жататындары шолумен монографиялық лекциялар
болады. Бұлардың мазмұны мен қызметі, әдісі мынандай:
а) шолу түрлеріндегі лекция.
Бұл - әрбір кезеңнің тарихи-әлеуметтік және мәдени-әдеби құрылысын
танытатын, монографиялық талдауларға аса қажетті, әдебиеттің қоғам өмірін
көрсетіп, көбіне әдебиеттің сыртқы заңдарына құрылған лекциялар. Оның
орталығында әдеби бағыттар, стильдер тартысы, авторлар позициясы, әдеби
дамудың белгілері бір дәуірдегі қалпы. Сонымен бірге шығармасы шолу түрінде
әңгімеленетін авторлар тұрады. Шолу лекциясы, біріншіден белгілі бір
дәуірдегі қоғамдық-әлеуметтік, экономикалық саяси жағдайды таныту, оқушыға
сол заман шындығын дәл жеткізуді көздейді. Екіншіден, сол кездегі мәдени-
әдеби процестің жайын әңгімелейді, мұның материалын әдебиет оқулықтарынан
аламыз. Әдебиет - қоғамдық пәндердің бірі. Әрбір қоғам, кезең әдебиеті,
оның қызметі, мазмұны мен формасы жайлы Шоқанның, Абайдың т.б. ой пікірлері
осы тұста әңгімеленіп, қосымша материалдар оқытуға айрықша зейін қойылады.
Үшіншіден, шолуда монографиялық түрде өтілмейтін ақын-жазушылардың
шығармасына, мысалы, 9-сыныпта өтілетін, Зар заман кезеңі ақындарының
шығармашылығына қысқа түрде нақты талдаулар беру қажет. Бұл ақындар толғау
ақындары болды, феодалдық ортадан өсіп шықты деу жетімсіз. Сонымен бірге
әрбір өлеңдерін қысқа түрде болса да талдап, оқушыға ұстамдырақ ұғым берген
жөн.
Мысалы, Зар заман кезеңі ақындардың шығармашылығына арналған сабақты
шамамен мынандай түрде өткізуге болады. Кезінде әдебиет тарихында орны
дұрыс бағаланбаған үлкен бір дәуір әдебиетінің өкілдері болғандығын, олар
ғасыр ақындары - Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы Мұрат Мөңкеұлы сияқты
ақындар екендігін айту, олардың зары, шері, заман көрінісін бейнелеген
арнау, толғау өлеңдер туралы сөз ету.
Бұл тақырыпта осы ақындар өмір сүрген заман патшасы Ресейдің отаршылдық
саясаты дәуірлеп, қазақ жерінің нағыз талауға түскен шағын, ел билеу
жүйесіне өзгеріс енгізіліп, халықтың салт-дәстүрдің жолының кесілуін өз
шығармаларында отаршылықты ашықтан-ашық сынағандары сөз болды. Отаршыларға
беріле қызмет еткен, елін сатқан, екіжүзді болыс, старшын, аға сұлтандардың
типтік бейнелерін жасай отырып, олардың екіжүзді сатқындық істерін қорғау
қасқыр, жаман ит әрекеттерімен салыстыра суреттеулері сөз болды.
ә) Монографиялық лекция. Бұл шығармалары арнайы өтілетін авторларға
құрылады. Алғашқы лекция жеке автордың заманын, оның өмірін баяндайды,
екінші лекция оның творчествосына, тудырған жанрларына құралды (Кейбір
авторлар тұсында бұл екі сала бір лекцияға сыйыстырылады).
Мысалы, 10–сыныпта Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен творчестволық жолына
арналған екі лекцияның жоспары мынадай болуы мүмкін.
1–лекция. Сәкеннің өмірі мен революциялық қызметіне арналады да,
төмендегіше жоспарланады.
а) Сәкеннің жастық шағы.
ә) Сәкен орыс білімін алу жолында.
б) Студент Сәкеннің қоғамдық істері, (1905 жыл, Өткен күндер,
Айқапқа қатысуы).
в) Сәкен 1916 жылы.
г) Сәкен Қазан күндерінде.
ғ) Сәкен азамат соғысы күндерінде.
д) Сәкен - үкімет қайраткері, революционер.
е) Сәкеннің жазушылық және педагогтың істері.
2–лекция. Сәкен шығармашылығына арналған лекция.
а) Сәкен лирикасындағы Отан, туған жер табиғатының сұлулығы тақырыбы.
ә) Сәкеннің махаббат лирикасы.
б) Сәкеннің жаңашылдығы.
в) Тар жол, тайғақ кешу романының тақырыбы, идеясы, композициясы,
кейіпкерлері, жанр ерекшелігі.
Монографиялық лекцияның тағы бір түріне үлкен романдардың суреттейтін
заманы, көтерген проблемасы жайындағы лекция жатады. Мысалы, М.Әуезовтің
Абай жолы романын өту жолында анық танылады. Мұндай лекция 2–3 сағатқа
бірден дайындалуы мүмкін немесе мұғалімінің шеберлігіне байланысты шағын
тақырыпшалар арқылы да берілуі мүмкін.
Жалпы бұл лекциялық сабақ жоспары мынандай болуы мүмкін:
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтің Абай жолы романы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі
бойынша жазылған романмен таныстыру. Абай образын ашу, жазушы стилімен
таныстыру, тарихи шығарманың қазақ әдебиетіндегі орны. Қазақ халқының
өткендегі тарихымен таныстыру.
Сабақта қолданылатын әдіс. Баяндау, сұрақ-жауап әдістері.
Сабақтың түрі: лекция.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
ә) үй тапсырмасын тексеру.
б) Жаңа сабақ
в) Қорытынды.
Жаңа сабақта мына жоспар бойынша лекция оқылады:
Романның идеялық-тақырыптың негізі. Шығарманың басты кейіпкері -ұлы ақын
және халық. Қоғам өмірінің бай суреттері. әлеуметтік-адамгершілік
проблемалары.
Халқымыздың адамгершілігі және рухани әлемі. Дәркембай, Базаралы,
Әбілғазы бейнелері. Халық және Абай. Романдағы әйелдер бейнесі. Қазақ
әйелдерінің кеңпейілділігі мен мейірімділігі. Ана тақырыбы (Зере, Ұлжан).
Тоғжан мен Әйгерім – сөнбес махаббат пен шыншылдықтың символы. Абай мен
жастар бейнесі (Әбіш, Мағаш, Дәрмен). Абай өміріндегі өнер.
М.Әуезовтің жазушылық шеберлігі мен таланты. Ана тілінің байлығы, жазушы
тілі, шығарма тілі. Абай жолы романы - әлем әдебиетінің монументальды
туындылары. Әдебиет теориясы. Психологиялық портрет.
Пәнаралық байланыс. Қазақстан тарихы. Қазақстандағы ХІХ ғасырдың екінші
жартысындағы тарихи жағдай.
Музыка. Абай операсынан үзінді.
Осындай жолмен жүргізілетін лекция-сабақтардың тағы бір үш түрі: а)
әдеби-теориялық лекциялар. Мұның өзі үш түрлі мазмұнда келеді: 1) Жанр,
стиль, әдіс, әдеби тіл мәселесін тарихи - салыстырып, шендестіре
әңгімелейтін лекциялар. 2) Таза әдебиет теориясына байланысты лекциялар
(тақырып, идея, жанр, типтендіру заңдары, сюжет, композиция, көркем тіл
пейзаж т.б.). 3) Оқушыларға шығарма жаздырумен байланысты оның құрылысын,
жоспарын, техникасын үйретуге негізделген лекциялар. Бұлар талдаудан кейін
сирек, тек қажетті жерде оқылады. Ол үшін оқушының талдаудан алған ұғымдары
мол болуы керек.
в) Жинақтау лекциялары. Бір-екі автордың стилін, жанрларын салыстыру
немесе бір автордың өз стилін, ашқан жаңалығын, жеке романдардың көркемдік
ерекшеліктерін жинақтауға құралады.
г) Талдау формасындағы лекциялар. Тарихи курс әдісінде сыныпта, не үйде
талдау негізі орын алып, лекцияның рөлі тек жәрдемші қызмет атқаруға тиіс.
Сондықтан сабақ сайын лекция оқу, талдауды да үнемі лекцияға құру міндет
емес.
Талдаудың бәрі де дайын лекция оқу, талдауды да үнемі лекцияға құру
міндет емес. Талдаудың бәрі де текске құрылуға тиіс. Оның әдісі - сыныпта
өтілетін әңгіме-сабақ. Жоғарғы сынып оқушылары мұғалімнің берген лекциясы
бойынша өздері конспекті жасауға тиіс. Лекция жай, түсінікті баяндалады.
Оқушылар негізді-негізді деген жерлерін жазып алады. Бұл сыныптарда
конспекті тексеру, түзету маңызды іс. Жүре-бара конспектінің
публицистикалық еңбекке жасалатыны, оның кіріспесі, не тезисті, дәлелдеуші
бөлімі, аяқтамасы болатыны түсіндіріледі.
Үйретудің басты бір буыны - оқушы жауабы. Лекцияны түсінікті етіп
жазғаны сияқты, олар сөзін де аналитикалық ізде, байланысты, мақсатты етіп
сөйлеуге тиіс. Әрбір оқушы жауабы - өзінше бір талдау, біткен ой, объект.
Мұны үздіксіз бақылаймыз, дағдыландырамыз.
Енді талдау сабақтарына тоқталар болсақ, лекция мен бағдарлаушы
әңгімеден бұрын оқушы талданатын сауал туады. Оны көп жағдайда мұғалімнің
ұқыптылығы мен оқушылардың дайындығы біледі. Оқушының оқыту, үлкен романды
оқығанда оқушыларға алдын-ала сұрақ-тапсырма, талдап келуге лайықталады.
Бұл - оқудың мақсаты мен объектілері.
Мысалы, орыс мектептерінде Л.Толстойдың Соғыс пен Бейбітшілік,
Чернышевскийдің Не істеу керек сияқты шығармалары тұтас оқылып, түгел
талданып жүр. Соған тән ол романдардың мектептік, қысқарған варианттары
бөлек басылады. Бұл көп нәрсе емес. Бірақ оқушылар соны күнделікті сабақтар
тұсында оқып, үлгере алмайтын болғандықтн, мұғалімдер, оқушылар
демалыстарын (жазғы, күзгі, қысқы) пайдаланады. Шын педагог оқушыдан қол
үзуге тиіс емес. Абай жолы, Ботакөз, Ақбілек сияқты романдар тұсында
қазақ әдебиеті пән мұғалімі мұны да ескергені жөн.
Әдіскер В.Голубков бағдарлаушы әңгіменің бірнеше түрін көрсетеді. Олар:
1) қысқаша әңгімемен түсіндіре отырып, шығарманың бас кезін сыныпта оқу; 2)
сұрауға жауап, боларлықтай маңызы бар эпизодтарға айрықша көңіл бөлу; 3)
шығарма кейіпкерлерін топтау; 4) шығарманың негізгі бөліміне немесе
сюжеттік желісіне баса көңіл аудару; 5) шығарманың басты-басты
проблемаларын алдын–ала таныту.
Байқап отырғанымыздай, бағдарлаушы әңгіме тұсында бүтін, бірақ нақты,
яғни мәтінге енген, байымдаулар жасалады. Мәтінді оқыту мен сұрақ қою. Оның
жемісі, жүйелі болуы – басты шарт. Оқушының аналистикалық ойын, дағдыны
тудырмай жатып, бірден немесе бірыңғай синтетикалық-дедуктивтік әдіспен
оқыту сыңар жақтық. Көркем шығарма алдымен индуктивтік-аналитикалық ізге
талданып, содан соң жалпы теориялық бекітуге келеміз.
Кейбір сюжеттік немесе лиро-эпостық, лирикалық шегіністер елеулі орын
алады. Бұл – жанр табиғатын да, идеясын да танытуға қажетті нәрсе. Мұны
сюжет элементі мен суреттеу тәсілдері тұсында арнаулы объект етеміз. Мұндай
формаларға І.Жансүгіровтің Құлагер, Дала, Сәкеннің Көкшетау
поэмалары, Жамбылдың толғаулары, С. Көбеевтің Қалың мал романы құрал
болады.
Бағдарлаушы әңгіменің тағы бір түріне жанрлар табиғаты мен олардың туу
процесін танып алу жатады. Мысалы, драма, проза жанрларын сөз еткенде,
олардың даму жолын салыстырамыз. Жамбыл поэзиясын әңгімелегенде бұрынғы
ауыз әдебиетін еске түсіреміз. Мұны жинақтау түрінде кейін әгімелеуге де
болады.
Қорыта келгенде бағдарлаушы әңгіменің екі жағы бар екен. Бірі -шығарманы
түгел, әдеби түрде талдап оқыту мақсатын көздейтін болса, екінші - оның
ырғасын, тақырыбы мен идеясын, әдеби-тарихи желіде бағдарлап алу. Мұнда
теория элементі бар. Ол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz