Жастардың этностық мәдениетінің теориялық негізі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

:
бет: бет
: Кіріспе . . .
бет: 3
: І тарау Жастардың этностық мәдениетінің теориялық негізі. . . .
бет: 4
: 1. 1
бет: Этностық мәдениеттің қалыптасу тарихы . . .
4
: 1. 2
бет: Жастардың этникалық ерекшеліктеріне әсер ететін факторлар . . .
6
: ІІ тарау Жастардың этникалық ерекшеліктерін талдау . . .
бет: 9
: 2. 1
бет: Қазақ отбасындағы тәрбие берудің маңызы мен мәні . . .
9
: 2. 2
бет: Жастар тәрбиесіндегі қазақ халқының салт-дәстүрлерінің рөлі . . .
12
: 2. 3
бет: Студент жастардың этникалық сәйкестігі . . .
16
: ІІІ тарау Жастар арасында ұлттық құндылықтарды дамыту жолдары . . .
бет: 19
: 3. 1
бет: Жастардың ұлттық келбетін қалыптастыру мәселесі . . .
19
: 3. 2
бет: Қазақ халқының ұлттық құнды мұралары және оларды жастардың бойына сіңдірудің маңызы . . .
22
: Қорытынды . . .
бет: 27
: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
бет: 29


Кіріспе

Тақырыбымның өзектілігі: қай халық болмасын олардың өздеріне тән ерекшеліктері болады. Соның ішінде қазақ жастарының этникалық ерекшеліктерін қарастырудың орны ерекше. Еліміздің жастары отансүйгіш, патриот болып өсуі үшін ұлттық тәрбиені негізге ала отырып тәрбиелеуіміз керек, сонымен қатар халқымыздың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, ұлттық құндылықтарын бағалауымыз керек. Бүгінгі күнде жастарды әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған насихат мұраларын жастардың санасына сіңіре білу басты міндетіміз болуы қажет. Тәрбиенің көзі - ата-бабамыздан қалған дана сөздер десек, біз сол насихаттың жүргізушісіміз. Бұған қоғам алдындағы үлкен міндет ретінде қараған жөн. Сол себепті де ана тілімізді, дінімізді, ділімізді қадірлеп отыруымыз керек.

Жастарымыздың бойында елжандылық, азаматтық, жоғары ізгілік пен адамгершілік сезімдері жан-жақты жетілгенде ғана Қазақстандық патриотизм сезімі асқақтай түседі.

Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары жөнінде еліміздің Президенті Н. Назарбаев мемлекеттік идеология мәселесін ұдайы есте ұстауымызды ескере келе былай деп жазады: “Бес арыстарымызға арналған тарихи зерде кешенінде мен Қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлген едім. Қазақстанда тұратын әрбір адам осы елдің перзенті ретінде сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды . . . ”. Міне сондықтан да ұлттық құндылықтарымызды жоғары бағалағанымыз абзал.

Мақсаты: қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін негізге ала отырып, жастардың бойына ұлттық құндылықтарымызды, қасиеттерімізді дарытудың маңызын аша білу.

Міндеті: қазақ этно мәдениетінің қалыптасуын қарастыру және жастарды тәрбиелеуде ұлттық тәрбиенің маңызын ашып көрсету. Халқымыздың салт-дәстүрлерін, ұлттық құндылықтарымыздың жастарға өте қажеттігін, олардың тәлім-тәрбиелік мәнін түсіндіре білу. Жастардың бойына патриоттық сезімді ұялату, қазақ жастарын отансүйгіштікке баулу. Қурстық жұмысымның І тарауында жастардың этонстық мәдениетінің теориялық негізіне тоқталып, ұлт, этнология, этникалық ерекшелік ұғымдарына түсінік бердім. ІІ тарауында қазақ отбасының балаға тәрбие берудегі ерекшелігіне тоқталдым және халқымыздың ежелден келе жатқан жастарға қатысты салт-дәстүрлерін айта кеттім. Студент жастардың этникалық сәйкестігін анықтаған зерттеулерді қарастырдым. ІІІ тарауында жастардың ұлттық келбетін қалыптастыру мәселесіне тоқталып, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын ашып көрсеттім, жастарға ұлттық тәрбие беру қажеттігін қарастырдым, ұлттық ойындарымыздың жастардың ұлттық сана-сезіміне үлкен әсер ететіндігін айтып өттім. Қорытынды бөлімінде ойымның түйініне тоқталдым.

Курстық жұмысым 29 бет, құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Жастардың этностық мәдениетінің теориялық негізі

1. 1 Этностық мәдениеттің қалыптасу тарихы

Этнология гректің «этнос» - халық, «графия» - жазу, үйрену деген екі сөзінен құралған. Өзінің мағынасы бойынша, этнология - халықтардың қоғамдық құрылыстарын олардың арғы тектерін, өзар қарым-қатынастарын, заттай және рухани мәдениеттерін зерттейтін ғылым. Кейбір ғалымдар этнографияны этнография және этнология деп екіге бөледі. Этнография халықтардың арасынан деректерді жинаумен шектеледі де, этнология - сол этнографтардың жинаған деректерінің негізінде ғылыми еңбектер жазады деген түсініктерді айтады. Негізінде бұл ғылымнығ екі саласы. Этнография дегеніміз тарих ғылымының бір саласы болып, дүние жүзіндегі халықтардың қоғамдық тұрмысын және мәдениетін түбегейлі зеттейді және үйретеді.

Тұрмыс дегеніміз әрбір халықтың ғасырлар бойы қалыптастырған сан салалы тіршілігі: салт-санасы, әдет-ғұрпы, күнделікті, қоғамдағы өмірі, жалпы ұлттық ерекшелігі. Дүние жүзін мекендеген сан жағынан үлкенді-кішілі халықтардың әрқайсысының ғасырлар бойы қалыптасқан тек өзіне лайықты тұрмыс ерекшелігі бар. Сол ерекшелігі арқылы бір халық екінші халыққа ұқсамайды. Әдет-ғұрып ғасырлар бойы сол халықпен бірге өмір сүреді. Тек тарихи санасынан кетіп, тұқымы құрып кеткен тайпалар, халықтар өзімен бірге сол әдеп-ғұрыптарын ала кетеді.

Этнографиның зерттейтін проблемаларының бірі - мәдениет. Мәдениет - «егу, өңдеу, баптау» деген латын сөзінен шыққан атама. Адамдардың ақыл-ой еңбегінің жемістерін рухани мәдениет дейміз. Олардың қатарына: дін, діни сезімдер, әдебиет, музыка, ғылыми философия, мораль, тіл, тарих, тағы басқалар жатады. Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге сол рухани мәдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп отыр. Сонымен бірге ұрпақ тәрбиесіне, жалпы халықтың рухани дамуына байланысты ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді: Қорқыт ата, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Асанқайғы, т. б. қазақ ақын- жырауларының мұраларынан, билер мен шешендердің тәлімдік сөздерінен көреміз. [1]

Әр адам өзінің ұлттық тамырын, әдет-ғұрпын, мәдениетін түсіне алады. Өз халқына деген сүйіспеншілігі, өзінің туған жеріне өз халқы өмір сүретін ортаға деген сезіммен ұласып жату керек. Халықтық әдет-ғұрып, салт-санасының байлығы, патриоттық сезім Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады.

Қазіргі заманда басты назар аударатын мәселе қазақ мәдениетінің қалыптасу жолдары. Осы мәдениетті зерттеу бүгінгі күннің мақсаты.

Зерттеушілер үшін әртүрлі халықтың мәдениетін салыстару немесе мәнді жақтарын қабылдау.

Дамыған әр елдің мәдениетінің даму жолдарын қарастырып, халықтың дамуындағы әлеуметтік-экономикалық, этникалық, әдет-ғұрып әсерлерінің себептерін ашу.

Бұл жерде «халық» деген атау екі мәнде қарастырылатынын айтып кеткен жөн: этнографиялық және пәлсапалық. Бұл ұғымды түсіну қиын емес, өйткені кез-келген адам бір ұлт өкілін екінші ұлт өкілінен қиындықсыз ажырата алады.

Арутюнов пен Чебоксаровтың сөзімен айтар болсақ, әр ұлттың өкілі ортақ ақпараттық байланысты иеленеді, ал өз тарапынан ортақ тіл, ортақ мәдениет, ортақ идентификациялық байланыс, ортақ сана болуын қажет етеді. Сонымен қатар олар орақ аймақ, ортақ мекенжай (қоныс) пен ортақ текке ие. Ю. Б. Бромлейдің пікірі бойынша халықтар бір-бірінен белгілі бір мәдени ерекшеліктерімен, тұрмыс-тіршілік ерекшеліктерімен, белгілерімен ерекшеленген әлеуметтік құрылымдар пайда болған сәтте-ақ дүниеге келді. Осы тұрғыдан алсақ, халық, ұлт, этнос, ұлыс категориялары сәйкес болып келеді. [2]

Ұлт дегеніміз - адамдардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік этникалық қауымдық бірлестігінің жоғары түрі. Қай халықтың ұлт болып қалыптасуы үшін қажетті шарттар қажет: оның құрамына енген адамдар тобының материалдық тұрмыс жағдайларының территориясы мен экономикалық өмірінің, тілі мен мәдениетінің әлеуметтік хал-ахуалдағы сол ұлтқа тән кейбір этникалық ерекшелігінің ортақтығы болып табылады.

Ұлттық сезім дегеніміз - адамдардың туған жерге, өскен еліне, ана тіліне, ұлттық салт-дәстүрлерге деген сүйіспеншілікті білдіруі. Ұлттық сезім адамды қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық, мәдени және жаратылыс құбылыстарының сол ұлт өкіліне тартқан ерекше табиғи сыйы. Ұлттық сезімдер басқа сезімдер сияқты адамның жеке басының қанағаттану, шаттануымен немесе риза болмай, қанағаттанбауымен байланысты ой-қиял әсер сезімінің сыртқа шыққан көрінісі.

Ұлт келесі белгілермен сипатталады. Біріншіден, бұл аумақ орталығы. Бір-бірінен ұзақ уақыт бойы кеңістікте оқшау орналасқан адамдар тобы бір ұлтқа жатуы мүмкін емес. Сонымен қатар адамдардың бір аумақта өмір сүруі де олардың бір ұлтқа жатуына себеп бола алмайды. Шығыс-славян тайпалары, кейіннен ұлыстары бұрынғы кеңестік елдің еуропа бөлігінде баяғыдан бері орын тепкен болатын, ал орыс және украин ұлтының қалыптасуы капитализмнің дамуына байланысты тен соңғы ғасырларда ғана орын алды, ал белорусь ұлты тек қазан төңкерісінен кейінгі кезеңде қалптаса бастады.

Екіншіден, ұлт туралы айту үшін аумақтың орталығына тілдің ортақтығы қосылуы керек. Ұлттың тілі -ұлттың барлық мүшелеріне түсінікті және әдебиетте мықты қалыптасып қалған жалпыхалықтық сөйлеу тілі. Тек осындай тілдің ортықтығы миллиондаған және ондаған миллиондаған адамдардың бірлескен экономикалық, саяси, рухани өмірін қамтамасыз ете алады. Бірақ ұлттың басқа белгілері сияқты бұл белгісін де абсолюттік белгі ретінде алуға және жеке қарастыруға болмайды. Бір тілдің бірнеше ұлттың ұлттық тілі болған жағдайлары да кездеседі (ағылшын тілі ағылшындардың, солтүстік американдықтардың, австралиялықтардың, жаңа зеландиялықтардың тілі болып табылса, неміс тілі ФРГ мен Австрияның халқының, испан тілі испандықтардың, мексикандықтардың, кубалықтардың тілі болып табылады) . Тілдің ортақтығы міндетті түрде мекеннің ортақтығымен қатар қарастырылуы керек, дегенмен бұл екі белгі де әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың ұлтқа айналуына себеп бола алады деген қорытынды жасауға жеткіліксіз болады. Бұл белгілер тағы бір белгімен толықтырылуы қажет.

Ұлттың үшінші негізгі белгісі экономикалық өмірдің ортақтығы болып табылады, бұл белгі мүлде барлық ұлт бір өнімді шығарады дегенді білдірмейді. Бұл әр түрлі аудандардың мамандандырылуына және олардың арасындағы сауда- алмасу байланыстарыныі нығаюы негізінде ұлттың экономикалық бірігу процесі болды. [3]

Мекен еткен аумақтың, тілдің, экономикалық өмірдің тарихи ұзақтыңһғы негізінде ұлттың төртінші белгісі - осы халықтың мәдениетінде бекіп қалған, психологиялық тұрпаттың ортақ белгілері.

Эренбургтің пікірі бойынша: «Ұлттың психологиялық тұрпаты халықтың тұрмысының, мінез-құлқының, әдеттерінің, әр ұлттың өзіне тән қабілеттерінің, олардың әндерінің, билерінің, фольклорының, сурет өнерінің және т. б. ереекшеліктерінде көрінеді». Мысалы американдықтарда іскерліктің өзгерген түрі үнемі асығыстықта олуы олардың психологиялық тұрпатының ерекшелігі ретінде қалыптасып келді. Бұл белгі туралы Илья Эренбургтің еңбектерінен кездестіреміз.

Этникалық құрылымдардың пайда болуын кейінгі палеолит дәуіріне жатқызуға болады. Бұл кезде көне адамның мәдени компоненттері қалыптасқан, ал өз тарапынан оның көршілес қауымдастықтан ажырату белгісі болып келеді.

Мұндай мәдени компоненттерге дін, тіл, шаруашылық түрі, жөн-жора жатады. Олар тұрмыстық деңгейде белгіленеді, ал тіл қатынас құралы ретінде түйсікті сезіммен сәйкестендіреді.

Бүгінгі таңда өркениеттің шыңында тұрған халықтардың да этникалық жүріс-тұрыс стереотипті қоғамның дамуында тілмен қатар ең негізгі көрсеткіші болды және ол арқылы басқа қауымдастық мүшесі бір-бірінен ажыратылды. Кең түрде, этникалық жүріс-тұрыс стереотипі деп, этникалық қауымның өмір сүру барысында жинап-терген объективтік жағдайларының жиынтығын атаймыз. Оған этникалық топтың жүріс-тұрыс ережесі мен нормаларының жүйесң мен жергілікті жердің ландшафтына байланысты белгілі бір шаруашылық түрі де жатады. Бұл жерде адамның санасы (ақыл-ойы) тарихтың бастапқы кезеңінде синкретті және пайдакүнемді болғанын, сондықтан магия түрінде пайда болған алғашқы өнер қоршаған ортаны өзгертуге ықпал жасаған. [4]

1. 2 Жастардың этникалық ерекшеліктеріне әсер ететін факторлар

ҚР сияқты көп ұлтты мемлекет жағдайында жастардың әлеуметтік жұмыс объектісі ретіндегі сипатына еліміздегі әртүрлі этностан тұратын жас ұрпақтың этно мәдениеттік сәйкестігі рөл атқарады.

Тарихи, әлеуметтік-саяси және басқа да себептеріне қарай Қазақстан 136 түрлі ұлттар мен ұлыстардың тұрақты мекен-жайына айналды.

Елімізде шығыс этносының (қазақ, өзбек, татар) балалар, жасөспірімдер және жастар үлесі еліміздегі орта жастағылардың көрсеткішінен әлдеқайда жоғары екенін көрсетсе, еуропалық этностың (орыс, украин, белорус және т. б. ) одан гөрі төмен екенін көрсетеді. Бұл шығыс этностарының көп балалық дәстүрімен және еуропа этностарының кенттеуінің (қала халқының дәстүрлі табиғи өсуі ауылдықжерге қарағанда төмен болуы) жоғарылығымен түсіндіріледі.

Республика халқының жалпы құрылымындағы балалар, жасөспірімдер мен жастар 53, 8% болса, өзбектерде - 64, 3 %, қазақтар - 61, 5 %, әзербайжандар - 59, 0%, ұйғырлар - 58, 4 % құраған. Болашақта Қазақстан жастарының жоғарыда аталынған этностар санының өсіп, еуропалықтардың төмендеуі болатынын болжауға болады.

Көп ұлтты жастармен жұмыс жасайтын соционом үшін ұлттық этникалық тәртіптер, әртүрлі ұлттың жас өкілдерінің этно мәдениеттік ерекшеліктерін білу өте маңызды.

Кез келген қоғамда әрбір жаңа ұрпақ белгілі әлеуметтік жағдайларда ғана қалыптасып қана қоймайды, олар үшін белгілі бір ұлттық орта да маңызды. Ол балалық кезден бастап экономикалық және әлеуметтік қатынастар мен идеологиялық мекемелердің, сондай-ақ ұлттық ерекше құбылыстардың: өмір салтының өзіне тән сәттері, халықтық әдет-ғұрыптар, мәдениет пен тұрмыс формасына, ұлттық тіл байлықтарын аға ұрпақтан қабылдау, өз халқының рухани бағалықтарына деген патриоттық сезім, өз халқына тән дәстүрлерді, әдептілік нормаларын, өмірлік қажеттіліктерін және тағы басқа әсеріне ұшырайды. Бұл біртіндеп осы этностың ұрпағының ерекшелігін дамытады. [5]

Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз.

Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда ұлттық мәдени құндылықтар - белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар.

Адамдардың бойында қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер рухани құндылықтарға, ал адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен кәсібі материалды құндылықтарға жатады.

Өзімізді-өзіміз бағалай білуге бет бұру - ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды дамыту. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандалылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару[6] .

Өз ұлтын қадірлеп-қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтың бірі Ж. Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын. Оны үзе алмаймын. Үзу қолымнан келмейді» - дейді. Сырым Датұлы: «Мен ағайынды екеумін: бірі -өзім, екіншісі - халқым» - дейді

Қазақ жастарының ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, этно мәдениеті арқылы қалыптасқан жақсы қасиеттерінің бірі үлкенді сыйлау, құрметтеу болып есептеледі. Ол жайлы үлкен тебіреністе отырып, Қазақстан халқының жазушысы ақын Жұбан Молдағалиев былай деген еді: “Біз кішкентай болғанда, менің құрдастарым ақсақалдардың қолына су құйып, батасын алуды, үлкендерге домбырасын, бас киімін, қамшысын алып беруді аса жоғары дәреже көретін . . . Бізді үлкендерді сыйлауға үйретті”. Соған қарамастан, жалпы мәдениеттің нашар үлгілерінің әсерінен болар, болмаса ересектердің беделін түсіруге әсер ететін әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты болар бұл қасиеттер жастардың біршама бөлігінде жойылып барады, сондықтан соционом жас қазақтың «үлкен-кіші» жағдайындағы қылығын бақылауға толық мүмкіндігі бар.

Әлеуметтік қызметкердің этно мәдениеттік ерекшеліктерді білу керектігіне мысал келтірсек, онда бірдей жағдайда жапондық және ресейлік абитуриенттің мінез-құлқы салыстырылған. Университетке емтихан тапсыра алмаған жапондық абитуриент өзіне қол жұмсауға дейін бара алады, өйткені білім алу ол үшін қоршағандарының құрметі болып табылады да, ол өмірдің мәнін жоғалтады. Тіпті ол үшін масқара жағдай болып есептеледі. Ресейлік абитуриент мұндай жағдайда дәстүрлі тәсілді қолданады - ішімдікке салынып, келесі жылғы жаңа емтихан уақытын тосады.

«Қазақстан-2000» социологиялық зерттеуінің нәтижесі республика этностарының арасындағы өзара әрекеттестік сипатына жастардың берген бағасы мынадай: достық - 30, 9%, байсалдылық - 55, 9%, кей-кейде жауласып қалу - 7, 9%, шиеленіс жан жанжал - 1, 7%. Зерттеу авторлары жастардың ұлт аралық қарым-қатынас аймағындағы ұлттық-этникалық нұсқама бейімділік пен орнықты тұрақтылар жиынтығымен сипатталады[3] .

Этнос аралық қарым-қатынастың сипатына әсер ететін факторға жас ұрпақтың қоғамдық өзіндік санасында қандай да бір этно мәдениеттің таптаурынның болуы жатады. Этникалық таптаурындар этностар аралық қарым-қатынас процесінде пайда болған бейнені - өз халқы және басқа да халықтар туралы түсінік бейнесінен тұрады, ол дегеніміз солардың белгілі бір ерекшеліктерін жинақтап қана қоймай, ондағы бағалықтарын құрметтеуді білдіреді, этникалық ұнату мен жаратпаушылықты қалыптастырады, этнос аралық қарым-қатынастағы адамдардың мінез-құлқын анықтайды.

Қазақстан жастарының әртүрлі этникалық топтарының ұлттық этно мәдениеттік менталитетін сипаттай отырып, діни факторды да ұмытпаған жөн, себебі діндар-мамандардың айтуы бойынша, қазақстандық жастардың қазіргі қоғамдық санасында дінді діни жүйе ретінде ғана емес, табиғи мәдени орта, ұлттық өмір салты деп қабылдау үрдісінің өсіп отырғаны байқалады[7] .

ІІ. Жастардың этникалық ерекшеліктерін талдау

2. 1 Қазақ отбасындағы тәрбие берудің маңызы мен мәні

Адам баласы үшін - отбасы мейірімділіктің қайнар көзі. Ол отбасынан адам баласына қажетті тәлім-тәрбие, өмір заңдылықтарын осы ортадан алады. Сондай-ақ үлкенге құрмет кішіге ізет, ізеттілік, инабаттылық, адамгершілік және имандылық міндеттерін өз санасына құяды. Отбасы - сүйіспеншілік пен мейірімділік ошағы. Қазақ ата-бабамыз «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп отбасы тәрбиесінің жобасын байқап отырған. Балаға туған тілі, жері, салт-дәстүрі, тарихын үйлесімді мейірімділікпен шектестіре отырып, санасына құйып отырған.

Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені, озық өнегелі дәстүрлерді, адамгершілік асыл қасиеттерді жастар бойына қалыптастыруда, оны ұтымды пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз. Сондай-ақ, ұлттық мәдениеттің, әдебиеттің, тілдің, халықтық педагогиканың тағдыры мен болашағы да мектептегі жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты. «Отбасы адамның өте маңызды, өте жауапты ісі. Отбасы өмірді кемеліне келтіреді, отбасы бақыт әкеледі, бірақ әрбір отбасы, ең алдымен мемлекеттік маңызы бар зор іс болып табылады», - деп анықтама берген А. С. Макаренко болатын. Яғни, отбасы - қоғамның маңызды буыны және өзінше бір кішігірім ұжым. Көп ұлтты мемлекетіміздің негізі осы шағын ұжымдардан қаланады. Осы жағынан кез келген отбасы өзін қоғамның бір бөлігі деп түсінеді.

Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында тәрбиедегі басты бағыт делінген: “Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болу керек екенін, ұлттық болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көмектеседі, солар арқылы ол жалпы азаматтық мәдениетке аяқ басып, өз халқының мәдени игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезімен өткеннің тағдыры мен талаптарын, объективті факторлар ретінде ұсынып, сол арқылы ұрпақты өмірге даярлап, оларды жинақталған бай тәжірибе негізінде тәрбиелей отырып, өзінің ата-аналарының рухани мұрасын игере түсуі керек” екені айтылған[8] .
Қазіргі кезеңдегі саяси, экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, тұрмыстағы күйзеліс, ұлтаралық қатынастардың шиеленісе түсуі, адамгершілік құндылықтардың құлдырауы, білімге, адал еңбекке деген ынтасының азаюы, отбасын құруға жауапкершілікпен белсенді қарамауы, зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің бел алуы т. б. мәселелері жастар тәрбиесіне жаңаша қарауды талап етіп отыр. Сонымен қатар, қазақ халқының әріден келе жатқан мәдениетін және білім, тәлім-тәрбие беру жүйесінің негіздерімен жан-жақты танысу бүгінгі күннің басты бағдары, талабы десек те болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық жағдайында этностық құндылықтар арқылы студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындау
Жастармен жұмыс жүргізудің теориялық негіздері, БАҚ-тағы көрінісі және жастармен жұмыс жүргізу технологиясы
Психологиялық стресстің формуласы
Салт-дәстүрлер негізінде экологиялық тәрбие беру мәселесі
Қазақстан халықтарының ассамблеясы
Ұлттық-психологиялық ерекшеліктер
ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ГУМАНИСТІК СИПАТЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Отбасының негізгі функциялары
Қазақ этнопедагогикасы және оның этнопедагогикалық білім беру жүйесіндегі негізгі мәні
Қазақ халқы ұлттық дене шынықтыруының педагогикалық мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz