Қазақстандағы жастардың девианттық мінез - құлықының статистикалық мәліметтері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

КIРIСПЕ . . .

І БӨЛІМ. ЖАСТАРДЫҢ ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ПРОБЛЕМАСЫ РЕТІНДЕ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ -МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .

1. 1. Девианттық мінез-құлық ұғымы және пайда болу себептері . . .

1. 2. Жастардың арасында қазіргі таңда көп тараған девианттық мінез-құлық түрлері . . .

ІІ БӨЛІМ. ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ ЖАСТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ . . .

2. 1. Девиантты мінез-құлықты жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу технологиясы . . .

2. 2. Қазақстандағы жастардың девианттық мінез-құлықының статистикалық мәліметтері . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 44

СІЛТЕМЕ . . . 46

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 47

КІРІСПЕ

Әлеуметтік қызметкер өзінің іс - әрекеттілігінің мазмұнымен әртүрлі адамдармен жұмыс жасайды, сонын ішінде әлеуметтік нормаларға сай келмейтін мінез-құлықты адамдармен ісі болады. Сонымен қоса, көптеген әлеуметтік қызметтер "әлеуметтік қауіп-қатер топтарымен" жұмыс жасауға бағытталған. Олар: қанғыбастар, алкогольдық және наркотикалық тәуелділіктен азап шегетін тұлғалар және т. б. Ауытқушылық (девиантты) мінез - құлық ретінде сипатталатын мінезі бар адамдармен әлеуметтік жұмыстың өзіне тән ерекшеліктері бар және әлеуметтану, медицина, психология облысындағы белгілі -бір білімдер мен дағдыларды талап етеді.

Әлеуметтік нормалардың бұзылуы деп түсіндірілетін девианттық мінез-құлық соңғы жылдары ауқымды сипатқа ие болды және осы мәселені әлеуметтанушылардың, әлеуметтік психологтардың, медиктердің, әлеуметтік қызметкерлердің, құқық қорғау органдарының жұмыскерлерінің, педагогтардың назарын бір орталыққа қойды.

Қиын бала тәрбиесі ата-анаға да, мұғалімге де ортақ. Олармен жұмыс жүргізгенде, ең алдымен, олардың жағымсыз мінез - құлықтары мен іс-әрекеттерін тізбектеп қана қоймай, жақсы жағымды істерін де ескеріп, марапаттаудың да тәрбиелік мәні бар.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі кезде зерттеушілердің арасындағы девианттық мінез-құлық мәселесіне аса жоғары қызығушылықты тудырғандығы байқалып отыр. Ауытқулардың ғылыми зерттелуі психологияда, криминологияда, психопатологияда, әлеуметтануда жүзеге асырылады. Өзінің құрылу стадиясында жаңа ғылыми дисциплина тұр - ол девиантты мінез-құлықтың психологиясы атты пән.

Девиантты мінез - құлықтың пайда болуының себебі көбінесе, қоғамның өзгеруі мен тәрбиенің жетіспеуінен болады. Қоғамдағы күнделікті жаңа өзгерістер, ата-аналардың жауапсыздығы, бақылаусыздығы және олардың балаға деген назарының аздығы, девианттық мінез-құлықты қоғам илемейтіндігі - жасөспірімдердің девиантты тәртібінің негізі болып табылады.

Қазіргі қоғамда девиантты мінез-құлық мәселесі өзекті мәселе болып отыр. Оның алдын тек қана әлеуметтік педагогтар мен әлеуметтік қызметкерлер ғана ала алады. Жасөспірімдерді, жастарды және балаларды ең алдымен дұрыс тәрбиелу керек. Егер де тәрбиеден кішкентай қателік кетсе, еңбегіңнің еш кеткені. Сондықтан да, жасөспірімдерді, жастарды дұрыс тәрбиелеген жөн.

Девианттық мінез-құлық проблемасының өзектілігі қазіргі жастардың әлеуметтендіру процесіндегі негативті көрінісімен сәйкес келеді. Өмірге дұрыс көзқарастың болмауы, девианттық мінез-құлықтың өсуіне алып келеді. Девианттық мінез- құлық мәселесін әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік педагогтар көп жақты қарастыру керек. Әлеуметтік қызметкер мен әлеуметтік педагогтар девианттық мінез-құлықты болдырмаудың алдын-алады деуге болады. Өйткені, олар ашық социумда өмір сүріп жатқан субьектілерді реттеу бағытындағы тәрбие жұмыстарын атқарады. Девиантты мінез- құлқы бар жастар мен жасөспірімдер жағымсыз іс- әрекеттер мен қылықтар жасайды, сол себепті өз құрбыларының, мұғалімдер мен ата-аналарының және қоғамның теріс көзқарасына ие болады.

Жастардың девиантты мінез-құлық әлеуметтік жүріс-тұрыс нормаларына қайшы келетін әр түрлі әрекеттердің салдары. Оған жасөспірімдердің мектептегі сабақтарын жіберуден бастап, үйден қашуы немесе біреудің меншігін тонау, не болмаса оны қасақана бүлдіруі жатады.

Жастардың девианттық мінез-құлық проблемасын қарастыруға ерекше көңіл бөлген дұрыс. Бұл проблеманы шешу көбінесе осы саладағы әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік педагогикалық жұмыстың ғылыми негізінде анықталатын әдістері мен түрлеріне байланысты.

Біз бұл курстық жұмыста, жастардың девианттық мінез-құлқы және девианттық мінез- құлықтың түрлері мен девианттық мінез-құлықтың пайда болу себептері айтылған.

Курстық жұмыстың объектісі : девиантты мінез-құлықты жастар.

Қурстық жұмыстың мақсаты: қазіргі қоғамдағы жастардың девианттық мінез-құлықының орнын анықтау, девианттық мінез-құлық туралы белгілі-бір түсініктемелер беру және девианттық мінез-құлықты коррекциялау мен профилактикалаудағы әлеуметтік жұмыс технологияларын қарастыру.

Курстық жұмыстың міндеттері.

  • Әдебиеттерді теоретикалық анализ жасау негізінде жастар арасындағы девианттық мінез-құлық феноменінің мәнін ашу;
  • Пайда болу себептерін анықтау, сонымен қоса, жасөспірімдердегі девиантты мінез -құлықтың көріну формаларын қарастыру;
  • Мінезі ауытқыған жасөспірімдердің әлеуметтенуінің әлеуметтік-педагогикалық бағдарламасын жүргізу;
  • Девиантты мінез-құлқы бар жастардың физикалық, психикалық дамуындағы ауытқушылықтардың обьективті ерекшеліктері мен пайда болу себептерін анықтау;
  • Девианттық мінез-құлқы бар балаларды коррекциялау технологияларын анықтау, ұйымдастыру және тәрбиесіндегі ауытқуы бар балаларды ерте анықтау әдісімен таныстыру. Сонымен қатар, жастарға, жасөспірімдерге нашаның, алкогольдің, жезөкшеліктің және тағы басқаларының қоғамда қалай таралғанын және оның біздің қоғамымызға зиянын атап көрсетеміз.

1997 жылғы елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздік және әл-ауқатының артуы» атты халыққа жолдауында: « . . . жастар, соның ішінде әсіресе, өсіп келе жатқан жас ұрпақ тәрбиесі оларды салауатты өмір салтына әзірлеуден басталады. Сондықтан, халық арасында, оқу және тәрбие орындарында салауатты өмір салтын насихаттайтын пәрменді іс қарсы күрес, темекі мен алкагольді тұтынуды қысқарту, әйел мен баланың денсаулығын жақсарту» сияқты негізгі бағыттарын жүзеге асыру ұсынылған [1] .

І БӨЛІМ. ЖАСТАРДЫҢ ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ПРОБЛЕМАСЫ РЕТІНДЕ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Девианттық мінез-құлық түсініктемесі мен пайда болу себептері.

Қоғам өміріндегі қатынастардың жүйесі түбегейлі өзгеріп жатқан қазіргі заманда, өмірлік тәжірибесі жоқ, әлі толыққанды көзқарасы қалыптаса қоймаған жастар үшін қалыпты тіршілік ағымынан ауытқуы өте оңай шаруа. Мұндай әрекеттердің белең алуынан бастап-ақ олардың алдын алмаса, қоғам үшін қауіп тудыруы ықтимал.

Қоғамда қалыптасқан нормалардан ауытқуға жол ашатын мінез-құлық девианттық мінез- құлық деп аталатынын біз білеміз.

Девианттық мінез-құлықтың түрлеріне қылмысты, ішімдікке салынуды, нашақорлық, жезөкшелік, гомосексуализм, құмар ойындарына қызығушылық, психопатиялық бұзылу және өзін-өзі өлтіруді жатқызуға болады.

Әлеуметтанудағы девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді [2, 27 бет] .

Мінез-құлықтағы қиындық және қиын балалар ұғымы 1920-30 жылдары пайда бола бастады. Баcтапқыда ғылым саласында емес, күнделікті өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт ұмытылып, 1950-2000 жылдың басында қайтадан қолданысқа енді. Қазірде бұл терминдер ғылыми сөздіктерде нақты орын алып отыр.

А. С. Макаренконың қиын балалар мен жасөспірімдерге арналған еңбектері отандық педагогиканың алтын қорына енді.

П. О. Эфрусси мінез-құлықтағы қиындық табиғатын жүйке жүйесіндеге ерекшеліктер: қозушылық, көңіл-күйдің аумалы - төкпелігімен, жұмысқа қабілеттіліктің нашарлауымен түсіндіруге әрекет жасады, сонымен бірге ол психикалық себептерді физиологиямен ұштастырды. Оның зерттеудің құндылығы мынада, ол кейбір жекелік ерекшеліктерді талдауға, соның ішінде оқушылардың өзін-өзі қалыптастыру әдетін анықтауға көп себептерін тигізеді.

Қиын балалардың жекелік ерекшеліктерін өмір жағдайымен, тәрбиелеп өзара әрекеттестігін есепке алып, кешенді құрама түрінде зерттеп, іске асырған П. П. Блонский (1936ж) болды. Оның зерттеуінің негізгі мақсаты - қиын балалардың өмірін анықтау. П. П. Блонский қиын балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді. Ол қиын балаларға мұғалімнің қатынасы арқылы «қиын оқушы» терминін нақтылауды жөн көрді: «объективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы - мынадай, ол мұғалімнің жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субъективті жұмыс істеу өте қиын, мұғаліммен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы». «Істі бітіруші» оқушыларға толыққанды мінездеме бере отырып, П. П. Блонский өз жұмыстарында мектепті, сыныпты ұйымдастыруға баса көңіл бөледі. Блонскийдің пікірі бойынша қайта тәрбиелеудің нағыз тура жолы, тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп әкелу болып табылады [3, 35 бет] .

Көп жылдық оқу мен бақылау негізінде И. А. Невский қиындықпен тәрбиеленетін баланың пайда болуын бала мен отбасында, мектепте жүргізілетін оқу тәрбие жұмыстарының жеткіліксіздігінен, кемеліне жетпеген педагогикалық практика нәтижесінен түсіндіреді. Ары қарай ол өз ойын былай көрсетті: Бұл қыңыр құбылыспен күресу бағытының шешімі мұғалімнің тиімді әдістерді меңгеру қабілетіне қарай емес, сол әдістерді дұрыс қолданып, дұрыс игеруіне негізделеді. Ал бұл негіз ең біріншіден, педагогтың жеке қасиетіне, қабілетіне, оқушымен қарым-қатынасында олардың әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруына қарай құрылады.

Ғалымдардың бірқатары баланың дамуындағы кідіріске, қоғамға бейімделудің қиындығына себепші болып отыратын қолайсыз әлеуметтік-биологиялық факторларды анықтайды.

Балалар мен жасөспірімдердің асоциалды мінез-құлық мәселесімен бірқатар қазақстандық педагог зерттеушілер жұмыс істейді (М. Т. Баженов, Р. А. Дебаген, АЖумабаев, К. А. Жукенова, А. М. Қарабаева, Л. К. Керимов, В. П. Кривошеев, Л. В. Лысенко, И. Ф. Назаров, В. А. Парфенов, В. А. Грифонов, В. П. Шевченко, Э. И. Шнибекова, Г. А. Уманов) . Бұл зерттеушілер қиын балалардың қиқарлық сияқты жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді. Бастауыш мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің асоциалды мінез-құлықтарын, спорт, өзіндік және жеке жұмыстарды дайындастыру, мектепке деген ықпалды күшейту, отбасындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге балаларды қатыстыру арқылы жеңудің әр түрлі жолдарын көрсетті.

Жасөспірімдердің мінез- құлқының бұзылуын мынадай топтарға бөледі :

1) реактивті - жағдайлық көбінесе, өзінің негізінде психотравмалық ситуация болады.

2) Тұлғаның моралдық деңгейінің төмендігінен .

3) Патологиялық ықпал ету жағдайынан биологиялық фактормен негізделеді.

Ал, кейбіреулері девиацияны 2 негізгі бағытқа бөледі :

а) Бұзушылық формасында көрінуі - үйден қашып кету, үйсіз далада өмір сүру, жас кезінен бастап ішімдікке салынуы, суицидтік мінез-құлық.

б) Патологиялық фактор және әлеуметтік- психологиялық.

Девиантты іс - әрекеттің қалыптасу себептері :

- жанұяда берекенің болмауы;

- түсінбеушіліктер мен ата- ананың қамқорлығы;

- тәрбие берудегі кемшіліктер;

- қоғамдық міндеттер мен күйзелістерді жеңе алмауы;

- өмірлік дағдының болмауы, айналасындағы адамдармен, құрбыларымен жиі тіл табыса алмауы;

- сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, критикалық ойды дамыта алмау;

- психоактивті заттардың тез қолға түсіре алу;

- агрессиялық жарнаманың болуы;

- мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;

- балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары;

Балалар мен жасөспірімдер біздің қоғамымыздың ең қорғалмаған, осал буыны. Оған мысал, девиантты іс-әрекетке балалардың қызығушылығын қорғайтын нормативті құқықтық базаның нашарлығы бола алады. 2002 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы балалар заңы жайлы ” атты заң қабылданды. Біздің мемлекет балалар заңы конвенциясын ұсынады. Осы Заңға қарап, біздің мемлекеттің балаларға жақсы көңіл бөлетіндігін көріп отырмыз.

Жастардың девиантты мінез-құлықы әлеуметтік жүріс-тұрыс нормаларына қайшы келетін әр түрлі әрекеттердің салдары. Оған жасөспірімдердің мектептегі сабақтарын жіберуден бастап, үйден қашуы немесе біреудің меншігін тонауы, не болмаса оны қасақана бүлдіруі жатады.

Қоғамның басқа топтарына қарағанда девианттық мінез-құлық жасөспірімдерде көбірек байқалады. Оның объективтік себебі, жасөспірімдерде құқықтық әлеуметтену процестері және делинквенттік мінез-құлық бір мезгілде жүреді. Сөйтіп, девианттық мінез-құлық психологиялық, құқық, мәдениет немесе мораль нормалары сияқты жалпы қабылдаған немесе оған негізделген нормалардан ауытқыған қылықтар жүйесін жатқызамыз.

Жастардың девианттық мінез-құлқы екі категорияға бөлінеді. Біріншідіен, бұл психологиялық нормаларынан ауытқуы анық немесе жасырын психопатологиялық болып келетін мінез-құлық, екіншіден, қандай да бір әлеуметтік және мәдени нормаларды бұзатын әлеуметтік нормаларға қарсы мінез- құлық.

Осының барлығы көп жағдайда жасөспірімнің санасы мен психологиясына әсер ететін көптеген факторлардан тұрады. Ондай факторларға дара, жеке, әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік факторлар жатады.

Сонымен, жасөспірімнің осы девианттық мінез-құлқы жасы кәмілетке толмаған құқық бұзушы тұлғаның қалыптасуын анықтайтын негізгі шарт болып табылады. Жастардың ауытқыған мінез-құлқының негізгі мәселелеріне арналған заңи және психологиялық әдебиеттерде анағұрлым басым пікір, көптеген делинкветтік жасөспірімдердің сәтсіз отбасыларда тұруы, олардың нашар тұрмыс жағдайы, отбасындағы шиеленіскен қатынастар болып табылады.

Осындай отбасында тұратын жасөспірімдерге көбінесе мектеп бағдарламасына үлгермеушілік, мектеп ұжымынан алыстап кетуі және мұғалімдермен қарым-қатынастарының нашарлауы, сабақты жиі жіберуі және тағы басқалары тән жатады. Кейбір жағдайларда айналасын тәп-тәуір адамдар қоршаған тұрақты отбасының кәдімгі баласы қабылдаған өз ортасының нормаларынан бас тартып, нағыз қылмыстық мінез-құлықты белгілерін көрсетуі мүмкін. Адамдар девианттық мінез-құлықты қылмыскерлермен қарым-қатынаста болған жағдайда меңгереді. Егер де жасөспірімнің достары және туыстары қылмыстық іспен айналысса, ол да нағыз қылмыскерге айналуы мүмкін [4, 161 бет] .

Жасөспірім тұлғаның дамуының криминалды нұсқасы тек сәтсіз отбасының жағдайларына ғана байланысты емес. Ол кең түрде әлеуметтік және жалпы әлеуметтік - психологиялық ерекшеліктерге де байланысты. Дегенмен, статистикалық мәліметтерге жүгенсек, кәмілетке жасы толмаған құқық бұзушылардың 44%- ы осы сәтсіз отбасында тәрбиеленгендер.

Жасы кәмілтке толмаған құқық бұзушылардың санының көбеюі отбасы құрылмағандағы кемшіліктерге байланысты. Қандай себептерге байланысты болмасын отбасының бұзылуы, жасөспірімнің бойында терең із қалдырады. Олар қалыпты жағдайға қарағанда дөрекі, тұйық бола бастайды. Сол себепті, өзі сияқты балаларды іздей бастайды. Кейбір жағдайларда, ажырасу ішкілікке салыну немесе ата-анасының біреуінің бейморальдық мінез- құлқына байланысты болса, бұл нашарлауға емес, керісінше балаларды тәрбиелеу жағдайының жақсаруына ықпал етуі мүмкін [4, 161 бет] .

Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:

• жанұяда берекенің болмауы;

• ата-ананың «ерекше» қамқарлығы;

• тәрбие берудегі кемшіліктер;

• өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;

• өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;

• сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;

• психоактивті заттарды жиі пайдалануы;

• агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;

• мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;

• балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары, - деп көрсетсе, үшіншілері оларды негізгі бес факторға бөліп қарастырады [3, 86 бет] .

Оларды жекеше қарастыратын болсақ:

1. Биологиялық факторлар - баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Оларға мыналар жатады:

- ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс тамақтанбауы, арақ-шарап, нашақорлы заттарды пайдалануы, темекі тартуы, ананың физикалық, психикалық т. б. сырқаттары себеп болатын генетикалық факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту, көру кемшіліктері, жүйке жүйесінің зақымдауынан пайда болған денедегі кемшіліктер.

- психофизиологиялық факторлар : психофизиологиялық күш, дау-жанжал, келіспеушілік жағдайлар, адам организмдеріне кері әсер ететін, қоршаған ортаның химиялық құрамы, соматикалық, аллергиялық, токсикалық ауруларға душар ететін энергетикалық технологияның жаңа түрлері;

- физиологиялық факторлар: сөйлеу дефекттері, адам бойындағы соматикалық кемшіліктер.

Бұлардың бәрі адамның қоршаған ортаға, жеке адамдарға деген жағымсыз қарым-қатынасын тудырады, ал балалар болса, өзіндік сезім мен танымдық деңгейіне байланысты, құрбы-құрдастары арасында, ұжымда еркін сезіне алмайды, қатынасы бұзылады. [3, 87 бет] .

2. Психологиялық факторлар. Бұған баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы және т. б. жатады. Бұл ауытқушылықтар жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда т. б. көрінеді. Акцентуациялық сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады. Оларға міндетті түрде әлеуметтік-медициналық реабилитация, сонымен қоса, арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек.

Баланың әрбір даму сатысында, олардың психикалық қасиеттері, тұлғалық және мінездегі ерекшеліктері қалыптасып, дамып отырады. Бала даму барысында әлеуметтік ортаға бейімделуі немесе керісінше бейімделмей, жатсынып кетуі мүмкін.

Егер, балаға ата-ананың жылуы, махаббаты, ықыласы жетіспесе, онда, ол ата-анасынан шеттеніп кетеді. Шеттену - невротикалық реакциялар, қоршаған ортамен қатынастың бұзылуы, сезімдік (эмоциалық) тепе-теңсіздік және суықтық, ашуланшақтық, психикалық аурулар және психологиялық патологиялар сияқты жағымсыз мінез-құлықтың пайда болуына жол ашады. Егер, балада адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса, онда, ол пайдакүнемдік, қанағатсыздық, зорлаушылық, дөрекілік т. б. сияқты жағымсыз қасиеттерге бейім тұрады.

3. Әлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтындар. Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін көрсетеді. Оқушының оқудағы бейімсіздігінің (дезадаптация) қалыптасуы мынадай сатылардан өтеді:

- оқудағы декомпенсация - баланың жалпы мектепке деген қызығушылығы жоғары, бірақ бір немесе бірнеше пәнді оқуда қиыншылықтарға тап болуынан;

- мектептік бейімсіздік (дезадаптация) - бала сабаққа үлгермеуімен қатар, оның мінез-құлқы өзгеріп, мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым-қатынасы бұзылып, сабақтан қалуы көбейеді немесе мектептен біртіндеп қол үзе бастайды;

- әлеуметтік бейімсіздік - баланың оқуға, мектепке, ұжымға деген қызығушылығы жойылады, асоциалдық топтармен араласып, алкогольге, нашақорлыққа қызыға бастайды;

- криминалдылық - кейбір отбасындағы әлеуметтік жағдайдың өте төмен болуы, балаларды да өз ортасындағы әлеуметтік теңсіздікке әкеледі, ал мектеп оқушысы, жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан барып олар қылмысты іс-әрекеттермен айналыса бастайды.

Баланың психоәлеуметтік дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі факторы - ата-ана. Баланың бойындағы асоциалды мінез-құлықты қалыптастыратын отбасы қатынасының бірнеше жағымсыз стильдері бар:

- дисгармонды стиль - бір жағынан ата-ана баланың барлық тілектерін орындайды, үлкен қамқорлық жасайды, екінші жағынан конфликті жағдайларға баланы итермелейді;

- тұрақсыз, конфликті стиль - толық емес отбасындағы, ажырасу кезіндегі, ата-ана мен балалар бөлек тұрған жағдайдағы тәлім-тәрбиелік кемшіліктерден туындайды;

- асоциалды стиль - ата-ананың арақ ішуі, нашақор заттарды пайдалануы, криминалды іс-әрекет, аморальді өмір сүру жағдайы, отбасылық қаттыгездік, зорлаушылық жатады.

Балаға көрсетілген қатыгездік қатынасқа жататындар: қинаушылық, физикалық, эмоционалды, жыныстық зорлық-зомбылық. Қатыгездік үйде, далада, мектепте, балалар үйлерінде, ауруханада көрсетілуі мүмкін. Мұндай іс-әрекетке душар болған балалар қалыпты түрде даму көрмей, қоршаған ортаға бейімделе алмай қалады. Соның әсерінен, бала өзін жаман, керексізбін деп сезінеді. Баланың қаттыгездікке жауап беру түрі баланың жасына, тұлғалық ерекшелігіне, әлеуметтік тәжірибесіне байланысты. Психикалық реакциялардан басқа (қорқыныш, үрей, ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмауы т. б. ) балалардың мінез-құлқы да өзгереді: агрессия жоғарылайды, төбелескіш, өзіне сенімсіз, ұялшақ, өзіне деген бағасы өте төмен болады. Зерттеулерге қарағанда, зорлық-зомбылықты көп көрген балалар өскенде зорлаушы рөлінде болуды қалайды [4, 87 бет] .

4. Әлеуметтік-экономикалық факторлар. Әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның кедей және бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу, т. б.

Қазіргі қоғамның адамгершілік қасиеттерінің деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ ЖАСТАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТАР
Деструктивті мінез құлық
Девиантты мінез-құлықтың қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының әсерін теориялық тұрғыда негіздеп, оның түзету жолдарын ұсыну
Девиантты мінез - құлықты жастармен жұмыс жүргізу технологиясы
Даму кезеңіндегі психологиялық ауытқушылық түрлері
Жастардың әлеуметтенуiндегi ауытқу мен қазiргi кездегi социология
Мінез құлықты көтермелеу әдістері
Әлеуметтік мінез-құлықтар және оның түрлері
Жасөспірімдердегі девианттық мінез - құлықтың түрлері
Жастардың девианттық мінез - құлық даму классификациясы, тенденциялары мен түсініктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz