Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы


Мазмұны
Кіріспе бөлім . . . 3
1. Дүниежүзілік Сауда Ұйымы туралы жалпы ақпараттар . . . 5
1. 1 Сауда және тарифтер жөніндегі Бас келісім (ГАТТ) . . . 5
1. 2 ДСҰ-ның құрылуы және оның алғышарттары . . . 7
1. 3 ДСҰ-ға кіру мәселелері . . . 9
2. Қазақстан және Дүниежүзі Сауда Ұйымы . . . 10
2. 1 Қазақстанның ДСҰ-ға кіру мақсаты мен талаптары . . . 10
2. 2 ДСҰ-ның экономика секторына әсері . . . 12
2. 3 Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінің ерекшеліктері . . . 14
3. Қазақстанның ДСҰ- ға кіргеннен кейінгі экономикалық даму
ерекшеліктері . . . 16
3. 1 Отандық экономикаға әсер ететін тиімді және тиімсіз жақтары . . . 16
3. 2 Қазақстанның ДСҰ-ға кіру барысында атқарылған жұмыстары және перспективалық жоспарлары . . . 23
Қорытынды . . . 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 29
Қосымшалар
Кіріспе
Әлемдік экономика мен әлемдік сауданың даму тендециялары бір ортақ ғаламдық еркін нарық болуын талап етеді. Әрине бұл бағыттағы Дүниежүзілік сауда ұйымының әрекеті ең маңызды болып табылады.
Ғаламдастыру жағдайында тауарлардың көпшілігіне сыртқы сауда немесе әлемдік нарық арқылы қол жеткізілетіндіктен, кез келген ұйымның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі, уақыт мәселесі болып, табылады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халқына арналған 11-ші жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы алға қойылған. Осы бастаманы іске асыру үшін еліміздің экономикасының дамуында қомақты роль атқаратын мәселелердің бірі - бұл Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі.
«Қазақстанның жаһандық экономикадағы бәсекелестік ұстанымдарын көп ретте оның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруіне байланысты айқындалатын болады. Бұл міндетті біз бірнеше жыл бойы дәйекті түрде шешудеміз, әрі тиянақтауға да тақаумыз. Республиканың сыртқы сауда режимін реттейтін заңдардың едәуір бөлігі қазірдің өзінде ДСҰ нормаларына сәйкес келтірілді немесе Парламентте талқылану үстінде. Еліміздің осы халықаралық экономикалық ұйымға енуі Қазақстанның дүниежүзілік рыноктағы бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін кең мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін . . . », - деді елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында. [1, 1-бет]
Курстық жұмыстың өзектілігі: қазіргі таңда Қазақстан үшін маңызды сұрақтардың бірі Дүниежүзілік сауда Ұйымына (ДСҰ) мүше болу. Сондықтан да осы проблематиканы мен «Қазақстанның ДСҰ-ға енуі» атты курстық жұмысымда барынша ашуға тырысу негізгі өзектілігінің бірі болып есептеледі.
Курстық жұмыстың басты мақсаты - Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінің проблемалары мен перспективасына мінездеме беру. Экономика салаларын Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі шарттарына бейімдеу жөніндегі жүйелі шараларды іске асыру және Қазақстанның әлемдік нарыққа кірігуі.
ҚР Президенті Н. Назарбаев еліміздің Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болып кіруге толық мүмкіндігі бар екендігі туралы пікір айтты. Қазақстан осынау халықаралық ұйымға кіру процесіне байланысты жұмыстарды сонау 1996 жылдан бері қарай жүргізіп келеді. Жалпы ДСҰ-ға кіру процесі - көп жоспарлы, әрі бірнеше кезеңнен тұратын күрделі шаруа екені белгілі. Оған қосылуға ниет білдірген елдердің тәжірибесі аталған процестен өтуге, шамамен 5-7 жылдай уақыт кететіндігі көрсетті. Әзірше, Қазақстан оған бақылаушы ретінде ғана қатысып отыр. Әйтсе де, бұл ұйымға мүше 38 елдің өкілдерінен құрылған жұмысшы тобы Қазақстанды өз қатарларына қабылдауға қатысты белсенді келіссөздер жүргізуде. Бүгінге дейін ол топтың бірнеше мәжілісі өтті. Осы 38 елдің тек кейбіреуімен келіссөздер өте қызу түрде жүргізіліп жатыр. Онда басты назар негізгі төрт бағытқа аударылған. Атап айтсақ, олар төмендегідей: отандық рыноктағы тауарлар мен қызмет түрлерінің қолжетімдігі шарттары, ауыл шаруашылығы, республиканың сыртқы сауда іс-қызметі саласындағы заңдылықтарға қатысты мәселелер жүйесі. Экономикасы жақсы дамыған елдер ішінде бұл мәселеге байланысты бізге АҚШ, Еуроодақ, Австралия, Канада және Швейцария мемлекеттері қолдау көрсетіп, ірі серіктес болып отыр.
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесіне еліміз аса үлкен жауапкершілікпен қарайды, еліміздің беделді экономисттерінен және сауда ұйымына мүше елдерден шақырылған елшілерден құралған арнайы топ ұйымдастырылған болатын. Сол топ қазіргі күні бірқатар жұмыстар атқарып, экононикалық жағдайды талқылап, саралаған болатын. Соның нәтижесінде еліміздің бұл әлемдік деңгейдегі ұйымға мүшелік етуге әлі де болса даярлығы, экономиклық жағдайы сәйкес келмейтіндігі белгілі болып отыр.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Қазақстан үшін тиімді шарттарда ДСҰ-ға кіру.
- Қазақстан нарығына импорттық тауарлар мен қызмет көрсетулердің кемсітусіз енуіне салаларды ашуға бейімдеу.
- Өңірлік бірлестіктер (ЕурАзЭҚ, ШЫҰ және т. б. ) шеңберінде экономикалық кірігуді тереңдету.
- Сауда-экономикалық қатынастар кешенінің негізгі құрауышы ретіндегі шекара маңы ынтымақтастығын дамыту.
- Барлық заңды тұлғалардың қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына көшу процесін жеделдету.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлімнің бірінші сұрағында ГАТТ-тың құрылуы, мақсаты, мәні және оның ДСҰ болып кеңеюі қарастырылады; ал екінші сұрақта ДСҰ-ға кіру мақсаты, талаптары, Қазақстанның ұлттық өніміне әсері жайында жазылған. Ең соңғы үшінші тарауда Қазақстанның ДСҰ-ға мүше ел ретінде ішкі нарығы мен сыртқы экономикалық байланыстарына жағымды және жағымсыз әсерлері қарастырылды.
Курс жұмысының деректері барысында мамандардың осы тақырып төңірегіндегі пікірлері, ірі-ірі статистикалық мәліметтер орталығының мағлұматтары, еліміздің мерзімді ақпараттық-сараптамалық басылымдардағы мақалалар қолданылды.
1. Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДСҰ) туралы ақпараттар
1. 1. Сауда және тарифтер жөніндегі Бас келісім (ГАТТ)
Бүгінгі экономикалық әлемдік құрылыста мемлекеттерге үстемді саяси институттар және халықаралық ұйымдар (халықаралық қаржы фонды, әлемдік банк, халықаралық қаржы корпорациясы, ДСҰ және тағы басқа) және мемлекеттерге үстемді институттар алдында еліміздің экономикалық, сонымен қатар саяси сипаты жағынан да санасуға тура келіп отыр. Аталған шаралардың орындалуы қарқынын көрсетеді.
Мегаэкономика жағдайында өзіндік орталық пен периферия бар. Орталық құрамға дамыған мемлекеттер мен мегаполистер кіреді. Ал периферияда қалған әлем. Дамыған мемлекеттер арасында өмір сүру дәрежесі өте жоғары шамамен миллиард халық тұрады деп есептелінеді. Олар 80% әлемдік табиғи ресурстарды тұтынады және 80% өте қауіпті қалдықтар шығарады. Бұл елдер, яғни дамыған мемлекеттер бір немесе бірнеше технологиялық құрылымдары жағынан басқа елдерден озып келеді. Қазіргі таңда жаңа тауарлар ойлап-тауып шығару, әр түрлі қызметтер шығару дамыған мемлекеттердің негізгі, тіпті басты шаруашылығы деп айтуға болады. Периферияға жататын мемлекеттер негізінен жалпылық өндірілетін, стандартты тауарлар өндірумен, ауыл шаруашылығымен, пайдалы қазбаларды өндірумен айналысып келеді. Осыдан, әрине, дамыған елдердің ғылымды көп талап ететін тауарларға баға жоғары да, ал дамушы мемлекеттердің шикізатына және өндіретін тауарларына, стандартты тауарларға баға төмен деңгейде. Бұл бағаның деспаритеті - кейбір мемлекеттердің баюының, ал кейбір мемлекеттердің кедейленуіне әкелетін негізгі жағдай. [2, 85-90-бет]
Осылардан келе төмендегідей мәселелер туындайды: біріншіден, жалпы перспективадағы мегаэкономикадағы өзіндік орталық пен периферияны сақтап қалу керек. Содан кейін әлемдік құрылымдағы периферия мемлекеттерге жақсы жағдайлар жасап экономикасын көтеру шараларын ұйымдастыру және бұл эволюциялық күресте жоғары бәсекелестікке жеткізу арқылы жетістікке жетуге болады. Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіргеннен кейін, оның перифериядан шығып экономикасын дамыған мемлекеттермен бір дәрежеге қою үшін шамамен 10-15 жыл мерзім қажет.
[3, 4-бет]
Екіншіден, көңіл аударатын жағдай әлемдік саудадағы мықты жүйелердің (1947 жылы - ГАТТ; 1995 жылы - ДСҰ) және дамып келе жатқан трансұлттық капитал (ХХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап) ең қолайлы, әрі келе жатқан дағдарыс кезеңдерінен жеңіл, жайлы өту шараларын құрастыру өте маңызды.
ДСҰ-ның басты мақсаты - дамыған әлемдік сауданы қалыптастыру. Осындай мақсатпен аталмыш ұйым өз қарамағына кіру туралы ниет білдірген дамушы елдерге: ДСҰ-на кіруде және мақсаттар мен келісімдерді орындауда мерзімін ұзарту; ДСҰ-да жұмыс істеуге инфрақұрылымды аталмыш елдерге құру; сауда мүмкіндіктерін кеңейту шараларымен қамтамасыз ету; бәсекелестікті тиімді пайдалану; экономикалық дауларды шешу және техникалық стандарттарды орындау секілді көмектер береді. Трансұлттық капитал алдында мынадай мақсаттар тұр - ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізу ориентациясы, белгілі бір тауар рыногында маркетинг пен менеджмент принциптерін қатаң сақтау арқылы әлемдік нарықта елеулі позицияларға ие болу.
Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДСҰ) халықаралық валюта қоры мен дүниежүзілік банктен кейінгі үшінші орынды иеленді. Ол халықаралық экономика қатынастарын тұрақтандыру функциясын атқарады. Сауда ұйымының жарлығы талқылану үстінде еді, сол себепті 23-ке жуық мемлекет бас қосып, уақытша келісім ретінде Сауда және тарифтер жөніндегі Бас келісімге қол қойды. Осы шараға қатысқан мемлекеттердің болжамы бойынша осы жасалған қадамнан кейін ДСҰ құрылуы тиіс еді. Бірақ ДСҰ-ның жарлығы қаралып қабылданғанымен, кейбір мемлекеттердің парламенттері, оның ішінде АҚШ оны жоюдан бас тартты. Ақыр соңында қолдаушы елдер саны бірте-бірте өсе келе, Сауда және тарифтер жөнінжегі Бас келісім (ГАТТ) 1948-1995 жылдар аралығында әлемдік сауданы тұрақтандыратын жалғыз халықаралық құқықтық келісім болды. Сауда және тарифтер жөніндегі Бас келісім - кеден тарифін төмендету және тарифтік емес шектеуді азайту жөніндегі келіссөз жүргізіп, жобалар ұсынған алғашқы ұйым. ГАТТ-қа қатысушылардың сауда қатынастары қабылданған нормалар мен ережелер негізінде айқындалады. ГАТТ 1948 жылдан бастап әрекет етеді. Бұл ірі халықаралық ұйымның шеңберінде сыртқы саудаға қатысты барлық проблемаларды талқылау үшін мүше елдер арасында келіссөздер, консультациялар, кездесулер өткізіледі. ГАТТ-тың толық құқылы мүшелерінің саны 1990 жылы 96-ға жетті.
ГАТТ-тың қызмет жасаған жылдардағы жұмыс нәтижелері томендегідей болды.
1996 жылдың басында ГАТТ-тың мүшелігінде 130 мемлекет болды. Осы жылдың қаңтарында ГАТТ Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы (БСҰ) болып қайта құрылды. Қазіргі кезде оған 81 мемлекет мүше. Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы ГАТТ-тың принциптеріне қосымша қызмет көрсету саудасы және интеллектуалдық меншік саудасы жөніндегі келісімдермен толықтырылды. Жаңа ұйым инвестицияларды қорғауды бақылаудың да жүзеге асырып, реттейтін болады.
Эксперттердің анықтауы бойынша, Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымының бақылауында 5 трлн доллар тауар айналымы болмак. Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымының қызметі дүниежүзілік экономикаға жылына қосымша 250 млрд доллар жуық табыс әкелмек.
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымының жоғарғы баскарушы органы - Министрлер конференциясы.
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы ГАТТ-тың қатысуымен жасалған келісімдердің толық орындалуын қадағалайтын болады. БСҰ-ға мүшелік әр-бір қатысумен мемлекетке бұрын келісілген құжаттардың барлығының мүлтіксіз орындалуын жүктейді.
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымының құрылуы халықаралық экономикалық қатынастарды, оның ірі саласы халықаралық сауданы жаңа белестерге шығарып, барлық мемлекеттердің сауда қарым-қатынастары деңгейін жоғарылатады деген сенім бар.
БСҰ-бейбіт, қатар өмір сүру принциптерін мейілінше тиянақтайтын беделді халықаралық ұйым. [4, 447-бет]
Сауда және тарифтер жөніндегі Бас келісім шеңберінде сауда келіссөздері жүргізілетін болатын, ондағы соңғы Уругвайда өткен кездесу нәтижесінде Дүниежүзілік Сауда Ұйымын (ДСҰ) құру туралы шешім қабылданды.
1. 2. ДСҰ-ның құрылу тарихы және оның алғышарттары
Әлемдегі мемлекеттердің 150-і осы халықаралық сауда ұйымына толық мүше, 30-дан аса мемлекеттер бақылаушы мәртебесіне ие. Дүниежүзілік сауда ұйымын құру идеясы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қозғала бастағанымен, бұл ниет түрлі себептермен іске аспай отырған. Тек, 1987 жылы ғана көпжақты келіссөздер өз жемісін беріп, өмірге халықаралық сауда ұйымы келді. Дүниежүзі сауда ұйымын құрудағы мақсат - нарықтың ашық, ырғақты сипатқа ие болуын қамтамасыз етіп, импортқа шектеу (квота) қою арқылы оны реттеп отыру, сөйтіп әлемдік сауда жүйесін басқару.
ДСҰ халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Алғашқы кезеңде ДСҰ-ға 77 мемлекет кірсе, 2005 жылдың 11 желтоқсанында соңғы мәлімет бойынша оған 148 ел мүше болды. Бұрынғы кеңестік елдерден оның қатарында Литва, Латвия, Эстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан бар. ДСҰ-ға кіретін елдердің үлесі әлемдік тауар айналымының 95% құрайды, яғни Ресейді қоспағанда бүкіл дүниежүзілік нарықты қамтып отыр деуге болады. Және Қазақстанды қосқанда 30-ға жуық ел осы ұйымға кіру ниеттерін білдірді, олар бүгінгі таңда бақылаушы мәртебесіне ие. [5, 2-бет]
ДСҰ-ға мүше мемлекеттер өзі өндірген өнімнің нарықтың бағасын қорғап, оның бағасын реттеп отырады да, қажет болып жатса, қорғанысқа көшіп, бәсекелестерін антидемпингтік шаралар қолдануға мәжбүрлейді. Мәселен, ДСҰ-ға мүше емес мемлекеттің тауарын рынокқа жібермей, тіпті оны сатқызбай қояды. Ал тауарын өткізе алмаған мемлекет миллиондаған қаржыдан қағылады. Сонымен қатар, ДСҰ өзіне мүше елдердің бір-біріне деген толық түсіністігін қамтамасыз етіп, олардың тауар айналымының деңгейін реттеп, неғұрлым қолайлы жағдайлар туғызып отыратын халықаралық ұйым. Соның дәлелі - ДСҰ өз ережелерімен, талаптарымен жасалған келісім-шарттарды (әлемдік сауданың 95%-ы) реттеп, қатаң қадағалайды. Әлемдегі сауда тауар айналымын мейлінше ырықтандырып, сауда ұйымына мүше елдердің өзінің талаптары мен заңдарын орындап отыруын қадағалап, оларды мүлтіксіз орындауға міндеттейді. [6, 15-бет]
1994 жылы сәуір айында Мароккодағы Маракеш қаласында Уругвайлық раундта көптеген келіссөздер жүргізу арқылы Маракештік келісімге қол қойылды. Осы келісім негізінде 1995 жылы 1 қаңтарда ДСҰ құрылды.
Дүниежүзілік сауда ұйымы құрылуы жөніндегі келісімде жан-жақты сауда жүйесінің шеңберінде ДСҰ кірген мемлекеттің құқығы мен міндеттерін анықтайтын 29 құқықтық құжаттар және 25 Министрлік Декларациялар болды. 1948 жылғы қабылданған ГАТТ-қа өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, қазіргі таңда «ГАТТ 1994» деп аталатын бұл келісім құқықтық құжаттар құрамына кіріп, ДСҰ-ның негізгі іргетасы болып отыр. Жан - жақты сауда жүйелерін қолдап талқылау үшін және мемлекеттен мүше құқығын алып тастау, дауыс беру арқылы іске асады. ¾ дауыс берген, яғни көбірек дауыстарды жинаған жүйе қабылданады. Ұйымға жаңа мемлекеттердің кіруін Министрлік комиссия шешеді, яғни барлык дауыстардың 2/3 бөлігі жиналуы шарт. Дауыс беру «бір мемлекет=бір дауыс» принципі бойынша жүзеге асады. Бірақ ГАТТ дәстүрлері бойынша ДСҰ көпшілік шешімдерін барлық мүшелердің келісімімен қабылдайды, яғни - консенсус.
Қазіргі таңда ДСҰ - тауарлар саудасын тұрақтандырып, қызметтер және интеллектуалдық меншікті қадағалайтын басты халықаралық ұйым болып отыр. Бұл тұрақтандырудың мақсаты келісілген принциптерді жүзеге асыру, мемлекеттердің халқаралық саудадағы іс-әрекеттерін анықтау. Жан-жақты сауда жүйесінің ең негізгі принциптері:
Тең құқықтарын айыруынсыз сауда - басқа мемлекетпен салыстырғанда бір мемлекетке өте жақсы сауда тәртібіне орнатпау тиіс және шетелдік тауарлардан гөрі ұлттық тауарларға өте жақсы сауда тәртібін орнатпауы тиіс. ДСҰ шеңберінде барлық мемлекеттерге тиімділігі көп тәртіп қарастырылған, бұл ГАТТ-тың 1 бабында жазылған, бұнда тағы қарастырлатын жағдай ол мемлекет бір мемлекетке жеңілдіктер мен артықшылықтарды жасау ғана емес, барлық мемлекеттерге бірдей жасауы тиіс.
Халықаралық сауданы ырықтандыру - кедендік тарифтерді төмендету және халықаралық сауда жолында басқа да кедергілерді жою жөніндегі жан-жақты келіссөздер жүргізу.
ДСҰ ережелері негізінде импортты шектемеу жөнінде шаралар қолдану - мемлекеттердің протекционистік сауда саясатынан бас тартуын қамтамасыз ету.
Сауданы ырықтандыру және ДСҰ ережелерін сақтау мемлекеттің ішкі саудасын заңды түрде қорғау мүмкіндігінен айырылуын білдірмейді. ДСҰ ережелері бойынша ішкі сауданы қорғаудың қарулары көптеп қарастырылған.
Олардың қатарына мыналар кіреді: қорғаныс шаралары - белгілі бір импорттық тауарлардың көлемі отандық тауар өндірушілерге шығын келтірген немесе шығын келтіру қаупін тудырған кезде туатын уақытша шектеу; антидемпингтік баждар - нақты демпинг көзіне қарсы қолданылатын қорғаныс бажы; өтемақы баждары - экспортқа қарсы қолданылады, егер бұл экспорт ашық немесе жабық түрде жәрдемақы алса.
Сауда саясатын болжау - бұл өзіне алынған міндеттердің біртекті бұзушылығын және орнатылған ережелер бойынша сауда саясатын жүргізу. Мемлекеттің, инвесторлардың, корпорациялардың тарифтері, тарифтік емес шектеулер және тағы басқа сауда саясатының құралдары мемлекеттерде ДСҰ-ның белгіленген ережелері бойынша жүзеге асып жатқанына күмәндары болмауы тиіс. Сауда саясатының болжауының басты механизмі - тарифтерді біріктіру болып табылады, яғни мемлекеттер өздеріне импорт тарифінің мөлшерлемесін белгілеген шектен көтермеуге міндеттеме алады.
Бәсекелестің көмегі - ДСҰ ұстанымына сәйкес, мемлекет сауда саясатының әділетсіз әдістерінен бас тартуына болады. Мәселен, демпинг (экспорт әділетті саудалық бағадан төмен болғанда), экспорттық субсидия.
Мемлекеттер ДСҰ құрамына кіреді және ДСҰ-ның негізгі құжаттарына қол қояды және осы құжаттардағы ұстанымдарды жүзеге асыруға міндеттеледі.
1. 3. ДСҰ-ға кіру мәселелері
Сөз болып отырған Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру оңай шаруа емес. Ұйым мемлекеттерді өз қол астына ала отырып, оған біраз өзіндік шарттар қояды. Әрбір мемлекет өзінің тауар-айырбас іс-қимыл жүйесінде ДСҰ-ға кіре алады, бірақ ДСҰ мүшелері талап етілетін келісімдермен келісуі шарт болып табылады. Екіжақты келіссөздер жүргізу төрт бөлім бойынша іске асырылады:
Біріншіден, «tell us about yourself» = «өзің туралы мәлімет бер». Мемлекет ДСҰ мүшелерінен келісімді қолдау туралы рұқсат алуы үшін өзінің қолданып немесе жүргізіп отырған сауда - саттығы және экономикалық саясаты ұйымға толықтай ашық түрде суреттеп беруі тиіс. ДСҰ-мен меморандумға отыру үшін арнайы бөлінген жұмысшы бөлігінің мемлекет арызын тексеруіне, қадағалауына бағынышты болуың керек. Бұл жұмысшы ұйымдары, жалпы алғанда ДСҰ мүшелері болып табылады.
Мысалға алсақ, біздің мемлекетіміз 1996 жылдан бері ДСҰ-ға кіру туралы өтініш бергеннен бастап, ДСҰ мүшелері Қазақстанның экономикалық дамуы арнайы бақылауға алды.
Екіншіден, «work out with us individually what you have to offer» = «Өзің нарыққа не ұсынғың келетінің туралы бізбен жеке жұмыс істе». Жұмысшы ұйымы принциптер мен саясатта белгілі дәрежеде прогреске жеткен кезде, осымен қатар ДСҰ мүшелері мен болашақтағы ұйым мүшелерімен және жеке мемлекеттермен екіжақты келіссөздер жүргізіледі. Екіжақты дейтініміз, себебі әр түрлі мемлекеттердің өздерінің сауда-саттық айналыста әр түрлі қызығушылықтары болады. Бұл келіссөздер тариф мәліметтері және түрлі нарық міндеттемелерін тауарлар мен қызмет көрсетудегі түрлі саясаттарды қамтып отырады. Тіпті екіжақты келіссөздерге қарамастан, жаңа мүше міндеттемелеріне дискриминация жасамай, ДСҰ-ның ережелеріне қайшы келмеуі керек. Басқа сөзбен айтқанда, бұл екіжақты келіссөздер түсетін пайданы (экспортқа шығару мүмкіндіктер мен кепілдіктер) шешеді. Көбіне ДСҰ-мен келіссөздер қиынға соғып, ұзақ уақыт бойы қорытындыға келе алмауы мүмкін.
Үшіншіден, «let’s draft membership terms» = «Ұйым келісім-шартын істейік». Арнайы ДСҰ жанынан бөлінген жұмысшы ұйымы бақылаушы мемлекетінің арызына, сауда режиміне деген өздерінің зерттеулерін, келіссөздерін аяқтаған мезетте, мемлекеттің ДСҰ-ға кіру туралы келісім-шартын жасайды. Істелінген келісім-шарттар, тізімдер, ДСҰ-ға кіргелі отырған мемлекеттің міндеттемелері көбіне қорытындыда анық көрсетіледі.
Төртіншіден, «the decision» = «шешім немесе қорытынды». Соңғы құжат әр түрлі хабарламалардан, протоколдар мен біраз міндеттемелерден тұрады. Және осы аталмыш құжат ДСҰ-ның Ортақ Кеңесіне (WTO General Council) немесе Министрлер конференциясында (Ministerial Conference ) көрсетіледі. Егер де бұл құжатқа байланысты ДСҰ мүшелері оң жақты тиімділікпен дауыс берсе, онда ДСҰ-ға кіру туралы келісімге ерікті түрде қол қойылады. Көп жағдайларда, мемлекеттің басты парламенті немесе заң шығарушы органы ұйыммен келіссөз аяқталмас бұрын келісімді қадағалайды. [7]
2. Қазақстан және Дүниежүзі Сауда Ұйымы
2. 1. Қазақстанның ДСҰ-ға кіру мақсаты мен талаптары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz