Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау әдістемесі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Қазіргі нарық жағдайында өнімнің бәсекелік қабілетін арттыруың теориялық негіздері

1. 1 Өнімнің бәсекелік қабілетінің мазмұны және негізгі түсініктері . . . 5

1. 2 Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау әдістемесі . . . 11

2 “Фудмастер” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бәсекелік қабілетін САРАПТау

2. 1 “Фудмастер ” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің экономикалық қызметін талдау . . . 16

2. 2 Өнім сапасын арттыру - оның бәсекелік қабілетінің негізгі

шарты . . . 25

3 Кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру - бәсекеге қабілетті өнімді шығарудың тиімді құралы . . . 33

Қорытынды . . . 37

қОЛДАНЫЛған әдебиеттер кӨЗДЕРІ . . . 39

Кіріспе

Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемелекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда. Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі бағыты ішкі өндірісті өркендету екені белгілі. Бұл тұрғыда, өнім өңдеудің түпкі кезеңіне дейінгі жұмыстарды қамтитын өндірістік кәсіпорындарға деген жауапкершілік те ұлғая түспек. Осы сияқты кәсіпорындар қатарына тамақ өнеркәсібіндегі сүт өнімдерін өндірумен айналысатын өндіріс орындарын жатқызуға болады. Аталған саланың ел экономикасындағы маңызы оның ішкі нарықтағы азық - түлік қауіпсіздігін сақтауда, мемлекеттің экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуда, отандық өзара байланысты кәсіпорындардың тиімділігін арттыруда және олардың сыртқы өндірушілерге тәуелділігін төмендетуде, ауыл шаруашылығы өнімдерін мақсатты пайдалануда және бәсеге қабілетті өнімдер шығару арқылы мемлекеттің әлемдік нарықтағы беделін арттыруда көрініс табады.

Отандық сүт өндіруші кәсіпорындардың дамуы соңғы он жылдықта үлкен өзгерістерге ұшырады. Кеңестік жүйеде қалыптасқан экономикалық байланыстардың бұзылуы, нақты сектор мен қаржы саласының арасындағы алшақтық, өндірістерді дамытудың бірыңғай, арнайы мақсатты бағдарламаларының жоқтығы, өңдеуші салаларды ынталандыру тетіктерінң қалыптаспауы нарықтық қатынастардың алғашқы кезеңінде бұл сала кәсіпорындарының жетілуіне мүмкіндік бермеді.

Соңғы кездері нақты секторды дамыту бағытындағы басты міндеттер мен қолайлы ортаны қалыптастыру шараларының нәтижесінде жаңа өндіріс орындары ашылып, халықтың тұтыну қажеттіліктерін қанағаттандыра бастады. Әйтсе де, ғаламдық даму үдерімінің қазіргі кезеңінде қолда бар жетістіктерге қанағаттану жеткіліксіз. Тынымсыз ізденіс пен нәтижелі іс - әрекетті арқау еткен әлемдік нарық өндірушілері барынша жаңа нарықтарды игеруге, ондағы тұтынушыларды жаулауға белсене кірісуде. Нарықтың бұл қатал шарты отандық өнім өндірушілердің бәсекелік қауқарын нығайтуды, өнімдердің бәсекелік қыспақтарға төтеп берерлік қабілетін арттыруды, ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысы жоғары өнім өндіруге тиімді әсері бар тетіктерді айқындауды және сол арқылы мемлекеттің азық - түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін шешуді қажет етеді. Бұл жағдай Республика Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында ерекше айтылады: «Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу - негізгі міндетіміз болып қала береді.

Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы, . . . қол жеткіземіз».

Осы курстық жұмысымның мақсаты - сүт өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың қызметтерін жан - жақты сараптай отырып, олардың өнімдерінің бәсекелік қабілеттерін арттыру тетіктерін негіздеу және оларды қолдану бойынша нақты ұсыныстар жасау.

Белгіленген мақсатқа жету үшін осы жұмыста келесі міндеттерді шешу көзделіп отыр:

  • өнімнің бәсекелік қабілетіне қатысты анықтамаларды зерттеу және олардың мазмұнын ашу;
  • нарық жағдайында бәсекелік қабілетке ықпал ететін факторларды анықтау және олардың әсер ету деңгейін бағамдау;
  • бәсекеге қабілетті өнімді қалыптастырудың маңызды тетіктерін айқындау;
  • өнімнің сапалық қасиеттерін жақсарту, кәсіпорынның бағалық саясатын, маркетингтік жүйесін жетілдіру және өндірісті мемлекеттік қолдау тетіктері бойынша сүт өнімдерінің бәсекелік қабілетін арттыру бағыттарын

және оларды шешу жолдарын ұсыну.

  1. Қазіргі нарық жағдайында өнімнің бәсекелік қабілетін арттырудың теориялық негіздеріӨнімнің бәсекелік қабілетінің мазмұны және негізгі түсініктері

Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасуы отандық тауар өндірушілерге шығаратын өнімдерінің бәсекелік қабілетін арттыру мәселесін алдыңғы қатарға қойды. Бәсекелік ортаның дамуы шығарылатын өнімнің сапасын арттыруға, бағаны төмендетуге ықпалын тигізіп, тұтынушылардың кең көлемді сұранысын қанағаттандыруға итермелейді. Бәсекеге қабілетті өнім шығару кәсіпорынның, саланың дамуына ықпал ететін негізгі фактор екенін уақыттың өзі дәлелдеуде.

Өнімнің бәсекелік қабілетінің мазмұны “бәсеке” терминімен тікелей байланысты. Ежелгі латынның “concurrentia” сөзінен бастау алған бұл сөз “қақтығысу”, “тартыс” деген мағыналарды береді. Нарықтық экономиканы дамытудағы бәсекенің мәнін XVIII ғасырда ағылшынның кемеңгер экономисті Адам Смит әйгілі “көрінбейтін қол” қағидасында ашып көрсеткен. А. Смит бойынша бәсеке механизм іспеттес, сол арқылы жеке көзқарастар мен экономикалық тиімділік қалыптасады, салалар арасында игіліктердің тиімді бөлінуі жүзеге асады, пайда мөлшері теңеледі.

Бәсекенің көмегімен нарықты баға арқылы реттеу мағынасын ағылшын экономисті Давид Рикардо өзінің “Саяси экономия қағидалары және салық салу” (1817 ж. ) жұмысында айтып өткен: “тұтыну заңы туралы, оның құны мен оны реттеу заңдылықтары жайында сөз қозғалса, әр уақытта да бәсеке ықпал ететін тауарлардың түрін айтады”.

Джон Стюарт Милльдің көзқарасы бойынша экономиканы дамытуда бәсеке реттеуші роль атқарады: “бәсекенің бағаны, еңбек ақыны, рентаны реттейтін бірден - бір құрал екенін ескерсек, онда ол өзінен өзі заң болып шығады. Сол арқылы осы реттеулер жүзеге асады”.

Құн заңы бойынша К. Маркс былайша пайымдайды: “бәсеке, ең алдымен, бір өндіріс сферасы барысында, әрбір жеке тауар құнынан бірыңғай

нарықтық құн мен нарықтық баға қалыптастырады”.

Бәсекені “жаңалық процедурасы” ретінде белгілі батыс экономисті Ф. Фон Хайек көрсетіп өткен. Ф. Хайектің анықтамасы былайша сипатталады: “ . . . мен бәсекені жаңа дәлелдер ашатын, ол дәлелдерсіз ешкімге танымал болмайтын немесе пайдаланылмайтын процедура ретінде қарастыруды ұсынамын, бәсеке зерттеу процесі ретінде маңызды, ол ізденушілерге істелінбей тұрған мүмкіндіктерді пайдалануына жағдай туғызады . . . ”.

Қазіргі ғалым экономистер өз еңбектерінде бәсекеге қатысты көзқарастарын жаңа ойлармен сипаттап, бәсеке теориясының дамуына үлестерін қосуда.

Гарвард бизнес мектебінің профессоры М. Портер өзінің “Халықаралық бәсеке” кітабында бәсекені - әркез жаңа тауарлар, маркетингтің жаңа жолдары, жаңа өндірістік үрдістер мен жаңа нарықтық сегменттер пайда болатын белсенді және дамушы күш, үздіксіз өзгеріп отыратын ландшафт деп көрсетеді.

Бәсеке тақырыбында өзінің елеулі еңбектерімен ерекшеленген ресейлік ғалым - экономист Р. А. Фатхутдиновтың негіздеуінше: “бәсеке - бұл субъектінің объективті немесе субъективті қажеттіліктерін заңдылық шеңберінде, не қалыпты жағдайда қанағаттандыру үшін бәсекелестермен тартыс барысында жеңіске немесе басқа мақсаттарға жетуде өзінің бәсекелік артықшылықтармен басқару үрдісі”.

ҚР “Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы” Заңында: “бәсеке - рынок субъектілерінің өз бетімен жасаған іс - әрекеттері, тиісті тауар рыногындағы тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) айналысының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының біржақты ықпал ету мүмкіндігін тиімді шектейтін және тұтынушыларға қажетті тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өндіруді ынталандыратын жарыстастығы ” - деп көрсетілген. Жоғарыда келтірілген анықтамалардың барлығы да негізінен “бәсеке” терминінің мағынасын көрсетеді. Ал біздің зерттеуіміздегі өнімнің бәсекелік қабілетінің мазмұнын келесі анықтамалармен кеңірек тоқталып өтуге болады. Көптеген авторлар бәсекелік қабілетті белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған өнімнің сапалық және құндық сипатымен немесе өнімнің нарықта өту мүмкіндігімен байланыстырады.

Мәселен, профессор А. Ю. Юдановтың пікірінше: “өнімнің тұтынушы үшін тартымдылық деңгейі оның бәсекелік қабілетін көрсетеді”. Ал, Г. Л. Азоев және А. П. Челенков “өнімнің бәсекелік қабілеті оның нарыққа ұсынылған ұқсас тауарлармен салыстырғанда тұтынушылардың сұранысына толық жауап беруімен сипатталады” деген анықтама береді.

И. В. Сергеев “өнімнің бәсекелік қабілеті - тұтынушының қажетін өтейтін және сатып алу мүмкіндігіне сай келетін тауардың сапалық және құндылық көрсеткіштерінің жиынтығымен сипатталады және осы тектес бәсекелес өнімдерден ерекшеленеді” - деген пікір білдірді.

И. Н. Герчикованың анықтауынша “ бәсекелік қабілет деп тұтынушының жеке сұраныстарын қанағаттандыратын, бағасы жағынан тиімді және сапасы жоғары, ұқсас тауарлардан айырмашылығы артық тауардың жиынтық қасиетін айтуға болады”.

Р. А. Фатхутдиновтың пікірінше: “бәсекелік қабілет - объектінің нарықтағы ұқсас объектілермен салыстырғанда нақты қажеттілікті қанағаттандыру деңгейі” .

Қазақстандық бір топ ғалымдар бәсекелік қабілетке төмендегідей анықтама береді “бәсекелік қабілет - өнімнің нақты қоғамдық қажеттіліктерге сәйкестік деңгейімен, сондай-ақ, оны қанағаттандыруға кеткен шығындармен бейнеленеді”. Сол сияқты, тамақ өнеркәсібінің бәсекелік қабілетін жүйелі түрде зерттеген ғалым-экономист С. Б. Ахметжанова “бәсекеге қабілетті өнім, бәсекелестердің нарыққа ұсынған ұқсас тауарларымен салыстырғанда, сапасы мен бағасы жағынан ерекшеленеді” деген пікір білдіреді.

Жалпы өнімнің бәсекелік қабілетін екі топ факторлармен анықталатын салыстырмалы сипатпен қарастыру жағдайлары да кездеседі, яғни, өнімнің сапасы мен қарастырылатын өткізу нарығының талаптары арқылы.

Шындығында, өнім бәсекеге қабілетті болуы үшін өткізілетін нарықтың тиісті талаптарына сай, жоғары сапалы болуы тиіс. Алайда, бұл жағдайдың өзі өнімнің бәсекеге қабілетті екендігін көрсетпейді. Бәсекелік қабілет өнімді өткізу барысында басқа тауарлармен салыстыру арқылы анықталады.

Қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейі және оған кететін шығындылық арқылы анықталатын өнімнің салыстырмалы сипаттағы бәсекелік қабілеті тұтынушының бір өнімнен екіншісін жоғары бағалау арқылы анықтайтынын ескермейді. Осыған байланысты, өнімнің бәсекелік қабілеті - оның ұқсас басқа өнімнен айырмашылығында ғана емес, салыстырмалы ерекшелігінің де болуында.

Батыстың қазіргі заманғы бәсекелік қабілет теориясының авторы М. Портер өзінің “Бәсеке стратегиясы” кітабында бәсекелік қабілетті үш стратегия арқылы көрсетеді:

  1. шығындылықты төмендету;
  2. бөлшектеу;
  3. жинақтау.

Бірінші жағдайды қамтамасыз ету үшін ұйым өзінің өнім өндіру шығындылығын, бәсекелестеріне қарағанда, мейлінше төмендетуі керек. Мұндай үнемдеу өндіріс көлемінде, жаңа технологияларды енгізуде немесе басқа да шикізат көздеріне байланысты болуы мүмкін.

Бөлшектеу стратегиясы барлық жағдайға әмбебап болып келеді. Бөлшектеу өнімнің өзінде, оны жеткізу әдістерінде, маркетинг жүйесінде немесе басқа да факторларда болуы мүмкін. Бұл әдістің бірінші стратегиядан айырмашылығы бар, яғни, шығындылықты төмендету тек үнемдеуге ғана қатысты болса, бөлшектеу стратегиясына әр алуан жолмен жетуге болады.

Портердің ұсынып отырған үшінші стратегиясы бар ынтаны қызмет жүйесінің белгілі бір түріне жұмылдырумен байланысты. Бұл сала ішіндегі ауқымы шектелген бәсекеге сүйенеді. Мәселен, ұйым белгілі бір тұтынушылардың талғамына жауап беретін аз ғана өнім шығарып, барлық күш-жігерді осы мақсатқа ғана жұмсайды. Портердің пікірінше, осы аталған стратегияның әрбірі бәсекелік қабілеттің қалыптасуына өз ықпалын тигізуі мүмкін.

Жалпы алғанда, өнімнің бәсекелік қабілеті бірнеше маңызды қасиеттерге ие:

  • бәсекелік қабілет - салыстырмалы шама, яғни ол ұқсас өнімдермен теңестіру арқылы анықталады;
  • ол динамикалық шама, яғни уақытқа байланысты өзгереді, тауардың өмірлік циклына және басқа да жағдайларға тәуелді;
  • әрбір тұтынушының жеке талғамы әрбір өнімнің бәсекелік қабілетіне өздігінше әсер етеді. Сондықтан, өнімнің бәсекелік қабілеті құбылмалы сипатқа ие;
  • бәсекелік қабілет нақты, яғни, ол өнімнің белгілі бір түріне, нарыққа, ҒТП даму деңгейіне, қоғамдық еңбек жүйесіне және т. с. с. байланысты;
  • бәсекелік қабілетке әсер етуге болады, ол оның құндылығын арттыру үшін маңызды.

Өнімнің бәсекелік қабілет деңгейі әртекті және әр бағытта көптеген факторларға байланысты.

Өнімнің бәсекелік қабілетін анықтайтын факторларды екі негізгі топқа бөледі. Олар: субъективті және объективті.

Авторлардың пікірі бойынша, субъективті факторлар өндірушіге байланыссыз, оларға психологиялық және жеке тұлғалық факторлар жатады, мәселен, тұтынушылардың ұстанымдары, әдеті, салты және т. б.

Объективті факторлар өндірушіге тікелей (сапа деңгейі) немесе жанама (сатылған өнімге техникалық қызмет көрсету, делдал ұйымдардың қызметі, т. с. с. ) түрде байланыста болады.

Осы жіктеуге ұқсас, өнімнің бәсекелік қабілетіне әсер ететін факторларды эндрогендік және экзогендік деп бөледі.

Эндрогендік факторлар өндірістік кәсіпорындар мүмкіндіктерін

сипаттайды және өнімнің техника - экономикалық деңгейіне ықпал етеді.

Экзогендік факторлар - әлемдік нарықтың немесе импорттаушы мемлекеттің өнеркәсіптік тауарлар нарығының қажеттіліктерін және тауарға деген сұранысты анықтайды.

Тауарлардың өмірлік циклына байланысты бәсекелік қабілеттің факторларын екі топқа бөледі:

  • өнімді дайындау мен өндіру барысында пайда болатын факторлар - техникалық деңгейі мен дайындау сапасы;
  • өнімді нарықта өткізу процесіне әсер ететін факторлар - тұтынушының сатып алу шығындары мен тұтынушының талабын қанағаттандыру (жеткізу, сатудан кейінгі техникалық қызмет көрсету, т. б. ) .

А. Трибулин бәсекелік қабілеттің факторларын сыртқы, сапалық және экономикалық деп бөледі. Оның пікірінше, сыртқы факторларға экономика мен нарықтың даму тендециялары, ғылыми - техникалық прогресс, тұтыну құрылымындағы өзгерістер, нарық құрылымы және бәсекелестер құрамы жатады. Сонымен қатар, мұнда кәсіпорынның имиджі мен танымалдылығы, өндіруші мемлекеттің беделі де үлкен мәнге ие.

Екінші топ факторларын қазіргі қолданыстағы стандарттар, мөлшерлер, ұсыныстар анықтайтын өнімнің сапа көрсеткіштері құрайды, сол сияқты, өнімнің қауіпсіздігі, ұзақ мерзімге сақталынуы да осы топқа кіреді. Өнімнің сапасын анықтау халықаралық стандарттау ұйымының (ИСО) талабымен жүргізіледі.

Бәсекелік қабілетке әсер ететін үшінші топтағы факторларға, өнімнің өзіндік құны мен бағасын қалыптастыратын экономикалық көрсеткіштер жатады.

Сонымен бірге, өнімнің бәсекелік қабілетіне әсер ететін факторларды бір топ авторлар бағалық және бағалық емес факторларға бөледі. Бағалық факторларға тауарды сатып алу бағасын (жеңілдіктерді, төлеу мерзімін ескере отырып) жатқызуға болады. Ал өнімнің бәсекелік қабілетіне әсер ететін бағалық емес факторларға: өнімнің сапасын, ұйымдастырушылық - коммерциялық жағдайларды, сауда маркасының имиджін және өндірушінің

беделін жатқызуға болады.

Жалпы алғанда, әр кәсіпорын өзінің стратегиялық жоспарларын дайындау кезінде өнімнің бәсекелік қабілетіне көбірек әсер ететін факторларды анықтауға тырысады. Сол арқылы өзінің бар назары мен ресурстарын осы мақсатқа жұмылдырады. Американдық компанияларға 2001 жылғы жүргізілген сұраулар бойынша өнімнің бәсекелік қабілетіне әсер ететін негізгі факторларға келесілерді жатқызған: өнімнің сапасы (сұралғандардың 87%), сервистік қызметтер (43%), өнімнің технологиялық деңгейі (43%), өнімді өткізу жағдайы (42%), өнімнің бағасы (40%), өнімді дайындау мен нарыққа жеткізу аралығы(19%) .

  1. Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау әдістемесі

Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау, бүгінгі күні, өндіруші үшін де, тұтынушы үшін де маңызды. Cебебі, шығарылған өнімдердің өткізу нарығында бәсекелес өнімдерден артықшылығын немесе кемшілігін анықтау, сол арқылы өндірістік стратегиясын белгілеу - өндірушіге, сатып алатын өнімнің осы тектес өнімдерден құндылығын айқындау, сол өнімнің мейлінше тиімділігін бағалау - тұтынушыға қажет.

Бүгінгі таңда өнімнің бәсекелік қабілетін бағалаудың көптеген әдістері мен оларды жүргізу жолдары бар (негізгілері 1 суретте көрсетілген) . Олардың бірқатары өнімді бәсекелес өнімдердің жалпы сипатымен салыстырып талдауға негізделсе, тағы бір тобы индекстік әдіспен бағаланады. Мұндай бағалаулардың негізі болып зерттелетін өнімнің сапалық және құндылық көрсеткіштерін тұтынушы талаптарымен салыстыру саналады. Алайда, тұтынушының талаптары туралы мәлімет алудың біршама қиындығына орай, өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау базалық өніммен салыстыру арқылы жүргізіледі. Бұл үшін нарыққа ұсынылған ұқсас өнімдердің ішінен өтімділігі жоғары, тұтынушылық қасиеттері сенім туғызатын және беделді өндірушінің тауары таңдап алынады. Осы үлгілі өнімнің көрсеткіштеріне салыстырмалы өнім көрсеткіштерінің сәйкестілігі

немесе сәйкессіздігі оның бәсекелік қабілет деңгейін айшықтайды.

Эксперттік әдісті қолданудың көптеген тиімділіктері бар. Ең алдымен, ол - өнімді бағалау кезінде оның негізгі сипаттарын анықтаудың әр алуандығы. Екіншіден, өнімнің қасиеттерін сипаттайтын бағалаушыларды қарапайым тұтынушыдан, білікті маманға дейін тарту мүмкіндігі. Үшіншіден, өнімнің бәсекелік қабілетін нарықтың әр аймақтарында бағалау арқылы, оның сол өңірдегі нақты деңгейін анықтауға қолайлылығы. Алайда, бұл әдіспен өнімнің бәсекелік қабілетін бағалағанда, сарапшыларды таңдау мұқияттылықты қажет етеді. Өйткені, таңдалған әрбір сарапшы алынатын соңғы нәтиженің сапасына белгілі бір деңгейде ықпал етіп отырады.

Өнімнің бәсекелік қабілет көрсеткішін есептеуде оның сапасы мен бағасын бейнелейтін жекелей, топтық және интегралдық индекстерді қолданады. Көп жағдайда қолданылатын бұл индекстердің ерекшелігі, жоғарыда аталған әдістер сияқты, бағаланатын өнімнің әрбір көрсеткіштерін үлгілі өнім көрсеткіштерімен салыстыруында. Яғни, белгілі бір өнімнің артықшылығын төмендегі формуламен бейнелеуге болады:

K = P/C →max, (1)

мұндағы К - өнімнің бәсекелік қабілеті;

Р - тиімділігі (өнімнің сапасы)

С - өнімді алуға және пайдалануға кеткен шығындар.

Интегралдық әдісті есептеу жеке және топтық индекстердің жиынтық шамасымен жүргізіледі. Жеке және топтық индекстер сапалық және құндық көрсеткіштерге бөлек есептеледі және соңында біріктіріледі.

Сапалық көрсеткіштің жиынтық индекстері мына формуламен есептеледі:

I k = ∑ q i a i , (2)

мұндағы I k - сапаның топтық индексі

q i - сапаның i - параметрі бойынша жекелей индексі;

a i - жалпы құрамда i - параметрінің салмағы.

Алынған топтық индекс өнімнің базалық өнімге сапалық қасиеті

жағынан сәйкестігін көрсетеді. Алайда, сапа тұтынушы үшін өнімнің құндылығын толық көрсете алмайды. Сондықтан құндық негізде өнімнің экономикалық параметрлері есептеледі. Тұтыну құны индексімен бейнеленетін талданатын өнім мен базалық өнімнің бағадағы айырмашылығы олардың бағалық бәсекелік қабілетін көрсетеді.

Тұтыну құны тауарды сатып алуға және жеткізуге (пайдалануға) кеткен шығындармен өлшенеді. Бұл көрсеткіш формула түрінде былайша бейнеленеді:

І э = ЦП / ЦП б = ∑ I j f j , (3)

мұндағы ЦП, ЦП б - бағаланатын өнім мен базалық өнімнің тұтыну құндары;

I j , f j - бағаланатын өнім мен базалық өнімнің тұтыну құнындағы

j - түрінің шығыны.

Сапалық және құндық көрсеткіштердің топтық индекстері негізінде, бағаланатын өнімнің базалық өніммен салыстырғандағы бәсекелік қабілетінің интегралдық көрсеткіші төмендегі формуламен есептеледі:

К = I k / І э , (4)

бұл көрсеткіштердің негізгі мәні салыстырмалы өнімдердің арасындағы тұтынушылық тиімділікті бейнелеу. Сапалық және құндық индекстер арасындағы өзгешелік өнімнің бәсекелік қабілетін бағалауға мүмкіндік береді. I k шамасы өскен сайын өнімнің бәсекелік қабілет көрсеткіші де арта түседі, ал І э көрсеткішінің мәні артқан сайын К көрсеткіші төмендейді. Егер алынған мәліметтер нәтижесінде бәсекелік қабілет көрсеткіші К<1 болса, онда бағаланған өнімнің базалық өнімге қарағанда бәсекелік қабілеті төмендеу болады. Ал К>1 болса, онда бағаланған өнімнің бәсекелік қабілеті жоғары. К=1 жағдайда өнімдердің бәсекелік қабілеті бірдей.

Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалауда өзіндік ерекшелігі бар келесі бір әдіс - тұтынушыларға сұрау жүргізу арқылы жүргізілетін әлеуметтік әдіс. Бұл әдіс анкеталық сауал бойынша, өтімі көп өнімді анықтау нәтижесінде тиісті шараларды қабылдауға жағдай жасайды. Көптеген әдістердің ішінде бұл әдіс ең қарапайым және шығыны төмен болып есептеледі.

1 сурет - Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау схемасы

Негізінен, өнімнің бәсекелік қабілеті белгілі бір уақыт аралығында өзгеріп отыратынын ескерсек, онда аталған әдіспен оның деңгейін жиі - жиі бағалауға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық өсу факторы
Денсаулық сақтау (фармация) саласын стратегиялық басқару
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері және анықтау әдістемелері
КӘСІПКЕРЛІК АЯСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕ ЖӘНЕ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
Нарықтық экономика жүйесіндегі кәсіпорын
Бәсекелестік. Алматы нан» АҚ әлеуетін талдау
Ақсай нан НБК ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Кәсіпорынның бәсекелік артықшылығы және бәсекеге қабілеттілігі
Нарықтық экономика және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Мұнай-газ саласындағы бәсеке қабілеттіліктің теориялық аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz