Қазақстан қаржы экономикасының дамуы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
- ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ
ЖАҒДАЙЫНЫҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ
ПРОБЛЕМАЛАРЫ . . . 5
- Дүниежүзілік қаржылық тұрақсыздықтың басталуы
және себептері . . . 5
- Дүниежүзілік қаржылық тұрақсыздықтың Қазақстанға
тигізген әсері . . . 7
- ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ ЖАҒДАЙЫНАН (ДАҒДАРЫСТАН ШЫҒУ ІС-ҚИМЫЛДАРЫ . . . 10ҚР-ң Қоғамдық Қаржы агенттігінің (ҚҚА) дағдарысқа қарсы қолданған шаралары . . . 10Қазақстанның экономикалық қаржы дағдарысынан жаңаруға бетбұрысы . . . 16
- ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ
ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАРЖЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ . . . 22
- Қазақстан қаржы экономикасының тұрақты өсуі және дамуы… . . . 22
- Дүниежүзілік қаржылық тұрақсыздықтық жағдайында Қазақстанның қаржы экономикасы дамуына жүргізілген іс-шаралар нәтижесі . . . 27
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 37
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 39
КІРІСПЕ
2007 жылдың екінші жартысында басталған дүниежүзілік қаржы экономикасындағы тұрақсыздық Қазақстанның даму қарқынына әсер етті. Бұл отандық банктердің сыртқы қаржылық ресурстарды тарту мүмкіндіктерін төмендетуде, ал, ізінше, ішкі экономикаға кредит беру көлемін қысқартуда көрінді. Бұдан басқа, әлемдік нарықтағы азық-түлік тауарлары бағасының шапшаң көтерілуі салдарынан экономикаға инфляциялық қысымды едәуір күшейтті.
Қаржы мамандарының айтуы бойынша, дүниежүзілік қаржы экономикасындағы тұрақсыздық жағдайының шығу себебі - қаржы саласы активтерінің шектен тыс көтеріліп, ішкі жалпы өнімдердің нақты өсімінен әлдеқайда асып түсуінде болып отыр. Экономикалық ғылымда дамудың неоклассикалық және кейнсиандық модельдері деген ұғымдар бар. Оның біріншісі - еркін рынок деген ұғымды білдірсе, екіншісі - нарықтық экономиканы мемлекеттің араласуы арқылы дамыту деген сөз. Яғни, бүгінгі таңда дамыған елдердің мемлекеттік саясатында неоклассикалық экономиканың даму үрдісі белең алып, іргелі экономика мен қаржы саласының дамуы сәйкессіздікке ұшыраған.
Дағдарысқа қарсы тұрудың бүгінгі таңдағы ең тиімді жолы ретінде бірқатар мемлекеттер банктер, қор рыногы, мемхолдингтер арқылы экономикаға орасан зор қаржы құюда. Мәселен, АҚШ, Еуропа елдері, Жапония және Ресей банктердің, сақтандыру компанияларының, инвестқорлардың активтерін көптеп сатып алып, кейбір банктерді мемлекет меншігіне де алып жатыр. Бұл қазіргі таңдағы ең дұрыс шешім. Себебі, әлемдік экономика қаржыға, ақша-несие үдерісіне өте зәру болып отыр. [4, 47б. ]
Нақ осындай үрдіс Қазақстанда бәрінен бұрын басталды. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тапсырмасымен Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банкі мен Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі әлемдік қаржы және тауар рыноктарындағы тұрақсыздықтың теріс салдарын жұмсартуға бағытталған шаралар кешенін жедел қабылдап, іске асырды. Сондай қажетті шешімдерді жедел қабылдап қаржы тұрақсыздық жағдайынан шығу жолдарын жүйелі талдап және бақылаулар өткізгеннің арқасында еліміздің қаржы экономикасының дамытуы курстық жұмысымның өзекті мәселесі болып отыр.
Менің курстық жұмысымның мақсаты - дүниежүзілік қаржы тұрақсыздық жағдайының шығу бағыттарына, әсеріне сипатама бере отырып, Қазақстанның қаржы экономикасының дамуына және ондағы мәселелер мен оларды шешу жолдарына тоқталу болып табылады.
Жұмыстың міндеттері болып:
- дүниежүзілік қаржы тұрақсыздық жағдайының шығу бағыттары мен әсерлеріне тоқталу;
- ҚҚА-ң құрылуы мен жүргізілген шараларын, қызметтерін қарастыру;
- Қазақстанның қаржы экономикасының дамуы бағыттарымен мен тұрақты өсуін қарастыру.
Курстық жұмыстың объектісі - ҚР-ң қаржы экономикасы.
Курстық жұмыстың пәні - Дүниежүзілік қаржы тұрақсыздық жағдайында Қазақстан қаржы экономикасының дамуы.
Курсттық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ қаржылық тұрақсыздықтың басталуы
және себептері
Дағдарыстан бұрыңғы жағдай. Дағдарыс қарсаңында нарықтарда оптимист атмосфера бар еді. Жылжымайтын құндылықтардың құны артып отыр еді. Мұнай бағасы да артқан талап аясында артып отырды. Шілде айында мұнайдың бареліның бағасы 147 долларға жетті. Мұнай бағасының артуы және құрғақшылық салдарынан азық-түлік материалдарының бағасы артты, дағдарысқа айналды.
АҚШ-да тұрғын үй бағалары жоғарыландықтан, банктер осы салада несие беріп, табас табуды жоспарлаған болатын. Төлем күштері төмен тұтынушылар да осы несиелерден пайдаланған еді. Несие көмегімен үй алғандар тұрғын үй құнының арты нәтижесінде, тұрғын үйдің қосымша бағасын кепіл ретінде көрсетіп, жаңа несие алып жүрді. Мысалы он мың долларлық бір үй толығымен несиемен алынған болса, үйдің құны елу пайыз көбейсе, үйдің бағасы он бес мың болады, осылайша тұтынушы қосымша бес мың доллар кепіл ретінде көрсетіп, жаңа несие алу мүмкіндігіне ие болатын.
Несие ашқан банктер несиелердің кері төленуін күтпестен, ипотекадағы тұрғын үйлердің құнын көрсетіп, нарыққа акция шығарып, нарықтан жаңа материал табуда және жаңа несиелер ашуда. Сатып алынған осы акциялар да тұтынушыларға қор ретінде сатылып жатты. [11, 73б. ]
Мұнай бағасы. Дағдарыстан бұрын мұнайдың бағасы артып, ең жоғары деңгейге жеткен болатын. Шілде айында мұнайдың барель бағасы 147 доллар болған еді. Мұнай экспорттайтын елдер мұнайдың бағасының артуына риза болғандарына қарамастан, түтынушылар қымбатшылыққа наразы болатын. Осы қымбат баға жалғасады деп болжаған елдер бюджеттерін осыған орай жоспарлап, төлемдерін жобалаған еді. Бірақ қаржы дағдарысы ортаға шыққаннан кейін, нарықта сұраныс азаяды деген көзқарас басым болды, бұл да бағаның жылдам төмендеуіне себеп болды. Қазан айының ортасында шикі мұнай бағасы елу пайыз арзандап, 70 доллардан төмендеді. Бұл мұнай экспорттайтын елдерге көп әсер етті, OPEC-тің /Мұнай Экспорттайтын елдер ұйымы/ жедел түрде бас қосуы ұйғыралды. Аталмыш елдердің уайымға түскені соншалықты, ұйымның 17 желтоқсан күнгі кезекті жиналысын күтпестен, 24 қазан күні жиналды. Кейбір мүше елдер жылдам төмендеген мұнай бағасын тежеу үшін өндірістің азайтылуын ұсынды. OPEC әлем мұнай экспортының 40 пайызына жуық өндіріске ие болғандықтан, баға өзгерісінде көп ықпал ете алмауы мүмкін, мұнай бағасы төмендеуін жалғастырар еді.
Дағдарыстың туындауы. АҚШ-да тұрғын үй бағасы төмендей бастағанда, төлем күші аз тұтынушылар төлеуде қиыншылық шеге бастады, несиелері кері төленбеген үйлерді банктер қайтып алды. Алынған үйлер банктерге ақшалай кері оралуы үшін сатыла басталды, осылайша ұсыныста үй көп болғандықтан, баға одан сайын арзандады. Тұрғын үй бағасындағы арзандау тұрғын үйге байланысты акциялардың құнсыздануына жол ашты. Бұл жағдай аталмыш акцияларды сатып алған қаржы мекемелерін қиыншылыққа итермеледі. Есепшот иелеріне қарсы төлем жауапкершіліктері өзгермесе де банктердің болмыстары құнсызданғандықтан капитал жетіспеушілігі басталды.
Банктер қалған қаржы мекемелерінен қарыз алып, кемшіліктерін толтыруы керек еді, алайда жағдай қауіпті әрі бұлыңғыр болғандықтан, қарыздану қымбатқа түсті. Осы жағдайда банктер жаңа несие ашуға жылы қарамай, қаржы жүйесі тарылды. Осы жағдай қаржы жүйесінде сенімсіздік атмосферасын қалыптастырды және банктер банкрот бола бастады. Қаржы дағдарысы іс жүзіндегі салаға да әсер ете бастаған болатын.
Дағдарыстың әсерлері. Нарық тарылғандықтан, сұраныстың азаюы инвесторларды қинады. Қаржы дағдарысының көлемі үлкен болғандықтан, әлем нарықтарына көп әсер етті. Алтынның бағасының көтерілуі сенімсіз атмосфераның бір көрсеткіші болып табылады. Осы дағдарыс 1929 жылы АҚШ-нда басталған үлкен дағдарыспен салыстырылуда. Сол кезеңде АҚШ өте үлкен шығынға ұшырады, жұмыссыздық шегіне жеткен еді. Аталмыш дағдарыс АҚШ-на көп жыл бойы әсер етті. Несиелердің тарылуы инвестиция және тұтыну шешімдерінде бір шектемеге жол ашатындықтан, жұмыссыздық пен тоқырау өрбуі мүмкін. Сондықтан осы тақырыпта маңызды шаралар қолданылуда. АҚШ либералды экономиканың орталығы деп аталуда және нарықта мемлекеттік шаралары аз деңгейде. Бірақ қаржы дағдарысының қауіпті жағдайға келгені соншалықты кейбір банктер мемлекеттің қатарына алынды. Кейбіреулер мұны социалистік көзқарас деп түсіндіруде. [8, 92б. ]
1. 2. Дүниежүзілік қаржылық тұрақсыздықтың Қазақстанға тигізген әсері
Қазақстанның өз тәуелсіздігін алып, әлемдік экономикаға есігін ашқанына да көп уақыт өткен жоқ. Ашық экономика құру жаһандану кезеңіндегі қажеттілік болатын. Ол мемлекеттің, қоғамның, адамдардың бар өмірі мен қызметін қамтымай қоймайды. Осылай біз экономикалық, қаржылық жаһандануға да кіріге бастадық.
Еліміздің экономикасы, әсіресе бірден аяғынан тұрып кете алмады. Бұл мүмкін де емес еді. Кешегі КСРО-ның еңбек бөлінісінде негізінен шикізат шығарумен шектелген, өзіне қажетті өнімдерінің бар болғаны 27 пайызын ғана өндіретін төл экономикамыз үшін сын кезең туған. Бірақ, Украинада, бізден де ауыр жағдай қалыптасты. Олардың өз өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз ету денгейі 16-17 пайыздан аспайтын, Ресей ғана 67 пайызбен өзін-өзі қамтамасыз етіп, мығым отырған.
Республикааралық еңбек бөлінісінің осы кереғар жағдайы еліміздің экономикасының дамуына теріс әсері болмай қалған жоқ. Оның үстінде КСРО -ның тарауы, нарыққа өтудің жеделдігі, яғни 1992 жылдың қаңтарының екінші аптасында экономикамыздың ырықталуының басталуы (Ресейден бір апта кейін) бізге таңдау қалдырмады. [7, 46б. ]
Басты қиындық шаруашылықтың біржақты дамуында еді. Экономикалық байланыстардың үзілуі, біртұтас экономикалық кеңістікте болған республикалардың көк теңіздегі «аралдар» сияқты оқшаулануы аз салмақ болған жоқ. Демек, экономикамызды дағдарыстан шығару үшін тағы да экономикалық тәуелділікке өз еркімізбен бардық: қаржы көздері ретінде шетелдерден тікелей инвестиция әкеле бастадық және бұл өз жемісін бірте-бірте берді. Бірақ, мұнай-газ, тау-кен сияқты табиғи байлықтарымызды шетелдіктердің иелігіне бере отырып, біз шикізатты ел болып қала бердік. Экономиканың басқа салаларын қалпына келтіру үшін қаржы көздерін іздеуге кірістік. Ол үшін екінші деңгейдегі банктерді құруға және оларды дамытуға қолдау жасалды. Бұл экономикамыздың денесіне «қан жүгіртті» яғни банктер аяқтарынан тұрып алған соң, шетелдерден арзан қаржы әкеле бастады. Экономикамыз біртіндеп қалпына түсіп, оның өсу қарқыны артты. Мысалы, банк пен құрылыс секторларының еліміздің жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) соңғы жылдардағы өсіміне айтарлықтай үлес қосып келгенін білеміз. Белгілі қаржыгер Даулет Сембаевтын айтуынша, банктердің кредиттік қоржыны қаржы дағдарысының қарсаңында 63 млрд. долларды құраған. Қандай инвестор осындай қаржы әкеліп, оны экономикаға сала алар еді?
Біздің банктер, өкінішке қарай, қызды-қыздымен сырттан қаржыландыруға әбден дәнігіп алды, соған сәйкес жылдан жылға олардың қарызы да өсе берді. Мұның қауіпті екенің Дүниежүзілік банк те, Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) да ескерте бастады. Осы қарқынмен қарыз алудың түбі жақсылыққа әкелмейтінін олардың қайта-қайта айта бастағанына екі жылдан асты. 2006 жылы ХВҚ-ның жыл сайынғы қорытынды есебінде, онын директоры Родриге де Рато «…қауіп бұлты осыдан жарты жыл бұрынғыға қарағанда аздап сейілді, дегенмен, АҚШ-тың, Ресейдің және Қазақстанның әлемдік қаржы нарығын шайқалтып жіберуі мүмкін» екенін - ескерткен еді.
Алайда, біздің коммерциялық банктер «дәнікеннен құныққан жаманның» керін келтірді. 2008-шы жылдың бірінші шілдесінде еліміздің жалпы қарызы 92 млрд АҚШ долларын құрады, оның 43 млрд. доллары банктердің мойында болатын.
Қазір әлемдік қаржы нарығындағы күрделі ахуалға байланысты, еліміздің банктері үшін сыртқы капитал нарқына шығу мүмкіндігі шектелді. Сырттан қаржы тарту қымбаттап кетті, яғни, бүкіл экономикамыз, оның ішінде ең алдымен, банк секторы тек ішкі қаржы көздеріне тәуелді болып қалды. Банктердің ел экономикасын несиелендіру мүмкіндігі күрт төмендеді. Мәселен, соңғы бірнеше жылда несиелендіру қарқының өсімі 70-пайызға дейін болып келсе, енді оның қайталанбауы мүмкін. [6, 315б. ]
Тегінде кез-келген қаржы иесінің де, қарыз алушының да жақсы білетін “алтын” ұстанымы бар: несие қоржыны біржақты болмауы, оны диверсификациялау, яғни жіліктеп, әржақтыландырып отыру керек. Оның түрлері де сан-алуан. Мәселен, бір ғана елдің несие көздеріне иек артпай, бірнеше елмен, түрлі қаржы институттарымен қоян-қолтық жұмыс жасау керек. Мұны біздің банктегілер де жақсы біледі. Бірақ “адамдар өзгенің қателіктерінен емес, өз қателіктерін ғана сабақ алады” деп, тегін айтылмаған ғой. Біздің банктердің көбінесе АҚШ-тың және Еуропаның кейбір елдерінің қаржы институттарын “майшелпекке” айналдырғаны соған дәлел. Соның салдарынан, аталмыш “жомарттық” ұрындырған қаржы дағдарысы Ұлыбритания, Германия және т. б. елдерді де шарпып өтіп, біздің елде ағымдық өтімділік дағдарысына әкеліп соқты.
Банк жүйесіндегі ағымдық өтімділік дағдарысының ұзақ мерзімдік дағдарысқа созылуы мүмкін екені еш құпия емес. Бірақ банк жүйесінің, Үкімет және Ұлттық банк пен Қаржыны бақылау агенттігі сияқты реттеуші органдардың ағымдық өтімділік дағдарысынан туған қиындықтардың салдарларын азайту жөніндегі жеке және бірлесіп жасап жатқан іс-әрекеттері оның ұзақ мерзімді өтімділік дағдарысына айналмауының кепілі екеніне сендіреді. [9, 193б. ]
2. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ ЖАҒДАЙЫНАН (ДАҒДАРЫСТАН ШЫҒУ ІС-ҚИМЫЛДАРЫ
2. 1. ҚР-ң Қоғамдық Қаржы агенттігінің (ҚҚА) дағдарысқа қарсы қолданған шаралары
2007 жылдың қазанында Үкімет, Ұлттық Банк және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын ретте және қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Қаржылық қадағалау агенттігі) халықаралық қаржы және азық-түлік нарықтарындағы тұрақсыздықтың теріс салдарын жұмсарту үшін бірқатар бірінші кезекті шаралар қабылдады. 2007 жылдың күзінен бастап мемлекеттік бюджеттен шамамен 550 млрд. теңге бөлінді.
Меншікті немесе қарыз қаражатын үлестік құрылысқа салған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс салушыларға екінші деңгейдегі банктер арқылы 184, 7 млрд. теңге бөлінді.
Шағын және орта бизнестің іскерлік белсенділігін қолдау үшін олардың жобаларын шамамен 155 млрд. теңге сомаға қаржыландыру қамтамасыз етілді.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 135 млрд. теңге жіберілді.
Осы шараларға қосымша өтімділік тапшылығының проблемасы жедел шешілді және ұлттық банк жүйесінің келесі сыртқы қауіптерге дайындығының қажетті деңгейі қамтамасыз етілді.
Бірінші кезекті шаралар кешенін іске асыруды ескере отырып, ағымдағы жылдың 9 айы ішінде ЖІӨ-нің өсуі шамамен 4%-ды құрады. Жұмыссыздық деңгейі төмен деңгейде тұр және 7%-дан аспайды. Тұтыну бағаларының өсуін тұрақтандыру мүмкіндігі туды. Ағымдағы жылғы 10 айда инфляция деңгейі 8, 8%-ды құрады, бұл жылдық болжамның кемінде 10%-ына сәйкес келеді. Қазақстандық банктер өздерінің ішкі және сыртқы міндеттерін ойдағыдай орындауда. Екінші деңгейлі банктердің экономиканы кредиттеуі өткен жылдың соңындағы деңгейде сақталды. Ағымдағы жылдың 10 айы ішінде банктердегі депозиттер 21, 8%-ға дерлік, оның ішінде, халықтың депозиті 2%-ға ұлғайды.
Ағымдағы жылдың басынан бастап Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі ішкі және сыртқы нарықтағы экономикалық жағдай мониторингін күшейтті және қосымша бірқатар шараларды қарастырды. [8, 213б. ]
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы әзірленіп, қабылданды, онда қаржы ұйымдарының қасақана төлем қабілетсіздігіне дейін жеткізгені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шаралары қатаңдатылды. Үкімет белгіленген пруденциалдық нормативтерді бұзып отырған қаржы ұйымдарының қызметіне араласуға қажетті нарық құралдарын ала отырып, банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алуға құқық алады. Өз кезегінде, банктерге шығарылған облигацияларды және құрылатын Стресті активтер қорының акцияларын мерзімінен бұрын сатып алу құқығы берілді.
Банктерге деген сенімді сақтап қалу мақсатында заңда жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді қайтару сомаларын бұрын көзделген 700 мың теңгеден 1 миллионға дейін, ал 2012 жылға дейін (3 жыл ішінде) - 5 млн. теңгеге дейін ұлғайту көзделген.
Ағымдағы жылдың 18 қарашасынан бастап ішкі міндеттемелер бойынша ең кіші резервтік талаптар 5%-дан 2%-ға дейін, ал өзге міндеттемелер бойынша 7%-дан 3%-ға дейін төмендетілді. Бұл банктерге олардың ресурстық базасын шамамен 350 млрд. теңге көлемінде ұлғайтуға мүмкіндік береді.
2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілетін болады, оның шеңберінде салықтық жүктемелерді, ең алдымен, экономиканың шикізат емес секторы үшін салықтық жүктемелерді едәуір төмендету көзделген.
Корпоративтік табыс салығы кезең-кезеңімен 2009 жылы 30%-дан 20%-ға дейін, 2010 жылы 17, 5%-ға дейін және 2011 жылы 15%-ға дейін төмендейді.
Қосылған құн салығының ставкасы келесі жылдан бастап 13-тен 12%-ға дейін төмендейді. ҚҚС салынатын айналымның ең аз көлемі 2 есе 38 млн. теңгеге дейін ұлғаяды.
Әлеуметтік салық ставкаларының регрессивті шәкілінің орнына 11% мөлшеріндегі бірыңғай ставка енгізілетін болады.
Экономиканың барлық кәсіпорындары үшін инвестицияларды жүзеге асыру үшін салық преференциялары көзделген. Атап айтқанда, өндірмейтін секторлар үшін жедел өтеу, мұнай өндірушілер үшін - өтеудің екі есе нормасы көзделген.
Шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді төлеу туралы талап алынып тасталады.
Сонымен қатар, барлық кәсіпорындар үшін залалдар мерзімдерін 3 жылдан 10 жылға дейін ауыстыру көзделді.
Жалпы, салықтық жүктеменің төмендеуі тек 2009 жылы кәсіпорындарға 500 млрд. теңге босатуына және оларды экономиканы дамытуға жұмсауына мүмкіндік береді. [10, 223б. ]
Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жедел түрде қабылданды. Ішкі сұранысты ынталандыру және отандық кәсіпорындарды қолдау үшін мемлекеттік сатып алу тек қазақстандық өнім берушілерге басымды түрде бағытталатын болады. Жедел шешімдер қабылдау, кепілдіктер, ұзақ мерзімді тапсырыстар беру есебінен отандық бизнеске нақты көмек көрсету үшін мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялар мемлекеттік сатып алуды реттейтін заңнамалар әрекетінен шығарылды.
Үкімет әлемдегі қаржы және шикізат нарықтарындағы жағдайдың нашарлау мүмкіндігіне байланысты 2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қажеттілікпен қалыптастырды. Осы кезеңдегі бюджет кірістері мұнайдың бір баррелі үшін 60 АҚШ долларындағы әлемдік бағасын негізге ала отырып есептелген. Үкімет орта мерзімді кезеңде фискалдық тұрақтылықты қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының параметрлерін түзетті. 2009 жылы бюджет кірістері мұнайдың әлемдік бағасының бір баррелі үшін 40 АҚШ долларына төмендеуін ескере отырып нақтыланды. Басымды емес шығыстар қысқартылды, ал бірқатар бағдарламаларды қаржыландыру кейінгі мерзімге қалдырылатын болады. Бұл ретте әлеуметтік шығыстар қысқартылған жоқ.
2009 - 2010 жылдары республикалық бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге 3, 4-3, 5% көлемінде жоспарланған, ал 2011 жылы ЖІӨ-ге 2, 4%-ға дейін төмендетілетін болады.
Үш жылдық республикалық бюджет ағымдағы жағдайда экономикалық белсенділікті қолдау үшін түйінді құрал болып табылады. Жиынтықты сұраныс пен іскерлік белсенділік бірінші кезекте, басымды инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларды қаржыландыруға, отандық кәсіпорындардың өнімдеріне сұранысты және экономикадағы жұмыспен қамтылуды қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығын дамытуға, сондай-ақ адами капиталды дамытуға бағытталатын бюджет шығыстарының жоғарғы деңгейін сақтау есебінен қамтамасыз етіледі.
Тұтастай алғанда, 2009 - 2011 жылдары мемлекеттік бюджеттен шығатын инвестициялар 1, 5 трлн. теңгеден аса өседі.
Бағдарламаның мақсаты мен бағыты.
Шикізат ресурстарына әлемдік бағаның құлдырауы әсерінен және капиталдың сыртқы нарығына қол жеткізудің болмауына байланысты Қазақстан экономикасына жаңа әлемдік экономикалық шындықтарға бейімделудің күрделі кезеңін бастан өткізуге тура келеді, бұл экономикада құрылымдық өзгерістердің болуын талап ететіні сөзсіз.
Қазақстан экономикасының ғаламдық құлдырау кезеңіне Қазақстан алтын-валюта резервтерінің және Ұлттық қордың берік қорымен кіруде. Олардың жалпы көлемі 2008 жылғы 1 қарашада 47 млрд. АҚШ долларынан астамды құрады. Мемлекеттік борыштың мөлшері ЖІӨ-нің 1, 5%-ынан аспайды, бюджет тапшылығы төмен деңгейде тұр және ЖІӨ-нің 2%-ынан аспайды.
Үкімет қалыптасқан жағдайды экономиканы сауықтыруға және оның болашақта тиімді жұмыс істеуі үшін негіз қалауға пайдалануда. Жинақталған резервтер Қазақстан экономикасын түзеу процесін жақсартуға мүмкіндік береді.
Бағдарламаның мақсаты Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға ғаламдық дағдарыстың теріс салдарын жұмсарту және болашақта сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негіздерді қамтамасыз ету болып табылады. [7, 97. ]
Мақсатқа жету үшін Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржылық қадағалау агенттігі мынадай бес бағытта шоғырланатын болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz