Қазақстан Республикасында алғашқы стратегиялық жоспар


Аннотация
Курстық жұмысымның тақырыбы-«Қазақстан экономикасының даму стратегиясы». Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан экономикасының даму сипаттамасын талдау. Курстық жұмыста Қазақстан Республикасының экономикасының қазіргі жағдайы және Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының негізінде экономиканың қарқынды дамуына талдау көрсетілген. Курстық жұмыс 28 компьютерлік текстте терілген беттен тұрады және 20 түрлі әдебиет қолданылған.
Мазмұны
Кіріспе . . . 5
1. «Қазақстан-2030» стартегиясының негізгі бағыттары . . . 8
2. Қазақстан стратегиясын іске асыру барысы . . . 11
3. Қазақстан стратегиясының қазіргі кезеңдегі негізгі көрсеткіштері . . . 21
Қорытынды . . . 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 28
Кіріспе
Көпшілік қауымға белгілі «Стратегия» термині, гректердің «Strategos» сөзінен туындаған, өз тілімізге аударғанда «генерал өнері» немесе «адамдарды басқару өнері» деген түсініктерді беріп, болашақта мақсатты бағытталған және шешуші іс-қимыл тобын, жиынтығын көрсетеді немесе «Стратегия» іске асырылуы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін бөлшекті, жан-жақты және кешенді жоспар. Көне Қытайда біздің дәуірімізге дейінгі 480 жылдары «Стратегия өнері» атты кітап жазылған, бұдан біз стратегия ұғымы адам, қоғам өмірінде өте ерте кезден қолданылып келе жатқандығын көреміз. Стратегиялық жоспарлау - оған жету жолында шешім қабылдау мен оны ұйымдастыру үшін мақсаттарды таңдау процесі. Ол бүкіл басқару шешімдері үшін оның негізін қамтамасыз етеді. Стратегиялық жоспарлау - көптеген мемлекеттер, ірі және орта компаниялар соңғы кездері кеңінен қолданып жүрген арнаулы білім (қызмет) саласы ретінде қалыптасты. Стратегиялық жоспарлаудың мәні айқындалған, шекті қор көлемі бойынша дамудың магистральді бағытын, қазіргі экономиканың қолайлы тұстарын дұрыс пайдалану және жағымсыз жақтарының әсерін бейтараптандыру арқылы болашаққа нақты қойылған мақсатқа қол жеткізетін іс-әрекеттерді анықтауда. Стратегиялық жоспар, ұзақ уақыт бойы тұтас болып қана қоймай, сонымен бірге тұрақты өзгеріп отыратын іскерлік, әлеуметтік ортаның әсерімен қажет болған жағдайда, оларға түзетулер енгізуге болатындай жеткілікті түрде икемді болуы тиіс. Стратегиялық жоспар жасау болашаққа мұқият, жүйелі дайындықты білдіреді. [16] Стратегиялық жоспарлау - бұл бірінші кезекте жоғары буын жетекшілерінің міндеті. Орта буын және төменгі буын жетекшілері тиісті ақпараттар беру арқылы және кері байланысты қамтамасыз ете отырып, осы жұмысқа қатысады. Қазақстан Республикасында ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлар 10-15 жылдар аралығына жасалынады. Бұл жоспарда халық шаруашылығының ұзақ мерзімді мақсаттары, міндеттері және ұлттық экономиканың бірінші кезекті дамуы қажетті бағыттары, олардың іске асу кезеңдері және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының жалпы бағыты белгіленеді. Қазақстан Республикасында алғашқы стратегиялық жоспар Президентіміздің 1997 жылғы «Қазақстан 2030: Гүлдену, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың тұрмыс жағдайларын жақсарту» үндеуіне сай 1998-2000 жылдар аралығына сай жасалынды. Қазақстан экономикасы өсуінің жоғары қарқыны ұзақ мерзімді жоспарлауға негізделген дамуының өз моделін құру мен іске асырудың тиімділігін дәлелдейді. Мемлекет дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын жариялаған түбегейлі құжат Қазақстан Республикасы Президентінің елдің 2030 жылға дейінгі дамуының ұзақ мерзімді стратегиясын айқындап берген «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауы болып табылады. Стратегия дамуы мен тиімді жұмыс істеуі елеулі дәрежеде мемлекеттің саясатына байланысты болатын көліктің темір жол, автомобиль, қалалық жолаушылар, әуе және су көлігі түрлерін қамтиды. Қазіргі жағдайда көлік Қазақстан экономикасында маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) миссиясы - бұл Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын қалыптастыру және оны іске асыруды үйлестіру. [8] Қазіргі замаңғы түсінікте және мемлекеттік басқару, реттеу істерінде және кәсіпорындар, ұжымдар деңгейіндегі қолданылуда «стратегия» бөлшектеніп нақтыланған, жан-жақты және кешенді, іске асырылуы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін жоспар болып саналады. Ел президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» еңбегінде «Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер тәжірибесін басшылыққа ала отырып, бізге белгілі бір кезең ішінде Қазақстан экономикасының дамуына үкімет тарапынан тұрақты талдау мен бақылау жасау мақсатында индикативті сипаттағы қысқа-орта-ұзақ мерзімді жоспар-болжамдар практикасын енгізу қажет» - десе, «Қазақстан 2030: гүлдену, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың тұрмыс жағдайларын жақсарту» үндеуінде «Біздерге кешіктірмей мемлекетіміздің ұзақ болашағына арналған даму стратегиясын жасауды бастауымыз және бес, он жылдық даму жоспарларын әзірлеуіміз керек» - деген болатын. 1992 ж. Қазақстанның стратегиялық дамуының алғашқы бағдарламасы - “Қазақстанның егемендi және тәуелсiз мемлекет ретiнде дамуының қалыптасу стратегиясы” қабылданды, мұнда мемлекет дамуының басым бағыттары айқындалды және экономика аясында стратегиялық мақсаттар белгiлендi, олар: бәсекеге негiзделген, экономикалық және әлеуметтік өзара байланыстардың жалпы жүйесiнде әрқайсысы өз мiндеттерiн орындайтын негiзгi меншiк нысандары (жекеше және мемлекеттік) ұштасатын және өзара байланыста болатын әлеуметтік нарықтық экономика құру; адамның экономикалық өзiн-өзi билеуi қағидатын iске асыру үшiн құқықтық және басқа жағдай жасау. 1998 - 1999ж. ж Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясы қабылданды. “Қазақстан - 2030”: Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының жақсаруы: ел Президентiнiң “Қазақстан халқына жолдауы” (1997 ж. күз) бағдарламасы - ҚР-ның ұзақ мерзiмдiк стратегиялық дамуының тұжырымдамалық негiзi - даму бағыттары және елдiң дамыған елдер тобына шығу жолдары айқындалды. Стратегияның мiндеттерiне сәйкес Қазақстан 2030 жылға қарай дамыған мемлекеттердiң деңгейiне жетiп, әлемнiң ең дамыған 20 елiнiң қатарына қосылуға тиiс. 1997 жылдың аяғында басталған дүниежүзілік қаржы дағдарысы Қазақстанның экспорттық салаларына айтарлықтай ықпал жасады. Ұзақ мерзiмдi стратегияның алдын-ала белгiленген кезеңiн iске асыру мақсатында Президенттiң 1998 ж. 28 қаңтардағы Жарлығымен ҚР дамуының 1998 - 2000 жылдарға арналған стратегия жоспары бекiтiлдi, ол дүниежүзілік қаржы дағдарысының зардаптарын еңсеруге, экономиканың нақты секторын сауықтыру жолымен экономикалық өрлеудi қамтамасыз етуге, бюджеттiк аяны реформалауға, белсендi әлеуметтік саясат жүргiзу жағдайында ел экономикасына жұмсалатын инвестицияларды көбейтуге бағытталды. 2000 жылдан қазiрге дейiн Қазақстан экономикасы өрлеу жолына түстi. ҚР дамуының 1998 - 2000 жылдарға арналған стратегия жоспарын iске асырудың оң тәжiрибесi бюджеттiк-қаржылық өзара iс-қимыл мен реттеудiң жаңа қағидаларына негiз қалады. 2001 ж. 4 желтоқсанда Президенттiң Жарлығымен “Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейiнгi стратег. жоспары” бекiтiлдi. Қазiргi кезде 2010 стратегиясы (2001), Үкiметтiң 2002 - 2004 ж. арналған iс-қимылдар жоспары (2002) және соның негiзiнде әзiрленген 2003 - 2005 жылдарға арналған республикалық бюджеттiң болжамдық көрсеткiштерi (2002) экономика үшiн негiз ретiнде басшылыққа алынып отыр. Негiзгi мақсат - бәсекелестiк қабiлетi күштi экономика құру, жалпы iшкi өнiмдi 2002 жылмен салыстырғанда 2 есе көбейту. Мұндай iлгерiлеуге стратегиялық салаларды - мұнай-газ секторын, энергетика мен аграрлы-өнеркәсiптiк секторды оңтайлы реттеу жолымен қол жеткiзiледi. ҚР-ның 2003 - 2005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлы азық-түлiк бағдарламасының қабылдануы осыны қуаттайды. Бұл бағдарламада негiзгi басым бағыттар көрсетiлдi, олар: елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; аграрлық бизнестiң белсендi жүйесiн қалыптастыру; iшкi және сыртқы рыноктарда ауылшаруашылық өнiмiн және оның ұқсатылған өнiмдерiн сату көлемiн ұлғайту; ауылшаруашылық өндiрiсiн мемлекеттік қолдау шараларын ұтымды ету. Соңғы екi жылдағы экономикалық өрлеу Қазақстандағы әлеуметтік ахуалға дұрыс ықпалын тигiздi: жұмыссыздық қысқарып, халықтың кедей топтарының үлесi азая түстi. Тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi 12 жылдың iшiнде Қазақстанда әлеум., зейнетақы жүйесi, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформалары жүргiзiлдi, қызмет көрсету аясы 100% жекешелендiрiлді, жер реформасын жүргiзу үшiн жағдай жасалды. Елбасы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «Біз рецессияға жол бермедік, өйткені, не істеу керектігін білдік және мұны жедел істедік. Ұлы Неру бір кездері былай деген екен: «Табыс-кім батыл қимылдаса, соның үлесіне жиі түседі». Ал біз батыл қимылдадық. Біз төтеп бердік. Енді біз 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясын орындауға кірісеміз» деп атап көрсеткен болатын. Иә, әлем таныған реформатор Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқаны әдеттегідей-ақ ақиқатқа айналды. Қазақстан экономикасы ең беделді халықаралық сарапшылар бірауыздан мойындағандай, «қазақстандық экономикалық даму құбылысының» жаңа ғажайыптарын таныта бастады. Оны үдемелі индустриялық-инновациялық даму бесжылдықтарының алғашқы бетбұрыс жылы болып табылатын - 2010 жылдың қорытындылары айқын дәлелдеп отыр. деп атап көрсеткен болатын. Иә, әлем таныған реформатор Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқаны әдеттегідей-ақ ақиқатқа айналды. Қазақстан экономикасы ең беделді халықаралық сарапшылар бірауыздан мойындағандай, «қазақстандық экономикалық даму құбылысының» жаңа ғажайыптарын таныта бастады. Оны үдемелі индустриялық-инновациялық даму бесжылдықтарының алғашқы бетбұрыс жылы болып табылатын - 2010 жылдың қорытындылары айқын дәлелдеп отыр. Алып тастау керек [9]
1. «Қазақстан-2030» стратегиясының негізгі бағыттары
Барлық қазақстандықтардың гүлденуіне, қауіпсіздігіне және тіршілік деңгейін жоғарлатуға бағытталған «Қазақстан - 2030» стратегиясы жеті жекелеген даму cекторларына ерекше назар аударады: 1) Ұлттық қауіпсіздік: Аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету. Қауіпсіздіктің басымдығы анық: егер еліміз қауіпсіздігін сақтамаса, онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзі қисынсыз. Бабаларымыздың өз мемлекетінің іргетасын қалауы мен дамытуын шолып қарағанда, олардың өз мемлекеттілігін сақтап қалу үшін тарихи ауыр және қатал күрес жүргізгенін айқын көрсетеді. Осы стратегиялық міндеттің шешімін үнемі іздестіру қажеттігі бізден қалыптасып отырған жағдайды геостратегиялық күштермен және олардың өзгеру серпінімен теңдестіре байсалды әрі барабар бағалауды талап етеді. Қазақстанның қазіргі кездегі және жақын болашақтағы ұлттық қауіпсіздігіне төнуі ықтимал қауіптің тікелей әскери басып кіру және мемлекеттің аумақтық тұтастығына қатер төндіру сипатында болмайтынын біз түсінеміз. Ресейдің де, Қытайдың да, Батыстың да және мұсылман елдерінің де бізге шабуыл жасауға итермелейтін сылтауы жоқ екені айдан-анық. Бұл тыныштық пен тұрақтылықтың болжап білуге болатындай қашықтығы Қазақстанның экономикалық әлеуетін тиімді нығайту үшін пайдаланылуға тиіс, соның негізінде біз ұлттық қауіпсіздіктің сенімді жүйесін құра аламыз. 2) Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы: Қазақстанға бүгін және алдағы ондаған жылдар ішінде ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі саяси тұрақтылық пен ұлтық біртұтастылықты сақтап, нығайта беру. Бірлікке апаратын жолдағы бұрынғы кедергілерді жойып, әдетке, құштарлыққа, ерекше мүдделерге, дінге, жас қарайластығына немесе басқа факторлардың қайсысына негізделгеніне қарамастан, жаңа кедергілерді болдырмау - біздің міндетіміз. Диалогтың ықтимал барлық нысандарын көтермелеу, сондай-ақ адамдар арасындағы өзара байланыс пен қарым-қатынасты күшейту арқылы біз біртіндеп ұлттық ынтымағымызды нығайтып, ұлттық әлеуетімізді ұлғайтамыз. 3) Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу:Экономикалық өрлеудің нақтылы, тұрлаулы және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу. Орталықтағы және жергілікті жерлердегі өкімет экономикаға араласудың барлық түрімен, дән себу, егін жинау және басқалармен айналысуды тоқтатуға тиіс. Мемлекет жекеше сектор басты рөл атқаратын нарықтың заңды шеңберлерін құра отырып, экономикада маңызды, бірақ шектеулі рөл атқаруға тиіс. Яғни, меншік құқықтарын ресімдеуге, бәсекелес рынок пен монополияға қарсы күресті реттеудің сенімді құралдарын құруға, фискальды және монетарлық саясатты қолдауға, әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға, қажетті инфрақұрылымды, білім беруді, денсаулық дамытуды қамтамасыз етуге және мықты экономикалық саясат жүргізуге бағытталған құқықтық және нормативтік база жасауды аяқтау көзделіп отыр. 2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек. Бұл, басымдық тәртібімен айтар болсақ - ауыл шаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылым жасау. Осы салаларды дамыту арқылы біз экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес, жұмыспен қамту және кедейлік мәселелерін де шешеміз, бұл қазіргі уақытта ерекше маңызды нәрсе. Экономикалық өрлеудің еліміздің дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін баршамыз түсінеміз. Қарқынды экономика болмайынша біз мектептер мен ауруханаларды қаржыландыра алмаймыз, қоғамды жемқорлық пен қылмыскерліктен қорғай алмаймыз. Сондықтан бұл басымдық бүгін де, ертең де және алдағы отыз жылдың ішінде де ең маңызды басымдықтардың бірі болып қала береді. 4) Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты: Барлық Қазақстандықтардың, өмір сүру жағдайларын, денсаулығын, білімі мен мүмкіндіктерін ұдайы жақсарту, экологиялық ортаны жақсарту. Ауруды болдырмау және салауатты өмір салтын ынталандыру. Мемлекеттің, бір жағынан, ауруды болдырмау, екінші жағынан, салауатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі қадамдары халықтың денсаулығына әсер ететін маңызды фактор екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Аурулардың алдын алу дегеніміз таза су мен кенеулі асты пайдалануды, тазарту жүйелерінің болуын, қоршаған ортаны ластайтын және экологиялық зиян келтіретін объектілерді қысқартуды, басқа да қауіпті факторларды төмендету жөніндегі осыған ұқсас шараларды білдіреді. 5) Энергетика ресурстары: Мұнай мен газ өндіруді және экспорттауды қалыпты экономикалық өрлеу мен халықтың тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу мақстаында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану. Қазақстан табиғи ресурстардың, әсіресе энергетика ресурстарының орасан зор қорына ие. Біздің еліміздің аумағында, бағам бойынша мұнайлы алғашқы он елдің қатарына қосарлық мұнай мен газ кен орындары бар. Сонымен қатар Қазақстанда көмірдің, уранның, алтынның және басқа да бағалы минералдардың мол қоры бар. Энергетикалық ресурстарды пайдалану стратегиясы мынадай элементтерді қамтиды: Біріншісі, біз өз қорларымызды жедел әрі тиімді пайдалану үшін үздік халықаралық технологиялар, ірі капиталдар тарту мақсатымен басты халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді әріптестікке барамыз. Біз қазірдің өзінде бірсыпыра ірі контрактарға қол қойдық, ал басқа контрактар әзірлену үстінде. Біздің стратегиямыздың екінші бөлігі - мұнай мен газ экспорты үшін құбыр арналарының жүйесін құру. Тәуелсіз экспорт арналары көп болғанда ғана біз көршіміздің біріне тәуелді болудан және келесі тұтынушыға баға жөнінен кіріптар болудан құтыламыз. Үшіншісі. Отын ресурстарын пайдалану жөніндегі біздің стратегиямыз әлемдік қауымдастықтың ірі елдерінің мүддесін Қазақстанға, оның әлемдік отын өндіруші ретіндегі рөліне бағыттау. Бұл ретте біздің мұнай-газ бизнесімізді инвестициялауга тиіс компаниялар мен елдер АҚШ-ты, Ресейді, Қытайды, Жапонияны және Батыс Еуропаның мемлекеттерін қамтиды. Бұл елдер мен компаниялардың біздің ресурстарымызды тұрақты және тұрлаулы негізде экспорттауға деген экономикалық мүдделері Қазақстанның тәуелсіз және қарыштап дамуына жәрдемдесетін болады. Төртіншіден, шетел инвестицияларын тарту арқылы біз ішкі энергетика инфрақұрылымын ұру мен дамытуды, ішкі қажеттілік пен тәуелсіз бәсекелестік проблемаларын шешетін боламыз. Ақыр соңында, бесіншіден, бүл стратегия осы ресурстардан түсетін келешек кірістерді барынша үнемшілдікпен пайдалануды көздейді. Біз өзіміздің стратегиялық ресурстарымызға қатаң бақылау қоюға, үнемшіл болуға әрі қаражатты ұқыпты жұмсап, олардың бір бөлігін өзіміздің болашақ ұрпақтарымыз үшін жинақтауға тиіспіз. 6) Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс: Осы шешуші секторларды ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге жәрдемдесетіндей етіп дамыту. Тарихи тұрғыдан алғанда, еліміздің аумағы арқылы шығыстан батысқа және кері қарай көлік легі тоқтаусыз өтіп жатты, ал олардың жылжу жиілігі бүгінгі күні де саябырситын емес. Қазақстанның міндеті отандық көлік-коммуникация кешенінің бәсекелестік қабілетін және аумағымыз арқылы өтетін сауда легінің үлғайтылуын қамтамасыз етуде жатыр. Телефондар, факстар мен электрондық почта - осы заманғы бизнесті дамытудың өмірлік маңызды әрі объективті тұрғыдан қажетті шарты. Ақпараттық технологиялар, оның басқа түрлерімен салыстырғанда, өз мәнісі жағынан неғұрлым „көпшіл" әрі икемді бола отырып, бизнесті, экспорттық қызметті дамытуға және экономиканы орталықсыздандыруға барынша жәрдемдеседі. Олар ұлттық экономикаларды шоғырландырады және аймақтың ауқымын кеңейте отырып, әлемдік экономикалық байланыстарды нығайтады. 7) Кәсіби мемлекет: Ісіне адал әрі біздің басты мақсаттарымызға қол жеткізуде халықтың өкілдері болуға қабілетті Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің ықпалды және осы заманғы корпусын жасау. Біздің міндет - Қазақстанда нарықтық экономика үшін оңтайлы болатын мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы, тиімді жүйесін жасау; басым мақсаттарды іске асыруға қабілетті үкімет құру; ұлттық мүдделердің сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру. [1]
2. Қазақстан экономикасының даму стратегиясын іске асыру барысы
Энергетикалық ресурстарды дамытуды іске асыру. Өткен жылдары мұнай-газ өнеркәсібі экономиканың басқа салаларын соңынан ілестірген локомотив болды. Сондықтан энергетикалық ресурстарды дамытуды біз Стратегияның ұзақ мерзімді басымдығына дараладық. Бұл ретте біз түрлі “голланд ауруларына” ұрынбай, мұнай табыстарын ұтымды жұмсай алдық. Еліміздің аумағында Қазақстанда мұнай елдерінің алғашқы ондығына шығаратын мұнай мен газ кен орындары бар. 2010 жылға қарай Қазақстанда болжанған мұнай өндіру 80 миллион тоннаны құрайды, 2015 жылы 25 млн. тоннадан аспайтын ішкі тұтыну жағдайында 130 миллион тоннаға жетеді. 2010 жылы шикі газды өндіру 40 миллиард текше метрге дейін, 2015 жылы 80 миллиард текше метрге дейін өседі деп күтілуде. Біздің энергетикалық әлеуетімізді одан әрі дамыту бірқатар маңызды міндеттерді шешуді көздейді. Бәрінен бұрын мұнай-газ кешенімен тікелей байланысты терең өңдеу салаларын озық дамытуды, қосымша құн үлесі жоғары өнімдерді халықаралық рынокқа жедел шығаруды қамтамасыз ету керек. Біздің назарымыз сондай-ақ энергия ресурстарын әлемдік рыноктарға жеткізудің тұрлаулы арналарын әртараптандыруға және қамтамасыз етуге шоғырландырылуы тиіс. Қазақстан жаһандық энергетикалық тепе-теңдік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі өз жауапкершілігін толық мәнінде түсінеді. 2017 жылға қарай біз көмірсутегін аса ірі экспорттаушылардың ондығына кіреміз. Және бұл ұстаным ХХІ ғасырдағы әлемдік шаруашылық байланысының серпінді өзгеріс үстіндегі жүйесінде Қазақстанның экономикалық рөлін көп ретте анықтап береді. Біз бұл мәселеде ЕО-мен тығыз ынтымақтастыққа үміт артамыз. Энергия ресурстарын өндірушілер мен тұтынушылардың мүдделерін жарастыру мақсатында елбасымыз БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-сессиясында энергия жеткізілімдері тұрақтылығының Еуразиялық пактін қабылдауды ұсынды. Инфрақұрылымды дамытуды іске асыру. Соған орай бұл салада көп іс атқарылды. 1997-2006 жылдары республикалық бюджет қаражатынан 280 миллиард теңгеден астам қаржы игерілді, осының есебінен 4 мың шақырым шамасында автожолдар салынып, қайта жөнделді, 13 мың шақырымнан астам автожол күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізілді. Алға қойылған міндеттерді одан әрі іске асыру мақсатында 2006 жылы Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясы қабылданды. Оның аясында қаржыландырудың түрлі көздері есебінен 30 миллиард АҚШ доллары шамасындағы сомаға 80-ге жуық инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Біздің ұлан-байтақ аумағымыз үшін көліктің, оның үстіне транзиттік көліктің зор маңызы бар. Экономикамызды нақты дамыту Қазақстан қандай көлік жүйелеріне ие болатынына келіп тіреледі. 1600 шақырым шамасында жаңа және 2700 шақырым темір жол электрлендіріледі, 50 мың шақырым шамасында автожол салынып, қайта жөнделеді, әуежай инфрақұрылымын қайта жөндеу және жаңғырту, ұлттық теңіз-сауда флотын дамыту, теңіз порттары мен ішкі кеме жүру жолдарының инфрақұрылымын өркендету жөніндегі жұмыстар жүргізіледі. Қазақстанда қабылданған Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы бәсекеге қабілетті экономиканы және жоғары технологиялар индустриясын одан әрі дамыту үшін жағдай жасауда. Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының іске асырылуы мемлекеттен экономиканың барлық саласын қарқынды да сапалы дамытуға және кадр әлеуетін арттыруға бағытталған кешенді күш-жігерді талап етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz