Өндіріс қалдықтары және оларды жіктеу


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе . . . 3-5 І бөлім. ҚАЛДЫҚСЫЗ ЖӘНЕ АЗ ҚАЛДЫҚТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 1. 1. Қалдықсыз және аз қалдықты технологиялар туралы түсінік . . . 6-8 1. 2. Өндіріс қалдықтары және оларды жіктеу . . . 8-9 ІІ бөлім. ҚАЛДЫҚСЫЗ ЖӘНЕ АЗ ҚАЛДЫҚТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ӨНДІРІСТЕ ПАЙДАЛАНУ 2. 1. Қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды химиялық өндірісте қолдану . . . 10-11 2. 2. Қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды мұнай және газ өндірісінде қолдану . . . 11- 18 2. 3. Улы өндіріс қалдықтарын зиянсыздандыру, өңдеу және көму . . . 18-23 ІІІ бөлім. ҚАЛДЫҚТАРМЕН КҮРЕСУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ 3. 1. Жалпы ережелер . . . 23-25 3. 2. Өндiрiс және тұтыну қалдықтарының түрлерi . . . 24-25 3. 3Өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс iстеудiң әдiстер . . . 25-31 Қорытынды . . . 32- 36 Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 37

Кіріспе

Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтар - түзілген жерлерінде пайдаланылмайтын, ауыл шаруашылығының басқа салаларында өнім ретінде немесе қайта өңдеу арқылы пайдалануға болатын өнеркәсіп, тұрмыс, транспорт және т. б. қоқыстар тұрмыстық (коммуналдық) қалдықтар адам өміріндегі заттарды (монша, кір жуу, асхана, емхана және т. б. қоса) пайдаланғаннан кейін қалатын, тұрмыста пайдаға аспайтын қатты (сондай-ақ ақпа сулардың қатты бөлігі - тұнбалары) қалдықтар. Тұрмыстық қалдықтар әлемнің көптеген елдерінің проблемасы. Мысалы, АҚШ-та жыл сайын 150 млн тоннадан аса, Жапонияда - 72 млн тоннадан аса қалдықтар бөлінеді. Осыған байланысты қазіргі кезде көптеген елдерде қоқыстарды өңдеу қондырғылары (тәулігіне 900 тоннаға дейін) орнатыла бастады. Соңғы жылдары тірі организмдердің улануына алып келетін қауіпті (улы) қалдықтардың мөлшері көбеюде. Бұл - ауыл шаруашылығында пайдаланылмай қалған улы химикаттар, құрамында канцерогенді және мутагенді заттары бар өндіріс орындарының қалдықтары. Бұрынғы КСРО территориясында химиялық «тұзақтар», яғни, кезінде көміліп ұмытылып кеткен, бертін келе тұрғын үйлер және басқа да обьектілер салынған көптеген қауіпті қалдықтардың орындары бар. Уақыт өте келе сол жердегі тұрғылықты халық әртүрлі ауруларға ұшырай бастайды. Мұндай қалдықтар көмілген жердің санақ бойынша АҚШ-та 32 мың жерде, Германияда - 50 ООО, Нидерландыда - 4000 кішкентай Данияның өзінде - 3200 көзі бар. Өнеркәсіптік (өндіріс орындары) қалдықтар - өнімдерді шығару және әртүрлі жұмыстарды орындау кезінде бастапқы тұтыну қабілетін толық немесе жарым-жартылай жоғалтқан шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар қалдықтары. Олар қайтымды және қайтымсыз (технологиялық шығындар: буға айналу, бықсық түтін, кеуіп кету) болуы мүмкін. Мәліметтер бойынша Европа одағы елдерінде жыл сайын: қайта өңдеу өнеркәсіп орындарында - 400 млн тонна, өндіріс орындарында - 160 млн тонна және т. б. қалдықтар түзіледі. 90-шы жылдардың бас кезінде барлық қалдықтардың (2, 2 млрд тонна) жартысы ауыл шаруашылығындағы өндіріс орындарының еншісіне тиді. Урбанизация (адамның планета территориясын игеруі және өзіне қажетті обьектілерді салуы) табиғатқ а елеулі әсер етеді. Халықтың сапалы тіршілігін қамтамасыз ету үшін оның жолдарын, құралдарын, әдістері мен шешімдерін экологиялық негізделген жағдаймен шешуді Урбоэкология (қала салудағы экология) саласы қарастырады. Қалалардағы адам мен табиғат үшін қолайлы ортаны сол жерде өмір сүретін тұрғындардың психологиялық, әлеуметтік жайлылығы, қаланың үйлесімді, орнықты әлеуметтік және экономикалық дамуы қамтамасыз етеді. Қалалық орта сонда тұратын халық үшін жоғары дәрежеде және әрқалай әсер ететін табиғи, табиғи-антропогендік және әлеуметтік-экономикалық кешенді факторлар болып табылады. Адамның қаладағы өмірі - бұл пәтер ішіндегі ортаның, пәтерден тыс ортаның (өндіріс орыны, көше, транспорт және т. б), мәдени ландшафтар ортасының (бақтар, саябақтар), табиғи ортаның, сондай-ақ әлеуметтік-психолоғиялық және әлеуметтік-экономикалық орталардың жиынтығы. Жер бетіндегі адамдардың көпшілігі күнделікті өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы қалада тұратыны мәлім. Алайда қалалар негізгі экологиялық мәселелердің де орталығы болып табылады. 2001 жылы тарихта алғаш рет қалалардағы тұратын халық саны планетадағы адамдардың 50%- нан асты. Болжамдар бойынша 2030 жылға қарай қалада тұратын адамдардың саны ауыл тұрғындарының санынан 2 еседей көп болады деп күтілуде. Соңғы ғасыр ішінде қалаларға байланысты ауқымды экологиялық қиыншылықтар байқала бастады. Қалалық орта экологиясы - қалалық ортаның проблемалары және оларды жетілдіру жолдары туралы кешенді ғылым. Осындай кең көлемдегі мәселелерді шешу оған қатысы бар адамдардың (қала басқарушылары, инвесторлар, архитекторлар, құрылысшылар, қала халқы) экологиялық білім деңгейіне, ғылыми зерттеулерге, бөлінетін субсидияға, азаматтардың қатысуына және олардың ақпаратпен қамтамасыз етілуіне байланысты. Қалалық ортаны құруда әлеуметтік, экономикалық және экологиялық факторларды біріктіру. Сапалы өмір сүру ортасы жоғары дәрежеде болу үшінқаланы және оның маңайын жоғары сапалы экологиялық инфрақүрылыммен қамтамасыз ету. Энергетиканы, өнеркәсіп орындарын, транспортты, судыпайдалануды, қалдықтарды және т. б. экологияландыру. Тұрғындар қажеттіліктерін экологияландыру және осықалалық ортаны құруға қатысы бар барлық адамдар санасында экологиялық этика негізін құру. Қазірдің өзінде бірқатар елдерде қалалар алып жатқан территориялардың үлесі көп. Мысалы, Бельгияда - 28%, Англияда - 12%, Данияда - 11% ел территориясы қалалардың үлесіне тиеді. Мұндай үлкен урбанизацияланған аумақтарда қалалар мен табиғат арасындағы экологиялық тепе-теңдікті сақтау мүмкін емес. Әлеуметтік-экономикалық дамуы нашар басқарылатын қалалардың қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз әсерлері көбейе түсті. Урбанизация қазіргі кезде негізгі әлемдік тенденция болып отыр. 1900-2000 жылдар аралығында қала халқы шамамен 0, 2-ден 2, 9 млрд адамға көбейді. Ал осы уақыт ішінде халық саны 1 миллионная асатын қалалар 17-ден 388-ге дейін көбейді. Қалалар Құрылықтың аз ғана бөлігін алып жатыр, алайда мұнда бүкіл халықтың жартысына жуығы тұрып жатыр.
Урбанизация процесінің дамуына байланысты қалалық ортаның көптеген проблемалары (урбанистикалық, құрылыс- архитектуралық, технологиялық, әлеуметтік, экологиялық) пайда болды. Оның ішінде қала саны мен көлемінің өсуі, өнеркәсіп орындарының, транспорттың, тұрғындар санының артуы да бар. Ауыл тұргындарының қалаға көшуіне байланысты ауыл мен қала тұрғындарының саны үнемі өзгеріп отырады. Қала халқының саны және қалалар саны мен көлемдері де өсуде. Қала халқының сандық пайызы әлемнің әртүрлі аймақтарында әрқалай. Ең үлкен көрсеткіштер әлемнің дамыған елдері - Солтүстік Америка мен Европаның үлесінде (70%-дан жоғары), ал ең төменгі көрсеткіш - Азия және Африка елдерінің еншісінде. Үлкен қалалар өздерінің маңайымен және кішкене қалалармен қосылып, ұзындығы жүздеген километрге жететін урбанизацияланған ареалдардың (мегаполистердің) түзілуіне алып келді. Қазіргі кезде ең ұзын мегаполис «Босваш» (Бостон- Вашингтон) 500-дей қаланы біріктірді. Мұнда АҚШ халқының 20% (45 млн адам) тұрады. Түнгі уақытта бұл территория Жер спутниктерінен жарық дақ сияқты көрінеді. Мұндай урбоареалдардың саны әлемде 10-нан асты. Оның әрқайсысы 30- 40 агломерацияларды «жұтып қойды». Қалалардың демографиялык, және экономикалық тұрғыдан өсуі әсерінен экожүйеге техногенді әсердің артуы тек қала маңында ғана емес, олардан біршама қашықтықтарда да біліне бастады. Осыған байланысты қаланың экологиялық жағдайы көптеген өнеркәсіпті қалаларда нашарлап кетті. Қалалар планетамыздың азғана бөлігін алып жатуына байланысты, қалған табиғаттың бөлігін аман сақтап қалуға мүмкіндік бар. Қалалар - адамзаттың болашағы. Аристотель айтқандай - «Біз қалаларды тұрғызамыз, алқалалар бізді қалыптастырады». Урбанизацияның экожүйелер үшін жағымсыз болуы міндетті түрде емес, ал оны экологияландыру жағымды құбылыс. Қала және қалалық орта сонда өмір сүретін халықтың Қажеттіліктерін өтеуге, денсаулығына, өмір сапасына қатты әсер етеді. Сондықтан қазіргі таңда қалалық ортаны экологияландыру адамзат үшін өмірлік қажеттілік болып табылады.

І бөлім. ҚАЛДЫҚСЫЗ ЖӘНЕ АЗ ҚАЛДЫҚТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

1. 1. Қалдықсыз және аз қалдықты технологиялар туралы түсінік

Адам баласыының кез-келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кең үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты, оларды өндеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрде айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып отыр. Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады. Екінші реттік энергоресурстарды тиімді пайдаланудың халықшаруашылық маңызы өте зор. Екінші реттік энергоресурстар дегеніміз тікелей тап осы өндірістің өнімдерінің, қалдықтарының, жанама жөне аралык өнімдерінің энергетикалық потенциалдары. Екінші реттік энергоресурстар 3 топқа бөлінеді: : 1) жанғыштар (Н2, СН4, СО, пеш газдары, май, шайыр целлюлоза және
т. б. ) ;
2) жылу (бөлінген газдардыкі, өнімдердікі, жанама өнімдердікі,
суытылатын судыкі, экзотермиялык реакциялардыкі) ;
3) технологиялық аппараттардан шығатын газ бсн сұйықтықтардың қысымы.
Екінші реттік энергоресурстар химиялық өндірістің азот күкірт, фосфор, хлор қосылыстарын, соданы шығаратын және мұнай-химия салаларыңда пайдаланылады. Жанғыштар қазандыктарда отын ретінде қолданылады. Бөлінген жылу калдықтарды өндейтін кондырғыларда, жылу айырбастағыштарда кейбір заттарды кыздыруға қолданылады, осы жағдайлармен жылуды тұтыну қажеттілігін төмендетуге болады. Қысым утилизациялык турбиналарда компрессорларды, насостарды, желдеткіштерді жүмыс істетуге қолданылады және электроэнергия алуға пайдаланылады. Екінші реттік энергетикалық ресурстарды жүзеге асыру жылу мен энергияны үнемдеумен қатар, атмосфераға бөлінетін жылу мөлшерін азайтып, қоршаған ортаны қорғауға себебін тигізеді.
Череповец мсталлургиялық комбинатына карасты зауыттың жылу электр орталығында барлық казандықтар екінші реттік ресурстарды пайдалану арқылы жұмыс істеуде. Құс фабрикаларында қалдық болып шығып отырған кұс жүндері жоғары сапалы мал жемін - күрамында 85%-ке дейін белогі бар ұн алуға арзан шикізат ретінде қолдануын тауып жатыр. Мұндай өндіріс Германияда жаксы жолға қойылған, 3 т қалдықтан 1, 2 т ұн алынады. Қалдықтар проблемасы қолымызда бар заттарды тиімді пайдаланумен тікелей байланысты. Бір көргенде, мысалы, күйіп кеткен лампалардан вольфрам алу түкке тұрмайтын іс сияқты. Жанып кеткен бір лампочкада 10 мг-дай вольфрам болады, ал оның миллионында ~ 10 кг. Өнеркәсіпте осы қымбат, тапшы металдың 10 кг алу үшін кұрамында вольфрамы бар минераддар - вольфрамит, шеелиттің 1 тоннадан кем емес көлемі өңделеді, сонымсн қатар, біраз энергия мөлшері жүмсалады. Вольфрам оксидінің геологиялық қоры не бәрі 1 млн. тоннадай. Жер шары масштабымен есептегенде ашылған қор 50 жылға ғана жетуі мүмкін, бұрынғы Одаққа кіретін мемлекеттерді есепке алмағанда, жылына дүниежүзі бойынша вольфрам рудасыньң 25 мьң тоннасы өндіріледі. Бұл мәлімет вольфрам қосылыстарын тастауды азайту тиімді екеніне ерекше көңіл аударудың қажеттілігін көрсетіп отыр. Румынияның аяқ-киім өнеркәсіп институтында тері қалдықтарынан табиғи терінің қасиетінен айырмашылығы жоқ материал шығаруға бағытталған пластикалық масса алу жолы жасалып өндіріске енгізілген. 1 кг қалдыктан 0, 9 кг материал алынады. Ерекше назар аударуға және кідіртпей оңдеуге жататын калдықтарға тұрмыстық қалдықтар жатады, себебі осы қалдыктардың мөлшері мен әртүрлі аурулар эпидемиясының арасында тікелей байланыс бар. АҚШ-та тұрмыстық қатты қалдықтардың 41%-і "айрықша қауіпті" болып топтастырылады, ал Венгрияда " 33, 5%-і, Францияда - 6%-і, Ресейде - 10%-і, Ұлыбританияда - 3%-і, Италия меи Жапонияда - 0, 3%-і. Жылына Москва қаласынан шығатын тұрмыстық қалдықтың мөлщері 16 млн. м3, Алматыдан - 3 млн. м3 үстінде. Жылына үлкен қалаларда бір адамға шаққанда жалпы 300 кг тұрмыстық қалдық келеді, оның ішінде азық-түлік калдыктарының жылдық мөлшсрі 80-90 кг. 1 т азық-түлік қалдықтарының құнарлығы орта есеппсн 250 кг дәнді жсм-шөптікіне пара-пар келеді. Ресей ғалымдарының мәліметтеріне сүйенсек, осы мөлшерді жем ретінде мал өсіру саласында пайдаланғанда 45 кг-ға дейін шошқа етін алуға болады. Тұрмыстық қалдықтарды пайдаланбай тастайтын болсақ, онда әртүрлі ауруларды қоздыратын ошақтың көзін ашуымен қатар, біраз жер көлемін пайдасыз жерге айналдырамыз. Қала қалдықтарында әртүрлі компоненттерге келетін мөлшер массалық %-пен алғандай: қағаз (30-40), азық-түлік қалдықтары (30-40), металдар (2-4), ағаш (1, 5-3), кездемелер (2-4), шыны (3-6), тастар (1-2), тері, резина (1-2), пластмасса (1-1, 5) . Қала сыпырындысын жинайтын негізгі жер қоқыстар үйіндісі, шамалы мөлшері қайтадан өнделеді немесе арнайы ұйымдастырылған зауыттарда жағылады.
Тұрмыстық қалдықтарды бірнеше бағытпен өндеуге мүмкіндік бар, мысалы, тыңайтқыш, жанатын газ және синтетикалық мүнай, құрылыс плиталарын, қағаз және тағы да көптеген заттарды алуға болады. Ең алғашкы қоқысты жағуға арналған зауыт 1975 жылы Москва қаласында ашылған, оның жылдық өнімділігі 150 мың тонна шамасында. Жану процесінің нәтижесінде бөлінетін жылу іске асырылып, бу қазаңдықтарды жылытуға пайдаланылса, шлактан іріктеп жиналған металл қалдықтары металлургия өнеркәсібіне, ал шыққан шлактар кұрылыс материалдарын өндіруге колданылады. Тұрмыстық қалдықтарды жою, яғни негізгі мақсатын орындаумен бірге, зауыт басқа өндірістерге шикізат ретінде кажетті өнімдерді - жылу, металл, шлактарды да шығарады. Мысалы, Мәскеудің N1 қоқыс жағатын зауытынан шыққан шлакты зерттеу арқылы алынған мәліметтерге (Г. И. Сидоренко, 1990 ж. ) сүйенсек, жылына тұрмыстық қалдық, жинайтын жерге тек Мәскеудің өзінен мынадай көлемде металдар тасталады екен: Мо - 8, 3 т, Со - 11, 4 т, V - 12, 4 т, Аg - 27, 6 т, Иі - 75 т, 5Ь - 115 т, 5п - 244 т, F - 353 т, Сг - 689 т, РЬ - 1573 т, Сu - 2180 т, Zn - 6762 т. Бұл мөлшер жыл бойына үлкен кең орындарынан алынатын мөлшерге эквивалентті. Санкт-Петербург маңындағы Горелово поселкесінде 1972 жылдан бастап тұрмыстық қокысты өндсйтін зауыт қызмет етуде, оның ең негізгі шығаратын өнімі компост (тыңайткыш), бірақ-та қоқыстың 30%-і, яғни пластмасса, резина, тері, ағаш, металдан тұратын бөлігі өнделінбейді. Жылдық өнімділігі 110 мың тонна төңірегінлегі зауыт 1975 жылдап бастап Ташкентте іске қосылған. Жыл сайын тұрмыстык қоқыстан 400 т кара және 5 т түсті металдар, 20 мың т компост алынады. Компост деп микроорганизмдермен ыдырау нәтижесінде өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарынан шыкқан органикалық тыңайтқыштарды айтады. Оны алуға көң, көң бөкпесі және құстар саңғырығы, шьмтезек, қала сыпырындысы, ағаштардың түскен жапырақтары, сабан және т. б. тұрмыстық қалдықтар колданылады. Қордаландыру процесінің нәтижесінде органикалық массадагы өсімдіктер сіңіруге қолайлы қоректік заттектер (азот, фосфор) түрлерінің мөлшері жоғарылайды, патогеңді микрофлора залалсызданады, целлюлоза мен пектин заттектері азаяды, сонымен катар тыңайткыш топырақка еңгізуге қолайлы сусымалы түрде алынады. Өте тапшы органикалық тыңайткыштардың (көң, шымтезек) орнына компост кеңінен пайдалануға жатады. Тұрмыстық қалдықтардың барлық түрі компост алуға жатпайды. Егерде қоқыстағы азык-түлік қалдықтарының мөлшері 20%-тен төмен болса, олардан тұрмыстық тынайтқыш алынбайды. Себебі қалдықтарды қордаландыру аэробты микробтардың қатысуымен жүретін биохимилык процесс. Бұл микробтардан өте көп мөлшерде жылу бөлініп шыккандықтан қоқыс 70 0С-ге дейін қызады. Бұл жағдайда ауру қоздыратын микробтар жойылып, шикізат қызып, тұрмыстық тынайтқышқа айналады. Табиғи жағдайда бұл процесс айлап жүрсе, зауыт жағдайыңда аэрадия аркылы 2-3 күнде аякталады. Ал қалдықтарда азық-түлікке жағатын компоненттер аз болса процестін жүру жылдамдығы күрт төмендейді.
Тұрмыстық қоқысты қайта өндеу үшін магниттік сепарация әдісі де қолданылып келеді.

1. 2. Өндіріс қалдықтары және оларды жіктеуі мен кадасторы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіптік қалдықтар және олар тазарту әдістері
Қалдықтар туралы жалпы түсінік
Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу
Ұйымның есеп саясатын жəне қаржылық жағдайы
Материалдық құндылықтар
Көмекші өндірістің жұмысын анықтау
«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын азайту»
Азықтарды жіктеу түрлері. Азық дайындау технологиясы. Азық құрамы мен қоректілігі
Қалдықтарды жіктеу
Қалдықтар. Қалдықтарды жіктеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz