МУНИЦИПАЛДЫ БАСҚАРУДЫҢ теориялық негіздері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І. МУНИЦИПАЛДЫ БАСҚАРУДЫҢ теориялық негіздері

1. 1. Муниципалды басқарудың мазмұны, принциптері мен экономикалық механизмдері . . . 4

1. 2. Дамыған елдердегі муниципалды басқарудың әлемдік тәжірибесі . . . 8

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МУНИЦИПАЛДЫ БАСҚАРУдың жағдайы

  1. Муниципалды басқарудың даму кезеңдері . . . 15
  2. Муниципалды басқару жүйесінің тиімділігін арттыру және жетілдіру жолдары . . . 30

Қорытынды . . . 34

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 35

Кіріспе

Экономикадағы өзгерістердің барлық өмірлік циклдағы қиындығы қоғамдық қызметтің, өндірістің және территорияны басқарудың барлық салаларында өзгерістерді талап етуі. Заманауи шарттарда басқарушылық қызмет территорияның әлеуметтік сала экономикасын басқарудың қоғамдық процестерінің, өндірістің және қоғамдың дамуы мен қызмет етуінің маңызды факторының бірі ретінде көрініс табуда.

Басқару - алға қойылған мақсаттарға жетудегі ұжымдық адамдарға мақсатқа бағытталған ықпалы.

Жергілікті өзін - өзі басқару нысандарына халықтың жергілікті сұрау салуын, жиналыстары мен нысандарын, халықтың тұратын жеріндегі кәсіби және өзге де ерік білдірулерін жатқызуға болады.

Ал “ муниципалды басқару ” ұғымына анықтаманы 1985 жылы Еуропа кеңесінің бастамасымен қабылданған Еуропалық хартиядан таба аламыз, яғни “ қоғамдық жұмыстардың басым бөлігін бақылауда жергілікті қауымдастықтардың қабілеттіліктерін, құқықтарын, сонымен қатар халықтың мүддесіне сәйкес қоғамдық жұмыстарды заң шеңберінде басқару”.

Муниципалды басқару өзі шешетін мәселелер сипатына сай болуы керек. Бұл мәселелерге төмендегілер жатқызылады:

  • Муниципалды құрылымның әлеуметтік инфрақұрылымын қалыптастыру;
  • Муниципалды құрылымның экономикасын тұрақтандыру;
  • Аймақаралық және аймақішілік байланыстарды дамыту;
  • Бір ыңгай экономикалық кеңістікті сақтау.

Осы мәселелерді шешуде әлеуметтік - экономикалық процестерге ықпал етудегі тиімділікті көтеруде комплектілік негізгі шарт болып табылады.

Муниципалды басқару жүйесі өзін - өзі басқару принциптері негізінде қалыптасады. Ол басқару субъектісі (жергілікті өзін - өзі басқару органдары ) және басқару объектісі ( муниципалды құрылым және муниципалды шаруашылық) .

Жергілікті өзін - өзі басқару принциптері халық қызметінің ұйымдасуын қамтамасыз етеді, яғни жергілікті маңызы бар сұрақтарды шешуді өздерінің жеке жауапкершіліктеріне алуды қамтамасыз етеді.

Курстық жұмыстың мақсаты - дамыған шетелдік мемлекеттердің жергілікті жерлердегі өзін-өзі басқару тәжірибелерін пайдалана отырып, экономикамызды көтеруге үлес қосу. Жұмыстың өзекті мәселесіне - әлемдік тәжірибені және модельдерін қолдана отырып, жергілікті өзін - өзі басқаруды елімізде дұрыс іске асырып, экономикамыздағы шешілмеген бірқатар мәселелердің шешілуі, қоғамдық өзін-өзі басқаруды дамыту, еліміздегі жергілікті өзін - өзі басқарудың мәні мен қоғам өміріндегі маңызы, оның құрылымы, қызметі мен облыстық деңгейде басқару әдістерін жан-жақты ашып көрсету.

І. МУНИЦИПАЛДЫ БАСҚАРУДЫҢ теориялық негіздері

1. 1. Муниципалды басқарудың мазмұны, принциптері мен экономикалық механизмдері

Муниципалды басқару ең біріншіден, муниципалды құрылымның атқарушы - бұйрықтық қызметімен, яғни жергілікті өзін - өзі басқару жүйесінің қосымша элементі негізінде қарастырылады.

Муниципалды басқару өзіне келесілерді енгізеді:

А) жергілікті деңгейдегі мемлекеттік басқару, яғни мемлекеттік биліктің аймақтық органдары ( мемлекеттік саясаттың қаржы, салықсалу, халықты жұмыспен қамту және т. б. салаларында бірқатар функцияларын жүзеге асыру) ;

Б) жергілікті өзін - өзі басқару халықтық билік формасы ретінде;

В) муниципалды менеджмент - жергілікті өзін - өзі басқару органдары мен халықтың арасында серіктестік қатынасты жақсарту іс - шаралар жүйесі ретінде.

Жергілікті өзін - өзі басқарудың құрылымдарына - азаматтардың тұрақты тұратын аумақтық құрылымдарда жеке өздері тұрғындар тобы жинақы тұратын және де тарихи, ұлттық және басқа да жергілікті мүдделерін ескере отырып, жергілікті деңгейдегі мәселелерге байланысты шешімдерін қабылдауға шақырылған, билікті жүзеге асыратын ұйымдастырылған нысан.

Жергілікті өзін - өзі басқаруды тұрғын халық тікелей сайлау жолымен, сондай -ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты қамтитын селолық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзін - өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.

Жергілікті өзін - өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібін заңмен белгіленген шекте азаматтардың өздері белгілейді.

Жергілікті өзін - өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі.

Облыстық жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру нысандарына: тікелей сайлаулар, азаматтардың жалпы жиналыстары, азаматтардың конференциялары жатады.

Жергілікті өзін - өзі басқарудың функцияларына: облыс территориясындағы жергілікті істерді шешуге тұрғындардың қатысуын қастамасыз ету, коммуналдық меншікті және қаржылық құралдарды басқару, облыстағы аумақтардың дамуын қамтамасыз етуді, облыс тұрғындарына әлеуметтік - мәдени, коммуналды - тұрмыстық және басқа да қызметтер көрсету, облыс территориясында қоғамдық тәртіпті қорғау, заңдылықты қамтамасыз ету, жергілікті өзін-өзі басқарудың мүдделері мен құқықтарын қорғауды жүзеге асырады.

Жергілікті немесе муниципалды өзін-өзі басқару - бұл белгілі бір елдің қандайда бір әкімшілік территориялды бірліктің халықтың мүддесін тікелей көрсететін арнайы сайланған органдар жүзеге асыратын жергілікті істерді басқару органдары жүйесі. 1985 жылы қазанда европа кеңесімен қабылданған жергілікті өзін - өзі басқару туралы европалық хартия жергілікті өзін-өзі басқару анықтама береді. Хартия жергілікті өзін-өзі басқару деп - жергілікті қоғамдастықтардың қоғамдық істердің маңызды бөлігін бақылауға, заң шегінде өзінің жауапкершілігімен халық игілігіне басқаруға нақты мүмкіндік пен құқықты» айтады.

Жергілікті өзін-өзі басқару, тұрғындардың өмір сүру жағдайында маңызды мәселелерді шешу белсенділігін арттыру қосымша қоғамдағы ішкі күштердің күшеюі мен әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық прогресстің жылдамдатады.

Кез келген қазіргі заманғы демократиялық мемлекет тым болмаса жергілікті өзін-өзі басқару әдісіне кепілдік бермесе немесе оның бар екенін мойындамаса, экономикалық және әлеуметтік үдерістердің тиімді басқарылуын қамтамасыз ете алмайды. Себебі, басқару саласы аса күрделі және көпқырлы, сондықтан қоғамдық дамудың барлық кезеңдерін тек орталықтан шешу қиындық туғызады. Басқару қызметінің тиімділігін арттыру үшін өкілеттіліктің бір бөлігін тұрғындардың ортақ мүддесі тұрғысынан алып қарағанда оңтайлы нәтижеге қол жеткізеді деуге болатын басқару деңгейіне берген ұтымды. Бұл өз кезегінде жергілікті жағдайды, мүмкіндікті, басқарудың әдістері мен тәсілдерін сөзсіз есепке алуды талап етеді. Ал жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік басқаруды оңтайландырудың нағыз төте жолы болып табылады.

Жергілікті өзін - өзі басқару жүйесі орталық билік пен жергілікті билік орындары арасындағы өкілеттіліктің нақтылы шектелуін қажет етеді. Осындай жағдайда жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттің бекіткен және таныған халықтың өзін-өзі басқару құқығы болып табылады. Бұл жерде халық билігі жергілікті маңызды мәселелерді өз жауапкершілігіне алады. Сондай-ақ, жергілікті билік орталық органдардың келісімімен ішкі мүмкіндіктерді өздері пайда­ланып, проблеманы шешіп отырады. Бұл жерде орын алған қиындықтар, әсіресе әлеуметтік саладағы шешімін күткен маңызды мәселелер жергілікті тұрғындардың көңіл-күйіне қатты әсер ететінін ескеру қажет.

Жергілікті тұрғындардың осы саладағы атқарылып жатқан реформаға қанағаттанбауы алдағы уақытта басқа да игілікті шараларды ескермеуге әкеліп соғады. Міне, сондықтан да жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру бірнеше стратегиялық мақсаттарды көздейді. Бұл жерде мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, төменгі буындардағы жемқорлықты азайту - азаматтық қоғамды қалыптастырып, дамытуға көмектеседі. Өзін - өзі тиімді басқару біртіндеп жергілікті тұрғындардың жауапкершілігін арттыра отырып, жоғарыдан көмек күтпей, кездескен проблемаларды бірлесіп шешуге қолайлы жағдай жасайды. Осындай жағдайда жергілікті билік тұрғындар алдында бедел жинап, өкілеттілікке ие болады.

Жергілікті өзін - өзі басқару жүйесінің тиімді қызмет етуінің басты шарттары - органдарға тиімді басқаруды жүзеге асыратын көлемдегі құқықты жүктеу және мемлекеттік және жергілікті өзін - өзі басқару, сонымен қатар әртүрлі территориялық басқару арасындағы қызметтерді тиімді бөлу болып табылады.

Муниципалды басқаруды кең қолдануды анықтайтын факторлар:

  • жергілікті өзін - өзі басқару шарттарында территориялдық құрылым барлық әлеуметтік, экономикалық, саяси және жергілікті маңызы бар сұрақтарды шешуде толық еркінділік алады. Осының негізінде олар өкілеттілікке ие болады. ; муниципалдық құрылым шаруашылық қатынастардың толыққұқықтық субъектісі болып келеді. Дербес билік ету құқығына, муниципалды меншікпен қолдану құқығына ие бола алады; жергілікті өзін - өзі басқару шарттарында муниципалды қауымдастықтың бюджеттік еркінділігі кеңейе түседі; жергілікті өзін - өзі басқару жүйесінің қызметі нағыз, шынайы халық билігінің дамуына жағымды шарттар қалыптастырады.

Муниципалды басқарудың мақсаты - муниципалды құрылым халқының өмірсүру деңгейін көтеру. Сол себепті муниципалды басқару келесі мәселелерді шешеді:

  • әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыру; экономиканы тұрақтандыру; әлеуметтік - экономикалық процестерді реттеу; экономикалық жағдайды қолдайды; бірыңғай экономикалық кеңістікті сақтайды.

Муниципалды басқарудың негізгі принциптері - жалпы және жеке - басқару қатынастарынан және өзін - өзі басқару жүйесінің талаптарының ұйымдасуынан туындайды. Жеке принциптері басқарудың жеке функцияларын жүзеге асыруда қолданылады ( жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация принциптері ), сонымен қатар жеке жақтарына ( әлеуметтік - экономикалық, ұйымдастырушылық - құқықтық ) және басқару деңгейінде қолданылады. Олар:

  1. Бірыңғайлық пен коллегиалдылық.
  2. Заңдылық.
  3. Жариялылық.
  4. Мемлекеттік кепілділік.
  5. Муниципалды құрылымдарды басқару процесіне халықтың қатысуы.
  6. Кешенділік.
  7. Халықтың сұранысын қанағаттандыру.
  8. Территориалды және салалық басқарудың үйлесімділігі.

Жергілікті өзін - өзі басқарудың экономикалық негізі мына түрде қалыптасады.

а) Жергілікті өзін - өзі басқаратын қауымның меншігі;

б) Мемлекеттік меншіктің жергілікті өзін - өзі басқару органдары басқаруына берілген мүлігі;

в) қолданыстағы заңға сәйкес жергілікті қауымның қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігі бар басқада меншік түрлері;

г) жергілікті қаржылар.

Өзін - өзі басқарудың экономикалық негізін тану тек берілген негіздегі құрылымдық компоненттерін білу ғана емес, сондай-ақ заңдық аспектілерін де білу өте маңызды. Қолданыстағы заң негізінде бірқатар түсініктер қолданылады: меншік, мүлік, мүліктік құқық.

Муниципалды бірлестіктерді алып қарайтын болсақ мемлекеттік меншікті муниципалды органдарға беру тәртібімен анықталған коммуналдық заңды тұлға болып бекітілетін, жергілікті қазына мен мүліктен тұратын тікелей коммуналдық меншікке қатысты болады. Мысалы: қазіргі таңдағы қолданыстағы мемлекеттік объектіні алған шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне беру тәртібі қабылданған.

Коммуналдық меншік жергілікті (коммуналдық) тұлғаларға оперативті басқару мен шаруашылықты жүргізу құқығы бекітіледі. Егер жергілікті кәсіпорындар коммуналдық меншікті иелену, қолдану және басқаруды алса, онда олар нақты меншік иесі болады. Бұл құқықтық фактіні анықтауды мынадай себептер қажет етеді: муниципалды бірлестікке қызмет көрсету үшін тек кәсіпорындар ғана емес, сонымен қатар жер, табиғи ресурс, муниципалды қаржы-несиелік мекемелер, жергілікті тарихи және мәдени ескерткіштер, яғни жергілікті мүлік қорын құрайтын барлығын да жатқызу керек.

Коммуналдық меншік жалпы-халықтық немесе қоғамдық меншіктің құрамдас бір бөлігі ретінде аймақтық ұдайы өндіріс жүйесінде, сонымен бірге жалпы макроэкономикалық құрылым деңгейінде де әрекет етеді. Дегенмен коммуналдық меншіктің басты ерекшелігі, оның жергілікті шаруашылықта жұмыс істеуінің экономикалық негізі, коммуналдық құрылым деңгейіндегі ұдайы өндірістік қатынастардың объектісі ретінде болуы. Осы тұрғыдан алғанда коммуналдық меншік белгілі бір әкімшілік аумақтық құрылым деңгейіндегі объектілерді бірлесе иемдену, пайдалану және иелік етуге байланысты, бір жағынан, жергілікті құрылымның экономикалық субъектілерінің арасындағы, екінші жағынан, сол субъектілердің мемлекеттік деңгейіндегі субъектілермен қатынасын сипаттайды.

Коммуналдық меншіктің негізгі субъектісі - жергілікті билік органдарына меншік иесі функциясына өкілеттік беретін нақты коммуналдық тұрғындары. Жергілікті деңгейдегі ауқымды қажеттіліктердің негізінде қалыптасатын тұрғандардың терриоториялық мүдделері жергілікті қауымдастық тұрғындарын өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мақсатты іс-әрекеттерді жүзеге асыруға түрткі болады, ынталандырады. Коммуналдық меншік субектілерінің күрделі құрылымы өндіріс құрал-жабдықтарын және шарттарын, әлеуметтік сала объектілерін пайдалануы бойынша жергілікті билік органдары мен билік басында тұрған мемлекеттік органдардың арасында, меншік субъектілері мен шаруашылық жүргізу субъектілерінің, жұмыс істейтіндердің салалық топтары мен кәсіпорынның ішкі ұжымдары арасындағы экономикалық қатынастарды анықтайды.

Коммуналдық меншік субъектісіне байланысты экономикалық қатынастар жүйесін біржақты құқықтық пайымдау жергілікті аумақтың құрылым кезеңдерін шешуде қолбайлау болуы, тіпті жергілікті басқару органдары тарапынан коммуналдық меншік обектілерін иемдену, пайдалану және иелік етуге байланысты билік жолсыздықтарына жол беруі мүмкін.

1. 2. Дамыған елдердегі муниципалды басқарудың әлемдік тәжірибесі

Жергілікті өкілетті және атқарушы органдарды қайта құруды ұйымдастыру ертеден көзделген, бірақ оны іске асыру тек біртіндеп қана емес, сонымен қоса құрылымдық жағдайына да басшылық жасау қажет.

Мемлекеттік және муниципалдық құрылымдағы өзін-өзі басқарудың даму тәжірибесінің әр алуандығы екі тұрақты концепцияға бағытталады. Олар тек түрлі тәжірибеге, салтқа, мәдениетке ғана емес, сонымен бірге құқықтық жүйеге де негізделген. Мәселен: АҚШ-та жергілікті өзін - өзі басқару штаттардың орталық органы мен федералдық органдарға қарсы салмақта тұру ретінде туындаған. Ұлыбританияда муниципалды билік дербес ішкі басқаруға артықшылықтарды беру ретінен туындаған.

Әлеуметтік құрылымның мұндай қалыптасуының негізінде, мемлекеттің жалпы билік жолына тосқауыл ретінде билікті орталықсыздандыру мен “персоноцентризм” (жеке индивид) ғұрыптары болды. Бұл ғұрыптар үлгілі құқыққа сүйенетін сот билігі тұлғасындағы сенімді қорғаушыны иемденді. Еуропаның өзін-өзі басқару моделі теріс салтта “жазылған” құқық жүйесіне сүйенетін мемлекет билігі тарапынан өзін-өзі басқаруға күшті әкімшілік қорғаушы жүргізілді.

Мәселелерді шешу ізденістері коғамды мемлекетке, жеке индивидке, толық әлеуметке (социоцентризм) қарсы қоюдан емес, әлеуметтік қатынастың «төменге» тереңдетілген: гуманистикалық бейімделу немесе тұлғаның функционалды - догматикалық концепциясы тұрады. Екі концепцияда қайта ұйымдастырудың генетикалық кодына тікелей қатысты (адам, тұлға мақсат ретінде және ол үшін құқық бар: адам-құқықпен жазылатын функция құралы) .

Гуманистикалық концепция келесі әлеуметтік бағытты қамтиды: адам табиғаттан өзін бөле отырып, әлеуметтік топты, қоғамды, қоршаған ортаны және өзін таниды. Ол білімін дамыта отырып өзін-өзі таниды және сол сияқты мүмкіндігіне ұмтылады.

Функционалды - догматикалық концепция берілген функцияны құжаттау құқығымен негізделеді, мәселен: басшы мен бағынышты қызметтері әкімшілік қызметтік жобалардағы тізімде шектелген жекелікке негізделген.

Гуманистік және функционалды - догматикалық тұлғалық концепциялардың бір-біріне қарсы келуі қоғам мен мемлекеттің өзара белгілі қызметтерін бейнелейді.

2. Жергілікті өзін-өзі басқарудың институционалдық белгілері «Жергілікті өзін-өзі басқарудың» Еуропалық Хартиясында бейнеленген. Ең алдымен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының құрылуы мен даму тәжірибесімен берілген құжат өзін - өзі басқару қажеттілігін мойындау ғана емес, сонымен бірге муниципалды биліктің Конституцияда бекітілу қажеттілігін көрсетеді.

Жергілікті өзін - өзі басқарудың құқықтық кепілдік өлшемі мыналар болуы тиіс:

а) Жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдық қиғаштығы, оның органдарының мемлекеттік басқару жүйесінде көрінуі;

б) Жергілікті өзін -өзі басқарудың органдарының өзіндік дербес экономикасы мен қаржысының болуы;

в) Жергілікті өзін - өзі басқарудың органдарының басқа да органдар мен ұйымдар арасында өзара құқықтық әрекеттестігі мен толық субъекті құқығының болуы (жеке бюджет пен меншікті басқару және оған билік ету, өзінің жеке шешім қабылдау құқығы және т. б. ) . Мысалы: Жапония Конституциясы туралы заңында (96-100) бап жергілікті қауым:

1) нормативтік актілерді қабылдайды;

2) жергілікті бюджетті нақтылайды;

3) жергілікті салықтарды, төлемдерді анықтайды;

4) шаруашылық келісімдерді жүргізеді;

5) муниципалды кәсіпорынды басқарудың принципті міндеттерін шешеді;

6) жергілікті атқарушы органдардың қызметіне тексеру жүргізеді.

г) жергілікті өзін - өзі басқару формаларының алуан түрлілігі, тарихи, аймақтық мәдени ғұрыптар мен экономикалық мүмкіндіктерін ескеретін органд жергілікті өзін - өзі басқару арының құзыретімен өлшенеді.

3. Адам мен азаматтың еркіндігі мен құқығының қамтамасыз етілуі және азаматтардың жергілікті өзін - өзі басқару органдарына жұмысқа тартылуы, өкілетті орган мүшелерін сайлау процесіне еркін қатысуы және өзін - өзі басқарудың атқарушы органына жергілікті қауым тарапынан бақылау формасын тікелей береді. Жергілікті өзін - өзі басқарудың табиғи ерекшелігі көптеген зертеушілердің көңілін өзіне аударуда. Мысалы: негізгі конституциялық және муниципалдық нормалардың сарапталуы келесі қорытындыға негізделеді, жергілікті қауым жергілікті публистикалық корпорация ретінде көрінеді, яғни азаматтар мен мемлекет арасын байланыстырушы звено болып көрінеді.

Бұл жағдай мемлекеттік билік органдарын тек азаматтардың сайлау құқығына емес, сонымен бірге жергілікті өзін - өзі басқару органдарының құрылуына жағдай жасауды да кепілдендіруге міндеттейді (Қазақстанда бұл кепілдіктер мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін - өзі басқару сайлау реттілігіне де қатысты теңдей кепілдік береді) .

Сонымен қоса, муниципалды тәжірибедегі белгілі жағдай, ол мемлекеттің жекелеген өкілеттігін қажетті қаржылық және басқа да құралдармен бірге жергілікті өзін - өзі басқаруға бөлініп берілумен белгілі.

Өкілеттіктердің бөлінуі екі формада жүргізілуі мүмкін:

1) бөліп беру - жергілікті өзін - өзі басқару органдарының міндеттері мен өкілеттіктерін реттеу әрекеті;

2) беру - мемлекеттік органдарына қатысты қандай да бір мәселелерді шешу құқығын жергілікті өзін - өзі басқару органдарына бір рет, белгілі бір мерзімге немесе мерзімсіз беруді жеткізу.

Сонымен мемлекеттік билік жергілікті қауымдағы өзін - өзі басқару билігін мойындайды және муниципалды құқық көзі ретінде Жарлықты (ережені) да мойындайды.

4. Жергілікті өзін - өзі басқару қолданыстағы заң шеңберінде еркін қызметті иемденеді. Жергілікті өзін - өзі басқару органдарының дербестікке негізделуі ең алдымен қолданыстағы заң шеңберінде қалалық және селолық өзін - өзі басқаруды енгізу әдісінің қызметімен айқындалады. Осы міндеттерді қарамас бұрын, белгіленген қызмет еркіндігін бөліп алайық:

- өзін - өзі басқару органдарын сайлау;

- халықтың жергілікті аса маңызды мәселелерді шешудегі орындалған істің нәтижесін сұрау инициативасы;

- халықтың құқықтық шығармашылық ынтасының қозғалысы;

- муниципалды округте тұрғылықты тұратын халықтың талабын құруға және орындауға қатысуы.

Жергілікті өзін - өзі басқарудың арқа сүйейтін және басшылыққа алатын заңы - Конституция мен басқа да заңдар, және де сол қауымның дайындап көпшілік талқысынан өткен Жарғы б. т. Жарғыны сол жердің тұрғындары тікелей қабылдайды немесе өкілдік орган - Кеңес бекітеді.

Жарғыда келесі ережелер мазмұндалып орындалады:

- жалпы ереже: қызметтің құқықтық негізі, мақсаттары мен міндеттері, жергілікті қауымның шекарасы және құрамы;

- жергілікті өзін - өзі басқару ұйымының құрылымы;

- ұйымдастыру тәртібі мен қызмет формасы;

- жергілікті өзін - өзі басқарудың экономикалық негізіне түсініктеме (мінездеме) ;

- жергілікті өзін - өзі басқарудың қаржылық негізіне мінездеме;

- жергілікті маңыздылыққа жатқызылатын объектілер;

- халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге қатысу жолдары мен тәртібі (мысалы: қандай мәселелерді талқылағанда референдум өткізілу керек?) ;

- жергілікті өзін - өзі басқару органдарының міндеттерін, сайланбалы қызмет атқаратын адамдардың тізімі және өкілеттігі, оларды тағайындау не сайлау тәртібін анықтау;

- жергілікті өзін - өзі басқару органдарының өкілдік мерзімі;

- жергілікті өзін - өзі басқару органдары қызметіне кепілдік;

- шекара маңындағы аймақтардағы органдары қызметерінің ерекше реттілігі және мемлекеттік билік органдарының әкімшілік бақылауының күшейтілу тәртібі;

- жергілікті өзін - өзі басқару органдары мен лауазымда қызметкерлердің жұмыстарын мерзімінен бұрын тоқтатылатын жағдайлар, тұрғындардың сол органдар мен қызметкерлерге сенімсіздік білдіру, сайланған адамдарды қайта шақырып алу тәртібі;

- жарлығына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу тәртібі.

Жарғы міндетті түрде, мемлекеттік тіркеуден өтеді және бір сөзбен айтқанда жергілікті жердің Конституциясы іспеттес қызметті атқарады.

Жергілікті өзін - өзі басқарудың органдары - иерархиялық жүйеде емес, жергілікті халықтың билік органдары. Осы себеппен әр аймақтың өзіндік ерекшеліктері сияқты жергілікті өзін - өзі басқару органдарының бөлінуі де орынды. Жергілікті өзін - өзі басқарудың дамуын қамтамасыз ету мақсатында тек бұл органның статусына қатысты ғана емес, сонымен берге мемлекеттік меншік объектілерін муниципалды ұйымдарға беру жағдайымен муниципалды органның қызмет тәртібін де реттейді

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет мемлекеттерде муниципалды қызметті жүргізу ерекшеліктері
Жергілікті мемлекеттік басқару органдары және олардың қаржы - экономикалық негіздері
Муниципалды меншікті басқарудың ғылыми теориялық негізі
Муниципалдық білімді басқару механизмі
Муниципалды басқару
Жергілікті өзін-өзі басқарудың шетелдік тәжірибесі
Территориялық басқару жүйесі
Муниципалды менеджмент басқарудың жаңа жүйесі
АҚШ-ТЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
Қазақстанның жергілікті басқару органдар жүйесін модернизациялаудың стратегиялық приориттері мен саяси механизмдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz