Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың теориялық негіздері
Мазмұны
Кіріспе 3
1. Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың теориялық негіздері 4
1.1 Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың түсінігі және оның пайда болу
негiздерi 4
1.2 Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару субъектiлерi мен объектілері 5
1.3 Сенiмгер басқарушының құқықтары мен мiндеттерi 6
2 Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартын жасау 8
2.1 Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартының мазмұны 8
2.2 Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартының тоқтатылуы 9
2.2 Қазақстан Республикасында коммуналдық мүлікті сенiмгерлiкпен басқаруға
беру тәртібі 10
Қорытынды 18
Қолданылған әдебиеттер тізімі 19
Қосымша әдебиеттер 19
Қосымша 20
Кіріспе
Біздің өз мемлекетімізді, оның органдарының құрылымы мен атқаратын
қызметтерін білу өзіміздің қандай мемлекетте тұратынымызды, ол мемлекет
өзінің алдына қандай мақсаттар мен міндеттер қоятынын, кімге қалай қызмет
ететінін айқын түсінуіміз үшін қажет. Ол үшін Республиканың зандарын оқып
үйрену қажет. Өйткені ол заңдарда азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен
міндеттері жарияланып қана қойған жоқ, сонымен бірге сол құқықтар мен
бостандықтарды қорғаудың, пайдаланудың жолдары мен тәсілдері де
көрсетілген.
Республикамыздың ең маңызды заңдарының бірі Азаматтық кодекс болып
табылады.Мемлекеттік қызметшінің сенім білдірілген басқаруға берілген
мүліктен, соның ішінде сыйақы, дивидендтер, ұтыстар, мүлікті жалға беруден
және басқа да заңды көздерден түскен табыс нысанында табыс алуға құқығы
бар.
Мемлекеттік қызметші өз мүлкін сенім білдірілген басқаруға беру
мәселесін толық қарастырайық.
Жоғарыда айтылғандай мемлекеттік қызметші (сенім білдірілген
басқарудың құрылтайшысы) қызметке кіргеннен кейін бір ай ішінде мемлекеттік
қызмет өткеру уақытына сенім білдірілген басқарушымен жазбаша шарт жасауға
міндетті.
Қозғалмайтын мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты, қозғалмайтын
мүлікті иеліктен айыру туралы шарт үшін көзделген нысан мен тәртіп бойынша
жасалады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 887 бабының 2
тармағы).
Коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлесті сенімгерлікпен
басқару шарты заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің электронды
және мемлекеттік бірыңғай тіркелімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу
үшін Әділет органдарына айлық мерзімде жіберілуге тиіс (ҚР АК 42 бабының 6

негiздерi
Сенімгерлік ағылшын тілінен trust - сенім, тапсырма дегенді
білдіреді. Олар:
1. сенімгерлік негізде басқаруға берілген мүлік (сенімгерлік меншік);
2. иеленушісіне мүлікті сенімгерлікпен басқару құқығын беретін құжат;
3. меншікті сенімгерлікпен басқару түсініктерін қамтиды.
Мүлікті меншіктенуші оны басқа тұлғаға (сенімгерлікпен басқарушыға)
табыстайды. Мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру меншік құқығының
сенімгерлікпен басқарушыға ауысуын туғызбайды және трастылық шартпен, яки
мүлікті сенімгерлікпен басқару шартымен рәсімделеді, бұл шарт бойынша бір
тарап (басқарудың құрылтайшысы) өзінің мүлкін сенімгерлікпен басқарушыға
сенімгерлікпен басқаруға береді, ол осы мүлікті басқару құрылтайшысының
немесе ол көрсеткен үшінші тұлғаны (бенецифиардың — пайда алушының)
пайдасына басқаруға міндеттенеді; тапсырыскерлердің мүдделері үшін банкінің
шаруашылық саласы мен басқа да қызмет салаларында қызмет көрсету жөніндегі
сенімгерлік операциялары. Банк ісінде "траст-операцияларды" әдетте
коммерциялық банкілер жүзеге асырады. Термин бірлестік, қор деген мағынада
да қолданылады.
Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруды белгiлеу кезiнде сенiмгер басқарушы,
егер шартта немесе заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, өзiнiң иеленуiне,
пайдалануына және билiк етуiне берiлген мүлiктi пайда алушының мүддесі үшін
өз атынан басқаруды жүзеге асыруға мiндеттенедi.
Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару:
мәмiле (атап айтқанда, шарт бойынша, өсиеттi орындаушы (сенімгерлікпен
басқарушы) тағайындалған өсиет бойынша);
сот шешiмдерi (банкроттық, әрекетке қабiлетсiз, хабар-ошарсыз кеткен
немесе қайтыс болды деп жарияланған азаматтың мүлкiне қорғаншылық
белгiлеген кезде және заң актiлерiнде көзделген басқа жағдайларда);
әкімшілік акт (кәмелетке толмаған, қайтыс болған адамның мүлкiне
қорғаншылық белгiлеген; кәсiпкер мемлекеттiк қызметке кiрген кезде және заң
актiлерiнде көзделген басқа жағдайларда) негiзiнде пайда болады
(белгiленедi).
Сенiмгерлiкпен басқару осы құқықтарды оның иесi үшiн жүзеге асыруды
бiлдiредi. Сенiмгерлiкпен басқару меншiк иесi үшiн оның құқықтарын, сондай-
ақ мүлiктiң осы түрiмен тығыз байланысты құқықтарды жүзеге асыруды
бiлдiретiн жағдайлар орын алуы мүмкiн (бұл мысалға, бағалы қағаздарды
сенiмгерлiкпен басқару кезiнде орын алатын болады).
Сенiмгерлiкпен басқарудың тағы бiр ерекшелiгi болып мүлiктi қолайлы
түрде басқаруды жүзеге асыру үшiн сенiмгер басқарушының бар күш-жiгерiн
салуы табылады. Бұл, сенiмгерлiкпен басқару негiзiнен құқық иеленушiсiнде
мүлiктi тиiмдi түрде пайдалану үшiн қажеттi дағдылар мен бiлiмдердiң жетiс-
пеушiлiгi немесе болмауының орнын толтыру мақсатында құрылатындығымен
түсiндiрiледi. Сенiмгерлiкпен басқару кезiнде жалпы алғанда қандай да бiр
iс-әрекеттердi жасауға нақты тапсырма болмайды. Меншiк иесi немесе өзгенiң
құқығын иеленушi сенiмгерлiкпен басқаруды құрудың жалпы мақсаттарын ғана
белгiлей алады. Дәл солар сенiмгер басқарушы үшiн белгiлi бiр сомада
басшылыққа алатын нұсқау болады.
1.2 Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару субъектiлерi мен объектілері
Меншiк иесi, сондай-ақ өзге де заттық құқық субъектiсi немесе мүлiктi
сенiмгерлiкпен басқаруға беруге уәкiлеттi құзыреттi орган құрылтайшы бола
алады.
Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, кез келген адам сенiмгер
басқарушы бола алады.
Сенiмгер басқарушы тек оның келiсiмiмен тағайындалуы мүмкiн.
Сенiмгер басқарушы болып табылмайтын кез келген адам, сондай-ақ
мемлекет немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс пайда алушы (мүддесi үшiн
мүлiктi басқару жүзеге асырылатын тұлға) бола алады.
Егер заң актiлерiнде немесе мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартында
өзгеше көзделмесе, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысы пайда алушы
болып табылады.
Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, ақшаны, бағалы қағаздарды және
мүлiктiк құқықтарды қоса алғанда, кез келген мүлiк сенiмгерлiкпен басқару
объектiсi бола алады.
Сенiп тапсырылған мүлiктi сенiмгер басқарушы өзiне меншiк (шаруашылық
жүргiзу, оралымды басқару) құқығымен тиесiлi мүлiктен бөлек есепке алуға
тиiс.
Өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру процесiнде сенiм бiлдiрiлген
басқарушы сатып алған және (немесе) алған мүлiк сенiп берiлген мүлiк
құрамына енгiзiледi.
Құрылтайшының сенiмгерлiкпен басқаруға берген мүлкiне оның борыштары
бойынша өндiрiп алуға жол берiлмейдi, тұлғаның дәрменсiздiгi (банкроттығы)
қосылмайды. Құрылтайшы банкрот болған жағдайда осы мүлiктi сенiмгерлiкпен
басқару тоқтатылады және ол конкурстық массаға енгiзiледi.
Кепiлге салынған мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруға беру кепiл ұстаушыны
осы мүлiктi өндiрiп алу құқығынан айырмайды.
1.3 Сенiмгер басқарушының құқықтары мен мiндеттерi
Сенiмгер басқарушының мүлiктi дұрыс басқару мақсатында сеніп
тапсырылған мүлікпен меншік иесі жасай алатын кез келген iс-әрекеттi
жүргiзуге құқығы бар.
Сенiп берілген мүлікке сенімгер басқарушының құқығы заң актiлерiмен,
шартпен немесе мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару пайда болғанда негiзге
алынған өзге де актiмен шектелуi мүмкiн.
Сенiмгер басқарушы қозғалмайтын мүлiктi иелiктен айыру мен кепiлге
салуды сенiмгерлiкпен басқаруды белгiлеу туралы актiде ол тiкелей
көрсетiлген жағдайда ғана жасауға құқылы.
Сенiмгер басқарушының мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару кезiнде өзi
жасаған қажеттi шығындарды құрылтайшының (пайда алушының) есебiнен, не
сенiп тапсырылған мүлiктiң есебiнен, не сенiп тапсырылған мүлiктi
пайдаланудан түскен кiрiстiң есебiнен өтетiп алуға құқығы бар.
Егер мүліктi сенiмгерлiкпен басқаруды белгiлеу туралы актiде көзделсе,
сенiмгер басқарушының сыйақы алуға құқығы бар.
Сенiмгер басқарушының басқа бiреудiң заңсыз иеленуiнен өзiне сенiп
тапсырылған мүлiктi қайтарып алуға, сондай-ақ оның басқару құқығын
бұзушылықты жоюды, бұл құқық бұзушылық иеленудi бұзумен байланысты болмаса
да, талап етуге құқығы бар.
Сенiмгер басқарушы құрылтайшыға және пайда алушыға, мүлiктi
сенiмгерлiкпен басқару шартында белгiленген мерзiм мен тәртiп бойынша өз
қызметi туралы есеп бередi. Құрылтайшының және (немесе) пайда алушының
талап етуi бойынша сенiмгер басқарушының қызметi туралы есеп өзге жағдайда
да дереу берiлуге тиiс.
Сенiмгер басқарушының өзi үшiн белгiленген шектеулердi бұза отырып
жасаған мәмiлесi, егер мұндай мәмiлеге қатысушы үшiншi тұлға ондай
шектеулердi бiлмесе және бiлуге тиiс болмаса, жарамды деп танылады. Бұл
жағдайда сенiмгер басқарушы құрылтайшы алдында шартқа және заң актiлерiне
сәйкес жауап бередi.
Сенiмгер басқарушы өзiне берiлген құқықты асыра пайдаланып немесе өзi
үшiн белгiленген шектеулерді бұзып жасаған мәмiле бойынша мiндеттеменi
сенiмгер басқарушы өз мүлкi есебiнен мойнына алады.
Сенiмгер басқарушы мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруды жеке өзi жүзеге
асырады.
Сенiмгер басқарушы өзiне сенiп берiлген мүлiктi басқару үшiн қажеттi
iс-әрекет жасауды, егер ол бұған мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруды құру
туралы актi арқылы уәкiлеттi болса, не бұған пайда алушының мүдделерiн
қамтамасыз етуге байланысты мән-жайлар себептi мәжбүр болса және бұл орайда
құрылтайшының нұсқауларын сұрауға мүмкiндiгi болмаса, басқа адамға тапсыра
алады. Бұл орайда сенiмгер басқарушы өзi таңдап алған сенiм бiлдiрiлушiнiң
iс-әрекеті үшiн өзi жасағандай жауап бередi.
Сенiмгер басқарушы сенiмнiң ауысуы туралы алғашқы мүмкiндiк туысымен
құрылтайшыға хабарлауға мiндеттi. Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе,
бұл жағдайда құрылтайшы сенiмгер басқарушыға бұрын жасалған шығындарын
өтеп, ал егер сенiмгерлiкпен басқару кәсiпкерлiк қызмет болса, шеккен
залалдарын да өтеп, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруды тоқтату туралы
мәлiмдеуге құқылы.
Мүлiктi тиiсiнше басқармаған жағдайда құрылтайшы немесе пайда алушы
сотқа сенiмгерлiкпен басқаруды тоқтату және залалдарды өтеу туралы талап
қоя алады. Бұл орайда мiндеттердi тиiсiнше орындау үшiн өзiне қатысты
барлық шараларды қолданғанын дәлелдей алмаса, сенiмгер басқарушы
мiндеттерiн тиiсiнше орындамағаны үшiн, кiнәлi деп саналады.
Сенiмгер басқарушы үшiншi тұлғалардың алдында мүлiктi басқаруда
тиiсiнше iс-әрекеттер жасамауы салдарынан келтiрiлген залалы үшiн өз
мүлкiмен субсидиарлы жауапты болады.
2 Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартын жасау
2.1 Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартының мазмұны
Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша бiр тарап (сенiмгерлiкпен
басқару құрылтайшысы) екiншi тарапқа (сенiмгер басқарушыға) мүлiктi
сенiмгерлiкпен басқаруға бередi, ал екiншi тарап құрылтайшы атаған тұлғаның
(пайда алушының) мүдделерi үшiн осы мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға
мiндеттенедi.
Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде немесе көрсетiлген
шартта өзгеше белгiленбесе, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартының
қолданылу кезеңiнде сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысы сенiмгерлiкпен
басқарылатын мүлiкке қатысты қандай да болсын iс-әрекеттердi жүзеге асыруға
құқылы емес.
Сенiмгерлiкпен басқару шартында:
1) мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартының нысанасы және мерзiмi;
2) сенiмгерлiкпен басқаруға берiлетiн мүлiктiң құрамы;
3) пайда алушы туралы нұсқау;
4) сенiмгер басқарушының есеп беру мерзiмдерi мен нысаны;
5) мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты тоқтатылған жағдайда сенiп
тапсырылған мүліктi алатын адамды көрсету көзделуге тиiс.
Шарттардың жекелеген түрлерi үшiн заң актiлерiнде өзге де елеулi
талаптар көзделуi мүмкін.
Шартта басқа талаптар да, оның iшiнде басқарушыға берiлетiн сыйақының
мөлшерi мен нысандары көзделуi мүмкiн.
Шартта үшiншi тұлғалардың сенiмгерлiкпен басқаруға берiлген мүлiкке
құқығы көрсетiлуге тиiс.
Егер заң актiлерiнен немесе пайда болған қатынастар мәнiнен өзгеше
туындамаса, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты туралы нормалар мүлiктi
сенімгерлiкпен басқаруды белгiлеудiң өзге де негiздерi бойынша пайда
болатын қатынастарға қолданылады.
Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартының нысаны
Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты жазбаша нысанда жасалады.
Қозғалмайтын мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты, қозғалмайтын
мүлiктi иелiктен айыру туралы шарт үшiн көзделген нысан мен тәртiп бойынша
жасалады.
Шарт нысанын сақтамау немесе қозғалмайтын мүлiкке арналған шарттың
тiркелiмiнiң болмауы оның жарамсыздығына әкеп соғады.
2.2 Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартының тоқтатылуы
Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты мiндеттемелердi тоқтатудың жалпы
негiздерiмен қатар:
1) сенiмгер басқарушы-азамат қайтыс болғанда, оны өлдi деп
жарияланғанда, оны әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi,
хабар-ошарсыз кеткен деп танығанда; заңды тұлға-сенiмгер басқарушы
таратылғанда;
2) сенiм бiлдiрiлген мүлiктi басқаруды жеке жүзеге асыру
сенiмгерлiкпен басқарушы үшiн мүмкiн болмауына байланысты сенiмгер
басқарушы немесе құрылтайшы бас тартқанда;
3) сенiмгер басқарушыға залалдар және шартта көзделсе, сыйақы төленген
жағдайда құрылтайшы шартты орындаудан бас тартқанда;
4) егер шартта көзделсе, кепiл ауыртпалығымен берiлген мүлiктi сыйақы
бере отырып басқаруға беру туралы сенiмгер басқарушыға хабарланбаған
жағдайға орай ол бас тартқанда тоқтатылады.
Сенiп тапсырылған мүлiкке меншiк құқығының ауысуы мүлiктi
сенiмгерлiкпен басқаруды тоқтатпайды.
Сенiмгерлiкпен басқару шарты тоқтатылған кезде сенiп тапсырылған мүлiк
шартта көрсетiлген тұлғаға сенiмгерлiкпен басқаруға берiледi.
Құрылтайшы банкрот болған кезде мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару
тоқтатылады және сенiп тапсырылған мүлiк конкурстық массаға берiледi.
Жеке адам-құрылтайшы қайтыс болған жағдайда сеніп тапсырылған мүлiк
мұрагерлiк массасына келiп түседi.
Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзге мерзiм көзделмесе, тараптардың
бiрiнiң бастамашылығы бойынша шарт тоқтатылған кезде екiншi тарап кемiнде
үш ай бұрын хабардар етiлуi тиiс.
Сенiмгер басқарушының сенiмгерлiкпен басқаруға берiлген және (немесе)
сенiп тапсырылған мүлiктiң есебiнен не сенiп тапсырылған мүлiктi
пайдаланудан түскен кiрiстiң есебiнен сатып алынған акциялармен және өзге
де бағалы қағаздармен операциялар жасауды жүзеге асыруға құқығы бар.
Эмиссиялық бағалы қағаздарды сенiмгерлiкпен басқарушы туралы
мәлiметтер бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы Қазақстан
Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ашқан сенiмгерлiкпен
басқару құрылтайшысының шоты бойынша көрсетiлуге жатады.
Егер мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруды құру туралы актiде өзгеше
көзделмесе, сенiмдер басқарушы өзiне сенiп тапсырылған акцияларды (акцияны)
басқару кезiнде:
1) акционерлік қоғамды басқаруға қатысады;
2) акцияларға тиесілі дивидендтер алады және оларды пайда алушыға
бередi;
3) акционерлiк қоғам таратылған жағдайда акцияға тиесiлi мүлiктi алады
және оны шартқа сәйкес пайда алушыға немесе құрылтайшыға бередi;
4) акцияларды иелiктен айыруды және кепiлдiктi қоса алғанда, олармен
өзге де операцияларды жүзеге асырады.
4. Бағалы қағаздарды сенiмгерлiкпен басқарудың ерекшелiгi Қазақстан
Республикасының заңдарымен белгiленедi.
Инвестициялық коммерциялық ұйымға тиесiлi бағалы қағаздарды
сенiмгерлiкпен басқару инвестициялық коммерциялық ұйымдар туралы заң
актiлерiнде көзделген шарттар мен тәртiпте жасалады.
Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сенімгерлікпен басқару, егер заң
актiлерiнде өзгеше көзделмесе, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруды құру туралы
актiде көзделген шарттар мен тәртiпте жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк қызметшiнiң кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланылатын мүлкi
заң актiлерiнде көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша сенiмгерлiкпен
басқаруға берiлуге тиiс.
2.2 Қазақстан Республикасында коммуналдық мүлікті сенiмгерлiкпен
басқаруға беру тәртібі
Коммуналдық меншік объектілерін кейіннен сатып алу құқығымен
(құқығынсыз) сенімгерлікпен басқаруға табыстау қағидалары (бұдан әрі-
Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV
Мемлекеттік мүлік туралы Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес жасақталған және коммуналдық
меншік объектілерін (бұдан әрі - Объект) кейіннен сатып алу құқығымен
(құқығынсыз) сенімгерлікпен басқаруға табыстау, оның ішінде тендер өткізу,
сенімгерлікпен басқарушылармен келісім-шарт жасасу және олармен шарттардың
орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
Объектіні жай сенімгерлікпен басқаруға табыстау тендер өткізбей
немесе тендер өткізумен жүзеге асырылады.
Кейіннен сатып алу құқығымен Объектіні сенімгерлікпен басқаруды
құрған жағдайда тендер өткізу міндетті болып табылады.
Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлікпен
басқаруға (тендер өткізбей немесе тендер өткізумен) табыстау туралы шешім
облыстық коммуналдық меншік бойынша – облыс әкімдігімен; аудандық
коммуналдық меншік бойынша - Атырау қаласы және аудандардың әкімдіктерімен
(сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы) қабылданады.
Сенімгерлікпен басқарушының Объектіні сатып алу шарты сенімгерлікпен
басқарудың келісім шартымен белгіленеді. Келісім-шартта қандай мерзімде
және қандай міндеттемелерді орындағанда Объекті сенімгерлікпен басқарушының
меншігіне ауысатыны қарастырылады.
Сенімгерлікпен басқарушы келісім-шарт шарттарын тиісінше орындаған
жағдайда ғана оған Объектіні сатуға рұқсат беріледі.
Сенімгерлікпен басқару құрылған жағдайда уәкілетті орган:
- Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқаруға
және жай сенімгерлікпен басқаруға беру жөнінде тердерді ұйымдастырады;
- кепілдік жарналарды қабылдайды;
- Қазақстан Республикасының бағалау қызметі жөнінде заңнамасына
сәйкес Объектіні бағалау бойынша қызмет көрсетуге келісім-шарт жасасады;
- сенімгерлікпен басқарушымен келісім-шарт жасасады.
Объектіні сенімгерлікпен басқаруға табыстаудың шарттары болып
келесіге қатысты сенімгерлікпен басқарушының міндеттері бола алады:
- объектіні инвестициялаудың көлеміне, түріне және мерзіміне;
- өндіріс көлеміне, көрсетілетін қызметтің немесе шығарылатын өнімнің
түрі мен номенклатурасына;
- баға белгілеуге, оның ішінде бағалардың шекті деңгейі бойынша
шектеулерге;
- табиғатты қорғау іс-шараларын жүргізуге;
- бар жұмыс орындарының мөлшерін сақтауға немесе жаңасын құруға;
- өндірістік және әлеуметтік инфраструктура объектілерін пайдалану
тәртібіне;
- кәсіпорынның негізгі қызмет түрін сақтауға;
- кәсіпорынның қаржылық сауықтыру бағдарламасының болуына, оның
ішінде:
пайданы көбейту мақсатында қаржылық көрсеткіштерді жақсарту бойынша
ұсыныстардың;
тиімді шаруашылық қызмет жүргізу мақсатында өндіріс құрылымын,
технико-технологиялық базасын жаңғырту бойынша ұсыныстардың;
маркетингілік қызметті ұйымдастыру бойынша ұсыныстардың;
аса пайдалы шарттарымен қажетті қаражатты тартумен кәсіпорынды
қаржылық тұрақтандырудың (сауықтыру) қолданыстағы механизмдар бойынша
ұсыныстардың;
бағдарламаны іске асыру мерзімінің;
9) белгіленген мерзімде Объект бойынша берешекті өтеуге;
10) мәміле жасасуға жәненемесе белгіленген мерзім ішінде Объектіге
қатысты белгілі іс-әрекеттерге тыйым салуға.
Объектінің ерекшелігін есепке алғанда, сенімгерлікпен басқаруға
табыстаудың қосымша шарттары белгіленуі мүмкін.
Тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін облыс, қала және аудандар
әкімдерімен тендерлік комиссия құрылады, құрамына Уәкілетті органның,
әділет органдарының және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың,
ұйымдардың өкілдері кіреді. Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 адамнан
құралуы тиіс. Комиссияның төрағасы сәйкесінше облыс, қала және аудандар
әкімінің орынбасарлары болып табылады.
Тендерлік комиссияның ұйымдастыру қызметін тендерлік комиссиясының
хатшысы қамтамасыз етеді. Тендерлік комиссияның хатшысы тендерлік
комиссияның мүшесі бола алмайды және тендерлік комиссия шешімін қабылдау
кезінде дауыс беруге құқығы жоқ.
Тендерлік комиссия келесідей функцияларды жүзеге асырады:
- тендерді өткізеді;
- Объектінің бастапқы құнын бекітеді;
- кепілдік жарнаның мөлшерін анықтайды;
- Объектіні сенімгерлікпен басқаруға табыстау шарттарын анықтайды;
- Объект қандай мерзімде және қандай шарттарды орындаған жағдайда
сенімгерлікпен басқарушының меншігіне берілетінін анықтайды;
- тендердің жеңімпазын жариялайды.
Тендерлік комиссияның хатшысы тендерді ұйымдастыру үшін қажетті
құжаттарды дайындайды және тендерлік комиссияның хаттамасын ресімдейді.
Объектіні сенімгерлікпен басқаруға табыстауға дайындауды уәкілетті
орган жүзеге асырады.
Дайындық барысында уәкілетті орган:
- кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде
Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес
Объектінің құнын бағалауды жүргізеді;
- әлеуетті тендерге қатысушының немесе тұлғаның қағиданың
35-тармағында көрсетілген талабы бойынша объектінің жүктемелері
туралы, сондай-ақ, кредиторлық және дебиторлық берешектері, табысталатын
Объектіге қатысты жасалған келісім-шарттар туралы ақпаратты дайындайды және
ұсынады.
Тендер өткізуге дайындық жасауда уәкілетті орган объект туралы ақпарат
жинауды, ақпаратық хабарламаны уақтылы жариялауды өтінімдерді қабылдау мен
тіркеуді жүргізеді, түскен материалдарды тендерлік комиссияның қарауына
береді.
Тендер өткізілетіндігі туралы хабарлама ол өткізілуге дейін кемінде
күнтізбелік 15 күн бұрын, ал бағалы қағаздарды, мүліктік құқықты (жарғылық
капиталдағы мемлекеттің қатысу үлестері) табыстау бойынша – тендер
өткізілуге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей, уәкілетті органмен
жасалу керек. Хабарлама Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу
туралы Заңына сәйкес сатушының конкурс өткізу жолымен белгіленген
кезеңдік баспасөзде және тиісті әкімдігінің интернет-ресурсында қазақ және
орыс тілдерінде жариялану керек. Хабарламада Объекті жөнінде, тендер өтетін
уақыты, орны және өткізілу тәртібі, оның ішінде тендерге қатысуды ресімдеу,
тендер жеңімпаз тұлғаны анықтау шарты, сондай-ақ бастапқы бағасы және
кепілдік жарна мөлшері жөніндегі мәліметтер болуы тиіс.
Уәкілетті орган тендер шарттарын өзгерткен жағдайда барлық өзгерістер
туралы хабарлауды жасауы тиіс.
Тендер шарттарының өзгеруі туралы хабарлама жарияланғанға дейін
тендерге қатысуға өтінім берген және осыған байланысты тендерге қатысудан
бас тартқан тұлғалар кепілдік жарнасының және өздеріне келтірілген
шығыстардың қайтарылуын талап етуге құқылы.
Мүлігі сенімгерлікпен басқарудың Объектісі болып табылатын әр заңды
тұлға бойынша хабарлама жарияланғанға дейін уәкілетті органмен келесі
құжаттардың көшірмелерінен тұратын құжаттар пакеті дайындалады:
- жарғы;
- акционерлік қоғамдар үшін – акциялар шығару анықтамалығының
тіркелгендігі жөнінде куәлік;
- есепті кезеңнің алдыңғы жылының жалғамаларымен бірге бухгалтерлік
теңгерімдері;
- статистикалық кәртішкесі;
- заңды тұлғаның тіркелгендігі туралы куәлігі;
- мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың мемлекеттік
кәсіпорындармен және мекемелердің, тізілімінен үзінді көшірме.
Тендерге қатысушылар кепілдік жарнаны тендерді өткізу жөнінде
хабарламада көрсетілген көлемде, мерзімде және тәртіпте төлейді. Кепілдік
жарнаның мөлшері хабарлама жарияланғаннан кейін өзгертілмейді. Кепілдік
жарна қатысушының атынан кез келген басқа жеке немесе заңды тұлғамен
төленуі мүмкін. Кепілдік жарнаның алушысы уәкілетті орган болып табылады.
Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқаруға
табыстау жағдайында тендерге қатысу үшін кепілдік жарна Объектінің
бастапқы құнының 15 пайызына дейінгі шекте белгіленеді.
Объектіні жай сенімгерлікпен басқаруға табыстау жағдайында тендерге
қатысу үшін кепілдік жарна белгіленбейді.
Кепілдік жарна қатысушының келесідей міндеттемелерінің қамтамасыз
етілуі болып табылады:
- жеңген жағдайда тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдың;
- уәкілетті органмен келісім-шарт жасасудың.
Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттарды ұсыну
қажет:
1) тендерге Қатысушының егер, ол жеңімпаз деп жарияланған жағдайда
хабарламада белгіленген және өзінің ұсынған шарттарымен келісім-шартын
жасасудың жазбаша міндеттемесін қамтитын қосымшаға сәйкес нысандағы
тендерге қатысу өтінімін;
2) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz