Ақша капиталының айналымы


Нарық жағдайында кәсіпорын капиталын басқару мен реттеуді жетілдіру
КІРІПЕ . . . 4
1 ТАРАУ КӘСІПОРЫН КАПИТАЛЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ОРНАЛАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 7
- Кәсіпорынның мүлкі және капитал . . . 7
- Ақша капиталын қалыптастыру көздері мен ұғымы . . . 13
- Құнды қағаздар нарығының қалыптасуы, қызметі және инвестициялар . . . 18
2 ТАРАУ КӘСІПОРЫН КАПИТАЛЫН ОРНАЛАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ . . . 21
2. 1 Меншікті капиталдың есебі . . . 21
2. 2 Бағалы қағаздар және оның айналу мәселелері . . . 29
3 ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КАПИТАЛДЫ ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . 40
3. 1 Республикаға шетел инвестицияларын тарту . . . 40
3. 2 Капиталды шетке шығару және оның қазіргі кездегі ерекшеліктері . . . 44
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 51
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 53
КІРІСПЕ
Жұмысқа жалпы сипаттама . Дипломдық жұмыс Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарда капиталдың қалыптасуы мен орналасуы, капитал туралы түсінік, меншікті капитал, резервтік капитал, жарғылық капитал, бағалы қағаздар және инвестицияны тарту және капиталды шетке шығаруды жетілдіру жолдарын зерттеуді анықтауға арналған.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделіп айтылады, зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері, жұмыстың маңыздылығы айтылады.
Бірінші бөлімде “Кәсіпорын капиталының қалыптасуы мен орналасуының теориялық негіздері”, Кәсіпорынның мүлкі және капитал, ақша капиталын қалыптастыру көздері мен ұғымы, құнды қағаздар нарығының қалыптасуы, қызметі және инвестициялар туралы сипатталады.
Екінші бөлімде “Кәсіпорын капиталын орналастыруды талдау”, меншікті капитал есебі, бағалы қағаздар және оның айналу мәселелері жөнінде қарастырылады.
Үшінші бөлімде “Қазақстан Республикасында капиталды орналастырудың жетілдіру жолдары”, Республикаға шетел инвестицияларын тарту, капиталды шетке шығару және оның қазіргі кездегі ерекшеліктерінің мәні ашылады.
Қорытындыда дипломдық жұмысты зерттеу барысындағы нәтижелер берілген.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңындағы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Қазақстан әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қарай қадам басуы жолындағы негізгі басымдықтарын ұсынған. Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі - елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі. Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те, өйткені олар біздің жаһандық экономикаға кірігуімізге жәрдемдеседі әрі сол арқылы біздің қолайлы экономикалық-географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарымызға сүйенеді. Үкімет ұлттық тауар мен қызмет көрсетудің бәсекеге қабілеттілігін қолдауға бағытталған нақты бағдарламаларын қабылдауы қажет. Кәсіпорын және сол кәсіпорындағы қызметтерді жүргізуде сақталынатын заңдылықтар және қызметтердің нәтижесі туралы ақпараттар мемлекетке салық салу және экономика саласында шешімдер қабылдау үшін қажет. Ақпараттардың сақталуы нарықтағы капиталдың тиімді жұмыс жасауын жоғарылатады, сондай-ақ экономикалық шешімдер қабылдауға көмектеседі және баға береді.
Меншікті капитал шаруашылық қызметке қажет материалдық құндылықтардың, ақшалай қаражаттардың, қаржылық салымдар мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсалған шығындардың және алажақтардың ақшалай жиынтығы.
Шаруашылық субъектісі алғаш құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасының заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол субъект құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде акционерлік қоғамға қосқан үлестерінен құралады.
Кейінгі уақыттарда субъектінің капиталы өзінің қызметі барысында тапқан таза табысы және сондай-ақ басқа көздерден, тегін түскен мүліктермен, ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Негізгі капитал - бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қорлардың ақшалай бағалануы. Осыған байланысты қорлар өзінің құндылығын өндіретін өнімге жартылай апарады. Қолданылып жүрген топтастыруға сай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді. Біріншіге жататындар - өндірістің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының, автомобиль көлігінің, байланыстың, сауданың және басқа да материалдық өндіріс түрлерінің негізгі қорлары. Өндірістік емес негізгі қорлар - тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, денсаулық, мәдениет, спорт салаларына арналған.
Натуралды - заттық құрама принципінде негізгі қорлар мыналардан тұрады: ғимараттар, құрылыстар, табыстау қондырғылары, жұмыс және күш машиналары мен жабдықтар, өндірістік шаруашылық құрал-саймандар, жұмыс және өнімді мал, көпжылдық егістер, шаруашылықтың ішкі жолдары, сол сияқты кәсіпорындардың, мекемелердің меншігіндегі жер телімдері.
Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активтік және пассивтік болып бөлінеді. Актив бөлігі (машиналар, жабдықтар) тікелей өндіріске, өнімнің мөлшері мен сапасына (қызмет) ықпал етеді. Пассивтік элементтер (ғимарат, құрылыс) өндірістік процестер үшін қажетті жағдай жасайды. Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналымын жасайды. Ол мынадай сатылардан тұрады: негізгі қорлардың тозуы, амортизация, негізгі қорларды толық қалпына келтіру үшін қаражаттың қорлануы, оларды күрделі қаржы жұмсау арқылы ауыстыру. Субъектінің мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Шаруашылық субъектісі меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:
- жарғылық капитал;
- резервтік капитал;
- бөлінбеген пайда.
Шаруашылық субъектілері өздерінің меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, аванстар және кредиторлық борыштар жатқызылады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты кәсіпорындағы капиталдың қалыптасуы мен орналасуын қарастыру болып табылады. Осы мақсатқа байланысты мынадай міндеттер қойылды:
- Кәсіпорынның мүлкі және капитал
- Ақша капиталын қалыптастыру көздері мен ұғымы
- Құнды қағаздар нарығының қалыптасуы, қызметі және инвестициялар.
- Меншікті капитал есебі
- Бағалы қағаздар және оның айналу мәселелері
- Республикаға шетел инвестицияларын тарту
- Капиталды шетке шығару және оның қазіргі кездегі ерекшеліктері
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні мен объектісі. Зерттеу пәні - кәсіпорындағы капиталдың қалыптасуының шаруашылық іс-әрекеті. Зерттеу объектісі - меншікті капитал есебі.
Зерттеудің теориялық-методологиялық негізі - отандық, шетелдік экономисттердің еңбектері мен инновациялық зертеулері. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, ҚР-ның салық кодексы, К. Маркстің, А. Маршалдың, К. Менгердің, Макконельдің еңбектері, анықтамалары, соның ішінде Кеулімжанов Қ. К, Әжібаева З. Н, Ержаноа Н. С, Торшаева Ш. М, Бауыржанов Қ, Родостовец деген авторлардың әдебиеттері.
1 ТАРАУ КӘСІПОРЫН КАПИТАЛЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ОРНАЛАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Кәсіпорынның мүлкі және капитал
Негізгі қордың мәні, оның құрамы. Негізгі капитал - бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қорлардың ақшалай бағалануы. Осыған байланысты қорлар өзінің құндылығын өндіретін өнімге жартылай апарады. Қолданылып жүрген топтастыруға сай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді. Біріншіге жататындар - өндірістің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының, автомобиль көлігінің, байланыстың, сауданың және басқа да материалдық өндіріс түрлерінің негізгі қорлары. Өндірістік емес негізгі қорлар - тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, денсаулық, мәдениет, спорт салаларына арналған. [1]
Натуралды - заттық құрама принципінде негізгі қорлар мыналардан тұрады: ғимараттар, құрылыстар, табыстау қондырғылары, жұмыс және күш машиналары мен жабдықтар, өндірістік шаруашылық құрал-саймандар, жұмыс және өнімді мал, көпжылдық егістер, шаруашылықтың ішкі жолдары, сол сияқты кәсіпорындардың, мекемелердің меншігіндегі жер телімдері.
Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активтік және пассивтік болып бөлінеді. Актив бөлігі (машиналар, жабдықтар) тікелей өндіріске, өнімнің мөлшері мен сапасына (қызмет) ықпал етеді. Пассивтік элементтер (ғимарат, құрылыс) өндірістік процестер үшін қажетті жағдай жасайды. Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналымын жасайды. Ол мынадай сатылардан тұрады: негізгі қорлардың тозуы, амортизация, негізгі қорларды толық қалпына келтіру үшін қаражаттың қорлануы, оларды күрделі қаржы жұмсау арқылы ауыстыру. Негізгі қорлардың кез-келген объектілері табиғи және сапалық тозуға ұшырайды, яғни адам күшімен, техникалық және экономикалық факторлардың ықпалы арқылы олар өзіндік ерекшелігін, үлгісін бірте-бірте жояды, жарамсыздыққа әкеледі, сөйтіп алдағы кезде өз бернелерін орындауға мүмкіндіктері болмайды. Табиғи тозу жөндеу, қайта құру және негізгі қорларды жаңғырту арқылы ішінара қалпына келеді. Сапалық тозуы ескірген негізгі қорлар өзінің конструкциялық, өнімділік, үнемділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоятынын білдіреді. Сондықтан негізгі қорларды әсіресе, олардың активтік бөлігінен дүркін-дүркін ауыстырып отырудың қажеттілігі туады . . . Осыған байланысты қазіргі экономикада айырбастаудың анықтаушылық қажеттіліктің басты факторы - сапалық тозу болып табылады. Кәсіпорынның негізгі міндеті болып саналатыны ол негізгі өндірістік қордың шамадан тыс ескіріп қалмауына жл бермеу себебі, олардың жеке және сапалық тозуының деңгейі және кәсіпорынның жұмысының нәтижесі осыған байланысты болады. [11]
Кәсіпорынның айналым капиталымен қамтамасыз етілуі.
Кәсіпорындардың іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт - қолда бар айналым қаражаттарының болуы. Айналым қаражаттары- бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым қаражаттарының мәні - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.
Айналым қаражаттарының құрылымы деп барлық жиынтығындығы олардың бөлек элементтерінің ара қатынасын атайды. Кәсіпорындағы айналым қаражаттарының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып саналады, себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезеті сипаттайды. Мысалы, дебиторлық берешек үлесінің шамадан тыс артуы, қоймадағы дайын өнімдер, аяқталмаған өндіріс, кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлағанын білдіреді. Дебиторлық берешек осы кәсіпорындағы айналымынан оқшауландырылған қаражаты және оларды дебиторлық пайдалануын, өзінің айналымындағы борышкерлерді сипаттайды. Аяқталмаған өндіріс үлесінің артуы, қоймадағы дайын өнімдер айналымындағы айналым қаражатының оқшауланғанын, сату мөлшерінің, сонымен бірге пайданың да азаюын көрсетеді. Сондықтан да кәсіпорындарда айналым қаражатының құрылымын оңтайландыру және олардың айналымын арттыру басты мақсатқа айналғаны жөн. Кәсіпорындарда айналым қаражатының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп те отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды еткізу жағдайына және т. б. байланысты болады.
Түрлі салаларда айналым қорларының үлес салмағы кәсіпорындардың өндіріс қорларының құрамында әртүрлі. Мысалы, ауыр өндіріс кәсіпорындарында жеңіл өндіріс кәсіпорындарына қарағанда ол төмен. Кәсіпорындарда айналым қаржыларын ұйымдастыру мыналардан тұрады: айналым қаржыларының қажеттілігін анықтау және олардың құрамы мен құрылымын,
Волков Н. Г. Учет капиталов и фондов организации // Бухгалтерский учет. - 1996. - № 10.
Әубәкіров Я., Нәрібаев К. «Экономикалық теория негіздері» // Алматы, «Санат», 1998 ж.
қалыптастырудың көздерін табу және оларды реттеу, айналым қаражаттарын басқару және т. б. [3]
Өндіріс тиімділігін арттырудың елеулі резервтері құрамына шикізат пен негізгі материалдар, тез тозатын аспаптар және басқа да еңбек заттары кіретін айналым қорларын орынды пайдаланудың есебінен өндіріс шығындарын одан әрі төмендетуден табылады.
Өндірістің нәтижелілігін арттыру жөніндегі шараларды белгілеген кезде кәсіпорындардың өндіріс процесінің маңызды заттық элементі болып табылатын өндірістік айналым қорларын тиімді пайдалануға кәсіпорын ұжымдарының айрықша назар аударғаны жөн. [2]
Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігі, амортизациялық аударым жарнасы .
Кәсіпорындарда негізгі қорларды тиімді пайдалануды сипаттайтын басты көрсеткіш- қор қайтарымы болып табылады. Қор қайтарымы-ның көрсеткіші мына формуламен есептеледі: Ққ=v/қ, мұнда V-жыл ішінде өндірілген өнімнің құны, заттай немесе құн есебімен, Қ-негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны. Бұл формула негізгі өндірістік қорды пайдалану деңгейін егжей-тегжей талдау үшін пайдаланылады. Ол өндірім мен еңбек қордың жарақтанғандығының арасындағы өзара байланысты көрсетеді. Егер де еңбек қор жарақтанғанға қарағанда өндірімнің қарқыны өте жоғары өсетін болса, бұл өте оңды нұсқа болып есептеледі, өйткені, осы жағдайда ғана өндірістің тиімділігі ең жоғары дәрежеге жетеді. Қор қайтарымының қарсы көрсеткіші- өнімнің қор сыйымдылығы (қ) . Бұл өнімнің өлшеміне шаққандағы негізгі қордың құнын сипаттайды (теңге) .
Қор қайтарымы көрсеткішінің артуы және өнімнің қор сыйымдылығының төмендеуі негізгі қорларды пайдалануды жақсартатынын немесе керісінше көрсетеді.
Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін олардың жүктеме деңгейлерін, әсіресе олардың активтік бөлігін арттыру, қорларды жаңарту, үдемелі жабдықтарды қазіргі технологияны, билікті қызметкерлерді пайдалану қажет. Негізгі өндірістік қордың нәтижелілігін арттырудың аса маңызды факторларының бірі- жабдықтардың пайдалануын жақсарту. Ол үшін олардың жұмыссыз тұрып қалуын азайту, ауыстыру коэфициентін көбейту жолымен қол жетеді. [5]
Негізгі қорладың табиғи және сапалық тозу олардың құнының экономикалық орнын толтыру амортизациялық аударым түрінде өнім өндіруге кеткен шығындарға қосылады. Сонымен, амортизация- бұл шығарылатын өнімге негізгі өндірістік қор құнының бірте-бірте ауысуы. Ол ақшалай қаражаттың қорлану мақсатында негізгі қорлардың толық және ішінара қалпына келтіру үшін іске асырылады. Нарықтық қатынастар жағдайында амортизациялық аударымның мөлшері кәсіпорынның экономикасына елеулі қосылысын білдіреді. Бірінші жағынан, амортизациялық аударымның тым жоғарғы деңгейі өндіріс шығындарының мөлшерін көбейтеді, осыған орай өнімнің бәсекеге жарамдылығы төмендейді, алатын пайдасының мөлшеріде азаяды. Сол себепті кәсіпорынның экономикалық дамуының ауқымды деңгейі қысқарады.
Екінші жағынан, амортизациялық аударымның кемітілген үлесі негізгі қорды сатып алуға құралған қаржының айналым мерзімін ұзартады, ал бұл олардың ескіріп қалуына әкеп соғады. Міне, осының салдарынан бәсекеге жарамдылығы төмендеп, өздерінің рыноктағы жайғасымы ысырап болады. Амортизациялық аударымды өтелім мөлшеріне және өзінің балансында тұрған негізгі құрал- жабдықтардың баланстық құнына сәйкес кәсіпорын ай сайын жасап отырады. Өтелім мөлшері мемлекет белгілеген негізгі қорлардың құнын өтеудің жылдық проценті болып табылады және өтелім мөлшерінің жылдық сомасыын анықтайды. Басқаша айтқанда, өтелім мөлшері - бұл жылдық амортизациялық аударымның негізгі өндірістік қорлардың құнына процент есебіндегі қатынасы.
Амортизациялық аударымның мөлшері олардың қызмет мерзімін есепке алғанда бастапқы (баланстық) негізгі қорлардың құны амортизацияның мөлшерімен анықталады.
Айналым қаражаттарын қалыптастыру көздері. Әуелі кәсіпорын құрылғанда айналым қаражаттары жарғылық қордың бір бөлігі
ретінде қалыптасты. Олар тауарлық өнімдерді өндіруге байланысты
өндірістік қосалқы қорларды сатып сатып алу үшін жұмсалады. Дайын өнім қоймаға түседі, содан соң тұтынушыларға жіберіледі. Оның төлеуге дейінгі мезетінде өндіруші ақша қаражаты мұқтажынан жоқшылық көреді. Мұқтаждың бұл деңгей салынған қаражаттың көлеміне ғана емес, сонымен бірге алдағы есеп айырысудың мөлшеріне де байланысты, ол жыл ішінде түрлі себептермен тұрақсызданады. Сондықтан да кәсіпорын айналым қаражатын қалыптастыруда басқа да қиындық көздеріне ұшырайды - орнықты пассивтер, несиегерлік берешек, банк несиесі және басқа да несиегерлер. Өндірістік бағдарламаның өсу мүмкіндігіне байланысты айналым қаражатына мұқтаждық артады, осыған орай, қаражатының өсуіне тиісті қаржыландыруды қажет етеді. Бұл жағдайда оларды толықтыру көзі кәсіпорынның таза пайдасы болып саналады.
Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын орнықты пассивтерді пайдаланады. Олар жеке көздеріне теңестіріледі, себебі, кәсіпорынның айналымында түпкілікті болып, оның іс-әрекетін қаржыландыру үшін қолданылады, бірақ оған жатпайды. [21]
Орнықты пассивке жататындар:
-жалақы жөнінде ең аз ауыспалы берешек және әлеуметтік сақтандыруға, зейнетақы қорына, медицина сақтандыруына, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударым жарнасыны:
-ақы төлеудің мерзім ішіндегі келіп түспегендегі фактурасы жоқ жеткізущінің және акцептелген (осы) есеп айырысу құжаты бойынша жеткізушіге берешегі:
-аванс және өнімге ішінара ақы бойынша тапсырыс берушілерге берешегі:
-салықтардың бірсыпыра түрлері бойынша бюджетке берешегі:
Айналым қаражаттарын қалыптастырудың басқада көздеріне пайда есебінен құрылған арнаулы қордың уақытша пайдаланбаған қалдығын жатқызуға болады.
Кәсіпорынның айналым қорларына мұқтажы жыл бойына түпкілікті сақталады. Ол түрлі факторларға байланысты тұрақсызданады:
-өндірістің маусымдылығы;
-тауар-материалдық құндылықтарды жеткізудің әркелкілігі;
- қоймалардағы сатылмаған дайын өнімдердің қорлануы және т. б. [13]
- Ержанов Н. С., Ержанова С. “Қазақстандық кәсіпорындағы есеп саясаты”. Алматы, 1997.
- Торшаева Ш. М “Бухгалтерлік есеп теориясы”. Қарағанды, 2000
- Кеулімжанов Қ. К., Бауыржанов Қ. “Бухгалтерлік есеп принциптері”. Алматы, 2003.
1. 2 Ақша капиталын қалыптастыру көздері мен ұғымы
Ақша капиталы - бұл өндірістік капиталдың, оның айналымының бастапқы және қорытынды сатыларында қолданылатын функционалдық нысандарының бірі. Ол қосымша құн қалыптастыру көзі болып саналады. Нарықтық қатынастар жағдайында оның қордалануы міндетті шарт болып табылады.
Ақша капиталы - өндіріс құралдарын құруға және материалдық құндылықтар өндірісі үшін еңбек ресурстарын қалыптастыруға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің материалдық базасын қалыптастыру негізі. Ол қарыз пайызы түрінде белгілі бір ақыға заңды тұлғаның иелігіне берілетін қарыз капиталы ретінде де қолданылуы мүмкін.
Ақша капиталы өнеркәсіптік капиталдың функционалдық нысаны ретінде ғылыми зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, өндірісті дайындау, өндіріс құралдарын және электр ресурстарының алуан түрлерін сатып алу жүргізу үшін пайдаланылады.
Басқаша айтқанда, ақша капиталы - кәсіпорынның банктегі есеп айрысу шотындағы кіріс әкелетін ақша қаражаты.
Өнеркәсіптік капитал - бұл материалдық өндіріс саласында қосымша құн өндірісі үшін алдын ала төленетін ақша капиталы. Ақша капиталы материалдық өндіріс саласында қарамастан ол «өндіріс элементтерінің бағасы ретінде, демек, есептік ақшалармен бейнеленген құн ретінде және дәл осы түрінде ол бухгалтерияда көрсетіледі» деген ақшалай түрін сақтайды.
Ақша капиталын қалыптастыру көзі бюджеттік қаржы бөлу, банктер мен сақтандыру компанияларының несиелері және төленген акциялар (меншікті капитал) болып табылады.
Ішкі қаржыландыру - салықтар төлегеннен және қарыздарды қайтарғаннан кейін кәсіпорынның иелігінде қалатын амортизациялық аударылымдар, қаражат. [6]
Ақша капиталының айналымы.
Ақша капиталының айналымы ұсыныс пен сұраныс ұстанымында, яғни өндіруші мен сатып алушының өзара байланысы тұрғысынан қарастырылады.
Жаңадан бастаған тауар өндіруші үшін екі проблема бар олар: қандай өнім шығару және ол үшін қандай ресурстар талап етіледі. Бұл жердегі бастапқы рәсімдер мыналар болып табылады:
1) болашақ өндірілетін өнімнің ірілендірілген номенклатурасын анықтау,
2) өнімнің техникалық деңгейін анықтау және бағаның төменгі шегін анықтау;
3) өндіріс пен өнімнің табыстылығының ең жоғарғы болуы мүмкін деңгейін анықтау.
Аталған ақпарат өнеркәсіптік кәсіпорынның құрылтай құжаттарымен бірге тиісті органдарға кәсіпорынды тіркеу үшін жолданатын техникалық-экономикалық негіздемесі үшін негіз болып табылды.
Тіркегеннен кейін болашақ өнімнің номенклатурасын нақтылау жөніндегі жұмыстар жүргізіледі:
- тауардың нарық талаптарына сәйкестігі және оның белгілі бір уақыт кезеңі бойына және өндіріс мүдделеріне сәйкес баға деңгейінің өсуін болуы мүмкін тәуекел тұрғысынан қамтамасыз ете алатындығы белгіленеді;
- толықтырылған нарықта жаңа тауардың пайда болуы және сұраныс пен бағаның төмендеу мүмкіндігі нақты бағаланады;
- ұқсас тауардың және оны алмастыратындардың импорттық жеткізілімі бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелердің бар болу мүмкіндігі анықталады.
Бұдан әрі болашақ өнеркәсіптік кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын, қаржы-экономикалық қызметтің сипаттамасын, яғни ақша капиталының шамасын, өнім номенклатурасын және оны өндіру көлемін, өндірістік қуаттар және өндірістік алаңдарды, технологиялық құрал-жабдықтар құнын және оның негізгі сипаттамасын қамтитын ірілендірілген үлгісі әзірленеді. [15]
Ақша капиталының қозғалыс сатылары
Ақша капиталының айналымының бірінші сатысында өнеркәсіптік өнімнің болашақ тауар өндіріушісі бірінші кезекте нарықта ұйым құрылысын салуды таңдайды, ол ғимараттар мен орын-жайлар тұрғызу жөніндегі құрылыс жұмыстарының кешенін орындауды ұсынады. Схема түрінде оны 1 векторымен ақша капиталынан құрылыс ұйымына қарай бейнелеп көрсетуге болады (1-сурет) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz