ЕГИПЕТ ТАРИХЫНЫҢ ТҮПДЕРЕКТЕРІ
Жоспар:
1. КІРІСПЕ.
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
2.1.ЕЖЕЛГІ ӨЗЕН АРАЛЫҒЫ ТАРИХЫНЫҢ ТҮПДЕРЕКТЕРІ.
2.2.ЕГИПЕТ ТАРИХЫНЫҢ ТҮПДЕРЕКТЕРІ.
2.3.ХЕТТ МЕМЛЕКЕТІ ТАРИХЫНЫҢ ТҮПДЕРЕКТЕРІ.
2.4.ФИНИКИЯ, ПАЛЕСТИНА, СИРИЯ ТАРИХЫНЫҢ ТҮПДЕРЕКТЕРІ.
2.5.ИРАН МЕН ОРТА АЗИЯ ТАРИХЫНЫҢ ТҮПДЕРЕКТЕРІ.
2.6.ҮНДІСТАН ТАРИХЫНЫҢ ТҮПДЕРЕКТЕРІ.
2.7.ҚЫТАЙ ТАРИХЫНЫҢ ТҮПДЕРЕКТЕРІ.
3. ҚОРЫТЫНДЫ.
КІРІСПЕ
Ежелгі Шығыс деп ежелгі заманда грек-рим дүниесінін, шығыс және оңтүстік-
шығыс жағына орналасқан елдердің жиынтығын айтамыз. Бұл термин шамамен және
шартты түрде алынған. Ежелгі Шығыс пен антик дүниенің арасында тұрақты меже
болған жоқ. Бір жағынан алғанда, шығыс халықтары кейде батысқа ішкерілеп
өтіп те кетті. Мәселен, финикиялықтар Шығыс Жерорта теңізінен шығып, б. э.
дейінгі II және I мың жылдық аралығында, Солтүстік Африканың едәуір бөлігін
және Батыс Жерорта теқізінің аралдарын отарлап, Атлант мұхитының жағалауына
дейін созылып жатқан Карфагендержавасын құрды.
Екінші жағынан, гректер Кіші Азияның жағалауы мен Кипр аралының едәуір
бөлегін, соның ішінде Милет, Трапезунд және Саламин қаласы (Қипрде) сияқты
маңызды орталықтарды отарлады.Одан әрі, Александр Македонокийдің жорықтары
салдарынан грек ықпалы Шығыстың алыс түкпіріне жайыльп, Үнді жағалауына
дейін жетті. Азия мен Африкада құрылған эллин мемлекеттерін Грециядан бөліп
зерттеуге болмайды. Бұдан кейін де шығыс территорияларының біразы оның
құрамды бөлігі ретінде Рим державасына енді.
Сонымен ежелгі Шығыс пен антик дүние шекарасы бір-біріне ішінара ауысьш
тұрды, олардың географиялық орны әр дәуірде әр түрлі межелеуге тура келеді.
Шығыс туралы әңгіме жасағанда, біз Оңтүстік Азия және ішінара Солтүстік
Африка елдері мен халықтары туралы деп те түсінеміз, бұлар Европамен
(әсіресе неғұрлым кейінгі кезеңде), сондай-ақ Батыспен әлдеқайда кейін
араласқан, ежелгі заманда біраз дербес дамыған Үндістан және Қытаймен
байланысты болды. Бұл арада грек-рим дүниесінің ықпалы нашар және кездейсоқ
құбылыс болды.
Ең ежелгі дүниедегі таптық қоғамның сипаты қандай еді? Буржуазиялық ғылым,
әдетте қоғамның бірін-бірі ауыстыратын екі формасын: феодализм мен
капитализмді мойындайды. Циклизм, демек тұйық шеңбер бойынша даму деген
атақ алған концепция неміс тарихшылары Эдуард Мейер мен Макс Веберден,
әсіресе айқын көрінеді.
Бұл бағытты ұстаушылардың көзқарастарында айырмашылық болғандығына
қарамастан, бәрі де Шығыста және Грецияда не феодализм, не қапитализм болды
дегісі келеді. Бұлай деп санауларына негіз етіп феодализм үшін натуралды
шаруашылық, капитализм үшін ақшалы шаруашылықтың болуы деп есептейді.
Олардың пікірінше құлдарды қанаудың жалдамалы жұмысшыларды қанаудан
принципті айырмасы жок, екеуінің, де экономикалық нәтижесі бірдей.
К. Маркс, Ф. Энгельс және В. И. Ленин таптық қоғамның әр түрлі типтерінің
алмасуы жөнінде өзгеше түсінік береді. Олар тұңғыш әлеуметтік-экономикалық
таптық формация деп құл иеленушілік формацияны есептейді.
Алайда, Маркс пен Энгельс өндіріс тәсілін азиялық және антик деп береді,
бірақ бұларды құл еңбегі басым болған қоғамның жергілікті екі варианты
ретінде қарастырады. Бұл жайында Энгельс Англиядағы жұмысшы табының
жағдайы деген еңбегінің Америкадағы басылымының алғы сөзінде жазған. Онда
былай делінген: Азиялық және классикалық ежелгі заманда таптық езудің
басым формасы құлдық болды, яғни бұқара жерін экспроприациялаудан гөрі,
олардың жеке басын иемдену басым болды. В. И. Ленин бұл концепцияны
тұжырымдауды бір қалыпқа келтіріп, былай деді:
Адамзат қоғамдарының бәрінің мыңдаған жылдар бойы дамуы барлык елдердің
бәрінде де бізге осы дамудың жалпы заңдылығын, дұрыстығын, дәйектілігін
төмендегіше керсетеді:
ең әуелі тапсыз қоғам — бастапқы патриархтық қоғам, алғашқы қоғам болғанын
көреміз, бұл қоғамда аристократтар болмаған; онан кейін — құлдыққа
негізделген қоғам құл иеленушілік қоғам болғанын көреміз.
Бұл тұжырымнан біз марксизм-ленинизм негізін салушылардың тұңғыш таптык
формация — кұлдықтың Европада ғана емес, Шығыста да болғанына күмән
келтірмегенін көреміз.
К. Маркс, Ф. Энгельс және В. И. Ленин тұңғыш таптык, формацияны егжей-
тегжейлі талдамайды, өйткені өткен ғасырда, тіпті XX ғасырдың басында да
Шығыстағы әлеуметтік катынастарды зерттеу үшін түп деректер жеткіліксіз
еді. Маркс, Энгельс, Ленин құлдар туралы сөз қозғағанда, мысалды көбінесе
Греция мен Римнің тарихынан келтіретіндері кездейсок, емес.
Қазіргі кезде дегенмен ежелгі Шығыстың әлеуметтік тарихынан алуан түрлі
материал мол жиналды. Бұл материалдар ғылыми социализмнің негізін салушы
кемеңгердің. жалпы қағидаларын дәлелдеп бере ала ма?
Бұл сұрақ әлеуметтік-экономикалық формациялардың проблемаларына арналған
совет ғалымдарының талқылауына бірнеше рет қойылды.
Өткен ғасырда белгісіз болған бірсыпыра ежелгі Шығыс документтері Шығыста
құлдарды қанаудың болғанын дәлелдеп берді. Бу.л канаудың болғандығына
ежелгі Шығыс ескерткіштерінің нұсқаларын ашып, зерттегенге дейін ғылымда
үлкен роль атқарып келген деректердің авторлары көңіл қоймады, кейде оны
жоққа шығарып отырды.
XX ғасырдың басында ашылған Вавилон патшасы Хаммурапидің заңдар жинағы және
одан кейін табылған хет заңдары жергілікті халықты ерікті және құл деп
екіге бөледі, бұл ескерткіштер белгілі болмай тұрған кезде-ақ, өткен
ғасырда Маркс пен Энгельстің айтқандарының дұрыстығын дәлелдейді.
Советтің Шығыс зерттеушісі В. С. Струвенің 30—40-жылдардағы жүргізген
зерттеулерінің нәтижесінде Шумердің (б. э. де-йінгі III мың жылдықтың аяры)
патшалық және храмдык мекендерінде қүл еңбегі басым болғандығы анықталды.
Совет тарихшылары
И. М. Дьяконовтың, В. А. Белявскийдің, Ю. Б. Юсифовтың т. б. еңбектерінде
Алдыңғы Азияның ежелгі әр түрлі елдерінде құл иеленудің едәуір ролі болғаны
айтылған. Ежелгі Египеттегі құл еңбегін сипаттайтын көптеген фактілерді Ю.
Я. Перепелкин түпкі деректерден алып дәлелдеді. Үндістанның алдыңғы қатарлы
тарихшылары Д. Р. Чанан, Ш. А. Данге ежелгі Үндістандағы құл еңбегі туралы
көптеген деректер жинады, ондағы құл иеленуге, әдетте маңыз берілмей
келген. Ежелгі Қытайда құл енбегін қанаудың едәуір көлемде болғандығы Қытай
тарихын зерттеуші совет ғалымдарынын, (Т. В. Степугина, т. б.) еңбектерінде
көрсетілген. Мұның барлығы әлеуметтік-экономикалық формациялардың жүйелі
және заңды түрде ауысып тұратыны туралы маркстік-лениндік ілімді растай
түседі, әрине бұның өзі мәселені айқындай түсудің қажеттігін жоққа
шығармайды. Алайда бұл ілімді қалай болса солай қолдана беруге болмайды.
Маркс, Энгельс, Ленин құлдар туралы сөз қозғағанда, мысалды көбінесе

кемеңгердің жалпы
қағидаларын дәлелдеп бере ала ма? Бұл сұрақ әлеуметтік-экономикалық
формациялардың проблемаларына арналған совет ғалымдарының талқылауына
бірнеше рет қойылды.

ЕЖЕЛГІ ӨЗЕН АРАЛЫҒЫНЫҢ ТҮПДЕРЕКТЕРІ.
Өткен ғасырдың ортасына дейін тарихшылардың қолында Тигр мен Евфрат
өзендері бассейнін (Месопотамияны) ежелгі заманда мекендеген халықтар
жайында біріне-бірі қайшы келетін, көбінесе, бұрмаланған үзінділер ғана
болды.
Библияда және антик заман (грек пен латын) авторларында жазылғандардан ғана
кейбір мәліметтерді пайдалануға тура келді.
Көне өсиет деп аталатын әр түрлі кітаптарда Вавилон мен Ассирия туралы
бірнеше рет айтылады, бірақ оның қызықтыратын мәселесі бір жақты мәселе
болатын. Бұл мемлекеттердің Израиль және Иудеймен соғыс және бейбіт
жағдайдағы қарым-қатынасы жазылған.
Б. э. дейінгі V ғасырдың орта шенінде шығыс елдерінің біразын аралаған
гректің атақты тарихшысы Геродоттың жазбаларында Вавилон мен Ассириянық
өткендегісі туралы кейбір мәліметтер бар.
Өкінішке орай, тарихтың атасы (ежелгі заманда-ақ бұл авторды осылай
атаған) ежелгі шығыс халықтарының тілдерін білмеген, сондықтан тілмаштардың
жәрдемін пайдаланған, ал олар жат елдің білім құмар кезбесіне көптеген аңыз-
әңгімелерді айтқан, бірақ өткендегі оқиғаларды шатастырған, не әдейі
бұрмалаған. Олар Шумер, Аккад және Көне Вавилон патшалығы туралы ешнәрсе
білмеген. Жаңа Вавилон патшаларының ішінен ең соңғысы Набонидты ғана еске
алады. Навуходоносордан (Геродоттың саяхатынан 100 жыл бұрын билік құрған)
қалған құрылысты Нитокрид патша әйел салдырды деп айтқан. Грек тарих-
шысының айтуына қарағанда бұл әйел өзінің атақты күйеуінің орнын басқан
көрінеді.Геродот Ассирия патшалығын құрушы Нин (бұл есім аңыздаи алынған)
деген біреу деп жазады. Керісінше тарихтың атасы ескертіп өткен
Ассирияның әйел патшасы Семирамида тарихта болған адам екен. Ассирия
документтерінің түп нұсқалары табылып, оқылған кезде,
б. э. дейінгі IX ғасырдың ақырында, баласының сәби кезінде Ассирияны
Шаммурамат деген патша әйел басқарыпты. Оның есімін гректер Семирамида деп
өзгертіп атаған.
Геродот Тигр мен Евфрат аңғарының экономикасын (жер суландырудың ролін,
Армениямен сауда жасауға өзен кемелерін пайдалануды т. б. және халықтың
тұрмысын біршама жақсы суреттеп берген. Тұрмыс-салт жайында көптеген
анекдоттар келтіріледі, әрине мұның тарихи құндылығы жоқ. Әрине, ежелгі
шығыс елдерінің кітапханалары мен архивтерін пайдалана алмады деп Геродотты
кінәлай алмаймыз, сондықтан оның кездейсоқ кездескен адамдардың аузынан,
кейде ықылассыз әңгімелесушілерден естігендерімен ғана қанағаттануына тура
келеді.
Мұнан басқа да антик заманның тарихшылары мен географтары Вавилон мен
Ассирияның өткен тарихы жайында жазбалар калдырған, бұлар сол бір
Семирамида туралы аңыздар мен акыл үйреткіш әңгімелер түрінде берілген,
мысалы ол Үндістанға жорық жасапты-мыс, немесе ерке және жез өкшелікке
салынған Сарданапол туралы аңызда оның тұсында Ассирия державасы құрып
бітіпті дегендер айтылады.
Елі грек-македон қол астында болған кезде, б. э. дейінгі III ғасырда өмір
сүрген және сол кезде өз естеліктерін жазған Вавилон абызы.Берос көп
мәлімет қалдырып кетті. Ол шетелдік шапкыншыларға арнап, грек тілінде,
Вавилон тарихының үш кітабын жазды.
Бірінші кітабы бағзы бір заманғы аңыз-ертегіден бастап, содан кейін болған
оқиғаларға тоқталып, Вавилонды Александр Македонскийдің жаулап алған
кезеңіне дейін жеткізген.
Берос білімді вавилондық болғандықтан, Вавилон храмдарында сақталған жазба
түп-нұсқаларды пайдалана алған болуы керек. Берос тарихи оқиғаларды
түсіндіргеңде аныіқ діни бағыт ұстады. Беростың еңбегі бізге жеке үзінді
болып жеткендіктен де оның құндылығы кеміп отыр.
Қорыта айтқанда, еврей, грек, латын тілдерінде жазылған бұл мәліметтердің
барлығы ежелгі месопотамияның тарихын қалпына келтіруде мүлдем жеткіліксіз
болып отыр. Бұл мәліметтің барлығы негізінен б. э. дейінгі I мың жылдықтың
оқиғасын сипаттайды және де бұл оқиғалар үзіп-жұлқып, бұрмаланып берілген.
Тигр мен Евфрат аңғарын ежелгі заманда мекендеген халықтардың ұмыт болған
тілдерін қалпына келтіргенде ғана бүл жердің тарихын терең зерттеуге
мүмкіндік болды. Бұл үшін шамасы 2 мың жыл бұрын ('б. э. I ғ.) қолданылудан
шығып қалған сыналы жазуларды ең алдымен айырып оқу керек болды. Сыналы
жазулардың көпшілігі жер астында терең басылып қалынған, ал кейбіреулері
жер бетіндегі жар тастарға, немесе жартылай құлаған қабырғаларға жазылып
қалынған еді.
Б. э. XVII—XVIII ғасырларында, Европа еліне, Персеполь сарайының
құландысында (Иранның оңтүстік-батыс жағында) тас плиталардың бетінде
ғажайып белгілердің барлығы жайында мәлімет жетті. Бұл айқұш-ұйқыш болып
келген, қатарынан да, көлденеңінен де, көлбеуінен де тартылған сызықтар
еді. Кейбір саяхатшылар мұны өрнек деп те түсінді. Ал кейбіреулері жазу
екенін білді, бірақ түсіне алмады: бұл неғылған жазу, қай тілде жазылған,
ешкім ажырата алмады — деп жазды саяхатшылардың бірі.
Өткен ғасырдың 40-жылдарында ағылшын археологы Лэйард Ассирия астанасы
Ниневияның орнын қазып, сарайдың қирандысын зерттегенде патша
Ашшурбанипалдың (б. э. дейінгі VII ғ.) 20 000 саз балшық кітабы бар үлкен
кітапханасын тапты (бетінде сына жазу таңбалаіры бар қатырылған балшықтар).
Вавилон-ассирия тіліндегі жазулардан басқа да мүлдем өзге тілде,семит және
иран тілдерінен өзгеше тілде жазылған кәптеген текстер де кездескен.
Көп кешікпей-ақ бұрынғы антик заман және Библия авторлары мүлдем білмеген,
б. э. дейінгі II мың жылдықта вавилондықтармен, ассириялықтармен бірігіп,
із-түзсіз жойылып кеткен .
халықтың осы тілде сөйлегені анықталды. Алайда, бұл жоғары мәдениетті
халықтың әдеби мұрасын Ассирия патшаларының көшірмешілері сақтап және
мұқият зерттеген. Солар құрастырған сөздіктердің, анықтауыштардың жол-
жолмен аүдарғандарының көмегімен және ғалымдар бұдан 4 мыңға жуық жыл бұрын
сөйлеуден шығып қалған шумер тілін қалпына келтірді. Бұл жаңалыадың
күтпеген жерден ашылғандығы соншалық, көптеген филологтар шумер халқының
өмір сүргенінің өзіне күмән келтіріп, жұмбақ жазу жасанды тілде жазылған,
жасырын мәліметтер мен діни құпияларды сақтау үшін арнайы ойлап табылған
тіл деп есептеген. Шумер жазбасы криптография құпиялық жазба) деп
аталды. Өткен ғасырдың 70-жылдарында Францияның археологиялық
экспедициясы Шумердің Лағаш қаласының орнын қазғанда, одан ездеріне тән
сыртқы белгілері бар шумерлердің бейнесі және өз тілдерінде жазылған
ешқандай аудармасы жоқ көптеген жазбалар табылды. Олардың ішінде шарттар,
азық-түлік тізімі және басқа да іс қағаздары болған.
Бұл құрылыстың барлығы қала өмірінің кейінгі сатысына (б. э. дейінгі
VII—VI ғасырларға) жатады. Бүдан бұрынырақтағы құрылыстар (бірнеше рет
болған талқандалудың және өрттің салдарынан) жойылып отырған. Оның
есесіне көне вавилон патшалығынан бізге дейін келіп жеткен бағалы
ескерткіш бар,ол көршілес Элам мемлекетінің астанасы Сузы қаласынан табылып
отыр, онда соғыстан түскен олжа ретінде апарылған болуы керек. Бұл Вавилон
патшасы Хаммурапидің заңдары жазылған базальтты, қара бағана еді. Мұны XXғ.
басында Элам астанасының орнын қазған француз археологтары тапты. Одан
кейінгі жылдардағы қазбалардың ішінен Шумердің Ур қаласынан табылған моланы
және семит қаласы Маридегі үлкен сарайды (Вавилонның солтүстік-батыс
жағында) атап өтуге болады. Археологтар мен филологтардың зерттеу жұмыстары
ежелгі Месопотамия халықтарының тарихын зерттеуде база жасап берді.
Негізінен елдің саяси және мәдени тарихы зерттелді. Ғалымдардың назары
соғыстарға, патшалар жүргізген құрылыстарға және де құдайлар мен батырлар
туралы аңыздар мен мифтерге аударылды. Ағылшын ассириологы Дж. Смит (өзінің
аса табандылығы, қайраттылығы арқасында қарапайым әріп терушіден ірі ғалым
болған) Вавилонның топан су туралы мифіндегі тексті оқыды, бұл мифті библия
өзіне топан суы туралы мифке негіз етіп алды. Немістің семитологы және
ассириологы Ф. Делич Көне өсиеттің барлық мазмұнын дерлік Вавилоннан
пайдаланылды деп тапты, бұнысы әрине асырып айтқандық болып табылады.
Панвавилондықтардың мектебін басқарған немістің шығыс зерттеушісі — Г.
Винклер одан да жоғары баға берді. Бұл мектеп вавилон халқын жаратылысынан
дарынды және ықпалын Қытай мен Оңтүстік Америкаға дейін таратқан халық
болған деген пікір айтты. Бұл асыра сілтеушіліктің бәрі өзге
зерттеушілердің тарапынан (солардың ішінде орыстың шығыс зерттеушісі Б. А.
Тураев та бар) қатал сынға алынды.
Алайда Вавилонның экономиканың және рухани мәдениеттің әр түрлі
сферасындағы қолы жеткен елеулі табыстарын, бірсыпыра басқа елдерге жасаған
ықпалын (панвавилондықтар тұжырымдаған фантастикалық көлемде болмағанмен)
жоққа шығаруға болмайды.
Көптеген әдеби сюжеттер мен ғылыми жаңалықтарды вавилондықтар шумерлерден
қабылдағанын (мұны Американың шумерологы С. Н. Крамер талассыз дәлелдеп
берді) ескерген жөн.
Ежелгі Месопотамия халықтарының әлеуметтік-экономикалық тарихына деген ынта
бірден пайда болмады. Өткен ғасырдың аяғында ғана М. В. Никольский Шумер
мен Акадтың шаруашылық есептерінің документтеріне назар аударып, оны
зерттей бастады. Ежелгі Қосөзеннің заң документтерін зерттеуде орыс ғалымы
И. М. Волков та көп жұмыс істеді.
ЕЖЕЛГІ ЕГИПЕТТІҢ ТҮПДЕРЕКТЕРІ.
Ежелгі Қосөзеннің тарихы сияқты ертедегі Египеттің тарихы да бір жүйеге
келтіріліп, терең зерттеле бастағаны XIX ғасыр болды. Бұған дейін библия
деректерінің және грек пен латын авторлары шығармаларының кейбір
үзінділерін пайдалануға тура келді, бұлардың Египеттің жазба
документтерін пайдалануға мүмкіншілігі болмады және өзге халықтың тарихын
ауыз әдебиеті бойынша баяндады.
Вавилон-ассирия тарихына қарағанда, бізге белгілі болып отырған Египет
өткендегісін суреттеген Геродот Тарихы әлдекайда толығырақ, бірақ бір
жүйеге келтірілмеген.
Тарихтың атасы Нилдің бойымен Египеттің солтүстігінен. оңтүстігіне дейін
саяхат шегіп, көне ескерткіштерді қарап, шайкас болған жерлерді аралап,
грек тілін білетін египеттіктерден бұл халықтың әдет-ғұрпы мөн өткендегі
тарихын сұрап білді. Әңгімелескен адамдарының бұл мәліметтері үзінді
түрінде еді, кейде бұрмаланған да болды, оны тексеруге Геродоттың
мүмкіндігі болмады.
Кейде египеттік саяхатшыға әңгімелескен адамдары өз ата-бабаларының
әскери ерліктерін әсірелеп айтып, оны әдейі шатастырды. Олар Геродотты
фараондарының Сесострис деп аталатын біреуі Қара теңіздің солтүстік
жағасына өтіп, скифтерді бағындырды деп сендірді. Ал шынында Египет
фараондарының әскері Қара теңізге ешқашан жеткен емес. Сонымен қатар
Геродот жинаған мәліметтің көбі, әсіресе көзіммен көрдім дегендері дұрыс
(мысалы егіншілік жұмыстары, жануарларды пір тұту, мумия жасау әдісі т.
б.). Бұдан кейін (б. э. I—II ғ.) Египет дінінің мәселесіне арнап грек
жазушысы Плутарх арнаулы (Исид және Осирис туралы) кітап жазды.
Египеттің тарихыміен антик заманының басқа да жазушылары айналысты, бірақ
олардың бәрі де, Геродот пен Плутарх сияқты, египеттіктермен ауызекі
әңгімеге сүйенді, егер олар Египет жазуын көрген болғанда да оны оқи алмас
еді.
Б. э. дейінгі 332 жылы Александр Македонский Египетті жаулап алғанда, ол
жерге көптеген гректер барып қоңыстанып, оның өткендегі тарихымен
айналысушылар көбейді және Египет абызы Манефон грек тілінде Египет
тарихын жазды. Ол хронологиялық схема жасады (негізінен дұрыс) және Египет
тарихындағы бірқатар оқиғаларды дұрыс фактілерді аңызда айтылғандармен қоса
баяндап берді.
Египет жазуларын оқу. Жаңа заман тарихшыларының мұндай деректерді
пайдаланбасына болмады, Әрине Египеттің жерінде көптеген ескерткіштер
сақталып калды (пирамидалар, храмдар, обелискалар, колосстар), бұлардың
бетіне жазылған таңбалар да ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz