Мұхамеджан Сералиннің қоғамдық - саяси қызметі
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. М. Сералиннің қазақ қоғамының саяси саласына қосқан үлесі және
маңызды мәселесі
2. М.Сералиннің Қазан төңкерісінен кейінгі қызметіндегі саяси-
құқықтық көзқарастарының маңызы
Мұхамеджан Сералиннің қоғамдық-саяси қызметі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНБІЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-саяси және экономикалық шындықтар Қазақстан
халықтарының сана-сезіміне өзгерістер әкелуде. Халықтың тарихына деген
қоғамдағы көзқарас өзгеріп келеді. Отанымыздың шыншыл да ақиқатты ғана
айтатын тарихына деген ынта-ықылас та қауырт өсе түсуде. Болып жатқан
өзгерістерге өткен кезеңдерден ұқсастық іздестіріліп, қазіргі заманның
күрделі проблемаларын шешіу жолын табуға талпыныс жасалуда. Осындай
жағдайларда Қазақстанның тарихи өткен жолын объективті, идеологиялық
конъюнктурадан көрінісін қалпына келтіру халықтың тарихи зердесін қайта
түлетудің негізі, ұлттық бірлікті қалыптастырудың, өскелең жас ұрпақты
отаншылдық рухта тәрбилеудің аса маңызды факторларының бірі болып табылады.
Соған орай елімізде тәуелсіз Қазақстанның өмір шындығына сай жаңа тарихын
жазуға. 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасында тарихи сана
қалыптастырудың тұжырымдамасына сәйкес отандық тарих ғылымы алдына өткен
тарихты үзінділер түрінде емес, мүмкіндігінше тұтас үрдіс ретінде
қалыптастыру; ақтаңдақ беттерді ашу, бұрын бұраланып түсіндіріліп келген
құбылыстарды және тұлғалар келбетін объективті түрде көрсету секілді
міндеттер жүктелді.
Міне, осы аталған міндеттерді жүзеге асыруда еліміздің тарихшы-ғалымдары
тарапынан қыруар жұмыстар атқарылуда. Соның ішінде тарихшылардың кеңестік
дәуірде барынша бұрмаланған, халық жауы, феодалдық топтың қолшоқпары,
кертартпа күштердің өкілі ретінде көрсетілген тұлғалардың,
қайраткерлердің келбетін қайта сомдау бағытында жүргізген ізденістерін
ерекше айтуға болады. Осындай ізденістер нәтижесінде өз мүддесін ұлт
мүддесімен ұштастырған хандар мен билеушілердің, зиялы қауым өкілдерінің,
батырлар мен билердің, ағартушылардың не бір өкілдерінің өмір жолына,
атқарған қоғамдық-саяси қызметіне қатысты көптеген ғылыми еңбектер жарық
көрді. Бұл еңбектер халқымыздың тарихи санасын қалыптастыруға, өскелең жас
ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеуге және ұлттық идеяның орнығуына қызмет
етеді деп нық сеніммен айтуға болады. Бұл пікір біз таңдап отырған
жұмысына да тікелей қатысты. Көрнекті қазақ қайраткері, ағартушы Мұхамеджан
Сералиннің қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғау жолында атқарған
қызметінің бүгінгі таңдағы еліміздің азаматтары үшін өнегелік маңызы зор.
М. Сералиннің өмір жолы мен атқарған қызметі тарихшылар тарапынан терең
зерттеле қойған жоқ. Бұл мәселеге негізінен осы күнге дейін әдебиетшілер
мен заңгерлер тарапынан ғана назар аударылып келгені белгілі. Тарихшы-
ғалымдар көп жағдайда қайраткердің ХХ ғасыр басында атқарған қызметін
өздері зерттеген мәселеге жанама мәселе етіп қарастырумен шектеліп келгені
аян. Соған орай кең деректік материалдар негізінде және жаңа методологиялық
ұстанымдарға сүйеніп М. Сералиннің өмір жолын, атқарған қоғамдық-саяси
қызметін және халқымызға сіңірген еңбегін тұтастай ашып көрсетуді отандық
тарих ғылымы алдыңдағы өзекті мәселе деуге негіз бар. Сондай-ақ мұндай
бағыттағы зерттеу жұмысының нәтижелері ұлттық мүддені биік тұтушы ел
азаматтарын қалыптастыруға септігін тигізеді.
М. Сералиннің саяси келбетін объективті түрде ашып көрсету арқылы
қайраткер өмір сүрген дәуірдің қыр-сырын түсінуге де мүмкіндік аламыз. М.
Сералин ғұмыр кешкен кезең патшалық Ресейдің отаршылдық саясатын қарқынды
түрде жүргізген, азаттық қозғалыс арнасына зиялы қауым өкілдерінің
тартылған, патшалық биліктің құлап, алаш қайраткерлерінің ұлттық
мемлекеттілікті қалпына келтіру жолындағы талпынысы және кеңестік биліктің
орнығу дәуіріне тұспа-тұс келді. Сол тұстағы қазақ халқының хал-ахуалы мен
қоғамдық-саяси өміріндегі ерекшеліктерге М. Сералиннің өмір жолы мен
қызметін зерттеу арқылы да көз жеткізуге болатындығы да күмән тудырмайды.
1. М. Сералиннің қазақ қоғамының саяси саласына қосқан
үлесі және маңызды мәселесі
Мұхамеджан Сералин - Алаш Орда мүшееі. 1877 жылы 25 тамызда
Адмола облысы, Көкшетау уезінің Мезгіл болысында туған.
Мұхамеджан Сералин -гимназия мен университетті корнекті Алаш
зиялыларының бірі - Райымжан Мәрсековпен бірге оқып, бірге бітірген. Омбыда
1937 жылы тұтқындалғанға дейін тұрады.Төңкеріс жылдары қазақ қо- ғамындағы
қоғамдық-саяси қөзғалысқа белсене араласып, Қазақ елінің келешегі үшін
келелі істер атқарады. Патша екіметі құлаған соң қазақ даласының аумағында
жер-жерде ұлттық қозғалыс бел алып, ұлттық мәселелер көтеріле бастайды.
1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен жалпы, қазақтық съезде Жалпы
қазақтың Халық кеңесіне - Алашордаға мүше болып, Ақмола облысынан
сайланады, яғни қазіргіше айтқанда, Алашорда үкіметінің министрі болады.
М. Сералин Азамат соғысы жылдары Қазақ елінің тағдыры, оның болашағы
үшін басқа да ұлтжанды ел азаматтары сияқты бір кісідей еңбек сіңірді.
1919 жылы 11 ақпанда Омбы қаласында Колчак үкіметінің
ішкі істер министрінің жолдасы (орынбасары) П.Ф.Коропачинскийдің
төрағалығымен өткен Қазақ-қырғыз халқының әкІмшілік-шаруашылық құрылымы
туралы мәселе жөніндегі ведомствоаралық алдын ала өткен мәжілісіне
Алашорда үкіметінің төрағасы Ә.Бекейхановпен бірге оның мүшелері У.Танашев
пен А.Түрлыбаев та қатынасты. Кеңес кезеңінде Омбы қаласында заң
орындарында қызмет жасап, әр түрлі мекемелерде қоғамдық мәселелері жөнінде
кеңесші болады.
Мұхамеджан Сералин қуғын-сүргінге ұшыратып, 1934 жылы түрмеге
қамап, онда 6 айдай отырады. Кейін 1937 жылы қайтара тұтқындайды. Содан
қайтпайды. Айқап журналының редакторы болып жұмые істеген ол журналистік
зерттеулермен айналысты. 1917 жылы жоғары білімді журналист ретінде
М.Сералин мемлекеттік құрылысты белгілеуде, сол кездегі мемлекеттік
институттары мен үкіметін құруда, оның журналистік мәртебесін айқындауда
белсенді роль атқарды. М.Сералиннің журналистік саласындағы басты еңбегі
сол кездегі мемлекеттік бағдарламаның жобасы мен қазақ мемлекеттілігінің
болашағы туралы идеялары болып табылады.
Ол қазақ зиялыларының озық ойлы өкілдері Ә.Бөкейханов, А. Байтұр
сыновтармен бірге ұлт-азаттық қозғалыстың идеялық және ұйымдық негіздерін
әзірледі, сол кездегі билік басындағы Үкіметтің саяси және құқықтық
құжаттарының дайындалуы туралы ақпартаттарды, мәліметтерді көпшілікке дереу
жариялап отырды. Сонымен қатар, М.Сералин қазақ қоғамының мемлекеттік-
құқықтық мәселелерін алғашқы зерттеушілерінің бірі. Ол 1923 жылы 27
қаңтарда шыққан Қазақ халқының әлеуметтік жай-күйі мақаласында қазақ
мемлекетінің саяси және құқықтық аспектілерін көрсетуге тырысты. Бұрынғы
қазақ хандығының әскери-саяси бірлестік ретінде құрылғанына назар аударған
ол Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы туралы да мақала
жазып, көпшілікке түсіндіруге тырысты. Ғасырлар бойы халыққа ауыртпалық
болып келген салықтың халықтың өздері сайлаған өкілді орган Мемлекеттік
Думаның келісімінсіз салынбауы да М. Сералин сияқты қоғам қайраткерлерінің
заңсыздық пен озбырлыққа жол бермеуге ұмтылысынан туған. Себебі,
мемлекеттік қазына мен халықтың түрмыс деңгейі де көп жағдайда салық
саясатына тікелей байланысты еді. Жоба авторлары үсынған салық салудың
пропорционалды жүйесі өте ізгілікті және демократиялы қағида болатын. Салық
салудың мұндай тәртібі әділеттілік талаптарына және қазіргі заманға да
толық сай келеді.
М.Сералиннің Жергілікті бостандық деген мақаласында қазақтар
мекендейтін облыстарда түратын барлық ұлттар үшін автономия құру туралы
жазылды.
Мақалада қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқторындарда қызмет ететін
адамдардың халыққа пайдалы да, адал қызмет ететін механизм жасау жөнінде
ұсыныс жасайтыны және оны өмірге енгізу үшін күресетіндігі туралы сөз
болады. М. Сералин мақаларында билік, сот тақырыптары да қозғалады.
Мысалы, Билік һәм сот деп аталатын бөлімінде ол сот билігі және оның
ішінде билер соты туралы да ой қозғайды. Билік пен соттың әр халықтың
тұрмысы мен әдет-ғұрып ерекшеліктеріне қарай жүргізілуіне басты назар
аударған бағдарлама авторлары халыққа таныс емес құқықтық нормаларды
енгізуге қарсылық білдіреді. Өз мақалаларында М.Сералин мемлекеттің
зайырлық негізін бекітудің қажеттігін де атап көрсетеді. Дін ісінің
мемлекет ісінен бөлінуі мақаласы прогресшіл маңызды көрсеткіштердің бірі
саналады. Мұндағы ең басты нәрсе -діннің мемлекет ісіне, мемлекеттің дін
ісіне араласпауын сөз етеді.
1.2. М.Сералиннің Қазан төңкерісінен кейінгі саяси-
құқықтық көзқарастарының маңызы
Мұхамеджан Сералин бірқатар мақаласында халықтың оқу оқып,
түрлі кәсіп, өнер, ғылыми техника үйреніп, ілгері басуына кедергі болып
отырған кей жағдайларды әшкерелейді: қазақтың жалқаулық, партиягершілдік,
мансапқорлық, парақорлық сияқты мінез- қылықтарын сынайды. Мысалы, ол
Біздің дертіміз деген мақаласында қазақтың әлгі мінез-құлықтарын тізіп
көрсетеді; халықтың ел ағасы адамдарының олардан арылуын талап етеді. Бұл
мәселені Мұхамеджан Сералин жаңа жылдың келуімен, 6 наурыз қазақша жаңа жыл-
наурыз деп, соған байланыстырады. Тағы бір мақаласында Романов тұқымдарының
таққа отырғандарына 300 жыл толатыны, оған әр халықтан, соның ішінде
қазақтан да өкілдер барғаны айтылады. Автор сот өкілдерге реті келген жерде
патшаға, тиісті адамдарға халық мұңын айтыңдар, мына мәселелер туралы
өтініш етіңдер деп тапсырма береді: 1) Қазақстаннан Думаға депутат
сайланатын болсын; 2) қазақ жеріне енді шеттен переслен келтіруді
токтатсын; 3) қазақ, орыс орналасқаннан қалған жерді қазақ пайдасына
берсін; 4) мал шаруашылығын жаңаша өркендетуғе орыспен қатар қазақтарға да
жер беретін болсын; 5) Қазақстандағы қазынадан сатылатын жерлерді орыспен
қатар қазақтың да сатып алуына рұқсат берсін; 6) дін туралы, мектеп,
медрессе ашу туралы, народный суд өзгерту туралы сұралсын-дегенді айтады.
Мұхамеджан Сералиннің мемлекеттік Дума туралы екі мақаласы шыққан. Оның
бірінде Мұхамеджан Думада қазақ халқынан депутат жоқ екенін айтып, налыған.
Мақала Шәһр Троицкі, шілде, 1912 жыл деп аталады. Онда автор әуелі, сол
жылы, 9 маусымда думаның жабылганын, оның соңғы мәжілісінде Таврический
дворецті түзеу үшін 1.300,240 сом ақша белгіленгенін хабарлайды; осы
мәселені талқылау үстінде С.Мақсүтов деген депутаттың сөйлеген сөзін
келтіреді; ол:
Мемлекеттік Думаның сарайындағы кемшіліктен басқа Мемлекеттік Думаның
өзінде де биік зор кемшіліктер бар. Сол кемшіліктердің біреуіне біздің
мұсылмандар түсті. Бес жыл ішінде Мемлекеттік Дума арқылы қазақ далаларына,
Түркістан жағына арналған қаншама закон проектісі қаралып өтті. Бұл
закондар қаралғанда олардан депутат болмады-деген.
Міне Мұхамеджан Журналистік қызметі мен Айқап журналында шыққан
мақалаларының тақырыбы, МАЗМҰНЫ, мән-жайы осы. Бұл біздің ол жөнінде
жоғарыда айтқан қорытындымызды растайды. Яғни, Мұхамеджан Сералиннің, жалпы
алғанда, прогрессшіл, ағартушы демократ болғанын айқын сипаттайды.
Мұхамеджан Сералиннің Қазан төңкерісінен кейінгі, 1918-1928 жьшдар
арасындағы журналистік қызметі мен Үшқын, Еңбекші қазақ, Ауыл
газеттерінде шыққан мақалалрына келсек, Мұхамеджан Бұл кезде де аса ділгір,
маңызды саясат, шаруашылық, мәдениет мәселелері туралы коптеген макалалар
жазды. Мысалы, Ауыл газетінің 1923 жылғы 5 нөмірін, 1924 жылғы 5 нөмірін,
1925 жылғы бір нөмірін қарап шыққан зерттеушілер Газетгің осы 11 нөмірінде
Мұхамеджан Сералиннің өзнің қол қойған 15 макаласымен танысқан. Бұл
мақалалар тақырыбы мен МАЗМҰНЫна қарай былай жіктелген: 3 мақала
халықаралық жағдай туралы, 6 мақала тарихи мейрамдар, саяси мәселелер
туралы, 6 мақала шаруашылық, мәдени мәселелер туралы болған. Ал қалған 3
мақала сол кездеғі Ленин туралы болды.
Бұл жылдары Мұхамеджан Сералиннің қөзғаған тақырыптары өте күрделі және
әр түрлі. Ол бұрын, Айқапта тек қазақ халқы әлеуметтік өмірінің бір катар
маңызды мәселелері туралы гана жазған болса, Қазан төңкерісінен кейін ол
халықаралық жағдайды, бүкіл Кеңестік Одағы, соның ішІнде Қазақстан
Республикасы қоғамдық омірінің ахуалы, маңызды мәселелері туралы әр басылым
сайын тақырып кетеретін болды.
1.3Мұхамеджан Сералиннің қоғамдық-саяси қызметі
Мұхамеджан Сералиннің қызметіне қатысты пікірлер алғаш болып ХХ ғасыр
басында жарық көрген мерзімді басылымдарда білдірілді. Татар тіліндегі
Вакыт, орыс тіліндегі Оренбургский листок, қазақ тіліндегі Айқап
журналы мен Қазақ газеті басылымдарында М. Сералин көрнекті публицист
екені айтылады. 1906 жылдан бастап Орынбор қаласында шыға бастаған татар
газеті – Вакыт өзінің 1911 жылғы санында қазақ тілінде Айқап атты
журналдың шығарыла бастағанын хабарлай отырып, оны шығарушысы М. Сералиннің
өмір жолына қатысты мәліметтер де келтіріле кетеді. Ол мәліметте М.
Сералиннің қазақтың танымал ақыны екені, бірнеше поэманың авторы болып
табылатындығы аталып көрсетіліп, ендігі жерде оның танымал журналист
болатындығына сенім білдіріледі. Санкт-Петербургские ведомости газетінің
1898 жылғы шыққан нөмірінде М. Сералиннің ағартушылық қызметі айтылған.
Қазақ газетінде М. Сералин қоныс аударушылар легінен қорғанудың бірден-
бір жолы қазақтардың келімсектер сияқты он бес десятинадан жер үлесін алып,
отырықшылдыққа көшуді уағыздаушы ретінде көрсетіледі.
И. Рамиевтің 1926 жылы шығарған, 1905-1926 жылдардағы жарық көрген татар
баспасөзіне арналған библиографиялық көрсеткішінде қазақ басылымы – Айқап
журналының шығарушысы болып табылған М. Сералинге көрнекті қазақ қаламгері
ретінде баға беріледі.
1943 жылы жарық көрген Қазақ ССР тарихында М. Сералиннің қазақ
қоғамындағы ағартушылық қызметіне де назар аударылып, оның жетекшілігімен
шыққан Айқап журналы қазақ халқының ұлттық санасының өсуіне игі ықпал
тигізгендігі аталып көрсетілді.
М. Сералиннің тұлғалық келбетіне өткен ғасырдың 40-жылдары әдебиетші-
ғалымдар да өз назарын аудара бастады. Ондай ғалымдардың бірі К.Жұмалиев
пен Е. Ысмайлов болды. Бұл авторлардың қазақ әдебиеті тарихына арналған
еңбегінде ХХ ғасыр басында демократиялық бағыттағы ақын-жазушылардың
алдыңғы сапында М. Сералиннің болғандығы, оның шығармалары және ұлттық
мүддені қорғау жолында сіңірген еңбегі нақтылы түрде аталынды. Бірақ та,
тарихи шығармаларда М. Сералинге қатысты бағалар сол кезеңдегі идеологиялық
талапқа сай беріліп, оны революциялық қозғалыстың бел ортасында болды,
қазақ және орыс шаруаларының ынтымақтаса патшалық билікке қарсы күресуін
жақтады деп көрсету етек ала бастады. Бұған А.Ф. Якуниннің бірінші орыс
революциясы тұсындағы Қазақстанға арналған еңбегіндегі мына жолдар дәлел
бола алады: Сералин революциялық-демократиялық интеллигенцияның алдыңғы
қатарлы өкілі болды. ...Ол халық алдында сөйлеген сөздерінде қазақ және
орыс халықтарының достығы идеясын насихаттады, ол қазақтарды орыстардан
революциялық күресті меңгеруге, орыс мәдениетін үйренуге үгіттеді,
қазақтарды отаршылдыққа көшіп, жер шаруашылығымен шұғылдануға шақырды.
А.Ф. Якуниннің жоғарыдағы сөздерінен М. Сералиннің ағартушылық
қызметінен гөрі революциялық-демократиялық қызметі басым түскендей
көрінеді. Мұның өзі сол тұстағы тарих ғылымының идеология құралына
айналғандығының айқын көрінісі болатын.
ХХ ғасырдың 40-50 жылдары жазылған ғылыми әдебиеттерде М. Сералиннің
қызметі көп жағдайда баспасөз тарихына қатысты айтылды. Бұл ретте Н.
Сәбитовтың құрастыруымен жарық көрген библиографиялық көрсеткішті және Б.
Кенжебаевтың еңбегін ерекше айтуға болады. Н. Сәбитовтың Айқап журналында
жарияланған бірқатар мақалалар жайлы мәліметтерді келтіре отырып, ол
мақалалардың жариялануына М. Сералиннің ықпалына көңіл бөліп, ол жайлы
өзінің оң көзқарасын білдіреді. Б.Кенжебаевтың еңбегінде 1888-1928 жылдар
арасындағы жарық көрген қазақ тіліндегі газеттер мен журналдарға шолу
жасап, Айқап журналы жайлы және оның шығарушысы М. Сералин туралы
мәліметтер келтіреді. Автордың пікірінше, М. Сералин қазақ баспасөзінің
тарихында өзіндік терең із қалдырған қайраткер ғана емес, әрі ұлттық
мүддені қорғаушы күрескер ретінде танылған тұлға болатын. Ол М. Сералин
шығарған Айқап журналына халықтың сана-сезімін, теңдік – бостандық
үмітін оятты, шаруашылығы мен мәдениетін дамытты, саяси белсенділігін
көтерді деген баға берді.
Б. Кенжебаевтың ХХ ғасыр басындағы қазақ басылымдарына қатысты мұндай
пікірі партиялық талапқа, үстемдік еткен иделогияға сай келмейтін. Соған
орай 1951 жылы қараша айында Социалистік Қазақстан газетінде Қазақ
баспасөзін зерттеудегі өрескел қателер деген көлемді мақала жарияланды.
Бұл мақалада Х. Бекхожиннің 1949 жылы Дала уалаяты газеті туралы қорғаған
кандидаттық диссертациясы мен Б. Кенжебаевтың 1950-жылы шыққан Қазақ
баспасөзінің тарихынан деген еңбегі партиялық талапқа сай сынға алынды.
Аталмыш мақалада 1917 жылғы Қазан революциясына дейінгі қазақ баспасөзі
идеялық жағынан кеңестік заманға сай емес, олардағы материалдарда
керітартпа, ұлтшылдықты насихаттайтын идеялар таратылды делінген тұжырым
негізделді.
Социалистік Қазақстан газетіндегі мұндай сын ХХ ғасыр басындағы қазақ
басылымдарын объективті тұрғыда зерттеуге, ол басылымды шығарушыларға баға
беруге өзіндік кері әсерін тигізгендігін жоғарыда аталған А.Ф. Якуниннің
еңбегіннің мазмұнынан аңғаруға болады. Сондай-ақ, Б. Кенжебаевтың 1957 жылы
жарық көрген еңбегінен де Социалистік Қазақстан газетінің сынының әсері
байқалады. Б. Кенжебаев М. Сералиннің журналистік қызметін көрсету
мақсатында оның Айқап журналын шығарудағы атқарған еңбегіне оң баға
бергенмен, журналдың мазмұнында ұлтшылдықтың, үстем тап өкілдерінің
мүддесін көздеушіліктің сарыны бар екендігін де атап өтеді. Автор М.
Сералиннің публицистік мұраларына көбірек назар аударып, оның ұлт-азаттық
қозғалыстағы орнын ашып көрсетуге талпыныс танытпайды. Дегенмен де, Б.
Кенжебаевтың еңбегінде М. Сералиннің Ауыл газетін шығаруды
ұйымдастырудағы қызметінде, Ұшқын, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz