Паразитті емес арамшөптер
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Егістіктерде арамшөпке қарсы күрес жүргізу технологиялары
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Арамшөптер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
1.1 Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... .. 6
1.2 Арамшөптердің таралуы және олардың тіршілік жағдайларына
бейімделуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
1.3 Арамшөптердің негізгі топтары мен өкілдері ... ... ... ... ... ... . 9
1.3.1 Паразитті арамшөптер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10
1.3.2 Паразитті емес арамшөптер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3.3 Карантиндік арамшөптер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.3.4 Улы арамшөптер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 13
1.4 Арамшөптермен күрес жүргізу шаралары ... ... ... ... ... ... ... .. 13
1.5 Арамшөптерді өсірмеудің алдын алу шаралары ... ... ... ... ... .. 14
2 Павлодар ауыл шаруашылығының ғылыми зерттеу институтындағы
егістіктерінің ластануы ... ... ... ... ... ... ... .. 15
2.1 Егістің арамшөп басуына қолданылатын технологиялар ... ... ... 16
2.2 Ауыспалы егістердің арамшөптенуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.2.1 Арамшөптену нәтижесінен алынған дала ауыспалы
егістерінің экономикалық тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
КІРІСПЕ
Қазақстанды материалдық қорлардың жетіспеуі кезінде қор үнемдеудің
табиғи-экономикалық үрдістерін пайдалана отырып, жоғары сапалы астық
өндіруді арттырудың негізі-қор сақтайтын, табиғи қауіпсіз технологиялар.
Жоғары сапалы дән қалыптасуына өндіріс орналасқан жердің табиғи –ауа райы
жағдайы, жоғары агротехника, ұндық-нандық қасиеттері жоғары, жапырылуға,
зиянкестермен ауруларға және егістердің ластануына төзімді сорттарды
шығарып, өндіріске енгізу ықпал етеді.
Сондықтан арамшөп қаптап кеткен егістердің жағдайында алынған төмен
өнімі белгілі мөлшерде ақуызының көп алынуымен толықтырылуы қажет.
Арамшөптердің ластануын Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығыс
аудандарында әр бес жылдың ішінде екі немесе үш жылда байқалып отырады.
Сондықтан мұнда арамшөптің ластанғаның стихиялы апат деп қарамау керек, ол
бұл аймақтағы қалыпты табиғи жағдай. Оны игеру егіншілердің міндеті болып
саналады.
Ол үшін барлық арамшөпке қарсы күрес шаралары, сақтауға және үнемді
пайдалануға бағытталуы керек.
Жазғы жауындар топырақты терең суландырмайды, ол жауындар ылғалының
үлкен бөлігі тиімсіз. Топырақтың терең қабатында жиналған күзгі-қысқы ылғал
арамшөптердің дәндері және тамырларымен жеңіл көтерілетіндіктен тиімді
пайдаланылады.
Соңғы жылдардағы зерттеу, егіншілік жүйесін игеру мен егістіктегі
арамшөптермен күресу технологиясын, сондай-ақ Солтүстік Қазақстандағы
егіншілік жүргізудің экологиялық мәселелерін талдау қазіргі жағдайда
егіншілік жүргізуге жаңа, баламалы тәсілдеме қажет екенін көрсетті.
Қазақстан ғалымдарының көбінің пікірі бойынша, егіншіліктегі
экологиялық маңызы қолайсыз салдарларды жете бағаламау пайдаланылған
топырақ сапасының айтарлықтай нашарлауына, ондағы қарашірік мөлшерінің 20-
30 %-ға төмендеуіне, агрохимиялық және агрофизикалық жағдайының
нашарлауына, аса тығыздануына, эрозияның өршуіне, сондай-ақ шектес
аймақтардағы тұтастай топырақ экологиясының бұзылуына және де ең маңыздысы
егістіктердің арамшөппен ластануына әкеп соқтырды. Республиканың
ауылшаруашылығы ғылымдарының алдында егіншілікті одан әрі дамыту, оның
жоғары өнімділігін қолдаудың балама жолдарын іздестіру проблемасы туындады.
Европаның бірқатар елдерінде оқымыстылар мен практиктер биологиялық
егіншілікке көшуді ұйғаруда.
Далалық және қуаң далалық аймақтардың құрғақшылық жағдайында
арамшөптердің өсуіне мүмкіндік беретін негізгі фактор ылғал болып табылады.
Павлодар АШҒЗИ-да көп жылдық ғылыми зерттеулер (1999-2008 жж.) нәтижесінде
жаңа негізді арамшөптерге күресу технологиялары дайындалды және қолданысқа
енгізілуде. Жаңа технологияда гербецидтердің тарау құрылғысы көмегімен
сақтау және тиімді пайдалану көлемі жыл сайын 9,8-11,0 мың га-ны құрайды.
Жаңа технологияның өнімділікке қосымшасы механикалық жағынан салыстырғанда
көбірек және бұл көрсеткіш тиісінше 5,5; 5,0; 4,8 және 3,0 цга-ны құрады.
Егіншілік саласында арамшөпке қарсы күрес есепке ала отырып
міндеттерді анықтау жаңа шығыны төмен технологияларды зерттеп дайындауды
және қолданысқа енгізуді талап етеді. Дән өңдірудің мұндай әдістері энергия
және капиталы ауқымдыларға қарағанда бәсекеге қабілеттігі жоғары.
1. Арамшөтер
Арамшөп – егін арасында өсетіндала өсімдіктері. Табиғи шабындықтар мен
жайылым шөбінің сапасын кемітетін улы және азықтық қасиеті жоқ өсімдіктер
де арамшөп қатарына жатады. Бір дақылдың арасында екінші бір дақыл, мәселен
бидай егісінде арпа өсіп тұрса, мұны да зиянды өсімдік деп есептейді.
Арамшөп егіске зор зиянын тигізеді: ылғалға, қоектік заттарға ортақ
болады, егіннің сапасын кемітеді, топырақты баптау жұмысын қиындатады,
егіске зиянды жәндіктер мен ауру таратады.
Қазақстанда арамшөптің 1500 түрі кездеседі. Қазақстанда жиі ұшырасатын
арамшөптер: қара сұлы, итқонақ, алабота, шырмауық, кекіре, қызғылт қалуен,
сары қалуен т.б.
Егіс арамшөптерден тазалығы егіншілік мәдениетінің негізгі
көрсеткіштерінің бірі болып саналады.
Арамшөптермен күрес – егісті күтіп баптаудағы аса маңызды
агротехникалық шаралардың бірі.
Арамшөптер келтіретін зиян. Жергілікті жағдайда барынша беиімделіп
алған арамшөптер мәдени өсімдіктердің қоректік затары мен ылғалының асыл
қорын алып, олардан гөрі тезірек өсіп жетіледі. Олардың ірі жапырақтылары
мәдени өсімдіктерді көлеңкелеп жарық түсірмейді. Арамшөптер топырақтағы
ылғал мен қоектік заттарды пайдаланады да, мысалы, оларды күріш өсімдігіне
аз қалдырады, нәтижесінде олардың өнімін 15 ... 20 процент кемітеді. Ал
егістік қалуен көген тамырлары арқылы 1 гектар жерден 67 кг азот, 30 кг
фосфор және 160 кг калий, ал шайқурай 1 ц құрғақ зат құрау үшін 623 ц су
пайдаланады.
Көптеген зерттеушілердің мәліметтеріне қарағанда, тіпті бір жылдық
жалпақ жапырақты арамшөптер, егер олар бір шаршы метр 100...200 түптен
келетін болса, топырақтан әр гектарға шаққанда 60 ... .140 килограмм
мөлшерінде азот, 20...30 килограмм фосфор мен 100 ... 140 килограмм калийді
сіңіреді. Бұл шама сол жерге егілетін бидайдың гектарынан 30 центнерден
астам түсім беруіне жеткілікті болар еді.
Мәдени өсімдіктер топырақ бетіндегі әр грамм жасыл масса үшін 3,20
грамм су жұмсаса, ал арамшөптер – 6,57 грамм немесе екі есе көп жұмсайды
екен.
Арамшөптердің дақылдарға көлеңке түсіруі оның өсіп-жетілуінің ең соңғы
кезеңінде де зиянды. Күн сәулесі түспеген өсімдіктердің дәні нашар
толысады, ол әлжуазданып, өсімдік пен оның тұқымындағы қоректік заттардың
мөлшері азаяды.армшөптер тамыр жүйесінің күшті дамуына байланысты
топырақтың терең қабатындағы су қорын мәдени өсімдіктерден әлдеқайда бұрын,
әрі көп мөлшерде алып, оларға өте қолайсыз жағдай туғызады. Міне сондықтан
да арамшөптермен күрес – ол ылғал үшін күрес.
Шырмауық арамшөптер (дала шырмауығы, шырмауық таран) мәдени
өсімдіктердің жатып қалуына әкеп соғады, олардың жинауын қиындатады және
түсімін едәуір шығынға ұшыратады.
Арамшөптер мәдени өсімдіктердің зиянкестері мен ауруларының
қоректенетін орны. Мысалы, жатаған бидайық сымқұрт және линиялы тот
ауруының тарауына мүмкіндік туғызады.
Арамшөптердің вирусты аурулары шіркей арқылы мәдени өсімдіктерге
жұғады. Қант қызылшасы егісінің ең қауіпті зиянкесі қант қызылшасының
бізтұмсығының мекені алабұта болып табылады.
Дала шырмауығында шабындық көбелек дамып, ол кейіннен мәдени
өсімдіктерге зиян келтіреді.
Кейбір арамшөп өсімдіктерінің жемістері, тұқымдары дәнге жағымсыз иіс
береді немесе оны уландырады (қара меңдуана), сүтке ащы дәм береді (ащы
жусан), қойлардың жүнін ластайды (тікенді сарысояу, кәдімгі кәріқыз).
Көптеген арамшөптердің гүл тозаңдары адамдарға аллергия ауруын тудырады.
Арамшөптердің топырақ қабатындағы вегативті органдары (тамырлары және
тамыр сабақтары) өңдегіш құрал-саймандарының тарту күшін 30 пайызға дейін
кемітеді, жанармайдың көп жұмсалуына себепші болады. Арамшөптердің қатайған
сабақтары өңдегіш құрал-саймандар мен комбайндардың бөлшектерін істен
шығарады.арамшөбі басым танапты әлденеше рет өңдеуді керек етеді де,
топырақ түйіршіктерінің үгітіліп, ондағы ылғал буға айналып ұшып кетуіне
мүмкіндік туады. Жел эрозиясына әкеп соғуына қауіп мол.
Арамшөп көп болған аңыздан алынған өнімді тазартуға, әрі артық ылғалын
кептіруге қосымша қаржы жұмсауға тура келеді.
Паразитті арамшөптер мәдени өсімдіктердің дайын шырынын сорып алады
(сұңғыла – күнбағыстан, кәдімгі арамсоя – көкжеміс дақылдарынан,
картоптан). Осының салдарынан мәдени өсімдіктердің өнімі мен сапасы
төмендейді.
Арамшөп тамырынан бөлініп шығатын заттар мәдени дақылдардың дамуына
қысым жасайды. Мысалы, итқоақ өсімдігінің тамырынан бөлініп шығатын зат
жүгерінің биіктігін, құрғақ және шикі массасын төмендетеді. Татыр
ақсүттігеннің тамырынан бөлінетін зат жазғы бидай тұқымының өнгіштігін
төмендетеді. Осындай әрекет бидайық тамыры сабағында да болады.
Арамшөптердің ауыл шаруашылық дақылдарының өніміне тигізетін әсері қара
топырақты аймақтың (Солтүстік Қазақстан облысы) жаздық бидай танабында 1
шаршы метр жердегі арамшөп саны (дана) 8 дана, егіннің шығымдылығы 14 цга
60 дана, бидайдың шығымдылығы – 5,5 цга, ал 199 дана болғанда оның
шығымдылығы – 2,9 цга.
Сарғылт топырақты аймақтағы (Орал облысы) тары егісіндеәр шаршы
метрден арамшөп жоқ болғанда өнім 20 цга алынса, арамшөп 4 дана болғанда
өнімі 12 цга, ал арамшөп 9 данадан саналғанда шығымдылығы 5,8 цга
орылған.
Сұр топырақты аймақ (Шымкент облысы) мақта танабында арамшөп бір шаршы
метрден 5 данадан келгенде бір өсімдіктегі қауашақ саны 17-ден, арамшөбі 45
данадан борлғанда қауашақ саны 8-ден, арамшөбі 90 данаға жеткенде қауашақ
саны нғе бары 2-ден болған.
Мәдени өсімдіктердің егісінде арамшөптердің санын, зияндылығын барынша
азайту немесе танаптардан оларды толық жою, ауыл шаруашылық дақылдарын егіп-
өсіруіне жұмсалатын шығынды елеулі түрде төмендетеді. Арамшөп мәдени
дақылдың қоректігін, ылғалын және жарығын пайдаланып, өнімін азайтады.
1. Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері
Арамшөптердің барлық жерге тарауы және олармен қарсы күресудің
қиыншылығы, олардың тірі қалуы мен таралуына мүмкіндік беретін биологиялық
ерекшеліктеріне байланысты.
Армшөптерге тән қасиет олардың жоғарғы өсімталдығы. Мысалы,
жусанжапырақ тұқымдары бір өсімдіктен 5000 дана, алабұта 200 мың, қызылша
гүлтәжі 500 мың, сарықурай 730 мың тұқым бере алады.
Астық тұқымдас ауылшаруашылық дақылдарының бір өсімдігі әрі кетсе
2000 дана дән береді. Яғни арамшөптердің олармен салыстырғанда 2,5 еседен
37 есеге дейін өсімталдығы анықталған.
Көптеген арамшөптер тұқымдарын жан-жаққа тез тарата алатын қабілеті
бар. Мысалы, күрделі гүлді арамшөптердің (қалуен, бақ-бақ) – ұшпа ұрықтары,
кәдімгі кәріқыздың, тікенді сарысояудың – тікендері мен ілгешектері.
Қарасұлының бұратылған иінді қылтанағы дымқылданғанда жазылады да,
құғағанда бұралып шиырланады, сонымендәннің орын ауыстыруына, жылжуына
жағдай туады. Мұндай елеусіз орын ауыстыру тұқымдарының жарықшақтарға,
топырақ түйіршегінің астына түсуіне мүмкіндік береді.
Арамшөптердің басты тұқымдарының біркелкі еместігі, шұбылаңқы
көктеуі. Сондықтан да егісті себу алдында тіпті парды өңдеу кезінде де
(қарасұлы) арамшөп көктері толығынан жойылмайды.
Біркелкі өңбеуін көптеген себептермен түсіндіруге болады: тұқым
қабығының құрылысының ерекшелігі мен алуан түрлілігі (алабұта), жылдық
мөлшері мен топырақ температурасына қажеттілігі (қара сұлы, итқонақ), күн
сәулесіне реакциясы (мысалы, алабұта тұқымы жарықта, ал итқонақ тек
қараңғыда ғана көктейді). Көктеудің біртегіс өтпеуі арамшөп тұқымдарының
тыныштық кезеңінде болуына байланысты. Мұнда лайықты жағдай болғанына
қарамай, яғни жылу, ылғал, оттегімен қамтамасыз етілсе де, өніп-көктеуге
мүмкіндігі болмайды.
Арамшөптердің тұқымы топырақ қабатында тіршілік қабілетін ұзақ
мерзімге дейін сақтайды. Кейбір арамшөп тұқымдары тіршілігінің тыныштық
кезеңі ондаған жылдар бойы сақталатындығы анықталған. Мысалы, дала қышасы
7 жылға, жолжелкен 9 жылға мальва 12 жылға дейін өніп-өсуін сақтай алады.
Кейбір арамшөп түрлерінің тұқымы жануарлардың ішегіне түскенде де
өнгіштігін сақтайды. Дала шырмауығының тұқымы ішек жолынан өткеннен кейін
бұзауларда –22,3 пайыз, жылқыларда – 6,2 пайыз, қойларда – 21 пайыз
тіршілік қабілеттілігін сақтайды.
Дала шырмауығының тұқымы салқын суда 54 ай болғаннан кейін өнгіштігін
55 пайызға дейін сақтаған.
Арамшөптер тіршілігі үшін олардың тұқымдарының біркелкі піспеуінің,
шашылып-төгілу қабілетінің маңызы зор. Осының себебінен топырақ қабатында
арамшөптердің тіршілікке қабілетті тұқымдарының едәуір қоры әр уақытта да
болады.
Арамшөптердің мұндай биологиялық ерекшеліктерінің егіншілікте мәні
бар: бұйра қымыздықты орта пісу кезеңінде, немесе егістік қалуенді
гүлденгенде де отау - өнгіш тұқым береді. Бұдан туатын қорытынды
арамшөптерді гүлденгенге дейін оттаған жөн.
Арамшөптерді тамырларымен бірге құртпай, үстіңгі сабағын отау немесе
тамырларын кесіп-бөліп тастағанд, көптеген арамшөптер бүлінген мүшелерін
қайтадан қалпына келтіруге қабілетті. Мұндай арамшөптерге гүлтәжі, бақша
қалуені, қарабасқонақ жатады, ал бұлардың сабақтарын отағанда, жаңадан
гүлденгіш сабақтар құрылады және едәуір тұқым мөлшерін бере алады.
Көпжылдық арамшөптердің бір бөлігі – атпатамырлар (дала шырмауығы,
қалуендер), тамыр сабақтар (жатаған бидайық) және мұртшаларының көмегімен
вегетативті көбеюге қабілетті.
Арамшөптердің қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына (құрғақшылық,
суықтық т.б) өте төзімді келетін түрлері аз емес. Арамшөп тұқымдары топырақ
қабатының жоғарғысынан да сәл тереңірек, әрі жақсы өніп көктеп шығатындығы
мәлім. Арамшөпке қарсы күресті табысты әрі тиімді жүргізу үшін олардың
биологиялық ерекшеліктерін терең білу қажет. Мысалы, біржылдық
арамшөптердің көгін бір рет отау, ларды жоюға әкеп соғады, ал атпа тамырлы
арамшөптерді бір рет отау – олардың көбеюуін күшейтеді.
Көпжылдық арамшөптер тек тұқымнан ғана емес, вегетативті жолмен де
өсіп көбейеді. Бұл үшін олар арнайы бейімделген тамырларын пайдаланады.
Көпжылдық тамырсабақты арамшөптің көп тараған өкілінің бірі жатаған
бидайық. Бір масағының өзінде 50-ден болатын тұқымнан өніп шығысымен,
жатаған бидайық 2,5 метр тереңдікке тез тамырланып, бекініп алады. Жаңа
тамырдан жан-жаққа тамырсабақ тарай кетеді. Бұлардың ұштары жоғары қарай
қайырлып, топырақ бетіне шығады да, жаңа өркенге айналады. Жатаған
бидайыққа дала өрті деген атақ тағылған болатын. өйткені қоныс тебе
салысымен ол жаңа мекенді мықтап иеленеді.
Тамырсабақ топырақ өңдеу кезінде қиылғанда бір ғана бүршігі қалып
қойса болды, аз ғана мерзім ішінде жас бидайық өсіп шығады.
Егістік қалуеннің тамыр кесінділері, мәселен, қыс бойы топырақтың
үстіңгі қабатына жақын жатып, бірінші суыққа ұрынғанына қарамастан, көктем
туып, күн жылысымен ойдағыдай өсе бастайды. Сыртқы түрі, тұқымының формасы
мен өлшемі жөнінен құмай судан шөбіне аса ұқсас. Судан шөбінің серігі
есебінде құмай шала тазартылған тұқымдарымен қоса Европаның оңтүстігінен
бірқатар елдерге өтіп, басқа танаптарды ластайды.
Арамшөптердің шала піскен тұқымы толық піскен тұқымына қарағанда жақсы
жетіледі, мәселен, егістік ярутка, дала шырмауығы, қарасұлы және
басқаларының толық пісе қоймаған тұқымы танапқа себілгеннен кеін жылдам
көктеп шығады.
2. Арамшөптердің таралуы және олардың тіршілік жағдайларына
бейімделуі
Арамшөптердің тұқымы жылдам таралатындығы байқалған. Тұқымы жеңілі
мәселен, егістік қалуен, сарыбасгүл, қызғылт қалуен желмен тарайды.
Арамшөптер өз тұқымдарының аналық өсімдіктен әлдеқайда алысқа жетуіне
алуан түрлі әдістерді қалыптастырған.
Жабайы шомыр, үйбидайық, кәдімгі у таспа секілді дәнді дақылдармен
бірге өсуге бейімделген кейбір арамшөптер астық орылғанша пісіп, тұқым
төгуге асығады. Басқалары, керісінше егістің негізгі дақылымен бірге пісіп,
солардың тұқымына ұқсас тұқым түзуге тырысады. Бұл – келесі жылы себілген
тұқыммен бірге топыраққа еніп, қайта өсіп шығады (сасық меңдуананың
тұқымдары жақтаулы қауашақ ішінде, ал меңдуананыкі – қақпақшалы қауашақта
болады). Одан тұқымның бәрі тек жел соққанда ғана бұтағы иіліп, жан-жаққа
ұшады.
Арамшөп тұқымның топырақ бетімен жылжуға бейімделген топтары да бар.
Оның үстіне, бұл тұқымдар топырақ қабатына өздігінен тереңдей еніп,
ойдағыдай қыстап шығады, ал күн жылысымен қаптап өсе бастайды. Мәселен,
қара сұлының тұқымдары осындай.
Әрбір тұқым піскен соң жерге түседі де, осы жерден оның жылжуы
басталады. Түнде ауа суытуына байланысты су буына қанығады, ал күндіз
едәуір құрғақ болады. Қылтаң біресе ісінеді және жазылады, біресе кеуіп,
ширатылады. Бұл қарасұлы тұқымына топырақ бетімен қозғалуға және тереңдей
енуге мүмкіндік береді.
Тұқымдары желдің жәрдемімен едәуір қашыққа жетуге бейімделген
арамшөптер де бар . бақбақ тұқымдарының парашют ролін атқаратын ұшу
Аппараты арқылы ақ түсті талшықтар шоғын метрге , кейде
шақырымдарға жетеді. Егістік келуеннің айдарша түктешелері де осылай
ұшады. Пісіп жетілгеннен кейін өздері алыс сапарға арамшөптер де
бар. Кәдімгі қаңбақ өсіп тұрған кезінің өзінде ақ болашақ сапарына
дайындалып, бейімделе бастайды. Оның сабақтары тармақ тармақ болып
өсіп, шар тәріздес үлкен бұта түзеді. Күз түсіп, олар жапырақтарын
тастайды, сабақтары қурайды да, тамырдан бөлінген тұтас өсімдік немесе
бір біріне жабысып алған бір топ өсімдік желдің көмегімен бүкіл
далаға тұқымдарын таратады.
Арамшөптердің өз тұқымын алысқа таратуына су да
көмектеседі.Ерте көктемде қар еріген немесе жазғы нөсер жауын
кезінде су ағысының топырақтың үстіңгі қабатын шаюы нәтижесіде
көптеген арамшөптердің тұқымдары төбе етегі мен ойпаңдарға көшеді.
Кейде өсіп тұрған арамшөптерге қарап, мұнда оның тұқымын жеткізген су
ағыстары өткен жылы қай жерлерде болғанын байқауға болады.
Арамшөптер өздерінің тұқымын тарату үшін жануарлар мен құстарды, тіпті
адамды да пайдалануға бейімделіп алған. Алаңқайда немесе орман ішінде,
серуендеуден кейін кім болса да киіміне жабысқан арамшөптер жемісін тазалап
жатқаны. Сондықтан тікенше жабысқан деп бекер айтылмаса керек.
Көң арқылы арамшөптердің тұқымы әлдеқайда көп таралды. Арамшөптердің
мал азығына, әсіресе жайылымдағы шөпке араласып кететін тұқымдары көбінесе
қорытылмай қалады да, өзінің өнгіштігін жоғалтпастан, қайтадан қи арқылы
жерге түседі. Қөң жеткілікті төгілген жерде көп күттірмей-ақ алуан түрлі
арамшөп қаптап шығатындығы белгілі.
Нашар тазаланған тұқымға араласып жүздеген, мыңдаған шақырым жерге
сапар шеккен арамшөптерді санап шығу оңай емес.
Біздің құрылымызға келеген американдық арамшөптердің тізімі егістік
үшін аса қауіпті көптеген өсімдіктерді қамтиды, мәселен, қызылқұйрық
еліміздің оңтүстік аудандарын жайлап алды: онда беде мен басқа да
дақылдарға жабысып алған арамсояу бар, әр өсімдігі 6 миллионға дейін тұқым
беретін түкті тары бар.
Егістік жерге арамшөптер жол жоғалуынан, бұталар маңынан,
егістіңөзінен таралады. Арамшөптердің көп тұқымы топырақтың өзінде болады.
Арамшөптер көбінесе зиянды жәндіктердің ұясына айналды. әдеттегі шырмауық
деп аталатындар да көп зиян келтіреді, ондай өсімдіктердің тамыры мен
жасыл жапырақтары болмайды, олар сорғыш емізігі арқылы қызылшаға жабысып,
оны сорады, сөйтіп басқа өсімдік есебінен тіршілік етеді. Арамшөптердің
көбею жолдары да өте көп: олардың кейбіреулері тұқымнан, басқалары
тұқымымен қатар көген тамырынан, ал үшіншілері атпа тамырыларынан көбейді.
3. Арамшөптердің негізгі топтары мен өкілдері.
Өзінің биологиялық ерекшеліктеріне қарай арамшөптер топтарға
бөлінеді. Одақта 2500-ден астам, ал Қазақстанда 300-ге жақын арамшөп
түрлері анықталған.
Аймақтардың топырақ-климат жағдайларындағы арамшөптердің қайсыбір
түрлерін биологиялық топтарға бөлудегі мақсат оларға қарсы күресу шараларын
тиімді қолдану.
Арамшөптердің бірнеше топтары бар. Соның ішінде мекендейтін ортасы
бойынша: а) егіс арамшөбі немесе аңыздағы арамшөптер; б) тұрғын үйлерге,
қора-жай құрылысына т.б. жақын маңда өніп-өсетін сыпырынды арамшөптер; в)
шалғын мен жайлауда өсетін арамшөптер. Мекендейтін ортасы бойынша
арамшөптердің осы аталған үш тобының арасында айқын шекара жоқ екенін еске
алған жөн. Мәселен, түйетікен құлан далада, жайлауда, тіпті аңыздарда да
өсе береді.
Алабұта, гүлтәжі тұрғын үй маңында және ауылшаруашылық егісінде де
кездеседі.
Арамшөптер қабатына орналасуы бойынша: а) үстіңгі қабатқа жататын
арамшөтер (қалуенде, ащы жусан, кенеп шөп, ақ алабұта); б) дақылдармен
бойлас орналасқан орта қабатқа жататын арамшөптері (жабайы шомыр, көк
гүлкекіре, қара сұлы), в) төменгі қабатқа жататын арамшөптер (кәдімгі
қазтабан, егістік ярутка, кәдімгі жұмыршақ).
Арамшөптерді агробиологиялық топқа бөлудің егіншілікте мәні зор. Бұл
топтың негізіне мынандай белгілер алынған. Қоректену әдісіне қарай барлық
рамшөптер паразиттер, жартылай паразиттер және паразит еместер (көкшөптер)
болып бөлінеді.
1.3.1 Паразитті арамшөптер деп басқа өсімдіктер арқылы қоректеніп өніп-
өсетін өсімдіктерді айтады. Бұлар фотосинтез құбылысын жүргізуге
бейімділігін жоғалтқан, себебі олардың жапырақтары жетілмеген, сондықтан
органикалық заттар мен суды өздерінің қысқа емізікшелерімен не өсімдіктің
тамырына жабысып алады да, нәрін сорады. Немесе өсімдіктердің қандай
мүшесімен байланыс жасауына қарай паразитті арамшөптер екіге бөлінеді.
Егер қоектік заттарды асыраушы өсімдіктердің сабағынан алатын болса,
онда оларды сабақтық паразитті арамшөптер дейді. Бұған барлық арамсояудың
түрлері жатады.
Егер арамшөптер қоектік заттарды өсімдіктің тамырына жабысып алатын
болса, оларды тамыр паразитті арамшөптер дейді. Бұл топтың өкілдері барлық
сұңғыланың түрлері.
Жартылай паразитті арамшөптерде фотосинтез құбылысы толық жүреді,
сондықтан да олар басқа өсімдіктерден суды және онда ерітілген минералды
заттарды және бірен-саран органикалық заттарды сорып алады.
Күнбағысқа жабысып өсетін сұңғыла темекімен, томатпен, сорамен де
бірге өсе береді. Келесі біреуі – египет сұңғыласы асқабақ, томат, темекі
өсімдіктеріне жабысады. Үшіншісі – сары сұңғыла жоңышқа егістігінде, ол
біржылдық емес көп жылдық өсімдікке айналған.
Арамсояудың 30-дан астам түрі бар. Мәселен, зығыр арамсояуы сояға,
томатқа, қызылшаға, сиыржоңышқа мен картопқа шырмалады. Гүл төккененнен
кейін арамсояу қауашақ жемістерге орналасып, мыңдаған тұқым шығарады. Жел,
су, өсімдіктердің үзіктері арамсояудың тұқымын егістікке таратады.
Паразит арамшөптерге жөргемшөп (арамшырмауық) жатады. Жергемшөп беде
мен жоңышқаға зиянды әсерін тигізеді. Жөргемшөптің тамыры да, жапырағы да
болмайды. Мәдени өсімдіктердің сабағына оралып алып дайын шырындармен
қоректенеді. Бұл арамшөп республиканың оңтүстігінде – Алматы, Жамбыл,
Шымкент және Қызылорда облыстарында кең таралған. Қант қызылшасы, майлы
зығыр, темекі, картоп, жоңышқа, беде тағы басқаларына зиянды әсерін
тигізеді. Жөргемшөп тұқымы арқылы және вегетативтік жолмен көбейеді.
Тұқымының ұзындығы 0,8 ... 61,0 мм, 18ºС жылылықта жақсы өнеді. 4 см топырақ
тереңдігінен өніп шықпайды.
Тұқымы 4...5 жылға дейін өнгіштік қабілетін жоймайды. Арамшөптің
биіктігі 3...4 сантиметрге жеткенде мәдени өсімдіктердің сабақтарына орала
бастайды. Егер маңайында өскен өсімдік болмаса 4 ... 6 аптадан кейін өліп
қалады, себебітұқымындағы қоректік заттың қоры таусылады.
Жөргемшөп карантинді арамшөп болғандықтан оны міндетті түрде жою
керек. Арамшөптің тұқымы беде мен жоңышқаның тұқымдарына өте ұқсас,
сондықтан оны тазалау қиынға соғады.
Күнбағыс сұңғыласы сұңғыла тұқымдастарға жататын бір жылдық паразитті
арамшөп. Сұңғыла темекі, зығыр, помидор, сафлор және күнбағыс дақылдарының
тамырын зақымдайды. Тек тұқымнан ғана өсіп көбейеді. Тұқымы өте уақ болады
да жел арқылы таралады.
Бір өсімдік 100 ... .140 мыңға дейін тұқым бере алады. Топырақ
қабатындағы ылғалдылығы артқан сайын арамшөптің дамуы да нашарлайды. Ол
күнбағыс дақылын сепкенен кейін 40 ... .60 күн өткен соң ғана топырақ бетіне
көктеп шыға бастайды. Сабағы жіңішке болады да түбіне қарай жуандай түседі,
ұзындығы 30 – 40 сантиметрге жетеді.
Толығымен паразиттік тіршілік ететін өсімдіктерден басқа, жартылай
паразитті арамшөптер де бар. Олардың қалыпты жетілген жасыл жапырақтары
болады, бірақ олардың тамырлар көрші өсімдіктердің тамырына берік жабысып,
су мен қоректік заттарды сіңіреді. Бұл топқа көптеген астық тұқымдас
өсімдіктерді зақымдайтын кеш жетілетін қандауыр, кейбір шалғындық шөптердің
тамырын сортатын қоқоңыраубас т. б. жатады.
1.3.2 Паразитті емес арамшөптер. Паразитті емес арамшөптер өте көп.
Олар өзінше өмір сүреді және фотосинтез арқылы органикалық емес заттардан
(көмір қышқыл газы, су және минералдық тұздар) органикалық заттар
синтездейді. Бұл топтағы арамшөптер, олардың өсіп-өнуінің ұзақтығына, көбею
әдістеріне және даму ерекшеліктеріне қарай азжылдық және көпжылдық болып
екі топқа бөлінеді.
Аз жылдық арамшөптер деп тек тұқымы арқылы көбейетін тіршілік
ұзақтығы 1-2 жылдан аспайтын өсімдіктерді айтады. Бұл арамшөптер өздерінің
вегативтік өсу мезгілінебайланысты мына топтарға бөлінеді.
Аз жылдық раңтәріздес рамшөптер (эфемерлер). Бұлардың вегетативтік
кезеңі қысқа, 45...60 аптадан аспайды, сол маусым ішінде бірнеше рпақ бере
алады.бұл топтың негізгі өкілдері дымқыл жұлдызшөп, сеппе көкнәр.
Жаздық арамшөптер деп көктемде өсіп, күзде тұқым беріп өзінің өсіп-
өну кезеңін аяқтайтын өсімдіктерді айтады. Олар көктеп мезгіліне байланысты
жаздық ерте жетілетін жәнежаздық кеш пісетін арамшөптер болып бөлінеді.
Жаздық ерте жетілетін арамшөптерге тұқымдары топырақ қабаты 10 ...12 ºС
жылылықта, яғни ерте көктейтін, сондықтан ерте жетілетін өсімдіктер жатады.
Бұлар: алабота, қарасұлы, дала қышасы, жабайы шомыр, ерменжапырақты
амброзия, жабайы сора, шармауық қарақұмығы.
Кеш жетілетін жаздық арамшөптер деп тұқымдары топырақ қабатының
жылылығы 15 ... 20 ºС болғанда көктейтін, сондықтан да кеш пісіп жетілетін
өсімдіктерді атайды.
Бұл топқа жататындар – көк итқонақ, мысыққұйрық, итқонақ, тауықтары,
қара қаңбақ, түйеқарын тағы басқалары.
Қыстан шығатын арамшөптер екі түрлі жолмен дамуы мүмкін. Егер олар
көктемде өніп шықса, онда өздерінің өніп-өсу кезеңін күзге қарай аяқтайды,
яғни жаздық арамшөптер тәріздес дамиды. Олардың көктеп өсуі кешеуілдесе,
онда олар қыстап қалады да келер жылы өсіп-өну кезеңін аяқтайды, яғни
олардың дамуы күздік арамшөптер тәрізді.
Күздік арамшөптердің тұқымы алғашқы тіршілік жылында кез келген
кезеңде көктеп өседі, тек тамыр маңайындағы жапырақтар құралады да, қара
күзде яровизация сатысынан міндеттітүрде өткеннен кейін осы сатысында
қыстап шығады да, келесі жылы тұқым береді. Аталатын топқа жататындар –
қара бидай арпабасы, егістік сыпыртқысы, кәдімгі сіпсебас т.б.
Екі жылдық арамшөптер өздерінің толық даму кезеңін екі жылда аяқтайды,
яғни бірінші жылы оларда дегелек пайда болып, тамыр жүйесі топырақтың терең
қабатына кетеді, ал келер жылы тез дамып тұқым береді. Олардың өкілдері –
қара меңдуана, ақ түйежоңышқа, кәдімгі кәріқыз, бұйра ошаған, кәдімгі
қарғатұяқ және басқалары жатады.
Көпжылдық арамшөптер. Көп жылдық арамшөптерге өздерінің толық дамуына
бірнеше өсіп-өну кезеңдерін қажет ететін өсімдіктерді жатқызады. Бұл топтың
арамшөптері тұқымы арқылы және вегетативтік жолмен көбейеді. Көпжылдық
арамшөптерді тамыр жүйесіне байланысты бірнеше топқа бөлуге болады.
Кіндіктамырлардың топыраққа қыстайтын жалғыз ғана жуан кіндікті тамыры
болады. Көктемде тамыр мойнының бүршігінен жаңа өркен өсіп шығады. Негізгі
өкілдері – ащы жусан, бұйрақымыздық, цикорий, бақажапырақ, кәдімгі бақбақ.
Тамырсабақты көп жылдық арамшөптер тұқым арқылы және түрі өзгерген
топырақ қабатындағы тамырсабағының көмегімен көбейеді. Қазақстанда ең көп
тарағандары жатаған бидайық,құмай, кәдімгі қамыс, салалы қарашоғыр.
Атпатамырлы арамшөптер негізінен вегетативті жолмен көбейеді. Бірінші
жылы негізгі тамырын құрайды. Негізгі тамырдан қосалқы бүршіктері бар жіп
тәріздес вегетативті тамырлар тарайды. Ол тамырлар топырақ бетіне көлбеу
орналасады. Келесі жылы ерте көктемде осы бүршіктерден жер бетіне
бұтақшалар өсіп шығады. Бұл топтағы арамшөптерді тамыр жүйесінің терең
орналасуына жою қиын, сондықтанда олар егістікке көп залал келтіреді.
Бұл топқа жататын арамшөптер: егістіксары қалуен, жасыл қалуен,
сурепка, жантақ, жатаған укекіре, талшық сүттіген, түлкіқұйрық, ақ мия,
далалық шырмауық.
Жатаған арамшөптер тұқымнан басқа тамырланған сабақтарыныңкөмегімен
тарайды. Бұл тоқа жататындар: кәдімгі қазтабан, жатаған сарғалдақ, шырмауық
будра. Топыраққа жанасқан сабақтардан тамырлар және топырақ беткейінде
жапырақты өркендер пайда болады. Жатаған сабағы үзілсе, тамырланған
өсімдіктер өз бетімен өсіп-өнеді.
Түйнекті арамшөптер негізінен вегетативті жолмен көбейеді. Оған
түйнекті чина, батпақ қайызғақ шөбі, жұмыр жәлемшөп жатады. Бұлар
дымқылданған ойысты алқаптарда кезедеседі.
1.3.3 Карантиндік арамшөптер. Бұл топқа таралуы шектелген, немесе
елімізде өспейтін ерекше зиянды арамшөптер жатады. Осыған орай ішкі және
сыртқы карантиндік арамшөптерді ажыратуға болады. Ішкі каратинді
арамшөптерге жататындар жусанжапрыақты ойраншөп. Бұл арамшөп Алматы
облысындакең тараған. Облыс бойынша ең көп тараған алқаптар Іле, Қаскелең,
Талғар аудандары. Бұдан басқа ішкі каратиндік арамшөптерге қызғылт кекіре,
арамшөп күнбағыс жатады.
Сыртқы каратиндік арамшөптерге жататындар бұдыр күнбағыс.
Арамшөптердің ішінде адамға және жануарға улы, қауіпті болып келетіндері
бар.
1.3.4 Улы арамшөптер. Олардың ішінде өсімдіктердің өздері (сасық
меңдуана) немесе жас көктері, құмайшөп тұқымы, далалық ярутка, дала
арамсояуы улы болып келеді. Улы арамшөптерге жататындар – кәдімгі
қарамықша, қыздырма үйбидайық, күрең укекіре, нағыз сасық меңдуана,күйдіргі
сарғалдақ, егістікярутка, қара меңдуана, құмайшөп, жусанжапырақ, ойраншөп
және басқалар.
1.4 Арамшөптермен күрес жүргізу шаралары.
Арамшөптерді егістіктен аластаудың әдістерін іздестіру жолында адам
алғашында ең қарапайым құралдары пайдалана бастады. Олардың ең тұңғышы таяқ
еді. Онымен арамшөптерді ұрғылап езіп тастайтын. Осы қарапайым құралға
кетпен, сапа, жер ағаш, шот деген аттар пайда бола бастады. Оның басты
қызметі – мәдени өсімдіктер егісіндегі арамшөпті қоса қию. Қазіргі кезде де
кетпендеудің егістікті күтуге бағытталған агротехникалық шаралары
комплексінде өз орны бар.
Танап топырағын сүдігерге өңдеу арқылы арамшөптермен күресті негізінен
олардың биологиялық түрлеріне байланысты жүргізеді.
Мәселен, астықты жинап алысымен аңызды терең жыртпай, топырақты шамалы
тереңдікте қопсыту керек. Топырақтың беткі қабатында қалғанарамшөп
тұқымдары қаулап өсіп шығады. Арада 10-15 апта өткен соң топырақты терең
жыртып, көктеп шыққан арамшөптерді жоюға болады. топырақты жырту мерзімі
арамшөптердің қаулап көктеуімен анықталады, мүмкін 10...15 апта күтудің
қажеті жоқ.
Осы арамшөп түріне қарсы негізгі күрес шаралары және егістіктегібасқа
да арамшөптерді жоюдың жолдары белгіленеді.бұл үшін қай танапта қандай
арамшөптер болатындығын алдын ала жоспарлауды қажет етеді, яғни оларды
есепке алады.
Танаптардағы арамшөптерді есепке алып, картасын жасау оларға қарсы
күресу шараларын жоспарлау жатады.
Арамшөптерді есепке алудың жолдары:
1. Шамамен немесе көз мөлшерімен арамшөпті есептеу.
2. Сандық (санау) әдісімен есептеу.
3. Өлшеген – сандық әдісімен есептеу.
Көзбен шолу (мөлшерлеу) әдісі 4 баллдық шкаласы бойынша жүргізіледі.
Егер егісте жекеленген арамшөптер болса, онда ол 1 балл деп
есептеледі.
Арамшөптер ойдым-ойдым болып шоғырланып кездессе, немесе егістің жалпы
шығым бітіктілігінің төрттен бір бөлігінен артық болмаса – бұл 2 балл.
Егістік танапта арамшөптер көп, дегенмен мәдени дақыл санынан кем,
немесе оларға тең болғанда 3 балл болады.
Арамшөптер мәдени өсімдіктерден басым болып келгенде оларды 4 балл
деп есептейді.
Егіншілік шаруашылығында арамшөптерді есепке алу мезгілін төргүл
жапырақшасы қос ұрықты арамшөптердің гүлдеуіне ұштастырған жөн.
Арамшөптерді есептеудің сандық тәсілінде танапты қиғаштай өтіп әрбір
теңаралық қашықтықта 0,25 немесе 1 шаршы метрлі рама қойып, соның ішіндегі
мәдени өсімдіктер мен арамшөптерсанын анықтайды. Бұдан кейін рама ішіндегі
мәдени өсімдіктер санын 100 процент, ал арамшөптерді х процентке теңдеп,
олардың мөлшерін процент есебімен анықтайды.
Өлшенген – сандық тәсілінде арамшөптің санын есептеуден басқа,
олардың дымқыл және құрғақ массалары анықталады.
Көзбен мөлшерлеу тәсілінің нәтижесінде танаптардың ластануының
картасын жасайды. Картада қолайлы болу үшін ластанудың басым бетін түрлі
ерекше сынықтармен немесе бояумен белгілейді, ал арамшөптердің көпшілігін
шартты белгілермен көрсетеді.
1.5 Арамшөптерді өсірмеудің алдын алу шаралары.
Арамшөбі жоқ танап – диқанның ежелгі арманы. Қара бидай ішінде кекіре,
бидайда – көкнәр, арпамен аралас алтын түймедағы өскен жағдайда диқанда
маза болмайды. өйткені олар себілмесе де өсіп шығады, дақылдармен қатар
өсіп, залалын тигізеді, кейде тіпті мәдени дақылды құртады.
Арамшөп танапқа еніп қоймай, оны басып алған соң құрту шараларынан
үміт жоқ екеніне диқанның көзі жетті, осыдан кейін ғана ол арамшөптерге
қарсы алғаш өз иелігіне жақын жерден, ал одан соң алыстан күзет қояды. Ол
ескерту ретінде жүргізілетін күрес шараларының бірі.
Қазіргі біздің заманымызда өсімдіктер карантині ұйымдастырылды. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz