Отбасында бала тәрбиесін ұйымдастыру


Жоспар
Кіріспе . . .
1. Отбасындағы бала тәрбиесі
1. 1 Отбасы туралы түсінік . . .
1. 2 Отбасын зерттеу мәселелері . . .
2. Отбасында бала тәрбиесін тиімді ұйымдастыру.
2. 1 Отбасының қызметі және отбасында тәрбиелеу жағдайы . . .
2. 2 Отбасылық тәрбие ережелері.
2. 3 Отбасында бала тәрбиесін ұйымдастыру . . .
Қорытынды . . .
Қолданылған әдебиеттер . . .
Кіріспе
Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде отбасының бала тәрбиесіндегі атқарар рөлі зор.
Отбасы тәрбиесін табысты жүзеге асыру балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыруға көмек көрсетеді. Сондықтан да қазіргі уақытта отбасы тәрбиесін тереңдете отырып, әкелер мен аналардың бала тәрбиесіне байланысты жауапкершілігін арттыру қажет. Әрі бұл жұмысты отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастық арқылы жүзеге асыру мақсаты көзделеді.
Отбасының әлеуметтік институт тәрізді, интеллектуалды толыққанды, құлықты және дені сау жас ұрпақты қалыптастырушы орта екені сөзсіз.
Бүгінгі күні жетілген азаматты тәрбиелеу отбасының жауапкершілігін тағы да арттыра түсуде. Себебі балаға саналықтың сипаты ол өмірге келген күннен бастап сол отбасында бойына сіңеді. Кейіннен мектеп, қоршаған орта және қоғамдағы болып жатқан әртүрлі жағдайлардың әсерімен қалыптасады.
Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын: әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз.
Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясында» отбасы және бала тәрбиесі жөнінде алға қойған мәселелер: «Отбасын қолдауға, аналар мен балаларға мемлекеттік қолдау көрсетуге қаражат бөлу. Көп балалы отбасыларға қолдау көрсету.
Бізге жергілікті деңгей де отбасын және балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табу керек. Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғызбасты аналар проблемаларын шешу керек. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ол ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. Ата-аналар балаларына, ал балалар өздерінің қартайған ата-аналарына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда еліміз үшін алаңдамауға да болады. Бұл ұсыныстар Қазақстан халқына қашанда тән болған, оларды жандандырып, жан-жақты қорғау қажет» - деп көрсеткен.
Сондай-ақ, Республика Президенті Н. Назарбаев өз кезегінде 2007 жылғы ақпандағы Қазақстан халықтарына Жолдауында I бөлімнің II тарауында «Қазақстандықтардың өмір сапасының артуы» отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету. Халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға байланысты жұмысты жалғастыру, ана мен баланы әлеуметтік қорғау, 2008 жылдың 1 қантарынан бастап баланың тууына байланысты жәрдем ақы мөлшерін 2 есе өсіру. Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға ай сайын жәрдем ақы төлеу. Бала деңсаулығын сақтау. »
Біздің халқымыз үшін бала тәрбиесі бір ғана отбасының, не балабақшасының немесе мектептің жеке ісіне емес, ол бүкіл зиялы қауымның, бүкіл қоғам щұғылданатын ұлағатты істің тұтас бір кешеніне айналып отыр. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды тиімді ұйымдастырудағы ұрпақ тәрбиесіндегі отбасының рөлін басты назарда ұстау.
Жас ұрпақты есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден-бір парызы. Егеменді еліміздің болашағы отбасында бесіктен басталып, оқу-тәрбие орындарында есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен шешілмек.
Қазақ отбасында балағы ұлттық тәлім-тәрбие беру жолдарын іске асырып тиімді ұйымдастыру. Ендеше қазағымыздың ұлттық мәдени құндылықтарын қастерлей, имандылық адами қасиеттерін құрмет тұта отырып: «Ұлт тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып, ұлды тәрбиелейміз» - деген қанатты сөздердегіндей өз жеріміздің, ұлтымыздың болашақ иелерін тәрбиелейік.
Моралдік жағынан азғындаған отбасында, әдетте балаларға жеткілікті көңіл бөлінбеу салдарынан, ата-анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сезінбегендіктен, ешбір қадағалаусыз жүрген балалардың пайда болуына әкеліп соқтырды. Сол себепті мектептерде психологтар, әлеуметтік педагогтар пайда болды, олар оқытушыларменсол балалардың отбасылармен де жұмыстар ұйымдастырады. Өз жұмысын ұйымдастыруда педегог-ұстаз қиын олардың ата-аналарменжұмыс жүргізуде түрлі қиыншылықтарға тап болады: мәселенің нақты себебін айқындау қиынға соғатын тұстары, оқиға себепкерді анықтау т. с. с.
Отбасындағы бала тәрбиесін тиімді ұйымдастыра отырып ұрпақ тәрбиесінде биік жетістіктерге жету, сонымен қатар тәрбиелеу және оқыту процестері қатар жүргізілгенде ғана айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе аларымыз анық.
Отбасы тәрбиесіндегі ең маңызды мәселенің бірі - ата-аналардың педагогикалық көзқарасының қалай қалыптасуында.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27 бабында «1. Неке мен отбасы, ана мен бала мемлекеттің қорғауында болады. 2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті» деп атап көрсетілген.
1 тарау. ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ
- Отбасы туралы түсінік.
Заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген нақыл сөзінің мәні тереңде жатыр, яғни, болашақ тізгінің ұстар, елінің ертеңі болар, халқының үмітін ақтай білетін дені сау, білімді де саналы жас ұрпақты өсіру талабынан туындап отыр. Осы ұлы мақсаттарға жету жолында киелі де қасиетті екі түсінік бар.
Бірі, баланың бастапқы тәрбие мектебі, алтын бесік - отбасы болса, екінші алтын ұя - мектеп. Бұл екі ортаның да мақсат-мүддесі ортақ. Отбасы, ата-ана адамды дүниеге әкеліп, адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Бұл киелі жерде қызмет етітін мұғалім мен ата-анаға жауапкершіліктің үлкен жүгі артылған.
Ұлы Абай атамыз «Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаз болады» деп көрегендікпен ой түйген. Бала өміріне қажетті тәлім-тәрбиенің іргетасы ата-ана арқылы отбасында қаланады.
Дана халқымы «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, ата-ананың әрбір іс-әрекеті балаға үлкен сабақ. Әрбір ата-ана өз балаларының тұнғыш тәрбиешілері. Бала - ата-ананың адамгершілік айнасы.
Адамгершілік қасиет отбасы мүшелерінің бірін-бірі қадірлеуінен, олардың өзара бірлігі мен түсінушілігінен, ата-ана мен балалар арасындағы мейірім қарым-қатынастың қалыптасуынан, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді толып жатқан жазылмаған заңдылықтар арқылы көрініс табады.
Кішкентай балалардың үлкендер не айтса соны айтатыны, не істесе соны істейтінін күнделікті өмірде жиі көріп жүрміз. Сондықтан да отбасы - баланың бастауыш тәрбие мектебі дегеніміз өте орынды. Ата-ананың жасөспірімдерді қалыптастырудағы рөлі өте зор. Ата-ананың бала алдында жеке басының үлгі-өнегесі, беделі жоғары болуы керек. Өмірге ұрпақ әкелген соң өнегелі отбасын құрып, әке мен ана болу - әрбір адамның міндеті.
Ата-ананың киім кию, сөйлеу мәдениетінің жоғары болуы, өзгеге деген ілтипаты, үй ішіндегі тазалық, тәртіп, сыпайы мінез, мейірімділік, төзімділік, балаға деген сүйіспеншілік тәрбие барысында өзінің оң нәтижесін берері анық. Баланың үйде көргені, ата-анасынан, жақын туыстарынан естігені - ол үшін тәрбиенің ең үлкені. Осы тұста сүрінбеу үшін ата-ананың мінез-құлқының, ізетті қасиеттерінің, жалпы мәдени дәреженің деңгейі өте жоғары болуы керек.
Баланы жаны мен тәні таза, рухани бай, дені сау етіп өсірумен бірге еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа, адалдыққа, жинақтылыққа баулып өсіру шарт. Осы тамаша қасиеттердің бәрі ата-ана бойынан тауып, оның өмірдегі шынайы досына айналса тер төккен еңбегінің жанғаны.
«Қарға баласын аппағым дер, кірпі баласын жұмсағым дер» дегенді ескеріп, баланы қанша жақсы көргенмен оның жасаған жағымсыз қылықтары мен елеулі қателіктерін ескерусіз қалдыруға мүлде болмайды.
Әрине, ол үшін баланың намысын қорламай, ар-ожданын аяққа таптамай, сенімсіздікпен қарамай, байыпты ақылмен, қамқор сөзбен түсіндіру қажет. Сәл ғана сәтсідігіне бола балаға сенімсіздік білдіру оны алға ұмтылмайтын, жігерсіз жақсы бала болуға итермелейді. Ал бұл ата-ананың бала тәрбиесіндегі жіберген олқылығы.
Отбасы жағдайында баланы кішкенайынан спортпен шұғылданып, денесін шынықтыруды, эстетикалық талғамының жоғары болуын, қоршаған ортаны қорғауды, еңбекке бейімделіп өсуін қалыптастырған жөн.
Тәрбие ешқандай үзіліс дегенді білмейді. Ол тұрмыста, ойын үстінде, оқу, еңбек барысында барлық кезде жүре береді. Сондықтан «Бала тәрбиесі - баршаға ортақ» екенін ескеріп, жас ұрпақты саналы азамат етіп тәрбиелеу - ең негізгі міндетіміз.
Қазақ отбасында тәрбие ісін ғалым Ш. Ахметовтың зерттеулерінде негізгі басты-басты сегіз түрлі мәселені қамтыған. Біріншіден, тәрбие басы алдымен әдептілікке үйретуді көздеген, әке-шеше баласына «Әдепті бол» дегенді басты міндет етіп қойған. Екіншіден, олар баланы қайырымды, иманды, мейірімді болуға тәрбиелеген. Үшіншіден, тіл алғым, елгезек болуға баулыған. Төртіншіден адал, шыншыл болуға үйреткен. Бесіншіден, өнегелі ұстаз бен көпті көрген қарияның сөзін тыңдап «ақпа құлақ емес, құйма құлақ бол» дегенді, бойларына біртіндеп сіңіре берген. Алтыншыдан, үлкенді, ата-ананы сыйлап құрметтеуге үйретуді ең басты міндет етіп қойған. Жетіншіден, кісі айыбын бетіне баспай, біреуге орынсыз тіл тигізбкйтін әдепті азамат бол, әсіресе қарып-қасерлердің табиғи кемдігін бетіне баспа деп үйреткен. Сегізіншіден, ел қорғаған батыр бол, халық алдында қызмет ет, бар өнеріңді соған жұмса дегенді ерінбей -жалықпай айтып қана қоймай, жеке өнегелер арқылы көрсетіп отырған.
Швейцарияның кеменгер педагогы И. Г. Песталоцци «Бала тәрбиесі - оның дүниеге келген күнінен басталуы керек. Баланың дүниені түсінуі жанұяда басталып, мектепте одан әрі қарай жалғастырылуы шарт» - деген қағиданы ұсынды.
Отбасы тәрбиесі адам тағдырына да ықпал етеді. Өйткені отбасы беретін өмір сабағын ең жақын адамдары - ата-анасы, ата-әжесі, үлкен ағалары мен апалары береді, сол себептен оның тәрбиелік потенциалы мол, онымен басқа адамдар, басқа тәрбие институттары тең келе алмайды.
Отбасы - мемлекеттің іргетасы. Мемлекеттің мықты болуы отбасының берік, бақытты, мерейі үстем болуымен тікелей байланысты.
Отбасы тәрбиесі туралы анықтамалар берілген: белгілі ғалым Л. Д. Столяренко отбасы, отбасы тәрбиесіне төмендегідей анықтама берген:
«Отбасы - өзін-өзі сақтап, жалғастыру және әрбір мүшесінің өзін-өзі таныту мақсатында біріккен әлеуметтік, педагогикалық адамдар тобы. »
«Отбасы тәрбиесі - нақты отбасы жағдайында ата-ананың басқа туыстарының ықпалы арқылы берілетін тәрбие мен білім беру жүйесі» деген екен Л. Д. Столяренко.
Ал педагогикалық энциклопедия сөздігінде былай делінген: «Отбасы - кішігірім әлеуметтік адамдар тобы, бір-бірімен некелік, туыстық байланыс арқылы бірігіп және бір-бірінің алдында моральдық, материалдық, тұрмыстық жауапкершілігі бар. »
Ал қазақша педагогикалық энциклопедия сөздігінде: «Отбасы тәрбиесі- туысқандық қарым-қатынастар мен тұрмыс жайттары балаға үздіксіз ықпал етуші тәрбиелік күш».
Отбасының тәрбиесі мақсаты қай заманда болса да түрлі өмір жағдайында кездесетін қиындықтарды жеңіп, өмірде өзіне лайықты орын табу үшін «сегіз қырлы, бір сырлы» етіп тәрбиелеу көзделген. Бүгінде біз жанжақты мәдениетті тұлғаны уақыт талабына сай тәрбиелеуді мақсат етіп отырмыз. Сонымен қатар қазақ халқы ұлттық тәрбиеге үлкен мән берген.
Ұлттық тәрбие-байлық жетпес тәрбиенің көзі болып табылады.
Қазақ халқы бала тәрбиесіне қоғамдық мән беріп көп көңіл бөлген. Халқымыз әр жастағы адамның көңіл-күйі, сезімдері, мінез ерекшеліктері, түсінік талғамдары, сенім қызығулары, әдет-дағдылары әртүрлі болатындығын өз пікірлерімен дәлелдеген. Адамның адамгершілік бейнесі, ойлауы оның іс-әрекеті үстінде дамиды, ал іс-қимылдың алғашқы ірге тасы балалық кезде қалыптасады. Халқымыз өз ұрпағын жақсы қасиеттерге еңбек сүйгіштікке, тіл алғыштық сияқты т. б. баулып, оны негізгі мәселе деп келген. Осыдан болу керек, қазақта бала тәрбиесі шешесінің бойына бітуімен басталады деген пікір бар.
Бала дүниеге келген соң сыртқы тұрпатына сай сынап айтқан сөздеріді де ескерту қажет. «Қошқар болар қозының маңдай алды дөң келер, азамат болар баланың етек жені кең келер» деп бабаларымыз жас сәбилер болашағынан көп үміт күткен. Балаға сын айту-ежелден келе жатқан халық мектебінің дәстүрі.
Баланың түрлі қимыл-әрекетіне қарап ел арасында қалыптасқан ырымдар да кездеседі. Ер бала көзіне ашып ұйықтаса, онда ержеткенде бақытты, жары сұлу болады. Егер бала үнемі жастың үстіне ұйықтайтын болса, кейін ел басқаратын көсем болады, ал төрт аяғын төрт жаққа созып, бей жай ұйықтайтын болса, өскен кезде кеменгер әрі батыр болады.
Бала - әуесқой, тынымсыз зерттеуші. Мысалы: «Талапты бала талпынған құстай, құмары қанбас, аспанға ұшпай», «Адам болатын бала алысқа қарайды, болар адам жеті жастан бас болар» т. б. секілді халық нақылдарында бала тәрбиесін дұрыс қалыптастыру сөз болады.
Қазақ халқы ұл баланың да, қыз баланың да тәрбиесіне ерекше мән берген. «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сыйын» деп, «Қызға қырық үйден тыйым, қала берге қара күңнен тыйым» деп ұл мен қызға айтылар сын аз болмаған.
Қазақ отбасында ұлттық тәрбие ана құрсағынан басталып, адамды өмір бойы және оны о дүниеге шығарып салумен аяқталатын әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер негізінде үздіксіз жүргізіліп, іс-әрекеттер мен қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады. Осылайша отбасында ұлттық тәрбие халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған халықтық тәрбие дәстүрлері негізінде іске асқан. Қазақ халқы бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген, өйткені ол баланы отбасының және өмірдің жалғасы мен болашағы деп манаған.
Сондықтан да, отбасында баланың болуын және көп болуын тілеген. Оған халқымыздың мынадай даналық сөздері дәлел: «Бесіксіз үйде береке жоқ», «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар», «Бір баласы бардың шығар шықпас жаны бар, көп баласы бардың үйінде жанған шамы бар», «Бала - адамның бауыр еті».
Көптген зерттеулер көрсетіп отырғандай, қазақ халқында бала тәрбиелеуде отбасы басты рөлді атқарған, оның негізі - ұлттық салт-дәстүрлер болған екен.
Қазіргі жас ұрпақтың ұлттық тәлім-тәрбие бастауы - отбасы екендігіне көздерін жеткізу, оларға бағыт-бағдар беру - үлкен мәселе. Егерде отбасы болмаса, халық даналығы өз қасиетін жоғалтады, себебі тек қана отбасында халықтың ұрпақтан-ұрпаққа мұрагерлікке қалып отырған салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары тамырын жайып, өрби алады.
Отбасының басты тәлімгерлері ана мен әке, әже мен ата. Ана балаға барлық өмір тәжірибесін және бар білгенін туылған күннен бастап баланың бойына сіңірумен болады. Сондықтан баланың алғаш тілінің шығуы «Ана» деген сөзден басталады.
Сонымен қатар, отбасындағы бала тәрбиесінде әкенің алатын орны мен рөлі де ерекше болған. Себебі әке-отбасын асыраушы, оның мүшелерінің тірегі, қамқоршысы және тәлімгері. Әкенің мінез-құлқы өзгелермен қарым-қатынасы, өнер, білімі-баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Сондықтан қазақта әке туралы өнегелі нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер көп. «Әке - бәйтерек, бала - жапырақ», «Әкеге қарап ұл өсер», «Әке - балаға үлгі» т. с. с. Әке - қамқоршы, ақылшы, үлгі-өнеге, тірек, ұстаз әрі тәрбиеші.
Ертеде және бүгінде әжелер мен аталар отбасындағы бала тәрбиесінде басты орында. Әжелер мен аталар немерелерін тәрбиелеуде күтуші иесінің жұмысын істеген, балалар солардың қасында өскен.
Үлкендердің мінез-құлқындағы жағымды қасиеттер: олардың ұстамдылығы, төзімділігі, сабырлығы, қиыншылықтарға төзімділігі т. б. балаға ерекше әсер етеді. Әжелер мен аталар отбасында түрлі өнер мен еңбекке үйреткен, олар не істесе, балалар соны істеп өскен. Әжелер мен аталар адамгершілік мақал-мәтелдер, жырлар, жұмбақтар т. б. ауыз әдебиетінің үлгілерін кеңінен пайдаланған. Әжелер мен аталар ұлы адамдарды тәрбиелеуде ерекше қызмет атқарған. Мысалы: Абай, Ыбрай, Шоқан, Мұхтар т. б. әжелері мен аталары тәрбиелегені соған дәлел.
Ерте уақытта қазақта әке-шешеден бірдей айрылған жетім балаларды әжесі мен атасы асырап, тәрбиелеп, оған жетімдік көрсетпеген. Баланың әке-шешесі оның ата-әжесі тұрғанда «Бала менікі» деуге бата алмаған, ал балалары оларды «Аға-жеңге» деуге үйреткен. Осы жақсы дәстүр ата мен бала, әже мен келін арасында шынайы сыйластықты, татулықты, ынтымақтастықты, отбасындағы жақсы қарым-қатынасты қамтамасыз еткен.
Жас ұрпақты әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған насихат мұраларын балалардың санасына сіңіре білу ата-ананың басты міндеті. Тәрбиенің көзі - ата-бабамыздан қалған дана сөздер десек, ата-ана - сол насихаттарды жүргізуші. Бұл ата-ананың қоғам алдындағы үлкен міндеті.
Өзге халықтар сияқты, қазақ елінің де бала тәрбиесі жөнінде бұрыннан бергі жиып-терген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындағы ізеттілікке, елін-жерін, Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді.
Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері тағылындарын оқып, үйреніп, өнеге тұтпай, жас ұрпақты ізгілік пен парасаттылыққа баулу мүмкін емес. Себебі Л. Толстой айтқандай, өткенді жақсы білмейінше, келешекке сапар шегу айсыз қараңғыда сүрлеу соқпақ іздеп адасумен пара-пар.
Болашақ тәрбиесі бүгінгі күнде ұлттық мұраттар мен дүниежүзілік рухани бай қазынадан нәр алумен ұштастырылып жүргізілуін талап етеді. Біздің қоғамның тәлім-тәрбиесі көп жылдар бойы бір жақтылықпен жүргізіліп келеді, жалпы адамзаттық құнды игіліктерден оқшауланып, ұлттық сана-сезімнің дамуына, рухани, мәдени байлықты, ұлттық тәрбиенің бай мұрасын игеруге дамуына көңіл бөлінбеді. Мұның өзі жас ұрпақтың басым көпшілігінің өз халқының тарихын, тілін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ұлттық дәстүрлерін жете білмеуіне әкеп соқты. Сондықтан ғасырлар бойы өмір сынынан өтіп келе жатқан халқымыздың қасиеті мен өнегесін, бабаларымыздың ақ бастасын, адал тілегін бүгінгі әрбір ел баласына үйрету, санасын ояту ең алдымен ата-аналардың, мектептің, қоғамның ең үлкен парызы болмақ.
Баланың рухани дүниесіне көтерілу дегеніміз - баланың дүниеге келген күнінен бастап, оның дүниетанымын ақыл-оймен, жүрекпен тану, ең нәзік, ең шынайы ұғыну, қабылдау, сезіну деп түсіну қажет. Мәселен, балада алғашқы күннен-ақ адамға деген шынайы сүйіспеншілік сезімі болатынын М. Жұмабаев өз еңбегінде былай суреттеп берген: «Ананы сүю сезімі оянады. Ананы сүю деген, анаға жауыздық тілемей, ізгілік тілеу деген сөз. Бірақ ес білген соң туысқандық сезімі, яғни араласып айналасында жүрген адамдарды сүю сезіміне алып барады. » - деп түсіндірген.
Ұлттық мәдениеттіліктің белгілері, әсіресе, отбасындағы сыйласымнан көрінеді. «Әке - отбасының пірі», «Ана - әлеуметтің күні» деп халық отбасындағы сыйласым мәдениетін ең әуелі ата-ананы сыйлаудан бастауды үйретеді, талап етеді. Отбасындағы сыйластық дәстүр бойынша ата, әке, аға, іні, әже, ана, сіңілі ұғымдарына сәйкес әрбір адамның өзінің сыйласымдық міндеттері мен борыштары және перзенттік парызы болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz