Банктік несиені заңсыз алу
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-5
1. Банктік қызмет саласындағы қылмыстылық.
1.1 Қазақстан Республикасындағы банктік қызметті реттейтін заңнаманың
даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .6-7
1.2 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстылықта банктік
қылмыстылықтың алатын
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8-
20
1.3 Банктік қызметті реттеудегі ТМД елдерінің
тәжірибесі ... ... ... ... ..21-23
2. 3аңсыз банктік қызмет.
2.1 Заңсыз банктік қызметтің қылмыстық құқықтық сипаттамасы ... ... ...24-
27
2.2 Заңсыз банктік қызметтің квалификациялануының
түрлері ... ... ... ... 28-29
2.3 Заңсыз банктік қызмет үшін
жауапкершілік ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 30-32
2.4 Криминологиялық аспектілері: себептері мен алдын алу шаралары ... 33-36
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .37-38
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..39-41
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42
Кіріспе.
Қазіргі Қазақстандағы экономикалық қызметтің
бостандығы
заңшығарушылардың алдына жаңа мәселені, экономикалық қызметтің
барлық қатысушыларының, соның ішінде барлық қоғам мен азаматтардың
бар болуы мен дамуының кепілі ретінде мемлекеттің де құқықтары мен
мүдделерін қамтамасыз ету мәселесін қойып отыр. Банк
жүйесінің жағдайы мен дамуына мемлекеттік бақылау
несиелік ұйымдардың банктік қызметіне реттеулі түрде әсер ету
және оған жариялы түрде кірісудің негіздері мен шектерін
анықтаумен жүзеге асырылады. Менімен жүргізілген
криминологиялық зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып,
қазіргі банктік қызметте негативті құбылыстар мен
тенденциялар бар екенін айтуға болады.
Дипломдық жұмыс зерттеулерінің мақсаты болып, заңсыз банктік
қызмет үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастырылатын қылмыстық -
құқықтық нормаларды қолданудың теоретикалық және практикалық
мәселелер кешенін зерттеу және 191-бапты (заңсыз банктік
қызмет) қолданудың тәжірибесі мен қылмыстық заңнамасын дамыту
туралы ұсыныстар жасау.
Дипломдық жұмыста ҚР-ның ҚК-сі, банктік қызметті тіркеу мен
лицензиялау тәртібін реттейтін банктік заңнамаға анализ жасалып отыр.
Қазақстандық заңнамада зерттелмеген шетелдердің
қылмыстық құқығындағы мәселелер мен қоса тақырыпқа байланысты
тарихи - құқықтық мәселелер қарастырылып отыр. Жұмыста банктік
қызмет ұғымына толық анализ жасалынды. Сонымен қатар зерттеліп
отырған әрекеттің мазмұны мен белгілерінің қатынасының
объективтік жағы (тіркеусіз, шарттары мен талаптарын бұзу, ірі мөлшерде
зиян келтіру , ірі мөлшерде табыс табу және т.б.) белгіленді;
квалификациялау белгілері анықталды; заңсыз банктік қызметтің
заңнамалық анықтамасын дамыту бойынша ұсыныстар жасалынды; ҚР ҚК-нің 191-
бабының 2-тармағына қосымша санкцияның еңгізілуі ұсынылып отыр.
Зерттеу объектісі мен пәні.
Берілген дипломдық жұмысымның зерттеулерінің объектісі болып заңсыз
банктік қызмет туралы қылмыстық құқықтық нормалардың қолданылуы мен
мазмұнына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар табылады.
Пәні ретінде заңсыз банктік қызмет үшін жауапкершілікті бекітетін
қылмыстық - құқықтық норма және де басқа азаматтық, қаржы және т.с.с.
қылмыс құрамының бланкеттік сипатын ашатын заңнама нормалары, ұқсас әрекет
үшін жауапкершілікті регламенттейтін шетелдердің қылмыстық заңнамасының
нормалары, сот - тергеу тәжірибесі, ҚР Ұлттық Банкінің ведомстволық
нормативтік актілері, сонымен қатар ғылыми басылымдар (монографиялар, оқу
әдістемелері, мақалалар), диссертациялық зерттеулер кезіндегі жеткен
нәтижелер және т.б.
Жұмыстың негізгі қорғалатын ұсыныстары:
1.Банктік қызметті қорғау саласында шетелдік қылмыстық заңнаманы құқықтық -
салыстыру анализінің нәтижесінде қылмыстық - құкықтық бөлудің келесі
түрлері ұсынылады:
А) Лицензиясыз, лицензиялауды талап ететін кез - келген қызмет үшін
жауапкершілікті қарастыратын, жалпы нормасы бар мемлекеттер (Голландия ҚК,
Дания ҚК, Испания ҚК, Өзбекстан Республикасының ҚК)
Ә) Заңсыз банктік қызмет пен заңсыз кәсіпкерлік үшін қылмыстық
жауапкершілік 1-бапта қарастырылатын мемлекеттердің қылмыстық заңнамасы
(Азербайжан Республикасының ҚК, Беларусь
Республикасының ҚК, Молдаваның ҚК)
Б) ҚР-ның ҚК-індегідей заңсыз банктік қызмет үшін әдейі норма бөлінген
мемлекеттердегі қылмыстық заңнама (Болгарияның ҚК, Қытай ҚК, Ресей ҚК)
2.Заңсыз банктік қызметтің объектісінің теоретикалық дәлелденуі. Зерттеліп
отрыған қылмыс құрамының, яғии ҚР ҚК-нің 191-бабының (заңсыз банктік
қызмет) тікелей объектісі ретінде заңды банктік қызмет саласындағы пайда
болатын қоғамдық қатынастар етіп, осы баптың қосымша объектісі ретінде
мүліктік мүдделерді (мемлекеттің, легалды ұйымның және жәбірленушінің
мүліктік құқықтары)
3.ҚР ҚК-нің 191-бабымен (заңсыз банктік қызмет) қарастырылған қылмыстың
объективтік жағының белгілерінің анализінің нәтижелері:
А) Банктік қызмет ұғымына түсінік берілді. Банктік қызмет - бұл, өз
экономикалық мақсаттарына, жету үшін банктік операцияларды жүзеге асыруға
негізделген банктік және банктік емес несиелік ұйымдардың қызметі.
Ә) Заңсыз банктік қызмет қылмыстық әрекетін жасау нысандары белсенді
әрекетпен қатар мүлдем әрекет етпей әрекетсіздік таныту арқылы жүзеге
асырылуы мүмкін екендігін дәлеледедік;
Б) Заңсыз банктік қызмет қылмысының қоғамдық қауіптілігінің нәтижесі
ретінде зиян көрсетілген. Бұл жерде тек нақты зиян қана емес, алынбай
қалған табыс көрсетілуі қажет. Осыған байланысты ҚР ҚК-нің 191- бабындағы
ірі мөлшердегі зиян келтірумен ұштасса деген сөз байланысын ірі
мөлшердегі шығынға әкеп соқса сөз байланысына ауыстыру.
4.Заңсыз банктік қызметтің субъективтік белгілеріиің мазмұны. Қылмыстың
субъективтік жағы диспозицияда көрсетілген әрекеттерге қатысты тікелей
оймен түріндегі тікелей кінәмен, сонымен қатар мемлекет, ұйым және
азаматтарға келтірілген ірі мөлшердегі зиян (шығын) - ға қатысты
тікелей және жанама оймен. Яғни заңсыз банктік қызметті жүзеге асыру
кезінде тұлға банктік қызметті тіркеусіз, рұқсатсыз немес лицензиялау
шарттарын бұза отырып жүзеге асырып отырғанын біле тұра қылмыс жасау.
1.1 Нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен кәсіпкерліктің дамуы жағдайында
еліміздің экономикасында банк үлкен рөл атқарады. Банк сөзі итальянның
banco - ақша ұсақтау сәкісі, орындығы дегенді білдіреді. Банк бір жағынан
несие берушілердің ақша капиатлын орталықтандыруды, екінші жағынан,
заемшыларды орталықтандыруды білдіреді. Оның түсіретін пайдасы негізінен
қарызға бергенінен гөрі төменгі процентпен қарыз алуынан құралады.
Банк ұғымы былайша алғанда, заң салсына жатпайтын, экономикалық
ұғым болып көрінетін тәрізді , бірақ құқықтық мәселелеріне зер салған кезде
оның қажеттігі туындайды, өйткені, заң банк қызметін белгілі бір заңдық
салдармен байланыстырады.
Банк және оның мәні туралы мәселе әдебиеттерде мейлінше кеңінен
қамтылған. Мәселен, Е.Ф.Жуков оны қарыз капиталдарының қозғалысына, оны
шоғырландыру мен бөлуге байланысты кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі деп
санайды.1
И.О.Лаврушин банкті өнімі несиелік және эмиссиялық іс болып
табылатын ерекше кәсіпорын жүйесі деп қарастырады.2
Бруно Бухвальд банк дегеніміз ақша, несие және сол тәрізді
операциялармен айналысатын кәсіпорын болып табылады деп түсіндіреді.3
Американдық мамандардың айтуынша, банктер ақшалай және мүліктік
қаражаттар салымын қабылдайтын және оны әр түрлі шоттарда сақтайтын
мекемелер болып табылады. Сондай-ақ олар заем және басқа тәсілдер арқылы
несие береді және кәдімгі қатардағы салымшылар үшін ғана емес, сонымен
бірге Үкімет үшін де қаражаттар қозғалысын жеңілдетеді4 деген пікір
білдіреді.
Қазақстан Республикасындағы банк дегеннің өзі не екендігіне алғаш
рет 1990 жылы заң жүзінде жауап беруге талпыныс жасалған
болатын. Онда банк деп ақшаларды орналастыру мақсатында, сондай-ақ өзге де
банктік операцияларды жүзеге асыру үшін ақша қаражаттарын тартуға уәкілетті
мекемелер деген тұжырым жасалынды. Қазақстан Кеңестік Социалистік
Республикасының 1990 жылғы 7 желтоқсандағы Банктер және банктік қызметтер
туралы Заңына сәйкес банк дегеніміз өзінің жарғысы бар және толық
шаруашылық есеп пен өзін-өзі қаржыландыру принциптерінде әрекет ететін
заңды тұлға болып табылады.
Нарықтық қатынастардың дамуы заңнаманы, оның ішінде банкке
қатыстыларын, жаңартуды талап етті. 1993 жылы 14 сәуірде Қазақстан
Республиасының Қазақстан Республикасындағы банктер туралы Заңы
қыбылданды, соған сәйкес банк ақша қаражаттарын тартуға және оны
қайтарылуы, төленетіндігі және жеделігі жағдайында орналастыруға уәкілетті
мекеме болды.
Елдің орталық банкінің құқықтық мәселесі жеке қаралды.
1991 жылы 20 маусымда Қазақ КСР Ұлттық мемлекеттік банкісіне толық
шаруашылық есеп (кез келген өзге банк сияқты) принципінде әрекет етуге
құқық берілді және сонымен бір мезгілде оған заң шығарушылық бастама
құқығы, банк қызметі мәселелері бойынша міндетті орындауға жататын
нормативтік актілер шығару құқығы, сондай-ақ өзге банктердің қызметін
тексеруді жүзеге асыру, егер нормативті актілерді олар (банктер) бұзған
жағдайда, банкке ықпал ету шараларын қолдануға құқық берілді, 5 яғни
Ұлттық мемлекеттік банк мемлекеттік органның функцияларын иеленеді.
Заңнаманың шұғыл жаңаруы мемлекеттің орталық банкінің мәртебесі
тәрізді мәселені де шет қалдырған жоқ. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы
14 сәуірде қабылданған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы
Заңына сәйкес Ұлттық банк заңды тұлға болып табылады және
дербес балансы болды. Заң шығарушылар ұйымдық - құқықтық нысанды
анықтаған жоқ. Ұлттық Банктің қадағалау және бақылау функциялары, сондай-ақ
банк қызметі мәселелеріне қатысты нормативтік актілерді шығаруы сақталып
қалды. Жоғарыда аталған заңмен Ұлттық банк заң шығарушылық бастамадан да
айырылған жоқ.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін қабылдауды, саясат пен
экономика саласындағы елімізде болып жатқан өзгерістерді есепке ала отырып,
заңнаманы одан әрі жетілдіру Қазақстан Республикасы Президентінің 1995
жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасындағы банктер және банктер
қызметі туралы заң күші бар Жарлығының шығуына түрткі болды. Аталған
Жарлыққа 6 сәйкес банктік қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйым
болып табылатын Банк заңды тұлға болды.
Дейтұрғанмен заң шығарушы еліміздегі бас банкті - Ұлттық Банкті -
коммерциялық ұйымға жатқызбады. Ұлттық Банк заңды тұлга ретінде мекеме
нысанында тіркелді, яғни коммерциялық ұйым емес болып табылады.
Сонымен қазіргі кезде қолданыстағы заңнама тұрғысынан банк
дегеніміз не деген сауалға нақты айқындама беру мүмкін емес. Мәселенің
мәнісі Қазақстан Ұлттық Банкінің КСРО Мемлекеттік Банкісінің функцияларын
өзіне аударып алғандығынан болғаны анық, Г.С.Гуревич ондай функцияларды
былайша таратып берген болатын: өзінің клиенттеріне қатысты қажетті
құқықтар мен бақылау функцияларын иеленді. КСРО Мемлекеттік Банкі несие
беруді жүзеге асыра отырып, шаруашылық ұйым ретінде және сонымен бір
мезгілде несие беру саласында мемлекеттік басқару органы ретінде әрекет
етеді, басқа ұйымдарға қатысты ол тиісінше басқарушылық
функцияларды, оның ішінде бақылау функциясын жүзеге асырады. КСРО
Мемлекеттік банкі заңдарды, Үкіметтің қаулылары мен
өкімдері негізінде және оны орындауға байланысты КСРО Мемлекеттік банктің
клиенттері болып табылатын өзге ұйымдар үшін міндетті болып табылатын
нұсқамалар мен бұйрықтар шығарды.7
1.2 Дипломдық жұмысымның бірінші тарауының екінші бөлімі банктік қызмет
саласындағы қылмыстылықтың алдын алу шараларының криминологиялық және
қылмыстық - құқықтық мәселелеріне кешенді анализ жасалынған. Жалпы және
әдейі әдебиетті зерттеудің негізінде, экономикалық және
банктік қылмыстылықтың алдын – алу тәжірибесінің,
шетелдердің, ТМД елдерінің және Қазақстан
Республикасының қылмыстық заңнамасының нормаларының қолданылу тәжірибесінің
негізінде, криминологиялық анализдің негізгі объектісі ретіндегі банктік
жүйенің негізгі белгілері анықталған, банктік қылмыстылықтың құрылымының
динамикасы мен жалпы жағдайы, осындай қылмыстылықтың қазіргі кездегі
себептері мен жағдайы, оның алдын алу шаралары, банктік қылмыстар үшін
жауапкершілік туралы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің
нормалары талқыланып, Қазақстан Республикасының қылмысытық заңнамасының
одан әрі қарай даму ұсыныстары жасалынды.
Қазақстаннын тәуелсіздігі мен егемендігін алғаннан бері көптеген
алғабасарлық өзгерістер болғаны көптеген мамандармен танылып отыр. Біздің
мемлекетіміздің дамуының бір бөлігі кең көлемді экономикалық реформалардың
нәтижесі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына - 2030 атты Стратегиясында және барлық
келесі Жолдауларында басты рөл экономика мен оның одан әрі дамуына жайдан
жай бөлінбеді. Ең алдымен Біз социализмнің экономикалық өмірін, қоғам
базисінің негіздерінің негізі ретінде жеке меншік деп танып, мүлдем
аударып жіберді. Бірақ бұл жолда кемшіліктер аз болмады. Бұрын халық
иелігінде болған көптеген қымбат объектілерінің заңсыз
жекешелендірілуі, негізсіз, кейде тіпті қылмыстық жолмен
халық шаруашылығының жүйесін мемлекеттенсіздендіру
экономикадағы криминалды құрылымдардың тез арада өсуіне жол
берді. Ал бұдан криминалды экономика ұғымы пайда бола бастады.
Криминалды экономиканың орнығуының бастапқы қадамдарында
табысты капитализациялаудыц төмен дәрежесі белгілі болса, келесі қадамдары
- легалды экономиканың кез-келген қоғамдық шаруашылық салаларына
инвестициалау арқылы (несиелік, банктік, коммерциялық, сақтандыру,
өнеркәсіп, қызмет көрсету саласы, шоу-бизнес және т.б )өзінің қылмыстық
жолмен тапқан капиталдарын легализациялауға тырысуымен сипатталады.
Криминалды және көлеңкелі капиталдарды
легализациялау процесстерінің активизациясы, нарықтық жүйедегі
жалпы қоғамдағы криминалды жағдайының сапалы түрде өзгеруіне әкеп
соқты.8
Қылмыстық жолмен тапқан капитал көлеңкелі экономиканың
масштабтарының кеңеюімен, қаржы, бірінші кезекте, заңзыз баю қайнар
көздерін иелену және бұл салада билік ету үшін қылмыстық топтардың
қарсыласуымен байланысты, лауазымдық қылмыстар мен пайда табу мақсатымен
жасалган қылмыстармен қатар жүреді.
Қазіргі өтпелі кезеңдегі қазақстандық экономика -
әлеуметтік - экономикалық қатынастарының дұрыс дамымағанымен түрлі көп
дәрежелі шаруашылық қатынастарына негізгі экономикалық аумақтың
жоғары деңгейімен , нарықтық қатынастарды құрайтын жүйенің аса қиындығымен,
экономикалық саладағы қарым - қатынастарды реттейтін
құқықтық нормалардың жүйеленбеуі мен ретсіздігімен сипатталады.
Экономиканың алдыңғы қатарлы салалары жоспарлы және тұрақты түрде дами
алмайды. Себебі, экономикалық эффективті шаруашылығы ұйымдастырушылық -
құқықтық және экономикалық механизммен тірелмеген.
Осының барлығы экономикаға өзіндік
бір тимділікті, экономиканың эффективті емес екендігіне әкеп
соғады, мемлекеттің функциялауының тұрақты экономикалық базасымен
қамтамасыз ете алмауын, миллиондаған қазақстандықтар үшін жақсы өмір
жағдайын жасай алмауын көрсетеді.
Ал бұл жағдайлардың арасында өте жақын диалектикалық байланыс бар:
экономика жағынан әлсіз мемлекет өзінің қауіпсіздігі мен өз халқының
қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды, экономикалық қылмыстылыққа эффективті
қарсылық көрсете алмайды. Соңғысы ше, өз жауапсыздығын түсіне отырып, өз
көлемін кеңейтеді, қоғам мен мемлекеттен экономиканың жаңа сегменттерін
басып алады, экономикалық аймақты ақырында криминалдап, оған демократиялық
қоғам мен цивилизациялық нарық заңдарына сәйкес дамуға мүмкіндік бермейді.
Көрсетілген жағдайлар экономикалық қылмыстылықпен байланысты екі кешенді
мәселені тудырады. Бір жағынан, бизнестің өзін қылмыстық қолсұғушылық пен
мемлекеттік институттардың сапасыз қызметінен (құқықтық және экономикалық
көзқарас бойынша) қорғау қажет, екінші жағынан - мемлекет, жалпы қоғам және
кейбір жеке тұлғаларды эффективті емес бизнестен қорғау қажет. Қазіргі
таңда ТМД елдерінің көбіндегі экономикалық қылмыстықтардың жоғары сатысы
байқалып отыр.
В.В Лунеевтің айтқанындай экономикалық қылмыстылық қоғамға өте
үлкен зардабын тигізеді. Ең аса ауыр қылмыстардың ішіндегі ең ауыр
қылмыстар жағасыз экономикалық қылмыстардың тек көбігі болып шығады.
Көптеген статистикалар бойынша жасалған қылмыстардың тек 5 %-ы ғана
тіркеліп, ашылатыны одан да аз, ал сотқа жететіні немесе шартты жазамен
немесе төленген ақтаумен аяқталды.
Сондықтан экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың алдын алу
теориясын жасау және экономикалық криминалогия атты жаңа идеяның пайда
болуы заңнамаға толығымен сәйкес келеді. Анализдің көрсеткеніндей,
экономикалық қылмыстылық тұрақтылық, жоғарғы латентттік және көпсалалық
белгілерімен айқындалады және басқа қылмыс түрлерімен байланысты
болады. Кейбір криминологтардың экономика саласындағы қылмыстар
ұйымдасқан қылмыстардың негізі деп айтуы бекер емес.
Экономикалық қылмыстардың қоғамдық қауіпсіздік дәрежесін олардың
сыбайлас жемқорлықпен байланыстылығы жоғарылатылады. Ал сыбайлас
жемқорлықпен байланыстылығы жоғарылатылады. Ал сыбайлас жемқорлық қарым -
қатынастардың жаңа түрін енгізеді. Бұнда қоғам өлшеуіші ақша болып, адам
өмірінің қандай жолмен қаланғанына қарамастан маңыздылығы, оның жеке
капиталымен анықталады. Нәтижесінде девольвация және адамдар қатынастарының
өркениеттік әлеуметтік реттеу механизмінің жойылуы (мораль нормалары, дін,
қоғамдық пікір) сыбайлас жемқорлық өмірлік байлықтарды әділетсіз,
олигархтық топтар арасында бөлісуге жол ашады. Бұның нәтижесінде халық
арасында мүліктік теңсіздіктін өсуі орын ала бастайды, қоғам мүшелерінің
көп бөлігі мүлдем қайыршыланып мемлекеттегі әлеуметтік жағдайдың
қиындануына әкеп соғады. Мемлекет пен қоғам өмірінің өмірін реттеудің
негізгі құралы ретіндегі құқықты дискредиттейді. Нәтижесінде, халық ойында
қорғаусыз қалғандығы жайлы ойлар туа бастайды. Экономикалық қылмыстылыстың
құрылымында ерекше орынды банктік қылмыстар алады. Себебі, экономикалық
қылмыстылықтың барлығы банктік жүйе мекемелерімен реттелген қаржымен өз
қызметін жүзеге асырады.
Қазіргі тенденция бойынща, жоғары технологиялар арасындағы
қылмыстылық тез қарқан алуда. Сонымен, қатар банктік құрылымдардың ақшасын
ұрлау мақсатымен ақпараттық ресурстары мен конфиденциалды материалдарды
жасалатын электрондық шабуылдарының санының жоғарылауы байқалып отыр. Сонда
да, не теорияда, не заңнамада банктік қылмыстылық экономикалық қылмыстардың
ішінде ерекше және жеке бір түрі ретінде белгіленбеген. Қазақстан
Республикасының жаңа заңнамасы (1998ж) кодекстің кұрылуымен қатар, мазмұнын
да айтарлықтай өзгерткені белгілі. Үлкен және жеке бір тарауда экономикалық
қызмет саласындағы қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатын
нормаларды қамтыған. Бірақ бұл нормалардың әлі толығымен теоретикалық
анализі жасалынбаған және бұл қылмыстардың барлығы банктік қызмет
саласындағы қылмыстарға жатқызылмаған. Банктік қылмыстардың себептері,
талаптары мен субъектісінің - тұлғалық ерекшеліктері зерттелмеген.
Сонымен қатар анализдің көрсетуі бойынша алдын - ала тергеу мен сот
процессі сатыларында банктік қылмыстарды квалификациялау мен бағалаумен
байланысты бірқатар қателер жіберілетіндігі анықталып отыр.
Бұндай әрекеттердің алдын - алу субъектілері жүйеленбеген және
анализ жасалынбаған.
Банктік қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік туралы нормалар
жүйесінің өзінде кемшіліктер аз емес.
Өтпелі экономика синдромының өз ерекшеліктері болады. Уақыт өтіп,
жағдай өзгерді, ал заңнама даму мен дамытуды қажет етеді. Шенеуніктердің
сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жағдай жасайтын барлық заңнамалық актілер
қайта қаралуы тиіс делінген. Қазақстан тез арадағы экономикалық,
әлеуметтік және саяси материализация (даму) жолында атты Қазақстан
Президентінің Жолдауында. Осы және басқа да жағдайлар зерттеу тақырыбының
өзектілігінің дәлелі болады.
Дипломдық зерттеу объектісі банктік қызмет саласындағы құқықтық
қатынастардың даму тенденциясы мен заңдылығы, банктік қылмыстардың
жасалуымен байланысты қатынастарды реттеу теориясы мен практикасы.
Зерттеу пәні - банктік қызмет саласындағы қылмыстар үшін қылмыстық
жауапкершілік нормалары, оларды қолдану тәжірибесі, банктік қылмыстар
жасағандығы үшін жауапкершілік шектері мен негіздері, сонымен қатар банктік
қылмыстылықтың алдын алу шаралары мен криминалогиялық сипаттамасы.
Зерттеу гипотезасы: Банктік қызметпен байланысты қылмыстар жалпы
экономикалық қылмыстылықпен ерекшеленеді. Несиелік қатынастар
саласындағы қылмыстардан да. Сондықтан, олар экономикалық қызмет
саласындағы қылмыстардың жеке бір түрі ретінде қарастырылып, ерекше анализ
жасалуын және оның алдын алу шараларының жүйесінің жасалуын талап етеді.
Негізгі мақсаты. Зерттеудің негізгі мақсаты болып банктік
қылмыстылықтың жүйесін жасау, оның дамуының тенденциясын анықтау, алдын -
алу шараларының құрылымын, алдын - алу субъектілері мен олардың
функцияларының жүйесін негіздеу, қылмыстық заңнаманы дамыту бойынша
ұсыныстар жасау.
Міндеттері:
-экономикалық қылмыстар ұғымына анықтама беріп, банктік қылмыстылықтың
ондағы орнын анықтау;
-жаңа заңнаманың жүзеге асырылуы мерзіміндегі (1998 жылдан бастап) банктік
қылмыстылықтың динамикасы, құрылымы мен жалпы жағдайын анықтау;
-банктік қылмыстылықтың жасалуының негізгі жағдайлары мен себептерін
анықтау;
-банктік қылмыстарды жасаған қылмыскерлердің жеке тұлғасының ерекшеліктерін
сипаттау;
-банктік қылмыстылықтың негізі виктимологиялық сипатын анықтау;
-банктік қылмыстылықтың алдын - алу субъектілерінің негізгі ортасын және
оларлың негізгі алдын - алу шараларын анықтау;
-банктік қылмыстылықтың алдын - алу ерекшеліктері мен түрлерін анықтау;
-банктік қылмыстылықтың жүйесі мен ортасын анықтау;
-банктік қылмыстылықтың түрлерінің әрбіреуінің құрылымының элементтерін
анықтау;
-банктік қылмыстылықпен күресу тәжирибесін дамыту мен қылмыстық құқықтық
нормаларының қайта құрылуы бойынша ұсыныстар енгізу.
Зерттеудің ғылыми тұрғыдан қарастырғандағы жаңалығы:
-1998-2008 ж.ж аралығындағы банктік қылмыстылықтың динамикасы, құрылымы мен
жалпы жағдайына алғаш рет криминологиялық анализ жасалынды;
-толығымен банктік қылмыстылық белгілері мен ұғымына монографиялық дәрежеде
жалпы анализ жасалынды;
-1998-2008 ж.ж аралығындағы Қазақстан Республикасындағы банктік қызмет
саласындағы қылмыстарға криминологиялық сипаттама берілді;
-банктік қылмыстарды жасауға мүмкіндік жасайтын жағдайлар мен себептер
жүйесі ашылды;
-банктік қылмыстар субъектісінің тұлғасының ерекшеліктеріне сипаттама
берілді;
-банктік қызмет саласындағы қылмыстардың жүйесі мен түсінігі берілген;
-бұндай әрекеттердің классификациясы берілді;
-банктік қызмет саласындағы қылмыстарының әрбіреуінің құралдарына анализ
жасалынды:
-Онымен қоса банктік қылмыстылықтың алдын - алу негізгі субъектілері
жүйеленген;
-Осы субъектілердің әрбіреуінің профилактикалық қызметінің жағдайы мен
перспективаларына сипаттама берілді;
Қорғалатын негізгі мәселелер:
1.Қоғамдық қатыныстардың экономикалық саласы - бұл негізінен
қатанастардың екі тобының жиынтығы: ұйымдастарушылық –экономикалық және
меншік қатынастары. Осы көзқарасқа сәйкес Қазақстан Республикасында
1997 жылғы Қылмыстық Кодексінде бұрынғы шаруашылық
қылмыстарына қатысты барлық нормаларының екі тарауда көрсетілгені дұрыс:
меншікке қарсы қылмыстар және экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар.
2.Экономикалық қылмыстар - бұл мемлекеттің экономикалық жүйесіне қол
сұғатын және азаматтар арасында немесе ұйымдарда экономикалық (шаруашылық)
функцияларды жүзеге асырылатын тұлғалармен жасалынатын қылмыстар. Осындай
қылмыстардың белгілі бір аймақта және белгілі бір уақыт аралығында
жасалынуы экономикалық қылмыстылықты құрайды.
3.Қылмыстық құқық теориясы және криминалогияда экономикалық қылмыстар
келесі түрлерге классификацияланады:
- мемлекет меншігін жекешелендіру саласындағы қылмыстар;
- тұтынушылық нарық саласындағы қылмыстар;
- бағалы қағаздар нарығындағы қылмыстар;
- сыртқы - экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар;
- салық қылмыстары;
- несиелік - ақшалық қатынастар;
4.Несиелік - ақшалық қатынастар саласындағы қылмыстпр ішінен ерекше түрі
ретінде банктік қылмыстылықты белгілеу қажет. Оның өзінде банктік
қылмыстылық ұғымына түсінік берген кезде банктік қызметпеп байланысты, банк
мүддесімен қатар, оның клиенттерінің мүддесіне (меншік құқығын) қол
сұғушылықпен байланысты, экономикалық қылмыстылықты түсіну қажет.
5.Банктік қылмыстылықты экономикалық кылмыстардың келесі түрлері құрайды:
Заңсыз банктік қызмет (191 бап), заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын
немесе өзге мүлікті заңдастыру (193 бап), несиені заңсыз алу және
мақсатсыз пайдалану (194 бап), несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару
(195 бап)
6.Қылмыстылықтың себептерін анықтайтын барлық криминологиялық
концепцияларының ішінен ең ыңғайлысы ретінде әлеуметтік теориясы, әсіресе
оның қарама - қайшылық теориясы сияқты аса маңызды бағыты.
Бірақ қарама - қайшылық теориясы, ең сонында, субъектінің нақты
белгілі бір қылмыстық әрекетіне қатысты ұсынылуы қажет. Осыған байланысты,
қарама - қайшылықтар теориясының мүдделерінің қарама -қайшылығы теориясына
ауыстырылуы қажеттілігі туады.
Банктік қылмыстылыққа қатысты, бұл банктік қылмысты жасағаны үшін
кінәлі тұлға, өз мүдделерін банк және оның клиенттерінің мүдделеріне,
олардың меншік құқығын бұза отырып, қарама-қайшы қояды.
7.Қазіргі қылмыстық заңнамаға келесідегідей өзгерістер енгізу жөн:
а) банктік қызмет, кәсіпкерлік қызметтен ерекшелетіндіктен Қазақстан
Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190 - бабының казіргі редакциясының
в тармақшасының 2-ші бөлігін алып тастау қажет ( немесе заңсыз банктік
қызмет)
ә ) осыған сәйкес Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 191 -
бабының қазіргі редакциясының в тармақшасынан да екінші бөлігін алып
тастау қажет (немесе заңсыз кәсіпкерлік)
б) Банктік қызметінің ерекшелігі мен Қазақстан Республикасындағы банктер
және банктік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңының талаптарын
ескере отырып, бірқатар қылмыстардың (субъектісі) соның ішінде 190,
191,192,193,194,195,200,202,203,204 ,205,206,213,214 баптарының субъектісі
болып, тек 18 жасқа толған бола алатындығы анықталады. Егер кәсіпкерлік
қызмет субъектілердің кеңірек ортасын, соның ішінде 16- жасарларды қамтыса,
банктік қызмет тек ерекше субъектілерімен ғана жүзеге асырылады. Бұл
банктік жүйеде басқарушылық немесе басқа да лауазымды 16 - жасар
тұлғаның атқара алмауы мен түсіндіріледі. Азаматтардың толық әрекет
қабілеттілігі қазіргі азаматтық заңнамаға сәйкес тек 18 - жасқа толған
кезден басталады.
в) Банктік несиені заңсыз алу банктік несиені мақсатсыз пайдалануынан
көптеген айырмашылықтар болуына байланысты Қазақстан Республикасының
Қылмыстық Кодексінің 194 бабын 2 жеке нормаға бөлу қажет: Банктік несиені
заңсыз алу және банктік несиені мақсатсыз пайдалану . Бұл баптың
келесідей редакциясы ұсынылады.
194 - бап. Банктік несиені заңсыз алу. Жеке кәсіпкердің немесе
ұйым басшысының банкке немесе басқа несие беретінге жеке кәсіпкердің
мүліктік, шаруашылық және қаржылық жағдайы туралы жалған ақпарат беру
арқылы несие, демеу қаржының немесе несиенің белгілі бір жеңілдіктермен
алуы, егер бұл әрекет ірі мөлшердегі шығындарға әкелсе -
екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе өзге
де 6 айлық табысының мөлшерінде айыппұл салуға немесе 6 айға дейінгі
мөлшерде бас бостандығынан айыру немесе бір жылға дейінгі түзеу жұмыстарына
немесе үш жылға дейінгі бас бостандығынан айыру сияқты жазалар қолданылады.
194 бап - 1 Банктік несиені мақсатсыз пайдалану. Мемлекет берген
мақсатты немесе жәй несиені сол мақсатта қолданбаоа, немесе мемлекетке
немесе кәсіпорыға көп мөлшерде шығын келтірсе-

194 бап - 2. Заңсыз несиелеу
Жеке кәсіпкерлерді және кәсіпорын басшыларын заңға
қайшы келетін демеулер арқылы және жеңілдіктер қолдану арқылы несиелеу
-
5 жылдан 10 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру және мүлігін
конфискациялау арқылы жазаланады. Заңсыз несиелеу және заңсыз несие беру
заңсыз несие алудың өзіндік бастамасы болғандықтан, заңсыз несие
берушілерді жазалауда, мол шығынды күтудің қажеті жоқ. Бұндай шығын
болмағанның өзінде кінәлі жазасын алуы тиіс. Қылмыстық жаза мемлекеттік
несие немесе екінші дәрежедегі банктер берген несиеге байланыссыз жазалануы
керек.
194 - бап Банктік несиені мақсатсыз қолдану екі тарауға бөлінуі
керек. Сонымен қатар бірінші тарауда мемлекеттің мақсатты несиелерін
пайдалану қаралса, ал екінші тарауда екінші дәрежедегі банктердің және
банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың
берген несиелері үшін жауапкершілік қарастырылады.
194-1 бабының келесі редакциясы ұсынылады.
194-1 бап Банктік несиенің мақсатсыз пайдалануы
1. Мемлекеттің несиесін немесе мемлекет кепілдігімен берілген несиені
бастапқы мақсатынан тыс пайдалану, егер бұл әрекет азаматтарды, ұйымдарды
немесе мемлекетті ірі мөлшердегі шығындарға әкелсе,-

мөлшерде бас бостандығынан айыру немесе бір жылға дейінгі түзеу
жұмыстарына, немесе үш жылға дейінгі бас бостандығынан айыру сияқты жазалар
қолданылады.
2. Екінші дәрежедегі банкпен және екінші дәрежедегі банк кепілдігімен
берілген несиені алғашқы мақсатынан тыс пайдалануы, егер бұл ұйымға және
мемлекетке ірі мөлшердегі шығындар әкелсе,-

жұмыстарына немесе үш жылға дейінгі бас бостандығынан айыру сияқты
жазалар қолданылады.
ғ) Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің барлық баптарына ірі
мөлшердегі шығындарды есептік көрсеткіштердің көбейтіндісі арқылы есептеп
шығарылады. Бұндай есептеу бапта көрсетілген шығындардан шығындары төмен
болған жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне қарсы болады. Яғни, егер
бапта көрсетілген есеп көрсеткішке көбейтілген шығын шықпаса бұл шығын
болып саналмайды да қайтаруға жатпайды, қылмыстық жауаптылық туралы айтпай
- ақ болуға болады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің
баптарының квалификациялануы белгілерінде ірі мөлшердегі шығын түсінігін
қолданған кезде есептік көрсеткішпен белгілемеу керек ірі мөлшердегі
шығынның сомасы әрбір нақты жағдайда, жеке және заңды тұлғаның
обороттарына сәйкес, сот тәртібінде анықталуы қажет.
д) ҚР ҚК-нің 207-бабын (жалған төлем карточкалары мен басқа да, төлеу және
есеп құжаттарын даярлау және сату) 2-ші бөлімінде толықтыру және оның
келесі редакциясын еңгізу: 2. Сату мақсатымен даярлау немесе жалған төлеу
карточкаларын, сонымен қатар бағалы қағаздар болып табылатын басқа төлеу
және есеп құжаттарын сату, ірі мөлшердегі шығындарға әкеп соқса, мүлкі
тәркіленіп төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.
Банктік қызмет саласындағы қылмыстылықтың криминологиялық сипаты.
Криминологиялық анализдің объектісі ретіндегі банктік қызметке анализ.
Бүнда банктік жүйенің, банктік емес ұйымдардың, несиелік жүйенің, несиелеу
қадамдарының, банктік қызметтің жеке түрлерімен айналысатын ұйымдардың
нысандарының құрылымы мен ұғымына анализ жасалынды. Банктік
қызмет саласындағы қылмыстардың түсінігі мен
классификациясы қарастырылған.
Банктік қылмыстарды қамтитын банктік қылмыстылық экономикалық
қылмыстылықтың кұрылымдық бөлімі болып табылады. Экономикалық қылмыстылық
ұғымы ақырғы кездері кең таралған ұғым болып табылады. Бірақ бұл ұғымға
түсінік беру мен оның экономика саласындағы қылмыстар, шаруашылық
қылмыстар ұғымдарымен байланысы әр автормен әрқалай түсіндіріледі. Егер
кейбір авторлар оны экономика саласында өз профессионалды қызметі
барысында, тұтынушылар, әріптестері, бәселестер, мемлекет
меншігі мен мүдделерімен қатар, шаруашылықтың түрлі
салаларындағы экономиканы басқару тәртібіне қарсы жасалған, барлық табыс
табу мақсатымен жасалынған қылмыстарды жатқызса (Мысалы; Петров Э.И.,
Марченко Р.Н., Баринова А.), басқалары, экономикалық қылмыстарға, тек
тікелей ғана ұлттық экономика негіздеріне, меншікке билік ету, пайдалану
және иелену қатынастарына, сонымен қатар тауар мен қызметті өндіру,
бөлісу және тұтынумен байланысты қатынастарға қарсы
жасалған, қылмыстық жазаға әкеп соғатын әрекеттерді ғана жатқызады (Мысалы;
Волженкин Б.В., Гаухман Л.Д., Максимов С.В.) Ал үшіншілері, экономикалық
қылмыстылық ретінде, материалды байлық пен қызметті өндіру, бөлісу,
айырбастау және тұтыну саласындағы, криминалды нысандардағы экономикалық
қатынастардың негізгі түрі ретіндегі , криминалды тәсілмен жүзеге асырылған
экономикалық қызметті түсіндірген (Есипов В.М.)
Менің ойымша, экономикалық қылмыстылық, тек экономикалық қызметпен
ғана шектелмейді. Мысалға, жалған ақша жасалған кезде, контрабанда жасалған
кезде, бұл нақты экономикалық қызмет деп айта алмайсын. Жалпы, экономика
саласы экономикалық қатынастың екі негізгі түрінің жиынтығы болып
табылады: ол біріншіден, шаруашылық механизмінің элементімен байланысты,
еңбек бөлінісінің қоғамдық нысанын қамтитын, ұйымдастырушылық -
экономикалық қатынас, екіншіден, тікелей меншік қатынастары. Экономика
саласында банктік қызмет саласы жеке және шешуші рөл атқаратындықтан,
банктік саладағы қылмыстылық 2 белгімен сипатталады. Олар: қатынастарға
қарсы қылмыс банктік қызмет барысында және байланысты жүзеге асады. Әрине,
банктік қызмет саласында жасалған қылмыстар экономикалық қылмыстылықтың
үлкен бір бөлігі. Алайда, банктік қылмыстылық - жеке бір, аса маңызды
ядро болып табылады. Себебі қаржы саласы, бұл кез-келген, әсіресе,
нарықтық экономиканың аса маңызды тірегі. Банктік қылмыстылықтан шыққан
шығынды мемлекет бюджетінің барлық табысты бөлігімен тең келетіндігі кейбір
эксперттермен жайдан - жай айтылмаған.
Банктік қылмыстылықтың ерекшелігі, ең алдымен оның банктердің қызметімен
тікелей байланыстылығында, бірақ нәтижесінде, ол қайта, меншікке қарсы
бағытталады. Жоғарыда айтылып кеткендей, Қазақстан Республикасының жаңа
Қылмыстық Кодексі (1997 ж.) бойынша 7-тарау толығымен экономикалық
саладағы қылмыстарға арналып, бұндағы түрлі қылмыс құралдары 37 - бапта
сипатталған. Ал осылардың 15 бабы банктік қылмыстылықты құрап, Банктік
қылмыстар деп аталатын жеке бір бөлімге топтастырылуы тиіс.
Банктік қылмыстылықтың құрылымы мен динамикасының анализіне келетін
болсақ.
Қарастырылып отырған 9жыл ішінде (1998-2006 ж.ж) экономикалық
қылмыстар саласына жатқызылған қылмыстардың жалпы тіркелгендігі бойынша
саны жылдан жылға өсіп баратындығы анықталады. 1998 жылы – 4142 қылмыс,
1999 жылы – 4148, 2000 жылы – 6140, 2001 жылы – 6952, 2002 – 7306, 2003
жылы – 8730, 2004 жылы – 10375, 2005 жылы – 10578, 2006 жылы – 4954 қылмыс
жасалынды. 9
Жалпы экономикалық қылмыстар саласындағы өз тұрақтылығымен, банктік
қызмет саласындағы қылмыстар ерекшеленеді. Егер жалпы экономикалық
қылмыстардың саны жыл сайын лезде төмендеп, немес өссе, банктік қызмет
саласындағы қылмыстар көрсетілген сегіз жыл ішінде бір қалыптылығымен
ерекшеленуде. Экономикалық қылмыстар жалпы қылмыстардың 10 % - ын құраса,
банктік саладағы қылмыстар жалпы қылмыстардың тек 0,7 % - ын ғана құрайды.
Анализ көрсеткендей экономикалық қылмыстардың ең жоғары көрсеткіші Алматы
қаласы, Қарағанды облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы және Шығыс Қазақстан
облыстарына тән. Бұндай қылмыстардың анықталуының ең төменгі көрсеткіштері
Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысы мен Астана қаласында тіркеліп отыр.
Ең көп қылмыстық істер, 206 бап – жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау
және сату; 194 бап – несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану және 207
бап – жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын
жасау немес сату баптары бойынша тіркелген. Ең азы 219 – банк операциялары
жайлы көрінеу жалған мәліметтер беру; 191 бап – заңсыз банктік қызмет және
213 – шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау баптарымен
тіркелген.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің жинақбанкілері мен
кассалары сияқты объектілеріне қарсы бағытталған банктік қылмыстылықтың
жағдайы ерекше криминологиялық қызығушылықты туғызады. Көрсеткіштердің
анализі анықтауы бойынша, банктік объектілерге қарсы, соңғы 10 жыл ішінде
3197 дейін жеткен.
Құрылымы бойынша бұндай қолсұғушылық әрекет келесі түрлерге
бөлінеді: ұрлық, тонау және қарақшылық. Бұнда ең жоғарға ұрлық алады.
Виктимологиялық тұрғыда ең нәзік объектілер ретінде акционерлік банкілер
мен инкассаторлар ерекшеленеді. Бұны алдын – алушылық қызметінде ескеру
қажет.
Банктік қызметпен байланысты қылмыстардың жасалуы мен негізгі
себептері қарастырылған.
Қылмыстылықтың себептерін, көптеген әлеуметтік институттарда
зерттеу арқылы анықтау қажет. Криминологиядағы себептілік бір және біркелкі
құбылыс емес. Бұл қатынастардың әлеуметтік нысандарының қиын сипатының
нәтижесі. Сондықтан, әмбебап болса да, тек бір, нақты себепті көрсете
алмаймыз. Жалпы, қылмыстылық біртекті емес, біртұтас емес және бір ретік
құбылыс. Профессор А.Х.Миндағұловтың айтқанындай: Қылмыстылық белгісіз бір
әдіспен әлеуметтік өмірдің бірқатар құбылыстары мен процесстердің кешенін
қамтиды. Және бұл құбылыстар мен процесстерді нақты қылмыстылықтың
себепкері ретінде қарастыруға болмайды. Біздің ойластыруымызша, қылмыстылық
дәрежесіне мемлекеттің әлеуметтік саладағы негативті және позитивті
өзгертулерімен қатар, басқа да әлі дұрыс зерттелмеген құбылыстар мен
объектілер әсер етеді. Кез келген құбылыс көпқырлы. Ол мыңдаған қарым -
қатынастың мыңдаған байланысы. Қылмыстылық пен оның себептері де сол
сияқты. Олар одан әрі өткен қиын кұбылыста болып табылады.
Қылмыстылықтың себептері мәселесіне көптеген түсіндірулер берілуі
көптеген түсіндірулер берілуі мүмкін.
Бұл формалардың тек жалпы және нақты бір қылмыстар үшін емес,
сонымен қатар қылмыстардың белгілі бір категориялары үшін белгілі бір
механизмді орнату қажет.
Нәтижесінде, бәрі бір тұлғаның әлеуметтік қиын жағдайы, оны белгілі
бір қылмыстық әрекетке әкеп соққанының басты себебі болады.
Экономикалық, соның ішіндегі банктік қылмыстылық және оның
детерминанттары үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Бұл өзгерістер қоғамды
экономикамен басқару жүйесіндегі экономикаға байланысты.
Жағдайларын айтатын болсақ, банктік қызмет саласындағы қылмыстарды
жасауға жағдай жасайтын детерминаттардың бірнеше тобына бөліп қарастыру
қажет.
Бірінші топқа макро дәрежесіндегі жағдайларды (әлеуметтік-
экономикалық формация, идеологиядағы және
әлеуметтік құндылықтардың өзі) жатқызу қажет.
Екінші топ - микро дәрежедегі факторлар, яғни нақты қоғамға қауіпті
әрекеттерді жасауға жағдай жасайтын факторлар. Себептіліктің макро дәрежесі
- бұл жалпы банктік қызмет саласындағы жасалатын қылмыстардың жағдайлары
мен себептері, ал микро дәрежедегі - бұл банктік қызмет саласындағы белгілі
бір нақты құрамдарды жасауға жасалынатын жағдайлар.
Банктік қызмет саласындағы қылмыстар субъектілерінің тұлғалық
ерекшеліктері.
Қылмыскер тұлғасының қылмыстық - құқықтық
сипатының ерекшеліктері қылмыстық - құқықтық категорияларына негізделеді
(жасалған қылмыстық түрі, ауырлығының деңгейі, қылмысқа
қатысушылық, жалпы және арнайы рецидив, қылмыскер тұлғасының түзелу деңгейі
және т.б.) Осының барлығы қылмыс жасаған тұлғаның суретін құрайды.
Банктік қызмет саласындағы қылмыстың субъектісінің тұлғасы - бұл
адамның өзін, сонымен қатар банктік қызмет саласындағы қылмыстарға қатысты
оның әртүрлі жақтарын сипаттайтын жеке белгілер мен әлеуметтік маңызды
жақтарының жиынтығы. (жүйесі)
Жалпы экономикалық саладағы, соның ішінде банктік қызмет
саласындағы қылмыс жасаған тұлғаның тұлғалық ерекшеліктері, оның қылмыс
жасауға түрткі болған тұтынушылық деңгейінен көруге болады. Қылмыстық
істердің материалдарын зерттеу нәтижесінде бұндай тұтынушылық кең
көлемде таралғандығы және мүлдем жаман қылық ретінде
қарастырылмайтындығы анықталды. Бірақ қылмыскерлердің тұтынушылығы
теріс сипатқа айналып, қоғамдық ақтауға жатпайтын болды.
Қазіргі кездегі қоғам ешкімге тұтынушылықтың барлық түрлерін
қанағаттандыруға мүмкіндік бермейді. Қылмыскер ше өз еңбегіне сәйкес
келмейтін материалдық құндылықтарды иемденгісі келеді. Тұлға мен қоғам
арасында, тұлға мүддесі мен қоғам мүдделерінің арасында, тұлға мүддесі мен
қоғам мүдделерінің арасында қарама-қайшылықтар осының негізінде пайда
болады.
Бұндай позицияның пайда болуы көрсетілген тұлғалардың
категорияларының заңға қатысты нигилистік көзқарасынан туады. Бұндай
көзқарастың болуы бөтен мүлікті қылмыстық жолмен иеленуде шешуші рөл
атқарады.
Көрсетілген қылмыскерлер категорияларының психологиялық
деформацияларының ішінен келесілерді атап көрсетуге болады:
- өзінің жеке материалдық тұтынушылығының қоғамның талаптарының шегінен
тыс өсуі;
- құқықтық сананың төмен болуы;
- меншікті қорғайтын заңнамаға бағынбау.
Эмпирикалық материалдардың көрсеткеніндей сұралғандардың әрбір
төртеуі (24,6%) құқыққа қайшы әрекет жасауға болады, тек шегінен шықпау
керек деген көзқарас білдіреді. 7 % - ы кейде жасауға болады, ұсталып
қалмасан болды деп санаса, 10 % - ы бұл сұрауға мүлдем қызығушылықсыз
қарады. Сұралғандардың тек 14,6 %-ы бұндай әрекеттердің жасалуы мүлдем
орынсыз және дұрыс емес деген ой білдірді.
Берілген саладағы қылмыртарды жасайтын тұлғалардың психологиялық
ерекшелігі қылмыс жасау тәсілінен де байқалады. Бөтен мүлікті заңсыз
жолмен иеленген тұлғалар дәл осы қылмысты ұрлық жолымен ешқашан
алмайды. Себебі олар өздерін интеллектуалдар қатарына жатқызады.
Банктік қылмыстарды жасаған тұлғалардың ерекшеліктерін зерттеу
көрсеткеніндей олардың көбі өзінің азаматтық міндеттеріне және өз
тұтынушылығын қанағаттардырудың заңсыз жолын таңдауына мүлдем немғұрайлы
қарайды.
Бұндай тұлғалардың квалификациялық қызметті жүзеге асыру
барысындағы жоғары бәсекелестікке қарсылық көрсету үшін ерекше қабілеті
болады. Бұл қабілеттері қоғамға айтарлықтай пайдасын тигізер еді.
Сонымен, банктік саладағы қылмыс жасаған тұлғаны зертттеу келесі
нәтиже шығаруға мүмкіндік береді.:
- банктік қызмет саласында қылмыс жасаған тұлға тек пайда табу мақсатымен
ғана емес, сонымен қатар өзінің азаматтық міндеттеріне немғұрайлы
көзқараспен, өзінің жеке пайда табу мақсатын қанағаттардырудың заңсыз жолын
саналы түрде таңдаумен сипатталады.
- банктік криминалдық қызмет топтық сипатта болады. Сондықтан қылмыскер іс
бойынша көмекшіні , банктік қылмыс жасау үшін қатысушыны іздеумен
сипатталады.
Қылмыстық элементтер, банктік салада қылмыс жасау алдында, алдымен
тиянақты дайындалады. Қылмыскерлердің ең басты міндеті банктік жүйедегі ең
ауыртпалы жерін табу, әсіресе оның кадрлық құрылымында. Бұндай іздеу,
әсіресе банктік несиелік қызметкерлерінен, яғни төмен профессионалды
немесе моральды - этикалық қабілетімен сипатталады. Осы ерекшеліктер мен
белгілерге сәйкес қылмыскер өзіне көмекшіні таңдайды. Ең алдымен
құқықбұзушылар осындай тұлғаны таңдап алады, онымен байланыс орнатады,
нәтижесінде ақша беріп, сатып алады. Басқадай айтқанда,
несие алушы жағынан коммерциялық сатып алу әрекеті байқалса,
банк қызметкерлері жағынан қызмет өкілеттігін теріс
пайдалану әрекеті байқалып отыр.
Алдын - алу шаралары.
Банктік қызмет саласындағы қылмыстардың алдын -
алудың субъектілерінің банктік емес субъектілерінің негізгі жүйесіне:
- Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі;
- Экономикалық қылмыстылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша
Қазақстан Республикасының қаржы полиция Агенттігі (Қаржы Полициясы);
- Прокуратура органдары кіреді.
Банктік қызмет саласындағы қылмыстардың алдын
алудың банктік субъектілерінің негізгі жүйесі:
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
- Қазақстан Республикасының Қаржылық ұйымдар мен қаржы нарығына реттеу
және қадағалау Агенттігі;
- екінші дәрежелі банктердің бөлімдері (Несиелік Комитет, Несиелік
Басқарма, Қаржылық активтер Басқармасы, заңи Басқармасы, мониторинг
Басқармасы, Қауіпсіздік Басқармасы)
1.3 ТМД елдерінің Қылмыстық Кодекстерінің анализі олардың Қазақстан
Республикасының Қылмыстық Кодестерімен заңсыз банктік кызмет үшін
жауапкершілікке тарту мәселелері жағынан ұқсас екендігін көруге болады.
Жалпы шетелдердегі заңсыз банктік қызмет үшін кылмыстық жауапкершілікті
заңнамалық тұрғыдан қарастырған кезде, тек қылмыстық - құқықтық нормалардың
құрылымын ғана емес, қорғалатын қоғамдық қатынас. Сипатында, сонымен қатар
кейбір мемлекеттерде банктік қызметті басқа құқықтық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz