Патриоттық тәрбиенің маңызы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4 - 6
1 тарау. Патриоттық тәрбиенің маңызы.
1.1. Патриоттық тәрбие берудегі өткен тарихымыздың алар
орны ... ... ... ... ...7 - 12
1.2. Патриоттық тәрбие берудің педагогикалық
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 13-17
1.3. Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ...18-22
2 тарау. Патриоттық тәрбиенің міндеттері
2.1. Оқушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін тәрбиелеу...23-
26
2.2. Тұлғаның патриоттық құндылығын
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27-30
3 тарау. Әдістемелік
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 31-36
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37-38
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..39-40
Кіріспе
Ерте заманда қазақтың тілінде “патриотизм” деген сөз болмаған. Бұл
ұғым Қазан төңкерісінен кейін сөз қорымызға енді.
Патриотизмнің негізгі мағынасы әр азаматтың ұлтын, Отанын сүюден
туындайды. “Патриотизм”-гректің сөзі. Оның қазақшасы-жерлес, отандас
дегенді білдіреді, яғни Отанын, ұлтын сүю, оны жаудан қорғау.
Қазақтар ежелден басқа халықтардай Отанын, ұлтын сүйген. Батырларымыз
бастаған қазақ халқы Отанын, жерін, ұлтын жаудан қорғаған.
Қазақтың ұлтжандылығы, отансүйгіштігі ежелден қалыптасқан. Оған
қазақтың мақал- мәтелдері дәлел. Мәселен, туған жер-отан туралы мақалдар-
мәтелдер:
“Туған жерге туың тік”.
“Ит тойған жеріне,
Ер туған жеріне”.
“Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас” т.б. болып кете береді.
Мақал-мәтелдердің өзі қазақтың елін, жерін, отанын сүюуінің негізі
болып табылады.
Қандай бір халық болмасын отанын, елін, жерін сүймейтіні жоқ. Соның
ішінде қазақ халқы да жалпы шығыс, оның ішінде түркі тілді халықтардай
отанын, жерін, суын, табиғатын сүюге жастарды тәрбиелеу көне заманнан
өзімен бірге дамып келеді.
Бірақ кешегі кеңес заманында таза ұлттық патриоттық тәрбиені жалпы
кеңестік патриоттық-интернационалдық тәрбиемен алмастырды.
Біз интернационалдық (ұлтаралық татулық) тәрбиені жоққа шығармаймыз.
Қазақстан жағдайында тәрбиенің бұл саласы бүгінде де қажет. Бірақ
патриоттық осы тәрбиенің түпқазығы болуы тиіс.
Тақырыптың өзектілігі: Қазiргi кезде республикамыздың егемендiгi мен
бейбiтшiлiгiн сақтауда тұлғаның патриоттық құндылықтарын дамыту арқылы
Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға үлкен мән берiлiп отырғандығы
Қазақстан Республикасы Конституциясында, Қазақстан Республикасы “Бiлiм
туралы“ Заңында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк “Бiлiм“
бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң республика халқына
жолдауларында, Қазақстан Республикасы тарихи сананы қалыптастыру, Қазақстан
Республикасы мәдени-этникалық білім беру тұжырымдамаларында, “Адам
құқықтарының жалпыға бiрдей декларациясында“, “Бала құқығы туралы
декларацияда“ және үкiметтiң құжаттарында, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен
ағымдағы басылым беттерiнде айқын аңғарылады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк “Бiлiм” бағдарламасында тәрбие
жүйесiн жетiлдiруге байланысты алдына қойған негiзгi мақсаты -
“қазақстандық патриотизм, азаматтық, iзгiлiк және жалпыадамзаттық
құндылықтар идеяларының негiзiнде тәрбиеленушiнiң жеке тұлға ретiндегi
сапалық қасиетiн қалыптастыру” – деп бүгiнгi ХХI жаһандану ғасырында ұлттық
мәдениет пен өркениеттi өзара кiрiктiре отырып, жеке тұлға қалыптастыру
көзделiп отыр.
Тақырыптың мақсаты: Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп
оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеуді теориялық-әдiснамалық тұрғыда
негiздеп, ғылыми-әдiстемемен қамтамасыз ету.
Зерттеудің әдістері: Философтардың, әлеуметтанушылардың,
тарихшылардың, психологтардың, педагогтардың еңбектерiн талдау, салыстыру
арқылы қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында патриоттық тәрбие берудiң
мүмкiндiгiн анықтау; оқушылармен тестiк жұмыстар мен сауалнамалар жүргiзу;
жалпы білім беретін мектептердің, мектеп–гимназиялардың патриоттық тәрбие
беруге байланысты тәжiрибесiн жинақтау, салыстыру, талдау, қорытындылау.
Зерттеудің пәні: Педагогика, психология пәндері
Практикалық жұмыстың маңызы: Ұлттық және жалпыадамзаттық тәрбие
ұстанымдарын негiзге алған тәрбие жұмысын ұйымдастыру жүйесi жас ұрпақ
бойындағы ұлтжандылықты, Қазақстандық және жалпыадамзаттық патриотизмді
қалыптастыруға қосқан бiрден-бiр үлес болып табылады;
Тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыстардың негiзiнде оқушыларға
патриоттық тәрбие берудiң тиiмдi бағыттары, формалары мен әдiстерi
қарастырылады.
Жұмыстың бағдары: Жоғарыда көрсетілген үлгілер бойынша өтіледі.
Жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, негізгі үш тараудан, қорытындыдан,
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 тарау. Патриоттық тәрбиенің маңызы.
1.1. Патриоттық тәрбие берудегі өткен тарихымыздың алар орны
Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет
үлгілерін көреміз. Еліміздің дербес, толыққанды ел, егеменді мемлекет
болуы, халқымыздың ертеден бергі еркіндік үшін, туған жері – Отаны үшін
күресінің жемісі. Бүгінгі таңдағы еліміздің әлемдік өркениет шеңберінде өз
орны мен статусын алуға ұмтылысы заңды құбылыс. Өйткені, әр елдің, халықтың
өзіндік болмысына тән мақсат – мұраты бар. Мұрат – алға жетелейтін,
болашақтан қол бұлғап шақыратын, халықтың арманы, мақсаты. Ал мақсат немесе
мұрат – ол, болашақта қол жеткізуге жетелейтін қоғамдық-рухани сананың
көрсеткіші - идеал. Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін,
Білгеқаған, Тоныкөктен бастап жерін, елін, тілін, ділін қорғаудағы өшпес
ерліктерге толы. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі
халқына тән негізгі ырымдар. Халқымыздың бойындағы отансүйгіштік
құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да
қарауға болады. Бұған дәлел көне түркі заманынан бастау алған патриоттық
құндылық Күлтегін жазбаларында былай деп суреттеледі: “Елтеріс қағанның
алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді”
– деген көне жазу қазақ халқының бойындағы ұлттық патриотизм сезімдері
бүгін ғана пайда болған жоқ, ол ежелден-ақ туындап, дамып келе жатқан
қасиет деуге болатындығын көрсетеді. Күлтегін жазбасында тағы да мынадай
жыр жолдарын кездестіруге болады:
Кедей халықты бай қылдым,
Аз халықты көп қылдым...
Түркі иелігінен
айырылған халықты
Ата-баба мекеніне орнатты...
– делінген.
Жазбадан патриотизмнің – халықты көбейтіп, байыту үшін еңбек ету, ата-
баба мекеніне ие болып отыру жолында жан аямау, діл бірлігін қорғау
екендігін аңғарамыз. Жоңғар сияқты алып империямен алысуға, Ресей
патшалығының зеңбірегіне жалаң қылышпен қарсы шабуға жетелеген де осы
Отанына деген сүйіспеншіліктің, патриотизмнің қуатты күші.
Туған жерге деген ыстық сезім, атамекенге деген құрмет пен қадір қасиет
тұтуды Ұлы дала ойшылдары Қорқыт Ата, әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд
Қашқари, т.б. айтқан болатын.
Ықылым заманнан бізге жеткен “Қорқыт Ата кітабында” тәлімдік мәні күшті,
қанатты сөздер мен ұстаздық ұлағаттар көптеп кездеседі. Мысалы: “Қолына
өткір қылыш алып, соны жұмсай білмеген қорқаққа қылыш сермеп, күшіңді сарп
етпе. Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі. Атаның
атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында
шырланып тумағаны жақсы. Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға
ешкім жетпейді. Өтірік өрге баспайды, өтірікші болғаннан жарық көріп, өмір
сүрмеген көп артық” – деген екен. Бұл өсиет сөздерден ақыл-парасат, өтірік
айтпау, атаның атын былғамау туралы ойлар мен шығарманың өн бойынан ұлы
даланың байтақтығын, әдемілігін көреміз, бұл әр түріктің бойында осы далада
туғаны үшін мақтаныш сезімін тудырса керек.
Әл-Фараби өзінің “Азаматтық саясат”, “Поэзия өнері туралы”, “Бақытқа жол
сілтеу”, “Риторика”, “Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері” атты
трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелермен бірге көркемдік, сұлулық,
мейірбандық, білім категорияларының бетін ашып, олардың негізгісін дәлелдеп
берген.
Ақын-жыраулар халыққа өнегелі сөздерімен ықпал етіп, оларды іргелі ел,
берекелі жұрт болуға шақырды. Жыраулар жаугершілік заманда хандар мен
бектердің ақылгөй кеңесшісі болып, жорықтарға бірге аттанды, ру тайпаларға
басшылық етті, сұрапыл қанды майдан көріністерін жырға қосты, ерлікті
мадақтады, шейіт болған батырларды жоқтап, ел қайғысын бөлісті.
Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі халықтың береке бірлігін, Отанға адалдығын
сақтау, намысты қолдан бермеу, өз Отанын жаудан аянбай қорғау – ат жалын
тартып мінуге жарайтын қазақ баласының қасиетті борышы екендігін Шалкиіз,
Ақтамберді, Бұқар жырау, Шал ақынның өлең-жырларынан көре аламыз.
Бұқар жырау:
Ер жігітке жарасар
Қолына алған найзасы,
Би жігітке жарасар
Халқына тиген пайдасы – деген екен.
Ал Ақтамберді жырау болса:
Жауға шықтым ту байлап,
Шепті бұздым айғайлап.
Дұшпаннан көрген қорлыққа,
Жалынды жүрек қан қайнап
Ел-жұртыңды қорғайлап,
Өлімге жүрміз бас байлап – деген жыр жолдарымен халықты батырлыққа,
батылдыққа шақырған.
Қазақтың айбынды ақындарының бірі Махамбет Өтемісұлы қазақ шаруаларын
бостандық үшін күреске шақырып, қара халықты бақытқа жеткізуді армандап
өткен. Ол өзінің үзеңгілес серігі Исатай мен халықтың ерлігін, олардың
адамгершілік қасиеттерін жыр етті.
Өз халқына, ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев шығармаларынан да көруге болады.
Қазақ тарихын зерделеу барысында олардың табиғаты, әлеуметтік жағдайына,
тұрмыс-тіршілігіне байланысты патриот халық екенін айқын аңғаруға болады.
Бұны қазақтың тұңғыш ғалымдарының бірі Ш.Уәлиханов жақсы зерттеген және
өзінің патриоттық сезімін: “Менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай
(матрешка сияқты бір сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде тағы бір
сандық) мен ең алдымен өз отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, одан
соң ауыл-аймақ, ел-жұртым, руластарымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір
орыстары, Ресей жұртын қадірлеймін”, – деген екен. Бұл тұжырымнан
патриотизм отбасынан бастау алып әулет, тумаластарға деген сүйіспеншіліктен
барып халыққа деген махаббат және сол кездегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі
Ресейді атап көрсетуі де патриотизмнің халықаралық мәдени қатынастардың да
негізі екенін көрсетеді.
Қазақта ең алғаш қазақ балалары үшін халық мұрасына, салт-дәстүріне,
ерлік, адамгершілік тәрбиесіне негіздей отырып, оқулық жазған Ы.Алтынсарин
болды. Ол көшпенді елдің баласына ғылым-білім, өнер үйретуді армандады.
Абай Құнанбаевтың еңбектерін зерделеп қарайтын болсақ, жастарды ерлік
рухта, патриотизмге баулып, намысын, ар-ожданын, адамгершілік қасиеттерін
тудыратын жыр жолдарын кездестіреміз. Оның “Адамзаттың бәрін сүй бауырым
деп” деген сөзі, барша жұртшылықты жауласу, күш көрсету дегенді білместен,
тек тату-тәтті өмір сүруге шақырады.
Қарап отырсақ, қай кезде болмасын халық игілігі үшін еңбек еткен
ағартушылардың, ақын-жыраулардың барлығының мақсат-мүддесі қазақ халқын тек
бірлікке, ынтымаққа шақыру, ешкіммен жауласпау, оқу білімге уағыздау,
адамгершілікті, адал шыншыл болуға, өз Отанын сүюге, отаншылдық,
отансүйгіштік қасиеттерді әр адамның бойына дарытуға ұмтылған. Бұл бүгінде
Қазақстанның, Елбасымыз Н.Назарбаевтың “әр этностың ұлттық сезімін сыйлап,
бірде-бір ұлтпен қарама-қайшылық туғызбау” деген бағытымен үндесіп жатыр.
Осы тұрғыдан, Қазақстан халқының мұраты: еркін халық болу; өзгелермен
терезесі тең мемлекет болу; өз ішінде береке-бірлік пен ынтымақ орнаған
халық болу. Бұл мұратты жүзеге асырудың негізгі шарты – әрбір Қазақстан
азаматының қатардағы қоғам мүшесі деңгейінен мемлекеттің саналы әрі
белсенді азаматы әрі өз Отанының, халқының нағыз патриоты дәрежесіне
көтерілуі.
Отансүйгіштік - азаматтық санамен қалыптасатын қасиет. Азаматтық сана
– біліммен қаруланған, аға ұрпақтың қалдырған мәдени-тәлім мұраларынан
сусындаған, туған жері мен елінің рухани-материалдық, мәдени құндылықтарын
бойына сіңіре білген, ақыл мен парасаттылығы жетілген, жеке мүдде мен
болашақ үшін жауапкершілікті өткен мен келешек үрпақ алдындағы парызбен
ұштастыра білетін, ұлтжанды саналы азаматы болуды талап ететін құбылыс.
Қазақстан Республикасы этномәдени білім беру тұжырымдамасында Бізге
қажетті - жаны да, қаны да қазақы халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт-
дәстүрін бойына ана сүтімен бірге сіңірген, егеменді елінің еңсесін
көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу - деп атап
көрсеткендей, еліміздің елдігі мен бірлігін сақтайтын ұрпақ тәрбиелеу,
білім берудің барлық салаларының алдындағы негізгі міндеттердің бірі.
М.Қозыбаев “Жауды шаптым ту байлап” атты еңбегінде қазақ халқының
басынан өткен ұлт-азаттық қозғалысын, Отан қорғау тарихы, оның кезеңдерін,
халқымыздың ел басқарған көсемдерін, қол бастаған батырларын, олардың
ерліктерін жыр еткен шешен-жырауларын сөз етеді. Тәуелсіздік үшін болған
ата-бабаларымыздың қанды жорықтары, дабылды, дауылды азаттық күрес жолдары,
ел бостандығы, бірлік жолы, ұлтжандылық, ұлттық сананы негізгі арқау етіп
алған. Жұмыстың “Ұлт-азаттық қозғалысының белестері” атты бөлімінде,
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстарын 7 кезеңге бөліп, оның себеп-
салдарын көрсеткен:
І кезең. Қазақ халқының құрамына кірген тайпалардың Ібір-Сібір жұртын
жаулап алуға қарсы азаттық қозғалысы.
ІІ кезең. Қоқан-Хиуа хандықтарына қарсы ұлт-азаттық қозғалыс. Бұл ұлт-
азаттық қозғалыс үш жүзді одан әрі қабыстырды, кіріктірді, біріктірді,
ұлттық дәрежеге көтерді.
ІІІ кезең. Ресейге қосылу кезеңі, бодандыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыс.
ІV кезең. Отарлау саясатына қарсы Сырым Датұлы, Исатай Тайманов,
Махамбет Өтемісұлдарының басқаруымен болған шаруалар көтерілісі.
V кезең. Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.
VІ кезең. ХІХ ғ. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
VІІ кезең. 1917 жылғы Ақпан және Қазан революциясы.
Міне, осылай 1590-1990 ж.ж. арасындағы Ресей, одан қалды кеңестік
империя кезіндегі қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы осындай асулардан
өтті. Бір сөзбен айтқанда, қазақ халқы өзінің ата-баба тарихына
сүйіспеншілікпен қарауға құқықты. Өйткені, біздің ата-бабаларымыз бір сәт
құлдыққа бас сұғып, өзінің отар ел болған болмысына ризашылық білдіріп,
отырып қалған емес. Олар арының тазалығын ту қылып, азаттық жолын қалады.
Ата-баба салты – тарихымыздың үлесі халқымыздың баға жетпес мұрасы.
1.2. Патриоттық тәрбие берудің педагогикалық негізі
Тәрбиенің негізі, оның мақсаты, міндеті, мазмұны, түрі, құрылымы,
әдісі, тәсілі, заңдылықтары, принциптері, құралдары бар. Сол сияқты
қазақстандық патриотизмнің мақсат, міндеті, түрі, әдіс-тәсілі бар. Егер
патриоттық тәлім-тәрбиемізде осы негіздер болмаса ол жәй сөз болып қалуы
мүмкін. Өзін-өзі білмеген адам өзінің кім екенін түсінбейді.
Қазақстандық патриоттық тәрбие бүгінгі өмірден оқшауланбайды, қайта
жаңа өмірмен қауышып ұлттық тәрбиеге жаңа мән береді. Ұлттық тәрбие
дегеніміз ол оқшаулану емес, керісінше ұлттық тәрбие үлгілерімен әлемдік
идеяларды қабылдап, ненің тозық, ненің озық екенін тани білу, өрісі,
дүнитанымы кең азаматтарды тәрбиелеуге мүмкіндік болады деп түсіну қажет
және солай да. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның
отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен
жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті
болып табылады. Балаларды Отанды , туған жерді, өзінің халқын сүюге
тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы"-деген
еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік
мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық", отансүйгіштік", "
патриотизм", ұғымдары сол заманның ақиқаты - наным - сенімінен туындайды.
Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы-
қазақстандық патриотизм болды.
"Қазақстандық патриотизм" ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған
жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді.
Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан
олардың көпшілігінің туған отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар
мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата-жұртым деп
танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға
еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті
өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді.
Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан
азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриотизм - Отан-
анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы
білім пен білікті, ақыл-парастатты ел игілігіне жұмсау, ата-мекен мүддесіне
арнау болмақ. Өз елінің өткенін, тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін
құрметтей білу де осы қазақстандық патриотизм құрамына кірсе керек.
Патриотизм идеясының дамуы Аристотель, Платон, Цицерон есімдерімен
де байланысты.
Цицерон Отанға деген қатынасты патриоттық санадан іздестіреді. “Ең
мәртебелі ой- толғамдар Отанның игілігі жайында болмақ”, -дейді Цицерон
“Мемлекет туралы диалогінде”. 2; 105 .
Патриотизм идеясының дамуына француз материалистерінің , неміс
философтарының да қосқан үлесі мол.
Орыс революционер – демократтары да көптеген құнды идеялар көтерді.
Жүсіп Баласағүни, Қожа Ахмет Яссауи, Әбу Насыр Әл-Фараби, Махмуд
Қашғари т.б. еңбектерінде келелі, пікірлер айтылған.
Асан Қайғы, Шалкиіз, Бұхар жыраулар, Махамбет Өтемісұлы да өз
шығармаларына арқау етті.
Патриоттық сезімді қазақ ағартушылары Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин ,
Абай шығармаларынан да байқауға болады.
Отаншылдық сезім – адамға туа біткен қасиет емес. Ол адамның саналы
өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық , саяси -әлеуметтік құбылыс.
Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен
мәдениетіне , ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын , өзіндік бағасын
түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады.
Осыған орай Н.Ә.Назарбаев, - патриотизмді "әр этностың ұлттық сезімін
сыйлап, бірде-бір ұлтпен қарама-қайшылық туғызбау"- деп белгілеген.
Егемендік алған бастапқы күндерден-ақ патриотизм ұғымы, оның мазмұны
төңірегінде пікірталас жүріп келді. Одан, "ұлттық патриотизм",
"қазақстандық патриотизм" - деген екі ұғымның туындағаны белгілі. Бірақ,
өсіп келе жатқан жас буындарды отаншылдыққа тәрбиелеуде бұл екі ұғымның
қайсысын ұстанған жөн; олардың мазмұндық құрылымы қандай ой-тұжырымдар
жүйесінен тұрады; бұдан былайғы кезде жастарды патриотизмге бұрыннан
қалыптасқан әдіс-тәсілдері, формалары мен мазмұнын қолдануға бола ма?, -
деген сияқты көптеген проблемалар туындап отыр.
Бүгінгідей демократиялық бағыт ұстанып отырған қоғамда, балалар мен
жастардың тағдыры өздеріне, отбасының материалдық ахуалына байланысты болып
отырған жағдайда патриотизмнің маңызын айқындау басты мәселелердің бірі
екені даусыз.
Біздің пікірімізше, өсіп келе жатқан жас буындардың бойында
қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін :әр ұлттар мен ұлыстар
тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз , сонымен қатар олар бір -
бірін танып біліп, құрметтеуі тиіс. Мектеп оқушылары қазақ халқының тарихы
мен мәдениетін, өз болмысында еш бұрмалаусыз танып, білуі шарт. Бастауыш
сынып оқушыларының бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда ана тілі
пәндерінің алатын орны ерекше. Отанын сүйген, елін жаудан қорғау үшін
қасық қаны қалғанша аянбай шайқасатын Қобыланды, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс
тұлғалары, ақын - жыраулардың, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін
сүюге шақырған өлең жырлары , шешендік сөздері бастауыш сынып оқушыларының
бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызы өте зор. Патриоттық
сезімнің объектісі мен қайнар көзі - Отан десек, оның мазмұны: туған жер,
табиғат, оның байлықтары, тіл , дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі
тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық
сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы
патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге
өзінен - өзі келмейтін баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті
сезім. Бұл сезім әркімде әр кезеңде оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола
буыны қатып , тәжірибемен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен,
балабақша, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары, бұқаралық ақпарат
құралдары, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар әсерімен қалыптасады.
Патриоттық сезім тұлғада тәрбие арқылы өсіп жетіліп патриоттық сана түрінде
қалыптасады. Сондай-ақ жеке адам өз ұлтының қасиеттерін бойына сіңіруі
керек. Мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу мәселелерін зерттеген:
С.Ешімханова, Е.Жұматаева, А.К.Ахметов, Д.С.Құсайынова, т. б. ғылыми -
педагогикалық, психологиялық, мектептегі іс-тәжірибелерін зерттеп бақылау
нәтижесінде мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің бағыттары
төмендегідей мәселелерді көздейді: педагогикалық практикадағы
мүмкіндіктерді барынша толық қамтып біртұтас түрде оқушының жеке тұлғасына
ықпал етудің жүйесін жасау; әртүрлі пәндерді оқытуда және тәрбиелік
жұмыстарды ұйымдастыруда тірек болатындай сипатқа ие болу, бұл бағытта жас
буынды патриотизмге тәрбиелеудің теориясы мен практикасына қатысты
қазақстандық, ұлттық тәжірибелермен қоса шетелдік жаңа идеяларды үнемі ашып
іс жүзінде қолдану жолдарына көмектесуі керек.
Мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу мәселелерін зерттеген
ғалымдардың еңбектерінің қорытындылары мен тікелей мектеп практикасындағы
мұғалімдердің іс-тәжірибелерінің нәтижелеріне сүйене отырып, біз мектепте
патриотизмге тәрбилеу -оқушылардың нақты іс-әрекеті, мінез-құлқын
ұйымдастыру, оған бағыт беруді негізге алу керек деп ұйғардық. Патриотизмге
тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір
оқушыда патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда
ғана тиімді болмақ . Сондықтан оқытушылар өз қызметінде біріншіден терең
патриотизм – Отанға, Қазақстанға, өз халқына деген сүйіспешілік; екіншіден
- халықтар достығы идеясын ұстану және насихаттау. Адамгершілікті,
өркениетті патриотизм қашан да халықтар достығының идеясымен,
тәжірибесімен үндесіп жатуы тиіс. Демек патриотизм – қоғамдық сананың бір
формасы, ол қоғам дамуымен бірге дамып, жаңа мазмұнмен толыға түседі.
“Қоғамда Қазақстан - біздің Отанымыз, бұл ұғымға өте көп нәрсе
кіреді деген қарапайым ойды қалыптастыру керек” – деген Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың сөзі терең ойдан туындаған пікір екенін әрқайсымыз
жақсы түсінуіміз қажет.
1.3 Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру жолдары
Қазақстандық патриотизм, қазақстандық интернационализммен, яғни
қазақстандық отансүйгіштік қазақстандық ұлтаралық татулықпен байланысты
деген ұғымды білдіреді. Оның түбінде ұлттық және мемлекеттік идеология
жатыр. Біз осының бәрін қатар алып жүруіміз керек. Ұлттық идеология
дегеніміз-қазақстанда тұрып жатқан әр ұлттың мәдениеті, салт-дәстүрі, тілі,
діні, тарихынан туындайтын көзқарас. Бірақ қазақтың ұлттық идеологиясы
осының көшбастаушы болуы тиіс. Оған негізінен қазақ азаматтары атсалысуы,
көш бастауы керек. Ал мемлекеттік идеологиямыз-ол қазақстанда тұрып жатқан
халықтардың мүддесінен туындаған мемлекет саясаты. Дәлірек айтсақ
“Идеология (идея және логия)-таптар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін
білдіретін қоғамдық сана, саяси, праволық, философиялық, моральдық,
эстетикалық және діни көзқарастар мен теориялық идеялардың жиынтығы”
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің
“Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде”, “Тарих толқынында”
деген еңбектерінде идеялық мәселелерге топтасудың керек екенін айтып,
бірігуге шақырып, бұл міндетті жүзеге асыруда білім берудің, отбасы, еңбек
ұжымы сияқты дәстүрлі институттардың маңызды роль атқаратынын, олардың
ықпалы ерекше тиімді болатынын баса айта отырып, “Біздің тағы бір аса
маңызды идеологиялық міндеттеріміз-Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу,
әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеу. Олай болса, осы міндетті орындау
жолында тәрбие мәселесін қолға алып, ұрпақтарды аздырмай-тоздырмай қазіргі
сауда-сатықтың, алдау-арбаудың ықпалына жібермей, етегіне сүйретпей
еліміздің болашақ өркениетті дамуын алға бастыртатын адамдарын
тәрбиелеуіміз керек”,- Президент.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың “Тарих толқынында” деген еңбегінде
негізінен түркі тектес халықтардың, оның ішінде түркі мәдениетіне, қазақ
топрағында түрлі діндердің болғанын айтқан. Бұл еңбек қазақстандық ұлттық,
ұларалық татулықтың, қазақстандық патритизмнің темірқазығы іспеттес.
Бүгінгі күні ата-бабалар, одан кейінгі ұрпақтардың салып кеткен
жолымен жүріп, сол жолды ары дамыту, өмір жаңалығын ескеру, ескімен жаңаны
ұштастыру Қазақстан халқының міндеті.
Елдің тәуелсіздігі көп нәрсеге ой салдырады. Мұнда тарихи сананы ояту,
жоғалғанын өзіне қайтару, өрлеу дәуіріне жол ашу деген мағына, сондықтан
қазақстандық патриоттық тәрбие деген ұғым тек қана айтыла салатын дерексіз
ұғым емес, ол ең алдымен нақты, өз ұлтына, сонда тұрып жатқан халықтарға
берілген, адал еңбек ете алатын, жалпы халықтық, әлеуметтік мәдениетті
түсініп, білетін соның нұсқаларын өз халқының қажетіне жарата алатын,
басқалары түсіне білетін нағыз адам сүйгіштік, қазақстандық патриоттық
рұхтағы белсенді адамдарды тәрбиелеу үшін керек.
Таза біржақты ұлттық тәрбие-ұлтаралық аразға соқтыруы мүмкін. Әсіресе
патриоттық тәрбиеде бұл ерекше білінеді. Әрине, ұлттық тәрбиені әркім
әртүрлі түсінеді. Кейбіреулер “ұлттық нақыштар сол күйінде болса екен”
десе, ал кейбіреулер “ұллтық тәрбие қазіргі өмірмен байланысты болса екен”,
дейді. Шындығында ескінің жаңамен қауышып жатқаны өміршең келеді.
Қазақстандық патриотизмді еліміздің әрбір азаматтарының санасына сіңіру
кезек күттірмейтін мәселе. Біздің зерттеуіміздің негізінде жалпы халықтық
патриотизм, халықтық модернизация процесінде белсенді араласуы секілді
интегративті қазақстандық патриотизм көрінеді (сурет 1).
Сурет 1 – Қазақстандық патриотизмнің мәні
“Ұлттық тағылым деген ұғым әр халықтың ғасырларға ұласып жатқан тәрбие
үлгісі, бала тәрбиесіне қолданылатын әдіс-тәсілі, үлгі-өнегесі, сондықтан
да ұлттық тәрбие деген сөздің мағынасы әлдеқайда кең”. Себебі ол бүкіл
ұлтқа тән қасиеттердің бәрін қамтиды. Оған әлеуметтік, тұрмыстық,
шарауашылықтық, салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүрлер, тағы басқа ұғымдар
кіреді. Жалпы ұлттық тәрбие арқылы жастарды, кейінгі буынды патриотизмге,
ұлтаралық татулыққа баулуымыз керек.
Бүгінгі Егеменді Қазақстанның жағдайында патриотизм, ұлтаралық
татулық жаңа мағынаға ие болып отыр. Себебі Қазақстанды Отаным деп білетін
әрбір Қазақстан азаматы Қазақстанды сүйіп, соның азаматы болу, Қазақстанды
қорғау, Қазақстанның дамуына, өркендеуіне өз үлесін қосу міндетті. Мұны,
әсіресе, қазақ ұлт өкілдерінен басқа ұлт өкілдері жақсы ұғынуы тиіс.
Қазақстанның патриоты қандай болу керек екенін белгілесек, онда оның
ерекшеліктері мынада:
1. Қазақстанда 130 – дан астам ұлт өкілдері тұрады. Көп ұлтты
мемлекет. Барлығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне ерекше
құрметпен қарайды, шын ниетімен қадірлейді. Қазақстан азаматының
Конститутциялық құқығын сақтайды. Әрбір ұлттың Қазақстанды ортақ үйіміз деп
санай білуі.
2. Қазақстанда тұратын барлық халықтар ұлтына қарамай Отанды
қорғауға дайын болуы. Қазақстан халықтары ассамблеясында қабылданған барлық
шешімдердің іске асуына өз септігін тигізуі.
3. Бұл әрбір азаматтың тек өзінің конституциялық борышын өтеуі ғана
емес, сонымен бірге оның жеке басының қалыптасуы және тәрбиелеу мектебінің
қалыптасуына ықпал етуі.
4. Қазақстан халықтарын ұлы державалық патриоттық сезімге ұмтылғызу
мақсатында қазақстандық ғажайыпқа сендіру, оны мақтаныш еткізу.
5. Қазақстан Республикасының азаматының Отанын қорғауға деген оң
көзқарасын қалыптастырып, Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің әскер
қатарында болатынына ұлттық патриоттық мақтаныш сезімін тудыру.
6. Қазақстан Республиканың әскери доктринасына сай Қазақстан халқының
мүддесін көздеуде патриоттық сезімдерін ояту.
Әрбір халықтың тарихи өмірінде қол жеткізген ең құнды дүниелері –
рухани және адами қасиеттер, құлықтылық (моральдық нормалар) үлгілері бар.
Сондықтан да әрбір жаңа ұрпақ үшін мәнді тәрбие-ұлттық тұрғыдағы тәрбие
үлгісі болып табылады. ¤йткені, мұнда тәрбиенің негізін замандар бойы
қалыптасып келген асыл рухани құндылықтар және биік ізеттілік пен
құлықтылық тұрғысындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жататын, адамның адамдық
қасиетін нығайтып әрі асылдандыра түсетін, халықтың даналық өмір–салтынан
туындап отыратын бұлжымас ережелер мен қағидалар құрайды. Ұлттық тәрбие –
адам өмірінің алтын арқауы. Ұлттық тәрбие жалпы –адамзаттық рухани
құндылықтарды жоққа шығармайды, қайта солармен үндесіп жатады. Бұлар бір-
бірін байытып, құнарландырып отырады. ¦лттық тәрбиеден тереңдеп нәр алған
адам – рухани бай адам. Ондай адам жалпы адамзаттық тұрғыдан мәдени және
рухани құндылықтарды бойына тезірек сіңіреді, сөйтіп, толық әрі кәміл адам
дәрежесіне тезірек жетеді. ¦лттық менталитет – тұнып тұрған рухани қазына.
Халықтың тілі мен мәдениеті болсын, салт-дәстүрі мен наным-сенімі болсын –
мұның бәрі де әрбір халық үшін асыл да қымбатты рухани дүниелер. Әсіресе,
наным-сенімнің әрбір халықтың өмірінде алатын орны өзгеше.
Осы мәселеге байланысты қазақ азаматтарына келетін болсақ, олар
қазақстандық патриотизм, ұлтаралық татулықтың көш бастаушысы болуы тиіс.
Солай болмақ та.
Қазақтың белгілі ақыны Мұхтар Шахановтың “Төрт ана” деген өлеңінде
былай деген:
“Тағдырыңды тамырсыздың індетінен қалқала,
Әр адамда өз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz