Жұмыссыздықтың экономикалық өсуге әсері


Мазмұны
Кіріспе
. . . 3
1. Жұмыссыздық және оның әлеуметтік-экономикалық салдары . . . 5
1. 1. Жұмыссыздықтың мәні және пайда болу себептері . . . 5-7
1. 2. Жұмыссыздықтың түрлері және әлеуметтік-экономикалық зардаптары . . . 7-11
2. Жұмыссыздық деңгейі және оның экономикалық өсуге әсері . . . 12
2. 1. Жұмыссыздық деңгейі және Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейін
бағалау . . . 12-16
2. 2. Жұмыссыздық деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер және оны есептеу
әдістері . . . 16-18
2. 3 Жұмыссыздықтың экономикалық өсуге әсері . . . 18-22
3. Жұмыссыздықты қысқартудағы шаралар . . . 23
3. 1. Жұмыссыздықты қысқартудағы мемлекет тарапынан қолданылатын шаралар . . . 23-27
3. 2. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы . . . 27-31
Қорытынды . . . 31-32
Қолданылған әдебиеттер . . . 33
Кіріспе
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 20 жыл болып қалды. Алайда Қазақстанның бірінші күндерінде алдынан шыққан мәселелер әлі де толық жетілген жоқ. Сондай мәселелердің бірі жұмыссыздық болып табылады. Жұмыссыздық дегеніміз - әлеуметтік - экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт не тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз болады. Соңғы жылдары жұмыссыздық халықтың қалың топтарын қамтуда және барған сайын ұлғайып келеді. Оның деңгейі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ-ОЭСР) кіретін елдердің барлығында дерлік өсу үстінде. Тіпті экономикалық өсудің жоғары қарқындары белгіленген дамушы елдердің көпшілігі халық санының өсуінен қалып қоймаулары үшін біршама жылдам қарқындармен жұмыспен қамтуды ұлғайту мәселесін әрең игеріп отыр.
Шығыс Еуропа және ТМД елдерінде кепілденген және толық жұмыспен қамтылуға ұзақ жылдар бойы дағдыланып қалған адамдар, кенеттен мемлекеттік секторды қайта құру мен жеке секторда жұмыс орындарын ашудың баяу қарқындары себебінен жұмыспен қамтылу кепілдігінен айырылып, жұмыссыздықтың өсу проблемасын бастан кешірді. Тіпті экономикасы өрлеу үстіндегі елдерде де жалақы деңгейінің төмендеуі байқалады.
Жұмыссыздық - экономикалық өсу жетістіктерінің адам дамуына ықпалын азайтатын құбылыс.
Біріншіден, ол адамдар мен үй шаруашылықтарының белгілі бір бөлігін (кейде едәуір көлемін) экономикалық әрекет жағдай жасайтын мүмкіндіктерге қол жеткізуден айырады. Олар үшін адам даму жағдайлары едәуір нашарлайды.
Екіншіден, жұмыссыздық (әсіресе, ұзақ мерзімді, тоқыраулы) еңбек дағдыларын жоғалтуға, яғни жинақталған адам капиталынан айырылуға ұшыратады және осылайша ол адам дамуына теріс ықпалын тигізеді.
Үшіншіден, жұмыссыздық тек жеке адамдардың ғана емес, сонымен бірге жұмыссыздардың әл-ауқатының деңгейін қолдауға, мемлекеттердің жұмыспен қамту жөніндегі түрлі бағдарламаларын іске асыруға байланысты елеулі әлеуметтік шығындарға ұшыратады, ал мұндай жағдай адам дамуына анағұрлым тиімді бағытталуы мүмкін ресурстарды қоғамнан оқшауландырады.
Жұмыссыздық құбылысы қоғам үшін қазыналық жоғары шығындарды, адам капиталынан айырылуды, әлеуметтік саралардың күшеюін, жастар проблемасының шиеленісуін білдіреді.
Осыған орай бұл жұмыссыздық деңгейі және оның экономикалық өсуге әсері туралы, оны қысқартудағы шаралар туралы тақырыпты зерттеу өте қажет болып табылады.
Бұл курстық жұмысымның мақсаты еліміздегі жұмыссыздық деңгейін, оның көрсеткіштерін және жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайға, экономикалық өсуге әсерін зерттеу болып табылады.
Осы мақсатқа жетуде келесідей міндеттер қойылады:
- Жұмыссыздықтың мәні мен пайда болу себептерін анықтау;
- Жұмыссыздықты еңбек рыногының элементі ретінде қарастыру және жан-жақты талдау;
- Жұмыссыздықтың түрлері мен олардың экономикалық өсуге тигізер әсерін қарастыру;
- Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесінің жалпы жағдайын, жұмыссыздық деңгейін, олардың өзіндік ерекшеліктерін қарастыру;
- Еліміз тарапынынан жұмыссыздықпен күресудің негізгі шараларын және әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын айқындау.
Бұл жұмыстың құрылымы 3 тарау, 7 тақырыпшадан және қорытынды бөлімнен тұрады.
Бірінші тарауда жұмыссыздық туралы жалпы түсінік, оның пайда болу себептері, түрлері және жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық зардаптары туралы қарастырылады.
Екінші тарауда, жұмыссыздық деңгейі, Қазақстандағы қазіргі таңдағы жұмыссыздық деңгейін талдау және жұмыссыздықтың экономикалық өсуге әсері қарастырылып отыр.
Үшінші тарауда, осы елдегі жұмыссыздардың санын қысқартудағы, жұмыссыздық деңгейін төмендетудегі шаралар, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мәселелері және Президентіміз Н. Ә. Назарбевтың осындай шараларды іске асыру үшін қабылдаған «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы туралы қарастырылады.
Қазіргі таңда жұмыссыздықты жою, жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында түрлі бағдарламалар қабылданып, соларды жүзеге асыру негізінде елдегі жұмыссыздар саны біршама азайып келеді.
Жұмыссыздық және оның әлеуметтік-экономикалық салдарлары
1. 1. Жұмыссыздықтың мәні және пайда болу себептері
Еңбек нарығы - бұл ерекше тауар - жұмыс күшін сату және сатып алумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы; еңбекті жалақыға айырбастау механизмі орындалатын нарық. Еңбек нарығында жұмыс күшіне және еңбек қызметтеріне сұраныс пен ұсыныс және оған деген баға қалыптасады. Еңбек нарығының динамикасы оның негізгі екі элементінің арақатынасына, яғни: жұмыс күшіне деген нарықтық сұраныс пен жұмыс күшінің нарықтық ұсынысына тәуелді болып табылады.
Жұмыссыздық - бұл еңбек ұсынысының еңбекке деген сұраныстан артып кетуі; еңбекке жарамды халықтың жұмыс таба алмауы немесе жұмыспен қамтылмауы.
Жұмыс қабілеті бар, бірақ жұмыс күшіне қосылмайтын жандар әдетте егделеу адамдар немесе жұмыстан жолы болмай жүрген адам екені аян. Осылайша жұмыссыз адамдар жұмыссыздық бірлестігін құрайды.
Жұмыс күші - бұл адамның еңбекке деген қабілеттілігі; адамдардың игіліктерді өндіру үрдісіндегі физикалық және ой қабілеттіліктерінің жиынтығы; елдегі жұмыскерлердің жалпы саны; жұмыспен қамтылған мен жұмыспен қамтылмаған (жұмыссыздар) халықтың бір бөлігі. [1, 74-77б]
Жұмыссыздық - еңбекшілердің бір бөлігінің жұмыс таппай, «артық» халыққа, еңбектің резерв армиясына айналуы, бұл - капитал құрылысына тән құбылыс. Ол К. Маркс ашқан капиталистік қорлаудың жалпылық заңының әрекет етуінен туады. Жұмыссыздық капиталистік өндірістің жемісі және шарты болып табылады. «Артық» адам болу азабын капитализм тарихында тұңғыш рет Еуропаның қазіргі экономикалық жағынан дамыған елдерінің, әсіресе Англияның еңбекшілері тартты. Капитализмнің жалпы дағдарысы кезінде жаппай жұмыссыздық дамыған капиталистік елдер үшін үнемі айрылмайтын тұрақты құбылысқа айналады. Сырттай қарағанда жұмыссыздық капиталистік рыноктың жұмыс күшіне деген сұранымы мен жұмыс күшін ұсынудың арасындағы сәйкессіздік сияқты болып көрінеді, ал іс жүзінде ол неғұрлым терең, ішкі себептердің салдарынан туады. Қосымша құнды неғұрлым көп алуға ұмтылу және бәсеке күресі кәсіпкерлерді жанды еңбекті қаруландыруға, өзгермелі капиталға қарағанда өндіріс құрал-жабдықтарын неғұрлым тез өсіруге мәжбүр етеді.
Өзгермелі капиталдың біршама тез азаюы, көбінесе өндірістегі ғылыми-техникалық революцияға байланысты болды. Бұл еңбекке деген сұранысның абсолют азаюын да туғызады. Оның үстіне жұмыс күні неғұрлым ұзақ және жұмыстың қауырттылығы неғұрлым күшті болса, қолда бар өндіріс құрал-жабдығын жұмысқа қосуға қажетті жалдамалы еңбек адамы соғұрлым аз керек болады. Жұмысшылардың жаппай жұмыстан шығарылуы өндірісте қалған жұмысшыларды капиталистер қойған қанау шарттарына амалсыздан көнуіне мәжбүр етеді. Мұның бәрі жұмысшы табының тұрмыс дәрежесін бұрынғыдан нашарлатады. «Артық» еңбекші халық капитализм қорланудың жемісі, осы қорланудың құралына, тіптен капитализмнің дамуы мен өмір сүруінің шартына айналады. Жаппай жұмыссыздықтың болуы әрбір жұмысшыға жұмыссыздардың қатарына шығып қалу қорқынышын туғызызады. Капитализм бұл қорқынышты пайдаланады, жұмыссыздық неғұрлым көп болса, капитал жұмысшыларға соғұрлым күшті қысым жасайды. Капитализм қоғамында жұмыссыздықтың екі нақты мәні бар. Капиталистер үшін ол - арзан, көбінесе құқықсыз жұмыс күшінің қоры, бүкіл жұмысшы табын қанауды күшейтудің құралы, капитализм экономиканың дамуы мен өмір сүруінің қажетті шарты. Еңбекшілер үшін жұмыссыздық - тек материалдық, моральдық жағынан зардап шегу, қорлық көру, жасына жетпей қартаю. Формасы жағынан жұмыссыздық күнделікті, жасырын, тоқыраулы жұмыссыздық болып бөлінеді. Жұмыссыздардың дәл есебін шығару қиын. Буржуазиялық саяси экономия мен статистикада қолданылып жүрген жұмыссыздықтың формаларын анықтау методологиясы, сондай-ақ «артық» адамдарды есепке алу әдісі жұмыссыздықтың дәл мөлшерін әдейі азайтып көрсетеді. Буржуазияшыл экономистер жұмысшылардың жұмыссыз жүрген мерзіміне қарай «толық» және «ішінара» жұмыссыздық деп ажыратылады. Мыс., АҚШ-та бір апта немесе одан көп уақыт жұмыс істемеген адамды толық жұмыссыз деп санайды, ал бір аптаның ішінде бір сағатта жұмыс істеген болса жұмыссыз деп санамайды
Жұмыссыздық - капиталистік экономиканың ажырамас серігі. Экономикасы жағынан дамыған капиталистік елдердің бәрінде «артық» еңбек ресурстарының көлемі қарастырылып отырған кезеңде не бір дәрежеде сақталып, не кейбір жылдары тіпті көбейіп кетеді. Шетелдердегі бағалау бойынша, жұмысты жоғалту, өзінің қасірет - жағынан жақын туыс адамның өлімі немесе түрмеге түсуден ғана кейін тұрады екен. Кәсіпорынның жұмысының түпкі нәтижесінен тәуелсіз, жаппай жұмыспен қамту жұмыскерлердің өндіріс тиімділігін арттыруға деген жеке мүдделіліктеріне кері әсер етті, олардың өндірісті басқарудан шеттелуіне әкеліп соқтырды. Осының бәрі еңбек тәртібінің шұғыл құлдырауына, үлкен экономикалық шығындарға жол берді. [2, 154б]
Жұмыссыздықтың пайда болуының басты себептері ретінде төмендегілерді айтуға болады:
1. Халықтың тұрақты тұратын жерінде сұранысқа ие жұмыс орындарының болмауы;
2. Нарыққа көшу жағдайында халықтың кәсіпкерлікпен айналысуға және жұмыс іздеуге даяр болмауы;
3. Шағын және кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы және материалдық ресурстарға қол жеткізуінің шектеулігі;
4. Шағын және жеке кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының, соның ішінде ақпараттық және оқытумен қамтамасыз етудің нашар дамуы;
5. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қолданылып жүрген заңнамада көзделген өздерінің құқықтары мен жеңілдіктерін жеткілікті пайдаланбауы;
6. Тауар өндірумен айналысатын шағын кәсіпкерлікке атаулы мемлекеттік қолдау көрсетудің жеткілікті түрде ашық жүргізілмеуі;
7. Инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру кезінде пайдаланылатын кең тараған мамандықтар бойынша шетелдік жұмысшылар әкелуге жеткілікті бақылаудың болмауы;
8. Жергілікті атқарушы органдар өз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асырудағы мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігі;
9. Жұмыс істеп жатқан ұйымдардың базасында немесе жаңа ұйымдар құруға қоса қатысу арқылы жұмыс орындарын құруға жәрдемдесуді ұйымдастыруда жергілікті органдардың белсендігінің жетіспеуі;
10. Базасы арзан шетелдік тауарлар әкелуіне байланысты отандық тауарлардың бәсекеге төтеп бере алмауы. [3, 173б]
1. 2. Жұмыссыздықтың түрлері және әлеуметтік-экономикалық зардаптары
Жұмыссыздық жеке адам және қоғам үшін көптеген экономикалық мәселелерді өзімен алып келеді. Жеке адам үшін ол өндірістен кету деген сөз, қызметкер еңбек табысы көзінен айырылып, көтеріңкі психикалық жүк көтереді. Ал қоғам үшін ол жоғары салық шығынына ұшыратады, адам капиталы жойылады, қоғамның әлеуметтік жіктелуі күшейеді, жастарға байланысты мәселелер асқынады және т. б. бос уақыт пайдасы жұмыссызбен келетін кемшіліктерді басып кетуі шүбәлі болып келеді. Сонымен қатар, бұл құбылыстың кемшіліктерін біржақты атай берген дұрыс емес. Нарықтық экономикаға жұмыссыздықтың табиғи деңгейі тән, жұмыс күшінің белгілі резерві әрқашанда болып отырады. Табиғи жұмыссыздықтың болуы нарықта экономиканың нормальді қызметіне қажеттілігі бар деуге болады.
Жұмыссыздық мәселелері көптен бері зерттелуде, бірақ жұмыссыз қатарына кімді жатқызуға болады, жұмыссыздық көрсеткіштері, жұмыссыздық деңгейіне әсер ететін факторлар және т. б. сұрақтар осы уақытқа дейін талқыланып жатыр. Қазақстан жағдайында бұл мәселелер шиеленісе түсті, өйткені экономикалық дағдарыс және әлеуметтік еңбек қатынастары күрт өзгеруіне байланысты адам қылықтарына өзгешіліктер енді.
Жұмыссыздық туралы көптеген анықтамаларды жинақтап қорытсақ, оған келесідей анықтама беруге болады: жұмыссыз адам - ол қазіргі жалақы мен еңбек жағдайында жұмысы жоқ, бірақ жұмыс істей алатын және жұмыс іздеп жүрген адамдар. Ал жұмыссыздықты - экономикалық белсенді халықтың бір бөлігін жұмыссыздар құрайтын экономикадағы құбылыс деп білеміз. Халықаралық еңбек ұйымының анықтамасы бойынша жұмыссыз деп табыс әкелетін жұмысы жоқ, жұмыс істеуге дайын және соңғы төрт ай ішінде жұмысты әр жолмен іздеген адам танылады.
Жұмыссыздықты есептеу формуласы (u) жұмыссыздар саны (U) экономикадағы белсенді халық санына (L) бөлу арқылы табады және пайызбен көрсетіледі.
u= U/L=U/U+E
Экономикалық әдебиеттерде жұмыссыздықты мына типтерге бөледі: Фрикциондық жұмыссыздық - кейбір адамдар өз мамандықтары бойынша қызмет түрлерін таңдау мүмкіншіліктері бар кезде «жұмыс аралық» жағдайда қалады. Кейбіреулерін жұмыстан шығарып жіберіп, олар басқа жұмыс орнын іздеу үстінде болады. Ал басқалары тұрақты жұмыс орнын жоғалтқандықтан уақытша жұмыссыз болады. Сонымен қатар еңбек нарығында жастар арасында алғаш рет жұмыс іздеп жүргендер де жұмыссыздардың қатарына кіреді.
Осы жұмыссыз адамдар жаңа жұмыс орнына немесе уақытша жоғалтқан жұмысына қайтып орналасқанда олардың орнын басқа жұмыссыздар басып отырады. Сондықтан, еңбек нарығында әр түрлі себептермен жұмыссыз қалған адамдар санаты құрамы өзгерсе де, осы жұмыссыздық түрі қала береді. Осы жұмыс орнын іздеп жүрген және жұмысқа орналасуын күтіп отырған еңбекке қабілетті адамдарды экономистер «Уақытша жұмыссыздық» деп атайды. Еңбек нарығында жұмыссыздықтың қашан болмасын, адамдардың бір орыннан екінші орынға қозғалысымен және бір кәсіпорыннан басқаға ауысуымен байланысты белгілі бір дәрежесін сипаттайды.
Жұмыскерлер өздеріне ұнайтын жұмыс орнын, ал жалдаушылар белгілі біліктілігі бар жұмыс күшін табу үшін уақыт керек. Осы жұмыс іздейтін уақыт фрикциондық жұмыссыздықтың негізін құрайды. Фрикциондық жұмыссыздық мына жағдаймен байланысты: бар вакансия туралы толық ақпарат болмағанда немесе осы ақпарат тым қымбат болғанда, жұмыскерлер мен бос жұмыс орындарының арасында әрдайым белгілі сәйкессіздік болады. Осы жұмыссыздықтың дәрежесі жаңа жұмыс іздеуге кеткен уақыттың жалпы шығындарымен белгіленеді ( 1 айдан 3 айға дейін) .
Құрылымдық жұмыссыздық . Экономикадағы құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде бос жұмыс орындары мен жұмыссыздардың арасындағы кәсіби - біліктілік пен аумақтық сәйкессіздік құрылымдық жұмыссыздықтың басты себебі болып табылады. Экономиканың дамуы құрылымдық өзгерістер тудырып отырады: жаңа технологиялар, жаңа тауарлар пайда болады. Капиталдар рыногындағы сұраныс құрылымында өзгерістер орын алып отырады. Осының нәтижесінде жұмыс күшінің кәсіби - біліктілік құрылымында өзгерістер пайда болады, бұл - жұмыс күшінің тұрақты түрде аумақтық және салалық қайта бөлінуін талап етеді. Экономиканың бір секторларынан құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде жұмыстан айырылған жұмыскерлер басқа салалардағы бос жұмыс орындарына орналаса алмаған жағдайда, құрылымдық жұмыссыздық орын алады. Фрикциондық жұмыссыздықпен салыстырғанда құрылымдық жұмыссыздықтың мерзімі ұзақ болады (әдетте қатарынан 6 айдан артық ) . Құрылымдық жұмыссыздыққа әдетте біліктілігі төмен немесе мамандығы ескірген жұмысшылар ұшырайды және мұның өзі экономикалық жағынан артта қалған аудандар халықтарын қамтиды.
Маусымдық жұмыссыздық . Өндірістің кейбір салаларындағы өндіріс көлемінің маусымдық ауытқуымен байланысты болады: ауыл шаруашылығы, құрылыс, және т. с. с. Бұларда жыл бойында еңбекке сұраныс елеулі түрде өзгеріп отырады. Жұмыссыздықтың маусымдық түрі жұмысшы мен жалдаушы жасасқан келісім шарттар арқылы болжана алады. [3, б. 154]
Батыс экономистері әдетте табиғи жұмыссыздықты және толық жұмыспен қамту болғандағы жұмыссыздықты еңбек рыногындағы обьективтік диспропорияларды көрсететін құрылымдық жұмыссыздық деп қарайды. Ал табиғи жұмыссыздыққа уақытша және маусымдық жұмыссыздықты жатқызады. Шынында да жұмыссыздық деңгейінің оның табиғи нормасынан артып кетуі экономикадағы құрылымдық өзгерістермен байланысты, оның циклмен даму ерекшеліктері салалардағы өндірістің құлдырауымен байланысты болады.
Циклдік жұмыссыздық. Мұның негізін экономикалық құлдырау мен экономиканың бір секторындағы немесе аймақтағы жұмыс күшінің артуы басқа жерде оның жеткіліксіз болуымен қатар жүреді. Яғни, өнімнің шығарылумен және жұмыспен қамтудың циклдік ауытқуларын құрайды. Циклдік жұмыссыздық жұмыссыздар санының көбеюіне әкелетін нақты ЖҰӨ-нің азаюымен және жұмысшы күшінің бір бөлшегінің жұмыстан босауымен байланысты болады.
Экономикадағы жұмыссыздықтың бұл түрі алдыңғы екі жұмыссыздық түріне қарағанда экономиканың тиімді дамуына кері әсерін тигізеді. Өйткені елде жұмыссыздықтың циклдік түрінің өсуіне байланысты халықтың тұрмыс тіршілігі төмендейді, әлеуметтік сала нашарлайды, яғни бір сөзбен айқанда, өндірістің құлдырауын көрсетеді. Бұған мысал ретінде Қазақстан Республикасының егемендігін алғаннан соң 6-7 жылды айтсақ болады. Яғни, елімізде өндірістің жаппай жабылуымен, экономиканың дағдарысқа ұшырауымен бірге жұмыссыздық деңгейінің тым жоғары болуына әкеледі. Сол жылдары еліміздің ЖІӨ 40%-дан астам құлдырады. Инфляция орын алып, адамдардың еңбекке деген ынтасы кеміді.
Сондай-ақ нақты және жалған жұмыссыздық болады. Бірінші жағдайда, адамның еңбекке деген қабілеті және ықыласы болады, бірақ еңбек рыногында түрлі жағдайларға байланысты ол жұмыс орнын таба алмайды. Екінші жағдайда, әр түрлі себептермен еңбекпен айналысқысы келмейтін адамдарды сипаттайды. Жұмыссыздық ашық және жасырынды, ұзақ және қысқа мерзімді болуы мүмкін. Ұзақ мерзімді жұмыссыздыққа циклдік және құрылымдық, ал қысқа мерзімді жұмыссыздыққа маусымдық және фрикциондық жатады.
Құрылымдық және фрикциондық жұмыссыздықтар оның «табиғи» деңгейін білдіреді. Циклдық факторлар жұмыссыздықты «табиғи» деңгейінен жоғарылатады. Жалпы жұмыссыздықтың табиғи деңгейі АҚШ - та ХХғ. 90- жылдары 6-7 % болса, экономикасы дамыған басқа елдерде ол біршама төмен. [2, 246-248б. ]
Жұмыссыздықтың тағы бір түрі ол - бөлек жұмыссыздық, ол кәсіпорын өніміне сұраныс азайғанда пайда болады, Бұл жағдайда кәсіпкер алдында екі мүмкіншілік бар: персоналдың бір бөлігін босатып, басқа бөлімін толық жұмыс уақытысында жасатып, екіншісі, барлығын бірдей қалдырып бірақ толық жұмыс уақтысымен жұмыс істетпейді. Осыны біз бөлек жұмыссыздык деп есептейміз. Жұмыссыздарды есепке алу қажеттігіне және жұмыс іздеушілерге мемлекет тарапынан сәйкес шаралар қолданылуына байланысты: тіркелген жұмыссыздықты, яғни, жұмыспен қамтамасыз етілмеген, табылған уакытта істеуге даяр, мемлекеттік органдарда тіркеуде тұрған жұмыссыздар және жасырын жұмыссыздық - ол өндірісте тіркеуде, бірақ шын мағынасында артық болып табылатын жұмысшыларды бөліп карастырады. Олар әкімшілік реттеулерге байланысты уақытша демалысқа шыққандар.
Бақылау бойынша жұмыссыздық деген де бар, ол кезекті анкеталық сұрастыру нәтижесінде еңбек нарығындағы шын жағдайды сипаттайтын бағалау көрсеткіші. [5, 432б]
Жұмыссыздықтың ел экономикасына тигізер әсері мол және оның салдарын экономикалық және әлеуметтік деп бөліп қарастыруға болады.
Жұмыссыздықтың экономикалық емес салдарлары - бұл жұмысты жоғалтудың психологиялық, әлеуметтік және саяси салдарлары.
Жұмыссыздықтың экономикалық салдарлары табысты немесе табыстың белгілі бір бөлігін (яғни, ағымдық табыстың төмендеуінен) жоғалтудан, сонымен қатар, біліктілікті жоғалтудан (әсіресе, жаңа мамандық иелері үшін) көрінеді және сондықтанда болашақта жалақысы жоғары беделді жұмыс орнын табу мүмкіндігі төмендеуі мүмкін. [1, 74-77б]
Енді, осы жұмыссыздық зардаптарына кеңінен тоқталатын болсақ, көбіне жұмыссыздықтың экономикалық әсері сипатталады да, кумулативті характерге ие әлеуметтік әсері ескерусіз қалады. Бірақ та жұмыссыздықтың елдің жағдайына тигізетін әсері көбіне әлеуметтік жағдаймен өлшенеді.
Кері әсерлер:
1. Крименогенді жағдайдың өршуі;
2. әлеуметтік кернеудің өршуі;
3. физикалық және психологиялық аурулардың көбеюі;
4. әлеуметтік дифференцияның өсуі;
5. еңбек белсенділігінің төмеңдеуі.
Пайдалы әсері:
1. Жұмыс орнының әлеуметтік маңызының артуы;
2. Өз бос уақытының көбеюі;
3. Жұмыс орнын таңдаудағы еркіндік;
4. Әлеуметтің мән мен еңбек құндылығының артуы.
Экономикалық салдарлары:
Кері әсерлер:
1. Алған білімнің құндылығын жою;
2. Өндірістің төмендеуі;
3. Жұмыссыздарға көмек шығындары;
4. Квалификациясын жоғалту;
5 Өмір сүру деңгейінің төмендеуі;
6. Ұлттық табыстың төмендеуі;
7. Салықтың аз жиналуы.
Пайдалы әсері:
1. Экономиканы қайта жарақтауға жұмыс күшіің резервін жасақтау;
2. Еңбекке бейімділігін өсіру мақсатында жұмысшылар арасында
конкуренция;
3. Білімін жоғарылату үшін уақыт;
4. Еңбек өнімділігі мен өндіріс интенсивтілігі жоғарылауы.
Жұмыссыздықтың осындай экономикалық және экономикалық емес зардаптарының болуы еңбек нарығына мемлекеттің араласуын әрдайым талап етеді. Мемлекет еңбек нарығын реттеуде мақсатты бағытталған саналы түрдегі экономикалық саясатты жүргізеді. Ол ұлттық деңгейде еңбек қатынастарын (жұмыс күнінің ұзақтылығы, жұмысқа жалдау және жұмыстан босату тәртібі, еңбек қауіпсіздігі, ең төменгі жалақы деңгейі, демалыс күндерін және еңбек демалыстарын ұйымдастыру, т. б. ) реттейтін заңдылық жүйесін әзірлейді. [4, 171б]
Жұмыссыздық деңгейі және оның экономикалық өсуге әсері
2. 1. Жұмыссыздық деңгейі және қазіргі таңдағы Қазақстандағы жұмыссыздықты бағалау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz