Бөлшек тауар айналымы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4

1. Шағын сауда кәсіпорындарының теориялық негіздері

1.1 Шағын сауда кәсіпорындары, оның түрлері және даму
тенденциялары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-7

1.2 ЖІӨ-дегі сауданың
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .8-11

2. ҚР –дағы шағын сауда кәсіпорындарының қызметтерін талдау

2.1 Қазақстандағы шағын сауда кәсіпорындарының қызметтері ... ... ... ... 12-
14

2.2 Қазақстан бойынша шағын сауда алаңдарының құрылымы ... ... ... ... .15-
18

2.3 Сауданы мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау ... ... .19-
23

3. Шағын сауда кәсіпорындарын орналастыруды жоспарлау жүйесін енгізу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24-29

4.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 30- 31

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
32

Кіріспе

Сауда басқа салалармен өзара тығыз байланысты және елдің барлық ауқымында
және сыртқы экономикалық қызмет шеңберінде тұтынушыларға (ұйымдарға,
халыққа) тауарлар мен қызметтерді жылжытуды қамтамасыз ететін экономиканың
функционалдық секторы болып табылады. Сауданың жүйе және қазіргі заманғы
дамыған бизнес ретіндегі тиімділігі маркетингке, логистикаға шығындарды
азайтуға және түптеп келгенде, көтерме және бөлшек сауда бағасын
төмендетуге басқа салаларға мүмкіндік бере отырып, барлық экономика үшін
мультипликативтік нәтиже береді. Нәтижесінде, ішкі сауданы дамыту
тауарлардың ішкі өндірісінің өсуіне жәрдемдеседі.
Ішкі сауданы дамыту үшін қазіргі заманғы пішімдердегі сауда алаңдарының
санын және бөлшек саудадағы жалпы айналымда олардың үлесін ұлғайтуды
ынталандыруды, электрондық сауданы дамытуды, шалғайдағы, әсіресе, ауылдық
жерлердегі өндірушілерді тауар қозғалысының негізгі арналарымен
жақындастыруды, сауданың ашықтығын арттыруды және нарық қатысушыларын
хабарландыруды, сондай-ақ оның қатысушыларының кәсіби деңгейін арттыруды
болжайды. Сыртқы сауда саясатында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру,
саудадағы кедергілерді жою, өндірісті дамытуды және әлемдік сауда
кеңістігіне ықпалдасуды ынталандыру үшін рәсімдерді оңтайландыру мақсатымен
Кеден одағы елдері шеңберінде саясатты жетілдіру көзделіп отыр.
Курстық жұмыс өзектілігі. Қазақстандағы сауда саласын болжамды жаңғырту оны
сауданың қазіргі заманғы халықаралық талаптарына сәйкес келтіруге және ең
аз транзакциялық шығындармен тауар қозғалысының тиімді үдерісіне
жәрдемдесуге бағытталған. Шараларды іске асыру халықтың қажеттіліктерін
тиімді қанағаттандыру түрінде (тауарлардың физикалық қолжетімділігі,
тауарлардың бағалық қолжетімділігі, тауарлар мен қызметтердің жоғары
сапасы) өндірушілер үшін де (ауқымды географиялық қамту, үлкен өткізу
қабілеті, жүйенің төмен үлестік шығындары) және тұтынушылар үшін де тиімді
дистрибуцияны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Кәсіпкерлікті қолдап, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту әлемдегі
бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енуге бет алған Қазақстан
үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өркениетті елдердің барлығы
да өздерінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуде шағын кәсіпкерлік
нысандарына арқа сүйейді.
Курстық жұмыс мақсаты. Шағын сауда кәсіпорындарын басқару шағын және орта
кәсіпкерлік төңірегінде көптеген мәселелердің көтерілуі оның экономикадағы
маңыздылығын дәлелдейді. Статистика агенттігінің мәліметтерінде
республиканың біраз аймақтарында ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі мен
сауда саласындағы кәсіпкерліктің дамуы байқалғанымен, өндіріс саласының
даму қарқыны төмен екені көрініп отыр. Сонымен қатар, сыртқы әлемдік
ортадағы қаржылық дағдарыстың жүруі Қазақстан экономикасы үшін даму
тұрақтылығын сақтаудағы іс-шараларды іске асыруды қажет етеді. Сондықтан,
индустриалды-инновациялық саясаттың аясында өндірістік шағын және орта
кәсіпорындардың дамуы аймақтарда өмір сүрудің және әлеуметтік-экономикалық
дамудың маңызды факторына айналуда.
Курстық жұмыстың міндеттері.

- Шағын сауда кәсіпорындары, оның түрлері және даму тенденциялары

- ЖІӨ-дегі сауданың орны

- ҚР –дағы шағын сауда кәсіпорындарының қызметтерін талдау

- Қазақстандағы шағын сауда кәсіпорындарының қызметтері

- Қазақстан бойынша шағын сауда алаңдарының құрылымы

- Сауданы мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау

- Шағын сауда кәсіпорындарын орналастыруды жоспарлау жүйесін енгізу.

Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі - ҚР-дағы шағын сауда кәсіпорындарының
қызметтерін талдау

Курстық жұмыстың құрылымы- Кіріспе, шағын сауда кәсіпорындарының теориялық
негіздері, шағын сауда кәсіпорындарын орналыстыруды жоспарлау жүйесін
енгізу, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі.

1. Шағын сауда кәсіпорындарының теориялық негіздері

1.1 Шағын сауда кәсіпорындары, оның түрлері және даму тенденциялары

Шағын сауда кәсіпорындары – түпкі тұтынушының жеке қолдануы үшін тауарды
сату мен қызмет көрсету жөніндегі іс-әрекет. Бөлшек сауда өнімді тұтынушыға
жеткізу процесін аяқтайды. Ол үшін арнайы сауда орындарының болуы
қажет.Бірақ дүкендердің болуы бөлшек сауда үшін міндетті түрдегі шарт емес,
өйткені тауарды пошта, телефон, интернет және тағы басқалары арқылы да
өткізуге болады.
Шағын сауда кәсіпорындарының тарихы 20-жылдары өндіріс шығарған барлық
заттарды табуға болатын жалпы дүкендерден басталған. Кейінірек арнайы
дүкендер мен супермаркеттер және күнделікті сұраныс дүкендері пайда болды.
Соңғы жылдары бөлшек сауданың жаңа түрлері, өнімді даналап сататын
автоматтар, телефон және теледидар арқылы сату пайда бола бастады. Бөлшек
сауданың сан алуан цикілділігін бөлшек сауда дөңгелегі деп атайды.
Шағын сауда кәсіпорындарының қызметтері оның мақсаттарымен анықталады:
Тауарды сатып алу мен оның ассортиментін қалыптастыру;
Тұтынушылардың сұранысын, талғамын, қалауын зерттеу;
Өндірушіні оның өніміне деген сұраныс барысы туралы ақпаратпен қамтамасыз
ету;
Тұтынушыларға тауардың сапасы мен ерекшеліктері туралы ақпарат беру;
Қызмет көрсету. Кәсіптік түрде сатып алу туралы шешім қабылдануына әсер
етеді. Техникалық заттарды сатудағы және оны сатып алғаннан кейінгі қызмет
көрсетудің маңызы жоғарлайды.
Шағын сауда кәсіпорындары түрлері меншік нысандары бойынша –
мемлекеттік және жеке меншік; ұйымдық құрылымы бойынша – негізгі компания,
оның филиалдары, еншілес кәсіпорындар; тұтынушының сатушымен байланысу
әдісі бойынша – толық қызмет көрсететін дүкен, шектелген қызмет көрсететін
дүкен, өзіне – өзі қызмет ететін дүкен; сауда орнының көлемі бойынша – ірі,
орташа, кіші көлемді дүкендер; ассортимент құрылымы бойынша – арнаулы және
әмбебап дүкен, баға саясаты бойынша (арзан, орташа бағалы, қымбат бағалы,)
және орналастыру ыңғайына байланысты болады.
Шағын сауда типтері
Өткізетін өнімдердің түрлеріне байланысты бөлшектік дүкендер азық-түлік
сататын және азық-түлік сатпайтын болып бөлінеді.

ІІ. Тауарлық ассортимені бойынша дүкендердің мынадай типтері бар:

Супермаркеттер – үстеме бағасы жоғары емес, алуан түрлі тауар ассортименті
бар, тұтынушылары өзіне-өзі қызмет көрсететін үлкен дүкендер. Олар орта
есеппен саны 12 мыңға жететін түрлі өнімдерді сатады. Оның ішінде азық-
түлікпен қатар, күнделікті өмірге қажет заттар да бар. Супермаркеттің
ауданы400 шаршы м. немесе одан да үлкен болуы мүмкін.

Суперсторлар. Сауда ауданы орта есеппен 3-тен 5мың шаршы метрге дейін
жетеді. Тұтынушыларға ұсынатын тауарларының саны супермаркеттерге қарағанда
2 есе көп. Көлемі жағынан орташа супермаркеттен 2 есе үлкен, көптеген
қызмет, түрлерін көрсетеді. Олардың асортиментінде азық-түлік және азық-
түлік емес тауарлары бар.

Гипермаркеттердің сауда ауданы 10 мыңнан 50 мыңға дейін шаршы етірге
жетеді. Супермаркеттің көпшілік тауар дүкендерінің, көтерме сауданың
негізгі қағидаларын ұстанады. Ол азық-түліктің көптеген түрлерін, азық-
түлік емес тауарлардың кейбір түрлерін (шаруашылық тауарларын, киім және
тағы басқалары) ұсынады. Оларда мейрамхана, ойын бөлмелері, балаларға
арналған бөлмелер бар. Тауарларды арзан бағамен сатады. Мысалы: АҚШ-тағы
Wal-Mart Алматыдағы Рамстор – Бутя дүкендер жүйесі.

Cash&Carry дүкендері. Ауданы – 400 шаршы м. жоғары. Жұмыс күшін үнемдеу
арқылы тауарларын ұсынады.

Арнаулы дүкендер – тауарлардың жеке топтарын алуан түрлі ассортиментін
ұсынатын дүкендер (киім - кешек, аяқ-киім, және т.б.).

Универмагтар. Басқаларға қарағанда сан алуан тауар түрін ұсынады.

Көпшілікке арналған тауарлар дүкендері. Бағасы универмагтар мен арнайы
дүкендердегіден төмен, сан түрлі ассортименті тауарларды ұсынады. Мысалы,
АҚШ-тағы Kmart магазині.

Ыңғайлы дүкендер. Үй жанында орналасқан, күні-түні мен жұмыс істейтін,
тауар ассортименті өте аз, шығындары жоғары болғандықтан, тауар бағасы
жоғары болады.

ІІІ. Бағасы бойынша дүкендердің келесі түрлерін көрсетуге болады.

Дисконтты дүкендер (Tagret). Тұтынушы өзіне-өзі қызмет ететін, бағасы
төмен, сан түрлі ассортиментті тауарларды ұсынады.

Қойма клубтары. Қоймаға ұқсас ғимарата орналасқан, қызметтер ықшамдалған
дисконтты дүкендер. Тұтынушылар клуб мүшелері болғандықтан, мүшелік жарна
төлей отырып, тауарды арзан бағамен алады.

Қойма-дүкен. Қойма – клубтарына ұқсас. Бағасы біршама арзан (кемітіп
сатады), көрсететін қызметтері аз қарапайым сауда орны.

ІV. Қызмет көрсету түрі бойынша бөлшек сауданы мынадай түрлері бар:

Пошта арқылы сату (Директ-мейл);
Автоматтар;
Тапсырыстар қызметі;
Шығарып сату саудасы.
Шағын сауданың осы аталған түрлерінің мәні туралы тікелей маркетинг
бөлімінде айтылады.

V. Жеке меншікке байланысты бөлшектік сауда мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Корпарациялық жүйе – екі не оданда көп бөлшек саудагерлердің иесі бір
компания болғандықтан, сатып алулар орталықтандырылған түрде жүргізіледі.
Корпорациялық жүйелер көбінесе әмбебап және арнаулы дүкендерді (азық-түлік,
киім-кешек дүкендері, дәріханалр) қамтиды. Тауар айналысы үлкен
болғандықтан, олар тауарларды ірі көлемде және едәуір арзан бағаға сатып
алады.

2. Ерікті жүйелер – әйгілі сауда маркасымен сауда жасайтын бөлшек дүкендер
одағы. Сатып алу көлемін және сату көлемін ұлғайту мақсатында құрылады.

3. Тұтынушылар кооперативтері. Тұтынушылар иелігіндегі дүкен кооператив
мүшелерінің қаражаттарына құрылады. Басшылардың өздері таңдайды, саясатын
белгілейді. Мұндай дүкендерде арзан баға белгіленуі мүмкін, кооператив
мүшелері сату көлеміне байланысты өз пайыздарын алады. [1.77]

1.2 ЖІӨ-дегі сауданың орны

Классикалық нарықтық экономикалық жүйеде сауда қызметі тауарлар мен
қызметтерді шығару мен тұтыну арасындағы делдалдық (тарату) функциясын
орындайды. Сондықтан, қазіргі заманғы нарық жағдайында сауданы дамыту
сұраныс пен ұсыныстың дамуына, тауарлардың ішкі өндірісінің өсуіне және
халықтың сатып алу қабілетінің ұлғаюына тікелей тәуелді болады.

ЖІӨ-дегі сауданың үлес салмағы. Сауда секторы көптеген елдерде маңызды
экономикалық және әлеуметтік рөлді орындайтын деп танылған.

Әлемде орта есеппен алғанда, сауданың ЖІӨ-дегі үлесі шамамен алғанда, 10%,
ал жалпы жұмыспен қамтуда 13% құрайды (Eurostat, US Census деректері).
Ресейде сауда үлесі ЖІӨ-нің – 20%, Словенияда – 13%, Нидерландта – 13%, АҚШ-
та шамамен 12%, Қытайда 8% құрайды.

Қазақстанда ЖІӨ құрылымында сауда 1998 – 2009 жылдар кезеңінде 12 – 13% ЖІӨ
құрай отырып, үшінші орын алды.

Халықты жұмыспен қамтудағы сауданың үлес салмағы. Саудада елдің барлық
жұмыспен қамтылған халқының 14,8% жұмыс істейді. Бұл ретте, Қазақстанның
саудасындағы жұмыспен қамтылған халықтың саны жыл сайын орта есеппен
алғанда, 33 мың адамға өсу үрдісі бар. Мәселен, егер 2005 жылы саудада
жұмыспен қамтылғандардың саны 1 038,5 адамды құраған болса, ол 2009 жылы –
1 170,6 мың адамды құрады, ол бұл сектордағы еңбек өнімділігінің артуын
растамайды, өйткені ЖІӨ құрылымындағы сауданың үлесі өзгеріссіз қалды.

Дереккөзі: ҚР Статистика агенттігі

Саудадағы жұмыспен қамту көрсеткіші экономикада жұмыспен қамтылған жалпы
халықтың 10% құрайтындығы АҚШ-та (15%), Ұлыбританияда (15%), Францияда
(13%), Словакияда (19%), Нидерландта (17%), Польшада (15%) және Ресейде
(17%) бар екенін атап өту қажет.

Салық түсімдеріндегі сауда. Соңғы жылдары салық түсімдерінің құрылымында
үлкен бөлік тау-кен өндіруші өнеркәсіпке тиесілі, оның үлесі 2009 жылы
шамамен 52,6% құрады.

Дереккөзі: ҚР Қаржы министрлігі

Екінші және үшінші орындарда өңдеуші өнеркәсіп және жылжымайтын мүлікпен
операциялар нық тұр. 2005 – 2008 жылдар кезеңінде салық төлемдері
құрылымында алымдардың көлемдері бойынша 4 орын алды, бірақ 2009 жылы оның
үлесі құрылыс (5,9%), көлік және байланыс (5,4%) үлесімен шамамен тең
болды және 5,3% құрады.

Саудадағы жұмыспен қамтылғандардың үлесін ескере отырып (14,8%), салық
түсімдеріндегі 5,3% мөлшеріндегі оның үлесі салаға сәйкес келмейді және
әкімшілік ету проблемаларын, көлеңкелі сектордың болуын, салық салудың
оңтайландырылған режимі арқылы іске қосылған үлкен үлесін, оның
салыстырмалы төмен тиімділігін көрсететіндігін атап өту қажет.

Ішкі сауда.

Әлемдік бөлшек сауданың жалпы айналымы шамамен 14,5 трлн. АҚШ долларына
тең, одан шамамен 30% Батыс Еуропа елдерінің үлесіне, тағы

25% АҚШ-тың, 2% – Ресейдің үлесіне келеді. ҚР Статистика агенттігінің
деректеріне сәйкес 2009 жыл үшін Қазақстанның бөлшек тауар айналымы 17,3[1]
млрд. долл. немесе шамамен 2,5 трлн. теңгені құрайды, ол әлемдік бөлшек
сауда тауар айналымының 0,12%-ын құрайды.

2005 – 2008 жылдар аралығындағы кезеңде бөлшек сауда секторының жалпы
әлемдік айналымы орташа қарқынмен 8,3%-ға өсті. 2009 жылы экономикалық
дағдарыс салдарынан бөлшек сауда айналымы 6,4%-ға төмендеуі байқалды.
Алайда, 2010 жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижелері бойынша тауар
айналымы қалпына келе бастады. [2.135]

Іске асырылмаған елеулі әлеуеті бар елдер – Қытай, Үндістан, Бразилия,
Ресей әлемдік тауар айналымының дамуына елеулі оң үлес қосады. Бұл елдердің
көпшілігінде ішкі сауданы дамыту жөніндегі кешенді мемлекеттік
бағдарламалар жұмыс істейді.

Бөлшек сауданы дамыту бірқатар факторлармен айқындалады, олардың ішінде
мыналар елеулі болып табылады:

халықтың әл-ауқатының деңгейі (Қазақстанда теңгедегі орташа жалақы деңгейі
2009 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 31%-ға өсті (нақты көріністе);

халықтың саны 2009 жылы 5,4% өскен (кезең соңына халық санының көрсеткіші
бойынша есеп);

халықтың тығыздығы – 2005 жылы Алматы қ., Оңтүстік Қазақстан облысы,
Қарағанды облысы, Шығыс Қазақстан облысы ел өңірлерінің неғұрлым жиі
қоныстаған өңірлері болды және 2009 жылы да көшбасшылықты сақтады (орташа
жылдық халық саны бойынша есеп);

қаржы ресурстарына қолжетімділік (Ұлттық банктің деректері бойынша 2005
жылы заңды тұлғалар үшін 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен теңгедегі
кредиттер бойынша орташа банктік ставка 13,9%, ал 2009 жылы – 14,6%
құрады);

базалық инфрақұрылымның және инфрақұрылымдық қызметтердің дамуы (2005 –
2009 жылдар кезеңінде ҚР бөлшек тауар айналымының көлемі 27,7%-ға ұлғайды,
осы кезеңдегі ҚР сауда кәсіпорындары алаңдарының көлемі 66%-ға ұлғайды).

2. ҚР –дағы шағын сауда кәсіпорындарының қызметтерін талдау

2.1 Қазақстандағы шағын сауда кәсіпорындарының қызметтері

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұтынушылардың жеке пайдалануы
үшін оларға тауарларды сату жөніндегі кәсіпкерлік қызмет бөлшек саудаға
жатады. Бөлшек сауда дүкендер, сауда үйлері, базарлар мен автоматтар,
дүңгіршектер, автодүкендер, шатырлар, шығарылатын сөрелер арқылы жүзеге
асырылады. Бөлшек сауда дүкендері алаңдары, ассортименті, қызмет көрсету
сапасы, техникалық жарақтандырылуы бойынша ерекшеленеді. Жіктеу кезінде
оларды сауда алаңдарының көлемдері бойынша бөлу қабылданған, өйткені, А,
B, C санаттарына бөлу бөлшек сауда дүкендерін жіктеудің маркетингте ең
жиі таралған түрі болып табылады.

А санатының дүкендері – бұл сауда алаңы 100 шаршы метр[2] астам дүкендер
(бұдан әрі – шаршы м). Мұндай дүкендер көп ассортиментімен, клиенттердің
ағынын жоғары өткізу қабілетімен, қолма қол ақшасыз есеп айырысудың
техникалық мүмкіндіктерімен, жоғары сервис деңгейімен, жеткізу мен сақтауға
арналған төмен үлестік шығындармен, неғұрлым жоғары еңбек өнімділігімен
ерекшеленеді. Дәл жоғарыда аталған артықшылықтар себебі бойынша сауда
желілері осы пішімдердегі дүкендерде жұмыс істегенді қалайды. Іскерлік
әдебиетте және бұқаралық ақпарат құралдарында Қазіргі заманғы пішімдер
терминін пайдалану кезінде негізінен А санатының дүкендерін білдіреді.

В санатының дүкендері – бұл сауда алаңы 50-ден 100 шаршы м. дейінгі
дүкендер. Сауда желілері сауда нүктелерінің бұл санатына онша барғысы
келмейді, өйткені, мұндай нүктелер жеткізу мен сақтауға неғұрлым жоғары
операциялық шығындарға және әкімшілік сипатындағы шығыстарға ұшырайды.

С санатының дүкендері – бұл сауда алаңы 50 шаршы м. аспайтын дүкендер.
Бұл санат Қазақстанда неғұрлым көп таралған. Мұндай дүкендер басқаруға және
есепке алуға өз талаптарында өте таңдамаушылығымен ерекшеленеді. Мұндай
дүкендердің тауар айналымының жеке бөлігі көбінесе тіркелмейді, азық-
түліктерді қалыпты сақтау үшін жағдай болмауы мүмкін. Бұл дүкендерде азық-
түліктерді жеткізуге және сақтауға жоғары шығындар, жоғары сатып алу
бағалары, шектелген ассортимент, сапасыз сервис бар. Осы санат дүкендерінен
сауда желісін ұйымдастыру қиын, өйткені, клиенттердің және тауарлардың
өткізу қабілеті өте шектеулі, ал үлестік операциялық және әкімшілік
шығыстары неғұрлым ірі дүкендерге қарағанда елеулі жоғары. Мұның бәрі,
тұтастай алғанда, осы санат дүкендеріндегі баға деңгейіне әсер етеді, олар,
әрине, неғұрлым ірі пішімдегі дүкендерге қарағанда жоғары.[3.178]

Бөлшек тауар айналымының көлемі. Арналар бойынша айналымдар

Бөлшек тауар айналымы. 2009 жылы бөлшек тауар айналымының жалпы көлемі 2
551,4 млрд. теңгені құрады, ол 2008 жылға қарағанда 2,7%-ға аз. Бөлшек
тауар айналымының жалпы көлемін қалыптастыруда 51,1% базарлардағы саудаға
және жеке кәсіпкерлерге тиесілі.
1997 – 2009 жылдар кезеңінде бөлшек тауар айналымының көлемі 342
млрд. теңгеден 2 551 млрд. теңгеге дейін (ағымдағы бағаларда) яғни 6,4 есе
ұлғайды.
Көрcетiлген кезеңде бөлшек тауар айналымының тұрақты өсуi байқалады. Бөлшек
тауар айналымының көлемi дағдарысты құбылыстарға байланысты 2,7%-ке
төмендегенде, ерекшелік 2009 жыл болды.

БазарларСауда кәсіпорындары.

Бөлшек тауар айналымы құрылымының даму сипаты қызғылықты. Мәселен, егер,
1997 –1999 жылдар кезеңінде Базарлар арнасы арқылы бөлшек тауар айналымы
үлесінің сенімді ұлғаюы байқалатын болса, онда 2000 – 2008 жылдар
аралығында оның сенімді төмендеуі және Сауда кәсіпорындары (дүкендері)
үлесінің өсуі байқалады. Базарлар арқылы сату үлесінің төмендеуі елдегі
экономикалық жағдайдың жақсаруымен және халықтың тұрмыс деңгейінің
жақсаруымен байланысты.

Егер 1999 жылы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне
сәйкес базарлардағы және жеке кәсіпкерлермен сауда үлесі 77% құрайтын
болса,

онда енді 2008 жылы ол 40% дейін төмендеді және бір мезгілде Сауда
кәсіпорындарының үлесі 23%-дан 60% дейін немесе 2,6 есе астамға өсті.
Алайда, 2009 жылы экономикалық жағдайдың нашарлауымен байланысты Сауда
кәсіпорындары арқылы тауар айналымы республиканың барлық бөлшек тауар
айналымының 49%-на дейін күрт төмендегенін қайта көрсетті.

2.2 Қазақстан бойынша шағын сауда алаңдарының құрылымы

Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес
1 қаңтарға 2005 – 2009 жылдар кезеңінде сауда алаңдарының көлемі 1 811 мың
шаршы. м-ден 3 075 мың шаршы м-ге дейін немесе 53% ұлғайды. Бұл ішінара
бөлшек сауданың инвестициялық тартымдылығы коммерциялық жылжымайтын мүлікке
арналған бағаның өсуінің күшеюімен және бағаның одан әрі ұлғаюын күтумен
жылжымайтын мүлік нарығындағы серпіліспен байланысты болды. Бұл кезеңде
банктер сауда кәсіпорындарына да және халыққа да жаппай кредиттер берді
(тұтынушылық кредиттер).

Сауда алаңдарының барынша тиімді жүктемесі Алматы қ. және Ақтөбе облысында
байқалды, онда 1 шаршы м. сауда алаңдарында бір жылда 1
млн. 200 мың теңгенің сомасына өнім өткізілген, бұл республика бойынша
орташа алғандағыдан шамамен екі есе жоғары. Сауда алаңдарының ең аз
тиімділігі 2009 жыл үшін 1 шаршы м. Қостанай облысында – 392 мың теңге және
Солтүстік Қазақстан облысында – 315 мың теңге байқалды.

Шоғырлану деңгейі
Базарларды шоғырландыру бөлшек сауданы дамытудың маңызды көрсеткіші болып
табылады, базарларды шоғырландыру деп бір емес, бірнеше бөлшек сауда
нүктелері бар, яғни, дүкендер немесе сауда желісі бар сауда кәсіпорындары
жүзеге асыратын тауар айналымысату түсініледі.

Қазақстанда азық-түлік тауарлары базарларының шоғырлануы 5% аспайды.
Ресейде Бөлшек сауда компаниялары қауымдастығының бағалауы бойынша
жергілікті бөлшек базардың шоғырлануы барлық тауар айналымының 11%-на
жетеді. Осындай елеулі айырмашылықтың негізгі себептерінің бірі Қазақстанда
Ресейге қарағанда А санатындағы сауда пішімдерімен қамтамасыз етушілік
елеулі төмен болып табылады, ал сауда желілері, мысалы, азық-түлік
тауарларын сату жөніндегі сауда желілері негізінен А пішімінде жұмыс
істейді. Сондай-ақ бөлшек тауар айналымының шоғырлануына үлкен деңгейдегі
кедергі базарлар арқылы өнімдерді сатып алудан тұратын тұтынушылардың
тәртіп моделі болып табылады. [4.138]

Қазақстандағы шоғырландырылған базарлардың болмау себептерінің ішінде
Қазақстандағы халық санының және тығыздығының төмендігін атап өтеміз, ол
Ресейде байқалатын бизнес үшін ауқымды емес. Бұл батыс және Ресей сауда
желілері әзірге қазақстандық нарыққа шығу мүмкіндігінің өте мұқият
қарастыратынының басты себебі болып табылады.
Осылайша, үлесіне тауар айналымының 51% және сауда алаңдарының 67% келетін
базарлардың басымдығы Қазақстанның сауда секторында сауданы өркениетті
дамытуға жәрдемдеспейді.
Базарларда тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тиісті деңгейі жоқ,
санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды және салықтардың жиналуын
қамтамасыз ету қиын. Бұдан басқа, тиісінше базарларда тауар ағынының
көлемдерін, құрылымын, серпінін талдау мүмкін емес.
Саудасы дамыған елдерде базарлар бөлшек сауданың ескі нысанына жатады және
іс жүзінде пайдаланылмайды немесе мамандандырылған бағыттар бойынша
(мысалы, халық қолөнері бойынша) жұмыс істейді.
Бұрын атап өткеніміздей, республикадағы уақыты өткен пішімдер деп
аталатын, яғни, B, C және Дүңгіршектер санатындағы дүкендердің
басымдығы көрініс береді, оларға дүкендердің барлық алаңдарының 67%
тиесілі. Бұл санаттар алаңдардың шектелген көлемдерімен, төмен өткізу
қабілетімен, жоғары үлестік шығындармен сипатталады, яғни, сауда қызметін
шоғырландыру үшін негіз бола алмайды.
Дүкендердің, сондай-ақ, базарлардың әртүрлі санаттарының артықшылықтары мен
кемшіліктері кестеде егжей-тегжейлі келтірілген. Бөлшек сауда арналарының
және пішімдерінің артықшылықтары мен кемшіліктері

БӨЛШЕК САУДА БазарларЖК BCДүң-А Сауда
АРНАЛАРЫ МЕН гіршектер санатының желісі
ПІШІМДЕРІ санатының жеке дүкені
ТИІМДІЛІГІНІҢ дүкендері
ӨЛШЕМДЕРІ
МЕМЛЕКЕТТІК МҮДДЕЛЕР
Тұтынушылардың Іс жүзінде Төмен Орташа Жоғары
құқықтарын қорғау жоқ дерлік
Мониторинг және Іс жүзінде Төмен Орташа Жоғары
статистика жоқ дерлік
мүмкіндігі
Отандық өндірушініІс жүзінде Іс жүзінде Төмен Жоғары
қорғау және жоқ дерлік жоқ дерлік
жылжыту
Салықтардың Төмен Төмен Төмен Жоғары
жиналуы
Санитарлық Төмен Төмен Орташа Жоғары
нормалар мен
талаптарды сақтау
ІШКІ ҮДЕРІСТЕР
Жеткізушіден Іс жүзінде Іс жүзінде Төмен Жоғары
жеңілдіктер мен жоқ дерлік жоқ дерлік
тауар кредиттерін
алу мүмкіндігі
Қазіргі заманғы Іс жүзінде Іс жүзінде Төмен Жоғары
жоспарлау жоқ дерлік жоқ дерлік
жүйелерін
пайдалану
Басқарушы кадрлықТөмен Төмен Орташа Жоғары
ресурстардың
сапасы
Менеджмент пен Жоғары Жоғары Орташа Төмен
штатқа арналған
үлестік шығындар
Үшінші тұлғалар Жоғары Жоғары Орташа Төмен
қызметінің құны
(көлік
компаниялары,
консультациялар
және т.б.)
Логистикалық Төмен Төмен Орташа Жоғары
инфрақұрылымды
пайдалану
тиімділігі (көлік,
қойма,
тоңызатқыштар,
жүкшілер және
т.б.)
Логистикаға Жоғары Жоғары Орташа Төмен
арналған үлестік
шығындар
Өндірушілермен Төмен Төмен Орташа Жоғары
тікелей жұмыс
істеу мүмкіндігі
САТЫП АЛУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС
Ұсынылатын бағаларОрташа Жоғары Орташа Төмен
Ассортименттің Төмен Төмен Жоғары Жоғары
ауқымдылығы
Жарнама Жоқ Жоқ Төмен Жоғары
компанияларының
тиімділігі
Адалдықтың тиімді Жоқ Жоқ Төмен Жоғары
дисконттық және
өзге де
бағдарламалары

Кестеде келтірілген факторлар баға үстемелерінің төмен деңгейімен сауда
қызметін жүргізудің мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Мысалы, Батыс Еуропаның,
METRO, REAL, Auchan, Carrefour сияқты және басқа да сауда желілері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көрсеткіш - тер
Нарықтық қатынастар және бөлшек сауда нарығы туралы жалпы түсінік
Тауарды тарату әдістері
Қоймалар, қоймалардың түрлері және оларды пайдалану
Тауардың, дайын өнімнің есебі.
Көтерме және бөлшек сауда функциялары мен міндеттері
Өзгерген пайда түрлерінің теориялары
Сауда кәсіпорнындағы бухгалтерлік есеп
Тұтыныс нарықтары және тұтынушылардың сатып алу мінез- құлқы
Пайда түрлерінің өзгеру теориялары
Пәндер