Абайдың қара сөздерінің құндылығы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

І. Кіріспе

Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің мазмұны… . . . 3 - 5

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Абайдың қара сөздерінің құндылығы . . . 6

2. 2Абайдың қара сөздерінің тәрбиелік мәні . . . 7 - 17

2. 3 Абайдың қарасөздері - оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына . . . 18

2. 4 Абайдың педагогикалық көз қарасы . . . 19 - 21

III. Қорытынды . . . 22

IV. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 23

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Абайдың толық жинағында 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары - «қарасөз» деп аталады. Жалпы саны қырық алты бөлек шығарма. Оның алты-жеті үлгісі қысқа келеді. Бұл қатарға қосылатындар Он алтыншы, Он сегізінші, Он тоғызыншы, Жиырмасыншы, Жиырма төртінші, Отыз бірінші, Қырық бесінші сөздері. Жалпы қарасөздерден мазмұн, тақырып жағынан өзгешерек тұратын- Қырық алтыншы сөз. Ол тарихтық мақала - очерк тәрізді. Қазақ халқының қайдан шыққандығына арналған дәлелді, деректі қысқа зерттеу сияқты. Өзге қырық бес сөздің ішінде көлем жағынан ең мол шығарма бұрын Абайдың қолжазбаларында «Ғақлиат тасдиқат» деген атпен бөлекше көшіріліп жүретіндін, мораль мәселелеріндегі Абайдың бір үлкен ой-толғауы болады. Бұл - Отыз сегізінші сөз. Осыдан соң қарасөзбен жазылған мысал, өсиет есебіндегі Сократ пен оның шәкірті Аристодим әңгімесі. Бұл -Жиырма бесінші сөз. Көпшілік қарасөздерден және де өзгешерек қалыптанған Абайдың Отыз жетінші сөзі. Бұл бөлімше өзге қарасөздерге тұтас құрылған бүтін шығарма емес. Шартты түрде Отыз жетінші сөзден бір араға бастары құрылған афоризмдер саналады. Мүрсейіттің көшірулерінде және Абайдың толық жинақтарының бәрінде осы афоризмдер Жиырма үш деп саналады. Анығында, Абайдың афоризмдері бұлар ғана емес және жинақтарға басылғандай бір ғана 1896 жылда туған болмау керек. Әр жылдарда айтылған терең ойлы, шешен, шебер сөздерді 1896 ж. ең алғаш Абай шығармаларын құрастырушы шәкірттері сол жылда түгендеп еске алып отырып, ойда сақталғандарын осылайша Отыз жетінші сөз деп мөлшермен, шартты бір шеңберге сыйғызған тәрізді. Афоризмдер Абайда жиырма үштен әлдеқайда кеп екенін Абай оқушыларының бәріде біледі. Ақынның өз шығармалары ғана емес, Пушкиннен, Лермонтовтан және әсіресе Крыловтан жасаған аудармаларының тұсында әр алуан өсиет, сын, мысқыл, әжуа, психол., эстетик., пед. жайлардан түйіп айтқан нақыл, ақыл, терең ойлар аса көп кездеседі. Сондайлық бір-екі өлең жолының бойына сыйған тұжырымды көркем сөз Абайда көбінше афоризм боп қалыптанған. Ал өз өлендеріне ауыссақ, онда осылайша жазылып және жұртқа молжайылып, нақыл-өсиетесебінде тарап кеткен талай өлең жолдары бар. Соның көбі және де Абайдың афоризмдерінің санын молайту керек. Ең ақыры, осы тұста бөлек тексеріліп отырған қарасөздердің өздерінің кейбіреулерінен де Абайдың шешен, шебер, тапқыр етіп түйген сөйлемдері афоризм қатарында оқушы жұртқа ертеден көп тарап кеткені бар. Олар да Отыз жетінші сөзді көп тың мысалдармен әлі талай тамаша бағалы афоризмдерімен молайта алады. Отыз сегізінші сөз - «Ғақлиат - тасдиқатты» бұрынғы барлық қолжазбаларда белініп жүрген ретімен жалпы қарасөздерден бөлекше атадық. Тағы да тақырыбы ғылымдық мәселе болғандықтан, Қырық алтыншы сөз - тарихтық очеркті де бөліп атадық. Осымен жиыны он бір сөз, қарасөздер көпшілігінің қалпынан бізге басқарақ саналды. Абайдың анық «қарасөз» атты мұрасын алғанымызда, олар отыз бес сөзден құралған болады. Жалпы алғанда Абайдың осы барлық қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзінше бір бөлек, бір алуаны боп саналады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естелік, мемуар да емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді. Абайдың қарасөзінде Сократтың сөзін дін үгітшілерінің сөздерін келтіргендей етеді. Абай қарасөздері көбінесе барлық жайлардан өзі сөз бастап, өзі әңгіме дүкен құрып отырған болады. Осыдан соңғы қарасөздер жөнінде айқын байқалатын бір өзгешелік, Абай өзінің өлең сөздерінің көптен-көбін заманындағы оқушы мен тыңдаушыларына үнемі түсінікті болмайтындай көреді. Онысы - анығында солай да еді. Осы жайды ескеріп, Абай енді қарасөзінде сол өлеңдерінде айтылатын ойларының бірталайын жаңа сөзбен таратады. Сондықтан кейбір қарасөздерінде бұрынғы өлеңінде айтылған ойлар жеңіл, қарапайым, оңай ұғымдар мен қайтадан айтылады. Бұл жөнінде Абай өзінің көпшілік оқушы, тыңдаушысыменен әңгімелеседі. Және сол әңгіменің үстінде адамгершілік мәселелерінен: әділет, ақтық, турашылдық, шындықты сүйгіштік, ғылымға құмарлық, еңбекті бағалағыштық сияқты жайларды айтады. Немесе осылардай, адамдық сипаттың жауы болатын аярлық жалғаншылық, бәлеқұмарлық, мақтаншақтык, мансапқорлық, өсекші-өтірікшілік, еріншектік, әр алуан арамтамақтық сияқты мінездердің барлығын айтқанда, Абай сол жайларды тындаушының көңіліне, көкейіне қонымды ету жағын алдымен ойлайды. Айтпақ сөздері мен ойларын мысалдармен келтіреді; Кейде өзі көп алдында отырғандай, тыңдаушысына сұрақтар береді. Өзі онымен жауаптасып, әңгімелескен кісі тәрізденіп отырады. Мысалдарды қазақтың Абай заманындағы күнделік болмысынан алады. Сол мысалдарды кейде күлкіге сайып, мысқыл, әжуахалдерді әдейі айқындай түседі. Әңгімесі тыңдаушысына пайдалы өсиет болумен бірге, көңілді айтылып, қызықты боп жетсін деген мақсатты ойлайды. Өзінің адамгершілік, әлеуметшілдік, ағартушылық ойларын айтуда Абай педагогикалық жақсы әдіс қолданады. Оңайдан қиынға қарай, жақыннан жыраққа қарай, қызықты, күлкілі жайдан үлкен толғаулы қорытындыға қарай біртіндеп жетектейді. Сатылап отырып үгіт-өсиет асырады. Соңында тыңдаушысы туралы Абайдың күдігі көп. Кейбір терең өсиет, озғын ойлар бұның тыңдаушыларының санасына жетпеуі мүмкін. Сол себепті елең сөздерінде ұзақтан, тереңдеп айтылған кейбір ағартушылық, адамгершілік үлкен ойлары мен қоғамдық тартыстың қайшылықтарын ашатын анық шыншыл және күшті азаматтық сындарын мынау қарасөздерінде оңайлатып, азайтып, қысқартып айтатыны да болады. Бұл ретте кейде ақынның өлеңінде кездесетін қайшылықтар және тарихтық тар көлемді, түсініктер көбірек көрінетін кездері де болады. Оқушы мен көпшілік тыңдаушыларының өз тұсындағы сенім-нанымдарын еске алғандықтан, ақын дін тақырыбын көбірек сөз қылады. Осындай негізгі түсінік Абайдың қарасөзінде де көрінеді. Бірақ осымен қатар мұсылман дініне иланған тыңдаушыларына құдайдың, пайғамбардың, иман, парыздардың жайларын көбірек айтады. Мынау оқушылармен әңгімелескенде өз ойына соларды көбірек серік етеді. Және өлеңнен қарасөздерді төменірек түсіретін тағы бір өзгешелік бар. Онысы: дін түтынушылар мен би-болыс, атқамінерлер жөніндегі аса аяусыз, сыншы, жазушы болған қалпын Абай қарасөздерде біраз жеңілейтіп, ашуын азайтыңқырап алады.

Зерттеудің мақсаты: Ұлы ақын шығармаларының, оның ішінде қара сөздерінің ерекшеліктерін танып, тәрбиелік мәнін ашу;

Зерттеудің міндеттері:

- ғылыми әдебиеттерге, баспасөз құралдарына шолу

- жинақталған материалдарды сұрыптау

- іс - тәжірибе жұмыстарын жүргізу үшін материалдардаярлау

- қорытындылау

Зерттеудің обьектісі: Абайдың қара сөздері. 19, 3, 7, 14, 25, 36, 44 - қара сөздері.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Абайдың қара сөздері оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына, ақынның өз тұсында болған тарихи шындықпен, қоғамдық құрылыспен туған шығармалары. Қарасөздердің бағасы - Абай заманындағы жағдайды, тарихтық шындықты өз қалпында бұлжытпай толық танытып береді. Біздің заманымыз үшін Абай суреттеп отырған ортаның барлық болмысы, мүлде алыста қалған дүние болғанымен қара сөздердің арманы мен мазмұны, мұраттары тарихтық жағынан бағалы. Ақынның адамгершілік жөніндегі өсиеттерінің біздің заманға да бағасы зор, тәрбиелік мәні ерекше. Олай болса, Абай қара сөздері - осы заманда да бағасы жойылмайтын қымбат қазына.

Зерттеу әдістері:

- тақырып бойынша әдебиеттерді зерттеу;

- бақылау, салыстыру, талдау;

- тәжірибелік жұмыстар;

- жинақталған материалдарды сұрыптау әдістері.

2. 1 Абайдың қара сөздерінің құндылығы

Абайдың қара сөздері жалпы тақырып мазмұны жағынан алғанда, оның ақындық мұрасымен тығыз байланысты. Көп сөздеріндегі ойлар, пікірлер өлеңдерімен ұштасып, солардың мән-мағынасын кейде қайталап, пысықтап, әрі қарай жалғастыра дамытып отырады. Бұл қара сөздер жанрлық, стильдік жағынан әр алуан. Мұнда терең публицистикалық тебіреністер де, жүйелі философиялық толғаулар да, ойға оралымды нақыл сөздер де, ғибрат ретінде жазылған аңыз-хиқая да, тарихи эссе- очерк те табылады. Қара сөздерді алғаш жазуға кіріскенде ақын: «… Ойыма келген нәрселерді жаза берейін … кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым», - деп қарапайымдылық білдірсе де, бұл жазбалар ғылыми-танымдық және әдеби көркемдік мәні өте зор, ақынның жалпы ақыл-ой өрісін, дүниеге көзқарасын танытуға баға жетпес мағлұмат беретін аса құнды қазына болып табылады. Абай қара сөздері көбінесе барлық жайлардан өзі сөз бастап, өзі әңгіме дүкен құрып отырған болады. Қара сөздердегі бір өзгешелік, Абай өзінің өлең сөздерінің көбін заманындағы оқушы ме тыңдаушыларына үнемі түсінікті болмайтындай көреді: Осы жайды ескеріп, Абай енді қара сөзінде сол өлеңдерінде айтылатын ойларынын бірталайын жаңа сөзбен таратады. Сондықтан кейбір қарасөздерінде бұрынғы өлеңінде айтылған ойлар жеңіл, қарапайым, оңай ұғымдармен қайта айтылады. Бұл жөнініде Абай өзінің көпшілік оқушы, тыңдаушысымен әңгімелеседі. Сол әңгіме үстінде адамгершілік мәселелерінен: әділет, ақтық, турашылдық, шындықты сүйгіштік, ғылымға құмарлық, еңбекті бағалағыштық сияқты жайларды айтады. Сонымен қатар осылардай адамдық сипаттың жауы болатын аярлық, жалғаншылық, бәлекұмарлық, мақтаншақтық, мансапқорлық, өсекшілік, еріншектік, арамтамақтық сияқты мінездердің барлығын айтқанда, Абай сол жайларды тыңдаушының көңіліне, көкейіне қонымды ету жағынан алдымен ойлайды. Айтпақ сөздері мен ойларын мысалдарымен келтіреді. Сөйтіп отырып, үгіт-өсиет жасайды. Сонда тыңдаушысы туралы Абайдың күдігі де көп. Оның байқауынша, кейбір терең өсиет, озық ойлар тыңдаушыларының санасына жетпеуі мүмкін. Сол себепті өлеңдерінде ұзақтан, тереңдетіп айтылған кейбір ағартушылық, адамгершілік ойлары мен қоғамдық тартыстың қайшылықтарын ашатын анық шыншыл және күшті азаматтық сындарын мынау қарасөзерінде оңайлатып, қысқартып айтатыны да кездеседі. Бұл ретте кейде ақынның өлеңінде кездесетін қайшылықтар және тарихтық тар көлемді түсініктер көбірек көрінетін кездері де болады.

2. 2 . Абайдың қара сөздерінің тәрбиелік мәні

Бірінші сөз мазмұны жағынан өзге «сөздерге» кіріспе ретінде жазылған. Абай өз заманының адамдары атқарған негізгі харекеттерге талдау жасаған. Олар: ел бағу, мал бағу, ғылым бағу, бала бағу. Ел бағудан түңіліп, мал бағу қолынан келмейтінін айтады. Неліктен ғылым бағу мүмкін еместігіне нақты дәлелдер келтіреді. Өз ортасында ғылым сөзін сөйлейтін адам жоқ, олай болса білмегенді кімнен сұрайсың, білгенің кімге дәрі. Жағдай осылай болған соң ғылымның өзі - жан азабы, - дейді. Екінші сөзінде - халықтарды салыстырады. Қазақ, ноғай (татар), сарт (өзбек), орыс сияқты көршілес елдерді оқушысы қазақ жұртшылығына әділетті достық көңілмен ұғындырып береді. Әңгімені жай бір тыңдаушылар тобында отырғандай, жеңіл әзіл тәрізді бастап, өз халқының дәлелсіз үстірт өзімшілдігін мысқыл ете келеді. Содан барып шын сыншыл ойларына ауысады. Еңбек суйген ел атаулының бәрі де қазақтай еңбексіздікке мол салынған және сол еңбекті өнеркәсіпте, күндегі тірлікте көрші елдің бәрінен кейін қалып отырған халқына үлгі берерлік, артық елдер болып бағаланады. Үшінші сөз де өзінше бөлек бір алуан. Бұнда казақ сахарасын билейтін әкімдер, тергеуші билер, соттар туралы сөйлейді. Сол күндегі ел тірлігінің қайшылық, ауыртпалықтарын молайтып отырған патшалық өкімет туралы да ой қозғайды. Болыс атаулының елге сор болатын тынымсыз сойқаңды мінездерін әшкерелейді. «Уақытша себі бола ма» деп бірер ұсыныстар айтады. Сол ретте ендігі болыс орысша оқуы бар адамнан болса екен дейді. Және тергеу мен үкім шығаратын қазақтың биі, сот орны туралы пікір айтады. Ел ішіндегі дау оңай шешілу үшін, әділетпен аяқталу үшін патшалық өкімет сайлаумен қойып жүрген билер болмаса екен дейді. Оның орнына третей билікті ұсынады. Абайдың осы пікірі Герценнің «Былое ду-масында» жазылған соттар думасындағы пікіріне өте дәл келеді. Герцен Россиядағы параны құрту үшін халықтың көз алдында әшкере тергеу болатын болсын және бұрынғы третей соты қайтадан заңға кірсін деген. Абайдың ойында да билік, тергеу халықтың қамына жақын болсын. Жұртшылыққа залалды жаманшылық атаулы орынды жазасын алатын болсын деген қамқорлық талап бар. Бұл қарасөз Абайдың өз тұсындағы күнделікті өмір шындығына қолма-қол қатынасып, жәрдем етсем деген талабын көрсетеді. Өлеңдік шығармаларында өз заманының шындықтарымен қолма-қол байланысты болып, оны сынау арқылы пайдалы іс етемін деген ақын жаңағы қарасөзінде сол әлеуметтік, әкімшілік қалпына нақтылап араласқысы келеді. Әсіресе халыққа күнделік іс-әрекеттерімен бейнет, дерт әкеліп отырған тергеушілік тәртіптің сорақылықтарымен алысуға кіріседі. Бұл жөніндегі Абайдың кемшілігі, қателігі Шоқанның бір кателік пікірімен үйлес келеді. Екеуі де ендігі билер ауыспайтын, өмірлік би бопсайлансын дейді. Бұл ескі феодалдық қалыпқа тартар еді. Төртінші сөздіңде тақырыбы өзінше бір бөлек шығады. Бұл өсиетте бұрынғы өлең сөзінде көп айтқан бір тақырыпты қозғайды. Бұл сөзінде мастықты, орынсыз күлкіні, құр сарыуайымшылдықты сынайды. Оданда сабырлы бол, еңбек ет, аз күндік өміріңді босқа өткізбе дейді. Бесінші сөз - қазақтың кейбір мақалдарын сынайды. Мұнда халық санасының өзіндегі надандық, қараңғылықтың салдарынан туатын мінді мінез, кемшін ой, айыпты әрекеттерді шеней өтеді. Мал үшін өмір кешетін адамдарды үлкен қиялменен сынап, айыптап түземек болады. Осы жоғарыда аталған бес сөзінде бес бөлек тақырып болса, келесі Алтыншы сөзден бастап белгілі ой мен сындардың, өсиет пен үгіттің арнаулы тақырыптары бірталай сөздерде қайталап отыратынын көреміз. Ал «Жетінші», «Отыз бірінші», «Он тоғызыншы» сөздері ілім-білімді, оны қалай игеру жөніндегі ақының ой-пікірін аңғартады. Өзінің«Жетінші сөзінде»: «Жас бала да анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: бірі -ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады, бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демектік, не көрсе, соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызыға аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, даусына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу келсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене», «бұл немене» деп, «ол неге үйтеді», «бұл неге бүйтеді» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары. Білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген. Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгендеп, ең болмаса дендеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады», -дейді. Қазіргі түсінік бойынша, жан деп Абай адамның рухани күшін айтады. Осыны білсем, үйренсем екен деген ой, сезім, тілек, мүдделерді өсіру, өрістету, сол жолда арымай, талмай еңбек етудің керек екендігін ақын түсіндіре келіп, адамның жас кезіндегі табиғи талап, тілектерінің кейбіреулерде өсе келе, әлдебір себептермен дағдарысқа ұшырайтындығын, кейде кертартпа, бойкүйездіктерге соғатынын шенейді, жастардың ондай мінездерден аулақ болуын арман етеді. Сегізінші сөзінде ақын “Ақыл мен насихатқа кім зәру?”- деген сұрақ қойып, соған өзі жауап іздеп көреді де, өз заманының әлеуметтік тетігін жіктеп береді. Оның байқауынша ақыл мен насихат алдымен ел басшылары - болыс билерге қажеті жоқ, өйткені олар өздері елге ақыл, насихат айтамыз деп болыс, би болып сайланған. Ақыл мен насихат байларға да керек емес. Дәулет қонып, дүниенің жарының басында тұрған байлар ақылды қайтсын? Олардың ақылы - малы, бәрін паралап сатып алады. Ұры, сұм-сұрқияларға ақыл “ау бастан” артық. Ал, ақыл осыларға керек-ау деген қой жүнді қоңыршаларға келсек, олар өз қара басына жете алмай, күндерін көре алмай жүр. Ана ақылды атқамінерлерге айт дейді олар. Сонымен ақыл, білім елге қажет болмаса, ақылды адамның жұрт үшін керегі бар ма? -деп, Абай сөзін сұрақпен бастап, сұрақпен аяқтайды. Оның бұл сұрағы - қараңғы халқына ақылды, білімді адамның қажеттігіне күмән келтіру емес. Өйткені

Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез

Қыры, сырын ұғуға

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай Құнанбаевтың қара сөздері
Қазақ тілі сабағын Абай шығармашылығымен байланыстыру
Қазақ сөзінің бапкері
Қазақ тіліндегі біріккен сөздердің зерттелуі
Абайдың қара сөздері және Абайтанушылар
Абай шығармаларының тәрбиелік мәні
Абай – қазақтың ұлы данасы. Оның философиялық көзқарастары
Абай Құнанбаев пен Ғабит Мүсірепов нақыл сөздерінің үндестігі
Абай дүниетанымындағы негізгі мәселелер
М.Әуезов – үлкен ойшыл ғалым, ұлағатты ұстаз
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz