Қазақстан Республикасының демографиялық саясатының стратегиясын әзірлеу
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАЙ-КҮЙІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ МӘНДІЛІГІ
1.1Халық демографиясының мәні мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2Демографиялық саясатты зерттеудің теориялық-методологиялық
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛҚЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАЙ-КҮЙІН
ТАЛДАУ
2.1Әлемдегі демографиялық жағдай және қауіпсіздік мәселелерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
2.2Қазақстан Республикасының демографиялық үрдістерін ретроспективті

2.3 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
Демографиялық зерттеу жүргізудегі статистикалық
мәліметтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛҚЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАЙ-КҮЙІН
ЖЕТІЛДІРУ МЕХАНИЗМДЕРІ
3.1Мемлекеттік демографиялық саясатты жүргізу барысындағы мәселелер
және оларды шешу
механизмдері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .
3.2Қазақстан Республикасының демографиялық саясатын болжау және оны
жетілдірудің кешенді шараларын
3.3әзірлеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қазақстан Республикасы халқының әлеуметтік-демографиялық жай-күйін
жетілдіру
модельдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Ғылыми жобаның жалпы сипаттамасы. Жұмыста Қазақстан Республикасының
демографиялық саясатының қалыптасу барысы мен жүзеге асуына кешенді талдау
жасалған. Жаһандану жағдайындағы демографиялық қауіпсіздікке қатерлер
анықталынған.
Жоба тақырыбының өзектілігі. Заманауи әлемде жаһандануды жақтаушылар
және өзіндік ұлттық ерекшелікті сақтап қалғысы келетіндер арасында кереғар
пікірлер бар. Әсіресе, көпэтникалық мемлекетте мұндай мәселелер өзекті. Ал
қазіргі кезде дүниежүзіндегі мемлекеттердің 90% көпэтникалық. Моноэтникалық
мемлекетте демографиялық саясатты жүргізудің біршама жеңілдірек екендігі
белгілі. Дегенмен, дүниежүзіндегі мемлекеттердің 10% ғана халық құрамы
жағынан гомогенді. Мәселен, Қазақстан Республикасының этникалық көрінісін
әр түрлі 140-тай этникалық топ құрайды.
Қазақстан әлемдегі аз қоныстанған елдердің бірі. Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2010 жылдың 1 қыркүйегіндегі
халық саны 16189667 адам. Халықтың орналасу тығыздығы бір шаршы кв.км. 5,9
адамнан келеді [1].
Еліміз территориясы жағынан дүниежүзінде Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина,
Бразилия, Канада, Үндістан және Австралиядан кейін тоғызыншы орынды алса,
ТМД елдерінің ішінде екінші орынды алады. Территориямыз: 2724900 шаршы
километр. Қазақстан Республикасының құрлықтағы мемлекеттік шекарасының
ұзындығы - 13392,6 км, оның ішінде көршілес жатқан мемлекеттермен
шекарасының ұзындығы мынандай: Ресей Федерациясымен - 7591,0 км, Өзбекстан
Республикасымен - 2351,4 км, Қырғызстан Республикасымен - 1241,6 км, Қытай
Халық Республикасымен - 1782,8 км, Түркменстан Республикасымен - 425,8 км.
[2].
Мұндай географиялық жағдайдың Қазақстан үшін біршама қаупі де бар.
Өйткені, көршілес жатқан шамадан тыс қоныстанған мемлекеттердің кейбірінің
демографиялық қысымына ұшырауы мүмкін. Ал бұл ұлттық қауіпсіздігімізге
қатер және этносаралық қатынастарды тұрақсыздандырары сөзсіз.
Демографиялық қауіпсіздікке қатер төндіретін жағымсыз құбылыстар мен
үдерістерді болжап және алдын алу өте қажет. Яғни, демографиялық жағдайды
жан-жақты талдау жинақталған, өз шешімін күтетін демографиялық мәселелердің
көптігін көрсетеді. Осымен қатар, белең алған экономикалық дағдарыс
демографиялық жағдайдың өзгеруіне және көптеген күрделі мәселелердің
туындауына алып келді.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 2008 жылдың 29 мамырында Ақордада бір топ қазақ
тілді БАҚ басшыларымен кездесіп, ұлттық жаңғыру және халқымыздың бәсекеге
қабілеттілігі аясындағы келелі мәселелер бойынша берген кең көлемді
сұхбатында: ата-бабамыздан қалған жеріміз далиған дала. Халқымыз аз. Мына
жақтағы Ресейге қарасақ та, мына жақтағы Қытайға қарасақ та біз азбыз.
Өзбек ағайындармен салыстырғанда да көп емеспіз. Сондықтан да біз халықтың
сапасына қатты назар аударуымыз керек. Дегенмен көптің аты көп. Мысалы,
дүниежүзінде қандай қобалжу, қандай қозғалыс болып жатса да Қытай былқ
етпейді, себебі өзінің базары өзіне жетіп жатыр, шығарған өнімнің барлығын
өзінің халқы сатып ала алады. Ресей де солай. Тіпті 70 миллиондай халқы бар
Түркия да солай. Бес Франция сыйып кететін осындай алып территорияда небәрі
15 миллион 700 мың адам өмір сүріп жатыр.
Сондықтан да біз қалайда көбеюіміз керек. Көбеймесек көсегеміз
көгермейді. Санның сапаға айналмай қоймайтынын ұғынуға тиіспіз. Не шықса да
көптен шығады. Көп қорқытады, терең батырады деп қазақ бекер айтпаған
делінген [3].
Осымен қатар бұл сұхбатта: демографияның басты тетігі - табиғи өсім.
Кейінгі екі Жолдауымда да осы мәселеге көп көңіл бөлінді. Жаңа туған
балаларға жәрдемақы екі жарым есе өсті. 2010 жылы төрт есе өсетін болады.
1995-1996 жылдары Қазақстанда жылына 190-200 мың бала туатын. Қазір ол
көрсеткіш 350 мыңға жетті. Табиғи өсу бар. Енді осы қарқыннан айырылмауымыз
керек. Ең бастысы - жаһандану заманы екен, нарық заманы екен, қымбатшылық
екен деп жүріп халқымызға ежелден тән балажандылық дәстүрін үзіп алмау. Әр
бала өзінің несібесін ала келеді. Бір қозы туса, бір түп жусан артық
шығады дегенді қазақ тегін айтпаған. Сондықтан пейілді тарылтпайық. Мұны,
әсіресе жастарға арнап, қадап айтамын.
Көп балалы әр отбасы - Отанымыздың бір тірегі, - деп атап өткен [3].
Осы айтылғандарға орай, жаһандану жағдайындағы Қазақстан Республикасының
демографиялық саясатын кешенді саясаттанулық талдау, демографиялық
үдерістерді қауіпсіздік контекстінде зерттеу өте өзекті.
Зерттеу объектісі егеменді Қазақстан Республикасының демографиялық
саясаты.
Зерттеу пәні Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету контекстіндегі демографиялық саясатының қалыптасуы мен жүзеге асуы
болып табылады.
Ғылыми жұмыстың мақсаты жаһандану жағдайындағы Қазақстан Республикасының
демографиялық саясатын кешенді талдау.
Осы мақсатқа жету үшін ғылыми жұмысының алдында мынандай міндеттер
қойылады:
- демографиялық саясатты зерттеудің теориялық - методологиялық
негіздерін нақтылау және дәйектеу;
- демографиялық қауіпсіздікті зерттеудің концептуалдық негіздеріне
талдау жасау; демографиялық саясат түсінігінің құрылымы мен мәнін
айқындау;
- әлемнің демографиялық даму үрдістерін жалпылама жаһандық көлемде
қарастыру;
- компаративті талдау негізінде шетелдік мемлекеттердің демографиялық
саясатты жүргізу тәжірибесін салыстыру;
- Қазақстандағы заманауи демографиялық жағдайды зерттеу; еліміздің
демографиялық дамуының басты үрдістерін анықтау;
- Қазақстан Республикасының демографиялық саясатының қалыптасу барысына
ретроспективті талдау жасай отырып, оның негізгі бағыттары мен жүзеге асу
ерекшеліктерін көрсету;
- Қазақстан Республикасының демографиялық саясатының жүргізілу
үдерісіндегі басты кемшіліктер мен жетістіктерді айқындау;
- жаҺандану жағдайындағы Қазақстан Республикасының демографиялық
қауіпсіздікті қамтамасыз етуінің ерекшеліктері мен негізгі факторларын ашып
беру;
- қазақстандық қоғамның жаңғыруы барысындағы Қазақстан Республикасының
демографиялық саясатының стратегиясын әзірлеу; басым бағыттары мен жүзеге
асырудың саяси механизмдерін қарастыру;
- Қазақстанның демографиялық саясатының болашағына болжам жасау;
жаһандану жағдайында Қазақстан Республикасының демографиялық саясатын
жетілдіру туралы ғылыми - тәжірибелік ұсыныстар жасап шығару.
Жалпы айтқанда, бұл жұмысымыздың басты міндеті жаһандану барысындағы
мемлекетіміздің демографиялық саясатын оңтайландыру және демографиялық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұсыныстар әзірлеу.
Ғылыми жобамыздың құрылымы зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін
және тақырыптың мазмұнын жан-жақты ашуға мүмкіндік беретіндей етіп
құрылған. Ғылыми жобалық кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАЙ-КҮЙІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ
МӘНДІЛІГІ
Халық демографиясының мәні мен мазмұны
Халық санын жыл басына ағымдағы бағалау соңғы халық санағы
қорытындысының негізінде есептеліп, оған сол аумақта туғандары мен
келгендердіің саны жыл сайын қосылып отырады да және сол аумақта
өлгендері мен кеткендердің саны шегеріледі.
Халықтың саны қала және ауыл халқы болып бөлінеді.
Қала халқына – қалалық мекендерде тұратын адамдар жатады. Қалалық
мекендерде заң актілерімен қала (республикалық, облыстық және аудандық
маңызы бар) және кент ретінде бекітілген елді мекендер жатады.
Ауыл халқына – ауылдық мекендерде тұратын адамдар жатады. Қалалық болып
сыныпталмаған елді мекендер ауылдық болып саналады.
Ұлты халық санағы кезінде сұралғандардың сөзімен жазылады, балаларының
ұлтын ата-анасы белгілейді.
Туу, өлім, неке және ажырасу туралы мәліметтер азаматтық хал актілерін
жазу органдары толтыратын туу, өлім, некеге отыру және бұзу туралы
актілердегі жыл сайынғы статистикалық деректер негізінде әзірленеді.
Туғандар санына тек қана тірі туғандар енгізілген.
Өлу себептері бойынша ақпарат көзі науқастығына, жазатайым уақиғаға,
өлтіруге, өзін-өзі өлтіруге және өлімге ұшырауына себеп болған басқа да
сыртқы әсерлерге қатысты дәрігер (немесе фельдшер толтырған фельдшерлік
анықтама) толтырған өлгені туралы дәрігерлік куәліктегі жазба болып
саналады. Мұндай жазбалар өлгені туралы актілер жазбасында өлім
себептерін көрсету үшін негіздеме болып саналады.
Туу және өлім жалпы коэффициенттер тірі туғандар мен күнтізбелік жылдағы
өлгендер саны халықтың жылдық орта мөлшері санына сәйкес қатынасымен
адамдардың 1000 жан басына шаққанда есептеледі.
Табиғи өсім туғандар мен өлгендер санының айырымына тең.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде елдегі қалыптасқан демографиялық
ахуалға орай тарихи-демографиялық мазмұндағы зерттеу жұмыстарының маңызы
арта түсті. Ел президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан-2030 атты
халыққа жолдауында еліміздің демографиялық даму мәселелеріне баса назар
аудара отырып ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты
демографиялық және көші-қон саясаты шығарылуы тиіс,-деп еліміздің
демографиялық және көші-қон саясатын жетекші басымдықтар қатарына
жатқызады.
Қазіргі кезеңдегі еліміздің демографиялық даму жағдайы өткен
тарихымызбен тығыз байланысты. Себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси
дамуымыз секілді этнодемографиялық даму тарихымызда бір-бірімен
сабақтас. Халықтың сандық өсімі, табиғи және механикалық өсімі, ұлттық,
әлеуметтік құрамы мен жыныстық-жастық құрылымындағы өзгерістер тарихы
бір-бірімен тығыз байланысты, әрі сабақтас. Сондықтан да қазіргі таңдағы
демографиялық ахуалды талдау, осыған орай демографиялық дамуды бағдарлау
міндетті түрде өткен тарихты білуді, терең де жан-жақты саралап,
зерттеуді қажет етеді. ХХ ғасыр ішінде Қазақстан халқы күрделі
демографиялық дамуды өткерді. Оның ішінде кеңестік кезеңдегі барлық
әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірдегі түбегейлі өзгерістер
халықтың ұлттық, әлеуметтік, сондай-ақ жыныстық-жастық құрылымының
өзгерістеріне әкелді. Міне осыған орай ХХ ғасырдың 20-80 жылдарындағы
демографиялық даму тарихымызды кезең-кезеңге бөле отырып, аумақтық
негізде зерттеудің қажеттілігі туындайды.
Төңкерістен кейінгі кезеңдерде аумақ ауыл халқы орасан зор демографиялық
апаттарды бастан кешірді. Алдымен 1921-1922 жылдардағы ашаршылық
республиканың батыс өңірін қамтып, үлкен демографиялық апатқа әкелді.
1920-жылдардың аяғы мен 1930-жылдары өлкеде жүргізілген саяси –
экономикалық сипаттағы науқандардың ашаршылық, жаппай үдере көшу,
көтерілістер және халық санының азаюы сияқты теріс салдары болды.
1926-1939 жылдардағы екі санақ аралығында аймақ ауыл халқы орасан зор
шығынға ұшырады. Әсіресе қазақ халқы қатты зардап шегіп, үлес салмағы
барлық халық санының жартысынан сәл ғана асты. Ұлы Отан соғысы
жылдарында майдандағы шығын мен тылдағы өлім-жітім салдарынан халықтың
табиғи өсімі төмендеп, жалпы саны азайды. Сонымен бір мезгілде
республикаға депортацияланған және эвакуацияланған халықтардың көшірілуі
бұл өңірде тағы да өзге ұлт өкілдері санының артуына әкелді. Аймақ ауыл
халқының этнодемографиялық даму жағдайы соғыстан кейінгі жылдары ғана
тұрақталды. Соғыстан кейінгі жылдары қалпына келген табиғи өсім,
1960-жылдардың ортасына дейін қарқынмен жүргенімен кейін бәсеңдей
бастады. Сондай-ақ халықтың жыныстық-жастық құрылымында ерлер үлесі
әйелдер үлесімен теңесті. Сонымен қатар бұл кезеңдегі табиғи өсім
нәтижесінде қазақ халқының саны мен үлес салмағы ұлғайды.
Міне, осылайша аймақтың демографиялық дамуының өткен тарихи белестері
ХХ ғасырдың 20-80 жылдарындағы тарихымызды жан-жақты зерттеу, ғылыми
талдау, объективті баға беру және осы негізде алдағы демографиялық
саясатымызға қатысты тұжырымдар мен ұсыныстар жасауды қажет ете отырып,
бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналмақ.
Қазақстан халқының этнодемографиялық даму тарихына қатысты көптеген
зерттеу жұмыстарын атап көрсетуге болады. Қазақстанның
тарихи-демографиялық мәселелеріне қатысты еңбектерден алдымен
А.Н.Доничтың зерттеуін атауға болады. 1926 жылғы бірінші бүкілодақтық
санаққа арналған мақаласында автор Қазақстандағы халық санын 6 507 077
адам деп көрсете отырып, санақпен барлық халықтың толық қамтылмағандығын
атап өтеді. Жалпы Қазақстан бойынша басым ұлттардан қазақтар 57,4 %,
орыстар 19,8 %, украиндар 13,2 % деп көрсетеді. Сонымен бірге 1924-1927
жылдардағы республикадағы ауыл халқының табиғи өсімін қарастырған
Н.Д.Трублевичтің мақаласында автор ауыл халқының табиғи өсімі 1924 жылы
21,8, 1925 жылы 23,5, 1926 жылы 25, 1927 жылы 27,6 промиль болғанын
көрсетіп, оның ұлттар бойынша ерекшеліктерін сипаттайды. 1920 жж.
халықтың этникалық құрамы мен саны туралы мәселелерге көңіл бөлген
еңбектердің бірі М.Тынышбаевтың еңбегі. Автор еңбекте қазақ
этногенезінің, қазақ жүздерінің шығу тарихын айта келіп, 1917 жылғы
қазақ халқының саны туралы мәлімет келтіреді [2].
Қазақстанның демографиялық тарихына байланысты зерттеу жұмыстары
1960-1980 жылдары Н.Б.Бекмаханова, Ф.Н.Базанова, А.Б.Галиев,
Н.В.Алексеенко еңбектерімен толыға түсті. Тарихшы-демографтар ғылыми
айналымға көптеген статистикалық материалдарды, мұрағат деректерін
енгізе отырып, халықтың демографиялық дамуы, табиғи, механикалық өсім,
ұлттық, әлеуметтік құрамның өзгерістерін қарастырды.
Мәселен, Н.Е.Бекмаханованың зерттеулері XVIII ғасырдың ортасынан 1917
жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Еңбекте халықтың табиғи және механикалық
өсімі, қоныстандыру қозғалысы және аталған кезеңдегі Қазақстан халқының
әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері зерттеледі. Ф.Н.Базанова кеңестік
кезеңдегі Қазақстан халқы құрылымының қалыптасуы және дамуы мәселелерін
қарастыра отырып, 1920-1930 жылдардағы индустриялық даму көп ұлтты халықтың
қалыптасуына ықпал етті деп көрсетеді. Өзге ұлт өкілдерінің ұлғаюы есебінен
жергілікті халықтың үлесі қысқарып, әр қалай себептермен еліміздің басқа
аудандарына көшкен қазақтардың үлес салмағы азайды, деп 1930-жылдардағы
нәубетті айналып өтеді. Одан әрі 1960-1970 жж. көші - қон үдерістері
барысында Маңғышылақты игеруге 12 одақтас, 11 автономиялы республиканың
және 4 автономиялық облыстың өкілдері қатысып, Маңғышылақ халқының
қозғалысы орта есеппен 70 %-ке ұлғайды,-деп көрсетеді. Ал А.Б. Галиев өз
зерттеуінде 1926 жылғы Бүкілодақтық халық санағы материалдары, мұрағаттық
және ғылыми зерттеулердің негізінде қазақтар мен орыстардың жыныстық-жастық
құрылымына, қазақтардың жанұялық құрылымына, халықтың орналасу
географиясына, оның әлеуметтік және кәсіби құрамына талдау жасайды.
Зерттеуші ғалым Н.В. Алексеенко өз еңбегінде Қазақстанның тарихи
демографиясының маңызды кезеңдерінің бірін қарастыра отырып, көптеген
деректер негізінде төңкеріске дейінгі қазақтардың, орыстардың және басқа
ұлт өкілдерінің сандық динамкасына тоқталады.
1980-жылдардың аяғы мен 1990-жылдардың басындағы тарихи-демографиялық
мазмұндағы еңбектерде Қазақстан халқының нәубет жылдарындағы шығыны, оның
себеп-салдары туралы мәселелер көтерілді. Бұлардың қатарына М.Қ.Қозыбаев,
М.Х.Асылбеков, Ж.Б.Абылхожин, М.Б. Тәтімов, М.Н.Сдыков, В.В.Козина,
А.Н.Алексеенконың еңбектерін жатқызуға болады.
1.2 Демографиялық саясатты зерттеудің теориялық-методологиялық аспектілері
Демографиялық саясат - бұл мемлекеттік органдар және басқа да әлеуметтік
институттардың тұрғын халықтың өсіп - өнуін реттеу, яғни оның саны мен
құрылымын сақтауға немесе өзгертуге мақсатты түрде бағытталған қызметі.
Яғни, бір мемлекеттің халық санындағы өзгерістерді мына төмендегілердің
жиынтығы ретінде көруге болады. Олар: өсім = туу - өлім-жітім ± көші-қон.
Негізінен демографиялық саясатты жүргізу барысында үш принципті ұстану
керек. Олар:
- демографиялық саясатты әзірлеп шығару мен жүзеге асырудың мемлекеттік
- қоғамдық принципі. Бұл бойынша демографиялық саясатты қоғамдық келісім,
яғни Қазақстанда тұратын титулды ұлтпен қатар этникалық топтардың да
мүдделерін ескеру арқылы;
- отбасылық - демографиялық принцип. Яғни, демографиялық мақсаттарды
жүзеге асыру шаралары, мәселен тууды ынталандыру;
- байланыстылық принципі, яғни демографиялық саясаттағы міндеттерді
шешудегі кешенділік; басты басымдықтарды бөліп алу; демографиялық саясатты
жүргізу барысында аймақтық ерекшеліктерді ескеру; мемлекеттік билік
органдары мен азаматтық қоғам институттарының өзара әрекеттесуін, т.б.
ескеру қажет.
Жұмысты жазу барысында статистикалық, математикалық, әлеуметтанулық,
шынайы және шартты буын әдісі (когорта әдісі), контент-талдау, SWOT-талдау,
т.б. әдістер қолданылған. Мәселен, когорталар әдісі (шынайы буын әдісі)
репродуктивті әрекетті зерттеуге күшті ықпал етеді. Мысалы, 1960 жылы
дүниеге келген әйел адамдар 2010 жылы репродуктивті жастан шыққандар болып
саналады.
Жалпылама айтқанда, келешекте тиімді демографиялық саясат жүргізу үшін
бұл әдістерді пайдаланудың маңызы зор.
Англия тарихында тұрғын халыққа байланысты зерттеулер жүргізген Д. Юм
және А. Смитті алып қарастырсақ, Юмнің пікірінше халық санының артуы
мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты, жеке және мемлекеттің мүдделерін
сақтау үшін де қажет. Ал А. Смит әр мемлекеттің дамып, өркендеуі тұрғын
халқының көбеюіне байланысты деді. Оның Халық байлығының табиғаты және
себептері жөніндегі зерттеу атты еңбегі 1776 жылы ХVIII ғасырда
жазылғанымен, оны оқи отырып қазіргі кездегі жағдайды қарастырып отырғандай
әсерде қаласын. Мәселен, демографияға қатысты туу үдерісі туралы осы
еңбекте былай жазылған: Кедейлік некеліктен сақтамағанымен, оны кейінге
шегеретіні анық. Ол туу қарқынын жоғарылатуға серпін беретін де секілді.
Өйткені, таулы Шотландиядағы аштықтан арыған кедей әйелдің жиырмаға дейін
баласы болса, ал байлыққа белшесінен батқан әйел бір баланы да әзер тууы
мүмкін, ал екінші не үшінші баланы туғаннан кейін еш сүлдері де қалмайды.
Зайырлы әйелдер арасында бедеулік көп кездесетін болса, ал кедей әйелдер
арасында бедеулік деңгейі төмен. Байлық, әйелдерде рахаттануға деген
құштарлықты арттырып, бала тууға деген қабілетін әлсіретіп, оны жоюы да
мүмкін [7, 73 б.].
Өнеркәсіптік төңкеріс кезінде экономикалық өсу және демографиялық
динамика үдерістерінің қайшылығы жөнінде көзқарас білдірген Томас Роберт
Мальтус еді. 1798 жылы жарияланған Ел халқы жөніндегі заң тәжірибесі атты
еңбегінде халық саны әр 25 жыл сайын геометриялық прогрессиямен көбейсе, ал
осы 25 жыл ішінде азық-түліктің өсімі арифметикалық прогрессиямен ғана
жүзеге асады деген болжам жасады [8, 158-159 бб.]. Ал ХХ ғасырдың 1950-60
жылдары дамып келе жатқан мемлекеттердегі демографиялық жарылысқа
байланысты мальтусшілдік теория қайта жанданып, неомальтусшілер пайда
болды.
Кеңестік зерттеушілердің ішінен халық санақтары негізінде көптеген
демографиялық мәліметтер жинақтап талдаған, демография ғылымының дамуына
елеулі үлес қосқан Б.Ц. Урланис болды. Ол адамзаттың болашақтағы дамуы
жөніндегі әр түрлі пікірлерді жинақтап қарастырды. Олар: демографиялық
детерминизм; демографиялық утопизм; демографиялық фатализм; демографиялық
биологизм; демографиялық максимализм; демографиялық алармизм; демографиялық
финализм, демографиялық популизм.
Демографиялық детерминизм тұжырымы бойынша қоғамның дамуы демографиялық
үдерістерге тікелей байланысты, тәуелді. Тұрғын халыққа байланысты басқаша
тұжырым ретінде демографиялық утопизмді айтуға болады. Бұл тұжырым бойынша
Жер шарындағы халықтың шамадан тыс қоныстануын болашақта ғарышты игеру
арқылы шешуге болады. Демографиялық фатализм тұжырымы бойынша адамзат - бұл
санын өзіндік реттей алатын жүйе. ХХ ғасырдың 20-шы жылдары биологтар
демографиялық биологизм тұжырымын ұсынды. Бұл тұжырым өкілдері халық саны
динамикасы логикалық қисық өсім заңына бағынады және белгілі бір қисық
нүктесіне жеткен соң, оның деңгейі қайтадан төмендей бастайды. Осымен қатар
демографиялық максимализм тұжырымы да бар. Бұл бойынша демографиялық
проблемалар ойдан шығарылған, өйткені Жер шары 50 миллиард адамды
қамтамасыз ете алады. Ал демографиялық алармизмнің бастаушысы ретінде Т.
Мальтусті айтуға болады. Ол өз еңбегінде халық санының артуын жағымсыз
құбылыс ретінде сипаттаған болатын. Алармизм (ағ. аlarmism - үрей,
қорқыныш) - Жер шары халқының көбеюі шикізаттың азаюы, биологиялық
алуандылық және қоршаған ортаның ластануы секілді салдарға әкеліп, жаһандық
экологиялық дағдарысты туындатуы мүмкін деген түсінік. Демографиялық
финализм тұжырымы да жоғарыдағы жақын. Бұл тұжырымның өкілдері Жер шары
толып қоныстанып кетуіне байланысты алдағы келешекте барлық шикізат қоры
таусылып, адамзат өз дамуының мәресіне жетеді дейді. Ал демографиялық
популизм қатарына Африка елдерінде тараған пікірлерді жатқызуға болады.
Олардың ойынша халық саны өсуін жан-жақты қолдау қажет. Олардың ұраны бала
- бұл кедейлердің байлығы, баласыз бай болғанша, баласы бар кедей болған
артық [9, 87-93 бб.].
Отандық демограф А.Н. Алексеенконың пікірінше, макроэкономикалық
жетістіктермен тұспа - тұс келген неке қиюдың біршама көбеюін, туудың
жоғарылауымен еш шатыстырмау керек. Бұл екінші демографиялық толқынның
көрінісі, яғни 1970 пен 1980 жылдары дүниеге келген көп буынның
репродуктивті жасқа түсуімен байланысты. Осыған орай демографиялық сауығу
басталды, - деп ойламау керек [10]. Оның пікірінше, басты стратегиялық
міндет - осы демографиялық толқынның репродуктивті әлеуетін пайдалану.
Ресейлік зерттеушілерге келер болсақ, Демографиялық зерттеулер
орталығының директоры И. Чиндиннің пікірінше, бала күнінен бастап
қауіпсіз жыныстық қатынас деген түсінікті ұғып алған және махаббат,
отбасы деген ұғымдарды түсінбейтін жас адамдар ұрпақ көбейтеді, - деу
қисынсыз. Біздің ойымызша, қазіргі Ресейдің демографиялық саясатын
идеологиялық және ақпараттық қамту жоқ. Ал ол өте қажет, өйткені
материалдық игіліктер арқылы ғана тууды ұлғайту мардымсыз. Осыған
байланысты елдегі жалпы психологиялық климат, әлеуметтік оптимизмпессимизм
басты демографиялық факторлар болып табылады. Әлеуметтік оптимизм, бұл
болашаққа деген сенімділік және қоғамның моральдік қолдауы мен мемлекеттің
материалдық қамсыздандыруы. Мәселен, 1930-1940 жылдардағы АҚШ-ғы туу
деңгейінің жоғарылауы, беби-бум осыған мысал болады деген [11, 48-49
бб.]. Яғни, 1930-1940 жылдары АҚШ-да бала туылуға байланысты ешқандай
арнайы жәрдемақы енгізілмеген. Тек, американдықтардың бойында жарқын
болашаққа деген нық сенімнің артуы жаңа ұрпақтың көбеюіне алып келген.
Яғни, АҚШ-ғы оптимизм тууға серпін берген.
Бұл айтылғандарды түйіндей келе, пікірлер әр алуандылығын және кереғар
тұстарын аңғаруға болады.
Демографиялық әлеует мемлекеттің жетістіктерге жетуінің факторларының
бірі. Бұл ақиқатты өз дәуірінде А. Смит, М. В. Ломоносов және т.б. ғалымдар
еңбектерінде қарастырған.
Демографиялық қауіпсіздік - ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі және
демографиялық дамуға, яғни тұрғын халықтың өсіп-өнуіне төнетiн нақты және
ықтимал қауiп-қатерден қорғалуының жай-күйi. Демографиялық қауіпсіздіктің
мақсаты нақты қатерлерді бейтараптандыратындай жағдай жасау және ықтимал
демографиялық қатерлердің алдын алу. Халық санының азаюы мынандай
аспектілерге қатер төндіруі мүмкін.
Геосаяси аспекті. Қазақстан дүниежүзінде территориясы жағынан тоғызыншы
орынды алады және табиғи байлығы бойынша алдыңғы қатарлы елдер тізімінде.
Д. И. Менделеевтің кестесі бойынша 109 элементтің территориямызда 99
кездеседі. Сондықтан да, осы байлықты игеру және территориямыздың
тұтастығын, қауіпсіздігімізді сақтау үшін сол территорияларда халық
қоныстануы тиіс.
Экономикалық аспекті. Тұрғын халықтың қартаюына байланысты үкімет
зейнетақы жасын көтеру шарасына барғанымен де, мемлекет зейнетақыны толық
төлей алу мүмкіндігіне кепілдік бере алмасы сөзсіз. Осымен қатар еңбек
жасына қабілетті адамдар санының азаюы да, Қазақстанда еңбек ресурсы
тапшылығына алып келетіндігі белгілі.
Әлеуметтік және гуманитарлық аспекті. Бұл мәселеде әйелдер санының
еркектерге қарағанда көбеюін айтуға болады. Мұндай диспропорцияның
әлеуметтік салдары белгілі. Олар, некелесудің төмендеуі және осыған
байланысты туудың азая беруі, толық емес отбасы болғандықтан бала туған
жалғызбасты аналардың баланы асырап - бағуы мүмкіндіктерінің толық болмауы
және жалғызбасты әйелдердің осы айтылғанға байланысты бір баладан артық
тумауы, т.б.
Демографиялық қауіпсіздіктің индикаторлары мына төмендегі 1 кестеде
берілген.
1 кесте. Демографиялық қауіпсіздіктің индикаторлары
№ Көрсеткіштер атауы көлемі ықтимал әлеуметтік - экономикалық
салдары
1. Туудың жиынтық 2,66 Қарапайым ұрпақ ауысуының болмай қалуы
коэффициенті
2. Өмір сүрудің 68 Өлім-жітімнің артуы және халық санының
күтілетін орташа азаюы
ұзақтығы
3. Тұрғын халықтың 7,5% Мәселен, бұл үдеріс елдегі еңбекке
қартаюы, яғни жарамды тұрғындарға экономикалық
Қазақстандағы жасы салмағын түсіретіндігі, жұмыс күшінің
65-тен жоғарылардың тапшылығына, денсаулық сақтау және
үлес салмағының арта әлеуметтік қамсыздандыру органдарына
бастауы деген ықпалдың артуына, т.б. жағымсыз
салдарға алып келетіндігі белгілі
Дерек көзі: http:www.stat.kz
Қазақстан Республикасы Еуропа және Азиядағы географиялық орналасуы өте
ыңғайлы және екі арада транзиттік дәліз болуда. Ал қазіргі ХХI ғасырда да
Қазақстанның көп территориясы игерілмеуде және халық аз қоныстанған. Әлсіз
игерілген кеңістігі бар Қазақстан үшін халық санының қарқынсыз өсімі
тиімсіз жағдай. Өйткені, Солтүстігінде Ресей, ал Шығысында әсіресе халық
саны көп Қытай, Оңтүстігінде халық саны тез артып келе жатқан Өзбекстан
бар. Шекаралас мемлекеттермен шынайы және ықтимал қатерлер болмауы үшін
Қазақстан демографиялық әлеуетін күшейтуі керек. Демографиялық әлеуеті зор
мемлекет ғана өркендей алары және территориялық тұтастығын қамтамасыз ете
алары анық.
Демографиялық өту және одан туындайтын мәселелерді қарастыратын болсақ,
демографиялық өту дегеніміз - халықтың өсіп-өну типінің өзгеруі. Оның мәні
тұрғын халықтың ұрпақтардың тез ауысып отыруына негіз болған жоғары туу
және жоғары өлім-жітімге негізделген дәстүрлі өсіп - өнуден, төмен
деңгейдегі туу мен төмен өлім-жітімге негізделген заманауи өсіп - өнуге
өтуі.
Бұл тұжырымды алғаш жасаушылардың бірі француз демографы Адольф Ландри
болды. Ол халық өсуіндегі бұл өзгерісті демографиялық төңкеріс деп атап,
1934 жылы жарияланған La Rèvolution dèmographique еңбегінде көрсетіп
берді. Алайда, демографиялық төңкеріс термині кең тарамай, американдық
ғалымдар К. Дэвис, Д. Кирк, Ф. Ноутстейннің демографиялық өту түсінігі
кең тарап, қолданысқа енді. 1980 жылдардың ортасына қарай дүниежүзіндегі
барлық демографиялық өзгерістерді айқындау үшін дәстүрліден жаңаға өту
туралы демографиялық өту теориясы жеткіліксіз болып шықты. Осы
концептуалды ваккумды нидерландтық демограф Дирк Ван де Каа және оның
бельгиялық әріптесі Рон Лестагтың екінші демографиялық өту теориясы
толтырды. Бұл теория бойынша туу және өлім-жітімнің төмендеуіне байланысты
халықтың табиғи өсімі нөлге тақағанда және Еуропадан эмиграция
иммиграциядан аспаған кезде бірінші демографиялық өту аяқталды. Ал 1960
жылдардан бастап, Еуропада екінші демографиялық өту басталды. Екінші
демографиялық өту теориясы Батыс қоғамындағы демографиялық іс-әрекетіндегі
құндылықтар жүйесінің көлемді өзгеруімен байланысты. Дирк Ван де Кааның
пікірінше, буржуазиялық модерн заманындағы еуропалықтар дінге сенетін,
отбасылық құндылықтарды жоғары қоятын адамдар болған. Ал қазіргі кездегі
буржуазиялық постмодерн адамдарының ұстанымдары басқа. Олардың пікірінше,
әр адам өзіндік мораль таңдауда ерікті, яғни өмірді бір ақ рет
сүретіндіктен, оны ертеңге қалдыруға болмайды. Демократиялық мемлекеттер өз
азаматтарын жоғары табыспен, экономикалық және саяси қауіпсіздікпен
қамтамасыз етуі, дыбыссыз төңкерістің басталуына алып келді. Яғни, жеке
тұлғаның жыныстық талғамы, ажырасу, түсік жасату, стерилдеу және ерікті
түрде бала босанудан бас тартуы, т.б. қоғам әр адамның жеке ісі деп қарайды
[12, 50-51 бб.].
Дегенмен, демографиялық өтудің бас кезінде жас буынның тез өсуі
байқалса, өтудің соңына қарай кәрілер санының ұлғаюы көрінеді. Бұл
отбасындағы өзгерістерге, ұрпақтар арасындағы қарым - қатынастың өзгеруіне,
жалпы құндылықтардың, ұстанымдардың өзгеруіне алып келері анық.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАЙ-КҮЙІНІҢ САЯСАТЫН ТАЛДАУ
2.1 Әлемдегі демографиялық жағдай және қауіпсіздік мәселелерін талдау
Демографиялық жаһандану - бұл демографиялық саладағы жаһандық
үдерістердің жалпылама, жүйелі түрде көрініс беруі. Демографиялық
жаһандануға байланысты адамдардың көзқарасын шартты түрде екі топқа бөлуге
болады. Бірінші топ саяси және экономикалық пайда тапқысы келгендер, өздері
жаһандануды қолдайтындар. Екінші топ жаһандануға қарсылар. Олар,
жаһандануға қарсы шерулер өткізуде және жаһандану дүниежүзіндегі
мемлекеттер арасындағы теңсіздікті, алшақтықты одан әрі өрістетуде
дейтіндер.
Жаһандану барысындағы демографиялық дағдарысты зерттеушілердің көбі туу
деңгейінің төмендеуіне жасанды түсік жасатумен қатар отбасын жоспарлауға
байланысты түрлі контрацепциялық құралдардың көбеюі де жағымсыз әсерін
тигізуде деп есептеуде. Осымен қатар қазіргі кездегі отбасын жоспарлау
деген мәселе астарында халық саны өсімін азайту, тууды тежеу жүруде деген
ойлар одан әрі жалғасуда, демографиялық соғыс деген ойлар да қазір жиі
айтылуда. Өйткені, демографиялық соғыстың мәні де түрлі контрацепциялық
құралдарды тегін тарату арқылы, қоғам құндылықтарын түрлі жағымсыз фильмдер
арқылы теріске шығару, бір жыныстық неке жөніндегі басылымдар мен
фильмдерді тарату және осылар арқылы дамушы елдердегі тууды тежеу болып
табылады.
Қазіргі кезде отбасын жоспарлау және жасөспірімдерді жыныстық
тәрбиелеу деген желеулермен түрлі жоспарлау орталықтары әрекет етуде.
Сондықтан да құзырлы органдар осындай орталықтардың қызметін,
қаржыландырылу көздерін тексергендері жөн.
Жер шары халқы өзіндік түр құрамына қарай біртекті екендігі анық.
Барлық адамдар биологиялық жағынан Homo Sapiens түріне жатады, басқа
приматтардан ерекшелейтіні бәрінде бірдей хромосома саны - 46. Әлемнің бұл
түрлік біртектілігі барлық халықтың бір демографиялық жүйеге жататынын
көрсетеді. Жалпылама танылғандай қазіргі адам кроманьондық адамның
эволюциялануы нәтижесінде пайда болған.
XVIII ғасырдан бастап XX ғасырдың бірінші ширегіне дейін еуропалық нәсіл
өз санын біріншіден, территориялық әлеуетінің болуына сай арттыра алды;
екіншіден, өз әл-ауқатын, экономикасын өркендету үшін осы территориялық
кеңістік шикізатын пайдаланды, т.с.с. Осының нәтижесінде Батыс Еуропалық
өркениет өзінің саяси және экономикалық шыңына жетіп, Жер шары деңгейінде
саяси және экономикалық мәселелерге байланысты үстемдікке ие болды.
Демографиялық жаһанданудың детерминанталарына келер болсақ, Кеңес
тарихшысы, этнограф Л.Н. Гумилевтің пайымдаулары бойынша пассионарлық
шыңына жақындаған әр популяция өзінің ареалын кеңейтуге ұмтылады.
Этностарды қозғалысқа келтіретін серпін де пассионарлық, яғни әр адамзат
популяциясының энергетикалық әлеуеті, - деп есептеді.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев та өз сұхбатында: қазақ жерінің асты да, үсті
де тұнған қазына. Мұнай да, газ да, хром да, уран да, темір де, көмір де,
мыс та, алтын да, бәрі де баршылық... Жер байлығының қызығын болашақ
ұрпақтарымыз әлі ғасырлар бойы көруге тиісті. Осымен қатар, ұлттық
модернизация мәселесін біз ұдайы есте ұстауға тиіспіз... Шүкір дейік,
халқымыз қазірдің өзінде әлемдік өркениет арнасында дамып келе жатыр. Өзге
жұрттар қазаққа құрметпен қарайды. Бойы да, ойы да таза, пассионар ұлт деп
қарайды деген [3].
Демографиялық фактор бір жағынан жаҺандану үдерістерінің сипатын
айқындауда, ал екінші жағынан өзі де осы үдерістің ықпалына ұшырауда. Адам
және қоғамның жаҺандану қатерлеріне төтеп беруінен барлық адамзат
атаулының өмір сүруі де тәуелді. Осымен қатар, тарихқа үңілсек жаһандық
үдерістердің өзі адам санының артуына байланысты жаңа территорияларды
игеруге деген қажеттіліктен басталған адамдардың көші-қонынан бастау алады.
Демограф ғалым М.Б. Тәтімов 1993 жылы Дәуір газетіне берген сұхбатында
демографиялық фактор жөнінде мынандай ой қозғаған. Демографиялық фактор
қай халықтың тарихында да ерекше орын алады. Өз басым демограф ретінде
өткен тарихымыздан мынаны байқадым. Біздің халқымыздың небір қияметтен,
ашаршылық пен жұттан аман өтіп, жеңіп шығуының сыры демографияда жатыр.
Отбасылық, туыстық дәнекердің беріктігі, неке тазалығы сияқты халықтың
демографиялық күш-қуат қайнарларын алғыр хан, ақылды билер шебер пайдалана
білген. Қазақта ұрпақ көбейтуге, өсіруге, ұрық жаюға шек қойылмайды. Ал
жоңғар сияқты шамандық пен ламаизмге, пұтқа табынған жұрт кенже ұлды
қашанда тақуа - сопылыққа қалдырып, оның үйленуге құқы болмаған. Демек,
бұған қоса, исламдағыдай екі әйел алуға рұқсат етілмеген халықта әрбір
үшінші әйел бала тұрмыс құра алмады. Бұл жосықсыздық жоңғарларды
демографиялық тоқыраушылыққа әкеп соқтырды деген [13, 261 б.].
Жалпылама талдаудың өзі тұрғын халқының саны көп мемлекет, яғни
демографиялық ресурсы күшті мемлекет мықты деген қорытынды жасауға
мүмкіндік береді. Бірқатар мемлекеттер демографиялық ресурсты ұлғайту
бағдарламаларын арнайы жүргізуде. Өйткені, бұл мемлекеттің егемендігін
сақтаудың кепілі. Бұған көптеген мысал келтіруге болады. Мәселен,
Үндістандағы нөлдік демографиялық өсім бағдарламасы басқарушы топтармен
әдейі алынып тасталған болатын. Себебі, Үндістандағы халықтың көп болуы
ықтимал қатерлерден қорғайтын құрал.
Жаһанданудың басты демографиялық нәтижесі адамзат санының күрт артуы
болып табылады. Үшінші мыңжылдыққа Жер шары 6 млрд 100 млн адаммен өтті.
Аймақтық өзгерістерге келер болсақ, қазіргі кезде дамыған мемлекеттерде 1
млрд 200 миллион адам бар, ал дамыған мемлекеттерге жатпайтын елдерде
қазіргі кезде 4 млрд 800 миллион адам тұрады.
Қазіргі кезеңде ел халқының жастық құрылымында да біршама өзгерістер
болуда. Яғни, егде тартқан адамдардың саны мен пайыздық мөлшері артуда, ал
бұл демографиялық қартаю мәселесін өзекті ете түсуде. ХХ ғасырда ғылыми
айналымға эйджизм (аging) - жасы бойынша дискриминациялау деген түсінік
енді. Бұл демографиялық қартаю мәселесін тыңғылықты зерттеуді талап етеді.
БҰҰ-ның демографтары да қартаюды жіктеудің өзіндік үш сатылы өлшемін
ұсынды: егер 65 жастағы және одан жоғары тұрғын халықтың үлес салмағы 4%
болса онда ол жас болып есептелінеді, ал 4-тен 7% дейін болса қартаю
шегінде деп бөлінеді, ал 7% және одан жоғары болса - қартайған болып
есептелінеді. БҰҰ-ның болжамы бойынша 2050 жылға қарай дамушы елдердің
көбісінің өзінде де 65 жастағы адамдар саны екі есеге өседі екен. Бұрын
халықтың қартаюы дамыған елдерге ғана тән болса, енді тууды бақылауға
байланысты бұл үрдіс дамушы елдерде де белең алуда.
Тұрғын халықтың қартаюы экономикалық және әлеуметтік жағымсыз салдарға
алып келетіндігі белгілі. Мәселен, әскерге шақырушылар қатарының
кемитіндігі, еңбекке жарамдылар санының аз болуына байланысты олардың
қартайған адамдарды зейнетақымен қамтамасыз ете алмауы, елдегі еңбекке
жарамды тұрғындарға экономикалық салмақтың ұлғаюы, жұмыс күшінің тапшылығы,
денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру органдарына деген ықпалдың
артуы, т.б.
Дерек көзі: http:www.stat.kz
1 cурет. Қазіргі кездегі Қазақстан халқының жастық тобына байланысты
құрылымы
Халықтың қартаюына байланысты өлім-жітім көбейеді, өйткені Ұлы Отан
соғысынан кейінгі 1950 жылдары дүниеге келген көп санды ұрпақтың егде
тартып, қарттық сатысына түсері анық. Бұған себеп 1990 жылдардағы туудың
күрт төмендеуі және бір-екі балалы отбасылық ұстанымның көбеюі.
Жалпылама алғанда демографиялық болжамның қандай сценарийі жүзеге
асқанына қарамастан, XXI ғасыр Қазақстан халқының қартаюы ұлғая беретін
және бұл үрдістің түрлі салдары болатын ғасыр болары анық. Дегенмен, кәрі
кісілердің кәсіби біліктілігі жоғары болатыны сөзсіз. Жүргізілген сауалнама
барысында зейнеткерлердің 60% жұмыс істеуді жалғастыруды көздейтіндігі
анықталды. Демографиялық қартаю мәселесін шешу үшін зейнеткерлік жасқа
шыққан адамдардың әлеуетін пайдалану керек. Өйткені, әлеуметтік белсенділік
пен оны көрсете алу мүмкіндігінің өзі өмір жасын ұзарту факторы болып
табылады. Көптеген адамдар үшін зейнеткерлікке шығу қоғамнан оқшаулану
ретінде қабылданып, олар тез қартаяды. Сондықтан да, демографиялық қартаю
және жұмыс күшін көбейту мақсатында зейнеткерлік жастағылардың әлеуетін
пайдалануға болады.
Осы айтылғандарға орай, әлемнің дамыған елдері антиэйджингті, яғни
кәрілікпен күрес саласын дамытуда. Мәселен, Қазақстан Республикасы
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Қазақстан
дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс деген
тақырыпта оқыған дәрісінде: антиэйджингті (антикәрілік) - өмірді ұзарту
мен жасаруды зерттеу қажет, - деп атап өткен [14].
2.2 Қазақстан Республикасының демографиялық үрдістерін ретроспективті
талдау
Ретроспективті талдау жүргізу барысында Қазақстан Республикасының
демографиялық жағдайына тарихымызда болған түрлі апаттар және дағдарыстар
ықпал еткенін көреміз. Әсіресе, ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы
тарихымыздағы - соғыс, ашаршылық, саяси қуғын-сүргін секілді қиын-қыстау
заманның халқымыздың өсіміне келтірген нұқсаны зор. Бұл оқиғалар өлім-
жітімнің жоғарылауына, туудың күрт төмендеуіне, жалпылама эмиграцияға, т.б.
алып келген болатын.
Ретроспективті талдау барысында демографиялық жағдайлардың кезеңдерін
алып қарастыруға және де Қазақстан Республикасының ХХ ғасырдағы қорытынды
демографиялық есебі қайшылықтарға толы екендігіне көз жеткізуге болады.
Өлім-жітімнің көп болуы халықтың ауқымды өсімін жойып жіберді. Егер де,
Қазақстан Республикасында мұндай апаттар болмағанда, онда қазақ халқының
саны белгілі демограф М.Б. Тәтімовтың болжамы бойынша тіптен 25 миллионнан
да асып, 30 миллионға жақындап қалған болар еді [15, 60-61 бб.].
Тиімді демографиялық саясат жүргізу үшін көші-қондық ағымдардың көлемі
мен мигранттардың құрамын бағдарлай білу, көші-қонды пайда болдыратын
факторларды және көші-қонның салдарын бағалай білу өте қажет.
Қазақстан Республикасының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz