Ластанған топырақтың мониторингі
Жоспар
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4
I бөлім.Табиғи қызметтік сипаттама
1.1.Атмосфераның жай – күйі ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5 -7
1.2Су ресурстарының жай - күйі ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .8-12
1.3.Жер ресурстарының жай-күйі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12-15
1.4.Биоресурстардың жай – күйі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15 -16
II бөлім. Ластанған топырақтың мониторингі ... ... ... ... ... ... ... ..17-18
2.1.Өндіріс және тұтыну қалдықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19-24
2.2.Флора мен фаунаны қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24-28
2.3.Радиоциялық ластану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28-40
III бөлім.Шығыс Қазақстан облсының тұрақты дамуының мықты және әлсіз
жақтары
3.1.Мықты жақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40-41
3.2.Әлсіз жақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41- 43
3.3.Тұрақты дамудың мақсаттары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ..43-44
3.4.Негізгі бағыттары мен іске асу механизімі ... ... ... ... ... ... ... ...44-45
Қорытынды

... ... ... ... ... ..46-48
Пайдаланылған әдебиеттер ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
Кіріспе.
Табиғат пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы көптеген
проблемаларды шешу үшін әлемдік қауымдастық осы стратегияларды құқықтық,
қаржылық, техникалық және ұйымдастыру шарттарымен, талаптарымен және
шектеулерімен байланыстырып іске асыратын жоспарлар мен бағдарламаларды
әзірлеуді қоса отырып ұзақ мерзімді мақсаттарды орнату және оларға қол
жеткізу үшін қалыптастыруға негізделген жалпылай танылған әдістемелерді
әзірлеп шығарды. Осыған байланысты табиғат қорғау қызметін басқару
жүйесінің жұмыс істеуінің соңғы тиімділік көзқарасынан негізгі маңыздылығы
осы саладағы мақсаттарды қалыптастыру механизмін және орта мерзімді
перспективаға қол жеткізу үшін нақты көрсеткіштерді (индикаторларды) құру.
Осыған байланысты бағдарламаны әзірлеу үшін негіз болғандар: қоршаған
ортаның мақсатты сапа көрсеткіштерін орнату, таңдаулы қолжетімді
технологияларды іріктеу және қолдану мен қалдықтардың пайда болуын азайту,
сондай-ақ оларды қайталап пайдалану. Дәл осының негізінде экономиканың
салаларының, аумақтарының және ластаушы-кәсіпорындардың шығарындыларды,
қашыртқыларды және қоршаған ортаға тигізілетін өзге де келеңсіз әсерлерді
азайту бойынша қажетті шараларды қарастырулары керек.
Шығыс Қазақстан 283,23 мың шаршы шақырым аумақты алып жатыр, Қазақстанның
барлық аумағының 10 % аз ғана астамын құрайды, тұрғындарының да үлесі
ұқсас. Облыс шекарааралық басты күретамыр – Ертіс өзенімен дамыған өзен
желілерімен сипатталады.
Облыстың аумағы орташа және нашар ылғалды аймаққа жатады (жауын-шашынның
мөлшері жылына 100-ден 1000 мм дейін, биік тауларда жылына 2500 мм дейін
жетуі мүмкін). ШҚО климаты континенттіктен қоңыржай континентікке ауысады,
жылдық температураның ауытқуы 43-30°С құрайды. Күрделі таулы бедерге
байланысты климаттық жағдай тік белдеу заңына бағынады. Күн радиациясының
қосындысы жылына 4525,2 бастап 6565,5 МДжм2 шегінде солтүстіктен
оңтүстікке ауысады.
3
Радиациялық баланс (радиациялардың қосындысы арасындағы айырмашылық және
оның шағылудағы жоғалтулары мен сәулеленуінің тиімділігі) жылына орта
есеппен оң және жылына 1815 МДжм2 құрайды.
Аумақтардың өнеркәсіптік-ауыл шаруашылықтық тегіс игерілмеуі және Шығыс
Қазақстан облысының қалалар мен ауылдық елді-мекендерін орнату өзіндік
табиғи шартқа – тігінен мүшеленген жоғары деңгейлік, ландшафттық
құрылымының уатылуы мен біртекті еместігінің жоғарылығына негізделген
Облыстың солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыс аудандары ауыл шаруашылық
қатынасында жерді пайдалану ауданы, ал батыс және оңтүстік аудандары –
жайылымдық пайдаланудағы аудандар болып келеді. Аграрлы-өнеркәсіпті
кешеннің дамуы табиғи ландшафттардың антропогендік әсерге әлсіздігінің және
ауылдық аумақтардың экологиялық ахуалға тұрақсыздық деңгейінің
жоғарылылығын алдын ала анықтады. Ауыл шаруашылығына тағайындалған
жерлердегі қазіргі заманғы ландшафттық-экологиялық ахуал табиғи және
антропогендік факторлардың әсерінен қалыптасады, олардың ішіндегі маңыздысы
тау-кен өндіру және өнеркәсіптің кен өңдеу салалары мен энергетика болып
табылады. Пайдалы қазбаларды өндіруді үдете түсу (кенді, кенсіз, құрылыс
материалдарын), алынатын және өңделетін шикізаттың агрессивтілігінің артуы
ландшафттың құрауыштарының барлығының қарқынды ластану үдерісіне әсер етеді
(атмосфераның ауасы, жер үсті, жер асты, ыза сулары, топырақ және өсімдік
жамылғысы). Қоршаған ортаның қазіргі заманғы ахуалы кейбір шамада Семей
ядролық сынақ полигонының қызметіне негізделген.
4
I- бөлім.Табиғи климаттық сипаттама.
1.1. Атмосфераның жай-күйі
Облыс аумағының шегіндегі атмосфера ауасының ластану сипаты - өңірлік
және климаттық, экологиялық және демографиялық ахуалға келеңсіз әсер етеді.
Облыстың қалаларындағы ауа алабының ластануы тау-кен өндіру және
металлургия өнеркәсібінің, жылуэнергетикасы, химия және мұнай өңдеу
өнеркәсіптерінің, мал шаруашылығы кешендерінің және ластаушы заттардың
таралуына келеңсіз әсер ететін климаттық жағдайлардың көрінісіндегі
автокөліктердің шығарындыларына негізделген. Атмосфера ауасының жай-күйі
тұрақты көз - 1953 кәсіпорыннан, сондай-ақ жылжымалы көздерден шығатын
шығарындылардың тигізетін әсерінде қалуда.
Облыстың атмосферасына негізгі зиянды әсерді тигізетіндер Өскемен қаласының
кәсіпорындары (ластаушы заттардың шығарындысы 46 %-ды құрайды), Риддер (7
%), мен Семей (19 %) (1 қосымша).
Атмосфераны ластаушы заттарды шығаратын негізгі көздер түсті металлургия
кәсіпорындары - “Қазмырыш” ААҚ, “Қазақмыс” корпорациясы, “Востокцветмет”
ӨБ, жылу энергетикасының кәсіпорны - Алтай Пауэр корпорациясы, құрылыс
материалдарын өндіру бойынша кәсіпорын – Семейцемент ЖАҚ, Бұқтырма цемент
компаниясы және басқалары болуда және солай қалады да.
Негізгі ластаушы заттар күкірт диоксиді (37 %), көміртек оксиді (24 %,)
қаттылар (24%) болып табылады (2 қосымша).
Атмосфераның ауасын ластауда жылжымалы көздердің атқаратын рөлі елеулі,
бұл сапасы төмен отынды пайдаланатын автомобиль парктерінің көбеюімен
негізделеді.
2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Өскемен қаласында 61 082 бірлік
көлік құралы тіркелген, соның ішінде: жеке тұлғаларда 50 212 және заңды
тұлғаларда 10 870 бірлік (3 қосымша).
Соңғы 5 жыл бойы қалада орта есеппен 2-2,5 мың бірлік автокөлік қосылып
отырады. Өсім 2006 жылы 6,5 мың бірлікті құрады. Көше-жол желілерін дамыту
және қайта жаңарту автомобилизацияның қарқынынан біршама қалып қоюда.
Қаланың ескі құрылысының ерекшелігі - көлік ағындарын көше-жол желілері
бойынша тең бөлуге мүмкіндік бермейді.
Қаланың орталық көшелерінің өткізу қабілеттілігі нормативтен 3-4 есе төмен,
бұл жол-көлік оқиғаларының болуына ғана емес, сонымен қатар көліктердің
тоқтауының көбеюіне, қозғалыстың орта жылдамдығының төмендеуіне әкеліп
соғады, осының салдарынан қоршаған ортаның ластану деңгейі жоғарылайды.
5
Көлік құралы орнынан қозғалған кезде, сондай-ақ ағында төменгі жылдамдықпен
қозғалған кезде шығатын түтінде зиянды заттардың басым концентарциясы
бөлінеді.
Қаладағы шығатын газдан негізгі ластану үлесін көлік құралын үнемі
пайдалануға байланысты қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың
көліктері береді, бұл маршрутты таксилер, автомобиль-таксилер, сауда
нүктелеріне қызмет көрсететін жүк көліктері. Ластаудың біршама үлесі жеңіл
автомобильдер паркінің карбюраторлық қоректену жүйесі бар ескі үлгілеріне
келеді.
Өскемен қаласы Үлбі және Ертіс өзендерінің аңғарында орналасқан. Өскемен
қаласының ерекшелігі оның ластаушы заттардың таралуына әсер етпейтін
физикалық-географиялық орналасу жағдайы, сондай-ақ қаланың ішінде өнеркәсіп
өндірістерінің шоғырлануы (түсті металлургия, жылу энергетикасы, ядролық
отын). Қаланың ауасын негізгі ластаушылар ірі өнеркәсіп кәсіпорындары болып
табылады (“Қазмырыш” ААҚ, Өскемен ЖЭО, “ҮМЗ” АҚ, “ТМК” ААҚ). Қаланың
ластануына елеулі, бірақ осы уақытқа дейін анықталмаған үлесті жекеменшік
тұрғын секторлар мен шағын кәсіпорындар қосады.
Облыс тұрғындарының бесінші бөлігінен тұратын қала ШҚО-ның жалпы өнімінің
жартысын өндіреді. Бұл орайда Өскемен қаласының үлесі - ШҚО бойынша барлық
шығарындылардың жалпы көлемінің 56,2 %-ын құрайды (4 қосымша).
Өскемен қаласы бойынша шығарындылардағы ластаушы заттардың құрамдарының
түрі 170-ке дейін жетеді, олардың 22 %-ның қауіптілігі 1 класқа жатады. Бұл
қорғасын, кадмий, мышьяк, фторлы сутегі, хлор, берилий, бұлардың пайызы
жалпы шығарындыларда азғана, бірақ олардың уыттылығы қоршаған орта үшін
елеулі. Бұдан басқа, олардың көбінің атмосфера ауасында бірігіп қосылған
кезінде адамның денсаулығына қатты әсер ететін қосылыс түзу ерекшілігі бар.
Шығыс Қазақстан гидрометеорология орталығының деректері бойынша Өскемен
қаласына 2006 жылғы атмосфераның ластану индексі оның алдындағы жылмен
салыстырғанда 8,7-ден 6,5-ке төмендеген.
Бұл төмендеу хлордың, күкірт диоксидінің, бенз(а)пиреннің, мышьяктың,
өлшемелі бөлшектердің, азот диоксидінің, фенолдың және формальдегидтің
жылдық орта концентрациясының азаюымен байланысты.
Көміртек оксидінің, фторлы сутегінің және күкірт қышқылының құрамы өткен
жылдың деңгейінде қалды. Өлшемелі бөлшектердің құрамының өсуі байқалады (5
қосымша).
6
Семей қаласы техногендік ластауыштарының көптігімен сипатталады, олардың
арасында өнеркәсіп кәсіпорындарын, көліктерді, ауыл шаруашылығы
кәсіпорындарын, жанар-жағармай құю станцияларын, тамақ өнеркәсібі
кәсіпорындарын, жекеменшік тұрғын секторды, тұрмыстық қатты қалдықтар
күресіндерін ерекше айтуға болады. Техногендік әсер етуші көздері болып
жылуэнергетикасының кәсіпорындары (Семей ЖЭО), қазандықтар, цемент, кірпіш
өндірісі (“Семейцемент” АҚ, “Силикат” ЖШС), қайта өңдеу өнеркәсібі, ет-
консерві комбинаты, “Эко Семей” терімехбірлестігі, құрылыс материалдары
зауыты, машина жасау және танкжөндеу зауыттары, коммуналдық кәсіпорындар,
Семей қалалық су каналының тазарту ғимараттары, автомобиль және темір жол
көліктері болып табылады. 2005 жылғы шығарындылары 36,6 мың тоннаны құрады.
2005 жылғы атмосфераны ластау индексі (АЛИ5) 2004 жылмен салыстырғанда
көбейген: 2004 - АЛИ5 = 3,9, ал 2005 – АЛИ5= 4,9.
Семей қаласы бойынша қоршаған ортаны өңірлік басқармасының деректері
бойынша 2004 жылы атмосфера ауасына шығарылған шығарындылардың қосындысы 35
186,635 тоннажыл, 2005 жылы – 35390,35 тоннажыл, 2006 жылдың бірінші
жартыжылдығында – 17 700,031 тонна болды (6 қосымша).
Атмосфера ауасын негізгі ластаушылардың үлесі Семей қаласының атмосферасын
ластайтын жалпы шығарындылардың 70 %-дан астамын құрайды.
Қазіргі кезде 2 посты жұмыс істейді: ЛБП-2 (ластануы бақылайтын пункт ПНЗ)
цемент зауытының ауданында, ЛБП-4 “Силикат” ААҚ ауданында, олар
пайдаланылуға 2003 жылғы 1 шілдеде қосылған.
№ 2 ЛБП, № 4 ЛБП бақылау постыларының деректері бойынша және өнеркәсіп
кәсіпорындарының санитарлық-қорғаныс аймақтарының шекараларында 2006 жылы
алынған ауаға жүргізілген сынамалардың нәтижелерінің деректерін қала
бойынша АЛИ5 бөлу, (7 қосымша).
№ 1 ЖЭО, № 2 ЖЭО көбірек ластанған аудандар болып табылады. № 1 ЖЭО
ауданындағы АЛИ5 24,464-ке тең, № 2 ЖЭО 21,86-ға тең. Осы аудандардың
ластану деңгейі төтенше жоғары ретінде жіктеледі.
ЛБП-те ауа сынамасын алу күн сайын тәулігіне 3 рет жүзеге асырылады.
Мынадай қоспалар анықталады: күкірт диоксиді, азот диоксиді, көміртегі
оксиді, шаң, фенол (8 қосымша).
Айдағы орташа концентрация: орта тәуліктік рұқсат берілген шектегі
концентрация (РБШК) есе артқаны.
Бір жолғының ең жоғарысы: РБШК бір жолғы ең жоғарғы артудың еселігі.
Облыстың шығыс аудандарында атмосфера ауасының ахуалы жылу энергетикасы
кәсіпорындарының, Зырян қаласындағы “Қазмырыш” ААҚ тау-кен байыту
комбинатының үйінділерінің және қалдық сақтау, физикалық шаңдануы
шығарындыларының көлемімен анықталады, алайда қаладағы атмосфера ауасының
ахуалына мемлекеттік бақылау жүргізілмейді.
7
1.2. Су ресурстарының жай-күйі
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының су ресурстарына бай
және онымен көбірек қамтамасыз етілген өңіріне жатады, бұл оның табиғи-
климаттық жағдайымен анықталады.
Облыстың су қорына өзендер, көлдер, батпақтар, тоғандар мен су қоймалары,
жер асты сулары мен мұздақтар кіреді. Тұщы су ресурстарының қосындысын
облыстың бір тұрғынына шаққанда жылына 50 мың текше метрден келеді, бұл
әлемдік стандарт бойынша өте жоғары көрсеткіш болып саналады.
Облыстың су ресурстары Ертіс алаптық су шаруашылығы басқармасының деректері
бойынша мыналардан тұрады:
1) жалпы ұзындығы 28 мың шақырым және жылдық орта ағыны шамамен 30
миллиард текше метр болатын 1017 өзен;
2) су массасының көлемі 6,5 миллиард текше метр болатын 1967 көл
(Алакөл және Сасықкөл көлдерін қоспағанда);
3) жобалық сыйымдылығының қосындысы 53 текше шақырым болатын 75 су
қоймасы мен шағын тоғандар;
4) бекітілген пайдалануға қосу қоры жылына 2,4 миллиард текше метрге
жуық жер асты сулары.
Өнеркәсіп, құрылыс, көлік және тұрғын үй – коммуналдық
салаларында су тұтыну мен суды бөлу көлемдеріне есеп 2-ТП-водхоз
статистикалық есеп нысаны бойынша жүргізіледі. Жер үстіндегі сияқты жер
асты суларының да көп бөлігі есеппен қамтылған.
Облыстың негізгі су тамыры Ертіс өзені болып табылады, оның алабында
ұзындығы 21,8 шақырым және жалпы суы жылына 33 миллиард текше метр болатын
819 өзен бар, олардың 8 миллиард текше метрі жыл сайын Қытайдың аумағынан
ағып келеді. Шекара тұстамасының деректері бойынша Қытайдан су орташа
ластанып келеді, және Ресейдің шекарасына жеткенге дейін барлық қашықтықта
осы күйінде сақталынады (9, 10 қосымшалар).
Қорықтық көл - Марқакөл ерекше орын алады, онда 6,4 миллиард текше метр
ультратұщы су бар. Ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе аса ғылыми құнды
көлдердің тізбесіне тектоникалық шығу тегі бар Рахман, Аблакетка, Сібе,
Дұбығалы, Айыр көлдері жатқызылады.
Жалпы алғанда облыстың жер үсті суларының шамасы - жылдық орта сулылығы
35,92 текше шақырым болып бағаланады, соның ішінде жергілікті ағындар –
27,81 текше шақырым және суы аз жылдары – 20,62 текше шақырым, соның ішінде
жергілікті ағындар – 15,47 текше шақырым. Бұл орайда жер үсті сулары
ресурстарының пайдалануға жарайтын шамасы, орта жылдық сулылығы бойынша
3,54 текше шақырымды құрайды (2,3 мың м3жыл бір адамға), су аз жылдары –
1,92 текше шақырым (1,2 мың м3жыл бір адамға).
Жер асты суларының бекітілген пайдалану қоры жылына 2,4 млрд.м3 құрайды.
8
Соңғы 5 жылдың ішінде коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждықтар мен өнеркәсіп
мұқтаждықтары үшін алынатын суларды сараптағанда байқалғаны: су
шаруашылығының 2 ТП водхоз жаңа бағдарламасын ендіруге байланысты өткен
жылы осындай мұқтаждықтар үшін су алу көлемін ішінара нақтылау және қайта
бөлу жүргізілді. 2006 жылы коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждықтар мен өнеркәсіп
мұқтаждықтары үшін су алу көлемін нақтылау және қайта бөлу жүргізілді.
Ауыл шаруашылығының мұқтаждықтары үшін ағымдағы жылы 263,30 млн.м3 су
алынды, оның ішінде жер үсті суы 242,16 млн.м3 (92%) және жер асты суы
21,14 млн.м3 (8%). Соңғы бес жылдың ішінде су алу және ауыл шаруашылығының
қажеттіліктері үшін пайдалану 70 млн.м3 жуық азайды, бұл жүйелі және
лимандық суармалы жерлердің азаюы себебінен болуда (11, 12 қосымшалар).
Соңғы тоғыз жылдағы мұқтаждықтар бойынша су пайдалануға талдау жасай
отырып, мыналарды атап өту қажет:
1) шаруашылық ауыз су мұқтаждықтары бойынша шамалы ауытқу байқалады;
2) өндірістік мұқтаждықтар бойынша өнеркәсіп өндірістерінің ұлғаюы
себебі бойынша су тұтынудың көлемі артуда;
3) суды жерді суару үшін жүйелі пайдалану суарылатын алаңдарға
пропорционалды тәуелді (соңғы жылдары 5,32 мың га суарылатын жерлердің
азаюы суды пайдалануды 2,7 млн. м3 азайтты);
4) лиманды суару бойынша суару алаңдарының азаюымен суды пайдалану да
азаюда;
5) суды ауыл шаруашылығында пайдалану бойынша шамалы өзгеріс бар;
6) жайылымдарды суару мал басының көбеюіне пропорционалды өсуде (2001
жылдан бастап мал басының қырқынды өсуі байқалады, осы кезеңде су тұтыну
екі есе артты);
7) су тоғаны - балық шаруашылығы бойынша суды пайдалану өсіру
материалдары өндірісінің азаюы себебінен біртіндеп азайып келеді (шабақтар,
осы жылғы өсім мен жас балық), соңғы екі жылда су алу 7,47 млн. текше метр
шегінде анықталды (13 қосымша).
Сарқынды суларды жерүсті су объектілеріне су бөлу динамикасы бірдей емес,
бірақ 2001 жылдан бастап төмендеу үрдісі байқалуда, бұл кәсіпорындарда суды
ұтымдырақ пайдалануына байланысты болуы мүмкін, бірінші кезекте өндірісте
оны қайтара пайдалану.
Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының деректері бойынша табиғи су
объектілеріне 2005 жылғы 01 қаңтар бойынша 231,32 млн. м3, оның ішінде
84,78 млн. м3 (36,7%) ластанған және жеткілікті тазартылмаған су құйылды
(14 қосымша).
9
Жер үсті суларының ластану проблемасын шешу ШҚО-ның қоршаған ортасын
қорғаудың басым бағыттарының бірі болып табылады.
“Қазгидромет” РМК жүргізетін мониторингтің деректері бойынша Шығыс
Қазақстанның өзендері – республикадағы ең ластанған өзендер. Жер үсті
суларының ең жоғарғы ластануы полиметалл кенін өндіру және байыту
аудандарында байқалады.
Шығыс Қазақстан облысының су ресурстары тау-кен өндіру саласының өнеркәсіп
кәсіпорындарының уытты құрауыштармен ластануы бойынша қарқынды жүктемені
басынан кешіруде. Бұл кәсіпорындар өзен желілерінің неғұрлым жиі
аймақтарында орналасқан. Осындай жерлерде жылу энергетикасының ірі
кәсіпорындары орналасқан.
Тау-кен өндіру өнеркәсібі облыстың су объектілерінің тарихи ластануына
негізделген. Бұлар су қорғау белдеулерінде және өзен аймақтарында
орналасқан тау жыныстарының үйіндісі, қалдық сақтау орындары. Олардың
қатарына пайдаланудан шыққан кеніштер мен тау-кен өндіру кәсіпорындарының
шахталары жатады. Су тоғандарын негізгі ластаушылар – дренаждық,
шахталардың жеткілікті тазартылмаған және тазармаған сулар.
Өткен ғасырдың 40-50 жылдарында ашық әдіспен полиметалл кен орындарын
өңдеудің салдарынан баланстық кендер мен аршынды жыныстар фильтрлі
экрандарынсыз өзендердің жайылмаларына үйілді. Үйіндінің бойына жинақталған
атмосфераның ылғалы металдармен қаныққан күкірт қышқылына айналады және
дренаждық сулармен ыза суларға, бұлақтарға және өзендерге қосылды.
Сонымен, жоғары ластану (ЖЛ) мен экстермальды жоғары ластану (ЭЖЛ)
оқиғалары Брекса, Тихая, Үлбі өзендерінде тіркелген, олардың әрқайсысы
бірінен кейін бірі бір-біріне қосылады, тарихи ластануға негізделген.
Брекса өзенінің ластануы Мартынов қайнары (Брекса өзеніне құяды) бұлағының,
Шүлбі кенішінің жыныс үйіндісінің дренаждық суларының қарқынды ластануына
байланысты. Ары қарай Брекса Тихая өзеніне құяды, мұнда Брекса өзені
мырышпен араласады және ластанады, экстремальды жоғары ластану РБШК 191,3-
дан 17,4 РБШК дейін төмендейді, ары қарай ағысы бойынша 12 РБШК дейін
азаяды (2004 жылғы мониторингтің деректері).
Үлбі өзенінің мырышпен, марганецпен жоғары ластану оқиғасы сондай-ақ
Тишинский кенішінің № 2 үйіндісінің уытты элементтерін сілтісіздендіру
үдерісімен байланысты. Тишинский кенішінің № 2 үйіндісін қайтадан үю 1967
жылдан бастап 1977 жыл бойынша кезең аралығында Үлбі өзенінің аңғарындағы
малтатасты шөгінділерін төсемей арнайы негізгі дайындықсыз жүргізілген.
Экономикалық дағдарыстың кесірінен кен шығару орындарының бір бөлігі
ешкімге керексіз болып қалды,
10
оларды пайдаланудан алу бойынша табиғат қорғау іс-шаралары орындалған жоқ
және бүгінгі күні олар біршама ластаушы көздер болып табылады, олар –
Чекмарь, Березовское, Ново-Березовское, Покровское, Рулиха, Сугатовское,
Ақтау, Бакенное, Маралиха. Алда тұрған қорды өңдеумен Зырян, Греховское,
Ақ Жал, Жерек, Мұқыр, Тишинское, Бакенное, Белоусовка, Николаевское, Риддер-
Сокольное, Бақыршық, Шубинское, Большевик кен өндіру орындарын
консервациялау қажет етіледі.
Химиялық көрсеткіштері бойынша көбірек ластанған өзендер: Красноярка,
Глубочанка, Тихая, Брекса және Үлбі (Тишинский кеніші) жұмыс істеп тұрған
Қазақмыс корпорациясының ВостокКазмедь филиалы мен “Қазмырыш” АҚ кен өндіру
кешенінің кәсіпорындарының әсерінде қалуда. Соңғы жылдарда осы өзендердің
суларының ластану индексі жоғары қалпын сақтауда. Мыс пен мырыштың жылдық
орта РБШК асып кетуде, Красноярка, Глубочанка, Брекса өзендері суларының
бетінің ластану шегі жоғарғы экстремальды ластануға жеткен (15 қосымша).
Шығыс Қазақстанның өзендері бойынша судың сапасы Ертіс (ШҚО), Бұқтырма,
Үлбі, Оба, Аягөз өзендерінде және Бұқтырма су қоймасында өзгерген жоқ.
Брекса, Тихая, Глубочанка, Красноярка, Емел өзендерінде және Өскемен су
қоймасында судың сапасының жақсарғаны анықталды.
Жер асты сулары. Барланған кен өндіру орындарының жер асты суларына негізгі
техногендік әсерді шахта сулары мен кеніштердің үйінділері, байыту
фабрикалары, металлургия және отын-энергетика кәсіпорындары мен зауыттары,
сондай-ақ мал шаруашылығының кешендері мен құс фабрикаларының кәсіпорындары
тигізеді. Мыс, мырыш, қорғасын, селен, марганец, кадмий, аммиак, фенол, ал
мал шаруашылығының кешендерінде нитраттар мен аммиак ластаушы құрауыштар
болып табылады.
Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының деректері бойынша жер асты
суларының неғұрлым келеңсіз жағдайы Семей өнеркәсіптік ауданы мен Өскемен
қаласының Заульбинский бөлігінде.
Өскемен қаласын сумен қамтамасыз ету. Өскемен қаласының тұщы су
ресурстарының қоры үлкен болса да, қоршаған ортаны қарқынды техногендік
ластауға әкеліп соққан өнеркәсібінің дамуына байланысты және бас
тоғандарының бөлігінде ұтымсыз орналасуынан ауыз сумен толық қамтамасыз
етілмейді, ал қаланың батыс бөлігін орталықтандарылған ауыз сумен
қамтамасыз ету СанПиН ауыз су нормаларының талаптарын қанағаттандырмайды.
Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету көздерінің сапасы іс жүзенде
бақыланбайды.
Орталықтандырылмаған көздердің суларына 2004-2005 жылдары жасалған сынама
жеке құрылыстар мен ірі бау-бақша кооперативтерінің тұрғындары тұтынатын
сулардың сапасы бұрынғысынша өткір күйінде қалуда.
11
Сонымен, 2004 жылы алынған 8 сынаманың ішінен, органикалық емес заттардың
құрамы бойынша төрт сынама Ва, В, Cd, Se, Pb, Tl бойынша РБШК артуымен
қауіпті және төтенше қауіпті ластануымен сипатталды.
2005 жылы алынған 20 сынаманың екі сынамасы ғана ауыз судың нормаларын
толық қанағаттандыра алмады, ал қалғандарының нормативтері бір, не болмаса
көрсеткіштерінің қосындысы бойынша рұқсат берілген – орташа ластану
нормаларынан асып кетеді.
Қолданыстағы жер асты сулары сапасының жай-күйі ластаушы-кәсіпорындар мен
қаланың агломерациясының су горизонтына көп жылғы тигізген әсерінің
салдарынан қалыптасты. Қаланың аумағында жер асты суларына түрлі әсер ету
дәрежесіндегі 18 ластану ошағын анықтауға болады.
Ауылдық елді мекендерде судың санитарлық нормаларға сәйкес келмеуі су
құбырлары жүйелерінің тозғандығы, қаржының жетіспеушілігінен күрделі жөндеу
мен ағымдағы жөндеудің уақытында жүргізілемеуі болып табылады.
Су құбыры суларының сапасы бойынша Аягөз, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Зайсан,
Бесқарағай ең қолайсыз аудандар болып табылады. Орталықтандырылмаған
көздердің суларының жай-күйі бойынша Шемонайха, Зырян, Бесқарағай,
Бородулиха, Глубокое, Жарма, Катон-Қарағай, Күршім, Ұлан әкімшілік
аудандары қолайсыз аудандар болып табылады.
1.3. Жер ресурстарының жай-күйі
Шығыс Қазақстан облысының жер қоры ШҚО жер қатынастары басқармасының
деректері бойынша 2007 жылғы 01 қаңтарда 28346,8 мың гектарды құрады.
Ауыл шаруашылығының алқаптары ШҚО бойынша жер қатынастары басқармасының
деректері бойынша топырақтың құнарлылығын анықтайтын белгілер бойынша
сипатталуы:
1. Қосылмаған кері белгілерімен:
барлығы – 3573,6 мың га, соның ішінде:
сөзсіз жарамдылары - 1478,6 мың га;
жер бедерінің жағдайы бойынша пайдаланылуы қиын - 959,9 мың га;
суару үшін судың жоқтығынан - 1135,1 мың га.
2. Тас шақпары көп – 12094,1 мың га.
3. Сортаң – 1573,9 мың га.
4. Сор топырақты жерлер – 3573,7 мың га.
5. Шайылғандары – 424,9 мың га.
6. Дефляцияланғандары – 856,9 мың га.
7. Су және жел эрозиясымен қоса зақымданғаны – 1,4 мың га.
8. Аса дымқылданған – 251,7 мың га.
9. Бақпақ – 121,9 мың га.
10. Өзгелері – 208,2 мың га.
12
Облыстың ауыл шаруашылығы алқаптарының құрылымындағы егістік жерлер
1130,2 гектарды алып жатыр, немесе ауыл шаруашылығы алқаптарының 20,7 %
алаңы. Егістік жерлердің неғұрлым ірі алқаптары облыстың солтүстік-
шығысында және шығысында орманды-дала және дала ландшафтты аймақтарында
шоғырланған (16, 17 қосымшалар).
Жүргізілген жер реформасының нәтижесінде жер қатынастарының сипаттамасында
бастысы жерге деген мемлекеттік монополияны жою және жердің кейбір
санаттарына жеке меншікті енгізу ақылы жер пайдалануға көшіру
жерді сатып алу және пайдалануға төлем енгізу, жерде шаруашылықтың барлық
нысанын тең құқықты дамыту үшін жағдай жасау, жылжымайтын мүлікті құру
рыногын қалыптастыру.
Жер реформасын тереңдетуге бағытталған ауыл шаруашылық өндірісті нарықтық
қатынастарға және оны орнықты дамытуға табысты көшіру үшін кезекті
шараларды жүзеге асыру.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша жер реформасын орындау барысы туралы ай
сайынғы есепке сәйкес 2007 жылғы 01 сәуір бойынша 5597,9 мың га алаңда
16776 шаруа қожалығы, 1352,8 мың га алаңда ауыл шаруашылығының өнімдерін
шығаратын 462 өнім өндіруші (АҚ, ЖШС, ӨК), 211,5 мың га алаңда 107
мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорыны қалыптасқан.
2007 жылғы 01 сәуір бойынша алаңы 13057,2 га ауыл шаруашылығына
тағайындалған 125 жер учаскесінің бағалық құны – 110671,1 мың теңге жеке
меншікке сатылған, соның ішінде: жеке тұлғаларға жалпы көлемі 9690,8 га
бағалық құны – 77349,8 мың теңге 107 учаске, заңды тұлғаларға жалпы көлемі
– 3366,4 га, бағалық құны – 33321,3 мың теңге 18 учаске.
2007 жылғы 01 сәуір бойынша жеке меншікке ауыл шаруашылығы емес
тағайындаудағы жерлердің алаңы – 6939,4 га, бағалық құны – 3244500,8 мың
теңге 27363 жер учаскесі, жалға алу құқығымен жалпы алаңы – 346,6 га сомасы
– 58820,8 мың теңге 395 жер учаскесі сатылды.
Реформа басталғаннан бері облыста 20 жер аукционы өткізілді, олардың жалпы
алаңы 3,9 га, жалпы сомасы – 5031,6 мың теңге 48 жер учаскесі сатылды,
жалпы көлемі 34,1 га, жалпы сомасы – 18477,1 мың теңгенің 100 жер
учаскесіне 62 конкурс өткізілді.
Жер қатынастарын реформалау жалғасуда. Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № 1810-ІІ шешімімен бекітілген
Шығыс Қазақстан облысының 2003-2005 жылдарға арналған агроазық-түліктік
бағдарламасының іс-шаралар жоспарына сәйкес облыстың қалалары мен
аудандарында 2005-2007 жылдарға арналған ауыл шаруашылығына тағайындалған
жерлерді ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама)
әзірленді және қабылданды.
13
Қабылданған Бағдарламада топырақтың құнарлылығын сақтау және қалпына
келтіруге бағытталған ауыл шаруашылығына тағайындалған жерлерді ұтымды
пайдалануды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар әзірленді, нарықтық экономика
жағдайында қоршаған ортаны қорғау бойынша өзге де іс-шаралармен бірлесе
отырып кешенді түрде жер ресурстарын қорғау, жерлердің жай-күйіне келеңсіз
антропогендік әсерді жою, жер заңнамасын сақтау үшін мемлекеттік бақылауды
тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету, жер мониторингінің желісін дамыту
және келеңсіз үрдістерді жою бойынша ұсыныстарды оның деректері негізінде
дайындап шығару қарастырылған.
Бұзылған жерлердің алаңы 2006 жылдың аяғында 12,8 мың гектарды құрады. 2005
жылы – 12,9 мың га, олардың ішінде 6,2 мың гектары 2006 жылы, 2005 жылы –
6,3 мың га, 2006 жылы 45 га, 2005 жылы – 20 га өңделді (18 қосымша).
Облыста жылдан жылға бұзылған және жұмыс істеп болған жерлердің деңгейі
шамамен бірдей. Мұндай жерлердің көпшілік бөлігі Семей өңіріне келеді.
Қайта өңдеуді көбінесе шашыранды алтын өндіретін кәсіпорындар жүргізеді.
Облыстағы егістіктердің құнарлылығына кері әсер ететін белгілер: тасты,
шайылу, аса ылғалдану, сортаң, дефляцияға ұшыраған топырақ.
Эрозияға ұшыраған егістіктердің алып жатқан 225,4 мың га ішіндегі жалпы
212,9 мың га жер немесе 94,5 % шамалы эрозияға ұшыраған аумаққа жатады және
барлығы 12,5 мың га (5,5%) – орташа эрозияға ұшыраған санатқа жатқызылады,
бұл орайда күшті эрозияға ұшыраған егістік жоқ.
Су эрозиясы экологиялық тұрғыдан қарағанда шамалы тарауына байланысты
облыстың аумағында қауіпті емес. Шығыс Қазақстан облысында 2006 жылғы 01
қаңтар бойынша су эрозиясымен зақымданған ауыл шаруашылығы алқаптарының
алаңдарының барлығы 423,8 га немесе 1,9 % құрайды.
Ауқымды су эрозиясы Шемонайха ауданында байқалады, онымен ауыл шаруашылығы
алқаптары алаңының 21,2 % қамтылған, әкімшілік аудандар - Глубокоеда 18,5%,
Бородулихада 8,3%, Үржарда 7,8%, Ұланда 4%, Зырянда 3,7%, Көкпектіде 2,7%.
Облыстың шегіндегі жел эрозиясының да табиғи сияқты, антропогендік сипаты
да бар. Облыстың шегінде құмдауыт, құмдақтар және карбонатты топырақтары
басым табиғи кешендер дефляциялы қауіптірек аумақтар болып табылады.
Шығыс Қазақстан облысында 2006 жылғы 01 қаңтар бойынша жел эрозиясына
ұшыраған (дефляция) ауыл шаруашылығы алқаптарының барлығы 854,7 мың га
құрады немесе 3,8 %. Алайда, әкімшілік аудандар бойынша жел эрозиясымен
(дефляциямен) зақымданған алаңдар тегіс байқалмайды. Сонымен, Бесқарағай
әкімшілік ауданының ауыл шаруашылығына тағайындалған жерлерінің жел
эрозиясына ұшырағаны - 37,9 %, Зайсанда - 17,1 %, Үржарда – 14,5 %,
Көкпектіде – 5,1 %, Бородулихада – 2,5 % және Тарбағатайда – 1,3 %.
14
Жел эрозиясына мал таптаған жайылымдық алқаптар, әсіресе Зайсан, Көкпекті,
Тарбағатай, Үржар және Жарма әкімшілік аудандарының елді мекендері мен мал
суарылатын маңайлар тез ұшыраған.
Бесқарағай, Бородулиха, Үржар, Көкпекті әкімшілік аудандарында жел эрозиясы
егістіктерде, сондай-ақ топырақ жасаушы жыныстары негізінен жеңіл
механикалық құрамдағы бұталары шабылған учаскелерде пайда болуда.
Сортаң жерлер ауыл шаруашылық алқаптарының 6,9 % пайда болуда, олардың
қарқындылығы мен сортаңдану дәрежесі әртүрлі.
Аймақтық және интрааймақтық топырақтың түрлі сортаңдануының табиғи
жоғарылығы таулардың ішіндегі және таулардың арасындағы ойпаттарда
орналасқан ауыл шаруашылық алқаптарына тән. Сондықтан, топырақтың
сортаңдылығының жоғарылығы Аягөз, Тарбағатай, Үржар, Абай, Жарма, Көкпекті,
Күршім әкімшілік аудандарына тән.
Ауыл шаруашылығына тағайындалған ландшафттардағы топырақтың батпақтану
үдерісі әкімшілік аудандардың барлығына дерлік тараған. Артық ылғалдану
негізінен таулы ландшафттар мен өзендердің аңғарларындағы жергілікті су
айрықтарының бетін тегістеудің нәтижесінде пайда болған.
Артық ылғалдану және батпақтану үдерісімен барлығы 369 мың га немесе 1,6 %
ауыл шаруашылығы алқаптары қамтылған.
Батпақтану әсіресе Үржар әкімшілік ауданына тән (35 мың га) және Сасықкөл,
Алакөл көлдерінің қазаншұңқырларына теңестірілген.
Шөлге айналу үдерісінің пайда болуына жел және су эрозиясына ұшыраған
топырақ аумақтардың көбеюі, ыза сулардың деңгейінің және минералдануының
өзгеруі, топырақтың табиғи-ресурстық әлеуетінің төмендеуі, биологиялық
өнімділіктің азаюы және өсімдіктердің түрдік құрамының өзгеруі себепші
болуда.
1.4. Биоресурстардың жай-күйі
Қазақстанда ормандар өте шектеулі – республикада барлығы 4 % -ды ғана
құрайды, Шығыс Қазақстан облысы орман және аңшылық шаруашылығының
ресурстары бойынша ерекше орын алуда. Облыстың орман қоры 3355,0 мың
гектарды құрайды. Мұнда республика орманының 70 %-ға жуығы шоғырланған.
Табиғат қорғау іс-шараларын толық қаржыландырмай жануарлар мен өсімдіктер
әлемін қорғауды тиісті деңгейде жүргізу мүмкін емес. Облыс ормандарының
алаңы өрттің кесірінен, сондай-ақ орманды қайта қалпына келтірудің
төмендігі кезінде Ертіс жағалауының теңдесі жоқ суыртпақ қарағайлы
ормандарын үлкен көлемде өз бетімен аяусыз шабудан және зиянкес
жәндіктердің үлкен алаңдарға жайылуынан азаюда.
Кенді Алтайдың қылқан жапырақты ормандарында бақылаусыз жүргізілетін
өнеркәсіптік ағаш шабудан келтірілетін залал өсімдіктер әлеміне өз бетімен
ағаш шабудан келтірілген залалдан артық болмаса кем емес.
15
Ағаш дайындайтын ірі кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы және жабылуы кезінде
ағаш дайындаудың көп көлемі шағын ағаш дайындаушылардың үлесіне тиді, олар
ағаш тасымалдайтын жолдардың құрылысын салумен айналысқан жоқ және
негізінен пісіп толысқан, елді мекендер мен қолданыстағы жолдарға жақын
өскен екпе ағаштарды таңдады. Бұл орайда шалғайдағы орманды алқаптардағы
пісіп жетілген ағаштардың саны көбеюде.
Тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарының қызметіне, ауыл шаруашылығының
қарқынды дамуына, таудағы ормандарды өнеркәсіптік шабу, жиі болатын орман
өрттері, соның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, және
браконьерлікке байланысты облыстың орманды алқаптарында қолайсыз
экологиялық ахуал қалыптасуда.
Орманды алқаптардың биологиялық әртүрлілігін жоғалту тікелей орман
өрттерімен және өнеркәсіптік масштабқа жеткен өз бетімен ағаш шабуға
байланысты. Ертіс бойы, Морозов, Шыңғыстау, Катон-Қарағай, Кенді Алтай,
Верх-Уба, Лениногор, Оңтүстік Алтай, Зайсан, Қалба және Өскемен негізгі
орман өрттерінің аудандары болып табылады (21 қосымша).
2000 жылдан бастап 2004 жылға дейін облыстың орман қорының аумағында өрт 74
мыңнан астам гектар орманды жойды. Орман отырғызудың қолданыстағы көлемі
кезінде өрттен жанып кеткен орманды алқаптарды қайта қалпына келтіру үшін
ғана 100 жылдан артық уақыт керек (22, 23 қосымша).
Облыстың орманды алқаптарының экологиялық ахуалына олардың қанағаттанғысыз
санитарлық жағдайы әсер етеді, әсіресе Ертіс бойының қарағайлы
ормандарында.
Құрғақ дала, шөлейт және шөл аймақтары – облыстың батыс және оңтүстік
бөліктеріндегі жайылымдық алқаптарда жүйесіз мал жаюдан өсімдік қабатының
құлдырауы байқалады. Облыстың жайылымдық алқаптарының жалпы көлемінен
(19950,9 мың га) тапталған жайылымдар 458,5 мың га (9,1%),
түрлендірілгендері – 352,1 мың га (1,8%), мал жемейтін және улы өсімдіктер
жайлағаны – 68,6 мың га (0,3%). Тапталған жайылымдық алқаптардың сапасының
жай-күйі әсіресе өзендердің, бұлақтардың аңғарларында, мал жүктемесі жоғары
елді мекендер мен мал суарылатын құдықтардың маңайында бірден нашарлап
кетті. Алаңдық қатынаста жайылымдық алқаптардың құлдырауы осы үдеріспен 5-
тен 8,5%-ға дейін қамтылған.
Бородулиха, Глубокое, Зайсан, Зырян, Катон-Қарағай және Шемонайха әкімшілік
аудандарында қарқынды, бұл малды ұзақ уақыт жүйесіз жаюмен негізделеді.
Жақсы мәдени-техникалық шабындық алқаптардың 86,5% “таза” санатқа жатады,
бірақ олардың өнімділігі көп емес.
16
II-бөлім. Ластанған топырақтың мониторингі
Облыс жерлерінің сапасының ахуалына тигізілетін келеңсіз әсер олардың
ластану үдерісімен анықталады. Ауыр металлдар, радионуклидтер, мұнай, мұнай
өнімдері негізгі ластаушы заттар болып табылады. Топыраққа ауыр
металлдардың табиғи түсу көздері кенді өріспен, тарату аймағымен,
геохимиялық кедергілермен тікелей байланысты түсті, сирек және қымбат
металлдардың қайталама литохимиялық ауытқулары болып табылады.
Облыста топырақтың қабатын негізгі ластаушы болып түсті металлургия мен тау-
кен өндіру кешендерінің кәсіпорындары, ауыл шаруашылығының салалары болып
табылады. 2005 жылғы 01 қаңтар бойынша 198 кәсіпорын мен ұйымдардың қызметі
12800 га алаңдағы жерлердің бұзылуына әкеліп соқты, оларды 6268 гектары
қайта өңделді (49%). Облыстың топырақ қабаты мырыштың, мыстың, марганецтың,
кадмийдің, қорғасынның, мышьяктың қосылыстарымен ластанған. Облыстың
солтүстік-шығыс бөлігінде ластанған топыраққа жүргізілген көп жылғы
тексерудің деректері бойынша Шығыс Қазақстанның биогеохимия провинциясы
бөлінген, ол тұтас бірқатар ауыр металлдардың біршама техногендік
жинақталуымен сипатталады. Ауытқу алаңдары Шемонайха, Глубокое және Зырян
әкімшілік аудандарының аумақтарын қамтиды. Ластанған аумақтардың жалпы
көлемі 30 мың шаршы шақырымға дейін жетеді.
Топырақтың техногендік ластануы әсіресе қалалардың аумақтарында байқалады.
Өскемен, Семей, Риддер қалалары аумақтарының біршама бөліктерінің рұқсат
берілген шегіндегі концентрациядан асатын ауыр металлдардың
концентрациясымен ластанған, ал жинақталғандарды қосқандағы алаңы 16-дан
артық, қаланың үлкен бөлігін алуда.
Қаланың қоныс аймақтары қалпына келмейтін сипаттағы топырақ қабатының
антропогендік бұзылуымен урболандшафтты болып табылады. Осындай
механикалық бұзылған жерлердің жалпы көлемі аумақтың жартысынан көбін алып
жатыр.
Қаланың ішіндегі түрлі ландшафттардың шегінде топырақтың вертикальды
профилінде техногендік құрамды жүргізуді зерделеудің нәтижесінде
анықталғаны:
1) Өскемен қаласы дала ландшафттарының аймағында орналасқан,
топырағының құрылуы қара топырақты профильмен сипатталады, бейтарап-әлсіз
сілтілік тотықтырғышы басым. Ұзақ жылдар бойғы таулы-далалық
ландшафттардағы шығу тегі техногендік ауыр металлдардың антропогендік әсер
етуі қарашірігі көп және алмасу үдерісі жағынан белсенді, қуаттылығы 15-25
см. горизонттың топырақтық-генетикалық жоғары қабатында жеткілікті мықты
жылжымалы нысанда орналасқан.
17
Ауыр металлдардың терең концентрациясы түседі де фондыққа ауысады.
Орташа биік және беткейлердің ландшфттарында Ертіс пен Үлбінің өзен
аралығындағы топырақтың вертикальды профилі бойынша техногендік құрамның
таралу сипаты бір тұрпатты;
2) топырақтағы ауыр металлдардың аккумуляциясын күшейтетін факторларға
басым ауыр грануламетриялық құрамды (әсіресе өзен аралықтары мен
террассалардың топырақтары) жатқызуға болады, құрамында 5 % -ға дейін
қарашірік, топырақ ерітіндісінде сілті реакциясы бар, аздаған жауын-шашын
мен топырақтың шайылмаған су режимі. Басқаша айтқанда – топырақ профилінің
жоғарғы горизонтында ауыр металлдардың жинақталуы сорбциялық, сілтілік және
геохимиялық булану кедергілерінің пайда болуы әсерін тигізеді;
3) Үлбі өзенінің төменгі жайылмасындағы ландшафтта орта және төменгі
горизонттағы топырақ профилінде су сорындыларында, сол сияқты ацетатты-
аммонилі буферде мырыштың концентрациясы шамалы артқан жерде гельдік режим
байқалған, бұл осы элементтің темірдің гидроқышқыл элементімен
сорбциялануына байланысты болуы мүмкін;
4) басым ауыр металлдардың суда еритін нысандары көшу үрдісінде шамалы
роль атқарады. Олардың көбірек байытылған горизонттардағы салыстырмалы
мөлшері жалпы құрамдағы пайыздың оннан, жүзден бір және одан да аз үлесін
құрайды. Транслокациялық құрамдылығы біршама жоғары, оның кеңістіктік
жағдайы топырақтың ең жоғарғы горизонттарын анықтайды, ауыр металлдардың
салыстырмалы саны мына шекте ауытқып тұрады: Zn – 21,7-40,0%, Pb-12,2-
55,3%, Cd – 57 % дейін.
Бәрінен бұрын, ластанған топырақтағы As жылжымалы нысанының түрлі қатынасы
өзіне назар аударады: Өскемен үшін жылжымалы қосылыстардың салыстырмалы аз
мөлшері тән.
Мышьяктың үлкен бөлігі (50-60% дейін) профильді топырақтың төменгі
горизонтында оксидтермен және А1 гидроксидімен, алюминийдің арсенатына
байланысты жинақталады, және грунтты сулардың деңгейіне жетуі мүмкін;
Өскемен қаласының аумағы үшін тән қара топырақты қатардың топырақтың
сіңіретін кешенінде сорбциясы өте үлкен потенциалдық сыйымдылығы бар және
ауыр металлдармен ластануға өте бейімделген болып табылады. Қара топырақтың
жоғарғы сорбциялық сыйымдылығы топырақтың ластаушы - элементтерден табиғи
тазарту процесін және тұрақтысын қалыптастыру, геохимиялық ауытқудың
техногендік полиэлементін біртіндеп күшейту және көбейту тым баяу. Осындай
ауытқулардың қауіптілігі олардың экожүйеге ұзақ уақыт әсер етуінде. Бұл
орайда бәрінен бұрын трофикалық тізбеде пайда болып, адамға да әсер ететін
акумулятивтік эффект орнын алуы мүмкін.
18
2.1.Өндіріс және тұтыну қалдықтары
Өнеркәсіп үшін тұрақты даму - экологиялық тиімді жобаларды, ресурс
үнемдеуші технологияларды ендіру. Тұрақты дамуды қамтамасыз етудің маңызды
негіздерінің бірі осы саладағы қазіргі заманғы халықаралық танылған
қағидалар мен механизмдерді іске асыратын және экономиканың дамуы мен
әлеуметтік саланы экологиялық теңгеруді қамтамасыз ететін табиғатты
пайдалануды басқару және қоршаған ортаны қорғаудың тиімді жүйесін құру
болып табылады. Соңғы жылдары экономиканың даму үрдісін ескере отырып,
республиканың Шығыс Қазақстан облысында экологиялық проблемалардың
өткірлену мүмкіндігі мен осыған байланысты тұрғындардың, мемлекеттік үкімет
органдары мен жергілікті өзін-өзі басқарудың алаңдатушылығын тудыра білу
керек. Осыған орай, экономика құрылымының соңғы екі онжылдықта өзгеруі,
негізгі құралдардың ескіруі, өндіріс апаттылығының артуы және басқа да
факторлар қоршаған ортаның барлық құрауыштары мен объектілерінің барлығының
дерлік антропогендік қызметіне келеңсіз әсер етуі біршама өсті. Осындай
жағдайларда ұтымды табиғат пайдаланудың тұжырымдамасына қоршаған ортаға
келеңсіз антропогендік әсерді болғызбау және төмендету, құқықтық негізді,
реттеуші және түзетуші механизмдері, соның ішінде экономикалық аспаптары
бар ғылыми негізделген міндеттерді құру және соңынан дамыту бірінші кезекке
шығарылады. Осыған байланысты, табиғат қорғау бағдарламалары мен іс-
шараларды қалыптастыру кезінде және іске асырғанда экологиялық-экономикалық
болжаудың әдістерін одан әрі жетілдіру бойынша мақсатты жұмыс талап
етіледі. Шығындар мен экологиялық кері эффектті төмендету мақсатында
мемлекеттік және шаруашылық етуші субъектілердің арасындағы негізделген
экономикалық жауапкершілікті қайтадан бөлу мәселелерін қосумен табиғатты
пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласында институттық құрылымды
жетілдіру талап етіледі.
Өнеркәсіп қалдықтарының негізгі көлемі “Қазмырыш” АҚ пен “Қазақмыс”
корпорациясының “ВостокКазмедь” үлесіне келеді. Облыстың топырақ бетінің
техногендік ластануының проблемасы тұтыну қалдықтарын жинау және көму
жүйелерінің әзірленбегендігі болып табылады.
Қазіргі кезде облыста өнеркәсіптік және тұрмыстық қатты қалдықтардың есебін
жүргізу 3-Уытты қалдықтар қолданыстағы мемлекеттік статистика есебі болып
жүзеге асырылады. Муниципиалды (өңірлік) қалдықтарды басқару қалдықтарды
үюге (көмуге) арналған рұқсат беру бөлігінде тек қана Табиғи ресурстар мен
қоршаған ортаны қорғау министрлігі және оның құрылымдық бөлімшелері арқылы
ғана жүргізіледі.
Облыстың ірі қалалары мен кенттерінде тұрмыстық-қатты қалдықтарды жинау,
пайдаға жарату және көму бойынша міндетті шешу үшін түрлі ұйымдар жұмыс
істейді (жеке кәсіпорындар, коммандиттік серіктестіктер және т.б.).
19
Бірақ қаржылай қиыншылықтарға байланысты ТҚҚ күресіндерінің аудандары іс
жүзінде иесіз болып қалуда, әдетте бұл жұмыс істеп болған саз жамылғысы бар
карьерлер. Полигондармен және ұйымдаспаған күресіндермен ластанған
алаңдардың нақты саны және жинақталған қалдықтардың көлемі осы уақытқа
дейін анықталған жоқ. Оларды анықтау үшін облыс бойынша жинақталған
тұрмыстық қатты және өнеркәсіп қалдықтарына түгендеу жүргізу керек.
2006 жылы мемлекеттік статистикалық есептің деректеріне сәйкес облыстағы
өнеркәсіптің қызметінің нәтижесінде 44,08 миллион тонна өнеркәсіп қалдығы
жинақталған. Бұл орайда облыстың кәсіпорындарында қалдықтардың кішкентай
ғана бөлігі толық зарарсыздандырылады, ал қалдықтардың қалған қатты бөлігі
ұйымдасқан жинау орындарына жөнелтілді.
Тұрмыстық қатты қалдықтардың жыл сайынғы негізгі көлемдері Өскемен
қаласында қалыптасады (686,452 мың тонна), Зырянда (1947,2 мың тонна),
Риддерде (4923,3 мың тонна), Семейде (207,5 мың тонна). ТҚҚ пайда болуы мен
жинақталуы Шемонайха – 25740,04 мың тонна (“ШҚ МХК” МАҚ мен “Ертіс ХМЗ” АҚ)
және Глубокое – 122,25 мың тонна (Ертіс мыс зауыты, “Черемшанка құс
фабрикасы”, “Племптица” АҚ) әкімшілік аудандарында ролі мейлінше жоғары.
Ірі қалалар мен аудандық елді мекендерде қауіптілігі ІV-V класстарға
жататын тұрмыстық қатты қалдықтар ерекше экологиялық қауіп төндіреді.
Шығыс Қазақстан облысы үшін қалдықтарды пайдаға жарату және қайта өңдеу
мәселесі өткір тұр, оларды пайда болуына байланысты шартты түрде мынадай
санаттарға бөлуге болады:
1) тау-кен байыту кешенінің қалдықтары;
2) металлургия өндірісінің қалдықтары;
3) отын-энергетика кешенінің күл-шлак қалдықтары;
4) тұрмыстық қатты қалдықтар (ТҚҚ).
Тау-кен байыту кешенінің қалдықтары аршынды және араласқан жыныстардан,
байыту фобрикаларының қалдық жинау орындарынан құралады.
Олардың жыл сайынғы пайда болуы орта есеппен 20 млн. тоннаны құрайды. Бұл
қалдықтар қауіптілігі ІІІ-ІV класстарға жатқызылады және ингредиенттерінің
спектрі өте ауқымды (19 қосымша).
Жыл сайын көлемі 436 гектар алаңда 20 миллион тоннаға жуық металлургия
өндірісінің қалдықтары үйінділерге, террикондарға, қоқыс жинақтаушыларға
жинақталады. Негізгі массаны қорғасын және мыс балқыту өндірісінің шлактары
мен түсті өндірістің клинкері құрайды. Шлактар мен клинкерді орнату
үйінділер мен террикондарда жүргізіледі, бұл шаңмен тарап және жаңбыр мен
қар суының шаюынан қоршаған ортаны ластайды.
20
Үйінділердің көбі су қорғау аймақтарында орналасқан, бұл жер асты және жер
үсті суларының ластануына жол береді (Тишинский, Шубинский кеніштері,
Николаевский карьері).
“Өндіру-байыту-металлургия” өндірістік жалғасының үйінді кешенінде
өндірілген кеннің түсті және бағалы металлдардың үштен бір бөлігі
қалдықпен араласып кетеді, әртүрлі құрылыс материалдарының зор қоры тұралап
қалуда. Қорғасынның жоғалуы 33 %, мырыш – 28 %, мыс - 21 %, алтын - 41 %,
күміс - 35 % құрайды. Жалпы жоғалудың ішінде өндірген кезде 15-20 % түсті
және 8-12 % бағалы металлдар жоғалады, байытқан кезде тиісінше 43-48 % және
74-75 %, металлургия кезінде 35-42 % және 14-17 % бағалы металлдар
жоғалады. Байытқан кездегі жоғалу оларды кен өндірісі мен металлургиялық
қайта өңдеу кезіндегіден 2-3 есе асып түседі. Бұл көптеген техногендік кен
орындарының пайда болуына әкеліп соқты.
Тау-кен өндірісінің түсті, сирек, бағалы және радиоактивті металлдарының
қосылған қалдықтарының қоры мейлінше ірі кен орындарының тиісті қорымен
қатар тұр. Мұнымен қоса негізгі және қосарлас құрауыштарының ішінде біршама
уытты қорғасын, мырыш, кадмий, сынап, мышьяк, сурьма, селен, күкірт және
т.б. сияқты элементтер (олардың қосылыстары) бар. Соңғылары өндіру және
қайта өңдеу үдерісінде қоймаларда жинақтала береді де, сол жерден қоршаған
ортаның құрауыштарына түседі (топыраққа, суға, ауаға, биотаға). Қорғасынның
ауытқуы Шемонайха, Глубокое және Зырян әкімшілік аудандарының аумақтарын
қамтыған.
Осылайша, түсті және тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын пайдаға
жарату әдістері негізінен қалдықтарды полигондарға үюмен және көмумен
аяқталады. Тау-кен өндіру және металлургия өнеркәсібі кәсіпорындары жыл
сайын 30 млн тоннаға жуық қалдық шығарады, ал шикізатты қайталама пайдалану
мүлдем жүргізілмейді.
Ластанған аумақтардың жалпы алаңы 30 мың шаршы шақырымға жетеді.
Өнеркәсіптік қалдықтардың негізгі көлемі “Қазақмыс” корпорациясының
“ВостокКазмедь” және Қазмырыш акционерлік қоғамының үлестерінде (20
қосымша).
Қауіптілігі ІV классқа жатқызылатын күл-шлак қалдықтар жанған көмірдің
қалдығы. Облыстың жылыту энергетикасының ірі кәсіпорындарының өздерінің күл
үйінділері бар, жалпы алаңы 127,5 га, оларда 6,5 млн. тоннаға жуық күл-шлак
қалдығы жинақталады. “АЭS Өскемен ЖҚО” ЖШС, АЭS Согра ЖЭО” ЖШС ең ірі күл-
шлак үйінділері өздерінің жобалық қуаттылығын сарқып болды. 2004 жылы
Өскемен қаласында аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының араласуымен
қолданысқа екі жаңа күл үйіндісі енгізілді. Осылайша, Өскемен қаласының
өткен жүзжылдықтың 80 жылдарынан бастап келе жатқан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz