Банктің активтері мен пассивтері


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе 6

1 бөлім. Коммерциялық банктер кызметінің принциптері, функциялары мен жүргізілетін операциялары . . . 7

1. 1. Коммерциялық банк туралы түсінік және оның маңызы, принциптері мен функциялары . . . 7

1. 2. Коммерциялық банктердің пассивтік және активтік операциялары . . . 16

1. 3. Коммерциялық банк операцияларының даму мәселелері бойынша ғалымдар мен тәжірибешілердің ой-пікірлері 27

2. бөлім. Банктің активтері мен пассивтері 30

  1. Банктің ұйымдық-экономикалық сипаттамасы . . . 30
  2. Банктің активтік және пассивтік операцияларын ұйымдастыру 45

3 бөлім. Банктің пассив және актив операцияларын жетілдіру жолдары . . . 56

3. 1. Банктің пассив және актив операцияларын жаңғырту . . . 56

3. 2. Банк қызметіндегі тәуекелдік . . . 70

Қорытынды мен ұсыныстар . . . 79

Қолданылған әдебиет тізімі. . . . 81

Кіріспе

Коммерциялық банктердің делдалдық қызметінің ерекшелігі мынада: басты ерекшелігі ресурстардың қайта бөлінуі карызданушының оларды пайдаланудағы табыстығымен көрінеді. Ресурстарды қайта бөлу карыз алушыға несие берушіден шаруашылық байланыстарының горизонталы бойынша жүзеге асырылады. Қарызға алынған және берілген қаражаттардың төлемі қарыз қаражаттарының ұсынысы мен сұранысының әсерінен калыптасады. Нәтижесінде, шарушылықта қаржы ресурстарының еркін орналасуына қол жеткізіледі. Нарықтық экономиканың озық дамуы мен қалыптасуы үшін коммерциялык банктердің делдалдық қызметінің мәні экономикалык жүйеде өздерінің қызметі арқылы тәуекелділік пен анықталмау деңгейін төмендетеді.

Коммерциялық банктер несиелік ресурстардың сұранысы бар қаржылық

нарықта тек шаруашылықтардағы жинақтарды мобилизациялап қана қоймай, сонымен бірге қаржыларды нәтижелі ынталандыруды қалыптастырады. Ақша қаражаттарын жинақтау мен сақтауға ынталандыру коммерциялык банктердің икемді депозиттік саясатының негізінде қалыптасады.

Коммерциялық банктердің жүргізетін операциялары пассивтік және активтік болып жіктеледі. Банктердің пассивтік және активтік операцияларын жетілдіру жолдарының мәселелері бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы банк жүйесінің өзекті мәселесі болып табылады. Сондықтан да зерттеудің осы тақырып бойынша жасалғаны айқын.

Дипломдық жүмыстың басты мақсаты коммерциялык банктердің пассивтік және активтік операцияларын жүргізу тәжірибесімен танысу, олардың жетілдіру жолдарын анықтап, ғылыми негіздеу. Зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасы банк жүйесінің екінші деңгейіндегі банкісі -«ТұранӘлемБанк» АҚ алынды.

Дипломдық жұмыстың міндеттері;

- коммерциялық банктер қызметінің принциптері мен функцияларын зерттеу;

- коммерциялық банктердің пассивтік және активтік операцияларымен
танысу;

- зерттеу объектісі қызметінің ұйымдык-құқықтық негіздерін қарастыру;
- зерттеу объектісінің қаржы-экономикалық сипаттамасын беру;

- «ТұранӘлемБанк» АҚ пассивтік және активтік операцияларын жүргізу, тәжірибесімен танысу;

- «ТұранӘлемБанк» АҚ пассивтік және активтік операцияларын жетілдіру жолдарын анықтап, оларды ғылыми негіздеу.

Дипломдық жұмысты орындау кезінде Қазақстан Республикасы аумағында коммерциялық банктердің қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілері, «ТұранӘлемБанк» АҚ қаржы есептері, қазақстандық және шетелдік ғалымдар мен тәжірибешілерінің еңбектері қолданылды.

1 бөлім. Коммерциялық банктер қызметінің принциптері, функциялары мен жүргізілетін операциялары

1. 1 Коммерциялық банк туралы түсінік және оның маңызы, принциптері мен функциялары

Несиелі жүйеге сай банктік мекемелер халық шаруашылығына байланысты кезектен тыс қамтамасыз етіледі, яғни коммерциялық бастамаларда, қаржылай қызмет көрсетуде кең ауқымды диапозонда жасалып отыр. Бұл коммерциялық, кооперативтік және жеке банкілер бірлесіп, заңды түрде коммерциялық банк деп аталады.

«Коммерциялық банк» термині бұрынғы этаптан банктік іс деген сөзден туындаған, өйткені бұл кезеңде сауда, тауар айналымы операциялары мен төлемдері болған. Негізгі сұраныс тек саудагерлермен болды. Бұл коммерциялық банк деп аталады. Бірақ өнеркәсіптің дамуына және банктердің басқа да салалық аймақтарына байланысты үнемі қолданылатын термині «коммерциялық» деп аталынып бұрынғы ойы жоғалып қалғандай. Ол банктік істер сипатта аталынып, оның барлық түрлерімен кәсіби шаруашылықта қамтамасыз етіп отыр. Коммерциялық банктер - бұл бұрынғы және несие мекемелерінің жаппай тобы болып саналады. Оның көбісі қаржылай операциялар мен қызмет көрсету саласы бойынша, нарықтық экономикадағы кәсіпкерлер тәжірибе жүзінде орындап отыр.

Қазіргі, коммерциялық банктер әр түрлі өнімдер мен қызметтерінің
көптеген түрін клиентке ұсына алады. Мұндай кең ауқымды коммерциялық
банктер диверсификациялық операциялар арқылы өз клиенттерін жоғалтпай сақтап қалуға тырысады.

Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық банктер өз клиенттеріне әр түрлі қызметтер көрсететін ерекше кәсіпорын. Қазіргі кездерде банктердің клиенттерге ақы негізінде көрсететін қызметтерін жүзеге асырумен байланысты жүргізетін операцияларының дәстүрлі және нарық талабына сай жаңадан пайда болған дәстүрлі емес формалары көбеюде.

Осыған байланысты банк қызметтерінің «коммерциялық сипаты» арта түспек. Сондықтан «коммерциялық» деген термин екінші деңгейдегі банктердің қандай да болмасын меншіктің формасына жататындығымен емес, олардың ақы негізінде клиенттеріне көрсететін қызметтерінің сан алуандығымен байланысты. Коммерциялық банктер - коммерциямен айналасатын ерекше кәсіпорын. Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің классифакациясы: меншіктің формасына байланысты, банк капиталына иелік етуге байланысты, территорияға байланысты кұқықтық ұйымдатырушылық формасына байланысты, операцияларды жүргізу дербестігіне байланысты, қызмет көрсету ауқымына байланысты, капиталының жеткіліктілігіне байланысты. Коммерциялық банктердің құқықтық ұйымдатырушылық формаларының Қазақстан Республикасында қалыптасуы. Коммерцаялық банктердің Қазақстан Республикасында қызмет ету ерекшеліктері, оларды рекапитализациялау саясаты. Банктердің кұру тәртібі.

Коммерциялық банктердің қызметі - клиенттердің тапсырмасы бойынша және солардың пайдасына ақы төлеу негізінде операцияларды жүзеге асыру. Казақстан Республакасында коммерциялық банктерді басқарудың мақсаты, принциптері мазмұны және әдістері шетелдік капиталдың банк секторына енуі.

Қазақстан Республакасы банк жүйесі Ұлттық банктен және екінші деңгейдегі банктерден, яғни коммерциялық банктерден тұрады.

Несие жүйесінің негізін банк жүйесі құрайды. Сондықтан да шаруашылық айналымда несие-қаржылық камтамасыз ету бойынша негізгі салмақ банк жүйесіне түседі. Несие институттарының қызметін реттеуші бірегейлі орган, Қазақстан Республикасының Орталық банкі - Ұлттық банк болып табылады. Қазақстан Республикасының банк жүйесі мынадай ірі банк топтарымен көрсетіледі: мемлекеттік, жеке банктер, біріккен және шетел банктері. Банк жүйесінің қалыптасуы жылдарында мемлекеттік банктер саны елеулі өсті, қазіргі уақытта Ұлттьқ банктен басқа да банктер қызмет етеді. Бұл банктер мемлекеттің талап тапсырмасына сәйкес келетін белгілі бір ерекше қызметтерді орындайды. Әдетте мұндай банктер орта және ұзак несиелендіруді өз міндеттеріне алады. Халықаралық тәжірибеде оларды көбіне даму банктері деп атайды.

Коммерциялық банктер заңмен тиым салынбаған банктік операцияларды жүзеге асыруға құқылы заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым. Қазақстан экономикасының нарыктық арнаға бұрылуы ақшаның, несиенің және есеп-айырысу рольдерінің артуынсыз мүмкін емес. Нарықтық экономикада банк жүйесінің үш бірлікті маңызы бар. Біріншіден, коммерциялық банктердің дамыған жүйесі төлемдер жүйесін басқарады. Коммерциялық мәмілелердің көпшілігі әртүрлі банк салымдары арасында қаржылардың қайта бөлінуі жолымен жүргізіледі. Екіншіден, басқа қаржы делдалдарымен қатар банктер тұрғындардың жинақтарын өндірістік, коммерциялық өріске бағыттайды. Қаржыларды инвестициялау процесінің тиімді жүзеге асырылуы елеулі дәрежеде, банк жүйесінің ақша ресурстарының, оларды пайдаланудың тиімді тәсілдерін таба білетін заем алушыларға бағыттау қабілеттілігіне тәуелді. Үшіншіден, коммерциялық банктер ақша-несие саясатына сәйкес, экономикалык жүйедегі айналыстағы ақша мөлшерін реттейді.

Коммерциялық банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ерекшелейтіндей белгілі бір қызметтерді орындаудан көрінеді. Банкілік қызметті клиент мүддесіне банктің белгілі бір іс-әрекеттерді орындауы деп сипаттауға болады. Кез-келген банк өнімінің негізіне белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру жатады. Коммерциялық банктердің негізі дәстүрлі қызметтеріне әлі күнге дейін салымдарды тарту және несие беру жатады. Осы қызметтерден сый ақылар бойынша айырмадан қомақты пайда табады.

Бүгінде әмбебап коммерциялық банктер банкілік қызметтің және қаржыі қызметтерінің әртүрлі тараптарын қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Еліміздің коммерциялық банктері өз клиенттерінің шаруашылық қызметін қамтамсыз етумен байланысты несиелік, есеп-айырысулық және қаржылық қызметтердің барлық түрлерімен айналысады.

Коммерциялык банктер - негізінен екі деңгейде банктік жүйеге бөлінеді.

Бүгінгі таңда коммерциялық банктер әр түрлі елдерде, әр түрлі құрылыммен, әр түрлі жеке қатынастарды қарастырады.

Ең бастысы, орталық банктерден айырмашылығы құкықтық банкнот эмиссияның қатынасып, пайда болуы. Қоммерциялық банктер арасында екі түрлі, яғни әмбебап және мамандандырылған банктер.

Әмбебап банкі - барлық немесе банктік операциялардың барлық түрлерін жүзеге асырады: кысқа мерзімге несие беру немесе ұзақ мерзімге несие беру, бағалы қағаздармен операциялар жасау, қордың барлық түрлерін қабылдау.

Арнайы мамандандырылған банк - керісінше, немесе бірнеше банк қызметінің түрлеріне мамандандырылады. Жекелеген елдерде банктік заңдылықтар банктерге операциялардың кең көлемде жүзеге асыруына кедергі жасайды. Сонда да, жеке арнайы операциялардан түскен табыс басқа операцияларды жүргізу қажеттігіне міндеттелмейді. Арнайы мамандандырылған банктерге жататындар: инвестициялық банк, ипотекалық банк, жинақ банк, тұтыну несие банктері, салалық банктер, ішкі өндірістік банктер.

Несие жүйесінде банктің бір түрден екінші түрге көшуін тенденция ретінде түсіну қажет. Әмбебап банктер, басшылыққа алынатын кейбір елдерде көптеген арнайы банктер бар. Керісінше, арнайы банктері басшылыққа алынған елдерде соңғы жылдары әмбебаптық жүйеге ауысуы байқалуда. Бұл өзі жекелеген елдерде банктік заңдылыққа сәйкес соңғы банктік операцияларға ауытқуы кеңейіп, ірі банкке айналады. Банктерді мамандыру принциптерін иемденетін елдерге мыналар жатады: Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Италия. Әмбебапты жүйеге келтіру принципі Швейцария, ФРГ, Австрия елдерінде басшылыққа алынады. Алайда, статистика көрсетілгендей, көптеген капиталистік елдердегі мамандандырылған және әмбебап банктер арасындағы ерекшеліктер көп жағдайда күрделі және даулы жағдай болып табылады. Тіпті, статистикаға сәйкес мамандырылған банктер басшылық ететін елдерде де, нақты түрде олардың көпшілігі әмбебап банктерге айналдырылған.

Коммерциялық банктердің негізі қызметтері мыналар:

1. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау;

2. Экономиканы және халықты несиелендіру ;

3. Қолма-қолсыз есеп-айырусыларды ұйымдастыру және жүргізу.

Коммерциялық банктердің делдалдық қызметінің ерекшелігі мынада: басты ерекшелігі ресурстардың қайта бөлінуі қарызданушының оларды пайдаланудағы табыстығымен көрінеді. Ресурстарды қайта бөлу қарыз алушыға несие берушіден шаруашылық байланыстарының горизонталы бойынша жүзеге асырылады. Қарызға алынған және берілген қаражаттардың төлемі қарыз қаражаттарының ұсынысы мен сұранысының әсерінен қалыптасады. Нәтижесінде, шарушылықта қаржы ресурстарының еркін орналасуына қол жеткізіледі. Нарықтың экономиканың озық дамуы мен қалыптасуы үшін коммерциялық банктердің делдалдық қызметінің мәні экономикалық жүйеде өздерінің қызметі арқылы тәуекелділік пен анықталмау деңгейін төмендетеді.

Коммерциялық банктер несиелік ресурстардың сұранысы бар қаржылық нарықта тек шаруашылықтардағы жинақтарды мобилизациялап қана қоймай, сонымен бірге қаржыларды нәтижелі ынталандыруды қалыптастырады. Ақша қаражаттарын жинақтау мен сақтауға ынталандыру коммерциялық банктердің икемді депозиттік саясатының негізінде қалыптасады.

Коммерциялық банктердің экономикалық рөлін бағалау жағдайында мынаны ескеру қажет: несиелік операциялар тұтынушыларға өнімді шығару мен өндірістің көлемі мен үздіксіздігінің жоғарлауына сәйкестеледі; несие айырысу операциялары тұтынушылармен өнімді төлеу процесін жүзеге асыруға негізделеді. Сондай-ақ есеп-айырысу операцяларының қатысушыларының арасында өзара бақылау; бағалы қағаздармен операциялар және сауда және өндіріс қызметтерін дамыту үшін қаражаттар ағымын жоғарылатады; кассалық операциялар және олардың реттелуі қолма-қол ақша айналысының жабдықталуын жақсартуға мүмкіндік береді.

Нақты қолда бар ресурстармен қызмет ету коммерциялық банктің бірінші және маңызды принципі болып табылады.

Басқа банк пайдасы үшін коммерциялық банк қолма-қол ақшасыз төлемді жүзеге асырады, өзінің корреспондеттік есеп шотта қалған қалдықты қолма-қол ақшамен ала отырып, басқа банктерге несие береді.

Қолда бар нақты ресурс шегінде қызмет ету негізінде коммерциялық банк ресурстар арасындағы сәйкестікті және несие салымын ғана емес, сонымен қатар банк активіндегі специфико мен жинақталған ресурстардың сәйкестігін қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе мерзімге байланысты. Егер банк қысқа мерзімге қаражат тартса, бірақ оны ұзақ мерзімді саудаға салса, онда дер кезінде міндетті төлемді төлеуге қауіп төнеді.

Банк активтерінің тәуекелділігі жоғары ссудалары жеке меншік құралының бөлшек салмағының көбеюін талап етеді. Банк активі мен пассиві арасындағы тәуекелділік банк қызметінің экономикалық нормативін анықтау және операцияларды реттеу кезінде анықталады. Осы және банктің спецификалық операциялары банк пассив құрылымымен байланысты. Сондықтан осы операцияларды жүргізбес бұрын, алғаш сатысында пассивті құраушы көзге көңіл бөлу керек.

Нақты қолда бар ресурс шегінде актив операциясын жүргізгенде административті еркін әдіспен шектелмейді. Административті шектеу біртекті, күтпеген сипатқа ие. Оны жүйелі қолдану коммерциялық банк қызметі негізін үзеді, сондықтан оның бағыты, реттеу басымдылығы экономикалық шектеуге берілуі тиіс.

Қолда бар нақты тартылған ресурстен жұмыс жасау принципі -коммерциялық банк фундаменті сияқты оның барлық акцентін ауыстырады: банктің депозит тартуға қызығушылығы өседі, пассив үшін бәсекелестік дамиды, мемлекеттік банктің административті жолынан босататын несие ресурсының қозғалысы дамиды. Пассив үшін күрес өзінің ресурсын орналастыру үшін тиімді сфера іздеуін тұрақтандырады.

Банкте нақты капиталдың рентабельді және динамикалық сатыға көшуі жүреді. Сонымен қоса банктің несие жоспарлауы да өзгереді. Коммерциялану бұл несие жоспарынан бас тарту деген сөз емес, керісінше, оның мағынасы -ағымдағы перспективті жоспардың өлшеусіз өсуі. Бірақ жоспарлау негізінен банк салымы емес, ресурсы құрайды.

Өтімділікті қамтамасыз ете отырып, нақты тартылған ресурс шегінде қызмет еткенде коммерциялық банк экономикалық жауапкершілікпен қатар жоғары экономикалық еркіндік сатысына ие бола отырып өз қызметінің нәтижесіне жауапты.

Екінші маңызды принципті - өзінің қызметі нәтижесіне жауаптылығын айқындайтын толық экономикалык өз беттілігі, оның негізінде коммерциялық банк қызметі топталады. Экономикалық өз беттілік негізінде меншік қаражаты мен тартылған ресурстарды еркін пайдалану, салымшы мен клиентті таңдап алу еркіндігі, салық төлеуден калған кірісті пайдалану жүзеге асырылады. Банктің заң шығарушы органдары коммерциялық банктерге өз кірістері мен қорларын жұмсауға экономикалык еркіндік берді.

Салық төленіп болған соң, банктің пайдасын бөлу жалпы акционерлер жиналысымен шешіледі. Жиналыс банктің әртүрлі қорларға есептесу мөлшерін, акция бойынша дивиденті белгілейді. Коммерциялық банктің экономикалық жауапкершілігі оның ағымдағы кірісімен шектелмейді және оның капиталына байланысты. Коммерциялык банк міндеті бойынша банкке тиісті қаражат пен мүлікке жауап береді. Коммерциялық банк барлық өзінің операция тәуекелділігін өз мойнына алады.

Үшінші принципі коммерциялық банктің клиенттермен өзара

қарым-қатынасын арықтық қатынас ретінде құралады. Коммерциялық банк ссуда бере отырып, нарықтық пайдалылық тәуекелділік, өтімділіктен шығады.

Мемлекеттік көзқараспен коммерциялық банк сипатымен сәйкес емес, өтімділік дағдарысына ұшырайды.

Төртінші принципі коммерциялық банк қызметін реттеу, қосымша экономикалық әдіспен жүзеге асырылады. Мемлекет "ойын тәртібін" коммерциялық, банктерге анықтап береді, бірақ бұйрық бере алмайды.

Коммерциялық банктер ең маңызды функциялардың бірі несиеде делдалдық қызметін жеке тұлға пайдасының және кәсіпорынның қор айналымы процессінен уықытша босаған ақша құралының қайта бөлумен жүзеге асырылады.

Коммерциялық банктің делдал функциясының маңыздылығы ресурсты қайта бөлудің басты критериясы болып қарыз алушының пайдалылығы табылады.

Ресурсты кайта бөлуді жүзеге асырғанда несие беруші мен алушы арасындағы шаруашылық байланыс қолданды, жоғары тұрған банк құрылымының қатысуынсыз, оның төлемділік және қайтарылу жағдайында осы функция атқарылады. Осы қарызға деген сұраныс ықпалымен қарызға берілген құралға төлем құралады. Нәтижесінде нарықтық қатынасқа сай еркін қаржы ресурсының орналасуына қол жетеді. Нарықтық экономиканың жемісті дамуында коммерциялық банктің делдал функциясының маңызы зкономикалық жүйеде анықталмағандықтан кызмет тәуекелділігін төмендетуде көрінеді. Несие беруші мен алушы арасындағы ақша құралының қозғалысын банктің қатысуынсыз жүзеге асыра алады, бірақ берілген, ссуда мен ақша жоғалу тәуекелдігі жоғары, өйткені олар өздерінің төлемсіздік қабілеті жөнінде хабарсыз, ақша құралының көлемі мен мерзімі қажет ақшаның, мерзімі мен көлемі сәикеспейді. Ссудаға берілетін қаражатты коммерциялық банк өзіне таратады, сөйтіп банк есеп шотындағы акшаның активтің ақша иелерінің тәуекелділік жиынтығын төмендетеді.

Коммерциялық банктің екінші маңызды функциясы шаруашылықта қорлануды ынталандыру.

Экономиканы қайта құру кұрылымының жүзеге асырылуы ішкі шаруашылық қорлану мен пайдалануына байланысты. Экономиканың құралуы үшін шетел инвестициясы емес, олар қаражаттың негізгі бөлімін құрау керек.

Оның өткен дамулары бірден-бір өндірушілерге және басқа субъектілерге шаруашылық өмір ұсынбады тұрғындарды ресурс қорлану мен жинақтау ынтасын коса алғанда, кәсіпорын үшін кірістің қорлану және тұтыну бөлігі алынған дерективті жоспарлауымен, орнатылады.

Тұрғынтардың кірістің жоғары емес деңгейінде корлануға ынтасы төмен деңгейде болды, ал тұтыну нарығының, теңестірілуі ең төменгі деңгейге түсті.

Қаржы нарығында коммерциялық банк несие ресурсына сұраныспен шыға отыра, олар шаруашылықта бар жинағын жинақтап қана қоймай, ағымдағы кажеттілікті шектеу негізінде қаражатты қорландыру үшін жеткілікті әрі тиімді құру керек. Ақша құралын жинақтау мен қорландыру ынтасы коммерциялық банк депозиттік саясаты негізінде құралады.

Салым бойынша жоғарғы пайыз төлене отыра, несие берушіге банкте қорланған ресурстың орналасуына үлкен кепіл сенімділік қажет. Кепіл болып міндетті сақтандыру салымының кұралуы табылады, ол "банк және банк қызметі туралы заңда" көрсетілген.

Салымшыға сақтандыру депозитімен қатар, коммерциялық банк қызметі туралы ақпарат алу, қандай кепілдік бере алады, сол туралы ақпарат салымшы үшін маңызы бар. Несие берушінің қаражатын пайдаланбас бұрын, ол банктің қаржы жағдайы туралы, болашақтағы, салым тәуекелділігін бағалай білу керек.

Елімізде бағалы қағаз нарықтың әлі дүрыс дамымауына байланысты, ағымдағы жыл Ішіндегі банк салымы қаржы ресурсының жинақталған нысаны түрінде экономиканың жетілуіне жүмсалады. Банк мақсаты тартылып ресурстың бір нысанын тауып, сол арқылы клиенттерді ресурстарды, қорлану мен жинақтауды эдетке айналдыруды ойластырып, нарық заңы. бойынша дамьга келе жатқан экономиканың инвестициялық мүмкіндігін анықтау.

Банктің үшінші функциясы банк субъектілері арасындағы төлемде делдал қызметі нарыққа көшу кезінде жаңа мазмүнға ие. Мемлекеттік монополия бүкілхалықтық меншік жағдайында субъектілер арасындағы барлық есеп айырысулар бір мемлекеттік банк арқылы жүргізілді. Соған сай есеп айырысудың нысаны, төлем тәртібі, екі жақ жауапкершілігі бір

1. 2. Коммерциялық банктердің пассив және актив операциялары

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:

- Ақылы негізде салымдарды (депозиттерді) тарту;

- Клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;

- Қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттармен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;

- Инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;

- Заңда көрсетілген тәртіп пен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді) ;

- Төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;

- Ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзге де міндеттемелерді беру;

- Тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассациялық (факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;

- Банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;

- Клиенттер үшін құжаттармен бағалылықтарды сақтандыру бойынша қызметтер (сейфтік бизнес) ;

- Коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз (форфейтинг) ;

- Клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару) ;

- Банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;

- Лизингтік операцияларды жүзеге асыру.

- Банктік қызметтермен байланысты кеңес беру қызметтерін көрсету;

- Қазақстан Республикасының ¥лттық банкімен берілген лицензиясына
сәйкес басқа да операциялар түрін жүзеге асырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің өтімділігін және тәуекелділігін басқару
Банк тұрақтылығы негізіндегі банк өтімділігі
Банктік тәуекел түрлері. Функционалдық тәуекел: стратегиялық, технологиялық
Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар
Банк өтімділігін басқару әдістері
Банк секторының қаржылық
Қазақстандық банк секторының меншікті капиталының жағдайын талдау
Екінші деңгейлі банктердің пайыздық тәуекелін басқару
Банк тәуекелдерін басқару және оларды бағалау
Қазақстанн Республикасының коммерциялық банктерінің өтімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін талдау мен бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz