Азаматтық құқық бұзушылық
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-5
1 Құқық бұзушылық туралы
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..6-10
1.1 Әкімшілік құқық бұзушылығы үшін
жауапкершілік ... ... ... ... ... .. ... ...6-10
1.2 Қылмыстық жауапкершіліктің
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...11-16
1.3 Азаматтық құқық
бұзушылық ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
7-19
2 Заңды жауапкершіліктің жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20-24
2.1 Заңды
жауапкершілік ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..20-24
2.2 Заңды жауапкершіліктің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 5-30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Қолданылған қайнар көздер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы: "Құқық бұзушылық онымен күрес."
Оның мақсаты-елімізде болып жатқан құқық бұзушылықтың алдын алу жолдарын
анықтау және онымен күресудің шараларын сипаттап, қоғамға тиімділігін
саралап ашып, жеткізу.
Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік
етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни,келешегі болмайды. Мұны
адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтанда қоғамда тәртіп орнатудың
жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім
азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады.
Құқық бұзушылық-қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол
да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс.
Құқық бұзушылық-заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген
міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-
әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-
әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-
қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады.
Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет,
мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың
елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен
ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен
тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе
әрекетсіздік болып табылады. Әрекет-бұл құқықтық нормаларының іс-қимыл
жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын
ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.
Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп
қоғамның, жеке адамның, мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық
тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде
тәртіп бұзылады,қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір
игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне
зиян келтіреді.
Азамат өзіне жүктелген міндеттерді орындаса немесе құқықтары мен
бостандықтарын пайдалана алса,мұндай іс-әрекет азаматқа да, қоғамда да
пайдасын тигізетіні сөзсіз. Азаматтар заңда белгіленген міндеттерін
бұлжытпай орындаса, қоғамда заңдылық орнап, құқықтық тәртіп сақталады.
Азаматтар өз құқықтары мен бостандықтарын тиімді пайдалана алса,қоғамның
жан-жақты дамуына, адамдардың тұрмыс жағдайларының жақсаруына, халық
мәдениетінің өркендеуіне тиісті жағдай туады.
Содықтан әр мемлекет,оның аппараттары мен органдары қоғамда
заңдылыққа,құқықтық тәртіпке нұқсан келтірмеуді қамтамасыз етеді. Олар жеке
жэне заңды тұлғалардың іс-әрекеттерін қатаң бақылап отырады.
Құқық бұзушылық өзіндік пайда бағу, даму және жойылу заңдылықтарына ие
белгілі бір қоғамдық құбылыс ретінде көптеген жекеленген құқық
бұзушылықтардан құралады, олардың барлығы да ортақ қасиетке ие болады.
Белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздік әлеуметтік табиғаты мен заңды
нысанын бейнелейтін осындай қасиеттердің жиынтығы құқық бұзушылықтың
түсінігін береді. [1,204-2056]
1 Құқық бұзушылық туралы ұғым
1.1 Әкімшілік құқық бұзушылығы үшін жауапкершілік
2001 жылғы 30-қаңтарда қабылданған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
Қазақстан Республикасы Кодексінің ӘҚБтКерекше бөлігінде көзделген құқық
бұзушылық құрамының барлық белгілері бар әрекет жасау әкімшілік
жауаптылықтың негізі болып табылады. Жеке адамның осы Кодекс бойынша,-
делінген Кодекстің 28-бабында,-әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа
қарсы, кінәлі қасақана немесе абайсызда жасалған іс-әрекеті не
әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не
әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады.Кодекстің ерекше
бөлігінің баптарында көзделген құқық бұзушылықтар жасалған жағдайда, егер
олар өзінің сипаты бойынша заңдарға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп
соқпаса, әкімшілік жауаптылық туындайды.
Әкімшілік құқық бұзушылық азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің
мүдделеріне зиян келтіретін және құқыққа қарсы әрекет болып
табылады.Әкімшілік жауаптылыққа әкеп соқтыратын нақты әкімшілік құқық
бұзушылықтардың түрлері ӘҚБтК-тің ерекше бөлігінің 80-537-баптарында
қаралған. Бұл құқықтық нормалармен қаралмаған әрекеттерді әкімшілік құқық
бұзушылық деп санауға болмайды, сондықтан олар әкімшілік жауаптылыққа әкеп
соқтыруы мүмкін емес.Оларға ұқсас қылмыстардан әкімшілік құқық бұзушылық
тек өзінің аз дәрежедегі қоғамдық қауіптілігімен ажыратылады, сондықтан
әкімшілік деликтердің қоғамдық қауіптілігі туралы емес, зиян келтіретіні
туралы жиі айтылады.
Құқыққа қарсылық пен қоғамға қауіптіліктен басқа , әкімшілік құқық
бұзушылықтың міндетті белгілері әрекеттің кінәлілігі және жазаланушылығы
болып табылады. Кінәлілік құқық бұзушының қасақана немесе абайсызда
өзеркімен әдейі жасаған әрекетін білдіреді. Ұйымның кінәсі оның лауазымды
адамдарының немесе өкілдерінің кінәсіне қарай анықталады. Құқық
бұзушылықтың жазаланушылығы-бұл оны дасаған үшін ӘҚБтК-пен көзделген
әкімшілік жауаптылық. ӘҚБтК-тің 9-бабында осы кодексте белгіленген негіздер
мен тәртіптен басқа жағдайларда, ешкімде әкімшілік жазаға, әкімшілік құқық
бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына ұшыратылуға тиіс
емес деп белгіленген.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы-бұл заңдық элементтердің жиынтығы,
солар болған жағдайда әрекет әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады да
әкімшілік жауаптылық туындайды.
Басқаша айтқанда, бұзушының әрекетінде белгілі бір заңдық элементтер
болған жағдайда ғана ол әкімшілік жауаптылыққа жатады. Мұндай элементтер
әкімшілік құқық бұзушылықтың объектісі, объективтік жағы, субъектісі және
субъективтік жағы болып табылады.
Әкімшілік жауаптылық өкілетті органның лауазымлы адамның әкімшілік
құқықтың қолданылып жүрген нормаларымен қаралған нақты әкімшілік-құқықтық
санкцияларды құқық бұзушылықтың ерекше түрін-әкімшілік құқық бұзушылық
жасаған кінәлі жеке және заңды тұлғаларға қолдануынан көрініс табады.
Сонымен, әкімшілік жауаптылықтың шараларына жазалаушылық әкімшілік
жаза функциясы тәнді, бұл олардың жалпы және жеке-дара ескерту алдын-ала
маңызын жоққа шығармайды.
Әкімшілік жауаптылықтың өзінің нормативтік-құқықтық базасы бар.
Қазіргі кезде оны регламенттейтін негізгі нормалар ӘҚБтК-те жинақталған.
Кодекстің жалпы бөлігінде әкімшілік жуаптылықтың субъектілері адам
және заңды тұлға айқындалған, әкімшілік жауаптылыққа тартудың шарттары,
әкімшілік жазалардың түрлері мен оларды қолданудың тәртібі және т.б.
қаралған. Кодекстің ерекше бөлігінде қол сұғылатын объектілерге және
мемлекет қызметінің аяларына қарай әкімшілік құқық бұзушылық нақты
құрамдары бар. Ерекше бөліктің баптарымен құқық бұзушылық құрамдарының
әрқайсысы үшін санкцияларға белгіленген, әкімшілік құқық бұзушылық туралы
істерді жүргізу реттелген.
Әкімшілік жауаптылықтың мақсаттары ӘҚБтК-пен айқындалған әкімшілік
құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттерінен туындайды.
Олар адамның жеке басын, адам мен азаматтың кұқықтары мен
бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен санитарлық-эпидемиялогиялық
салауаттылығын, қоғамдық имандылықты, меншікті, қоршаған ортаны,
мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгіленген тәртіпті, заңды тұлғалар
мен олардың бірлестіктерінің құқықтарын әкімшілік кұқық бұзушылықтан
қорғаудан, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алудан тұрады. Осы
мақсаттарға сәйкес ӘҚБтК-те нақты әкімшілік құқық бұзушылықтардың құрамдары
тұжырымдалған.
Әкімшілік жауаптылық жалпы міндетті болып табылатын ережелерді, яғни
олардың реттеушілік ықпалына тап болатын барлық жеке және заңды тұлғаларға
таратылатын, бұзған немесе сақтамаған жағдайларда туындайды. Олар әр түрлі,
негізінен арнайы сипаты болады. Бұл, мысалы, стандартизациялау; есеп және
статистика; қозғалыс қауіпсіздігі мен көлік құралдарын пайдалану; әскери
есеп; шекаралық режим; контрабандымен күрес; валюта айналымы және басқалар
туралы ережелер.
Әкімшілік жауаптылық әкімшілік-құқықтық нормаларды бұзған жағдайда
пайда болады. Сонымен бірге ӘКБтК-те еңбек, қаржылық, жер және тағы басқа,
тіпті Конституциялық құқық нормаларын бұзған үшін мұндай жауаптылыққа тарту
мүмкіндігі қаралған. Бұл оның салааралық құқықтық салалардың арақатынасы
мағынасында маңызы бар екенін білдіреді.
Әкімшілік жауаптылық үшін әкімшілік құқық бұзушылық жасаған
кінәлілерді тарататын органмен лауазымды адаммен және кінәлі тараптың
арасында қызмет, жұмыс немесе оқу жөнінен бағыныстық қатынастардың жоқ
болатындығы тәнді. Бұл түсінікті де, өткені бұзылатын ережелер қызметтік
немесе өзге де бағыныстылықтың тар шеңберінен тысқары болады.
Әкімшілік жауаптылықты іс жүзінде негізінен соттар және бұған арнайы
уәкілдік етілген, бақылау-қадағалау функциялары мен өкілеттіктері берілген
тиісті атқарушы органдардың өкілі болып табылатын лауазымды адамдар жүзеге
асырады.
Әкімшілік жауаптылық өзінің тікелей көрінісін әкімшілдік құқық
бұзушылық жасаған тұлғалар жөнінде қолданылатын әкімшілік мәжбүрлеудің
ерекше шараларынан-әкімшілік жазалардан табады.
Әкімшілік жауаптылықты жүзеге асырудың процессуалдық нысаны ӘҚБтК-пен
белгіленген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізудің ерекше тәртібі
болып табылады. [2, 299-300 6]
Ақыр сонында, әкімшілік жауаптылықтың негізіне құқық бұзушылықтың
ерекше түрі-әкімшілік құқық бұзушылық жатады.
Сонымен, әкімшілік жауаптылық кімде кімдер тиісті әкімшілік-құқықтық
нормалардың талаптарын қажетті түрде орындамаса, солар үшін жағымсыз сипаты
бар белгілі бір салдардың туындауын білдіреді. Ең жалпы түрде ол әкімшілік
құқық бұзушылық жасаудың нәтижесі ретінде сипатталады.
Әкімшілік жауаптылықтың заңдық жауаптылықтың өзге түрлерімен
арақатынасы қандай?
Әкімшілік жауаптылық заңдық жауаптылықтың нақты бір түрі болып
табылады. Оған тәнді ерекшеліктер әкімшілік жауаптылықпен және осындай
жауаптылықтың өзге түрлерінің арасындағы шегін айыруға мүмкіндік береді.
Сонымен, қылмыстық жауаптылық үшін қылмыс жасау негіз болып
табылады.Ол тек қана сот арқылы туындайды, оның негізгі тараптары қылмыстық
кодекспен және қылмыстық іс жүгізу кодексімен регламеттелген; қылмыстық
жауаптылыққа тек адамдар жатады.
Тәртіптік жауаптылық, соттан тысқары тэртіппен туындайтын болса да, бұл оны
әкімшілік жауаптылықпен жақындастырады, мынандай қатынастарға тәнді,
олардың шеңберінде тәртіптік биліктің субъектісі болып табылатын органға
немесе лауазымды адамға кінәлі адам бағындырылған. Оның негізгі
лауазымдыққызметтік міндеттерін бұзу немесе тиісінше орындамауға саятын
тәртіптік қызметтік терісқылық болып табылады, сол үшін кінәлі адамға
тәртіптік жаза қолданылады.[2, 303 - 306 6]
1.2 Қылмыстық жауапкершіліктің негіздері
Қылмыс жасау сәтінен бастап мемлекет пен қылмыс жасаушы тұлғаның
арасында туындаған қатынастарды реттейтін, сол сияқты өзге құқық
салаларымен реттелген мүлде реттелмеген қоғамдық қатынастарды қорғайтын
нормалардың жиынтығын қылмыстық құқық деп атаймыз. Ол осы жолда қандай
әрекеттер қылмыс болып табылатындығын, олар үшін қандай жазалар қолдану
керектігін, қандай жағдайларды тұлға жаза мен жауаптылықтан
босатылатындығын, қылмыстық жазаны іске асыруда, қылмысқа қарсы күрес пен
оның алдын алуда қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қатысу нысандарын
қарастырады.
Қылмыстық құқықтың реттеу әдісі қылмыстық құқықтық нормаларды бұзғаны
үшін міндетті түрде қылмыстық жаза қолданылатындығымен сипатталады.
Қылмыстық құқықтың барлық нормалары екіге, Жалпы және Ерекше бөлімге
бөлінеді.
Жалпы бөлім қылмыстық жауаптылықтың негіздерін, міндеттері мен
принциптерін, жекелеген жаза түрлерінің қолдану шегін, оларды тағайындау
тәртібін белгілейтін нормалардан, шартты түрде жаза қолдануды, қылмыстық
жаза мен жауаптылықтан босатуды, үкімнің орындалуын кейінге қалдыруды
реттейтін институттарды орнықтыратын нормалардан, сондай-ақ, сотталғандарды
түзеу ісін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қатысу нысандарын
көрсететін нормалардан тұрады.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен
оларды жазалаудың ерекшеліктері де, соттылықты жою мен алып тастау шарттары
да Жалпы бөліммен реттеледі.
Жалпы бөлімнің нормалары өзара да, Ерекше бөлімнің нормаларымен де
тығыз байланысты.
Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің нормалары жаза түрлері мен оның
қолдану шегін көрсете отырып, нақты жекелеген қылмыстарға сипаттама береді.
Құқық саласы ретіндегі қылмыстық құқықтан қылмыстық құқық ғылымы
өзгеше.
Кез келген құқық саласы үш мағынада, атап айтқанда, құқық саласы
ретінде, ғылым ретінде саласы ретінде және оқу пәні ретінде түсініледі.
Оларды бір-бірімен шатыстыруға өсте болмайды, өткені олар әр түрлі ұғымды
қамтиды.
Сонымен қылмыстық құқықтан қылмыстық ғылымы өзгеше. Ол-қылмыстық
құқықтық идеялар мен көзқарастардың, қылмыс пен жаза және олармен
байланысты институттар хақындағы пікірлер мен ойлардың жүйесі, Қылмыстық
құқық ғылымы қылмыстық жауаптылықтың негіздері мен белгілерін, мазмұнын аша
түседі, қылмыс құрамының, сондай-ақ істің қоғамға қауіптілігі мен заңға
қайшылығын жоятын мән-жайлардың түсінігін беріп, белгілерін зерттейді,
алдын ала жасалған қылмыстық әрекеттер үшін, қылмысқа қатысушылық үшін
жауапкершіліктің теориялық негізін жасайды, қылмыстың көптігіне түсінік
беріп, оны топтастырады.
Қылмыстық жазаны зерттей отырып, оның мазмұны мен мақсатын анықтайды,
жазаның жекелеген түрлеріне, оларды тағайындау тәртібі мен негіздеріне
талдау жасады.
Қылмыстық құқық ғылымында жазадан босату және жаза мен жауапкершілікті
қоғамдық әкімшілік шаралармен алмастыру мәселелері қомақты орын алады. Осы
орайда тек қылмыстық заң ғана емес, сонымен қатар, оны қолдану тәжірибесі
де зерттеледі.Қылмыстық заң мен құқық қолданудағы кемшін тұстары анықталып,
оны дамытуда бағытталған ұсыныстар жасалады.
Қылмыстық құқық ғылымы өз пәнін зерттеу барысында диалектиканың негізі
әдістеріне ғана емес, сондай-ақ, жүйелік, логикалық-құрылымдық,
салыстырмалы құқықтанушылық, нақты әлеуметтік сипаты жеке зерттеу
әдістеріне жүгінеді. [ 2, 557 6]
Қылмыстық құқықтың міндеттерін оның пайда болуымен тікелей байланысты,
бағзыдан келе жатқан қорғау міндетінен бастауға болады. ҚР
Қылмыстық кодексінің 2-бабында: адам мен азаматтың құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен
заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны,
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын,
қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол
сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау
міндеттері қөрсетілген. [3,2 бабы]
Бұрыңғы қылмыстық кодекстерде қорғалатын объектілерді баяндау ретінің
өзгеше болғандығын, алдыңғы кезекте мемлекеттік, қоғамдық, содан соң ғана
жеке адамның мүдделерін қорғау тұрғандығын айта кету керек.
Қылмыстық құқықтың қорғау міндеті туралы сөз қозғағанда екі тұрғыдан
келген мәлім. Алғашқысы, қылмыстық заңның жалпылама ескертпесі ( қылмыстың
жалпылама алдын алу міндеті), яғни азаматтарды қылмыс жасаудан тыйым салу
арқылы сақтандыру. Тек қана тыйым салатын нормалар емес, сонымен қатар
кейбір істерді жасауға жол беретін әрекеттермен де ( мысалы, қажетті
қорғану мен аса қажеттілік туралы) жалпылама ескертпе жасалады. Өйткені
мұндай нормалардың да қылмыстың алдын алуда өз үлесі бар.
Екінші, қылмыстың жеке дара алдын алу міндеті (арнайы ескертпе). Ол
бұған дейін қылмыс жасаған адамдарға қылмыстық жаза медициналық және
тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу, шартты соттау сияқты шараларды қолдану
арқылы жаңа қылмыс жасаудан сақтандырады.
Бұл қылмыстық құқықтың негізгі міндеттері. Бұдан басқа да міндеттері
(мысалы, тәрбиелеу) айтуға болады. Қылмыстық заңның бұл көрсетілген
міндеттері қылмыстық саясат арқылы жүзеге асады, ал ол кең мағынасында
қылмыспен қүресу жолындағы мемлекеттің ұстанған саясаты болып табылады.
Қылмыстық құқықтың принциптері. Қылмыстық құқықтың принциптері -
қылмыстық құқық басшылыққа алатын оның институттары мен нормаларының
негізгі мазмұны мен бағытын анықтайтын бастаулар.
Қылмыстық құқық қандай жетекші идеяларды ұсынады? Олардың бірқатарын санап
шығуға болады, бірақ соның ішінде төмендегі он принцип: қылмыстық құқықтың
басты-басты қағидалары:
1.Заңдылық принципі. Ол қылмыспен күресуді заң шеңберіңдегі оның
талаптарын мүлтіксіз орындай отырып, жүргізуге иек артады. Ешкім де соттың
үкімінсіз, яғни заңға қайшы жолмен кінәлі болып табылмайды. Соңдықтан да
қылмыстық заң қылмыстардың нақты тізімін көрсетеді. Қылмыстық заң нормасын
ұқсастығы бойынша (аналогия) қолдануға тыйым салынады.
2.Заң алдында азаматтардың теңдігі принципі. Ол адамның тегіне,
әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына,
тіліне, діңге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне қарамай қылмыстық
заң алдында бірдей жауап беретіндігін көрсетеді. ҚР Конституциясының 14 -
бабында Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, -делінген.
3.Қылмыстық құқық принциптерінің еңді бірі - қылмыс жасаған үшін
қылмыстық жауапкершіліктің тумай қоймайтындығы. Әрбір қылмыс жасаушы
қолымен істегенді мойнымен көтеретінін біліп жүруге тиіс. Бұл принципті
жүзеге асыру нысандары болып мемлекет атынан оның органдарының қылмыстық
істі қозғауы, айып тағуы, соттауы, жаза тағайындауы мен орындауы табылады.
4.Жеке жауапкершілік принципі. Қылмыс жасаған үшін заңды тұлғалардың
емес, тек қана жеке тұлғалардың (адамдардың) қылмыстық жауаптылығын
көрсетеді.
5.Айыпты жауаптылық принципі қылмыстық әрекет үшін басқа адамдар
(баласы, ата-анасы т.б.) емес нақ сол әрекетті жасаушы адамды жауапқа
тартуды ғана білдірмейді, сонымен қоса оны айыпты түрде жасаған адам айыпты
екенін көрсетеді. Объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін
(қапылыста,жәбірленушінің кінәсінен т.б.) қылмыстық жауаптылыққа жол
бермейді.
6.Әділдік принципі объективті, жеткілікті, заңға сәйкес мәліметтерге
сүйене отырып қана қылмыстық жауапқа тартуға болатынын, айыптының жасаған
ісі мен тартқан жазасының сәйкес болуын, бір қылмыс үшін қайталап жауапқа
тартуға болмайтынын білдіреді.
7.Демократизм принципі. Сот төрелігін жүзеге асыру барысында істі
қатысушылар мен сол ауданның басым бөлігі білетін тілді жүргізу,
соттаушыларды егер қажет етсе, аудармашының көмегімен қамтамассыз ету
демократизм принципінің көрінісі болып табылады.
8.Гуманизм принципінің мәні кішігірім қылмыстарды алғаш жасаған
адамдарға кешірімен қарап, жеңіл жаза тағайындап, кейде әкімшілік
жауапкершіліктен ауыстыра отырып, қылмыстық жауапкершіліктен толығымен
босатудан, керісінше ауыр қылмыс жасағандарға, рецидивтерге, ұйымдасқан
құрылымдардың мүшелеріне неғұрлым ауыр жаза қолданудан тұрады.
9 .Қылмыстық қудалау шараларын орынды қолдану принципі. Мемлекет
қылмыстылық қудалауды (жазаны) қылмыс жасаушының түзеудің басқа жолы
қалмағанда қолдануға шарасыздан барады. Аталмыш принциптің көрінісін
жазаның көлемі мен салмағын қысқартудан, бас бостандығынан айырмайтын
шаралар салмағының өсуінен, орынды жерде оларды әкімшілік немесе қоғамдық
ықпал ету нысандарымен ауыстырудан, кейбір қылмыстарды әкімшілік құқық
бұзушылық санаттары қатарына қосудан көрінеді.
10. Интернационализм принципі ұлттық тендікті бұзғаны үшін басқа
мемлекеттің мүддесіне, халықаралық қауіпсіздікке, ұлттар арасындағы
бейбітшілікке қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік белгілейтін нормалардан
көрініс табады. [4, 14 баб ]
Қылмыстық заң - халықтың басым бөлігінің еркі мен кұқықтық санасының
көрінісі есебінде ҚР Парламенті қабылдайтын нормативтік актілердің бірегейі
болып табылады. Бұл акт қандай әрекеттер (іс-әрекеттер немесе
әрекетсіздіктер) қылмыс болып табылатынын, оларды жасаушылар қандай жаза
қолдану керектігін, қылмыстық жауапкершіліктің маңызды принциптері мен
жалпы ережелерін анықтайды.
Қылмыстық заң (Қылмыстық кодекс) Қылмыстық кодекстің 1-бабында шегелеп
тұрып көрсетілгендей, қылмыстық құқықтың бірден-бір қайнар көзі болып
табылады. Ешқандай да сот прецеденті, әдет-ғұрып т.б. да актілер қылмыстық
құқықтың қайнар көзі бола алмайды. Қылмыстық жауаптылықты көздейтін өзге
заңдар оларды осы Кодекске енгізгеннен кейін ғана қолданылуы тиіс, - дейді
ҚР КҚ 1 - бабы.
Жалпы заңды, соның ішінде қылмыстық заңды да ҚР Парламенті қабылдайды
дедік. Дегенмен, Конституцияның 53 - бабынан Палаталардың бірлескен
отырысында Парламент:Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата
депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысымен бір жылдан аспайтын
мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге халқылы, - деген жолдарды оқыз.
Конституцияның 61- бабының 2 - тармағына сәйкес Президенттің заңдар
жобаларын қараудың басылымдығын белгілеуге, соңдай - ақ осы жоба жедел
қаралады деп жариялауға құқығы бар". Егер Парламент аталмыш заңды бір ай
ішінде қабылдамаса, Президент жаңа заң қабылданғанға дейін қолданылатын
заң күші бар Жарлық шығаруға өкілеттегі бар уақыттарда ол қылмыстық
заңдарды да қабылдауы мүмкін.
Қылмыстық занның негізгі міндеттеріне қылмыстық жауаптылықтың
талаптары мен принциптері, негізін, қылмыс түсінігінің жалпылама
белгілердің, қоғамға қауіпті іс - әрекеттер мен әрекетсіздіктер шеңберін,
қолданылатын жазалардың түрлерін анықтау жатса, осы міндеттерді орындау
арқылы қылмыстың алдын алу, яғни қылмыстарды болдырмау мақсатын көздейді.
[7, 252-2556 ]
1.3 Азаматтық құқық бұзушылық
Қазақстан Республикасының бір тұтас құқық жүйесі бірнеше салаға
бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын-
азаматтық құқық. Азаматтық құқық сала ретінде елімізде қалыптасып келе
жатқан нарықтық эканомиканың бірден-бір негізі десек те болатын шығар.
Өйткені, бұл саламен реттелетін құқық қатынастарының шеңбері кең.
Азаматтық құқықығымен реттелетін қатынастардың түсінігін беру үшін
қүқық теориясында қолданылып жүрген ережелерге сүйенуіміз қажет. Яғни
айтқанда, реттеу пәні мен реттеу тәсілі. Осы жоғарыда көрсетілген екі
категорияның негізінде азаматтық құқығына сала ретінде тек анықтама емес,
оның басқа құқық салаларын ерекшелігін де көрсетуге болады.
Азаматтық кодекстің 1-ші бабының 1-ші тармағында көрсетілгендей,
азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне
негізделген өзге де мүліктік қатынастар, содай-ақ мүліктік қатынастарға
байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Сонымен қатар, мүліктік
қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарда да азаматтық
заңдармен реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не
мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды. [ 5, 1 баб, 1 тармақ ]
Жоғарыда көріп отырғанымыздай, азаматтық құқығымен реттелінетін
қоғамдық қатынастардың негізгісі болып табылатыны-мүліктік қатынастар.
Сондықтан да айтып кеткен жөн болар, кез келген мүліктік қатынастар емес,
қоғамның негізін қалайтын тауар-ақша қатынастары, яғни азаматтық құқық
субъектілерінің кез келгенінің қатысуымен және әр түрлі көріністерде (мүлік
беру, жұмыс, қызмет) байқалатын мүліктік қатынастар.
Мүліктік қатынастарға негізінен, қоғамдағы өндіріс құрал-жабдықтарана,
мүліктік игіліктерге және басқа да материалдық құндылықтарға байланысты
туындайтын қоғамдық қатынастар жатады.
Мүліктік емес жеке қатынастар, мүліктік қатынастарға тығыз байланысты
мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастарға байланысы жоқ
мүліктік емес жеке қатынастар болып екі топқа бөлінеді. Азаматтық заңдармен
реттелетін мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарға
құндылық маңызы жоқ қатысушылардың қоғамдық сипатын белгілейтін материалдық
емес құндылықтар жатады. Мәселен, әдеби шығармамен, ғылыми еңбекпен
айналусушылар немесе өнертапқыш өзінің авторлығын анықтау арқылы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz