Жергілікті мемлекеттік басқару органдары
ЖОСПАРЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-9
І. ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 10
1.1 Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару: мәні мен
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10-13
1.2 Жергілікті мемлекеттік басқару
органдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..14-
2 ҚР ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, ОЛАРДЫҢ
НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ ... .17
2.1 Қызылорда облысының маслихатының жергілікті басқару құрылымы мен
қызметтерін
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 21
2.2 ҚР жергілікті басқару органдарының қызметін ..дамытудағы негізгі
мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн
жағдай жасау
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ..26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..29
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
КІРІСПЕ
Қай елде болмасын басқарудың екі деңгейі бар. Ол мемлекеттік басқару
және жергілікті басқару болып бөлінеді. Азаматтық қоғамның қалыптасуы мен
демократияның жетілуі билік құзіретін кеңейтумен тікелей байланысты.
Сондықтан мемлекеттік басқаруға азаматтардың қатысуын кеңейту және
мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыру бүгінгі
күннің маңызды мәселесі. Қазақстанның қазіргі кездегі дамуы мемлекеттік
билікті орталықсыздандыруды, яғни орталықтан жергілікті деңгейді қолдауды
қажет етеді.“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару
туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының
қабылдануымен әрбір билік деңгейі үшін мемлекеттік функцияларды жүзеге
асыру, сондай-ақ оларды ретке келтіру жөніндегі өкілеттіктер мен
жауапкершіліктерді бекіту мәселелері реттелді. Тұтастай алғанда,
мемлекеттік басқару жүйесінің базалық негіздерін жасау аяқталды.
Қабылданған Заңға сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару – заңнамалық
актілерінде белгіленген құзырет шегінде жергілікті өкілетті (мәслихаттар)
және атқарушы органдар (әкімдіктер) тиісті аумақта мемлекеттік саясатты
жүргізеді және тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылады.
Әкiм - Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң жергiлiктi
атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиiстi аумақта
мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн, Қазақстан Республикасы орталық
мемлекеттiк органдардың барлық аумақтық бөлiмшелерiнiң үйлесiмдi қызмет
iстеуiн, тиiстi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты
қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк
басқару өкiлеттiгi берiлген, тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық
дамуының жай-күйiне жауапты өкiлi;
Мәслихаттар мен әкiмияттар өз қызметiнде:
1) жалпы мемлекеттiк сыртқы және iшкi саясатқа, қаржы және
инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол
бермеуге;
2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының
мүдделерiн сақтауға;
3) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы
мемлекеттiк стандарттарды ұстануға;
4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз
етуге мiндеттi.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында нақтылаған
аудандық мәслихаттардың өкілеттігін күшейту мәселесі де еліміздегі
демократияның кең қанат жаюына талпыныс екені аян. Президент Қазақстан
халқына Жолдауында: “...Біз мәслихаттарды күшейтіп, оларға қосымша
өкілеттіктер беретін боламыз... Уақыт өте келе аудандық мәслихаттар
жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырудың негізіне айнала алады”, деген
болатын.
Еліміз өтпелі кезеңде биліктің атқарушы тармағын күшейте отырып, өзін-
өзі басқару органдарының сатылық қалыптасуын анықтады. Енді бүгін,
экономика мен мемлекеттігімізді нығайтып, аяғымыздан нық тұрған кезде
жергілікті өкілетті органдарды күшейту туралы сөз бастауымыздың дұрыс
таңдау, дұрыс жол екендігіне ешкімнің күмәні бола қоймас.
Сондықтан өзін-өзі басқаруға біз қоғамда сұраныс пен шынайы қабылдау
болып, ол пісіп-жетілген кезде ғана табиғи жолмен келуіміз керек. Асығыстық
өзін-өзі басқарудың мәнін жоғалтуға немесе мемлекеттің бүлінуіне әкеліп
соғады. Мемлекет басшысы мәслихаттарды жергілікті өзін-өзі басқаруды
қалыптастырудың негізі деп атады, өйткені, жергілікті өкілетті органдар мен
жергілікті бірлестіктер органдарының түпкі табиғи бастауы ұқсас — олардың
екеуін де жергілікті жерде халық өзі сайлайды және өзінің әкімшілік-
аумақтық бірлігінің проблемаларын өздері шешуге шақырады.
Барлық елдерде жергілікті өзін-өзі басқару әкімшілік-аумақтық бірліктің
төменгі буынынан, яғни ауылдық буыннан басталған. Дегенмен, жергілікті
өкілетті органдар өзін-өзі басқару органы сияқты биліктің өздерінен жоғары
тармағына тікелей байланбаған. Аудандық мәслихаттар мен жергілікті өзін-өзі
басқарудың ауылдық органдарының тікелей қатысы заңда нақты көрініс табуы
керек. Бұл жерде басты мәселе оның бюджетінде, қаржылай негізінде болып
отыр. Бүгінде жергілікті бюджеттерді мәслихаттар бекітеді. Онда мәслихаттар
туралы заңға да түзетулер енгізілуі тиіс еді. Бюджетаралық қатынастар
проблемасының үлкен бір бөлігі – бюджет қаржысын мақсатты пайдалануды,
басымдықтарды, мемлекеттік сұраныстарды бақылау шешімін табар еді.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - еліміздегі жергілікті басқару
деңгейіе зерттеу, сонымен қатар жергілікті халықтың демократиялық жағдайын
қарастыратын шараларды ұйымдастырушы билік органдарының қызметін жетілдіру
шараларын жан-жақты қарастыру болып табылады.
Тақырып өзектілігі зерттеу барысында статистикалық мәліметтер мен нақты
аналитикалық шолулармен ашылады. Курстық жұмысүлкен екі тараудан тұрады.
Бірінші бөлімде жергілікті мемлекеттік және өзін өзі басқарудың теориялық
негіздемелері және шетелдердегі жергілікті басқару модельдері салыстырмалы
түрде баяндалған.
Екінші бөлімде Қызылорда облысының маслихаты тәжірибесіне сүйене
отырып, жергілікті басқару деңгейі, жергілікті бюджет шығындары және
ауданның әлеуметтік экономикалық жағдайы жан-жақты көрсетілген. Осы
бөлімнің өзектілігі ретінде қазіргі жергілікті басқару органдарын
дамытудағы кедергі болып отырған мәселелер мен олардың мүмкін шешілу
жолдары алынған.
1. ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару: мәні мен маңызы
Жергілікті өзін-өзі басқару теориясы демократиялы мемлекет жағдайында
жеке адам мен мемлекет, жергілікті және орталық билік органдарының өзара
қарым-қатынасы туралы талқылау барысында ХІХ ғасырдың бірінші жартысында
пайда болды. Оның дамуына үлкен үлес қосқан шетелдік оқымыстылардың ішінен
Токвиль, Гнейст, Штейн, Лабанд есімдері ерекше аталып өтілсе, Ресей
оқымыстылары Васильчиков А.И., Безобразов А.П., Коркунов К.М., Чичерин Б,
Свешников М.И., Градовский А.Д., Михайлов Г.С., Лазаревский Н.И. және тағы
басқалар ерекше атап өтуге тұрарлық. Ғалымдар басқарудың осы жүйесіне
қатысты көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізді. Мысалы, оны Н.И.Лазаревский
еркін қауымды басқару, жергілікті басқару, өзін-өзі басқаратын заңды тұлға
деп бірнеше топқа бөледі. Еркін қауым теориясын ХІХ басында неміс
оқымыстылары енгізген. Оның мақсаты қауым ісіне мемлекеттің араласуын
шектеудің қажеттігін дәлелдеу болды. Олардың пайымдауынша, қауым
мемлекеттен бұрын пайда болды, ал мемлекет қауымдардың экономикалық және
саяси мүдделері үшін бірігу нәтижесінде құрылды. Кейін бұл шаруашылық
теориясымен ауыстырылды. Оның басты өкілдері Р.Моль, А.Васильчиков. олар
өзін-өзі басқарудың шаруашылық және қоғамдық теориясы деп аталған теорияның
мәнін жергілікті өзін-өзі басқару жергілікті шаруашылықты меңгеруді
білдіреді деп түсіндіреді. Осы теорияны жақтаушылар өзін-өзі басқару
жүйесін жергілікті шаруашылық істерін басқаруды білдіреді деп тұжырым
жасаған. Ал кейіннен Лоренц Штейн мен Рудольф Гнейст жасаған өзін-өзі
басқарудың мемлекеттік теориясында оның басқару органы мен өкілеттіктері
толығымен мемлекет реттеп отырады деген тұжырым жасаған.
Жергілікті билікті заң екі институт функциясымен қамтамасыз етті, олар:
мәслихат және әкім. Нәтижесінде облыс және аудан әкімшіліктеріне
өкілеттіктерінің бөлінісі қандай екендігі анық емес. Болмаса, барлығында
бірдей өкілеттілік пе? Осы және көптеген мәселелерге жауап беру мақсатында
бүгінгі күні мемлекеттің алдына қойып отырған мәселелер көлемі ауқымды.
Олардың қатарында, ең алдымен жергілікті өзін-өзі басқару заңын қабылдау
үшін орталық пен жергілікті жерлердің арасындағы өкілеттіктердің нақты
ажыратылуы, бюджетаралық қатынастардың реттелуі, жергілікті бюджеттердің
табыс көздерінің бекітілуі, жергілікті жерлерде өндіргіш күштердің сол
жердің ресурстарын есепке ала отырып орналастырылуы сияқты басты мәселелер
шешімін нақты табуы тиіс. Сондықтан жергілікті деңгейде осы екі орган
арасындағы функциялар мен өкілеттіктерді бөлуді және қай деңгей қандай
мәселелер бойынша жауапты болатындығын анықтап алу абзал.
Қазақстан Республикасындағы қазіргі заманғы демократиялық жаңарулар
жүйесіндегі жаңа экономикалық қатынастарға өту кезеңінде жергілікті өзін -
өзі басқару реформасы маңызды роль атқарады.
Жергілікті өзін-өзі басқару - "... шешім қабылдауды неғұрлым адамдарға
жақындату, олардың сөзсіз жүзеге асуына мүмкіндік береді, өйткені барлық
үдерісте оны орындағанға дейін олар өздері қатысады".
Еуропалық Хартияға сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік
істердің мардымды бөлігін регламенттеу және де оны басқару құқығы мен нақты
қабілеті деп түсініледі.
Жергілікті өзін-өзі басқару Еуропалық Хартиясының негізінде
субсидиарлық принципі жатыр. Оның басты мәні: төменгі (жергілікті)
деңгейлерде шешуге болатын мәселелерді биліктің жоғарғы деңгейлеріне
жеткізбей-ақ шешу. Қазіргі кездегі әлем елдерінде жергілікті өзін өзі
басқару органының екі түрі бар; тиісті әкімшілік-аумақтық, бірліктік
тұрғындарымен сайланатын және аса маңызды мәселелер бойынша шешім
қабылдайтын жергілікті өкілді орган, екіншісі — әдетте оперативтік
басқаруды жүргізетін атқару органы. Дегенмен, оған кейбір жалпымемлекеттік
функцияларды да жүктеуі мүмкін.
Жергілікті өзін - өзі басқару органдары өздерінің билік (компотенция)
шегінде шешім қабылдайды, ол шешімді сол территорияда тұратын азаматтар
орындауға міндетті.
Қазақстан Республикасының жергілікті және өзін - өзі басқару
мемлекеттік басқарудың обьектісі бола отырып, өзін - өзі басқару функциясын
кеңейте отырып, мемлекеттік билікті қалаларда, аудандарда, ауылдарда
жүргізу құқығына ие болды. Облыстағы барлық әлеуметтік – экономикалық
процестерді тиімді басқару үшін оның экономикалық – географиялық жағдайын,
оның шекарасын, табиғат жағдайы мен ресурстарын барлық демографиялық
прцесстерін басқаруы тиіс.
Жергілікті өзін - өзі басқарудың құрылымдарына – азаматтардың тұрақты
тұратын аумақтық құрылымдарда жеке өздері тұрғындар тобы жинақы тұратын
және де тарихи, ұлттық және басқа да жергілікті мүдделерін ескере отырып,
жергілікті деңгейдегі мәселелерге байланысты шешімдерін қабылдауға
шақырылған, билікті жүзеге асыратын ұйымдастырылған нысан.
Жергілікті өзін - өзі басқаруды тұрғын халық тікелей сайлау жолымен,
сондай –ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты қамтитын селолық және
қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті
өзін - өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.
Жергілікті өзін - өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет
тәртібін заңмен белгіленген шекте азаматтардың өздері белгілейді.
Жергілікті өзін - өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен
белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі.
Облыстық жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру нысандарына:
тікелей сайлаулар, азаматтардың жалпы жиналыстары, азаматтардың
конференциялары жатады.
Жергілікті өзін - өзі басқарудың функцияларына: облыс территориясындағы
жергілікті істерді шешуге тұрғындардың қатысуын қастамасыз ету, коммуналдық
меншікті және қаржылық құралдарды басқару, облыстағы аумақтардың дамуын
қамтамасыз етуді, облыс тұрғындарына әлеуметтік – мәдени, коммуналды –
тұрмыстық және басқа да қызметтер көрсету, облыс территориясында қоғамдық
тәртіпті қорғау, заңдылықты қамтамасыз ету, жергілікті өзін-өзі басқарудың
мүдделері мен құқықтарын қорғауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес әрбір жергілікті өзін -
өзі басқару органдары өздерінің жарғысын қабылдайды. Жарғыны өз бетімен
дайындайды. Жарғы қабылдағаннан кейін жария етіліп күшіне енеді.
Жарғыда мына төменгідей ережелер көрсетіледі:
- жергілікті өзін - өзі басқару органының аты, құрамы,
территориясының шекарасы, таңбасы;
- жергілікті өзін - өзі басқаруорганына қатысты мәселелер;
- халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге тікелей
қатысу формалары, тәртібі және кепілдігі;
- жергілікті өзін - өзі басқару құрылымы, оны құру тәртібі,
жергілікті өзін - өзі басқару органының және лауазымды
тұлғалардың өкілеттігі, олардың өкілеттігінің мерзімі;
- жергілікті өзін - өзі басқару органының нормативтік
құқықтық актілерінің түрлері, қабылдау тәртібі және
күшіне енуі;
- муниципалды қызметті ұйымдастыру шарты мен тәртібі;
- жергілікті өзін - өзі басқару өзін - өзі басқаруды жүзеге
асырудың экономикалық және қаржылық негізі;
- жергілікті өзін - өзі басқаруды ұйымдастыру мәселелері;
Қызылорда қаласы 60-шы жылдан бастап дамыған өнеркәсібі
бар ірі облыс орталығы. Қаланың өнеркәсіп спецификасы тарихи
қалыптасқан. Қызылода қаласы ауыл шаруашылығы аудандарының орталығы болды.
60 жылдан бастап қаланың өнеркәсібі демографиялық факторды есепке ала
отырып дами бастады. Республикаға қажетті маңызы бар өнімдер өндіретді.
Облыста ірі қалаларға – Қызылода, Байқоңыр қалаласы жатады. Облыста 7
аудандық құрылым: Арал, Қазалы,Қармақшы ,Жалағаш, Сырдария, Шиелі,
Жаңақарған тұрады.
2. Жергілікті мемлекеттік басқару органдары
Көптеген мемлекеттердегі мемлекеттік және муниципалдық құрылымды
тәжірибесі ЖӨӨБ органдарының экономикалық негізінің нақты көздерінің
қалыптасқанын көрсетеді. Қазақстандағы осы көздер қалыптасу үстінде және ол
заңдарда, басқа да нормативтік құқықтық актілерде жан-жақты таразыланып
бекітілуін қажет етеді.
ЖӨӨБ-дың экономикалық негізі мына түрде қалыптасады.
а)ЖӨӨБ-ратын қауымның меншігі;
б)Мемлекеттік меншіктің ЖӨӨБ органдары басқаруына берілген мүлігі;
в)қолданыстағы заңға сәйкес жергілікті қауымның қажеттілігін
қанағаттандыру мүмкіндігі бар басқада меншік түрлері;
г)жергілікті қаржылар.
ӨӨБ-дың экономикалық негізін тану тек берілген негіздегі құрылымдық
компоненттерін білу ғана емес, сондай-ақ заңдық аспектілерін де білу өте
маңызды. Қолданыстағы заң негізінде бірқатар түсініктер қолданылады:
меншік, мүлік, мүліктік құқық.
Муниципалды бірлестіктерді алып қарайтын болсақ мемлекеттік меншікті
муниципалды органдарға беру тәртібімен анықталған коммуналдық заңды тұлға
болып бекітілетін, жергілікті қазына мен мүліктен тұратын тікелей
коммуналдық меншікке қатысты болады. Мысалы: қазіргі таңдағы қолданыстағы
мемлекеттік объектіні алған шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне беру
тәртібі қабылданған.
Коммуналдық меншік жергілікті (коммуналдық) тұлғаларға оперативті
басқару мен шаруашылықты жүргізу құқығы бекітіледі. Егер жергілікті
кәсіпорындар коммуналдық меншікті иелену, қолдану және басқаруды алса, онда
олар нақты меншік иесі болады. Бұл құқықтық фактіні анықтауды мынадай
себептер қажет етеді: муниципалды бірлестікке қызмет көрсету үшін тек
кәсіпорындар ғана емес, сонымен қатар жер, табиғи ресурс, муниципалды қаржы-
несиелік мекемелер, жергілікті тарихи және мәдени ескерткіштер, яғни
жергілікті мүлік қорын құрайтын барлығын да жатқызу керек.
Коммуналдық меншік жалпы-халықтық немесе қоғамдық меншіктің құрамдас
бір бөлігі ретінде аймақтық ұдайы өндіріс жүйесінде, сонымен бірге жалпы
макроэкономикалық құрылым деңгейінде де әрекет етеді. Дегенмен коммуналдық
меншіктің басты ерекшелігі, оның жергілікті шаруашылықта жұмыс істеуінің
экономикалық негізі, коммуналдық құрылым деңгейіндегі ұдайы өндірістік
қатынастардың объектісі ретінде болуы. Осы тұрғыдан алғанда коммуналдық
меншік белгілі бір әкімшілік аумақтық құрылым деңгейіндегі объектілерді
бірлесе иемдену, пайдалану және иелік етуге байланысты, бір жағынан,
жергілікті құрылымның экономикалық субъектілерінің арасындағы, екінші
жағынан, сол субъектілердің мемлекеттік деңгейіндегі субъектілермен
қатынасын сипаттайды.
Осы мақсатқа орай коммуналдық меншікке байланыста экономикалық
қатынастарды ұдайы өндіріс циклының кезеңдерінде көрсетуді қажет етеді.
Ұдайы өндіріс процесіндегі өндіру кезеңінің маңызын жоққа шығармай отырып,
сонымен бірге коммуналдық меншік үшін тұтыну кезеңінің ерекшелігін атап өту
керек. Себебі коммуналдық меншіктің шын мәніндегі объектісі түпкі игіліктер
болып табылады, ал оларды өндіру коммуналдық меншіктен басқа меншіктің
басқа нышандарында жүзеге асырылуы әбден мүмкін.
Өндіру кезеңіндегі меншік қатынасы өндіріс құрал-жабтықтарымен жұмысшы-
қызметшілерді белгілі бір қоғамдық нышанда (иемдену сипаты) қосумен
сипатталады. Егер өндіріс құрал-жабдықтары коммуналдық меншікте болатын
болса, ондай иемдену жергілікті басқару органдарының араласуымен жүзеге
асырылады. Ол органдар коммуналдық кәсіпорындар жетекшілері арқылы
дерективті түрде ондай иемденудің көлемін, мерзімін және нышандарын
анықтайды. Ал өндіріс құрал-жабдықтары меншіктің жеке, аралас, акционерлік
нышандарында болатын болса, онда жергілікті жер тұрғындарының мүддесін
қорғайтын әлеуметтік институттар дербес тұтынуға қабілеті жоқ, бірақ
бірлесе тұтынылатын арнаулы игіліктерге тапсырыс бере отырып өндіріс құрал-
жабдықтарын иемденіге олардың жұмысының нәтижесіне ақы төлеу арқылы жанама
түрде әсер етеді.
Осыған байланысты, дәлірек айтсақ, өндірілетін игіліктердің
ерекшелігіне қарай өндіріс құрал-жабдықтарын иемденудің негізінде еңбектің
ерекше сипаты жатыр. Бұндай еңбектің шығыны, дербес сұраныммен реттелмейді,
олар өндіріс процесінде тікелей қоғамдық немесе қоғамдық-қажетті еңбек
сипатында болады. Одан басқа, өндіріс құрал-жабдықтарын иемдену мемлекеттің
атқарушы және өкілетті органдар арқылы жүзеге асырылатын болғандықтан,
айырбас кезеңіне дейін тікелей өндіріс процесінде еңбекті қоғамдақ есепке
алу орын алады. Қоғамдық меншіктің негізгі объектілері болып табылатын
монополиялардың өндіріс құрал-жабдықтарының буындық құрылымы кеңістікте
еңбектің шығынының көрінуіне мүмкіндік бермейді, бұл оларды тікелей өндіріс
кезеңінде бақылауды қиындатады. Сондықтан осы игіліктің түпкі тұтыну
кезеңіне аударады.
Коммуналдық меншіктің арнаулы өндіріс құрал-жабдығы, маңызды объектісі
жер б.т. Жерге коммуналдық меншік коммуналдық құрылымдарды жоспарлы
орналастыруға мүмкіндік береді. Жер ресурсын меншіктің әртүрлі нышанында
иемдену оны басқа субъектілермен иемденуді шектейді, ал ол жер өзінің
иемдену және өндіру шарты деп есептейтін қоғамдық игіліктерді иемденуге
кедергі жасайды. Нәтижесінде коммуналдық құрылымдардың қажеттіліктері тоық
қанағаттандырылмайды. Шектеулі ресурс ретіндегі жердің құндылығы және
қоғамдық аралас игіліктерді өндірудегі ролі қазіргі таңда, әсіресе жерге
жеке меншік енгізілуі жағдайында артып отырғанын ескеру қажет. Сондықтан
коммуналдық меншіктің барлық объектілері мен субъектілері орналасатын
коммуналдық жерлерді негізгі және барынша болашағы бар меншік объектісі деп
қарауға болады.
Қазақстандағы 5175 мемлекеттік меншік объектілерінің 90,4% коммуналдық
меншікке тиесілі, ал ол объектілердің 85-90% қызмет көсетуді өндіру ролін
атқарады.
Қызмет көрсету саласы материалдық және материалдық емес салаларын
қамтитын болғандықтан, олардың қызметі материалдық және таза қызмет көрсету
болып бөлінеді. Материалдық қызмет көрсетудің нәтижесі тұтыну құны, оны
тұтынушыға жеткізу коммуналдық меншік объектісінің экономикалық өткізілуін
сипаттайды. Саяси-экономикалық тұрғыдан материалдық игіліктерді иемдену
қатынасы өндірістің нәтижесін иемдену бойынша қатынастардың құрамдас бөлігі
б.т.
Коммуналдық қызметке барынша тән жергілікті басқару, білім беру,
денсаулық сақтау, мәдениет және тағы да сол сияқты салалар таза қызмет
көрсету өрісіне жатады. Әрине бұл салалардың игілігі зат нышанында
көрінбейді, бірақ олар сондай игіліктерді өндіруде қолданылатын материалдық
құрал-жабдықтардан мықты тәуелді болады. Таза қызмет көрсетуді өндіру
қоғамның жеке тұтынуының құрамдас бөлігі болғандақтан, оларды өндіретін
құрал-жабдықтар қоғам үшін ерекше сипаттағы тұтыну заты б.т. Таза қызмет
көрсетуді өндірудің тағы бір ерекшелігі – бұл салада еңбек құн жасалмайды
және қажетті материалдық шығындардың құнын еңбектің нәтижесіне аудармайды.
Бұл жерде тұтыну құны тиімді іс-әрекет ретінде тірі еңбектің өзі түрінде
көрінеді (айталық, оқытушының лекциясы, дәрігердің консултациясы т.с.с.).
Нарықтық экономика жағдайында материалдық емес өндірістің игіліктері
ақшалай бағаланатын және ондай бағаланудың ерекшелігін ескеру маңызды.
“Егер нарықта материалдық өнімдердің тұтыну құны және құны болатын болса,
ал қызмет түріндегі тұтыну заттарының құны және айырбас құны болады”.
Коммуналдық меншіктің қызмет көрсету объектілерін теориялық тұрғыдан
негіздеу мынандай қорытынды жасауды қажет етеді.
1-ден, бұл объектілер коммуналдық құрылым субъектілерінің мүддесін
өткізетін салалар екендігін басшылыққа алу қажет.
2-ден, әлеуметтік-қоғамдық маңызы зор материалдық және материалдық емес
қызмет көрсету салалары нарықтық қатынастар ортасында әрекет ететінін
тұрақты назарда ұстаған жөн. Дәлірек айтсақ қызмет көрсету ақшалай
бағаланатын болғандықтан, олардың тарифтері халықтың төлем қабілеті бар
сұранымына сәйкес болуын қадағалап реттеп отыру орынды.
3-ден, ең бастысы мұндай объектілердің экономикалық және құқықтық
статустарын барынша нақты айқындау қажет, онсыз олар өздерінің әлеуметтік-
қағамдық ролін тиімді атқара алмайды.
Көп жағдайда қоғамдық игіліктерді өндіретін мекемелердің тиімді жұмыс
жасауы коммерцеиялық емес ұстанымдар негізінде құрылады. Сондықтан “ондай
игіліктерді өндірудің барынша сәйкес механизмі, сол мекемелердің жұмысын
міндетті салық салу және азаматтардың сайлау құқы арқылы қоғамдық таңдау
механизмін пайдалану негізіндегі бюджеттік қаржыландыру б.т.” Бюджеттік
қаржыландыру жақсы жолға қойылған аудит және бюджет қаржы процесін бақылау,
аккредитация, сертификация, аттестация, басқа да мемлекеттік бақылау
жүйесін қажет етеді.
Коммуналдық меншік объектілері болып табылатын көптеген әлеуметтік-
мәдени салалар “квазиқағамдық”, басқаша айтқанда аралас қоғамдық қызметтер
көрсетеді.
Сондықтан оларды ұдайы өндіру механизмі мемлекеттік емес мекемелер мен
ұйымдардың болуын қажет ететін аралас экономика ұстанымына негізделіп
құралады. Бір жағынан мұндай мекемелерде пайда табу олардың іс-
әрекеттерінің басты түрткісі бола алмайды, ал екінші жағынан дербес игілік
қасиеті бар функциялары таза коммерциялық негізде орындалуы мүмкін. Басқаша
айтқанда, азаматтар үшін ақылы және тегінде қызмет көрсетуді,оларды
бюджеттік, нарықтық және рақымшалық негізде көп арналы қаржыландыруды
көздейді. Жалпы аралас қоғамдық игіліктерді өндіруде белгілі бір заңдылық
бар: игілік жергілікті қауымдастыққа неғұрлым маңызды болса, солғұрлым ол
пайдалы, себебі ондай игілікке мұқтаждық бар және адамдар оны төлеуге
дайын. Пайда алу мүмкіндігі, берілген игілікті өндірудің экономикалық
немесе экономикалық емес сипатын көрсетеді. Игіліктің жоғарғы пайдалылығы,
егер әлеуметтік институттар мен заң тарапынан бөгет болмаса, объектінің
нарықтық айналысқа өтуіне кепілдік береді.
Жоғарыда ұдайы өндіріс процесінің өндіру кезеңінде коммуналдық меншік
объектілерін иеленуге байланысты қатынастарға талдау жасалды.
Бірақ меншік объектісі меншік қатынастарының пассивті жағы екендігін
ескерген жөн. Ал оның активті жағын меншік субъектілері құрайды. Себебі
меншік иесінің меншікті иемдену құқы, оны экономикалық өткізу мүмкіндігі
болады. Меншік субъектілеріне жеке адамдар топтар, немесе адамдардың
қауымдастығы жатады, шын мәнәнде меншік құқы сол тұлғалардың мүддесіне
қарай өткізіледі.
Осы тұрғыдан алғанда меншік қатынасы субъект-объектң, субъект-
субъектң болып айрықшаланады. Субъектілік-объектілік қатынастар меншік
қатынасының бастау және материалдық алғы шарты б.т. Ал субъектілі-
субъектілік қатынастар әлеуметтік-экономикалық сипатта болады, және меншік
иелерінің арасында мүлікті, өнімдерді, тауарларды, басқа да құндылықтарды
бөлу нышандарын тудырады. Қорыта айтатын болсақ меншік қатынастарының пайда
болуы үшін субъектінің өзін-өзі меншік субъектісімін деп сезінуі, түйсінуі,
объектінің және басқа субъектілердің болуы қажет.
Коммуналдық меншік субъектілерінің ұдайы өндіріс процесіне қатысу
ұснанымы және өздерін меншік иесі ретінде өткізу шамасына қарай құрылған
құрылымы болады. Коммуналдық меншіктің негізгі субъектісі – жергілікті
билік органдарына меншік иесі функциясына өкілеттік беретін нақты
коммуналдық тұрғындары. Жергілікті деңгейдегі ауқымды қажеттіліктердің
негізінде қалыптасатын тұрғандардың терриоториялық мүдделері жергілікті
қауымдастық тұрғындарын өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға
бағытталған мақсатты іс-әрекеттерді жүзеге асыруға түрткі болады,
ынталандырады. Көп жағдайда жергілікті қауымдастықтың мүдделері пәрменді,
олар жергілікті адамдардың тұрмыс, әдет, дәстүрлерімен байланысты болады.
Сондықтан жергілікті басқару органдары тұрғындардың нақты мүдделерінің
жаршысы ретінде жергілікті өндірісті тұтынуға бағдарлауға, онда болатын
өзгерістерге барынша сезімтал болуға мәжбүр етеді. Шын мәнінде аумақтық
жергілікті мүдделер коммуналдық меншік қатынастарының көрінісі б.т.
Коммуналдық меншік субектілерінің күрделі құрылымы өндіріс құрал-
жабдықтарын және шарттарын, әлеуметтік сала объектілерін пайдалануы бойынша
жергілікті билік органдары мен билік басында тұрған мемлекеттік органдардың
арасында, меншік субъектілері мен шаруашылық жүргізу субъектілерінің, жұмыс
істейтіндердің салалық топтары мен кәсіпорынның ішкі ұжымдары арасындағы
экономикалық қатынастарды анықтайды.
Коммуналдық меншік субъектісіне байланысты экономикалық қатынастар
жүйесін біржақты құқықтық пайымдау жергілікті аумақтың құрылым мәселелерін
шешуде қолбайлау болуы, тіпті жергілікті басқару органдары тарапынан
коммуналдық меншік обектілерін иемдену, пайдалану және иелік етуге
байланысты билік жолсыздықтарына жол беруі мүмкін.
Соған сәйкес Қазақстандағы субъектілік-объектілікң қатынастар сұлбалы
түрде былай көрінеді (6-сурет).
Шын мәнінде коммуналдық меншік субъектілерінің құрылымына мемлекеттік
биліктің коммуналдық органдары, жергілікті билік және басқару органдары,
коммуналдық құрылым аумағына орналасқан мемлекеттік, аралас, мемлекеттік
емес нышандардағы шаруашылық жүргізу субъектілері, негізгі субъект болып
табылатын жергілікті қауымдастық халқы кіреді. Коммуналдық меншік
субъектілерінің күрделі құрылымын осылайша
анықтау олардың арасында орын алатын экономикалық қатынастардың ұдайы
өндірісінің әртүрлі кезеңдеріндегі тиімді өткізілуін жүзеге асыруға
мүмкіндік берер еді.
Ұдайы өндіріс процесін бөлу кезеңінде коммуналдық меншікте тұрған
игіліктерді бөлу және ұдайы өндіру шартының ұстанымдарын айқындау қажет.
Коммуналдық меншік игіліктерінің ерекшеліктеріне қарай олардың елеулі
бөлігі жергілікті қауымдастық мүддесіне сәйкес қажеттілік бойынша бөлінеді.
Бірақ субъектілердің тұрған жеріне және әлеуметтік-кәсіби статустарының
ерекшеліктеріне қарай коммуналдық меншік игіліктерін тұтынуда теңсіздік
орын алады.
Бөлу кезеңіндегі субъектілік-объектілікң қатынастар барынша
күрделенеді. Біріншіден, меншіктің түрлі насанындағы тауар өндіруші
субъектілер өздерінің жеке бастарының мүдделерін басшылыққа ала отырып
өндірілген өнімдерін бөледі. Екіншіден, жергілікті коммуналдық институттар
айырбас кезеңінде игіліктерді сатып алады, кейін оларды өздерінің
ұстанымдарына орай бөлінеді.
Осыған байланысты қайшылықтар орын алуы мүмкін. Айталық, бөлу принципі
бойынша жергілікті басқару органдары мен тұрғындардың арасындағы
келіспеушілік немесе тұрғындардың жеңілдік алу құқы бар және коммуналдық
құрылымның қалған топтарының мүдделеріне сәйкес болмауы сияқты құбылыстар.
Мұндай қайшылықтарды шешу қоғамдық өзін-өзі басқаруды дамытуды, тұрғындар
тарапынан коммуналдық құрылымның билік органдарының үстінен бақылауды
күшейтуді талап етеді.
Ұдайы өндіріс процесінің “субъектілік-субъектілік” қатынастарға
байланысты проблемалар айырбас кезеңінде орын табады. Айталық, айырбас
кезеңінде коммуналдық деңгейдегі “қоғамдық игіліктер” тауар нышанында
болмайды, олар тұтынушыға тауар-ақша қатынасының араласуынсыз жетеді.
Әрине, бұдан ондай игіліктер тегін таратылады деген пікір тумауы керек.
Оларды төлеу белгілі бір терриоториялық қауымдастық тұрғындарынан алынатын
салықтар, басқада ақшалай міндеттемелер арқылы жүзеге асырылады. Себебі
қендай да бір болмасын игілікті өндіру құндық сипатта болады және
жергілікті шаруашылықта қолданылатын өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс
күшінің тауарлы нышанында көрінеді. Нәтижесінде айырбас саласында қлғамдық
игіліктерді иемдену қатынасы тауарлы, құндық нышанда болмайды. Мұндай
сәйкессіздікті жергілікті әлеуметтік институттардың ролімен түсіндіруге
болады, себебі олар бұл процестерді өткізуге делдал бола отырып, тұтынылуға
тиісті ұстаныммен сипатталатын қоғамдық игіліктерді өздерінің мүддесіне
икемдейді.
Айырбас процесінде әлеуметтік институттар қатыса алмайтын жағдай орын
алуы мүмкін, олар тек қана жергілікті қауымдастық тұрғындары атынан
тапсырыс беруші және сатып алушы бола алады. Осыған байланысты коммуналдық
меншік субъектілерінде алынатын игіліктерді төлеудің шамасы мен көлемі
бойынша проблемалар туындайды. Тұрғындар әлеуметтік институттардың
араласуынсыз игіліктерді өндірушілерден тікелей сатып ала-алмайтын
болғандықтан, ондай институттар өндірушілерді таңдауда белгілі бір
монополиялық үстемдікке, яғни игіліктің бағасын белгілеуде де артықшылыққа
ие болады. Мұндай жағдайда негізгі субъектілік өкілеттігі бар ЖӨӨБ
органдары тарапынан тұрғындар үшін тиімсіз баға жолсыздығына берілуі
мүмкін. Бағаға байланысты туындайтын тұрғындардың шығынын өтеу үшін
мемлекеттік және жергілікті бюджет тарапынан дотация берілуі қажет.
Ұдайы өндіріс процесінің түпкі нәтижесі тұтыну. Ол өндірістік және жеке
тұтыну болып бөлінетіндігі белгілі. Коммуналдық құрылым деңгейіндегі
қоғамдық игіліктерді тұтыну өндірістің жеке факторларын дамытатынын
ескерсек, оның өзі жанама түрдегі өндірістік тұтынуға айналады. Жергілікті
қажеттіліктерді қанағаттандыратын игіліктерді өндіруде қолданылатын өндіріс
құрал-жабдықтарын тұтынуда, оның көлемі мен сипатын берілген аумақтық
құрылымның өндіріс процесін ұйымдастырушы жергілікті атқарушы және өкілетті
органдар анықтайды. Бұл жерде ескеретін бір жайт – ол тұтынуды қамтамасыз
ететін шаруашылық субъектілері коммуналдық меншіктен тыс басқа меншік
нысандарында да болуы ықтимал. Жергілікті басқару органдары ондай
субъектілердің шығынын әртүрлі алымдар мен салықтарға жеңілтік беру, жер
салығын азайту сияқты шаралар арқылы өтеуге мүмкіндігі бар. Бұл арада ондай
субъектілердің қызметкерлерінің терриоториялық құрылымның басқа
тұрғындармен бірге коммуналдық меншіктің түпкі объектісі болып табылатын
түпкі игіліктерді тұтынатынында есептен шығармау керек. Тұтыну бойынша
субъектілік-объектілік қатынастарды есепке алу нарықтық экономика
жағдайында табиғи туындайтын мемлекеттік, ұжымдық, жеке мүдделердің
қайшылығын коммуналдық құрылым деңгейінде бесеңдетуге және үйлестіруге
қолайлы ортаны қалыптастыруға мүмкіндік берер еді.
Жалпы, коммуналдық меншікті қоғамның ұдайы өндіріс процесі
кезеңдеріндегі экономикалық қатынастар тұрғысынан талдау оны экономикалық
категория ретінде мойындауға, оның саяси-экономикалық табиғатын ашуға негіз
болды.
Сонымен ЖӨӨБ органдары муниципалды меншікті басқара алады, бұл
коммуналдық меншік құрамына кіретін мүлікке қатысты меншік құқығын
білдіреді.
Осыдан, ЖӨӨБ органдары заңға сәйкес коммуналдық меншік объектілерін
уақытша немесе мерзімсіз жеке және заңды тұлғалардың қарамағына беруге,
жалға беруге, оларды белгіленген тәртіпте босатуға және мүлікпен келісімдер
жасау құқы бар.
Қабылданған заң тәртіптерімен мемлекет муниципалды округ халқының
тікелей меншік иесі болуының құқықтық жағдайында белгілейді.
Жергілікті қауымның ұйымдасуын құруда ЖӨӨБ органдарының оперативті
басқару және шаруашылықты жүргізу құқығындағы қызметтерінде мыналарды
жүзеге асырады:
-тауардың (қызметтің) бағасы мен тарифтерін реттеуді;
-олардың жарлығын бекіту;
-ұйымның басшысын тағайындау;
-жергілікті тапсырыстарды араластыру;
-территорияның әлеуметтік-экономикалық даму кешенінде муниципалды округ
терриоториясында орналасқан ұйымдардың қатысуын үйлестіру;
-қабылданған заң шеңберінде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру.
Коммуналдық меншіктің берілу жолдары.
1.Жергілікті қауымға берілетін объектілер мен мемлекеттің меншігіндегі
объектілердің ара жігін ажырату принциптерін шығару;
2.ЖӨӨБ жүйесіне берілетін объектілердің тізімін жасау;
-Объектілерді ЖӨӨБ органдарына берудің тәртібін дайындап шығару және
олардың қызметін қаржыландыру көздерін анықтау.
Жергілікті қауымның коммуналдық меншігіне берілуге тиісті объектілер
төмендегі принциптерге сай алынады;
-сол объектілердің көрсететін қызметтерінің тұрғындарға қажеттілігі;
-жергілікті билік органдардың сол объектлерідің қызметін қаржыландыру
мүмкіндігі.
Ерекше бір жағдайда жергілікті қауымның коммуналдық меншігіне
республикалық тарихи-мәдени қазынасы болып табылатын объектілер де
беріледі. Ал кейбір объектілерді ЖӨӨБ органдарына бере отырып, мемлекеттік
мүлік қоры оны басқаларға пайдалануға беруге немесе сатуға болмайтынын
заңдастырады:
*жергілікті қауымның коммуналдық меншігіне берілген объектілерді
басқару сол ЖӨӨБ жүйесінің Жарғысына сай жүргізіледі;
*егер жергілікті қауымның коммуналды меншігіне берілген объекті дәлелді
себептермен өзінің қажеттілігінен айырылып қалса, ол туралы мемлекеттік
мүлік қорына хабарланады;
*жергілікті қауымға берілген объектілерді жалға беру ЖӨӨБ органының
шешімімен ғана жүзеге асады.
Қазақстандық Азаматтық Кодексте республикалық және коммуналдық меншік
мойындалған. Бірақ Қазақстандағы муниципалды меншік федеративтік
құрылымдағы елдердің конституциялық заңдарынан айрықшалығы, біздің елдегі
муниципалды меншік мемлекеттіктен бөлінбеген, ал мемлекеттік –
республикалық және коммуналдық болып бөлінеді және осы арқылы коммуналдық
меншік мемлекеттік меншіктің туындысы болады.
Тәжірибе көрсеткендей түрлі меншік формасын қолдану режиміндегі
анықталмаған түрлі әдістерді қолдануда тек заң аясындағы актілерге сүйену
жеткіліксіз болып отыр. Объектілер бір разрядтан басқа разрядқа жиі ауыса
алады. Сондықтан аймақтық дамуды барынша тиімді реттеуге мүмкіндік беретін
арнайы “Коммуналдық меншік туралы” заңды қабылдау қажет.
Объектілерді басқаруды құқықпен қамтамасыз етуді реттеу мәселесіндегі
құқықтық жиынтықты ұсынады. Мұнда екі басты әдіс бойынша жүреді; 1)
орталықтандырылған реттеу (субординация әдісі) – мұнда реттеу тек
“жоғарыдан” жүреді; 2) орталықсыздандырылған реттеу – мұнда келісім
әдісімен реттеу қатынас сфералары орын алады.
Коммуналдық меншіктің түрлеріне қарай дифференцияция екпініндегі түрлі
объектің түрлері құқықтық режимде болуы керек. Соңғысын үш топқа бөлуге
болады. 1) меншік функциясын орындауға қажетті объектілер. Бұл топқа
жергілікті бюджет және бюджеттік емес қорлардың құралдарын, сондай-ақ
жергілікті билік органдарына иелік ету, қолдану және басқаруға берілген
басқада муниципалды (коммуналды) меншікті жатқызуға болады; 2) қаланың
әлеуметтік-экономикалық жүйесі (шаруашылығы), яғни меншік құқығымен
салыстырғандағы белгілі бір шектеулерді иемденетін шаруашылық жүргізу
құқығы жатқызылатын муниципалды кәсіпорын мүліктері; 3) олардың басқаруына,
қолдануына және иелік ету құығын жүргізетін мүліктерге оперативтік басқару
құқығы берілуіне қатысты қазыналық кәсіпорындар мен мекемелер.
2 ҚР ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, ОЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ
ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ

қызметтерін бағалау
Жергілікті өзін-өзі басқару шеңберіндегі мемлекеттік билік органдарының
уәкілдігіне кіреді:
• Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың жалпы принциптері жайлы
заңдарды қабылдау, өзгерту, оның орындалуын қадағалау;
• Мемлекеттік меншіктегі объектілердің муниципалды меншікке берілу
тәртібін заңдармен реттеу
• Мемлекеттік минималды әлеуметтік стандарттарды құру
• Республиканың бюджет пен жергілікті бюджет арасындағы қатынастарды
реттеу;
• Жергілікті өзін-өзі басқарудың даму бағдарламаларын қабылдау;
• Жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруда азаматтардың құқын қорғау
мен реттеу;
• Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының заңдарды бұзғандығы үшін
жауапкершілігін анықтау және реттеу;
• Муниципалды қызмет негіздерін реттеу;
• Шектеулі территориядағы жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарының
ерекшеліктерін ескеру.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен жауапты тұлғаларына
төмендегідей жауапкершіліктер жүктеледі:
1) муниципалды құрылым халқының алдындағы жауапкершілігі
2) мемлекет алдындағы жауапкершілігі
3) жеке және заңды тұлғалар арасындағы жауапкершілігі
4) әкім – Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің
жергілікті атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиісті
аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, ҚР орталық мемлекеттік
органдардың барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті
бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін,
ҚР-ның заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігі берілген, тиісті
аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты өкілі;
5) әкім аппараты – жергілікті атқарушы органның (ол құрылған жағдайда)
және әкімнің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме;
6) мәслихат аппараты – тиісті мәслихаттың, оның органдары мен
депутаттарының қызметін қамтамасыз еетін мемлекеттік мекеме;
7) жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган – жергілікті
мемлекеттік басқарудың жекелеген міндеттерін жүзеге асыруға әкімдік
уәкілеттік берген және тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландыратын
мемлекеттік мекеме;
8) мәслихат сессиясының төрағасы – мәслихат депутаттарының арасынан
сайланатын, мәслихат сессиясында ұйымдастырушылық-билік ету қызметін жүзеге
асыратын, мәслихаттың лауазымды адамы;
9) жергілікті мемлекеттік басқару – осы заңда және басқа да заң
актілерінде белгіленген құзырет шегінде жергілікті өкілді және атқарушы
органдар тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында
жүзеге асыратын, сондай-ақ тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып
табылатын қызмет;
10) жергілікті өкілді орган (әкімият) – облыстың (республикалық маңызы
бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz