Инновациялық оқыту әдістемесі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

1. ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ (Инновациялық) технологияның теориялық және методологиялық негіздемесі . . . 4

  1. Жаңа педагогикалық ( инновациялық) технология - өзара әрекеттесу, әрекет арқылы үйрену . . . 4

1. 2 Инновациялық технологиялардың негізгі қағидалары . . . 7

1. 3 Инновациялық оқыту әдістемесі . . . 8

2. ХИМИЯЛЫҚ БІЛІМ ЖҮЙЕСІН ҮЗДІКСІЗ ЖЕТІЛДІРУ . . . 17

2. 1 Химиялық білім жүйесін қалыптастыру . . . 17

2. 2 Химиялық білім берудің элементтері. . . . 19

2. 3 Орта мектепте химия пәнінен модульдік жүйемен оқытуда деңгейлік тапсырмаларды дайындау ерекшеліктері . . . 20

3. Педагогикалық іс - тәжірибе нәтижесі және оны талдау . . . 26

3. 1 Химияны активті түрлерімен оқыту әдістемесі . . . 26

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 32

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Президент Нұрсүлтан Назарбаев Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқыған «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» атты лекциясында «Жеке тұлғаны функционалдық әзірлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшу жүріп жатыр. Жаңа тұжырымдама білім берудің даралық сипатын көздейді, ол әрбір нақты адамның мүмкіндіктерін және оның өзін-өзі іске асыруы мен өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндік береді» [1] . Мұндай философиялық ұстаным бүгінгі күні бүкіл әлемде жүріп жатқан жоғары мектеп реформасының негізін құрайды. Осы тұрғыда орта мектепте оқу процесінің негізін жаңа педагогикалық (инновациялық) технологиялар құрайды. Инновациялық оқыту технологиясы арқылы білім беру көп сатылы үрдістен тұрады, интербелсенді тақтаны пайдалана отырып оқушылардың химиялық білім денгейін көтеру, сонымен қатар қызығушылығын арттыру.

Курстық жұмыстың мақсаты: Бейорганикалық химия сабағында инновациялық технологиялар тұрлерін интербелсенді тақтаны қолдану арқылы сабақ жұргізуде оқушылардың химиялық білім денгейін және қызығушылығын арттыру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

1. Қазіргі кезде оқушылардың санасына қоғам байлығы хал-ахуалдың толыққанды болуы мен анықталатындығын сезіндіре, ұғындыра отырып инновациялық технологиялармен оқыту және тәрбиелеу;

2. Бейорганикалық химия сабақтарында білім мен тәрбие беру жүйесінде интербелсенді тақтаны пайдалану;

3. Жекелеген тақырыптарға арналған ғылыми инновациялық мазмұндағы бейорганикалық химия сабақтарында өткізу.

1 ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ (Инновациялық) технологияның теориялық және методологиялық негіздемесі

1. 1 Жаңа педагогикалық (инновациялық) технология - өзара әрекеттесу, әрекет арқылы үйрету

Бүгінгі күннің басты ерекшеліктерінің бірі «Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттігін 2006-2010 жылдарда дамыту тұжырымдамасында» келтірілгендей, ақпараттың «ақылға симайтын шамадан тыс, оны игеруде адамның биологиялық мүмкіншіліктерінен артық» мөлшерде дамуы [6] . Сол себепті де оқыту қысқа мерзімде ақпараттың көлемді бөлігін тиімді түрде ұсынатын, сол ақпаратты жоғарғы деңгейде игеретін және практикада бекіте алатын әдістерді қолдануды талап етеді.

Бұл талап білім саласында инновациялық өзгерістерге әкеліп, оқудың/оқытудың негізі ретінде тұлғалық дамуды қарастырады, өйткені динамика мен өзгерістерге толы ақпараттық дәуір экономикасы адамның білімді әрі білікті тұлғасына тәуелді, өйткені бұл дәуірдің идеологиялық, әлеуметтік, саяси сұраныстары адамнан келесідей құзырлылықтарды талап етеді:

- ақпараттың ішінен өзіне қажеттісін таңдап, оны пайдалану;

- проблемаларды шешу және шешім қабылдау;

- өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру, оларды дәлелдей және қорғай білу;

- социумда ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас құра білу, бірлесе жұмыс жасай білу, жанжалдарды болдырмау;

-өмірге деген көзқарасын, ұстанатын сенімдерін, қажеттіліктерін, құндылықтарын жалпы адами құндылықтармен байланыстыру;

- өздігімен үйрене білу, өз білімін әрқашан да дамытып отыру.

Егерде дәстүрлі «білім беру» өз мақсаты мен мағынасын нақты белгіленген білім жиынтығын игерумен шектесе, тұлғалық даму мен өздігімен білім құрастыруды негізгі идея деп пәндер емес, ойлау мен рефлексияға негізделген құрауы керек деп түсінеді. Ал инновациялық технологиялар мен тәсілдер үйренушілердің тұлғалық тұрғыдан өзіндік және дербес түрде дамуына әкеледі, оларды өз мүмкіншіліктері мен ұстанған құндылықтарын түсінуге және бағалауға жетелейді.

Инновациялық оқыту - әрекетпен және әрекет арқылы оқыту, ал мұндай ұстаным қомақты нәтижелерге жеткізетін ең тиімді жүйе деп есептелінеді, өйткені адамның жадында бірінші мезетте тек өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасағаны ғана қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций (Кун-цзы) былай деген екен: «Маған айтып берсең - ұмытып қаламын, көрсетсең - есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң - үйренемін!» [7] .

Инновациялық технологиялар арқылы білім алушылар келесідей білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:

- терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;

- өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;

- ақпаратты өздігінен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алу;

- ақпаратты жан-жақты талдау;

- өздігінен жаңа түсінік пен білім құрастыру;

-оқу барысында жеке басының құндылықтары мен сенімдерін қалыптастырып, белсенді өмірлік позиция (көзқарас, дүниетаным) ұстану;

- пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;

- басқа да балама пікірлерді ескеру;

- шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;

- ортақ жұмысқа жұмыла білу;

- басқалармен тиімді қарым-қатынас құру, өзара әрекеттесу Бұл біліктер тұлғаның тұрақты қасиеттеріне айналып, тек белгілі аудиторияда орын алып қана қоймай, сонымен бірге өмірдің басқа да жақтарынан тиянақты түрде көрінеді.

Дәстүрлі оқытуда басты мақсат «нәтиже» болып, ұстаз өзінің барлық күш-қайратын «үйретуге» бағыттайды, шәкіртті қорытынды нәтижеге ең қысқа жолмен жетелеуге тырысады. Мұнда оқытудың нәтижелігі бірінші кезекте ақпаратпен байланыстырылады: үйрету процесі оқушыға ақпарат «беруге» бағытталады, оны жаңа мәліметпен қамтамасыздандырумен шектеледі. Дәстүрлі оқытуда білім беру процесі көп жағдайда оқушының сабаққа «таза парақ» күйінде келіп мұғалімнің оны сабақта біліммен «толтырумен» айналысатын құбылыс деп түсініледі. Шәкірт сабақта ғана жаңа білім алып, сабақтан кейін оны бекіту жұмысымен ғана айналысады.

Ал инновациялық оқыту басты назарды «процеске», яғни үйрену процесінің өзіне, оқушылардың «қалай» және «қандай» әдіс-тәсілдер арқылы үйренетіндігіне аударады. Мұндағы мақсат - оқушылардың өзара белсенді әрекеттер арқылы өздігімен білім игеруінде, оны ізденуінде, құрастыруында. Мұндай сабақтарға шәкірттер «таза парақ» күйінде келмей, алдын-ала дайындалып келеді, олар сабақ басында тақырып бойынша өз түсініктері мен пікірлерін жүргізеді, өзге пікірлерді тыңдап, балама көзқарастарды ескереді, Басқаша сөзбен айтқанда, шәкірт өмірде әр адамға қажетті білік-дағдыларды қалыптастырады. Ал сабақтан кейін сол білімдерін өздігімен дамыта түседі [8] .

Сол себепті де инновациялық оқытуда үйренушілер келесідей әрекеттерді атқаруға дайын болуы керек:

- бірлескен жұмыс;

- танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік тұрғыдан белсенділік таныту;

- бастамашылдық;

- кері байланыс жасау;

- проблема шешу, шешім қабылдау.

Инновациялық оқыту барысында үйренушілер әрқашанда белсенді болып, өзіндік пікір қалыптастырып, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге, өз көзқарасын дәлелдеуге, пікірталас жүргізуге, басқаларды тандауға, өзге пікірді сыйлауға және онымен санасуға үйренеді. Мұндай сабақтарда бір ғана дұрыс жауап болмайды, өйткені басты мәселе дұрыс жауапты табуда емес, керісінше үйренушінің жеке тәжірибесіне негізделген іздену процесінің өзі болып табылады (кесте 1) .

Кесте 1. Инновациялық оқытудың негізгі қағидалары мен мақсаттары

Қағидалар
Мақсаттар
Қағидалар:

Орта

қалыптастыру

Мақсаттар:

- Білім алушы оқып/үйренуде өз әрекеттерінің жемісті екендігін сезінетін жағдайлар жасау;

- Үйренушілер арасында ашық, еркін, шығармашылық қарым-қатынас орнату;

- Үйренушілерге білімді дайын күйде бермей, оны ізденуге бағыт-бағдар сілтеу.

Қағидалар:

Әрекет арқылы

үйрету/үйрену

Мақсаттар:

- Үйренушілерге білімнің өзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді түрде меңгерілетіндігін дәеледеу;

- Үйренушілерді белсенді әрекеттерге баулып, олардың білім игеру әрекеттерін ұйымдастыру.

Қағидалар:

Өмірмен

байланыстыру

Мақсаттар: - Үйрету/үйренуді рактикалық әрекеттерге негіздеу, пән мен тақырыпты күнделікті өмірде туындайтын проблемаларды шешу деп қарастыру.
Қағидалар:

Өзіндік пен

дербестікке баулу

Мақсаттар:

- Үйренушілердің дайын жауаптарын қанағат тұтпай, оларды ой-толғаныс арқылы өзіндік пікір құрастыруға, проблема шешуге өзіндік тұрғыдан жауап табуға ынталандыру;

- Үйренушілерде сыни және аналитикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру (күмәндау, өзіндік түсінікке ұмтылу, ақпараттан әртүрлі мағынаны көре алу, дәлелдеме келтіру) .

Инновациялық оқу/оқыту орындарда келесі жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы жүзеге асырылады:

- бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл аудиторияның),

- жеке және бірлескен зерттеу жұмыстары,

- рөлдік және іскерлік ойындар,

- пікірталастар,

- ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, Интернет, интербелсенді тақта, мұражай, т. б. ),

- шығармашылық,

- кейс-стади,

- презентациялар,

- компьютерлік оқыту бағдарламасы,

- тренингтер,

- интервью,

- саулнама, т. б.

Инновациялық оқу/оқыту бірлесе үйрену идеяларын ұстанғандықтан, бұл жерде әсіресе бірлескен топтық жұмыс әдістерінің маңызын баса айту керек: олар өзін-өзі мен басқа адамдарды танудың тиімді құралы болып табылады, дүниетаным қалыптастырып, тұлғаның өзіндік дамуы мен басқалардың іс-әрекеттері мен олардың себептерін түсінуге ықпал жасайды. Топтық жұмыстар барлық үйренушілердің жұмысқа белсенді қатысуын қамтамасыз етеді. Мұндай жұмыста шәкірттер өздерінің коммуникативтік дағдыларын (тыңдай білу, ортақ шешім қабылдау, жанжалдарды болдырмау) іс жүзінде қолданады, өздері «ойнап шығады». А. Маслоудың идеялар бойынша Н. Сандерс оқу/оқытудың кейбір тәсілдерін қолданғанда мәліметтің 24 сағат ішінде есте сақталуы туралы кесте жасаған (кесте 2) [9] .

Кесте 2. Оқытудың кейбір тәсілдерін қолданғанда мәліметтің 24 сағат ішінде есте сақталуы.

Тәсілдер
Есте сақталу мөлшері
Тәсілдер: Дәріс
Есте сақталу мөлшері: 5 %
Тәсілдер: Оқу (мәтін, кітәпты оқу)
Есте сақталу мөлшері: 10 %
Тәсілдер: Аудио- және видео құралдарды қолдану
Есте сақталу мөлшері: 15 %
Тәсілдер: Көрсету (жобалар, кестелер, басқа да көрнекіліктер)
Есте сақталу мөлшері: 30 %
Тәсілдер: Пікірталас
Есте сақталу мөлшері: 50 %
Тәсілдер: Практикалық іс-әрекеттер
Есте сақталу мөлшері: 75 %
Тәсілдер: Үйренген білімді дереу қолдану, басқаларды үйрету
Есте сақталу мөлшері: 90 %

Бірлесе үйрену әрбір үйренуші танымның (оқу, үйренудің) ортақ мағынасына және қорытынды нәтижесіне өз үлесін қосып, басқалармен өзінің білгенімен, идеяларымен, ойларымен алмасады, тиімді нәтижеге (білімге) қандай бірлескен үйрену әрекеттері арқылы жете алатындығын анықтайды.

Мұндай қарым-қатынастағы бірлескен әрекеттер бірін-бірі жақтыру, өзара сыйласымдық пен қолдау атмосферасында өтіп, тек қана жаңа білім игеруге жағдай жасап қана қоймай, сонымен бірге таным процесін ынтымақтастық пен бірлесу деңгейлеріне көтереді, яғни қарым-қатынас пен негізі нысаны диалогты танымның басты құндылығына айналдырады.

1. 2 Жаңа педагогикалық (инновациялық) технологиялардың негізгі қағидалары

Нидерландтық ғалым Карл ван Парререн келтірілген төмендегі қағидалар қазіргі күнгі инновациялық (интербелсенді) технологиялардың идеялары мен практикасын толығымен келтіреді [10] .

1-қағида. Білім алушылардың үйренуге деген тұрақты қозғаушы күш (мотивация) қалыптастыру.

Мотивацияны білім алушылардың жеке тәжірибесіне негіздеу керек.

2-қағида. Диалог арқылы уйрету/үйрену.

Оқытушы білім алушылармен «жоғарыдан төмен» қарай қарым-қатынас орнатпай, олармен тығыз ынтымақтастықта болады.

3-қағида. Қадағалау арқылы уйрету/үйрену.

Оқу әрекеттерін үнемі бақылау, яғни мониторинг және диагностика жасау: қажет болғанда білім алушыларды түзетін және қуаттап отыру керек.

4-қағида. Білім беру мазмұнын қажетті оқу бірліктеріне және мақсаттарға бөлу.

Бұл ұстаным білім алушылардың әртүрлі таным және білім деңгейлерін ескеріп, көп варианттарға негізделеу керек. Сонда ғана білім алушылардың түрлі категориялары өздерінің танымдық мүдделері мен қызығушылықтарын қалыптастыра алады.

5-қағида. Оқу мазмұнын уйрену/үйретуге, пән мен тұлғаға бағытталған әрекеттермен қамтамасыздандыру сан алуан деңгейлерде жүзеге асырылуы керек (материалдық, танымдық, саналық) .

Таным процесінің негізін белсенді әрекеттер құрайды, адам тек әрекет арқылы ғана үйрене алады.

6-қағида. Үйренуде қажетті қарқын және соған сәйкес тәсілдер (мысалы, оқу, сөйлеу, жазу, компьютерлік тілдер, графикалық үлгілер мен символдар) таңдалуы керек.

Таным процесі оңайдан күрделіге қарай ойысып, қарым-қатынас пен өзіндік түсініктің қажетті құралдармен қамтамасыздануы керек.

7-қағида. Үйрету мен білім игеруде көмектесу білім алушылардың оқу тапсырмаларын қандай деңгейде орындағанына байланыста оқытушының сырт көзбен пайымдаған мінездемесіне сүйенбей, олардың нақты қабілеттеріне (мәселен, қарым-қатынас жасау және ойлау әрекеттері, өз тәжірибесін жүзеге асыра білу) негізделеуі керек.

Білім мазмұны оқытушы тұрғысынан субъективтік тұрғыдан анықталмай, үйренушінің мүдделерінен туындауы керек.

8-қағида. Үйренушілердің ой-толғанысы (рефлексия) мен өздерінің даму жетістіктерін бағалау білуі (құзырлылық сезімі) .

Баға қоюды (мәселен, бес балдық немесе жүз балдық жүйемен) оқытушы мен үйренушілер бірлесе құрастырып, қабылдаған бағалау талаптарымен (критерийлермен) алмастыру қажет.

9-қағида. Үйренушілердің өзіндік тұрғыдан жасалатын жұмыстарына қажетті тапсырмаларды алдын-ала дайындау

Осы әрекет арқылы үйренушілердің әрекеттерін, сөздерін, ойларын үйренішті қалыптан басқа жаққа бұруға болады.

10-қағида. Үйренушілердің бастамашылдығы мен шығармашылығын ынталандыру.

Бұл арқылы үйренушілердің танымдық қабілеттерін едәуір көтеріп, олардың оқу мазмұнына тереңірек үңілуіне ықпал жасауға болады.

11-қағида. Субъективтікті қалыптастыруға ықпал жасау.

Бұл ұстаным үйренушілердің оқу материалын жағымды тұрғыдан қабылдап, өзін-өзі анықтауына, өз әрекеттеріне деген жауапкершілігіне, өзіндік тұрғыдан өмір сүруіне бастайды.

12-қағида. Білім алушылар аудиториясында әлеуметтік қасиеттері басым және қоғамға кіріктірілген үйренуші тұлғасын қалыптастыруға бастайтын жағдайларды қамтамасыздандыру.

«Оқудың басты мақсаты - тұлға қалыптастыру» деген қағиданы растайтын ұстаным.

1. 3 Инновациялық ОҚЫТУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Инновациялық оқу дәстүрлі оқытудың негізгі идеялары мен үстанымдары болып келген авторитарлық пен үстемдікті, үйретушінің мызғымас беделін, монологты, сырттан (үйретуші тарапынан) күштеуді демократиялық коммуникациямен алмастырады.

Іскерлік пен ынтымақтастыққа, үйренушілердің мүдделері мен қызығушылығын ескеріп, өзара силасымдылық пен тәуелділікке, бірлескен іс-әрекеттерге негізделген мұндай қарым-қатынас үйренушілерге саналы және ерікті түрде білім ауқымын айкындап, оқу/үйренудің нысандары мен әдістерін өздігімен таңдау мүмкіншілігін беру арқылы олардың өз біліміне деген жауапкершілігін нығайтады. Сол себепті инновациялық оқуда/оқытуда келесі шарттарды қадағалау міндетті деп тану керек:

- жағымды психологиялық орта орнату,

- үйренушілерде білім игеруге деген қызығушылықты (мотивация, ынта, ұмтылыс) тудыру,

- білім игеруде үйренушілерді сәттілікке бағыттау,

- білім игеру процесін коммуникативтік процесс деп түсініп, бірлескен әрекеттерді колдану.

Бүгінде білім игеру процесінде ортаның маңызы дау тудырмайтын аксиома іспеттес. Американдық философ Джон Дьюи білімді тәжірибе деп түсініп, оны құрастыруда ортаның алатын орнын ерекше атап кеткен: «Тәжірибе индивид пен оны қоршаған ортаның әрекеттесу процесінде пайда болады». Ал қоршаған ортаны Джон Дьюи «жеке бастың қажеттіліктері, қалаулары, мақсаттары және қабілеттерімен әрекеттесу арқылы тәжірибенің іске асырылуын қамтамасыз ететін қандай да болмасын ситуация» деп атайды [13] .

Интербелсенді тақтаны қолдану барысында үйренушілер қомақты нәтижелерге өзара қарым-қатынас пен әрекеттесу, бірлескен әрекеттер арқылы жететіндігін біледі, сол себепті де олар үйренудің нәтижесіне деген өз жауапкершіліктерін түсінеді. Сондықтан мұндай сабақтарда жағымды психологиялық климаттың, сенім атмосферасының алатын орны аса маңызды. Интербелсенді оқуда/оқытуда оқытушы бұрынгыдай барлық күш-жігерін үйретуге жұмсамай, оқушылардың бірлесе отырып, өздігімен білім алуына тиімді жағдайлар жасайды.

Ғұлама ғалым Альберт Эйнштейн кезінде «Мен өз шәкірттерімді ешқашанда үйретпеймін; мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын» деп айтса, суда жүзу бойынша он бір Олимпиада чемпионын дайындаған атақты австралиялық жаттықтырушы Фред Корлайль «Мен чемпиондарды даярлап шығармаймын, мен тек жеңімпаздар қалыптасатын орта дайындаймын» деген екен.

С. Мирсейітова егер «сыныптағы ортада оқушылар арасында еркін қарым-қатынас, өзара әрекеттесу мен ынтымақтастық қалыптасып, оқушыларға өзіндік идеяларды ұсыну мүмкіншілігі берілсе, онда олар ешнәрседен қаймықпай, берілген тапсырмаларды ынтамен орындайды» деген ұйғарым жасап, әрі қарай былай деп жазады: «Мұндай сыныпта мұғалім қуаттаушы (фасилитатор) болып, таным процесін бағыттайды, олар өздерін үйренуші деп таниды, әр оқушының жеке тәжірибесі, әлеуметтік қарым-қатынас пен ізденуге негізделген орта құрады». Мұндай орта таным, ізденіс және еркін пікір алмасуға жағдай жасайды және әрбір үйренушіге өз білімі мен сыныптағы барлық оқушылардың біліміне жауапкершілікті жүктейтін, тіл және басқа да коммуникативтік құралдар бірлесе проблема шешу мен жаңа идеяларды зерттеу социумы болып табылады [14] . Мұндай орта педагогтардың негізгі ұмтылысына айналады: «Білім берудің басты мақсаты - ешкімге ұқсамайтын дербестігі, рухани әлемі, шығармашылық потенциалы бар адамның қалыптасуы мен дамуы үшін орта құру» [15] .

Бұл секілді ортада бірінші кезекте жағымды психологиялык климат құрылады, яғни оқушылар тобының (аудитория, сынып) ішінде тұлғаның жан-жақты дамуы, бірлескен өнімді әрі тиімді жұмыс жасауына қолайлы тұлға аралық қатынастар мен жағдайлар жасалады.

Жағымды психологиялық климат топ (аудитория, сынып) құрамына кіретін үйренушілердің еркіндігін меңзейді. Бұл еркіндік өзара сыйласымдық, жолдастық, бір-біріне бейімделу және бөтен пікір мен көзқарастарды жағымды тұрғыдан қабылдау мен оларды түсінуге деген ұмтылыстан, оларға төзе білуден тұрады.

Оқушылар тек осындай жағдайда ғана оқу процесінде тиімді сипаталатындығын түсінуі керек. Жағымды психологиялық климат құру - әр сабақтың және жалпылама алғанда бүкіл білім игеру процесінің басты мақсаты. Үйренушілер әр сабақта жағымды атмосфераны орнатуға ұмтылу - жақсылық пен ізгілік нышаны деп түсіну абзал 16. Үйренушінің оқуға деген ықылас-ынтасы, ниеті мен зауқы болмаса, оқу нәтижесінің мардымды болуы екіталай. Француз жазушысы Анатоль Франс кезінде «Тамақ тек зор тәбетпен ішкенде ғана сіңеді» деген екен. Оқу мотивациясы дегеніміз дэп осы сияқты білімге, білуге деген «тәбет».

Мотивация - әр үйренушінің білімге деген қажеттілігі мен мұқтаждығы, құлшынысы мен үмтылысы, ынтасы мен көңілі, қызығушылығы мен құмартушылығы, оның білім процесінде алдына қойған мақсаттары мен мүдделері.

Мұнда басты мәселе әр үйренушінің жеке «Мен»-імен байланысты, яғни мотивация үйренушінің білімге деген қатынасымен тікелей байланысты болып, оқу процесінде шәкірттің үйрену әрекеттерімен айқындалады.

Мотивацияның түрлері:

1. Танымдық мүдделер

1) Кең ауқымды мотивтер

  • білім алу;
  • кәсіп алу, маман болу.

2) Оқу-танымдық мотивтер

- білім игеру тэсілдерін меңгеру,

- белгілі бір тақырыпты (ақпарат, мәлімет, ұғым, пән, білік, дағды, машық, құзырет) игеру.

2. Әлеуметтік мүдделер

1) Кең ауқымды

- қоғам (адамзат, Отан, жанұя, үжым, т. б. ) алдындағы борыш пен жауапкершілік,

- білім алудың әлеуметтік маңызын түсіну жауапкершілігі.

2) Қоғамдагы өзінің орнын табу (Абай айтқандай: «Сен де бір
кірпіш . . . Дүниеге кетігін тап та, бар - қалан!»)

  • белгілі бір мақсатқа жету,
  • басқа адамдардың ішінен белгілі бір позицияны иемдену,

- қоғамда беделге, материалдық құндылықтарға, атақ, лауазым, абырой, даңқка, мақтау мен марапаттауға ұмтылу.

3) Әлеуметтік қарым-қатынас

  • қоғамдагы басқа адамдармен қарым-қатынас құру,
  • карым-қатынастың тиімді тәсілдерін меңгеру.

Әрбір үйренушінің оқу мен үйренуге (алдағы сабаққа, қарастырылатын тақырыпқа, өткізілетін шараға, т. б. ) деген қызығушылығын бірінші мезетте оның жеке тұлғасына, жеке өміріне, жеке басының мұң-мұқтаждарына, қажеттіліктеріне және мүдделеріне жүгіну арқылы ғана оятуға болады.

Оқушылар әр сабақ пен тақырыптың өз өміріне, оның ішінде өзінің түлға және маман ретінде дамуына тікелей қатысы бар болып, елеулі пайда әкелетіндігін білгенде ғана таным процесіне белсене араласады. Сол себепті де студенттің «мен» сезімі арқылы оның оқу материалына қызығушылығын тудыруға болады.

Қызығушылықты ояту дегеніміз оқуға деген «тәбетті» шақыру іспеттес, онсыз білімнің «сіңірілетіні» екіталай немесе «сіңірілу» саналы және ерікті түрде болмайды. Үйренуші игерілетін білімге тек өзінің тікелей қатысы бар екендігін сезінгенде ғана оған именуге, зер салуга, оны қарастыруга дайын болады [17] . Басқаша сөзбен айтқанда, қызығушылықты ояту дегеніміз қажеттіліктерді айқындау.

Қызыгушылықты ояту арқылы үйренушілерді келесідей әрекеттерге баулуға болады:

- Үйренушілер өздерінің бұрынғы жеке білімін айқындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математикадан логикалық есептер жинағы
Қазіргі бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру мазмұнын теориялық тұрғыда негіздеу
Бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетінің теориялық негіздері
Қазақ тілі сабағында қазіргі педагогикалық технологияны қолдану
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық жағдайлары
ИНСТИТУТТЫҢ ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕРМЕН ЖАҢАША БАЙЛАНЫСЫ
Европалық білім кеңістігіндегі білім сапасын арттыру жұмыстарына салыстырмалы-педагогикалық талдау
Қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесі
Оқыту процесіндегі жаңа технологиялар
Химияны оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz