Екінші дүние жүзілік соғыста Ирактың ролі


Мазмұны
Кіріспе
1 Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңындағы Ирак
1. 1 Ирактың ішкі саяси жағдайы . . . 9
1. 2 Соғыс қарсаңындағы Ирактың халықаралық қатынастардағы орны . . . 12
2 Екінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы Ирак
2. 1 1941 ж. 1 сәуірдегі Ирактағы төңкеріс және отыз күндік оғыс . . . 17
2. 2 Екінші дүние жүзілік соғыста Ирактың ролі . . . 24
3 Ирак үшін екінші дүние жүзілік соғыс қорытындылары . . . 29
Қорытынды . . . 33
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 35
Кіріспе
Екінші дүние жүзілік соғыс 1939 жылы басталып, 1945 жылы аяқ-талды. Бұл соғыс бүкіл адамдардың ең көп қантөгісті соғыстардың бірі. Екін-ші дүние жүзілік соғыста 1, 7 млрд. халық пен 61 мемлекет қатысты. Әскерге 1914-1918 жж. қарағанда 40 млн-ға артық, 110 млн. адам шақырылды. Екінші дүние жүзілік соғыста, бірінші дүние жүзілік соғысқа қарағанда 5 есеге артық, 50 млн. адам қаза тапты [1, 315 б. ] . Осы соғыс жылдары, дағдарыс кешкен Ирак мемлекеті соғысқа қатысуға ұмтылмады. Иракта ұлт-азаттық көтеріліс әскери түрде басталған кезде, 1941 ж. сәуірде жағдай төмендеді.
Қазіргі Ирак мемлекетіне 1920 ж. Осман империясының үш уәлаяты кірді: Басра (алдында одан Кувейт бөлінген), Мосул және Багдат. 1920 ж. сәуірде Сан-Ремодағы конференцияда Ұлттық лига Ұлыбритания Иракты басқаруда мандат шығарған. 1921 ж. Ирак әмір корольдық болып жарияланды. Екі палаталық парламентпен конституциялық монархия түрінде басқару қабылданды. Алайда, алғашқыда бүкіл маңызды министрліктер бритнадық «кеңес» бақылауында болды, ал ізгі шешімдерді британдық жоғары комиссарлар және корольдық әскери-әуен қолбасшы күштерімен шешілді. Саяси билік орындарында бірнеше қалалық қауымдардың және ірі помещик-абсентеистерден қайта құрылған жаңа элитаның қолында шоғырланды. 1932 ж. Ирак формальді түрде тәуелсіздігін алды, бірақ елдің нақты басқарылуы Ұлыбритания посольствасында орналасты.
1933 ж. король Фейсал кайтыс болып, орнына баласы Гази таққа отырған болатын. Мемлекеттің саяси өмірі 1930 жылдары фракциялық күреспен
сипатталды, әсіресе 1936 ж. әскери төңкерістен кейін. Король Гази кенеттен 1939 ж. каза болып, оның орнына кәмелетке толмаган баласы Фейсал II таққа отырады, регент Абул Иллах болды. Екінші дүние жүзілік соғыс басталған-нан кейін, сол уакытта ұлтшыл Германияның соғыс жариялауына жол бер-меу үшін, офицерлрдің ұлттық бағытталған позициясы күшті болды. Сол уақытта примьер-министрі генерал Нури Саид болды [2, 76 б. ] .
Ирактың Англияға қатынасы бойынша екі позициясы болды. Бірінші позициясы, Англиямен ынтымақтастығы автоматты түрде Иракты немістер-дің соққысының астына апарды. Осы позициясының жақтаушылары Англия-мен қарым қатынасты үзіп, бейтарап ұстанымда болуға ынталанды. Екінші жақ - ұлтшыл офицерлер және дін басылар екінші дүние жүзілік соғыстың басталардан алдын өсіп келе жатқан Германияның фашистік қуатпен пайдаланып және соның көмегімен Ұлыбританияның неоколониалистік тұсаудан азат болғысы келді [3, 332 б. ] .
Англия соғысқа аттанғаннан кейін, Нури Саид Германиямен дипло-матиялық қатынастарын үзеді. Ирактың экономикасы Англия назарының қызметіне қойылған еді. Әскери жағдайды пайдаланып, 1939 ж. 12 қыркү-йекте үкімет оппозицияға қарсы репрессияларды күшейтті. Өздерінің қыз-меттерін және оппозициялық топтарды белсендірді. Әсіресе ирактық армия-ның төрт жоғары басшылары («алтын кадрат») басқарған күреске антиағыл-шындық бағытталған әскери топтар күреске жігерлі қосылды. Англияның Еуропада және Қиыр Шығыста әскери сәтсіздігін пайдаланып, «алтын квадрат» 1941 ж. 1 сәуірде әскери төңкеріс ұйымдастырды.
Үкімет басына Рашид Али Аль-Гайлани басшылығы келді. Басшылар-
дың қарсыластық ойы әр түрлі болды, соның ішінде мемлекттің Англияға
тәуелділігін әлсірету. Бірақ объективті түрде олардың назарлары осьтық державларына жауап берді. Германия және Италия аль-Гайлани үкіметіне әскери көмекті уәделеді.
Ағылшын үкіметі Солтүстік Африкада және Қиыр Шығыстағы кернеулі әскери жағдайға қарамастан, Иракқа Үндістаннан 10-шы ағылшын-үндістік дивизиялар жіберілуге бұйрық берді. Бұл дивизияның бірінші бригадасы 1941 ж. 18 сәуірде Ирактың Басра портына түсірілді. Аль-Гайлани үкіметі 1930 ж. ағылшын-ирактық келісімге сәйкес, көнуге амалсыз болды, алайда келесі бригада, бірінші бригадасы ирак-палестиналық шекараға жеткенше бірінші болып тісірілуі талаптанды. Британдық басшылық, Лондоннан келетін бұйрықтарға сүйене отырып, бұл талапты құлаққа аспады және 29 сәуірде Басрада тағы бір бригада түсірілді. Сол күні ирактық әскерлер Хаббаниядағы ағылшындық базаны атқылауға бұйрық алды.
Сөйтіп жарияланбаған ағылшын-ирактық соғыс басталды. Нәтижесінде оқулықтарда ол «отыз күндік» болып аталды, өйткені әскери қозғалыстар Иракта 1941 ж. 1 мамырдан 31 мамырға дейін созылды.
1943 ж. 17 қаңтарда Ирак үкіметі Германия және Италияға соғыс жариялайды. Иракта әскери жағдай жарияланды, ол тек 1946 ж. ғана күшін жойды. 1940 жылдар аяғында, яғни, екінші дүние жүзілік соғыстан кейін жалпы қоғамды демократияландыру Иракта жаңа ұлт азаттық қозғалыстардың пайда болуына әкелді. 1946 ж. Иракта азаматтық үкімет қайта орнады, алайда солшыл партияларға тыйым салынып, Нури Саид басшылығымен үкімет консерваторлар қолында болды. Саяси өмірде крестьяндар, жастар белсенді орын алды. Осылардың негізінде 1946 ж. сәуір айында Ирактың Ұлттық-демократиялық партиясы (ИҰДП) ұйымастырылды. 1946 ж. курд халқының назарын қорғаған Курдистанның демократиялық партиясы (КДП) қозғала бастады. Кәсіподақ және Ирак коммунистік партисынның жұмысшы топтарының ролі күшейді.
1946 ж. 23 ақпан күні либериалдық қайраткер Тауфик ас-Сувейди бейбіт уақытының бірінші кабинетін құрайды. Жаңа үкімет мемлекетте әскери басшылықты жойды. Сәуір айында үкімет көпшілік саяси партияларды ресмиледі [3, 332 б. ] . Мемлекетте Ұлттық демократиялық партия, Либералдар партиясы, әуелсіздік партиясы, халық партиясы, Курдистанның демократиялық партиясы жұмыс істей бастады, коммунистік партиясы жасырын болып қалды.
Жалпы нәтижеде ағылшындардың Хаббаниядағы жеңісі үлкен маңызға
ие болды, ол Таяу және қиыр Шығыстағы неміс фашистік экспансиясына
шек қойды [4, 24 б. ] .
Осылайша Ирак пен Англияның келіспеушіліктері нәтижесінде, Ирак екінші дүние жүзілік соғысқа қатысуға мәжбір болды. Сондықтан да бұл мәселені зерттеу, талдау олардың бағыттарына сипаттама беру қажеттілігі қалыптасып, өзекті мәселе болып отыр.
Жұмыстың мақсаты - Ирак мемлекетінің екінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы саяси, экономикалық мәселелеріне шолу жасай отырып, осы мемелекеттің соғыс жылдарындағы орнын қарастыру, ролін айқындау болып табылады. Жұмыс тақырыбының толық мазмұнын ашу мақсатында келесі міндеттер айқындалды:
- Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңындағы Ирак мемлекетінің ішкі саяси жағдайы;
- Соғыс қарсаңындағы Ирактың халықаралық қатынастардағы орны;
- 1941 ж. 1 сәуірдегі Ирактағы төңкеріліс;
- Екінші дүние жүзілік соғыста Ирактың ролі;
- Ирак үшін екінші дүние жүзілік соғыс қорытындылары, соның ішінде ішкі және сыртқы саясаты.
Деректік негізде С. А Шумовтың «Ирак: история, народ, культура» [18] атты тарихи құжаттық зерттеулерінде 1940 ж. Ирактың әскери және үкіметтік құрылымы, екінші дүние жүзілік соғыста шығындары, осы соғыс жылдары мемлекеттің халықаралық қатынастардағы орны айқындалды. Атап айтқанда, Ирак 1944 ж. тамыз айында КСРО-мен дипломатиялық қатынас орнатты, 1942 ж. 1 қаңтарда Вашингтонда бекітілген біріккен ұлттар Декларациясына қосылды, және де сонымен қатар Египетпен 1943 ж. сол аймақта араб мемлекеттерінің одағын құру туралы келіссөздері жүргізілген болатын. 1945 ж. Египеттің астанасы Каирде араб мемлекеттерінің Лигасы құрылды, оның құрамына Ирак, Египет, Сауд Аравиясы, Сирия, Трансиорлания, Йеван және Ливан енгізілді.
Ал, А. Р Андреевтің «Страны Ближнего и Среднего Востока» [19] деген
еңбегінде тақырыпқа байланысты мынадай құжаттар келтірілді: «Парламент қабылдаған заңды король бекітеді және оған конституцияның 26-шы бабына сәйкес король министрлер «кеңесі» келісімімен бұйрық беруге, заң шығаруға тиесілі. Ондай бұйрықтар жақын арада болатын сессияға парламенттің келісімімен енгізлуі тиіс, алайда парламент және құрылтай жиналысымен шешілген бұйрықтар келісім міндеттерін орындауда мақсатталған болса, парламентке енгізілмейді». Бұл яғни, Ирак корольінің құқығы жайындағы мәселе болып табылады.
Осы такырып жұмысын жазуда көптеген әдебиеттер пайдаланылды. Атап айтқанда, тақырыпқа «История Великой Отечественной войны Советского Союза 1941-1945 гг. » [1] атты 6 томдық энцеклапедиясының 2-ші томынан екінші дүние жүзілік соғыстың мәліметтері, Л. Н Котловтың «Новейшая история стран Азии и Африки» [2] оқулығынан, А. М Родригестің «История стран Азии и Африки в Новейшее время» [3] атты оқулығындағы 5-ші тарауын тарих ғылымының кандидаты М. В Пономаревпен бірлестік авторлығымен Ирактың аталмыш соғыс жылдарындағы мәліметтер, А. Ф Фюдчинканың «Ирак в борьбе за независимость в 1917-69 гг. » [4] тарихнамасынан, О. Г Герасимов авторлығымен «Ирак» [5] атты еңбегінен, «Восток» журналындағы В. П Климентовтың «Ирак а годы второй мировой войны» [6] атты мақаласынан, Г. И Мирскийдің «Ирак в смутное время, 1930-41 гг. » [7], Г. И Кирктің «Средний восток в годы войны» (Kirk G. E. «The Middle East in the War») [8], М. Худдуридің «Независимый Ирак» (Khadduri M. «Independent Iraq») [9], С. Х Лонгриктің «Ирак в 1900-1950 гг. » (Longrigg S. H. «Iraq from 1900 to 1950») [10], У. С Черчилльдің «Вторая мировая война» (Churchill W. S. «The Second World War») [11], Ф. Гальдердің «Военный дневник начальника генерального штаба сухопутных войск в 1939-1942 гг. » [12], Хамди Валидтің араб тілінен аударылған «Курды и Курдистан в британских документах» [13] атты еңбектерінен, «Вокруг света» журналының «Географические заметки» басылымында И. Рожинның «Ирак» [14] атаулы мақаласынан, саяси ғылымының профессоры А. Г Богатуровтың «Системная история международных отнашений» [15] еңбегінен Иракттың өзге мемлекеттермен келісімдері, А. М Ментешашвилидің «Ирак в годы англиского мандата» [16] ғылыми зерттеулерінен, Ф. П Пенкиннің «Иракская и ее вооруженные силы» [17] атты еңбегінен Ирактың екінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы тарихы жайында бірнеше мәліметтер алынды.
Жұмыстың құрылымы үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңындағы Ирактың ішкі саяси жағдайы және оның халықаралық қатынастардағы орны сипатталған. Екінші тарауда 1941 ж. ағылшын-ирак соғысы, Ирактың екінші дүние жүзілік соғыстағы ролі, жағдайы, үшінші тарауда аталмыш соғыстың қорытындылары, соның ішінде ішкі және сыртықы саяси жағдайы келтірілген.
Жұмыс тақырыбы 1930 жылдардың аяғы, яғни екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңынан, 1945 ж. соғыстың аяқталуына дейінгі кезеңдерді қамтиды.
1 Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңындағы Ирак
1. 1 Ирактың ішкі саяси жағдайы
Мондаттық кезеңнен кейінгі күшейген саяси күресте «Аль-Ахали» багадаттық газеттің айналасына топталған беделді ұйымдар белсенді қатынасты. Оның құрамына қоғамдық құрылыстың кординалды өзгеруіне талпынған ирактық коғам қайреткерлері кірді. 1934 жылдан бастап «Аль-Ахали» жұмысын атқаруда Джафар Абу ат-Тимман және адвокат Камиль аль-Чадари жургізуші ролде болды.
Саяси күрес аренасында көрнекті орынды жұмысшылар тобы иеледі. 1920 жылдар аяғында кәсіподақтар, ал 1934 ж. - бірден-ақ ішкі реакцияларға қарсы курес жариялаған Иракың коммунистік партиясы (ИКП) құрылды. Сонымен қатар «Туыстық үкіметке» қарсы кейбір феодалдық топтар шықты. Ирактың көрнекті қайраткерлерінің бірі, ірі жер иеленуші Хикмет Сулейман «Ал-Ахали» тобымен қатынас орнатады. Соның атынан ол антиағылшындық топтың лидері генерал Бакр Сидкимен келіссөз жүргізді. Хикмет Сулейман және Бакр Сидки әскери төңкерістің жосапрын түзеді.
Қазіргі Ирак мемлекеті 1920 ж. Ұлыбританиямен жасалған. Оған Осман империясының үш уәлаяты кірді: Басра (алдын одан Кувейт бөлінген), Мосул және Багдат. 1920 ж. сәуірде Сан-Ремодағы конференцияда Ұлттық лига Ұлыбританияның Иракты басқаруда мандат шығарған. 1921 ж. Ирак әмір Фейсалмен (шериф Мекке Хусейн ұлы) корольдық болып жарияланды. Екі палаталық парламентпен конституциялық монархия түрінде басқару қабылданды. Алайда, алғашқыда бүкіл маңызды министрліктер бритнадық «кеңес» бақылауында боды, ал ізгі шешімдерді британдық жоғары комиссарлар және корольдық әскери-әуен қолбасшы күштерімен шешілді. Саяси билік орындарында бірнеше қалалық қауымдардың және ірі помещик-абсентеистерден қайта құрылған жаңа элитаның қолында шоғырланды.
1932 ж. Ирак формальді түрде тәуелсіздігін алды, бірақ елдің нақты басқарылуы Ұлыбритания посольствасында орналасты.
1933 жылдан бастап Ирактың корольі Гази I болған еді, ал жиырма жылдық ағылшын ирак келісіміне қол қойған Нури Саид үкіметі, оппозициялық партиямен 1930 ж. қарашада құрылып, пайда болған Аль Гайлани үкіметін «Ұлттық туыстық» үкіметіне ауыстырып жіберді.
Ирактың көрнекті реакциялық саясаткерлерінің бірі, ірі жер иеленуші, бір уақыттары «Ұлттық туыстастыққа» жанасқан Хикмет Сулейман өзінің саяси ойынында «Аль-ахали» тобымен қатынастар орнатқан болатын. Соның атымен ол антиағылшындық әскери топ лидері Бакр Сидкимен келіссөздерге шығады. Хикмет Сулейман және Бакр Сидки әскери төңкеріс жоспарын түзеді.
1936 ж. 29 қазанда Бакр Сидки басшылығымен әскерлер Бағдатқа қарай жылжып, король Гази I- ге «Ұлттық туыстық» үкіметінен отставкаға кетуін талап етыңп, ультиматум жариялайды. Король ультиатумды қабылдап, Хикмет Сулейсанға министрлер кабинетін құруға мүмкіндік береді. Жеті мүшесінен тұратын жаңа үкіметтегі үш министр «Аль-ахали» тобының өкілдері болды. Оның құрамына Абу ат-Тимман және аль-Чадари кірді. Бакр Сидки басштабтың генералы болып тағайындалды [3, 329 б. ] .
Х. Сулейман және Абу ат-Тиман өздерінің бағдарламасында реформалар жүргізуде ой жариялады, соның ішінде мемлекеттік жерлерді жерсіз крестиандарға тапсыруға, ұлттық өнеркәсіптің дамуына көмектесу, әлеуметтік катамасыз етуді жақсарту және т. б. Алайда Хикмет Сулейман және Бакр Сидки бұл бағдарламаны тек қана қоғамның тыныштандыруының орындалуын нәтижелі құрал ретінде қарастырды.
Наразылық белгісі ретінде осыған ұқсас позицияға қарсы «Аль-Ахали» министрлері 1937 ж. 19 маусымда отставкаға кетеді ( кейіннен олар жер аударылды) . Итальяндықжәне германдық фашизмнің идеялық ықпалының астында болған Бакр Сидки әскери диктатура орнату мақсатында жаңа
төңкеріс дайындап жатты.
Бірақ Хикмет Сулейман және Бакр Сидки демократиялық шеңбермен арасы үзілуі олардың ықпалын үзді. 1937 ж. 11 тамызда Бакр Сидки өлтірілді, 5 соң Х. Сулейман үкіметі құлады. Мемлекетте ағылшындық күштер қайта орнады, әсіресе 1938 ж. 25 желтоқсанда Нури Саид үкіметі қайта орнады. Жаңа примьер жоспарлы түрде тек халықтық қозғалысты ғана емес, өзінің саяси қарсыластарын да түзеді. Ол 1939 ж. наурыз айында антиүкіметік қастандықты азғыртып айдап салып, оппозиционерлердің улкен тобын қаматып жібірді. 1939 ж. 3 сәуірде жұмбақ жағдайда автомобильді апатта Гази I қаза тапты, ол Нури Саидтың ағылшындық бағытын мақұлдамай кетті. Король болып оның 4 жасар ұлы Фейсал II, ханзада Абд аль-Илях регент болып тағайындалды [5, 76 б. ] .
Парламент қабылдаған заңды король бекітеді және оған конституцияның 26-шы бабына сәйкес король министрлер «кеңесі» келісімімен бұйрық беруге, заң шығаруға тиесілі. Ондай бұйрықтар жақын арада болатын сессияға парламенттің келісімімен енгізлуі тиіс, алайда парламент және құрылтай жиналысымен шешілген бұйрықтар келісім міндеттерін орындауда мақсатталған болса, парламентке енгізілмейді [19, 58 б. ] .
Мемлекет корольі Фейсал II (1944 ж. ), ол кәмелетке толғанша регенті Абдаллах болып саналады. Заң беруші үкімет парламент және корольға тиісті, ол 2 палатадан тұрады: депутаттар және Сенат. Төменгі палата - депутаттар - 4 жылға екі дәрежелі сайлаумен сайланады, сайлауға ер адамдар мен 20 жасқа толған Ирак азаматтары қатысады. Сайланғандар 25 жастан кіші, депутаттар 30 жастан кіші болмауы тиіс. Әр 20 мың халыққа 1 депутат сайланады. Сенат корольдыққа тағайындалатын мүшесі 20-дан артық болмау керек. Сенат өкілеттігі - 8 жыл. Әр 4 жылда жарты сенат шығып қалады, бірақ шығып қалғандар қайта тағайындалуға мүмкіндігі бар.
Парламент корольдың бұйрығымен қурылады және таратылады. Заң шығарушы құқықтың ынтасы он депутаттық әр палатаның мүшесіне тиесілі болды. Палатаның қабылдаған қосымшасы заң жобасын жасау үшін Министрлер кеңесіне жіберілді. Король парламент қабылдаған заңды бекітеді. Ирактың сот жүйесі үш түрден: азаматтық, діни және өзгеше соттардан тұрды. Иракта формальді құқықпен бастауыш білімі міндеттелді, алайда балалрдың белгілібір саны мектептен оқытылудан тыс болды. Бастауыш білімнің оқытылуы 4 жыл және оқытылатын тіл араб тілі болды. 1939 ж. мемлекетте
705 бастауыш мектептер, соның ішінде 560 ұлдар үшін, 145 қыздар үшін. Жоғарғы оқу орындары - медециналық, педпгогикалық, техникалық және әскери [18, 81 б. ] .
1. 2 Соғыс қарсаңындағы Ирактың халықаралық қатынастардағы орны
1930 жылдар дәуірі бір жағынан, жаңа араб мемлекеттерінің пайда болуы және олардың сыртқы саяси бағыттары, ал басқа жағынан - араб-еврейлік дауының құрылуының негізі аяқталуы, ол қиыршығыстық конфрантациялық мезгілін он жылдыққа алдын ала анықтаған. Аравиялық мемлекеттердің ізінен Ирак мемлекеті де өз тәуелсіздігін алды. 1930 ж. 30 маусымда британ-ирактық келісімге қол қойылған еді, соған сәйкес Ирак тәуелсіз мемлекет болып қабылданды, ал мондат оның Ұлттық лигаға қабылданған кезеңнен кейін-ақ күшін жойды. Ол оған 1932 ж. 3 қазанда мүше болды. Ирак пен Ұлыбртинаия арасындағы келісімге сәйкес британдық әскерлердің орналасуы (Бағдатқа жақын жерде екі әскери база), сыртқы және қорғаныс саясатын қорғаныс бақылауды білдірген «одақтас қатынастар» орнатылды. Айқын шектеулерге қарамастан, бұл қойылған келісім колониалдық заманның аяқталуын білдірді. Қысқартылған тәуелсіздікті және британдық саяси және әкімшілік бақылаудың берілуі мемлектеттің басқару шеңберіндегі үкімет үшін күрес өкпек күшеюге әкелді, не өзі тікелей түрде сыртқы саяси бағытта жаңа мемлекеттің пайда болуы, оның шеңберінде екі талғаулы тенденциялар пайда бола бастады. Біріншісінің жақтастары, («оңтүстік») Ұлыбританиямен тез арада «өзгеше қатынастарын» жоюға ынталанды. Келесіде, екінші дүние жүзілік соғыстың басталуымен, олар өз мақсаттарына жету үшін гитлердік Германияны өз одақтастары ретінде пайдалануға әрекеттенді. Олардың қарсы сөйлеушілері, екінші жақ («солтүстік») тенденциялары, ауданда басым күші сияқты Ұлыбританиямен «одақтас қатынаста» сақтауда маңызды мағынада деп есептеді. Бірінші жақ тенденцияның ең маңызды жетістіктері 1931 ж. Сауд Аравиясымен және 1936 ж. Трансиорданиямен жасаған достық туралы келісімдер. 1936 ж. сол сияқты сауд-ирактық «араб туыстығы және одақтастығы туралы» келісімі түзілді. «Солтүстік» жақтың ірі жетістігі 1937 ж. шілде айындағы «Төртелік пакт» (Түркия, Иран, Ирак, Ауғанстан), ол Қиыр шығыстағы Антантаның құрылуына шамаланды. Бірақ бұл үміттері орындалмады. Бұған тек екінші дүние жүзілік соғыс ғана емес, сол уақытта британдық бақылаудан азат болған ирактық қоғамның, әсіресе армисянда ұлтшылдықтың өсуі кедергі болды. Нәтижеде «оңтүстік» тендециясы қайта басым болды [15, 130 б. ] .
Иракта 1941 ж. сәуір айында мемлекеттік төңкеріс болған кезінде үкімет басына Рашид Али Аль-Гайлани үкімет басшылығы орнады. Осы ұлттық үкіметтің талаптарының бірі ағылшын әскери базаларының эвакуациясы, барлық Ирак территориясынан ағылшын әскерлерін шығару, ағылшын ықпалынан босату. Алайда Иракты ағылшын ықпалынан босату куресінде гитлердік фашизмінің және оның одақтастықтарының КСРО ға шабуылдау дайндығы қарсаңында ирактық ұлтшылдар Германияға, Италияға, милитаристік Жапонияға бағдарланды. Сол уақыт бұл мемлекеттердің Иракта ықпалы өсті. Осы мемлекетке Гитлер үлкен көңіл бөлді, өйткені Иракта мұнаймен, әскери базалармен, стратегиялық маңызды магистральдарға ие болу мәнді еді. Егер Германияға осы елде позициясын иелеуде мүмкіндік болса, ағылшындық позиция үшін Арабтық Шығыста және Үндістанда маңызды қауіп туындар еді.
1936 ж. Гитлер Ф. Гроббаны Иракта елшісі етіп тағайындайды. Ол осы мемлекетте жұмысқа кірісіп, Ирактағы арабтарда ұлтшылдықты жандандыра бастады, Ұлыбританияға жеккөрушілік телді. Ф. Гробба ирактықтарға арабтардың жалғыз және сенімді досы, ирактықтардың британдық езгіден бостандығы үшін сенімді күрескері ретінде «үшінші рейх» тартты. Ол ұлтшылдық колонизаторлармен ешқандай жалпылыққа ие емес деп жариялайды, сондықтан рейхта колония жоқ дейді. Гробба агрессивті германялық империализм 1918 ж. әскери ұтылғаны үшін Германияға өздерінің африкандық колонияларымен өтеуі мәжбір екендігі туралы тіл қатпады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz