Терісі бағалы аңдар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мамық жүнді аңдарды күту және азықтандыру

Мазмұны

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1.Әдибиетке шолу
3.Мамық жүнді аңдардың өсіп дамуы
3.1.Әр түрлі мамық жүнді аңдардың өсіп дамуы
4.Терісі бағалы аңдар
5.Терісі үшін ауланатын аңдар
5.1.Бұлғын
5.2.Құндыз
6.Аң шаруашылығында өсірілетін терісі аса бағалы аңдар
6.1.Көгілдір түлкі
6.1.Нутриялардың биологиялық ерекшкліктері
6.2.Нутрия азықтандыру
7.Қорытындылар мен ұсыныстар
8.Қолданылған әдебиеттер

Аңдатпа

Бұл курстық жұмыста мамық жүнді аңдардың күтуі мен азықтандыруы
жайлы жазылған. Сонымен қатар терісі бағалы мамық жүнді аңдарды аулап, тері
өнімін алу туралы мәлімет бар.

Аннотация

В данной курсовой работе предосмотренно о кормление и ухаживание
писцовых животных. А так же выделывають высоко качественную шкуру.

1. Кіріспе

Қазіргі кезде Қазақстанның табиғат байлығының бұл түрі- терісі бағалы
аңдары өте нашар пайдаланылып келеді.Қазақ ССР Ғылым академиясына қарасты
Зоология ғылыми зерттеу институтының жанындағы сүт қоректілерді
зерттейтін лабораторияның ғылыми қызметкерлерінің мәліметтеріне қарағанда,
республикамызда таралған терісі үшін ауланатын аңдардың қоры мол екендігі
анықталып отыр. Дегенмен халық шаруашылығына, әсіресе, жеңіл өнеркәсіпке
қажетті шикізаттар алынатын жабайы аңдардың қорын тиімді пайдалану, көбейту
және өте сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау аңшылық шаруашылықтары мен
табиғатты қорғау қоғамдарының және аңшылар мен балықшылар одағының негізгі
міндеттерінің бірі болып табылады.
Республикамызда аң терілерін мол өндірудің тағы бір тиімді жолы-
терісі құнды кейбір аң терілерін арнаулы фермаларда өсіру.Сонымен бірге
үлпілдек әдемі жүні мен жағымды жеңіл етіне бола үй қояны сияқты өте
өсімталАңды өсіру көп пайда келтіреді. Әрине бұл бағытта бізде едәуір
жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл игіліктер істі келешекте де дамыта беру
мәселесіне қазір үлкен мән беріліп отыр. Қазақ ССР министірлер советі 1980
жылы 17 нурызда (№123) терісіне бола ауланатын аңдарды, аң өсіру
шаруашылығын, үй қояның өсіру шаруашылығын және аң терлерін өндіруді
дамытудың мәселелері туралы арнаулы қаулы қабылданды. Мұнда жоғарыда
аталған Республикамыздағы әртүрлі аңшылық шаруашылықтарын алдына терісі
бағалы аңдардың қорын тиімді пайдалану мен көбейту және өсірілетін аңдардың
терілерін молырақ дайындау жөнінде көптеген нақты шараларды жүргізу
белгіленеді.
Табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға жүйелі жолға қойылып келе
жатқан жұмыстардың бірі – аңшылық шаруашылықтары. Біздің елімізде бұл халық
шаруашылығының бір саласы болып есептеледі. Оның негізгі мақсаты - терісі
бағалы аңдардың және басқа да кәсіптік маңызы бар хайуанаттардың саныны
көбейте отырып, оларды тиімді пайдалануға, халықты қымбат бағалы аң
терілерімен, дәмді етпен және басқа аңшылық өнімдерімен қамтамасыз ету.
Қазір Республикамызда 14 арнаулы кәсіптік аңшылық шаруашылығымен аң
өсіретін ферма бар. Бұл шаруашылықтардың да штабында 600-дей тәжірбиелі
аңшы жұмыс істейді. Сондай-ақ Қазақстанда аңшылар мен балықшылар одағына
қарасты 500-ге жуық тіркелген аңшылық шаруашылық бар. Республикамыздың
60млн гектардай жері аң аулауға жарамды.Оның 25 милион гектарға жуығы
аңшылық қоғамдарының қарамағына бекітіліп берілген.Бұларда аң сол аңшылық
шаруашылықтарына иелік ететін ұйымдардың рұқсатымен ауланады.Бұл тіркелген
аңшылық шаруашылықтар бағалы аңдардың санын көбейтуге және жабайы құстарды
өсіруге, оларды қорғауға жылына бір миллион сомға жуық қаржы
жұмсайды.Тіркелген аңшылық шаруашылықтарының 150 мындай мүшесі бар.Жыл
сайын аң аулау маусымы басталған кезде көптеген адамдар,әсіресе аңшылар мен
табиғат әуесқойлары сол шаруашылықтарға саяхат шегіп, аң-құс аулап, таза
ауада демалып қайтады.
Табиғат байлығын қорғап, қамқорлыққа алу, тиімді пайдалану-бүгінгі
ғылыми-техникалық прогресс дам ыған дәірдегі өзекті проблемалардың бірі.
Партиямыз бен үкіметіміз табиғат байлықтарын қорғауға және байыту ісіне
әрқашан да зор маңыз беріп келеді.1980 жылы СССР Жоғарғы Советінің үшінші
сесиясында Жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану туралы Заң
қабылданды.Бұл Заңды бұлжытпай орындағанда жануарлар дүниесін сақтап, оны
көбейтуге мүмкіндік туады.СССР-дің жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бұл
заң –аса маңызды документтін бірі.Сондықтан да табиғат байлықтарын арттыра
беруге бір кісідей үлес қосуға тиіспіз.Ол-барлығымыздың азаматтық
борышымыз.

2. Негізгі бөлім.
2.1 Әдебиетке шолу

Кең-байтақ Қазақстан территориясы, оның орасан мол жануарлар дүниесі
республикамызда аңшлық шаруашылығын жүйелі жолға қойып, оны одан әрі
дамытуға, кәсіптік аңдар мен құстардың санын едәуір көбейтуге мүмкіндік
береді.Мұның өзі әрбір саналы азаматқа туған табиғаттың аң-құсын қорғап,
қамқорлыққа алу, тиімді пайдалану міндетін жүктейді.Ол үшін осы аңдардың
республикамыздың қай аймақтарында таралғанын,мекендейтін орындарын,
қорегін, тіршілігіедегі кейбір өзгерістерді жақсы білу керек.
Кітапта осы жайлы айтылады.Сонымен қатар мұнда терісінен басқа да
өнімдер алынатын жабайы жануарлар туралы материалдар берілген. Бағалы
шикізат беретін бұл хайуанттардың санын арттырудың нақты шаралары
көрсетілген.Бұл мәліметтер олардың мол қорын тиімді пайдаланудың жан-
жақты жолдарын көрсеттеді.
Аңшылық шаруашылығы мен дайындау ұйымдарының және аңшылар мен
балықшылар одағының, табиғатты қорғау қоғамдарының қызметкерлері бұл
еңбектен тірі табиғат байлықтарының бірі – туған өлкеміздің терісі үшін
ауланатын аңдары және аң фермаларында өндірілетін елтірісі өте құнды
жабайы хайуанаттары туралы мәліметтер алады.Сондай-ақ, бұл кітап
атамекенін, оның байлықтарын бағалай білетін, жан-тәнімен сүйететін
жұртшылыққа да арналады.
Бұл кітапта жазуда автор өз материалымен қатар, ғылыми әдебиет
мәліметтерін жіне Қазақ СССР Ғылыми академиясына қарасты Зоология
институтының жанындағы теориялық (сүт қоректілерді зерттейтін)
лабораториясының ғылыми қызметкерлері, биология ғылымдарының кандидаттары
А.Бекеновтың, В,И. Капитоновтың, Ю.С.Лобачевтің соңғы жылдары жинаған жаңа
деректерін пайдаланды.Сонымен бірге Қазақстан тұтынушылар одағының аң
терілерін өндіру және дайындау жөніңдегі Бас басқармасының мәліметтері де
алынды.Сондықтан осы кітаптың жарық көруіне көп көмектескен жоғарыда аты
аталған, әрі қызметтес жолдастарға автор үлкен алғысын айтады.

3. Мамық жүнді аңдардың өсіп дамуы

Мамық жүнді аңдарға жататындар – бұлғын, түлкі, көк түлкі, құндыз,
нутрия (саз құндыз) және т.б.
Ауыл шаруашылығы климаттық факторларға және азық базасына байланысты
салынады.Көк түлкі мен түлкіні өсіруі қыста және күзде төмен температурада
болуы керек. Аңдарды арнайы жерлерде ұстау керек. Табынның негізгі ұрғашысы
мен еркегін жеке ұстайды. Аң фермалары типтік жоба бойынша салынады.
Құндызды ферма 10000мың ұрғашы бас (10,3га), көк түлкі 1500 басқа 10,9га.
Түлкі фермасы 1800 ұрғашы 10га, саз құндыз 20000 мың ұрғашы ашық жер асты
торларда 5,2га. Кішкене қоралар – темір, бетон, ағаштан және металлдан
жасайды, L-60м арасы 2м рамаларының арасы 3м, қызмет көрсету жолдары 1,2м,
биіктігі 2,15м. Торлар (аңдарды торда өсіру) металл сеткадан жасайды. Алты
қырлы торды ұяшықтардан жасалған сыртын төрт бұрыш ұяшық қаптаған. Фермада
аңдарды өсіруде физикалық жағдайлары жатады: көбейюге дайындау,
ұрықтандыру, буаздық, күшіктеу жас төлді өсіру, ересек аңдардың жыныстық
кезеңі.
Аңдарды бонитировкалау – V және дене құрылымын бағалау. Жүн түсін,
сапасын қарау. Оны аңдарды банитировкалау индустриясы бойынша жүргізеді.
Банитировканы жүн жамылғысы толық дамыған кезде қазан, қараша айларында
жүреді. Асыл тұқымды фермаларда барлық жас төлдерді банитировкалайды. Ал
фермаларда асыл тұқымды жас төлдердің ядросы мен қалдыратын табынның
құрамында болады.
Түлкі мен көк түлкінің көлемін мұрнының ұшының L-нан құйрығының ұшына
дейін, құндыздың көлемін денесінің ұзындығы немесе тірі салмағы бойынша
саз құндызы мен бұлғынды тірі салмағы бойынша болады. Мамық сапасын
(ұзындығы, жуандығы, қалындығы, жылтырлығы мамық пен аралас жүннің ара
қатынасы) аңдардың арқасында бағалайды. Қыры мен ішінде жүнді қарайды. Жүн
жамылғысының түсін көзбен бағалайды. Аңның класын балл жүйесі бойынша
анықтайды.

Күйіктеу, буаздық, көп ұрпақ беру

Ұрғашылыардың буаз юолуы жылына 3-4 рет туып, 10-12-ге дейін күшік
бере алады. Оның үйшігіне кейбір кезде күшіктері сыймай кейде шетінде
қалады. Үйшік шөп пен мамықпен қапталады, төселеді. Анасы баласымен
қалмайды, азықтандырған соң, үстін жапырақпен жауып, өзі кетеді. Көптеген
күшіктейтін қояндар суда жақсы жүзеді, еркінше сүңгей алады. Сазды
аймақтарда тіршілік ететін қояндар өз үйшігін қамыстан жасап, жауларынан
суға кету арқылы құтылады. Олардың буаздығы 1ай ғана. Орта есеппен қояндар
бір жылда 10-12 ұрпақ әкеледі. Қояндар көжектерін жаулардан қорғаған кезде
алыста жүріп жауын көріп қалса аяқтарымен тарсылтатып жауын өзіне қаратып
алады, бірақ кейде осы әдіс жүзеге аспай қорғай алмайды.

3.1 Әр түрлі мамық жүнді жас аңдардың өсіп-дамуы

Күшіктерді лактация кезінде әр дайым қадағалап, олардың жағдайларын
трафриятқа жасанды емізетін органның азығы жақсы сапалы және құнарлы көп
мөлшерде болу керек. 18-20 күннен бастап сүтке қосымша жемдік қосып
азықтандарады. 40-45 күн кезінде оларды бөлек үйшіктерге бөліп тастайды, ал
әлсіздерін 3-5 күнге анасының жанында қалдырады. Асыл тұқымды төлді бөлек
қамайды. Қазан, қараша айында аңдарды банитировкалайды. Жақсыларын ұрпақ
беру үшін қалдырады. Бұлғынды өсіру басқа мамық жүнді аңдардан ерекшілігі
бар. Бір жылдың ішінде ұрғашыларда 23-33 күн сайын күйлеу кезеңі
орындалады. Ұрғашылары буаздық пен емізуді бір уақытта өткізе алады.
Буаздық 128-140 күн. Ұрғашылары орта есеппен 4-6 күшік әкеледі, максимум 12-
14 күшік қосымша азығы 10-15 күнге сүтке кеткен нан қосып береді.40-45
күндігінде бөледі. Бұлғынның көбейюінің екі жүйесі қолданылады. Жыл бойының
мерзімдік бірнеше түрін қолданады: аралас, қамауға алу, жұп
таңдау арқылы. Құндаз бен собальдіні жаңа туған күшіктері жүнсіз туар, ал
түлкімен көк түлкінің күшігінде біраз қысқа жамылғысы (, тіссіз, көздері
жабық, құлақтары естімейді.Бастапқы кезінде тек қана енесінің сүтімен
қоректенеді, ( құндыздарға қосымша азық бере бастайды.Бұлғынды айлығында
қосымша азықпен азықтандырады.Қыста оларды балық-етінен,сүтті тағамдар,
дәмді және шырын азықтарымен азықтандырады. жануарлар етімен,
субпродукты,кез келген балық және балық қалдықтарымен дер кезінде
азықтандырады, өйткені пісіп кетуі азықтың құндылығын төмендетеді.
Берер алдында берлық азықты жақсылап араластырады: ет, балық,
тамыркемістілерді еттартқыштан өткізеді. Қажетті жағдайларда азықтарды
консервлейді де суықта сақтайды.Ет- балық тағамдарын кейде сүт және сүт
тағамдарымен ауыстырады.Дәнді және бұршақ дақылдары көмірсуда көп
болады.Тағам сіңімді болу үшін дәнді дақылдарды қуырып, ұсақтайды. Шырынды
азықтар – дәрумен көзі. Азықты шикі кезінде құрғақ ет балық азығымен
араластырып бергенде рецион жүрек соғысын ұлғайтады, дәлгін жақсартады.
Күзде тамыржемістілермен, қыста сүрген (капустанікі), көктемде крапива,
жазда шырынды жасыл және жабайы өсімдіктермен .Бақша дақылдарымен
қоректенуге болады. Са мен Р –дың негізгі- ұрпақталған Собальді азықтандыру
рационына кіреді: ет азықтандыруы 10%дай сүт, 5-6% шырынды азық, 3%
дроже, 2% балық майы, 10% дәнді дақыл.

4. Терісі бағалы аңдар

Өнім беру тері сапасы болу үшін аңдарды дұрыс азықтандыру мңызды
болатын. Әсіресе торда ұсталатын терісі бағалы аңдарды өсірудегі даму
жетістіктерінің басты шарттарының бірі болатын. Осы жетістікке қол жеткізу
азыөқтандыру теориясын меңгеру бұл саладағы қатарлы апрактиканы оқу және
осы алған мәлімтерді шаруашылықта қолдануға болады. Азықтандыру еркек
ұрғашы аңдардың асыл тұқымының қабілетін сақтауға тікелей қатысы бар.
Жеткіліксіз немесе асыра азықтандыру кезінде аңдар тобында ұрпақ алмайтын
аңдар. Саны артады егер дұрыс азықтандырса жыныс класымен түзілу уақытында
қалыптасады. Азықтардың жетіспеуі салдарынан ұрғашының жатырында ұрпақтың
даму түсік тастауы, өлі туу жиі, терісі бағалы аңдарды азықтандыру аса
сапалы болуы тиіс. Азықпен қамтамасыз ету кезінде азық тексерістен өтуі
керек. Ас қорытудың бұзылуына, тамақтан улануға жол бермеу керек. Жас
аңдардың өсу кезінде сапасыз азықпен азықтандыру түрлі ауруға ұшыратады
және бұл терінің сапасына түбіттенуіне кері әсер етеді. Дұрыс азықтандыру
мынаны білу қажет: азықтың сіңімділік деңгейі, азықтың құрамында қандай
заттар бар, олардың маңызы қандай. Ол дәнінің жағдайларға қалай әсер етеді.
Терісі бағалы аңдардың денсаулығына байланысты әсері болуы керек.
Азық әр түрлі қарапайым және күрделі химиялық қоспалардан тұрады. Бұл
қосылыстар екі негізгі формаға бөлінеді: сұйық су және қатты құрғақ заттар.
Су ағзада үлкен рөл атқарады. Ол белскпен, маймен және азотсыз экстра
активті заттармен салыстырғанда маңызы бірдей. Су үлесі аңның саламағының
жартысынан табыс тиеді. Мысалы ми мен қан құрамында 80 процент бұлшықтте 75
процент жуық су. Ет, балық азықтың құрамында су мөлшері 63-81 дейін. Жасыл
шөп тамыр желіс, сүрленген шөпте 60-80 процент. Сүт өнімінде 87-94
процентке дейін су. Астықта 14 процент.
Құрғақ заттар органикалық немесе минералды деп бөлінеді. Органикалық заттар
4 топқа бөлеміз: көмірсутек, май, протеиндер, витаминдер.
Май мен көмірсутектер тек С2 Н2 О2 – ден тұрады. Яғни N2 – сыз заттар
ал протеиндерде N2 О: ал витаминдер деп химиялық құрамы бойынша әр түрлі
азықтардың құрамында су мөлшерде болатын және қалыпты өмір сүру үшін
қажетті заттар.Ас қорыту жүйесінде процесс кезінде белоктар, майлар,
көмірсулар, химиялық өзгерістерге ұшырайды. Яғни ұсақталып, үгіледі.
Ыдырап, ағзаға сіңіп қорытылады.
Азықтардың құрамында минералды заттар: микро және макро элементтер
деп бөлінеді. Макро Са, Р, К, Nа; ал микро элементтер Со, Мg, Сu, Ғе, Рв
т.б. Микро элементтер деп атау себебі олар құрамы аз мөлшерде.
Са, Р 65-75 процент жуығын аңдардың ағзасына барады, бірақ та аңның
салмағының 2 процентің құрайды. Са және Р көп мөлшерде сүйекте. Бұл
заттардың жетіспегенде өсу тежеліп рахат аурумен ауырады.
Са, Р қалыпты мөлшеріне азықтардың құрамына күндклікті рацинға ккал 5
грамм, жаңа ұсақталған сүйек ұнын қосады. Nа, К, СI – ағзада судың мөлшерін
реттеуге қатысады. СI мен Nа аңның денесінде көбінесе СI Nа (ас тұзы)
күйінде кездеседі. Ет немесе балық азықтардың құрамынан алады. Сондықтан да
бұл элементтерді қосымша бермесе де өздерін сау сезінеді. Ал азық құрамында
артық тұздың болуына жол бермеу керек. Себебі, белок денеден көп шығып,
ағза уланады. К жетіспесе аңдар нашар өсіп, көбейеді. Жүрек қантамыр
қызметі бұзылады, тектен тыс қазу.
Белоктар қоректік заттардан басқа тобымен салыстырғанда алдынғы орынға
ие, одан кейінгі орында май және көмірсу алады. Белоктың құрамы өте бай
болғандықтан аңның ағзасындағы мүшелер мен тканьдердің құрамына енеді және
ең бірінші қажет қорек болып табылады. Жалпы белок түрлі а-ң тұрады. Осы а-
ң құрамына қарай қоректік құндылығы. Мысалы 2О аңдардың 10 түрі аңның
дүниесінде түзілуі мүмкін емес. Сондықтан оларды міндетті түрде ас
құрамында болуы тиіс. Оларға: мунц триптафон, лицен,Валин, терапин,
аргенеин.
Терісі бағалы аңдардың ағзасына керекті қоректің ішінде түрлері белок
болғандықтан осы қор жануарлардан жасалған. Өнімнен, балық түрлерінен,
әсіресе а-т-нің, саның ішінде кейбір тағам қалдықтарынан және теңіз
өнімдерінен алады.
Амидтер – N –тың белокты емес қосылыстар көп жағдайларда белоктың және
ферментер мен бактериялардың әсер етуі салдарынан ыдырау кезінде пайда
болғандықтан өнімнің шектеуі кезінде алынатын өнім. Жалпы мөлшермен алғанда
амидтердің 70 проценті ан-нан туады. Амидтер тамырсыз сүрленген шөпте көп.
Көмірсулар – көбінесе көп мөлшерде өсімдік азығында 80 процент
қалғаны жануар өнімінен алынған азық құрайды. К-ті кейде клечатка деп
аталады. Көмірсулар өсімдік жасушаның қабығының құрамдыс бөлігі. Бірақ
клечаткалар крахмал сияқты тығыз тұрғанмен оны аң пайдаланады. Себебі
бұлардың ас қорыту мүшесінде қарапайым заттарға ыдырайтын фермент болмайды.
Сондықтан да көмірсутек заттарды азық қылып берер алдында.Майлар N-сыз
заттарға жатады. Энергияны көмірсуға қарағанда екі есе артық. Майларды
толық көлеміндегі және толық көлеміндегі емес май қышқылының құрамы
бойынша ажыратады. Толық көлемді емес шыққан қалдықтары көп мөлшерде
өсімдік майы, балық және жілік майында болады. Толық көлемді шошқа, сиыр
майы жатады.
Аңдарға азық беру кезінде толық көлемді емес маймен көп мөлшерде
болатын болса, аңдарының жастарында әсіресе норкаларда кабио функциясы
бұзылады, жүн талшығының түсі нашарлайды. Денесіндегі майдың түсі өзгереді.
Нәтижесінде Е-авитаминсіз пайда болады. Бұлардың алдын алу үшін Е витаминің
беру керек.
Азықта майлардың көбейіп кетуі санымен бірге бу функциясының бұзылуына
әкеліп соғады. Оның нәтижесінде жүн мен тері құрғақ заттардың пайда болуы
байқалады. Сондықтан да басқа оргганикалық заттарға қарағанда майларды
белгілі бір рацион көлемінде нақты беру қажет. Майды беру кезінде олардың
сақталу мерзімен ескеру керек. Аң өсуінде пайдаланатын азықтардың
сипаттамасы.
Етпен қоректенетін терісі бағалы аңдар: нока, түлкі, ақ түлкі, құндыз
жатады. Олардың ас қорыту жүйесі шөппен қоректенуге қарағанда өсімдік
азыықтарын қорытуға нашар бейімдеоген. Сонымен бірге олардың тістері
шайнауға, жұлып жеуге бейімделмеген. Асқорыту мен шегі шағын көлемді
болады, бірақ асты тез қорытады. Бұлардың жалпы рационы құнарлығына қарай
70 проценттен аса ет жеу керек. Өсімдік азықтарын сұлы, қарабидай, тары ұны
және т.б- пайдаланады. Бұл аңдар қалған азық құның 30 процентінің 15
проценті өсімдік азықтары кіреді. Аңдардың дұрыс дамуы және физикалық
функциясының дұрыс жетілуі үшін олардың ағзасына үстеме азық талап етіледі.
Оларға минералды заттар, ас тұзы, сүйек ұны басқа минералдық тұздар.
Сонымен бірге витаминдер қажет етеді, концентраттар қосу керек.
Ет – май, шеміршек, сіңір, қан жүретін тамыр және бұлшықеттерден
тұрады. Жылқы, сиыр, қой, бұғы, теңіздің ұсақ жәндіктері етті терісі бағалы
аңдар үшін өте сіңімді азықтар болып табылады. 20 процентке дейін белок
болады 30 прооцентке дейін май болады, көп мөлшерде В1, В2 витаминдері, Ғе
және Р болады. негізделген етті шикі күйінде береді. Ветеринар
дәрігерлерінің нұсқауы бойынша кейбір ет түрлерін пісіріп береді.
Сүт өнімдері – ең арзан азық. Аңдардың жағдайларында сүтөнімінің
екінші категория түрлерімен азықтандырады. Бастары ұлтабар, шошқа асқазаны,
құйрықтары, кеңірдек, сирақ, аяқтар, құс аяқтар, құлақтар жатады. Құндылығы
бар өнімдер: бауыр, көкбауыр, өкпе, жілік, ет кесектері, жалбыраған
шекқарын, т.б. Бұлардың шектеулі
Бүйрек, тіл, ми, жүрек – азықтарының құндылығы өте жоғары болғандықтан
олардың терісі бағалы аңдар азығына қоса алмайды. Сүтөнімдер мен аңдарды
шикі күйінде суықтырады. Сапасы бойынша шарты төмен түрлерін ғана пісіреді.
Ал шошқа сүт өнімінің барлыған пісіп береді. Себебі ауэски ауруын
жұқтырады. Сүтөнімдерді ұсақтар алдында міндетті түрде суық сумен жуып,
тазартады. Бас сүйекке кальций, фосфор сияқты жеңіл қорытатын заттар
болады, және бас сүйектің еті әсіресе жау аңдарға жұмсақ болғандықтан
маңызды азық болып табылады. Аңға берерде бас сүйектің өзін ұнтақтайды.
Етімен араластырып, ботқа тәрізді массаға айналдырғанда ғана береді.
Көбінесе бұл массаны басқа азықтарға қосып береді. Бағалы аңдардың
рационында бас мөлшері 25 поценті ғана болуы керек. Одан асқорытуға болады
шошқаның бас сүйегі сиырға қарағанда майға бай, сүйегі аз болса басты
міндетті түрде пісіреді.
Кеңірдек аяқ, құлақ, сияқты өнімдерде белоктық қоры көбірек болады басқа
жануар азығымен береді. Са , Р көп болады құс өнімінің береді. Оның 25
процентіне жуығы протеин болады бұл азықтарды жүн шығу кезінде және көбею
кезінде беріледі. Бауыр диеталық тағам. Витаминдік азық ретінде
береді.Норка рационында 20 процентке дейін протеин құрайды. Қанды тез
бұзылғандықтан тез азықтандыру керек. Сүйек жануар денесінің салмағы 20-30
процентің құрайды. Бастан басқа сүйектеріндегі белоктар, майлар, минералды
заттар аз болады сүйекті арнайы ұсақтайтын машиналардан өткізіп, басқа
азықтарға қосып береді.
Балықтар үлкен үлес алады жоғары құнарлы болады. жануар етінен кем
түспейді және арзан болады, буаздалмаған тамақтық емес балық қалдықтарын
пайдаланады, және балық түрлерімен тек ағзада болады. Өнім берушілік төмен
өсуі тежеледі, жүн пигменті бұзылады. Гемонлабиннің құрамын өзгертеді,
нәтижесінде анемиямен ауырады. Қандағы құрам бұзылмағаннан кейін В1
авитаминоз туады. Анемия тудырушы треска жатады. Себебі бұл б-ң
құрамында сфицикациялық заттриметил анемоксит заты қандағы темір қалпын
сақтауға кедергі болады. Жас норкада анемия кезінде Ғе тапшы
болады,күшіктері тамақты нашар жейді, ішек бұзылыстары байқалады арықтайды,
өсу жағынан артта қалады, көпшілігі өліп кетекді, терісі бозарып кетеді.
Және түбіт астында детаминтация жүреді. Жүні жылтырамайды, бұл норкалар
құнсыз және эконмикалық жағынан төмен. Мұндай кезде құрамында Ғе көп
препарат болу керек. Ол ферраглюкин преапатарты болып табылады. Шілде
айында жас ағза 1 -2м бөлшегінде
Шикі жағынан, жаңбасқа бұлшықетке салады. Норка рационында 30-35
процент темір байланыстырылуы заттары бар балықтарды қосқан кезде. Темірі
бар преапараттары талап етеді. Кейбір жағдайларда жас аңның қанында 100г-да
15-16мг гемоглабин болу керек. В1 Авитаминозы – көптеген ащы суларда, теңіз
балықтарда сельді тұқымдас балықтарда ферменттер көп болады. Сол
ферменттердің әсер етуі негіздерінде В1 витамині бұзылады. Норкалардыф
мұндай балықтармен ұзақ уақыт азықтандыру кейде авитаминоз туады.
Нәтижесінде тамаққа тәбеті нашарлайды. Кейде мүлдем тамақ ішуден бас
тартады. Яғни бұл дегеніміз олардың азық бұлшықетсіз әлсіреуіне,
аяғында өліп тынады. Мұндай кезде көбінесе жүйке қызметі бұзылып, мүшелері
дұрыс істелмей аңдардың бойында полиневрит дамиды. Мұндай балықтарды пісіру
керек және сол кезде ферментер құрамы бұзылып, азық тазарады.
Аң өсіруге көбінесе балық ұның, жібек құрты көбелегін азық ретінде
қолданады. Балық ұны – азықтық емес балықтан және балық қолдануынан
жасалады. Жоғары сапалы балық ұныңда 65-70 процент шикі протеин, 6-8
процент май, 10 процент күл болуы тиіс. Ұн түсі ашық-сары болады қоңырақай
түсті ұндар құрамы төмен болғандықтан, аңдар әсіресе норкалар нашар
қорытады. Егер күл аз болса, онда ұның тұтас балықтан жасалғанына сенімді
болуға болады таза балықтың етінің қолданғанынан жаслаған ұнында 22
процентке денйін күл, 63 процент шикі протеин, 7-8 процент май болады.
Норкалар мұндай ұнының 70 процентің қорытады. Балық ұнында 3 проценттен
аспайтын тұз болу керек. Тұз мөлшері шикі зат сапасының көрсеткіші болып
табылады. Норка, түлкі, ақ түлкі, рационға азық құрамының 50 процентіне
дейін балық ұнымен алмастыруға болады. Тұп жібек көбелегінің құрты.Бұл
жібек құртының ораудан кейін қалатын жібек түтуі өнеркәсібінің қалдықтары.
100г , 43 процент протеин, 19 процент май, 5 процен азотсыз заттар және
азықты қорыту кезінде 400ккал болады. Көбелектерде витаминдер мен минералды
тұздар аз болады. Сондықтан оларды азық ретінде пайдалану кезінде аңдарға
витамин азықты жаңадан ұсақталған сүйектен сүйек ұның қосып беру керек.
Түлкілер мен ақ түлкілер ет балық азығын көбелектермен айтарлықтай
мөлшерін 50-70 проценқа дейін, ал норкаларда жануарлар протеиндеінен 30
процентке дейін ауыстыруға болады, аңдарда көбелектерді беру кезінде оларды
құрғатып беру керек және де азықтандыру алдында көбелектерді қолмен іріктеп
алады. Ішіндегі түтілмеген құрттарды, жібек жіптерді бүлінген көбелектерді,
қоқыстарды жібермеу керек. Іріктеп алғанға көбелектерді қапқа салып, жақсы
желдетілетін жерде сақтайды. Оларды үгітіп суланып, қызып кетпеуі үшін
тұрған орнын ауыстырып өткізу керек. Бұл азықтарды беру кезінде рационда
міндетті түрде витаминдер мен бірге су берілуі керек. Сүт өнімдері сиыр
сүті – толық, жеңіл сіңімді белок болатын. Витаминдер мен минералды заттар
мөлшері жоғары болады. әсіресе оның сүт беруші аң және аңдарға берген өте
пайдалы болып табылады. Сүтте белок 3,4 процент, май 3,7 процент, сүт қанты
4,9 процент болады. Жалпы азықтандыру құнарлығының 15 процентің береді. Көк
сүт – тұтас сүттен қаймағын айырғандықтан құрамында, май мөлшері 0,2-0,3
процент қалады, ал белок пен сүт қанты тура сүт құрамындағыдай болады. Ал
кальций аз болады, витаминдер мөлшері жоғары болады. Күшіктерге мұндай
сүтті енесінен шығарғанна кейін берген пайдалы. Барлық азықтардың 50
процентіне дейін мөлшерімен алмастыруға болады. Егерде шектен тыс берілген
жағдайда өнім берушілік және жүн сапасы төмендейді.
Өсімдік тектес азықтар – астық өнімдерінен алынатын азықтар. Олардың
құнарлығы 15-30 процент. Ал күміс түстес қара түлкілерде 40 процентке
дейін. Түлкілер басқа аңдарға қарағанда астық өнімдерін белогын тиімді
пайдалануға қабілетті. Азықтардың өнімін көбінесе аңдардың азығында норма
түрінде сұлы, Арпа, бидай, жүгері, тары, қара бидайды қолданады. Олармен
азықтың құүрамына қосып береді немесе басчқа түрінде ұсақтап, пісіріп
береді. Кейде ұн түрінде береді. Күнжара - өте белокқа бай болады.
Сондықтан оларды белгілі бір аз рационға мөлшермен ғана қолданады. Оған
күнбағыс, сая, арахис, күнжараларын алуға болады. Түлкі және ақ түлкі жүні
20 процентке дейін күнжара белогімен, ал қорқ-да 10 процентқа дейін
азықтандырса жүндері жылтырап, белгілі бір жағдайларға байланысты
азықтандарады. Күнжараны аңдарға басу азықтандыру мен бірге міндетті түрде
араластырып беру. Мысалы, соя ер біраз алдында пісіріліп алынады, себебі
пісіргеннен белок тез қорытылады.Құрама жем – терісі бағалы аңдарда
негізінен бидай, арпа, сұлы сияқты қажетті жемдердің түрлерін басқа
азықтандыру құрамына қосу арқыла дайындайды.
Ауыл шаруашылық жағдайда мысалы, құстарда қажетті жемдерді Берген
кезде олардың ас қорыту жүйесіне белгілі бір процестердің жүруіне
байланысты. Бұл азықтардың маңызы зо болады. Себебі, олардың құрамында
миханикалық осылыстар болады және аңдарға бұл азықтар жеке берілген
жағдайда олар қорыта алмайды. Қажетті жемдерді берер алдында жақсылап
қайнату керек. Картоп – бұлар астық өнімінен кейінгі орын алады. 25 процент
дейін құрғақ зат., 75 проценті крахмал болады. 70 процентке дейін аңдарға
беретін азықты алмастыруға болады. Яғни 1 кг астық орнына 3,5 кг картоп
беруге болады. Картопты Берген соң бұзылған, жұмсарған, жерде қалған
жемістерді беруге болмайды. Себебі бұлардың құрамында улы заттар болады,
олар тек ауруларын тудырады. Піскен соң бірден беру керек.
Солді азық – терісі бағалы аңдардың құрамында көп мөлшерде су болады. 70-80
және де әр түрлі өсімдіктер азықтары жатады. әсіресе қызылша, сәбіз әсіресе
тамыр жемісті өсімдіктері. Капуста мен қызанды көп қолданады.көкөнісер шикі
күйінде ұсақтапт турап, басқа азқытармен араластырып береді. Бұлардың
құрамында ас қорытуға өте жақсы әсер ететін С, Е, К витаминдері өте көп
болады. Күнделікті рационға 2-3 процент қосу керек.
Үстеме азықтар. Оларға ашытқалар жатады. Бұлардың пайдасы аз. Азықтың
гидралу қызметін атқарады. Рационға протеин мен В витамин көзі юолып
табылады. Құрғақ ашытқы құрамында 38 процентқа дейін қорытынды протеин
болады. 25 процентқа дейін алмастыруға болады. Бұлар витаминдерге бай
болады. Оның ішінде бірінші орынға құрғақ сыра ашытқысын жатқызуға болады.
Екінші келесі наубайханалық ашытқы, үшінші азықтық ашытқы. Сұйық сыра
ашытқыларын басқаларға қарағанда көбірек Берген жөн. ал сыра және
найбайхана ашытқыларын қайнатып беру керек. Сонда ашытқының құнарлығы
бойына тез сіңіреді. Құрғақ ет балық азықтары, сүйек сіңірлері (жоғары
мөлшері бар азықта және жаңа ғана дайындалған азықпен ауыстыруға болады).
Ересек аңдарды, норкаларды сүт беру кезңнен бастап жыл бойы азықтандыру
нормасы мынандай болады: 1 процентке жоғары болу керек.

Айлар 1,1 1,3 1,5 1,9 2,2 2,4 2,6
Қаңтар, ақпан 220 230 250 300 320 330 350
Наурыз 240 260 280 280 290 310 330
Сәуір,Мамыр 220 240 260 280 300 320 340
Маусым 220 240 260 320 350 390 420
Шілде 230 250 270 340 360 400 430
Тамыз 240 260 280 350 380 410 440
Қыркүйек 250 270 300 360 400 430 460
Қазан (туған) 270 300 330 390 420 440 470
Қараша (сүттену) 240 250 270 310 320 340 360
Желтоқсан 220 230 250 300 310 330 350

Норка, түлкі, ақ түлкілерді қондылану процессі жүруіне байланысты
аңдар денесінің өсуі жыл мезгіліліне және физикалық процесстерге
байланысты болады. Келтірілген норма бойынша әр аңның жеке басына
берілетін салмағына байланысты азық қажеттілігін есептейді.
Жүн жамылғысының дұрыс дамуы азықтандыру көрсеткіші жақсы болса
жоғары дәрежеде болады.Мысалы: қалыпты азықтандыру кезінде аңның жазық
жүні өз уақытында толығымен қысқы жүнде болады.Аңдарды өнім беруге
қанағатсыз дайындаудың тағы бір көрсеткіші азықтануға байланысты.
Түлеудің тежелуі күз мезгілінде семіруі өте төмен болады.Мұндай
азықтандыруды асыл тұқымдар тобынан іріктеп алып,жеке ұстап, қараша,
желтоқсан айларында терісін алу үшін сояды.Күздің басқа айларында
ұрпағына міндетті түрде дұрыс азық беру керек.Себебі осы кезең өнім
берушісіне әсер етеді. Ересек аңдардың рационындағы азық ара қатынасы
процентін мөлшері.

Азық түрлері Норка Ақ түлкі Түлкі
Ет, балық азықтары 65-80 60-75 60-70
Дәнді азықтар 13-28 16-31 22-32
Шырынды 2 4 3
Ашытқылар 3 3 3
Балық майы 2 2 2

Жазғы айлардааңдардың рационын 100 ккал деп есептейді түлкі үшін 4,8
май, ақ түлкіде 5г, норкада 5,3г болады. Ал күзгі,Қысқы кезеңде көбею
алдыңғы белокқа деген қажетсіну болғаннан белок мөлшерін азайтқан жөн.Жаз,
күз айларында ересек аңдарға етсіз азық беруге болады.Бұл уақытта етті с...
орнына құрғақ азық қосқан жөн болады. Жазғы кезде туулігіне 2 рет қана,
қыста 3-4 рет тамақ беріледі.Ал сояр алдында тек бір рет қана береді.

Үйігіуге кезеңіндегі азықтандыру.

Мүмкіншіліке қарай қаңтар,ақпан айларында түлкі, ақ түлкі,
норкалардың ұрғашылары азықтандыру кезінде біршама арықтап кетеді,
сондықтан да бұларды үйігуге дайындау кезеңінде майдың мөлшерін көтеру
керек. Үйігуге дайындау кезеңінде аңдар үшін рацион мынадай болады .

Азық өлшемі Норка Түлкі Ақ түлкі
Ет, балық 60-80 50-70 65-75
Дәнді 10-23 22-42 16-26
Шырынды 2 4 3
Ашытқылар 3 3 3
Балық майы 1 2 2

Рацион жасау үшін ет,балық азықтандырудағы май мөлшері дұрыс бағалану
керек. Сондықтанда рационға май қосқан кезде еттінң мөлшерін көбейтіп,
дәнді азықтар мөлшерін азайтады. Сондықтанда майды аз немесе орташа
мөлшерде пайдалану керек.Ал дәнді азықтар үлесін көбейту керек.
Норкаларға арналған рационның түлкіден айырмашылығы протеин, көмірсу
денгейі төмен болады. Шығатын қорытынды норкалар түлкілерден қарағанда
дәрежесі аз және дәнді азық қорытып пайдалану қабілеті төмен болады.
Желтоқсан айы аяғында аңдарға көбірек ет азықтарын қосады.кем дегенде 50%
болу керек. Етті азықтар ағзаға белокты және витаминдәк қамтымасыз етеді.
Егер де бұлшықет рационында жетпесе ақ рационына құрғақ ет азықтарын және
де қолдан жасалған витаминдік препораттар долу керек және осы кезде
мүмкіншілікке қарай 10-15г сүт беруге болады. Шырынды азықтарды мөлшерден
тыс өсіруге болмайды. Түлкі және ақтүлкілерді күніне 1 рет кейде 2 рет,
норкаларды міндетті түрде 2 рет азықтандырады.Аязды қыста түлкілерді 2
рет.Рационды байыту азық порциясының түлкі аязды кезде және таңғы азықпен
беріледі.

Ересек түлкілерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның терісі қымбат және кәсіптік аңшылықтың аңдары. Тиімді пайдалану және қорғау
Аңшылық өнімдерін өңдеу
Терісі бағалы аңдарды өсіру
Биологиялық негіздегі сирек кездесетін аңдардың түрін қалпына келтіру
Бағалы терілі аңдар физиологиясы және тауартану. Тері бағалауда пайдаланылатын жаңа әдістер
Барсакелмес қорығы
Терісі бағалы аңдарды азықтандыру
Былғары шикі затының стандарты
Аңдар биологиясы жайлы мәлімет
Шикі терінің химиялық құрамы мен құрылымы. Аң терісі мех шикізатының тауарлық қасиеті
Пәндер